Құқықтық мемлекет пен мемлекеттік құрылыс: мемлекеттік қызметтің кәсібилігі және биліктің бөлінуі


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Егемен ел атанған Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет құру үшін мемлекеттік органдарда кәсібилік, демократиялық қағидаларын ұстану керек. Кәсібилік қағидасына сәйкес мемлекеттік қызметкер кәсіби даярланған маман болуы тиіс. Мемлекеттік қызметкерлердің кәсібилігі және этика мәселесі мемлекет құрылған сәттен бастап әрдайым күн тәртібінде тұратын мәселелердің бірі.

Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауында көрсетілгендей жаңа кадр саясатын жүргізу, жаңа басқару тобын құру, мемлекеттік органдарды еліміздің бүгіні мен болашағына қызмет жасайтын кадрлармен қамтамасыз етуді талап етеді.

Бүгінгі күннің басты талабының бірі - мемлекеттік органдардың, билік

басындағылардың мемлекеттің негізі, қозғаушы күші заңдарды жақсы білу, сол арқылы қарамағындағыларды заңбұзушылықтан сақтандырып отыруы.

Өйткені, жақсы, үлгілі мемлекет болу үшін жақсы басқару жүйесінің болу керектігі идеясы ертеден келеді (Аристотель, Платон, т. б. ) . Қазіргі көптеген демократиялық мемлекеттер - құқықтық мемлекет құру жолын ұстанған. Ал құқықтық мемлекетте мемлекеттік органдарға жоғары талап қойылады, олардың жауаптылығы жоғарылайды.

Мемлекет дегеніміз - өз аумағындағы халықты құқықтық жүйесі арқылы ұйымдастыратын, басқаратын күрделі саяси ұйым.

Мемлекет - арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкілі бола тұра, оны басқаратың және оның дамуының қамтамасыз ететін, бұқаралық биліктің, егеменді, саяси ұйымы.

Мемлекет қоғамды басқаруды жүзеге асыратын, өзінің барлық мүшелерінің мүдделері үшін тәртіпті қамтамасыз ететін, әрі үстем таптардың немесе билік жүргізуші топтың немесе халық топтарының мүддесін артықшылықтан қорғайтын биліктің ерекше ұйымы болып табылады.

Мемлекеттік механизм деген - мемлекеттік органдардың мемлекеттік билікті жүзеге асыру әдістері мен құралдарының жүйесі. Яғни, мемлекеттік механизм ұғымына - мемлекеттік билік, мемлекеттік аппарат, мемлекеттік билікті жүзеге асыру құралдары мен әдістері ұғымдары кіреді. Мемлекеттік орган - мемлекеттік аппараттың бір буыны. Ол - мемлекет атынан белгілі бір мемлекеттік функцияны жүзеге асыруға бағытталады. Мемлекет механизмі түсінігімен қатар, теория және практика жүзінде мемлекеттік аппарат түсінігі де кеңінен пайдаланылып келеді. Биліктің бірден-бір бастауы - халық болғандықтан мемлекеттік органдар халықтың еркін, мүддесін ескеру қажет. Халық еркі сайлаулар, референдум, мемлекеттік қызметке орналасу теңдігі, т. б. жолдармен ескеріледі. Сондықтан, мемлекеттік органдар өз қызметінде демократиялық қағидаларды басшылыққа алуы тиіс. Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының жоғарылығы, демократизм, биліктің бөлінуі, заңдылық, жариялылық, кәсібилік, сайланбалылық және тағайындамалық жүйенің бірлігі, т. б. қағидалар.

Мемлекет биліктің тармақтарға бөлінуі құқықтық

мемлекеттің қағидасы ретінде

Мемлекеттік құрылыс қызметін қарауға кірісе отырып, ең алдымен оның мемлекет ішілік тағы бір компоненті (жоғарыда айтылған баскару нысанынан, сондай-ақ мемлекеттік-саяси режимнен басқа) болып табылатындығын айта кетейік. Осы ұғымды пайдаға асырудың мәнісі, ол мемлекеттің ішкі кұрылымын ондағы үлгілі мемлекеттік, аумақтық-мемлекеттік құрылулар мен әкімшілік бірліктің болуы тұрғысынан ашатындығында болып отыр. Орталык мемлекеттік билік пен жаңа ғана аталып өткен мемлекеттің барлық құрамдас бөліктерінің биліктері арасындағы ара қатынасты құрылыс нысанының маңызы орасан зор: оны қарамайынша орталықпен жергілікті органдардың қарым-қатынастар проблемасының шешілуінің демократиялық дәрежесі мен мемлекеттегі орнын объективті бағалау, аймақтық саясаттың ықпалдылығы мен тиімділігін анықтау, ал көпұлтты мемлекеттерде - әрбір ұлттың жағдайы мен мәртебесін анықтау, ұлтаралық қарым-қатынасты сипаттау киынға соғады. Егер бастапқы критерий етіп мемлекеттік құрылыс нысанын алатын болсақ, онда барлық мемлекеттер унитарлық (біртұтас) және федеративтік болып бөлінген болар еді. Олардың нақтылы құрылымдарына, мемлекеттік жүйенің түрлі «қабаттарының» арасындағы құзыреттерінің бөлінуіне, билікті жүзеге асыратын ұйымдық-құқықтык институттарға, сондай-ақ халыкты баскару ісіне тартудың нысандары мен әдістеріне келер болсақ, олардың арасындағы айырмашылық айтарлықтай.

Унитарлық (unіtar - бірлік, біртұтас деген латын сөзінен шыққан) мемлекет бұл біртұтас, өзінің құрамында автономдық мемлекеттік құрылымдар жоқ, өз алдына дербестігі жоқ әкімшілік-аумақтық беліністерден тұратын мемлекеттер. Осыған карай жоғары билік органдары, басқару және сот бүкіл ел үшін біртұтас болып табылады. Бұл бүкіл елге қызмет көрсететін және жалпы мемлекеттік органдармен басқарылатын армияға да қатысты. Унитарлық мемлекетте бір конституция, бір құқықтық жүйе, бір азаматтылық болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының мемлекеттік нысаны мен Конституциясының қалыптасуы: құқықтық жүйе және биліктің бөлінуі
Платон мен Аристотельдің мемлекет пен мемлекеттік құрылыс туралы саяси-құқықтық ілімдері
Құқықтық мемлекеттің түсінігі мен қағидалары: биліктің тармақтарға бөлінуі, мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі және азаматтық қоғам
Қазақстан Республикасындағы қаржылық құқық пен мемлекеттік қаржылық қызметтің құқықтық негіздері
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінуі: қалыптасуы, өкілеттіктері және жауапкершілігі
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтің теориясы, ұйымдасуы және құқықтық негіздері
Мемлекеттік қызметтің әкімшілік-құқықтық негіздері мен басқаруды жетілдіру жолдары
Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуы және биліктің бөлінуі
Мемлекет пен дін: Қазақстандағы мемлекеттік-дини қатынастар және діни саясаттың құқықтық негіздері
Ежелгі Вавилон (Хаммурапи) және Ежелгі Қытай: мемлекеттік құрылыс пен құқықтық жүйелер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz