1-2 сәбилер тобындағы балалардың шығармашылық қабілетін ойын арқылы қалыптастыру


Мазмұны
КІРІСПЕ . . . 3
1 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ОЙЫН АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
- Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін ойын арқылы қалыптастырудың педагогикалық сипаты . . . 8
1. 2 1-2 сәбилер тобындағы балалардың шығармашылық қабілетін ойын арқылы қалыптастыру ерекшеліктері . . . 23
2 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ОЙЫН АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ
2. 1 1-2 сәбилер тобындағы балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру жолдары . . . 34
2. 2 1-2 сәбилер тобындағы балалардың шығармашылық қабілетін ойын арқылы қалыптастырудың әдіс-тәсілдері . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 58
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 60
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы сәби кезінен басталады. Ол үшін балаға барлық жағдай жасалуы керек. Өмірге келгенәрбір бала бақытты болуы тиіс. Бұл-баланың басты құқығы. Балалар-еліміздің бүгіні мен ертеңі. Мемлекетіміздің басты байлығы, әрітірегі. Сондықтан балаға тиістідәрежеде жағдай жасап, денсаулығынжақсартып, өмірін гүлдендіріп, саналытәрбие мен сапалы білім беру-біздіңбастымақсат.
Тәрбие баланың дүниеге келген сәтінен басталады. Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс-әрекет-ойын. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылысиармен, адамдардаң еңбегімен, қарым-қатынасымен танысады. Елбасымыздың Жолдауында еліміздегі барлық мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуді арттыру мақсатында «Балапан» бағдарламасы әзірленіп, оны іске асыру жұмыстары тапсырылғаны баршамызға мәлім. Замана алға қойған бұл міндеттерді өз мәнінде шешу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын түбегейлі жаңарту көзделуде [1] . Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы - мектепке дейінгі ұйымдардан басталғаны орынды. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс-тәсілмен берілетін тәлім-тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, мектепте жан-жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе, балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады.
Тәрбиенің сан алуан келелі мәселесін шешетін, қарапайым дағдыларды бала санына орнықтыратын алғашқы білім баспалдағы балабақша.
Балабақшаның күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе - баланың денсаулығы, тәртіпті де ақылды бала өсіру, алғашқы білім нәріне жол ашу. Осыған орай, бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан - жақты жетілген, бойында ұлттық сана қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру - отбасының, балабақшаның, барша халықтың міндеті.
Кішкентай бүлдіршіндеріміздің алғашқы даму кезеңі, білім мен тәрбие берудің алғашқы сатысы - балабақша. Балалардың білім алуға, еңбекке, қоршаған ортаға бейімі, адамдармен қарым-қатынасы, сөз қорының, ойлау қабілетінің дамуы мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Баланың жеке басының тұлға ретінде дамуы көптеген жағдайларға байланысты. Олбаланың өзін қоршаған ортасы, қарым-қатынасы (үлкендер мен және құрбыластарымен) ойын, балабақшадағы іс-әрекеті баланың психикалық дамуына ықпал етеді. Бұл баланың айналадағы дүниеге, заттармен құбылыстарға жауапкершілікпен қарауға деген түсініктерін дамытады.
Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс.
Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды.
Білім берудің қазіргі жаңа құрылымы және оқу-әдістемесінің мазмұнының өзгеруі тәрбиешідердің кәсіби шеберліктерін жаңартуын, шығармашылық ізденістерін қажет етіп отыр.
Қазіргі мектеп жасына дейінгі балалардың жағдайында оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, нақты тәрбиелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді шығармашыл педагог-зерттеуші, жаңашыл тәрбиеші болуды қажет етеді.
Сәбилердің бірінші және екінші тобындағы балалардың әлеуметтік дағдылары: туыстық қарым-қатынастарды, өзінің толық атын-жөнін, ата-анасының, тәрбиешісінің, күтушісінің, музыка жетекшісінің атын білу, ересектердің әлеуметтік ролін ажырата білу; өзге адамдардың эмоциялық көңіл-күйін, жағдайын түсіне және сезіне білу, оған өзінің қатынасын байқата білу, қарапайым тапсырмаларды орындауда бір-біріне бөгет жасамау дағдысы.
Бұл - жаңа кезеңде адамдарды өмір сүруге баулу үшін бұрынғыдан да мол деңгейде білім беру деген сөз. Бүгінгі кезеңде бізге, елімізге дені сау, рухы таза, ойлары биік адамдар қажет-ақ.
Елбасымыз Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан халқына 2007 жылғы 28 ақпандағы "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" Жолдауында "Білім беру реформасы табысының басты өлшемі - тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады [2] .
Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз" деп атап көрсетті.
Қазіргі кезде бүкіл әлемдік қоғамда болып жатқан өзгерістер адам өмір сүріп жатқан ортадағы барлық саланы, соның ішінде, білім беру саласын да қамтып отыр.
Оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып жан-жақты терең білім беру, сөйтіп білікті маман даярлауға бүкіл әлемдегі өркениетті дамыған елдер басты көңіл бөліп отырғаны да сондықтан.
Білімді азамат тәрбиелеудің жауапкершілігінің қаншалықты күрделі екендігін түйсінген білім саласының мамандары үнемі оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында іздену үстінде.
Түрлі зерттеулер нәтижесінде мемлекеттік тілді оқытудың технологиялары пайда болып, күнделікті өмірге еніп жатыр, өйткені тиімді технологияларсыз білімді нәтижелі беру мүмкін емес.
Ал бұл жұмыстарға қол жеткізу үшін мектепішілік әдістемелік қызметті және тәрбиешідердің педагогикалық қызметіне бақылау жасау жолдарын жаңартудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұйымдастыру қажет.
Әлемдік өркениеттен өз орнын тауып жаһандану ағысына енген еліміздің алдында тұрған міндеттердің бастысы - еліміздің бәсекеге қабілетті азаматтарын даярлау мақсатында елдің интеллектуалдық мәдениетін көтеру, жастарға ұлтық ерекшеліктерді ескере отырып сапалы білім, білік, тәрбие беру, жан-жақты дамыған іскер азамат қалыптастыру.
Білім министірлігінің тәлім-тәрбие тұжырымдамасында: (ақпан, 1993) “Бүгінгі таңда жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру, сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктілігін, іскерлігін арттыру әділетті қоғамның міндеті болып табылады
Ал, Ел басымыз Н. Ә. Назарбаевтың Білім мемлекеттік бағдарламасының білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттарында «Жалпы орта білім беру саласында оның мазмұнын білім беруді демократияландыру және ізгілікті ету бағытында айтарлықтай жаңарту қажет.
Балалардың сапалы білім, білік пен дағды алуының жоғары негіздеріне қол жеткізген жөн» деп, отбасы, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген білімді, дағдылар мен қарым-қатынастарды баланың меңгеруін, сондай-ақ күш-жігірі мен психологиялық жағынан мектеп бағдарламасын игеруін қамтамассыз етуге міндетті»деп баланың дамуындағы отбасының міндеттерінде белгіленген.
Кез-келген адамның, оның ішінде баланың әрекетінде білімнің ғана емес, сонымен бірге ойындарды пайдаланудың зор маңызы бар.
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін ойын арқылы қалыптастыру және іскерлік ұғымы педагогика тарихында көптеген қазақстандық және ресейлік еңбек сіңірген педагогтардың құнды еңбектерінде әр қырынан тұжырымдалған.
Біздің зерттеу жұмысымызға байланысты балалардың білім сапасын арттыру, мақсатында оқу іскерліктері мен дағдыларын ойын іс-әрекетінде қалыптастыру мақсатымен айналысқан Қазақстандық И. Д. Буртовой мен Т. Әбдіғалиева, Ж. Балтабаев, Р. М. Қоянбаев, Ж. Б. Қоянбаев, Б. Т. Ортаев Т. Хазіретәлі, Н. Жаманқұлова [3], Н. Г. Даумов, А. Қ. Аренова, А. Әмірбеков зерттеулері мен еңбектерінің орны ерекше және Ресейлік педагогтар И. В. Савин Т. А. Ильина, Е. А. Климов, К. Д. Сейталиевтың [4] еңбектерінің маңызы зор.
Ерте заманнан-ақ адам өзін қоршаған ортаның тылсым тіршілігін тануға әрекет жасаған.
Ал айнала дүниені танып-білудің, белсенді іс-әрекеттің алғашқы түрі заттық іс-әрекет болып табылады. Нәресте заттық іс-әрекеттен бірте-бірте ойын әрекетіне ауысады. Барлық адам өзінің тұлға ретінде даму ерекшелігінде ойын іс-әрекетін бастан кешіреді.
Сәбилік кезеңнен бастап бала өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы заттар мен құылыстарды ойын арқылы түсініп ұғынады. Тек көру, сипап-сезу, байқап-тану арқылы емес, тікелей араласып, іс-әрекетке көшуін нақты қарым-қатынас барысында біледі.
Осылайша ойын баланың өмір танымында шешуші мәнге ие болады. Баланың таным-түсінігі, іс-әрекеті ойыннан басталып, оның негізі болашақ өмірінде оқу, еңбек іс-әрекетімен жалғастырылады.
Жеке тұлғаның дамуындағы ойынның әсерін ерте заманның өзінде-ақ атақты ғұлама ойшылдар, философтер, педагог, психолог ғалымдар көріп, байқап, оны іске асыру жолдарын ұсынған.
Оның көп ғасырлық тарихына үңілсек, ол туралы алғашқы пікірлер ежелгі грек философтары Платон мен Аристотель еңбектерінен бастау алатынын көруге болады.
Ойын - балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын - айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймай, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады.
В. Сухомлинский "Ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз ұшқын білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты деген ой айтады.
Ойын екі түрлі уақыттық бағытты қамтиды: қазіргі және болашақ. Бір жағынан бала бірден, осы мезетте қуанышқа бөленеді, екінші жағынан ойын әрқашан болашаққа бағытталған, өйткені ойын барысында тұлғаның келешек өміріне ықпал ететін сапалы қасиеттері мен іскерлік дағдылары қалыптасады.
Ойын арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру бүгінгі күннің талабы. Сондықтан да, дипломдық жұмысымыздың тақырыбы Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін ойындар арқылы қалыптастыру» деп алуымызға себеп болды.
Зерттеудің мақсаты: 1-2 сәбилер тобындағы балалардың шығармашылық қабілетін ойын арқылы қалыптастыру.
Зерттеудің міндеттері:
- ойын арқылы 1-2 сәбилер тобындағыбаланың шығармашылық қабілетін қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық сипатын анықтау.
- 1-2 сәбилер тобындағы дейінгі баланың шығармашылық қабілетін ойын арқылы қалыптастырудың ерекшеліктерін анықтау.
- ойын арқылыбалалардың шығармашылық қабілетін қалыптастыу жолдарын қарастыру.
- ойын негізінде шығармашылық қабілетін қалыптастырудың әдіс тәсілдерін қолдану.
Зерттеудің нысаны: Оқу -тәрбие үдерісі.
Зерттеудің пәні: ойын арқылы шығармашылық қабілетін қалыптастыру.
Зерттеудің көздері: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Н. Ә. Назарбаев. , «Әлеуметтік-экономкалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012, 27 қаңтар, Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, озат тәрбиешідердің, тәрбиешілердің тәжірибелері.
Зерттеу әдістері мен әдістемелері. Әдебиеттерге теориялық талдау жасау, балалардың шығармашылық қабілетінқалыптастыру әдістері, әңгіме әдістері, қалыптастыру және ұлттық ойындар әдістемелері қолданылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалықтары:
- 1-2 сәбилер тобындағыбалалардың шығармашылық қабілетін ойын арқылы қалыптастырудың әдіс-тәсілдері айқындалуы;
- 1-2 сәбилер тобындағы балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастырудың ұғымдары нақтыланды.
Қорғауға ұсынылатын ғылыми тұжырымдамалар мен нәтижелер:
- 1-2 сәбилер тобындағыбалалардың шығармашылық қабілетін қалыптастырудың мазмұны айқындалды;
-балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастырудың әдіс-тәсілдері қолданылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
- МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ОЙЫН АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін
ойын арқылы қалыптастырудың педагогикалық сипаты
Еліміз егемеңді ел болғалы бері келелі де ауқымды өзгерістер жүруде. Саяси, экономикалық, қаржылық т. б. салалардағы секілді білім беру саласы да мұндай өзгерістерден тыс қалған жоқ. Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр.
Мемлекетіміз осының бәрін ескеріп білім беру жүйесін баса дамытуға, оның дүниежүзілік деңгейге көтерілуіне аса мән беруде. Білім беру, тәрбиелеу және балалардың ой-өрісі қабілетінің дамуы бұл алға қояр мақсат болып табылады.
Өмір сүру үшін білімді меңгерудің маңызды екендігі жайлы ғұлама бабаларымыз әл-Фараби, Қ. А. Ясауи, М. Х. Дулати, Ж. Баласағұн тамаша өсиеттер қалдырған.
Ұлы ойшылдар ағартушы-педагог Я. А. Коменский [5], И. Г. Песталоцци, Ж. Ж. Руссо, А. Дистерверг, Ы. Алтынсарин [6], К. Д. Ушинский [7] оқыту арқылы балалардың ақыл-ой қабілеттерін, дербестігін, ойлауын дамытуға көңіл бөлу керектігін айтқан болса, оқыту үрдісінің ерекшеліктері мен ұстанымдары, оқыту әдістері мен құралдарын М. А. Данилов, Б. Н. Есипов, Н. Скаткин [8], Ю. К. Бабанский, М. Жұмабаев [9], Т. Сабыров [10], т. б. өз еңбектерінде балалардың өз бетінше жұмыс орындауда дидактикалық ойындардың пайдалы жақтарын талқылаған, ғылыми түсініктер берген. Шығармашылық қабілет туралы анықтамаларға талдау жасай отырып мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттері анықталады.
Оған мына үш белгі тән:
- шығармашылық қабілеттің қоғамдағы маңыздылық бағыты;
- шығармашылық қабілеттің интелектуалдық сипаты;
- шығармашылық қабілеттің реттеушілік сипаты;
Сондай ақ, шығармашылық қабілетті қалыптастыру тиімділігі мынадай жетекші факторлармен анықталады:
- балалардың жас ерекшеліктерін есепке алу;
- оқу үрдісіне мәселелік оқытуды кеңінен енгізу;
- материалдарды айтып түсіндіруде жүйелік ұстанымын қамтамасыз ету;
- бірте-бірте күрделене түсетін тапсырмалар кешенін шешудегі қол жеткен табыстарды «нығайтуды» қамтамасыз ету, т. б.
Оқу үрдісі балалардың шығармашылық белсенділігі нәтижесінде жүзеге асады, ал шығармашылық қалыптасу негізінде балаларда танымдық белсенділік қалыптасады.
Ойын дегеніміз - ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты. Ойын - тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат бітіретін, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір өзегі.
Атақты педагог В. А. Сухомлинскийдің [11] сөзімен айтқанда, «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес». Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті. Ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады.
Мектепке дейінгі балалық шақ 3-тен 6-7-ге дейінгі жас - баланың дамуындағы мүлде айрықша кезең болып табылады. Дәл осы жаста ішкі психикалық өмір және жүріс-тұрысты іштей реттеу пайда болады. Бұл ішкі өмір жалпы түсініктер бойынша әрекет ету қабілетінде, баланың қиялында, ерікті жүріс-тұрыста, ересектер және құрдастар арасындағы мазмұнды қарым-қатынаста танылады. Осы маңызды қасиеттер мен қабілеттердің барлығы, ересектермен әңгімелесуде, мамандар сабақтарының барысында емес, сюжетті-рөлді ойында туындайды.
Осындай ойында балалар ересектердің рөлдерін ойнап, өздері арнайы құрастырған ойын жағдайларында, қиялдан шығарған жағдайларда ересектердің іс-әрекеттерін және олардың арасындағы қарым-қатынасты қайта орындайды.
Еркін сюжетті-рөлді ойын - мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ең қызықты іс-әрекет. Оның тартымдылығы - ойнай отырып, бала субъективті еркіндікті сезінеді, тәжірибелік туынды іс-әрекеттегі қарсылықтарға тап болып, қиынға түсетіндердің барлығы - заттардың, әрекеттер және қарым-қатынастардың оған тәуелді екенін сезінеді. Сонымен қатар, педагогикалық әдебиетте балабақшадағы балалардың ойын іс-әрекеті тиісті деңгейіне жете алмайтыны туралы мәселе бірнеше рет көтерілген болатын. Ойын - кез келген әрекет сияқты бей-берекет пайда болмайды - ересектер тарапынан қалыптастырылады. Балалар ойнай алу үшін олардың саналарында эпизод-әрекеттердің жиынтығы тұрақталу тиіс. Балалар қандай әрекеттерді орындау керек екенін білулері қажет және меңгерген білімдерінен тек осындай лайық сәттерді таңдай біліп, оларды қиялдан құрылған жаңа сәттер ойлап таба білулері тиіс.
Сюжетті ойын бала тарапынан шынайы, сезінетін өнімді талап етпейді, бұл ойында барлығы шартты, барлығы «әзіл сияқты». Бала елестеткен шегені ойыншық балғамен соға алады, бірақ шын мәнінде шегені соға алмайды, «дәрігер» болып, ауру қуыршақтарды «емдей» алады, ал шын мәнінде бұл «ересектердің» мамандығы бала үшін алшақ жатыр; шын өмірде ешқашан болмаған толғандыратын оқиғаларға енеді; өзін өзі ойдағыдай таныта алмай қалған жағдайларды қайтадан «бастан кешіп» жатады. Сюжетті ойынның осындай «мүмкіншіліктердің» барлығы мектеп жасына дейінгі баланың тәжірибелік әлемін кеңейтіп, оған ішкі эмоционалдық жайлылықты қамтамасыз етеді.
Қазіргі заманның психологиялық-педагогикалық зерттеулерде сюжетті ойын - адамның кез келген іс-әрекеті сияқты - балада өз бетімен пайда болмайды, оны меңгерген, «ойнай алатын» өзге адамдар арқылы қалыптасатыны туралы көрсетілген. Сюжетті ойын тақырыбынан тыс өзінің ең қарапайым түрінде заттармен шартты әрекеттер тізбегі ретінде құрылуы мүмкін, күрделі түрінде - спецификалық рөлдік ара-қатынастардың тізбегі ретінде, аса күрделі түрінде - әр түрлі оқиғалардың бірізділігі ретінде құрылуы мүмкін.
Көптеген зерттеулер негізінде 3-5 жастағы бала ойнайтын рөлдеріне еніп, оларды біртіндеп алмастыра білу керек екендігі, заттармен әрекет ету және рөлі бойынша сөйлеу арқылы жүзеге асыруы тиіс, құрдас-серіктеспен рөлдік қарым-қатынас құру тиіс екендігін көрсетті. Есейе келе, бала ойын барысында әр түрлі оқиғалардың бірізділігін өрістету тиіс, оларды өзінің және 2-3 құрдас-серіктестің ойластырғанына сәйкес ұластыру тиіс, сюжетті оқиғаларды рөлдік ара-қатынас арқылы және заттармен әрекет ету арқылы жүзеге асыру тиіс. Балаларды ойынға тартып, олармен бірге ойнау үшін тәрбиешінің өзі белгілі бір түрде құрылған сюжетті «тірідей» ойын процесінде балаларды қызықтыратын тақырыпқа сүйеніп, еркін өрістетуге үйрену керек.
Ересек адамның ойын процесінде балалардың ұсыныстарын қабылдап, баланың ойластырған ойын әрекетін жалғастыра алу, жаңа кейіпкерді (сондай-ақ, ойын рөлін) енгізе алу, құрастырғанды аяқтау, бала ұсынған оқиғаны өрістету шеберлігінен балалар үшін ересекпен бірлескен іс-әрекеттің тартымды және қалыптастыратын әсердің табысты болуы байланысты. Тәрбиеші ойын сюжет-оқиғалардың элементтеріне, кейіпкерлеріне (рөлдерге), олардың әрекеттеріне сүйеніп, еркін пайдалану тиіс, әр жастағы балалармен сюжеттерді өрістете алу тиіс.
Балалармен бірлесіп ойнағанда да, өзіндік іс-әрекетері үшін жағдай жасаған кезде де, ересек тарапынан мәжбүрлеу, тақырыптарды, ойын рөлдерін, ойын түрін (өздік немесе бірлескен) міндеттеу мүлде жарамайды.
Балалардың бойында балабақшада «өз еркінше емес, бұйрық бойынша ойнау керек» деген сезім тудырмау тиіс. Жалпы, педагогикалық процесте ойынға қатысты бір бірімен тығыз байланысы бар екі құрамдас бөлікті ажырату қажет: ойын процесінде жаңа біліктері қалыптасатын балалар мен тәрбиешінің біріккен ойыны, және балалардың өздік ойыны, оған тәрбиеші тікелей қатыспайды, тек ойын белсенді болу үшін және балалар меңгерген ойын біліктер арсеналындағы ойын дағдыларын қолдану үшін жағдай туғызады.
Балалар өздерінің рольді ойындарында айналасындағы шындықтың көп жақтылығын көрсетеді. Олар үй тұрмысынан, үлкендердің еңбектегі іс-әрекеті мен олардың еңбектегі қарым-қатынастарынан көріністер көрсетіп, замана оқиғаларын (космостық ұшулар, арктикалық экспедициялар) және басқаларды бейнелейді. Балалар ойындарында көрсетілетін шындық рольді ойындардың сюжеті болады. Балалар араласатын өмір ауқымы неғұрлым кең болса, ойын сюжеті де соғұрлым кең де сан алуан келеді. Сондықтан да, мектепке дейінгі кішкентайлардың ойын сюжеттері шағын.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz