Сырдария өзені алабының төменгі бөлігін ГАЖ технологиясымен зерттеу


Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Сырдария - Қазақстанның ірі өзендерінің бірі. Бұл өзен ежелден ойынан тыс қалмаған. Алғаш адамдар мекендеп, игергенде ақ, өзеннің маңыздылығын бағалап, көптеген ғалымдар зерттеулер жүргізген. Ғылым дами келе өзеннің адам тіршілігіне атқаратын қызметін ғана емес, со- нымен біргеоның геологиясын, топырағын, өсімдігін, жануарларын, т. б. зерт- теп жаңалықтар енгізіп отырда. Соңғы кездерде физика-географиялық ланд- шафттарына көңіл бөлді. Ал, ұсынып отырған жұмыста ғылыми зерттеулерді пайдаланып, Сырдария өзені алабының төменгі бөлігін ГАЖ технология- ларын пайдаланып, жаңа әдістер арқылы оның табиғатын сипаттау.
Жұмыстың мақсаты. Сырдария өзені алабының төменгі бөлігін ГАЖ технологиясымен зерттеу.
Қаралатын мәселелер:
- Аймақтық физика-географиялық ерекшеліктеріне жалпылама тоқталып өту;
- Табиғатын сипаттауда ГАЖ технологияларын пайдалану;
- Ландшафт құрудағы негізгі әдістер және карта жасау жолдары;
- Аймақтың ландшафттық картасын, құрылымдық-генетикалық легендасын жасау;
- ГАж технологияларын пайдаланып аймақтың тезногендік лас- тану картасын жасау;
- ГАЖ технологияларын пайдаланып аймақтың модификациялық картасын жасау;
- Зерттелетін нысанның табиғат кешенін жақсарту жолдарын қа- растыру.
Зерттеу әдістері: көптеген зерттеулер нәтижесінде шығарылған ғылы- ми еңбектер, әдебиеттерді салыстыру, талдау, картографиялық, статистика- лық, т. б.
Жұмыстың практикалық маңызы: Осы кезге дейінгі мәліметтерді қоры- тып, жинақтау арқылы ұсынылады. Зерттеу жүргізіп жатқан практикалық жұмыстарды қолдануға болады.
I. Физикалық - географиялық ерекшелігіктеріне жалпы сипаттама.
- Географиялық орны
Сырдария өзенінің төменгі алабы Қызылорда облысында орналасқан. Қызылорда облысының байтағы 228, 1 мың шаршы шақырым, Сырдария өзенінің төменгі ағысында оның екі жағасын ала орналасқан. Бұл облыс шығысы мен оңтүстік-шығысында Оңтүстік Қазақстан облысымен, оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен, яғни Азиялық шөл даланың белдеуіне орналасқан. Батысын-Арал теңізі алып жатыр. Сырдария өзені осы Арал теңізіне құяды. Оңтүстігінде-Қызылқұм шөлінің солтүстік, солтүстігінде - Арал теңізінің жиегіндегі Қарақұм, Арысқұм және Орталық Қазақстан шет аймағына кіретін шөлейт үстірті орналасқан. Тұран ойпатының жазықтау келген байтақ алқабын алып жатыр. Онң басым көпшілігі Сырдария, Сарысу және Шу өзендерінің ертедегі атырау жазығы болып табылады. Тарихқа қарасақ, ерте кезде қазіргі Сырдария атырауы мен Арал теңізінің жерінде біріне-бірі тіркес жатқан екі үлкен қазаншұңқыр болған. Сырдария Тянь-Шань тауынан басталып, Ферғана даласында түйісетін кіші-гірім өзендерден басын алып, батысқа қарай Сырдария болып ағатын өзен, алдымен Қызылорда шұңқырына құйған . Ол кезде Сырдария ірі суы мол өзен болса керек. Себебі, Шу мен Сарысу өзендері Сырдария арнасына құйған екен. Шөлді аймақта қатты ағыспен аққан өзен өзімен бірге лайды да ала келген.
Ғылыми деректерде бұл шұңқыр 56 мың жылда сумен келген шөгіндімен толып, осы заманғы геоморфологиялық аймақ қалыптасқан көрінеді. Сол геоморфологиялық солтүстік-шығысында Қаратау, батысында Қызылқұм биігінің жақын жатқан тар аралығынан басталып, батысқа қарай кең жайылып жатыр. Осы жер Сырдария ойпаты деп аталады. Ойпаттың ең терең жері Тартоғай станциясы тұсынан басталады да, Қызылорда арқылы Терең-өзекке дейін созылып, одан оңтүстік батысқа қарай бұрылып, Жаңадарияның арнасын бойлап жатыр. Батысындағы екінші қазаншұңқырда -қазіргі арал теңізі. Аралға деген осы заманғы көзқарас әртүрлі. Біреулер оны әлемдегі таңғажайып су жинағы, Енді біреулер-табиғаттың жұмбағы десе, кейбірі-табиғаттың қатесі деп атайды.
Арал теңізі өте ерекше георафиялық құбылыс. Себебі, әлемге әйгілі Жазира шөл - Тұран ойпатының едәуір бөлігін алып жатқан Арал теңізі жыл-дың алты ай бойы қызып, айнала бет қаратпайтын ыстық аптап шашып тұра-тын құмдардың ортасында жатыр. Осынша қатал климаттың бетін қайтарып, оны сәл де болса жұмсартып тұрған-Арал /23/.
1. 2 Аймақты зерттеген зерттеушілер және зерттеу тарихының
негізгі кезеңдері
Біздің заманымызға дейінгі III-II ғасырларда өмір сүрген адамдардың аңшылықпен, егіншілікпен айналысқанын кзрсетеді. Б. з. д. II ғасырда қазіргі Қазақстан жерінің аумағында өмір сүрген түркі халқы Еуразиядағы отырық-шы, мәдениті дамыған ел болған, егіншілікпен айналысқан. Ертедегі грек жаз-баларында қазіргі Қазақстан аумағында өмір сүрген тайпаларды «сақтар» деп атаған. Сақтар Жетісу мен Сырдария өзендері алабында өмір сүрген. Грек ға-лымдары Птоломей (б. з. б. II ғ. ) мен Геродот (б. з. б. II ғ) өз еңбектерінде Кас-пий теңізінің шығысындағы шексіз жазық жер, ондағы өмір сүрген халықтар Жайық, Жем және Сырдария өзендері туралы мәліметтер қалдырған.
VI-VIII ғасырларда шығыс пен батыс елдерін сауда және мәдени байла-нысын дамытқан Ұлы Жібек жолының маңызы жоғры болды. Бұл жолдың бір тармағы осы Сырдария бойымен батысқа қарай өтіп, Каспий теңізінің солтүстік жағалауын бойлай Ресейге өтеді. Осы уақыттарда өзен бойларында ірі мәдени орталықтары Жаңакент, Қорқыт Ата, Қызтөбе, Сығанақ, Сауран, Ашнас, Отрар, Сүткент қалалары пайда болды.
IX-X ғасырларда араб ғалымдары Арал теңізіне толық сипаттама беріп, картаға түсіреді. Гректердің Әмудария мен Сырдария Каспий теңізіне құяды деген жорамалдарын теріске шығарып, өзендердің Арал теңізіне құятынын анықтаған. XI-XIIғасырларда өмір сүрген араб ғалымы Әл-Идрисидің «Нуз-хат ал-Муштак », түркі Махмұд Қашғаридің «Диуани лұғат Ат-түрік » деген еңбектерінің Қазақстан географиясын зерттеуде маңызы зор.
Зерттеушілерден Николай Алексеевич Северцовты ( 1827-1885 ) айтуға болады. Ол өзінің зерттеуін Арал теңізі мен Сырдария өзенінің төменгі ағысын, Қызылқұм шөлін зерттеуден бастаған.
Л. С. Берг өзінің « Арал теңізі » (1902 ж) деген еңбегінде жүргізген бар-лық зерттеуін жазған. Бұл күні бүгінге дейін Арал теңізіне арналған ең баға-лы да құнды еңбек болып саналады /5/.
Сырдария өзенін игеру ежелден жүргізілгені белгілі. Негізгі шарықтап дамыған кезеңдері б. з. д. VII ғ. Кезіндегі Орта Жаңадария мен Орта Іңкәрдар-ианы игеру кезінде жүзнге асқан. Ол кезде суландыру әдісі ескі арналар есе-бінен жүргізілген. Сырдария өзенінің алабындағы суландырған жердің ауда-ны 2, 2-2, 5 млн. г. оның ішінде үнемі суландаратыны 1 млн. г. құрайды, ал су-ландыратын каналдардың алып жатқан ауданы қазіргіге қарағанда 3 есе жо-гарылаған. Ол кезде суармалы аудан қазіргіден 10 есе төмен болған. Бұдан Сырдария өзенінің су деңгейінің қаншалықты жоғары болғанын көруге бола-ды.
Орта ғасырда суландыру жүйесінде бір қатар жоғарылаулар болды, мы-сылы, Іңкәрдария суландыру қорғанысы, суландырылған ескі арналар есебі-нен жасанды алаптар жүйесінің жартылай және тірек бөгендері салынды. Осы уақытта кең таралған су тартатын шығырлар суландыру жүйесінің жартылай және кезеңін ауыстырған болатын.
X-XII ғ. орта Сырдарияның сол жағалаулық суландыру жерлерінде ка-нал магистралдарды қалыптастырған. Бұл жүйедегі ең басты құрылысты орта ғасырдағы Хорезм жүйесі алды (формасы - тармақты әрі ұзын) . Олар ірі ортағасырлық Сырдария қалалары: Қыр-үзгенді, Найран-Төбені суландырды.
Белгілі соғыс кездерінде суландыру жүйесі уақытша өзінің дамуын тоқ-татқан болатын.
Осы мәліметтер бойынша Сырдария өзенінің игерілу және зерттеу ба-рысын бірнеше кезеңдерге бөледі.
Бірінші, революцияға дейінгі (1886-1917жж) кезең. Бұл кезде негізгі мал шаруашылығы азайып, отырықшылық негізгі маңызға ие болды.
Суарылған үлескелер тұзданудың, батпақтанудың т. б. әсерінен жаңа жерлер игеріліп, көлемі ұлғайған болатын. Бұның бәрі Сырдария өзенінің ағысын сол кезде реттей алмауынан болатын. 1910 ж игерілген жерлер көлемі 60 мың г. жетіп, онда тары, арпа, бидай, жүгері және бақша дақылдары егілді. Мұнда ең алғаш рет күріш егу 1986 жылы басталған болатын.
Осы өңірдегі қазіргі экологиялық жағдайлар 1908 жылы инженерлер мен ғалымдардың Қазақстан мен Орта Азиядағы су ресурстарын пайдалану-дың жобаларын жасаудан басталған болатын. Оны А. И. Войковтың гидротехникалық жұмыстардың нәтижелі болуы үшін бола-шақта біз аз сулы жылдарда Арал алабының суларының бәрін жасанды су-ландыруға қолдану керек. Көл көп сулы жылдардағы артық сулар ағысы үшін қызмет етеді” - деген сөзінен көруге болады.
Ауыл шаруашылығы осындай мәселелермен революцияға дейінгі кезең саяси, экономикалық мәселелердің пайда болуының басталуының тұтас кешені болып табылады.
Екінші кезеңде (1917-1960 жж) бұрынғыдай Сырдария өзенінің ағысын реттей алмау болмады. Өзен суы төмендеп, 1938 жылы 20 мың г. егістік жер-лер өліп қалды.
Себебі, коллекторлы трактордың болмауынан және өңделген жерлердің тұздануынан. Ол кездерде ешқандай гидроторап болмаған. Тек 1940 жылы Қызылорда бекетін салуға мемлекет көңіл бөліп, 1957 жылы іске асты. Осы кездерде суармалы егістік жерлердің ауданы 2, 9-4, 2 млн. г. өскен болатын. Бұл Арал теңізінің тартылуының бірден-бір себебі. Бұл жылдары 72 ірі каналдар болған.
1960 жылы судың жетіспеушілігі мен сапасының төмендеуімен күресу мәселесі қаралды.
Үшінші кезеңде (1960-1980 жж ) экологиялық жағдайлар өсе бастады. Мысалы, Қарақұм каналын салу мен ірі СЭС салудан көруге болады.
Төртінші кезең (1980 жылдан қазіргі уақытқа дейін ) . Әр мемлекет өз егемендігін алғаннан кейін өз жерлеріндегі экологиялық мәселелерге көңіл аударған болатын. Дегенмен, кейбір мәселелер өз шешімін әлі тапқан жоқ. Адамдардың табиғи ортаға ашық көзбен қарауы негізінде біз өзіміздің Арал сияқты әсем және Балхаш көлімізден айырылу қаупінде тұрмыз /23/.
1. 3. Жер бедерінің сипаттамасы
Сырдария аллювий жазығы негізінен құм тасты және сазды, ал кей жерлерде құмды шөгінділерден тұратын Сырдария аңғарымен Арал теңізіне қарай көлбеулеу жатқан жайпақ жазықтық болып табылады.
Жазықтың ең биік нүктелері Тратоғай тұсында 140-151м, Жосалы тұ-сында 100м, ал аралдың шығыс жағасында 55м-ден аспайды. Сонда Сырда-рияның атырауы теңіз бағытымен баяу ылдилап, көлбеу жатқан жазық дала. Жазық бетінде әр жерде жатаған жусан өскен шағыл құм төбелер мен жал-жал бұйрат құмдар. Теңіздің шығыс жағалауында Қуаңдария мен Жаңа-дария арасында келтемұнар дәуірінен қалған бұйрат құмдар едәуір үлкен кеңістікті алып жапыр. Кейде жазық бетінде жалғыз-жарым төбелер кездесе-ді, мысалы, Аққыр, Қарақ, Жосалы, Көксеңгір. Олардың бйіктігі 60-80 м-ге дейін барады. Бұл шоқылардың баурайы тік жар болып келеді. Бұлардан басқа биіктігі 40 м-ге дейін баратын шағындау төбелер әр жерден бой көрсе-теді. Олар ескі заманнан қалған топырақ қорғандардың орны - асарлар. Құра-лыасар, Жалпақасар, Жеті асар, Құмқала, Шірік, Рабат тағы басқаларын көруге болады.
Арналар арасындағы кеңістіктің өзіне тән ерекшеліктері бар. Мұнда теңіз толқыны тәрізді бұйратталып жатқан су айрықтары, ойпаттар тараған. Дария тасығанда бұл ой-шұқырлардың бәрі сумен толып, көлдер пайда бол-ған. Олардың ішіндегі балығы мол тұнба көлдер: Соркөл, Қаракөл, Көксу, Ақсай, т. б. Егістік, шабындық жерлерді су басып, ыза көтеріп кетпес үшін жиегін тоғандап қойған Далакөл, Жыңғылдыкөл, құм төбелердің арасындағы ой жерлерде ащы көлдер бар. Кезінде бұл өлкеде көлдердің көп болған себебі Сырдария 2000 шақырымнан асатын ұзақ жолында өзінің арнасына сыймай жазық даланы жаппай қамтып тарамға бөлініп ағатын болған. Біраз жылдар бұрын Қызылқұмды жағалап ескі дариялық, оның солтүстік-шығыс жағынан Іңкәрдария, даланың ескі тұсында Қуаңдария, одан оңға таман Жаңадария, сосын негізгі арна Сырдария болып теңізге құйған. Қазір олардың көпшілігі кеуіп, құрғақ арналары ғана қалған /39/.
- Климаттық жағдайлары
Қызылорда облысының климаты еуразиялық құрлықтың ішкі оңтүстік жағында атмосфералық ауаның жылжу (циркуляция) ерекшеліктерінің ықпалымен қалыптасады.
Қазақстанның жазық-аласа таулы бөлігі үшін жалпы атмосфералық қысымның бөлінуінің материктік типі тән. Мұндай жағдайда қысымның көбі қыста байқалады, ал азы жазда. Ауа қысымының өзгеруінің сипаты радиациялық және циркуляциялық процестердің өзгеруімен байланысты. Қысқа қарай атмосфералық қысымның жоғарылауы күнен келетін жылудың азаюына, ауа температурасының төмендеуіне, арктикалық ауа массасының кіре бастауы мен Сібір антициклонының батыс тармағының пайда болуына байланысты.
Мысалы, Петропавл (солтүстік) және Қызылорда (оңтүстік) ауа қысы-мының көрсеткішін келтірейік.
Кесте-1 Солтүстік және оңтүстік облыстардың ауа қысымы (мм)
Айлар
Бекеттер
Сурет-1 Петропавл және Қызылорда қалаларының ауа қысымы
өзгерісінің көрсеткіші
Міне осы таблица арқылы ауа массасының өзгеруін байқауға болады.
Жазда температураның кенеттен құбылуы байқалмайды. Облыс байтағының барлық жерінде шілде айының орта температурасы +25 0 -28 0 С. Территорияның көпшілік бөлігінде ең жоғарғы абсолюттік температура +44 0 -47 0 С. Қыста облыстың солтүстік және оңтүстік бөлігінің арасында температураның айырмашылығы байқалып тұрады. Мысалы: облыстың сол-түстігінде орналасқан Арал қаласының төңірегінде ең суық ай қаңтардың ор-та температурасы - 13, 4 0 , ал оңтүстігінде «Аққұмда» -6, 8 0 , екеуінің арасындағы айырмашылығы -6, 6 0 С.
Облыс территорисының оңтүстік жағы ашық болғандықтан Сібірдің жыл-жыған салқын ауа массасы еш кедергісіз келіп тұрады. Қыстың қысқа болса да суық болатыны содан. Қыс айларында кейде ең төменгі абсолюттік темпе-ратура 40 0 -45 0 -қа дейін төмендейді. Температураның жылдық абсолюттік тер-белуі, яғнижоғары және ең төменгі температураның айырмасы -85 0 -90 0 С.
Ауаның тәуліктік орта температурасы 0 0 -тан жоғары болатын күндер са-ны - 235-275. Ол 23 ақпан - 18 наурыздан басталып, қарашаның 12-28-інде бітеді. Сондықтан егінді пісіріп жинау суық ұрмайтын кезең 160-205 күнге со-зылады. Облыстың климатына тән ерекшелігі - құрғақшылық. Жауын - ша-шынның жылдық орташа мөлшері 100-150 мм - ден аспайды және әр маусымда бірдей емес: 60% - ті қыс - көктем айларында жауады. Жазда жау-ған жауынның топыраққа және өсімдікке пайдасы жоқ. Қыста жауған қар жабындасы жартымсыз және тұрақты емес. Әдетте қар желтоқсан айының екінші - үшінші онкүндігінде жауады, қалыңдығы 10-25см, 2, 5 ай бойы жата-ды. Мысалы: 1993-1994 жылдың қысында, қараша айының басынан бастап қыс бойы 14 рет жауған қалың қар наурыздың бірінші онкүндігіне дейін жат-қан.
Жел режимі ауа ағыны процестеріне, әсіресе атмосфера қысымының та-ралуына және жер бетінің орографиясына ты5ыз байланысты болады. Қазақ-стан территориясынан шығыстан батысқа қарай шамамен 50 0 параллель бойынша кесіп өтетін, сондай - ақ жазда да, қыста да болатын барометрлік жоғары қысымды ось аймақтың жазық - аласа таулы бөлігіндегі негізгі жел айрық болып есептеледі /3/.
Облыс территориясында солтүстік - шығыстан қатты жел соғып тұрады. Желдің жылдық орта жылдамдығы 4, 1 - 6, 0 метр/сек. (м/с) . Дауылдатып, то-пырақ суырып соғатын қатты жел Арал теңізінің төңірегінде жиі болады. Қыс айларында соққан желден топырақтың беті шытынап жарылады. Жазда да кейде жел соғып, шаңдатып тұрады (кесте-2) .
Кесте-2 Қызылорда қаласының орташа айлық жел жылдамдығы (м/с) .
Бұл кесте және суреттен (сурет-2) жел жылдамдығы сәуір айында жоғарғы көрсет-кішті көрсетсе, тамыз, қыркүйек айларында бірқалыпта, ал қыста қараша, желтоқсан айларында жоғарылайтынын байқаймыз.
Сурет-2 Қызылорда қаласының орташа айлық жел
жылдамдығының көрсеткіші
Төмендегі кестеде (кесте-3) Қызылорда облысының жел бағыты мен штиль саны берілген. Осы мәлімет бойынша жел бағытының графиктік сызбасын көруге болады.
Кесте-3 Жел бағытының және штильдің қайталанушылығы (%) қаңтарда, шілдеде және жыл бойынша көрсеткіші(2000 ж) .
Төмендегі суреттен (сурет-3) көріп отырғандағымыздай қаңтар айында СШ ба-ғыттағы, шілде айында СШ бағыттағы, ал жыл бойына СШ бағыттағы жел-дер басым болатындығын байқаймыз.
Сурет-3 Қаңтар айының жел бағыты көрсеткіші
Сурет-4 Шілде айының жел бағытының көрсеткіші
Сурет-5 Жыл бойынша жел бағытының көрсеткіші
Облыс байтағының барлық жері құмды және сазды келетін шөл және шөлейт жазық болғанымен оның агроклиматтық жағдайы біркелкі емес. Вегетациялық кезеңдегі жылу мен ылғалдың көрсеткіштеріне орай, об-лыстың территориясы бірнеше агроклиматтық аудандарға бөлінеді. Жалпы облыс территориясында вегетация кезінде +10 0 - тан жоғары болатын темпе-ратураның жинағы 3400 0 - 4300 0 аралығында болады. Осы көрсеткіштеріне қарай мынадай агроклиматтық аудандарға бөлінеді:
- Ыстық аудан - жылудың ( +100- тан жоғары ) жинағы 34000- 4.
- Өте ыстық - 4- 43000.
- Сырдария өңіріндегі агроклиматтық аудан.
- Тау бөктері.
1. Өте құрғақ ыстық агроклиматтық ауданға кіретін әкімшілік аудандар мен олардың бөліктері: Арал, Қазалы (орталық бөліктерін қоспағанда), Қар-мақшы ауданының солтүстігі, Тереңөзек (орталық және оңтүстік бөліктерді қоспағанда), Сырдария ауданының солтүстігі, Шиелі, Жаңақорған ауданы-ның орталық бөлігі. Бұл аудандарда температураның жинағы 3400 0 -4000 0 .
Ауанаң температурасы +10 0 - тан жоғары болатын кезең 175-195 күн. Суық болмайтын мезгіл сәуірдің бірінші онкүндігінің аяғында және үшінші онкүндікте басталып, 160-205 күнге созылады. Шілде айында орташа темпе-ратура +25 0 -27 0 . Қаңтар айында -9 0 - 13 0 . жылына жауатын жауын - шашын-ның мөлшері 115 - 130 мм. Қар желтоқсанның екінші онкүндігінде жауады, қалыңдығы 10-25 см. Дақылдың қандай түрін егуге де ауа-райы қолайлы.
2. Өте құрғақ, әрі ыстық агроклиматтық аудан Қазалы, Қармақшы, Жа-лағаш, Тереңөзек, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарының оңтүстік ай-мақтарын алып жатыр. Ауаның температурасы +10 0 - тан жоғары болатын жылу жинағы 4000 0 -4300 0 С. Осы кезеңнің ұзақтығы 195-205 күн. Суық болмайтын мезгіл сәуірдің бірінші жартысында кіреді, оның ұзақтығы 180-190 күн. Күзде қазанның бірінші жартысындаегінді суық ұрады. Жазы өте ыс-тық. Шілдеде орташа температура +27 0 -28 0 С. Жаз айларында Иран жақтан кейде өте ыстық ауа массасы келіп тұрады, ондайда ауаның температурасы +45 0 -қа дейін көтеріледі. Ондай ыстық егінгеөте зиян, бақша өнімі нашарлай-ды. Жауын өте аз, сирек жауады, жылдық нормасы 35-60 мм. Қыста қар жоқ, жауса да тез еріп кетеді. су болмаған соң егін егілмейді. Бұл ауданға кіретін жерлер малдың жайылымы ретінде пайдаланады.
3. Сырдария өңіріндегі агроклиматтық аудан - негізгі егіншілік аймақ. Ол Сырдария өзенінің бойына орналасқан. Бұл Арал әкімшілік ауданының шағын ғана оңтүстік - батыс бөлігін және Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Те-реңөзек, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған әкімшілік аудандарының орталық бө-лігін қамтиды.
Ауаның +10 0 -тан жоғары температураның жинағы 3600 0 -4200 0 , ал мез-гілдің ұзақтығы 180-200 күн. Жазы ыстық, ұзақ, шілдеде орташа температура 6, 5 0 -11 0 С. Жауын- шашынның орташа мөлшері 35-75 мм. Желтоқсанның екін-ші - үшінші онкүндігінде қалыңдығы 10-15 см қар жауады, ол 1, 5-2, 5 ай бойы жатады. Бұл аудандарда жылу сүйгіш дақылдардың көбі егіледі (күріш, жеміс - жидек, жүзім, көкөніс, бақша) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz