Жыраулар поэзиясы жайында мағлұмат


Кіріспе
Талай жылдар тарихтың тағдырын кешіп, бүгінгі күнге, яғни біздің заманымызға жеткен қазақ әдебиетінің құнды мұралары толық болмаса да, баға жетпес байлық. Халық ауыз әдебиеті арқылы жеткен туындылардың туғанына қанша жыл толғаны, авторы кім екені белгісіз болса, бертін келе халық ауыз әдебиеті арқылы жеткен, авторы халыққа белгілі, қазақ әдебиетінен үлкен орын алатын туындыларды кездестіреміз. Бұл туындылар қазақ поэзиясының түп тамырынан біздің заманымызға көбіне талғау арқылы жеткен. Сол жеке авторлар шығармашлығын жалғастырушы қазақ хандық дәуірінде өмір сүрген жырау, ақындарымыз. Ертедегі қазақ ақындық өнері жайлы М. Әуезов: «Халық бұл алуандас ақындарға «суырып салма» ақын деп атақ берген. Қынаптан қылыш суырғандай жалт еткіш, атты өткір өнерді айтқаны. Біз бұны ақпа ақын, төкпе ақын десек жарайды. Айтысқа шеберлік, жалпы ақындық өнерінің, тіпті барлық әдебиетінің өзгеше бір сатысы. Ал, ақындық өзі не? Егер ол өзгеше көрегендік, сезімталдық және сол көрген мен сезгенді сырлап, күйлеп айта білгіштік болса, жаңағы ақпа ақын сол көрегендік, сезгіштікті шымыраған шырқына жеткізеді» 1 , - деп жазады.
Жыраулар шығармасының бүгінгі қазақ поэзиясында маңызы зор. «В. Белинскийдің айтуына қарағанда, әдебиеттің органикалық дамуында бар құбылыс бір-бірімен сабақтас өмір сүреді, олардың араларында тарихи жанды байланыс бар. Яғни, жаңаның өзі ескіден туады, кейінгі нәрсе өткендігімен танылады, еш нәрсе кездейсоқ емес» 2 . Демек, бүгінгі қазақ әдебиеті кешегінің негізінде туған және соның жалғасы.
«Қазақ поэзиясының алыстағы бұқар-бастаулары болып саналатын алғашқы шығармалар біздің заманымызға көбіне-көп талғау арқылы жетті» 4 , - деп, Ә. Дербісалин айтқандай қазақ хандық дәуіріндегі өмір сүрген жыраулар шығармашылығы да толғау арқылы көрінеді.
Поэзиялық сөздікте бұл жанрды былай түсіндіреді: «Толғау - қазақ әдебиетіндегі сюжетсіз поэзиялық туындының халықтық түрі, белгілі тақырып бойынша ойлар түю, философиялық пікірлер білдіру пішіні» 4 . Ал, Ә. Дербісалин: «Толғау-ақындық поэзияның түрі, мұнда әр ақынның творчестволық ерекшелігі молырақ көрінеді . . . Сөздің әлеуметтік, азаматтық әуенінің артуы - толғау ерекшеліктерінің бірі» 5 , - дейді. Демек, толғау қазақ елінің кешегі күнінен хабар беретін бабаларымыздың әдеби туындысы. Талғау жанрының тақырыптық, идеялық ерекшеліктері біраз мәселелерді қамтиды. Сол дәуірдегі халқымыздың әлеуметтік жағдайын, философиялық ой туындылары, халық арманын бейнелейді.
Жыраулар поэзиясында атамекен қасиетін бағалау.
Қайран менің Еділім,
Мен салмадым, сен салдың
Қайырлы болсын сіздерге
Менен қалған мынау Еділ жұрт!
Қазтуған жырау
Жыраулар жеке өз басының мәселесін ғана көтермей, руының, елінің жағдайын айлап, халықтық мүддені жырлады. Көшпелі қазақ халқы жаңа құтты мекенді аңсап, армандаған. Жер үшін ата-бабамыз көршілес елдермен талай шайқасқан. Сондықтан да, атамекенді бағалау қазақ халқына тән қасиет. Халқымыздың туған жерін бағалап, атамекенін қадірлей білген, еліміздің береке - бірлікте өмір сүруін қалаған және құтты қоныс іздеген алғашқы әдебиет өкілі - Асан қайғы.
