Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясаттың қазіргі жағдайын талдау


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

1. Әлеуметтік-экономикалық статистиканың теориялық негіздері

1. 1 Тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың мәні мен мазмұны

1. 2 Тұрғындардың әлеуметтік жағдайын зерттеу қажеттілігі

2. Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясаттың қазіргі жағдайын талдау

2. 1 Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғаудың жүйесі

2. 2 Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғаудың статистикалық көрсеткіштері

3. Әлеуметтік саясатты жетілдірудің статистикалық факторлары

3. 1 Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясаттың жағдайы мен оларды жетілдіру жолдары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Экономиканы мемлекеттік басқарудың әлеуметтік бағыты басқарудың айқын түрде әлеуметтік аспектілерінің болуын қажет етеді. Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік процесстермен және құбылыстармен терең байланысы экономикаға үкіметтің әсер етуінің мақсаттары, міндеттері мен қызметтерінен көрінеді. Сайып келгенде, мемлекеттік басқарудың басты мақсаты халықтың әл-ауқатын қамтамасыз ету, халықтың өмір сүру деңгейін көтеру, қоғамдық қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан әлеуметтік бағытталған мемлекет болып табылады. Ал бұл дегеніміз, ол мемлекеттік басқару органдары белсенді әлеуметтік саясат жүргізуі қажет және әлеуметтік мәселелерді шешуге экономиканы бағыттау.

Бірде-бір қазіргі заманғы мемлекет халықты әлеуметтік қамсыздандыру, жұмыспен қамту, өмір сүру жағдайларының барлық әлеуметтік ауыртпашылық жүгін мойнына алып көтере алмайды. Патерналистік концепция бойынша елдегі әлеуметтік жағдайды және тауар мен қызмет көрсетуді тұтыну мен әлеуметтік игіліктермен қамтамасыз ету деңгейін толық жауапкершілікті өзіне алған мемлекет кез-келген экономикада негізсіз болып табылады. Мұндай концепцияның нарықты экономикада болуы тіпті де мүмкін емес. Әлеуметтік сұраным мен қажеттіліктерді қанағаттандыру - азаматтардың өздерінің, жанұясының, үй шаруашылығының, жұмысшылар істейтін ұйымдардың, жергілікті билік органдарының, қоғамдық қайырымдылық қорлардың және сонымен қатар мемлекеттің ісі.

  1. Әлеуметтік-экономикалық статистиканың теориялық негіздеріТұрғындарды әлеуметтік қорғаудың мәні мен мазмұны

Әлеуметтік қорғау - бұл жеке адамның, қорғау топтың, жалпы тұрғындардың әртүрлі мәселелерін кешенді, жан-жақты түрде шешуді қамтамасыз ететін қоғам мен мемлекет құралдары, сонымен бірге олардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеруге бағытталған саясат болып табылады.

Әлемде әлеуметтік қорғаудың негізгі екі моделі қалыптасқан:

1) Табыстарды реттеу мен басқаруда әлеуметтік механизмдердің үлесі басым болатын, мемлекет - жоғары рол ойнайтын әлеуметтік - демократиялық бағыт;

2) неолибералдық - әлеуметтік - экономикалық процеске мемлекеттің араласуы төмендігімен сипатталады.

Аталған үлгілерге байланысты келесідей әлеуметтік қорғау жүйелерін бөліп көрсетуге болады:

- мемлекеттік, яғни қоғамның әлеуметтік осал топтарына мемлекеттің әлеуметтік жәрдемі принципіне негізделген;

- жеке, яғни әрбір адам өз өмірі мен отбасына өз еңбегі мен кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстары негізінде жауап беретін принципке негізделген.

Әлеуметтік қорғаудың орталық субьектісі жүйе, мекеме, ұйым түріндегі әлеуметтік институттар жатады.

Әлеуметтік қорғаудың негізгі формалары:

- заңды түрде бекітілген әлеуметтік кепілдіктер мен олардың базалық стандарттар мен бағдарламалар негізінде жүзеге асырылуы;

- халық табысы мен шығындарын реттеу;

- әлеуметтік сақтандыру;

- әлеуметтік көмек көрсету;

- әлеуметтік қызмет көрсету;

- мақсатты әлеуметтік бағдарламалар.

Әлеуметтік қорғау жүйесінің келесідей принциптері бар:

- марапаттау, яғни билік құрылымдары белгілі бір әлеуметтік оқиғаларға немесе мемлекеттік маңызды қызметтерді қолдау мақсатында жеке әлеуметтік топтарға әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған шешімдер қабылдайды;

- өтініш, яғни әлеуметтік көмек азаматтың жазбаша түрде жазған өтінішіне байланысты беріледі;

- патернализм, яғни тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық аз

Әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарының бірі мүгедектердің құқықтарын, заңдылықтарын қалыптастыру болып табылады.

Сонымен бірге әлеуметтік қатынастардың қалыптасуы жағдайында жұмыспен қамту саласында мемлекеттің саясаты еңбек рыногын оптимизациялау, жаңа жұмыс орындарын құру, мамандарды даярлау мен қайта даярлауға бағытталуды қажет етеді. Жұмыспен қамту саласында мемлекеттің саясаты екі бағытта өрбиді:

1. Жұмыссыз халықты жұмысқа орналастыруға көмектесу және кәсіби даярлау мен қайта даярлауда көмек көрсету;

2. Тиімді еңбек нарығын қалыптастыруды ынталандыру

Мемлекет заңдарға сәйкес азаматтардың кәсіпкерлік және еңбек мүмкіндіктеріне көмектесуге, өзін-өзі қамту саласында әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге міндетті. Мемлекет әсіресе нарық талаптарына келмейтін халық топтары жастар, әйелдер; мүгедек балалар; мүгедектер көп балалы отбасыларға көп көңіл бөлуі керек. Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етудің мемлекеттік бағдарламасы өндірістің орталықсыздандыруын қарастыру.

Жұмыспен қамтылу - бұл мемлекеттің заңдылықтарына қайшы келмейтін, өздерін жеке және қоғамдық қажеттіліктерін қанағаттандырумен байланысты азаматтардың қызметі.

Жұмыссыздық көптеген әлеуметтік және әлеуметтік-психологиялық зерттеулердің көрсетілуіне әрбір адам, отбасы, топтар тұтастай қоғам үшін өте теріс әлеуметтік салдарын тигізеді. Оның ішінде яғни жүрек ауруларына байланысты өлімнің ұлғаюы, қылмыскердің көбеюі, өзін-өзі өлтірудің өсуіне алып келеді.

Сондықтан мемлекет жаппай жұмыссыздықтың алдын-алу керек.

Кез келген саяси режимнің қызметінің негізгі бағыттарының бірі өмір сүру деңгейін реттеу болып табылады. Бірақ бұл реттеу әртүрлі жолдар арқылы жүргізіледі.

Егер бұрын халықтың өмір сүру деңгейін реттеу орталықтандырылса, қазір жаңа әдістер арқылы жүргізіледі. Олардың ішінде ең маңыздылары индексация мен компенсация.

Индексация бойынша төлемдер мемлекеттік және жергілікті бюджет, қоғамдық ұйымдар, мекемелер кәсіпорындар есебінен төленеді.

Нарықтық экономикасы дамыған елдерде ең алдымен қандай әлеуметтік топтар мемлекеттік қорғауға алынуы керек туралы тәжірибе бар. Сонымен бірге материалдық көмек көрсете отырып, отбасының мүліктік жағдайын да есепке алу керек.

Аз қамтамасыз етілген отбасыларды әлеуметтік қорғауда келесідей шаралар қолданылады:

  • салық алуда жеңілдік беру;
  • тегін және жеңілдік қызметтерін ұсыну;
  • жұмыссыздар пен балаларға жәрдемақы беру және таға басқалар.

Әлеуметтік басқару кең мағынада барлық қоғамдық процесті басқаруды қарастырады, ал тар мағынада қоғамдық өмірдің әлеуметтік саласының процесін басқаруды қарастырады.

1. 2 Тұрғындардың әлеуметтік жағдайын зерттеу қажеттілігі

Нарықтық экономикада өтпелі кезең әр адам, әр отбасы үшін қиын сынақ. Біреулер бұл кезеңнен жеңіл өтеді, біреулеріне қиындау, ал кейбіреулер үшін бұл апатпен тең. Бұл нарықтық экономиканы қалыптастыру кезеңі. Осы кезеңнің қиындықтарын күн ілгері көре білу, халықты әлеуметтік жағынан қолдау мен қорғаушараларын тереңінен ойластыру өркениетті мемлекеттік төл ісі.

Әлеуметтік қорғау жүйесі және оның дамуы. Үкімет бағдарламасы бойынша берілетін «Жұмыспен тапқан табыстар» құрылуының жалпы принциптеріне қарамастан табыстар теңсіздігін тудыратын жағдайлар сақталады, демек халықтың әр түрлі топтарының өмір сүру деңгейлері де түрліше болады. Табыстарды бөлудегі теңсіздікті өлшеуге бола ма? Экономикалық теорияда Лоренстің қисық сызығы халықтың әр түрлі тобының қоғамдағы жиынтық табысты бөлудегі теңсіздіктің көрсеткіші ретінде қолданып жүр. Көлбеу сызықта проценттік топтар, тік сызықта осы топтардың алатын проценттік табыстары жатыр. Егер табысты бөлуде абсолюттік теңдік сақталса, халықтың 20 пайызы қоғамның табысының 20 пайызы, халықтың 40 пайызы тиісінше табыстың 40, ал халықтың 80 пайызы табыстың 80 пайызын және т. б. алар еді. Демек, ОЕ сызығы табыс бөлудегі абсолюттік теңдікті көрсетеді.

Абсолюттік теңсіздік халықтың 20%, 40%, 60%-і және т. б. ешқандай табыс алмайтындығын, тек бір ғана ОF сызығындағы адамның барлық 100 пайыз табысты алатындығын білдіреді. OFE сынақ сызығы - абсолюттік теңсіздік сызығы.

Елдің экономикалық даму деңгейі тұтынудың көлемі мен дәрежесін анықтайды. Әлеуметтік қорғау жүйесі тек халықтың табыссыз топтары мен өндіріске қатыспағандары ғана қамтылады, ол сонымен қатар қоғамдық өндіріске қатысушылары да, ең алдымен жалданып жұмыс істеушілері де қорғайды. Мұны еңбекті заңдастырудан және оған ақы төлеуден жұмысшыларды жұмысқа алу мен босату жөніндегі ережелерден көреміз.

Кедейшілік сияқты өткір әлеуметтік проблемеларды шешу - мемлекет жұмысының басты бір бағыты. Бұл әл-ауқатты өмірді қамтамасыз ете алмағанымен экономикалық тұтқалар арқылы ең төменгі тіршілік деңгейін жасап, тұрмысы нашар адамдардың санын азайтуға көмектеседі. Кедейленген топты азайту - нарықтық экономикаға көшкен мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі міндеті. Тұтынудың әр түрлі деңгейінің еңбек пен жұмысшы күші факторларымен байланыстылығын атап өту керек. Ондай факторлар: отбасының көлемі, ондағы жұмыс істейтіндер мен масылдардың арақатынасы, денсаулық жайы, географиялық, табиғат жағдайлары және т. б. Мемлекеттің ұлттық табысты қайта бөлу қызметінің негізгі мақсаты - осы айырмашылықтарды азайтып, қоғамның барлық мүшелерінің өмір сүруіне қолайлы материалдық негіз жасау. Мұндай мақсатты жүзеге асырудың түрлеріне қызмет пен өнімдерді трансфеттік төлемдер арқылы бөлу немесе табысты тұрақтандырудың мемлекеттік бағдарламасы жатады.

Біздің елімізде қоғамдық тұтыну қорлары экономикалық категория ретінде бүкіл қоғам мен еңбек ұжымдарының, оның мүшелерінің арасындағы өмір сүру қорының бөлінуі жөніндегі қатысынасты білдіреді. Олар белгілі дәрежеде бұрынғы немесе қазіргі еңбекті есепке ала отырып бөлінеді.

Қоғамдық тұтыну қорларының бір бөлігі мемлекеттік бюджет арқылы құралып, орталықтан бөлінеді. Оның басқа бөлігі кәсіпорындардың, кооперативтердің пайдасынан және қоғамдық ұйымдардың есебінен жиналады.

Мемлекеттік көмек бағдарламасы бойынша қоғамның жаңа мүшелерін тәрбиелеу, қарттарды және еңбекке жарамсыздарды қолдау, білім алу, денсаулық сақтау қажеттіліктері өтеледі. Қоғамдық тұтыну қорларын бөлу үш бағытта жүреді.

Бірінші бағыт халыққа берілетін төлемдер. Олардың көлемі еңбекшілердің бұрынғы және қазіргі жалақысына байланысты. Бұлар алдымен әлеуметтік қамсыздандыруға, ауырған кездегі төлемдер, ақылы демалысқа, мүгедектігі мен қартайғандығына байланысты зейнетақы, жұмыссыздыққа байланысты көмек және т. б. қатысты. Стипендияға да осы тұрғыдан қараған жөн. Өйткені стипендия ынталандыру сипатында болғандықтан жұмсалған еңбекпен өлшенеді.

Қоғамдық тұтыну қорды бөлудегі екінші бағыт - адамның еңбегіне байланысты түрлі төлемдер. Мұндай төлемдерге көп балалы ата-аналарға, жалғыз басты аналарға, арнайы емдеуге берілетін көмектер, мемлекеттің мектепке дейінгі балалар мекемелерін, мектеп-интернатты қаржыландыруға жұмсайтын дотациялар жатады. Жетім балалар, белгілі жағдайда көп балалы, табысы аз отбасылардың балалары да толық мемлекеттік қамқорлықта болады.

Табыстағы теңсіздік едәуір дәрежеде құн заңының обьективті әрекетінен туындағанын ұмытпау керек. Табыс дифференциясын түгел жоюға тырысу нарықтық механизмді қиратумен тең.

Қайта бөлу процестерінің көлемі әр түрлі елдерде түрліше, бірақ Швецияда оның шеңбері кең. Мысалы, егер бұл елдегі өндіріс факторлары бойынша табысты бөлуді алып, үй шаруашылығының 10 тобына топтастырғанда, онда мынадай қорытынды шығады: үй шаруашылығының жалпы табысы жоғары 10%-тік топта халықтың төменгі 10%-іне қарағанда шамамен 100 есе көп болды. Бірақ қолдағы табысты алсақ, онда үй шаруашылығының жоғары және төменгі топтарының айырмасы едәуір аз көлемде, артығы 100 есе емес, 4 есе болды. Мұндай қайта бөлудің көлемі швед экономистерінің белгілі күмәнін туғызды, жүргізілген зерттеулер нәтижесінде жалақыдағы айырмашылықтардың азаюы еңбек нарығының динамикасын төмендетті.

2. Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясаттың қазіргі жағдайын талдау

2. 1 Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғаудың жүйесі

Қазақстанда қазіргі уақытта қолданылып жүрген әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі мемлекеттің басым қатысуымен сипатталады. Зейнеткерлерді, мүгедектерді, асыраушысынан айрылған адамдарды және халықтың өзге де санаттарын әлеуметтік қамсыздандыру мемлекеттік бюджеттің есебінен жүзеге асырылады.

Бүгінде әлеуметтік қамсыздандырумен 3, 5 млн. артық адам қамтылған .

2005 жылы әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығыстар 1999 жылмен салыстырғанда бір жарым еседен астамға көбейді.

Бұл халықтың табысының едәуір көбеюіне мүмкіндік берді, оны мынадай индикаторлардың өсуінен көруге болады. 1999 жыл мен 2005 жыл аралығында

  • жалақының ең төменгі мөлшері 2, 5 есеге;
  • зейнетақының ең төменгі мөлшерлері - 1, 9 есеге;
  • орташа жалақы - шамамен 2 есеге;
  • зейнетақының орташа мөлшері - 2 есеге;
  • ең төмен күнкөріс деңгейі - 1, 5 есеге;
  • мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың орташа мөлшері - 1, 3 есеге өсті.

Маңызды әлеуметтік игіліктердің жалпыға бірдей қол жетімділігін және қоғамдық жағынан қолайлы сапасын қамтамасыз ету мақсатында реформалау барысында мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік стандарттар: ең төмен күнкөріс деңгейі, жалақы мен зейнетақының ең төменгі мөлшері, еңбек жағдайларының стандарттары мен еңбекақы төлеу, әлеуметтік қызметтерді ұсыну нормативтері және т. б. белгіленеді және қазіргі уақытта пайдаланылып жүр.

Әлеуметтік қамсыздандыруда зейнетақы жүйесі ерекше орын алады. Елде реформалау нәтижесінде аралас зейнетақы жүйесі құрылды.

Бір жарым миллионнан астам зейнеткерлер ынтымақты негізде зейнетақы төлемдерімен қамсыздандырылады. Жыл сайын зейнетақыны арттыру жүргізіледі және соңғы жылдары зейнетақы төлемдерінің нақты өсімі тұтыну бағалары индексінің өсімінен озып кетті.

2003 жылы индекстеуден басқа зейнетақыларды саралап арттыру жүзеге асырылды. Бірінші маусымнан бастап 1055, 0 мың адамның зейнетақысы көбейтілді, ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлердің саны үш есе қысқарды, ал 450 мыңнан астам адам ең жоғары зейнетақы ала бастады. Нәтижесінде 2004 жылдың 4 қаңтарында зейнетақының ең төмен мөлшері 5800 теңгені, ал зейнетақының орташа мөлшері 8335 теңгені құрады. Алайда осыншама оң өзгерістер бола тұрса да зейнетақыларды саралап көбейту проблемалардың бәрін шешпеді. Ең бастысы - зейнетақымен қамсыздандырудың деңгейі салыстырмалы түрде алсақ, әлі де төмен күйінде қалып отыр.

Ынтымақты зейнетақы жүйесімен қатар 1998 жылдан бастап қатысушылар арасында ынтымақсыз жинақтау қағидасына негізделген қамсыздандырудың жалғыз түрі жинақтаушы зейнетақы жүйесі енгізілуде және дамып келеді. Қазіргі уақытта жинақтаушы зейнетақы қоры азаматтардың 6, 5 млн. теңге жеке жинақтаушы шоттарымен сипатталады. Зейнетақылық қызметтер нарығында Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры мен 15 мемлекеттік емес зейнетақы қоры бар. Жұмыс істегелі бері оларда 415, 2 млрд. теңге зейнетақы жинақтары, соның ішінде 115, 7 млрд. теңге есептелген инвестициялық кіріс жинақталды.

Сонымен бірге жинақтаушы зейнетақы жүйесінде де бірқатар проблемалар баршылық: жинақтаушы зейнетақы қорының қызметтерімен халық әлі де жеткілікті қамтылмай отыр, зейнетақы жарналары бойынша жиналым азая түскенімен, ол әлі де жоғары күйінде қалуда, зейнетақы жинақтарын инвестициялау тиімділігі де ойдағыдай емес.

400 мыңнан астам мүгедекті мемлекет әлеуметтік қамсыздандыруға алып отыр. Бұл ретте әрбір үшінші мүгедек еңбекке жарамды жаста, мүгедек балалар 40 мыңнан асады, олардың көпшілігінің кемістігі туа біткен. Алғаш рет мүгедектікке ұшырау деңгейі азайғанымен, әлі де жоғары күйінде қалып отыр.

1998 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылып келген зейнетақы заңдарына сәйкес жалпы ауруы салдарынан мүгедектігіне байланысты зейнетақы жалақысы ескеріле отырып, мүгедектік басталған уақыттағы еңбек өтілі болғанда; еңбек жарақатынан немесе кәсіби ауруына байланысты зейнетақы - еңбек өтіліне қарамастан, бірақ жалақысы ескеріле отырып тағайындалатын еді.

Жалпы аурудан мүгедектігі бойынша жәрдемақының мөлшері 2004 жылы: І топтағы мүгедектер үшін 7720 теңгені; ІІ топтағы мүгедектер үшін - 5882 теңгені; ІІІ топтағы мүгедектер үшін - 3309 теңгені құрайды.

Президенттің тапсырмасына сәйкес 2005 жылы жәрдемақылардың едәуір арттырылуы жүргізілді: І топтағы мүгедектерге - 3 АЕК; ІІ топтағы мүгедектерге - 2, 5 АЕК; ІІІ топтағы мүгедектерге - 2 АЕК-ке. 16 жасқа дейінгі мүгедектерге 3 АЕК-ке. Нәтижесінде 2005 жылы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың орташа мөлшері 6700 теңгеге дейін немесе 50%-ға арттырылды. Сонымен қатар Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларына арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 15 АЕК дейін арттырылды және 30 мың теңге мөлшерінде матеиалдық көмек көрсетілді.

Халықтың өзге санаттары да асыраушысынан айрылған адамдар, жаппай саяси қуғын-сүргіндер, Семей сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың құрбандары, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері; Чернобыль АЭС-ындағы аварияның зардаптарын жоюға қатысушылар және басқалар да әлеуметтік қамсыздандырумен қамтылған.

Оларға әлеуметтік осалдықты жеңуіне мүмкіндік бермейтін әлеуметтік қамсыздандырудың негізгі проблемасы халықтың осы топтарының әлеуметтік жәрдемақылар деңгейінің төмендігі болып табылады.

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру нәтижесінде жан басына шаққандағы табысы кедейлік деңгейінен де төмен аз қамтылған азаматтардың саны азайды.

Кедейлік жұмыссыздық және АӘК көрсету проблемаларының жүйелік байланысы бекітілді. АӘК алушылардың басым бөлігі балалар. АӘК алушы басқалардың арасында балаларға күтім жасаумен айналысатындар, жұмыссыздар, мүгедектер, зейнеткерлер, өз бетімен жұмыспен қамтылғандар, жұмыс істейтіндер бар.

Аз қамтылған азаматтардың әрбір санатына қатысты тиісті шаралар: баяу - материалдық көмек; белсенді - жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, кедей халықтың еңбекке қабілетті бөлігін рынок талаптарына бейімдеу қолданылады.

Аз қамтылған азаматтар құрамында балалардың үлесі басым екендігін ескерсек, аналар мен балаларды қолдау шаралары ерекше маңызға ие болады. Бұл үшін 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап бала туғанда отбасының табысына қарамастан республикалық бюджеттің қаражаты есебінен 15 АӘК мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төлеу енгізілді. Қосымша балалар жәрдемақыларын енгізу жөнінде ұсыныстар әзірленуде.

Соңғы жылдары еңбек рыногының жағдайы жұмыспен қамтудың өсіп, жұмыссыздық деңгейінің тиісінше азайып келе жатқанымен сипатталады. Республика экономикасында 2005 жылғы қаңтарда 6862, 8 мың адам еңбек қызметімен қамтылды, оның ішінде жалданып істеушілердің саны 4219, 8 мың адамды құрайды. Жұмыспен қамтылғандардың жартысынан астамы ірі және орта кәсіпорындарда істейді.

Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің деректері бойынша 1999 жыл мен 2003 жылдар аралығындағы кезеңде жұмыссыздық 4, 7% азайды және ағымдағы жылдың басында 8, 8%-ды құрады. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар тіркеген жұмыссыздар саны азайып келеді. Мәселен, 2004 жылғы 1 қаңтарда 2002 жылмен салыстырғанда ресми жұмыссыздық 25% астамға азайды. Жұмыссыздар құрылымында әрбір екінші адам - әйел, әрбір үшіншісі 15-39 жастағылар. Жұмыспен қамту проблемасы біржақты өнеркәсібі бар қалалар мен күйзеліске ұшыраған ауылдық аймақтарда әсіресе өткір.

Республикадағы еңбек рыногы жағдайының мониторингін жасау үшін облыстар, қалалар мен аудандар бөлінісінде жұмыс күшіне деген нақты ұсыныс пен сұранысты көрсететін деректер базасы жасалды. Қазіргі күні ұсыныстың сапасы мен кәсіптік-біліктілік құрылымының сәйкессіздігі және халықтың оңтайлы жұмысқа қабілетінің төмендігі себебінен жұмыс күші жергілікті еңбек рынокторында тапшы бола тұрса да оған Қазақстанда жеткілікті сұраныс бар екенін талдау көрсетіп отыр. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі органдардың бос жұмыс орындарының ай сайынғы банкі 15-17 мың бірлікті құрайды. Алайда кәсіби белгісі бойынша жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келмейтіндігінен бір бос жұмыс орнына айына орташа 9-10 жұмыссыз үміттенеді.

Кедейлікті азайтудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын, Ауыл жылын өткізу жөніндегі іс-шаралардың жоспарын іске асыру барысында жұмыспен қамтуға белсенді жәрдемдесудің нәтижелері жақсарды. 2003 жылы елде 244, 3 мың жұмыс орны, соның ішінде 60% ауылдық жерлерде құрылды. Жұмыспен қамту жөніндегі органдардың жәрдемімен өтініш жасағандардың әрбір екіншісі жұмысқа орналастырылды. 2002 жылмен салыстырғанда ауылдық жерлерде жұмысқа орналасқандардың саны 20, 6%-ға көбейді. Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдарға өтініш жасағандардың жартысынан астамы қоғамдық жұмыстарға қатысады. Жұмыссыздардың біраз бөлігі-оқуға, қайта даярлауға және біліктілікті арттыруға жіберілді. 2003 жылдың өзінде ғана 25 мыңнан астам адам оқуды және қайта даярлықты аяқтады.

2. 2 Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғаудың статистикалық көрсеткіштері

Кеңес Одағынан кейін барлық мемлекеттерінің арасында Қазақстанда әлеуметтік қорғау жүйесінің ең түбегейлі формалары жүзеге асырылды. Әлеуметтік - нарықтық экономиканы құруға бағыт алып, біздің мемлекет жүргізіліп жатқан реформалардың басты мақсаты етіп халақтың тұрмыстық жағдайын арттыруды белгіледі.

Қазіргі кезде 3, 5 млн. астам адам әлеуметтік қамтамасыз етумен қамтылған (немесе барлық халықтың 23, 3%) . Республикалық және жергілікті деңгейлерде бюджеттік қаржылар есебінен әлеуметтік төлемдердің, жеңілдіктердің, жәрдемақылардың және халықтың әртүрлі топтары үшін жәрдем ақшаралдың 34 түрі белгіленген.

2002 жылдан бастап 2006 жылға жоспарланған шығыстарды қоса есептегенде, республикалық бюджеттегі әлеуметтік көмек көрсету мен әлеуметтік қамсыздандырудың жылсайынғы шығыстары, 160 миллиард теңгеден 362 миллиард теңгеге дейін, яғни екі еседен астамға өсті.

1-сурет. Республикалық бюджеттің әлеуметтік көмек көрсетуге және әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығыстары

ЖІӨ - ге пайызбен

Нәтижесінде, қазақстанда жағдай мен келешегі біздің мемлекетіміздің халқын әлеуметтік қорғау тұжырымдамасының негізгі ережелерімен анықталатын, айтарлықтай көлемді, функционалды жәнехалықтың қажеттіліктеріне икемді түрде жауап беретін әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі қалыптасты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Республикасы - әлеуметтік мемлекет
Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясаты
Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты: саяси талдау
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік контекстіндегі әлеуметтік саясат мәселелері
Қазақстан Республикасының экономикасын аймақтық басқарудың теориялық және әдістемелік аспектілері
Қазақстандағы аймақтық экономикалық саясат түсінігі және мәні
Әлеуметтік сақтандыру қорлары
Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты
Бәсекелестік қатынастардың негізгі түрлері
Қазақстан Республикасында әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі ұлттық іс-қимыл дар жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz