Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері жайлы мәлімет



1. Әдіснама ғылыми таным әдістері туралы философиялық ілім
ретінде.
2. Эксперименталды.эмпирикалық деңгей әдістері.
3. Теориялық деңгей әдістері.
Әдіснама, әдіс пен теория әрқашан бір-бірімен тығыз байланысты. Геория педагогикалық құбылыстардың кез-келген әдіснаманың негізі болып табылады және сол әдістеменің көмегімен табылған фактілер арқасында кеңейеді. Теория таным процесінің нәтижесі, ал әдіснама болса осы танымға жету мен оны құру тәсілі болып табылады. Бұл теориялық және практикалық ғылыми-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мен құрастырудың негізі мен тәсілдер жүйесі, бұл - осы жүйені тану жолы. Таным теориясы тұтас таным іс-әрекеті процесін және ең алдымен оның мазмұндық негізін зерттейді. Әдіснама шынайы және практикалық тұрде тиімді білімге жетудің әдістері мен жолдарына көп көңіл бөледі, осы білімді дамытудың тәсілдерін іздестіреді.
Кез-келген әдіснамалық мәселелерді шешу белгілі бір гносеологиялық принциптер негізінде құралған бастапқы әдіснамалықтұжырымда жүзеге асады. Адамның танымдық іс-әрекетінің жалпы заңдылықтарын, оның даму заңдарын қалыптастыру философия ғылымының мәселесі. Білімді философиялық, аксиологиялық түсіну философияға тән және ол ғылыми білім туралы түсініктердің қалыптасуына шешуші ықпал етеді. Алайда зерттеушінің әдіснамалық тұжырымына жалғыз философия мен оның гносеологиялық негіздері ғана әсер етпейді. Зерттеушінің әдіснамалық концепциясы, көбінесе, ғылыми білімді құру мен дамыту теориясы болып табылады, өйткені ол психологиялық-педагогикалық ғылымға және оның тарихына бағытталады. Осыған орай, әрбір әдіснамалық концепция психологиялық-педагогикалық теориялар негізінде құрылып, соларға сүйенеді, өйткені олар осы тұжырымға жақын және оның ең басты құрылымдары болып табылады.
Әдіснамалық тұжырымдар ғылымның философиялық негіздері мен педагогикалық ғылымның зерттелетіп саласының жетістіктеріне байланысты ажыратылады.
Теориялық білім зерттеушіге оның не нәрсені біле алатынын көрсетсе, практикалық білім оның не істеу керектігіне бағыттайды. Кез-келген теорияның ақиқаттылығының белгісі-болмыстың практикалық өзгерісі.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері

Жоспар

1. Әдіснама ғылыми таным әдістері туралы философиялық
ілім
ретінде.
2. Эксперименталды-эмпирикалық деңгей әдістері.
3. Теориялық деңгей әдістері.
Негізгі үғымдар: Ғылыми зерттеу әдісі, ғылыми дәлел, заңдылық, ғылыми
ақпараттың анықтығы, жүйе, модель.
Басқа пәндермен байланысы: философия, психология, психофизиология,
мәдениеттану, әлуметтану.
Әдіснама ғылыми таным әдістері туралы философиялық ілім ретінде.
Әдіснама, әдіс пен теория әрқашан бір-бірімен тығыз байланысты. Геория
педагогикалық құбылыстардың кез-келген әдіснаманың негізі болып табылады
және сол әдістеменің көмегімен табылған фактілер арқасында кеңейеді. Теория
таным процесінің нәтижесі, ал әдіснама болса осы танымға жету мен оны құру
тәсілі болып табылады. Бұл теориялық және практикалық ғылыми-танымдық іс-
әрекетті ұйымдастыру мен құрастырудың негізі мен тәсілдер жүйесі, бұл - осы
жүйені тану жолы. Таным теориясы тұтас таным іс-әрекеті процесін және ең
алдымен оның мазмұндық негізін зерттейді. Әдіснама шынайы және практикалық
тұрде тиімді білімге жетудің әдістері мен жолдарына көп көңіл бөледі, осы
білімді дамытудың тәсілдерін іздестіреді.
Кез-келген әдіснамалық мәселелерді шешу белгілі бір гносеологиялық
принциптер негізінде құралған бастапқы әдіснамалықтұжырымда жүзеге асады.
Адамның танымдық іс-әрекетінің жалпы заңдылықтарын, оның даму заңдарын
қалыптастыру философия ғылымының мәселесі. Білімді философиялық,
аксиологиялық түсіну философияға тән және ол ғылыми білім туралы
түсініктердің қалыптасуына шешуші ықпал етеді. Алайда зерттеушінің
әдіснамалық тұжырымына жалғыз философия мен оның гносеологиялық негіздері
ғана әсер етпейді. Зерттеушінің әдіснамалық концепциясы, көбінесе, ғылыми
білімді құру мен дамыту теориясы болып табылады, өйткені ол психологиялық-
педагогикалық ғылымға және оның тарихына бағытталады. Осыған орай, әрбір
әдіснамалық концепция психологиялық-педагогикалық теориялар негізінде
құрылып, соларға сүйенеді, өйткені олар осы тұжырымға жақын және оның ең
басты құрылымдары болып табылады.
Әдіснамалық тұжырымдар ғылымның философиялық негіздері мен
педагогикалық ғылымның зерттелетіп саласының жетістіктеріне байланысты
ажыратылады.
Теориялық білім зерттеушіге оның не нәрсені біле алатынын көрсетсе,
практикалық білім оның не істеу керектігіне бағыттайды. Кез-келген
теорияның ақиқаттылығының белгісі-болмыстың практикалық өзгерісі. Практика
теориялық түсінікке қарағанда әлдеқайда кең және күрделі. Алайда, басқа
жағынан қарағанда, теориялық болжамдар, мысалы, Д.И. Менделеев химикасы
практикаға белгісіз жаңа химиялық элементтердің ашылуын болжаған. Осылайша
Нептун планетасының ашылуы да бірінші теория жүзінде болжанып, практика
жүзінде заманға сай телескоптар пайда болған кезде ғана оны көре алған. Іс
жүзінде таза теория болмайды, өйткені ол әрқашан зерттелінетін пәннің
әдістемесімен өзара тығыз байланыста болады және зерттеу іс-әрекетінің
бағытын анықтайтын бастапқы нүкте болып табылады.
Философиялық білімдердің даму сатыларының әдіснамасының орынды
негіздері уақыт өте келе қорытындыланып, шығармашылықпен қайта құрылып, бұл
күндері жалпы сипатқа ие болып отырған және ғылыми білімнің зерттелінетін
саласына қатысты нақтыланатын диалектикалық-материалистік әдіснаманы
ұйымдастыратын бастауына айналып отыр.
Қазіргі замандағы ғылымның әдіснамасы білімнің жеке бірұаласы ретінде
дамып келе жатыр, оған нақты-ғылыми деңгейде өткізілген зерттеулер
сүйенеді. Кейде әдіснаманың философиялық және нақты-ғылыми деңгейлері
теңдестіріледі, ал олардың шынайы мүмкіндіктері мен шектерін ғылыми
зерттеулердің әдіснамалық негізі болып табылатын материалистік диалектика
ғана анықтай алады. Қазіргі ғылыми-педагогикалық және әдіснамалық
зерттеулер ғылыми білімнің жалпы құрылысында ерекше орын алып,
диалектикалық материализмнің дамуына белгілі бір әсер етіп отыр. Бұл ретте
әдіснамалық зерттеулер әртүрлі философиялық мектептер мен бағыттар
негізінде жүзеге асырылады. Алайда ғылыми нәтижелер, көп ретте,
зерттеушінің философиялық бағыттылығына байланысты болмайды, олардың жалпы
ғылыми қүндылығы болып, педагогика ғылымы әдістемесінің дамуына өз
үлестерін қосулары қажет.
Әдіснама дегеніміз әдістер туралы ілім, оларды зерттеушінің ойлау
сипатын, оның танымдық процесікің дамуының жолын анықтаушы ретінде
қарастыру қажет. Оқыту, тәрбиелеу мен дамыту теориялары педагогика ғылымы
әдістерінің негізгі мазмұнын кұрайды. Кез-келген мұндай теория зерттеу
әдісі қызметін атқара алады, басқа теориялардың құрамды бөлігі болып
табылады. Таным процесіндегі әдіске антикалықфилософияда-ақүлкен мән
берген, оңда алғаш рет зерттеу нәтижесі мен ғылыми таным әдісі арасындағы
өзара қатынас айқындалған болатын. Қазіргі уақытта таным әдістері, олардың
қалыптасуы мен даму процесі зерттеу объектісін тану мен өлшеудің анық
ғыльми нәтиже бере алатын нақты әдістерін талап ететін деңгейге жақындап
келеді.
Тарихи материализм әдісі барлық қоғамдық ғылымдар үшін жарамды және
ол әлеуметтік, педагогикалық және басқа да заңдылықтар мен олардың дамуының
ерекшеліктерін танудың негізі болып табылады. Ғылыми танымның осы әдістері
шешуші мәнге ие, зерттеудің бағыты мен оның тағдырын анықтайды, ал оның
таным объектісін зерттеудегі принциптік ыңғайы зерттеу нәтижелері мен
олардың әдістемелік құндылықтары бағасының дүниетанымдық критерилері болып
табылады. Таным процесінде белгілі бір, нақты ғылымдарды (физика,
математика, химия, тіл білімі) зерттеудің жекелеген, арнайы әдістері бар.
Нақты ғылымдардың әдістерімен қатар жалпы ғылыми сипаттағы әдістер де
кездеседі, олар барлық дәрлік ғылымдарда қолданылады байқап-бақылау, теңеу,
анализ және синтез, дәріптеушілік, өлшеу, эксперимент, абстрактіден нақтыға
қарай өрлеу, индукция мен дидукция; бұлардың әрқайсысы жеке ғылымдарда
нақтылана түседі. Сонымен қатар, ғылыми әдістер ғылыми танымның эмпирикалық
және теориялық әдістері болып екіге бөлінеді.
Сонымен, зерттеу әдісі дегеніміз күрделі таным тәртіптері, ал олар
болса зерттеудің таным операцияларының іске асуының белгілі бір тәртібін
белгілейтін әр түрлі әдіс-тәсілдерінің жиынтығынан тұрады. Әдісті құрайтын
тәсілдер зерттеу тәртібінің феноменологиялық суреттемесін, оның құрамындағы
элементтердің эмпирикалық бөлінуін, эмпирияның зерттеу объектісі мен оның
психологиялық-педагогикалық сипаттарын жүйелі тұрде түсіну мақсатында
зерттеу элементтерінің құрылымдық-қызметтік анализін қамтамасыз ететін
анализ бірліктеріне әдістемелік бөлінуін қамтамасыз етулері қажет.
Эксперименталды-эмпирикалық деңгей әдістері. Педагогикада зерттеудің үш
деңгейі бар эмпирикалық, теориялық, әдіснамалық. Эксперименталды-
эмпирикалық деңгей әдістерінің тұтас бір тобы бар.
1.Бақылап-зерттеузаттар мен құбылыстарды мақсатты зерттеу,
мағлұматтарды іріктеп жинау, көзбен көргенді сезім мүшелерімен қабылдау
және санада бұл ақпаратқа талдау жасау; зерттеу объектісінің сыртқы
жақтары, қасиеттері мен белгілері туралы мәлімет алу. Бақылап-зерттеуге, ең
алдымен, бақылаушының өзі, зерттеу объектісі, бақылап-зерттеу шарттары,
сондай-ақ бақылап-зерттеу құралдары видео аспаптар, аспап-құралдар мен
өлшеу құрал-саймандары.
Бақылаушының бастапқы мақсаты нені бақылау керек және қандай
құбылыстарға көңіл бөлу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылыми – педагогикалық зерттеу әдістері мамандықтарына арналған пәнінің оқу- әдістемелік кешені
Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық мәселелері
Орыс аудиториясында қазақ тілі сабағын жүргізу мәселесі
Кеңес беру психологиясы
Информатика сабақтарының білім сапасын көтерудегі телекоммуникациялық ортаның дидактикалық мүмкіндіктері
Бақылау. Өзін-өзі бақылау
Бастауыш мектепте қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігі
Жантанушы студенттердің қарым-қатынас мәдениетін ұстану ерекшеліктері
Ғылыми эксперимент
Білім мен дағдыны бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері
Пәндер