«Асан өз кезіндегі елінің көшіп - қонған тұрмысына, мекендеп отырған кейбір жерлеріне көңілі толмайды. Оның ойынша, жер бетінде адамзат тіршілігіне аса қолайлы жұмақ жер бар, оның аты - «Жер үйек». Бұл кісісі жүзге келмей өлмеген, малы екі қайтара төлдеген, елді жау алмайтын, елге жұт келмейтін мекен. Бұл - шөбі шүйгін, суы бал, шаруаға жайлы қоныс. Адам қайғы дегеннің, қастандық дегеннің не екенін білмейтін, ертеңі не болады деп ойланбайтын, елге мәңгі ырыс боларлық жер. Халық үшін осындай шаруаға жайлы жер іздеген Асан-Жемаясын мініп алып, қазақ жерлерін шарлап шығады. Қай жердің қандай қасиеті барлығын, қай түлікке қай жер қолайлы екенін ақыл ретінде айтып, сынай отырып баға береді» 6 , - деп, Ө. Танабаев халық аузында аты аңызға айналған Асан қайғы жайлы осылай түсіндіреді.
Асан қайғының «Жер үйекті» іздеуіне байланысты қазақтың кең байтақ даласының әрқайсысының өзіндік табиғи қасиетін, ерекшелігін көрсетіп, көркем бейнелейді.
Қазақ халқының сыртқы жаулардан қыспақ көріп, қоныс аударуына тура келеді. Сонда Асан қайғының көшіп келген жеріне көңілі талмай, туған жерін қимай:
Еділ менен Жайықтың
Бірін жазға жайласаң,
Бірін қысқа қыстасаң,
Ақ қолыңды маларсың
Алтын менен күміске -
деп армандайды.
Асан қайғы сарыны Бұхар жырларынан да байқалады. Асан сияқты Бұхар да құтты мекен іздеп, «Жиделі байсын» деген жер бар: санда ұзақ жасап, тыныш өмір сүруге болады деп сенеді. Соған елді көшіруге шақырады:
Жаулық жолын сүймеңіз,
Мынау жалған сұм дүине
Өтпей қалмас демеңіз . . .
Сырдария суынан
Көлденең кесіп өтіңіз
Үш жыл малды ту ұстап,
Жиделібайсын жетіңіз.
Кісісі жүзге келмей өлмеген,
Қойлары екі рет қоздаған
Қатын-бала қамы үшін,
Салай таман кетіңіз!
«Осыдан болса керек, профессор Б. Кенжебаев: «Бұхар жырау шығармалары тақырыбы мен мазмұны жағынан Асанқайғының үлгілі шәкірті, өз дәуірінің Асан қайғысы . . . » екені таныта алады дейді. Бұдан кейін ал «Бұхар жырау өз тұсындағы қазақ халқының күй-жайын, мұң-тілегін, болашақ тағдырын білдіріп, бірлігін, ынтымағын көкседі» деп тұжырымдайды» 7 .
«Туған жердің қадір-қасиетін бағдарлайтын талғаулар Бұхар шығармашылығында аса мол» 8 , - деп, Ө. Танабаев айтқандай халық тағдыры толғаныдрған жырауды туған жері ерекше толғандырса керек. Оны мына толғауының үзіндісінен айқын көреміз.
Шоралар сауықпен ішсе тауыспаған
Ағар бұлақ сүтті жұрт
Көп жылдарға бек сақтап
Есен де есен болған құтты жұрт
Бағаналы орда қонған жұрт,
Мамырасып, ел болып,
Байсалды жайлау табылды,
Көлдей қамқа төсеніп,
Көрікті ханым түскен жұрт.
Інкәрілер алшаңдап
Ас пен тойға келген жұрт
Бұхар жырау бұл орайда әрбір адамға тән туған жерге деген сүйіспеншілікті төге жырлайды. Туған жерге деген құрмет сезімін айқын танытады.
Атамекенді қимау, оның қадір - қасиетін барынша танып жырға қосу Қазтуған шығармаларында да кездеседі. Ақынның туған жерге деген сезімі жайлы Ө. Танабаев: «Жырау туған жер табиғатын ең алдымен алтын ұя, қасиетті атамекен ретінде суреттеп, оны адамның рухани тірегі ретінде танытады» 9 , - дейді. Жыраудың туған жер жайлы жырлайтынын толғауының мына үзіндісінен көреміз.
Алаң да алаң, алаң жұрт,
Ағала Ордам қанған жұрт,
Атамыз біздің бұл Сүйініш
Күйеу болып барған жұрт,
Апамыз біздің Бозтуған
Келіншек болып түскен жұрт, -
деп, туған елі, жері жайлы жырлайды.
Қайран менің Еділім,
Мен салмадым, сен салдың
Қайырлы болсын сіздерге
Менен қалған мынау Еділ жұрт!
Туған жердің қадір - құасиетін бағалау Жиембет жырау талғауларынан да кездеседі. Оны жыраудың «Қол - аяғым байлауда» деп басталатын талғауынан айқын көреміз.
Қол - аяғын бұғауда,
Тарылды байтақ кең жерім!
Арманда болып барамын,
Қоштасуға аял жоқ.
Қалқаман, Шолан ерлерім!
Қайырылып, қадам басарға
Күн болар ма мен сорға,
Өзен, Арал жеріміз?!
Қиядан қалды көрсеткен
Төбеңе шығар күн бар ма,
Жотасы биік Дендерім?!
Жыраулар поэзиясының кең орын алған: атамекеннің қадір - қасиетін бағалау, оның құтты қоныс, тіршілік нәрі болғандығын терең сүйіспеншілікпен жырлау хылқымыздың елін, жерін қорғауға, оны сүюге деген сезімнің туына ықпал етеді. Және туған жерге, атамекенге деген терең сүйіспеншілігін танытады.
Қазақ жыраулар поэзиясының батырлық ерліктің жырлануы
Ереуіл атқа ер салмай,
Елеулі найза қолға алмай,
Еңку - еңку жер шалмай . . .
Ерлердің ісі бітер ме?!
Махамбет
Ежелден келе жатқан көшпелі көне түркі атанған тарихымыздан жауынгершілік даңқы жер жарып, тарих тақтасынан елеулі орын алған батыр, ерлеріміз аз емес. Сондықтан, қазақ поэзиясында батыр тұлғасы мадақталып, зор құрметпен марапатталып келеді. Қаһармандық, ерлік тақырыбына байланысты туған туындылар ежелгі қазақ халқы ауыз әдебиетінен бар құнды мұра. Соның жалғастырушысы, дамытушысы болып табылатын қазақ хандық дәуірінде өмір сүрген жыраулардың туындылары хылқымыздың тарихынан мол дерек береді. Жыраулық поэзиядағы батырлықтың жырлануы жайлы Ш. Амантай: «Жыраулық поэзиядағы батыр - эпостағыдай» отқа салса - жанбайтын, суға салса - батпайтын», «атса - мылтықтың оғы өтпейтін, шапса - қылыштың жүзі кеспейтін» кейіпкер емес, кәдуілгі жұмыр басты екі аяқты, кеудесінде шыбын жаны бар пенде» 10 .
Қазтуған шығармашылығында. Яғни «Мадақ жырында» жауынгер - жыраудың бейнесі эпостағы ердің бейнесінен қарапайымдау болса да, өзіндік ешкімге ұқсамайтын жеке тұлға ретінде көрінеді:
Бұдырайған екі шекелі,
Мұздай үлкен көбілі,
Қары ұнымы сұлтандайын жүрісті,
Адырнасы шайы жібек аққа кірісті,
Айдаса қойдың көсемі,
Сөйлесе қызыл тілдің шешені,
Ұстаса қашағанның ұзын құйрығы,
Қалайылаған қасты орданың сырығы,
Билер отты би соңы,
Би ұлының кенжесі,
Буыршының бұта шайнар азуы,
Бидайдықтың көл жайқалған жалғызы,
Бұлұт болған айды ашқан,
Мұнар болған күнді ашқан
Мұсылман мен кәуірдің
Арасында өтіп бұзып дінді ашқан
Сүйіншұлы Қазтуған!!!
Шалкиіз толғауларында, жарыққа шыққан жауынгерлер үш нәрсе игі деп жырланады. Олар: астындағы тұлпары, үстіндегі сауыты, қолындағы қаруы. Сондай-ақ, ол батырға тиіселі еншіні көктегі құдіреттің қарауында деп біледі.
. . . Кешу кешмек сондай-дүр,
Батыр болмақ сондай-дүр
Жалаңаш барып жауға ти,
Тәңірі өзі біледі, Ажалымыз қайдан-дүр!
Жаңғар шапқыншылығы кезінде талай жорыққа қатысқан Ақтамберді Сарыұлы жайында Амантай Ш. «Салпаң да салпаң жортармын» атты толғауында өзінің батырлық тұлғасын эпикалық «мен» арқылы бедерлеу үшін қиыннан қиысқан метафоралық қоладынстарға барады.
Қарағайға қарсы біткен бұтақпын,
Балталасаң да айрылман,
Сыртым - құрыш, жүзім - болат,
Тасқа да салсаң майырлман! -
деген түйінді тармақтарда күрделі метафораның көмегімен батырдың мылтығын екі еселей көрсетеді» 11 .
Мойнына қаруын асынып, халқы, елі жері үшін күрескен батырларымыздың ерліктерін Ақтамберді, Тәтіқара сынды әдебиет өкілдері былай жырлайды. Ақтамберді.
Майданда дабыл қақтырып,
Ерлердің жалын ашытырып,
Атасы басқа қалмақты,
Жұртынан шауып бастырып,
Түйедегі наршасын, Әлпештеген ханшасын
Ат артына мінгізіп,
Тегін бір алжа қылар ма екенміз?!
Тәтіқара ақын туындылары көбіне қан майданда әскерлердің рухын көтеріп, қазақ батырларын мадақтау негізінде шығарған.
Қамыстың басы майда, түбі сайда
Жәнібек Шақшақұлы болат найза
Алдыңнан су, артыңнан жау қысқанда,
Ер жігіттің ермегі осындайда
Бөкейді айт Сағыр менен Дулаттағы,
Дербісәлі, Манайды айт Қыпшақтағы
Өзге батыр қайтса да бір қайтпайтын,
Сары мен Баянды айт Уақтағы
Ағашта биікті айтсаң, қарағайды айт
Найзасының ұшына жау мінгізген,
Керейде Еменәлі, Ер жабайды айт, -
деп қол бастаған батырлар ісін, олардың ерлік дәстүрін үлгі ете сөйлеп, қалың қолды ілгері ұмтылуға үндейді.
«Жауынгер - жыраулар көптің мұн - мүддесін көксеумен қатар, керек кезінде оған арқа да сүйеді. Ел билеушілердің қате қимылдарын, мен-мен мінездерін батыл түрде бетке басып ақыл айтулары - қара бастарының қуат - қабілеттерімен қоса, артында қаумалаған қалың жұртқа сенгендіктерінің нәтижесі. Сөйтіп, жыраулық поэзия өкілдері жалғыздықтан гөрі, жамағатшылықты үстем қойды. Мұнан бірігу идеясы билеген мемлекеттік сананың сүрлеуі де сезіледі» 12 .
Жыраулар поэзиясының әлеуметтік жағдайы
Кедейлік жабыстың ғой бала жаста,
Мені ұятты қылдың ғой қарындасқа
Аш белінен құшақтап айырмадың,
Көз тонысың жоқ па еді менен басқа.
Шал ақын
Қазақ халқының тұрмыс - тіршілігіне байланысты, таптық дәреже қазақ поэзиясында кеңінен жырлаған. Хандық дәуірде өмір сүрген жыраулардың бірі Бұхар жырау да бай мен кедейдің өмірі суреттейді.
Айналасын жер тұтқан,
Айды батпас демеңіз
Айнала ішсе азайып
Көл суалмас демеңіз
Құсарғы құшақ байлардан,
Дәулет таймас демеңіз,
Жарлы байға теңеліп
Жайлауға жарыса көшпес демеңіз
Жырау қазақ елінің бірде байдың байлығын, бірде кедейдің жарлығын айта келіп, барлығы құдайдың қолында екенін суреттейді.
Халқының теңсіздігі, жоқшылығы жайлы Шал ақын мен Көтеш ақын шығармаларынан да кездестіреміз. Шал ақынның көп жырланған тақырыбы - кедейлік.
Байлар малын бақса екен өзі жүріп,
Кедей де өлмес еді, күнін көріп.
Өз малын өзі байқап бос қаңғырып,
Бір кедейді жалдайды пайда көріп.
Жаман бай кімді оңдырар өзі оңбаған
Ішпей, жемей, киместен кетеді өліп,
Кей жаман мал бітсе де бақ қонбаған.
Ақын адал еңбек етіп, береке де бірлікте тұрмыс-тіршілік көруге шақырады, үндейді.
Көтеш ақын шығармашылығында да теңсіздіктің шеті көрінеді.
Ай қараңғы үй, күн бұлт, түн демеңіз,
Біреу жарлы, біреу бай, күндемеңіз,
Ата тілін сыйлаған адал ұлды
Хат оқыған молдадан кем демеңіз.
Қай дәуірді болсын хылқымыздың әлеуметтік жағдайы әдеби туындыларымыздың кең көлемді тақырыптарының бірі.
Жыраулар поэзиясындағы фатолизм.
Жыраулар поэзиясының фатализм
Қилы, қилы заман болмай ма,
Суда жүрген ақ шортан
Қарағай болсын шалмай ма,
Мұны неге білмейсің!
Асан қайғы
Адам өмірінің алдағысын, сондай-ақ болашақ дәуірдің бет-бейнесін күн бұрын көземелдеу - кез келген халықтың қоғмдық қиялы мен көркемдік ой кестесінде өзінше өрім-өрнек табатын қызықты да қатпарлы құбылыс.
Амантай Шәріп: «Айталық, ғұрыптың фольклордың аясында қарастырылатын наным - сенім өлеңдерінің бал ашу (жауырын қарау, құмалақ шашу, кітап ашу) жән етүс жору секілді жанрлық түрлері бар. Өкінішке қарай, бұлардың сын-сипаты жөнінде жол-жөнекей сөз етілетін болмаса, жүйелі зерттеулер жүргізілген емес» 13 , - дейді
«Фатализм (лат fatalis - жазмыштық, fatum - тағдыр, талан) - кез келген дүниелік нәрсе ешқандай кездейсоқтық пен жеке ерлікті талғаутаңдаудан арқа сүйей алмайды, тек қана әлдебір тылсым күштердің тарапынан жасалған күні-бұрынғы кесімді бұйрыққа бағынады дегенді ұстанатын дүниетаным» 14 .
Хандылықтың саясатын айқындап, халықтың сөзін оятатын, сөйтіп өз өресін сәйкес жөн-жоба сілтейтін жырауларға тән ерекшеліктерідің бірі де - болжағыштық.
Қазақтың ұлы философы Асан қайғы шығармашылығында алдын - ала болжау кездеседі.
Бұл арадан көшпесең,
Айтқаныма түспесең.
Орыс алар қалаңды,
Шулатар қатын, балаңды.
Осыны көрдім түсімде,
Біл десе де білмейсің.
Ай, Жәнібек, ойласаң.
Қилы-қилы заман болмай ма,
Суда жүрген ақ шортан,
Қарағай басын шалмай ма,
Мұны неге білмейсің?!
Болашаққа күмәндана қарайтын Асан қайғы халық тағдырының келешегі жайлы айтқанын, яғни бұл жұмбақтың жауабын Бұхар жырау түсіндіреді.
«Бұқарекең қырын қарап тұрып атының басын бұрып, қамшысын ерінің үстіне арта салып, көзіне жас алып:
- Ә, хан - ай!
Бұл сөздің сен сұрамасаң керек еді!
Ханға жауап айтпасам,
Ханның көңілі қайтады
Қандыра жауап сөйлесем,
Халқым не деп айтады.
Қайғылы мұндай хабарды
Сұрамасаң не етеді?!
Бұл айтқан сөз, Абылай,
Болмай қалмас артыңнан,
Естісең, міне, қартыңнан, -
деп сөзін тауысқан Абылай хан «Уһ» деп, сұрағанына пұшайман болған екен, - деген үзіндіде екі аяқты пенденің тағдырына қатысты емсе, бүтін бір халықтың көрер құқайы, кешер қайғысына байланысты туындаған фатализм бой көрсетіп тұр» 15 , - деп жазады Амантай Шәрі.
Жыраулар толғауларындағы төрт түлікке
деген қатынастың көрінісі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz