Қазақстан Республикасында екі деңгейлі банк жүйесін құру
Жоспар:
Кіріспе
І тарау. Банк жүйесіне жалпы сипаттама
І.1. Банктің пайда болу тарихы
І.2. Банктердің атқаратын қызметтері және түрлері
ІІ тарау. Қазақстан Республикасының банк жүйесі
ІІ.1. Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу тарихы және дамуы
ІІ.2. 1930.1932 жылдардағы несие реформасы
ІІ.3. 1988 жылғы түбегейлі банк реформасы
ІІІ тарау. Қазақстан Республикасында екі деңгейлі банк жүйесін құру
ІІІ.1. Ұлттық банк . Қазақстан Республикасының Орталық банкі
ІІІ.1.1. Банк жүйесінің екінші деңгейінің құрылымы
ІІІ.2. Коммерциялық банктер
Қосымша
Қортынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.
Банктердің және тауарлы- ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болар. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналысына тікелей ықпал етеді.
Банктік жүйенің құрылымы: Орталық банк, банктік емес несиелік институттар, коммерциялық банктер, арнайы ұйымдар(банктік операцияларды жүргізбейтін, бірақ банктің қалыпты қызмет атқаруын қамтамасыз ететін ұйымдар: банктердің аудиті жөніндегі, банктердің рейтінгін анықтайтын, сондай-ақ банктерді материалдармен, ақпаратпен қамтамасыз ететін ұйымдар).
Курстық жұмыстың мақсаты: нарықтың экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі банктік жүйе туралы дұрыс түсінік қалыптастырып, хабардар ету;
Құрылымы: құрылымына келетін болсақ, курстық жұмыс 3 тараудан тұрады.Жалпы курстық жұмыста негізгі Қазақстан Республикасының банк жүйесіне сипаттама берілген. Бірінші тарауда «банк» сөзіне жалпы түсінік беріліп, жалпы банктердің пайда болу тарихы, себептері жазылған. Сонымен қатар банктің түрлері олардың ерекшеліктері сипатталған.
Екінші тарауда банк жүйесінің басқа ел емес, өзіміздің Қазақстан Республикасындағы даму ерекшелігі жазылған, ал біз Ресейдің құрамында болғандықтан Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі Ресейдің банк жүйесінің дамуымен тығыз байланысты болап келген, және де Қазақстанның Ресейден бөлініп шыққаннан кейінгі де банк жүйесінің даму ерекшелігін атап өтілген. Сонымен қатар 1930-1932 жылдардағы несие реформасы мен 1988 жылғы түбегейлі банк реформасына тоқталған.
Үшінші тарауда Қазақстан Республикасындағы Орталық банк пен Коммерциялық банктерге сипаттама берілген.

Қолданылған әдебиет:
1. Ғ.С. Сейітқасымов «Ақша, несие, банктер»;
2. Б. Көшенова «Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары»;
3. Я. Әубәкіров «Экономикалық теория негіздері»;
4. Экономикалық анықтама-сөздік;
5. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы 2-том;
6. «Макроэкономика»;
7. Банк хабаршысы, 2000 ж.
8. Банки Казахстана, №5,2002
1. Ғ.С. Сейітқасымов «Ақша, несие, банктер»;
2. Б. Көшенова «Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары»;
3. Я. Әубәкіров «Экономикалық теория негіздері»;
4. Экономикалық анықтама-сөздік;
5. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы 2-том;
6. «Макроэкономика»;
7. Банк хабаршысы, 2000 ж.
8. Банки Казахстана, №5,2002
Жоспар:
Кіріспе
І тарау. Банк жүйесіне жалпы сипаттама
І.1. Банктің пайда болу тарихы
І.2. Банктердің атқаратын қызметтері және түрлері
ІІ тарау. Қазақстан Республикасының банк жүйесі
ІІ.1. Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу тарихы және дамуы
ІІ.2. 1930-1932 жылдардағы несие реформасы
ІІ.3. 1988 жылғы түбегейлі банк реформасы
ІІІ тарау. Қазақстан Республикасында екі деңгейлі банк жүйесін құру
ІІІ.1. Ұлттық банк – Қазақстан Республикасының Орталық банкі
ІІІ.1.1. Банк жүйесінің екінші деңгейінің құрылымы
ІІІ.2. Коммерциялық банктер
Қосымша
Қортынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас
құрылымдарының бірі.
Банктердің және тауарлы- ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи
тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен тығыз байланысты. Банктер
халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей
байланысты болар. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының
экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер
қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық
жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша
қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді,
ақшалай есеп айырысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызмет
көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің
айналысына тікелей ықпал етеді.
Банктік жүйенің құрылымы: Орталық банк, банктік емес несиелік
институттар, коммерциялық банктер, арнайы ұйымдар(банктік операцияларды
жүргізбейтін, бірақ банктің қалыпты қызмет атқаруын қамтамасыз ететін
ұйымдар: банктердің аудиті жөніндегі, банктердің рейтінгін анықтайтын,
сондай-ақ банктерді материалдармен, ақпаратпен қамтамасыз ететін ұйымдар).
Курстық жұмыстың мақсаты: нарықтың экономиканың ең маңызды және
біртұтас құрылымдарының бірі банктік жүйе туралы дұрыс түсінік
қалыптастырып, хабардар ету;
Құрылымы: құрылымына келетін болсақ, курстық жұмыс 3 тараудан
тұрады.Жалпы курстық жұмыста негізгі Қазақстан Республикасының банк
жүйесіне сипаттама берілген. Бірінші тарауда банк сөзіне жалпы түсінік
беріліп, жалпы банктердің пайда болу тарихы, себептері жазылған. Сонымен
қатар банктің түрлері олардың ерекшеліктері сипатталған.
Екінші тарауда банк жүйесінің басқа ел емес, өзіміздің Қазақстан
Республикасындағы даму ерекшелігі жазылған, ал біз Ресейдің құрамында
болғандықтан Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі Ресейдің банк
жүйесінің дамуымен тығыз байланысты болап келген, және де Қазақстанның
Ресейден бөлініп шыққаннан кейінгі де банк жүйесінің даму ерекшелігін атап
өтілген. Сонымен қатар 1930-1932 жылдардағы несие реформасы мен 1988 жылғы
түбегейлі банк реформасына тоқталған.
Үшінші тарауда Қазақстан Республикасындағы Орталық банк пен
Коммерциялық банктерге сипаттама берілген.
І тарау. Банк жүйесіне жалпы сипаттама
І.1 Банктердің пайда болу тарихы
Банк жүйесінің маңызды элементі банк болып табылады. Ежелгі ғасырлар
тарихы кейінгі ұрпаққа банктердің қашан пайда болғаны туралы ғана емес,
сондай-ақ олардың қандай операцияларды орындағандары туралы да толық
мәліметтер қалдырмаған секілді.
Кейбір ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура
тұсында және ең бастысы, Италияның жекелеген қалаларында (Венеция, Генуе)
ХІҮ- ХҮ ғасырларда пайда болған. Олардың еңбектерінде банк тауар
шаруашылығының ерекше институты ретінде тауар шаруашылығының ерте
кезеңінде, яғни тауар – ақша қатынастарының дамуына байланыссыз, ақша
айналысын реттеу үшін пайда болған делінеді.
ХҮІ – ХҮІІ ғасырларда Венецияда, Генуеде, Миланда, Амстердамда,
Гамбургте, Нюрнбергте саудагер – клиенттер арасында қолма-қол ақшасыз есеп
айырысуларды жүзеге асыру үшін жиробанктер құрылады. Жиро банктер өздерінің
клиенттері арасында белгілі салмағы бар бағалы металдардан жасалған ақша
бірліктері арқылы есеп айырысулар жүргізді. Өздерінің бос ақша қаражаттарын
жиробанктер мемлекетке, қалаларға және артықшылығы бар компанияларға
ссудаға берді.
Ал кейбір мамандар банкті одан да ерте мерзімде – феодализм тұсында
пайда болды деп айтады. Олар феодалдық шаруашылық тұсында банктердің
төлемдегі делдалдық қызметінің қажеттігінен пайда болғандығын тілге тиек
етеді.
Дегенмен де, деректерге сүйене отырып, банктердің пайда болуының екі
мың жылдық тарихы бар екндігін айтуға болады.
Өкінішке орай, банк сөзінің өзі бізге оның мәнәі ғана белгісіз етіп
қоймай, алғашқы несиелі мекеме туралы біздің жорамалымыздың ақтқаттығына
күмән туғызады.
Банк сөзі banco деген италиан тілінен аударғанда айырбас столы
дегенді білдіреді. Бұл айырбас столы тауарлармен сауда жасалатын
алаңдарда құрылады. Сауда мемлекеттер мен қалалардың, жекелеген тұлғалардың
әр түрлі монеталармен жасалған. Ол уақытта монеталардың біртұтас жүйесі
болмағандықтан, олармен сауда – саттық барысында әр түрлі формадағы
монеталар кездескен. Банктер пайда болардың алдында ақша – сауда
капиталының өкілдері саудагерлердің ақшалай салымдарын қабылдап, оларды
әртүрлі елдің ақшаларына айрбастауға маманданып отырған. Уақыт өте келе,
айырбастаушылар бұл салымдарды, сондай – ақ өздерінің ақша қаражаттарын
ссудаға беріп, пайыз алу үшін пайдалана бастайды. Сөйтіп, айырбастаушылар
біртіндеп банкирлерге айналады.
Біздің түсінігімізде, банк ұғымы айырбастаушылардың және олардың
болуымен сипатталады. Алғашқы банктердің Италияда пайда болу себебі, оның
сол уақыттарда дүниежүзілік сауда орталығы болғандығын ескеріп, әр елдің
ақшалары мен тауарларының сол елге қарай ағылып, банкирлердің сауда
операцияларына тікелей қатысуына байланысты түсіндіріледі.
Тарихшылардың пікірінше, б.э.д. 2300 жыл бұрын холдейлердің сауда
компаниялары пайда болып, олар өздерінің тікелей қызметтерімен қатар,
ссудалар берген. Олар б.э.д. ҮІ ғасырда Ежелгі Вавилонда салым
операциялары: салымдарды қабылдау және оларға пайыз төлеу операцияларының
жасалғандығын еске сала кетеді. Мұндай операциялар б.э.д. ІҮ ғасырда Ежелгі
Грецияда да жасалған. Бір айта кететіні, ежелгі гректер салым қабылдай
отырып, белгілі бір ақы төлеу арқылы ақшалар айырбасын жүргізіп отырған
көрінеді.
Сонымен, бұл алғашқы банктік операцияларды орындаған кімдер? деген
сұраұ туады. Тарихшылардың пайымдауынша, олдар жекелеген тұлғалар және
қолынад шоғырланған ақшалай қаражаттары бар шіркеу мекемелері екен.
Шіркеулер құндылықтарды сақтайтын ең тиімді, сенімді орындар болған. Сол
уақыттары белгілі гректің шіркеулері (Дельфа, Дело, Само, Эфсе) ақша
сақтаумен айналысқан. Эфседегі Артемид шіркеуінде кіші Азия жағалаундағы
елдердің салымдары, ал Дельфадағы Аполлон шіркеуінде барлық еуропалық
Грецияның бос ақша қаражаттары шоғырланыпты.
Алғашқы банктер жинақталған зор ақша байлықтарының қозғалыссыз жатуға
болмайтынын, оларды уақытша пайдалануға беріп, пайда табу қажеттігін
түсінеді.
Ежелгі банктер несиелік операцияларжүргізумен қатар салым иелеріне
біртіндеп есеп айырысу қызметін де көрсетті. Есеп айырысулар банктердегі
салым иелерінің бір шотынан басқа бір шотқа аудару арқылы жүргізілді.
Банктер қызметінің қолайлылығы іскер адамдардың назарынан тыс қалмады.
Банктің клиенттер қатары ақырындап ұлғая түсті. Банктер өз кезегінде
клиенттер арасында жасалатын келісімшарттарды құруда сенім қызметтерін
көрсетіп, сауда – саттықта делдал қызметін атқарды. Есеп айырысуларды
жеңілдету мақсатында ежелгі банктер өздерінің банктік билеттерін шығарды.
Олар толық құнды ақшалармен қатар айналыста жүрді. Ағылшын елінде алғашқы
акционерлік банк – Ағылшын банкі 1694 жылы құрылып, үкіметтен банкнота
шығаруға құқық алды.
Әрине мұның бәрі алғашқы банктердің капитализмнің мануфактура
жағдайында, банкирлер үйлері ретінде пайда болғанын куәландырмайды. Мұндағы
несие беруші мен қарыз алушылардың болуы банктердің пайда болуының тек
алғышартын ғана сипаттайды.
Ендеше осы жерде несие берушінің қандай жағдайларда банкке айналғаны
таң қалдырады. Сонымен бізге белгісіз болатын келесі бір нәрсе – бұл
несиенің жеке формасы мен банктік несие арасындағы айырмашылықтың болуы.
Банктік несие бойынша несиелік қатынастың бір талабы жеке тұлға емес,
несиелік мекеменің қалай болғаны түсініксіз болуы мүмкін.
Бұл сұраққа жауап беру үшін қазіргі кездегі сөздіктердегі банк ұғымына
мән берелік. Анықтамалық басылымдарда банк ірі несиелік мекеме ретінде
сипатталады. Несиелік істің даму деңгейіне байланысты және несие
берушілердің несиелік операциялары бір жүйеге айналу нәтижесінде жеке несие
беруші өзінің несие беруін тоқтатады. Несие тек қана тұтыну мақсатына ғана
берілмей, шарушылық операциялардың қажеттілігін де қанағаттандыра бастайды.
Несиелік мәмлелелер жасаумен бірге несие берушінің өзінің клиенттерінің
тапсыфрмалары бойынша есеп айырысу және басқа да операцияларды жүзеге
асырады. Сөйтіп, банктер ақша шаруашылығының осы даму сатысына өте отырып,
барлық операцияларды бірдей көрсететін біртұтас орталыққа айналады. Демек,
алғашқы банктер капитализмнің мануфактура сатысынан да бұрын, яғни
мемлекеттің құрылуы кезеңінде пайда болған дегенге негіз бар. Мұндай
қатынастардың құл иеленушілік қоғамда болғандығына тарих куә.
Ежелгі Римде банк және несие құқының нормалары болған. Осы нормаларға
сәйкес б.э.д. ІІІ ғасырда айырбас ісіне мамандандырылған Римдік
банкирлердікумулияр деп атады. Оларға несиелік операцияларды жүргізуге
рұқсат етілмеген. Тарихшылардың айтуынша, Ежелгі Вавилон банктері тек қана
несие беріп қоймай, сондай – ақ жер бөлімшелерін сатып алу – сату және
басқа да операцияларды орындаған.
Банктің пайда болуы туралы қарастырғандар оның мәнін ашуға жақындайды,
бірақ та банктің толық мәні әлі де болса жұмбақ болып қала бермек.
К. Маркс банктердің пайда болуы туралы былай деген: кәсіпкерліктің
ерекше саласы пайда болды, себебі ол ерекше сала ретінде барлық таптардың
ақша механизмін қамтамасыз етеді, ол шоғырланып, ірі масштабта
жүргізіледі....
Сонымен қатар банктер несие ісінің екінші жағы - өсім әкелетін
капиталды да басқарады. Өйткені банктер фирмалар мен үкімет мекемелерінің
және халықтың жинағы мен табыстары сияқы уақытша бос ақша қаражатын өзінде
шоғырландырып және оны несиеге беру арқылы несие үшін ақы алып, табыс
табады. Банктер іріленген сайын тұтас несие беруші ретінде капиталистік
кәсіпкерліктің дербес аласына айналады.
Банктік мекемелердің қызметі сан алуан. Қазіргі қоғамда банктер әр
түрлі операциялармен айналысады. Банктер арқылы халық шаруашылығын
қаржыландыру, бағалы қағаздарды сатып алу – сату, кей жағдайларда делдалдық
мәмлелер мен мүлікті басқаруға байланысты қызметтер жүзеге асырылады.
Банктің мәнін ашуға екі жақты тұрғыдан келуге болады: заңды және
экономикалық. Бірінші жағдайда, ең бастысы, банктік операциялар ұғымының
маңызы артады. Олардың қатарына банк қызметі туралы заңда көрсетілген
операциялар тізімі жатады.
Қай жағынан алсақ та, банктің мәнін заң тұрғысынан қарау жеткіліксіз
болып табылады. Банктің мәнін айқындау оның қызметінің заңмен қатынасын
білумен ғана шектелмейді. Банктің мәнін, оған рұқсат етілген операцияларын
анықтайтын заң емес, оны істің экономикалық жағы және банктің жаратылысы
анықтайды.
І.2 Банктің атқаратын қызметтері және түрлері
Банк ісі - қарыз капиталын жинаумен және оны бөлумен шұғылданатын
кәсіпкерліктің ерекше түрі. Қазіргі кезде банктер көптеген операциялар
жүргізеді. Олар ақша айналымы мен несие қатынастарын ұйымдастырумен ғана
шұғылданып қоймай, сонымен қатар банктер арқылы халық шаруашылығын
қаржыландыру, сақтандыру операциялары, бағалы қағаздарды сатып алу-сату, ал
кейбір жағдайларда делдалдық келісімдер және мүлікті басқару операциялары
жүргізіледі.
Осы айтылған жағдайларды қорыта келе банктің атқаратын қызметтерін
негізінен төмендегідей топтастыруға болады.
1. Уақытша бос ақша қаражатын тарту, жинақтау және оны қарыз
капиталына айналдыру.
2. Кәсіпорындарға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы
қағаздармен операция жүргізу.
3. Ақша айналымын реттеу. Банк - әртүрлі шаруашылық субъектілерінің
төлем айналымы жүретін орталық. Банк өзінің есеп айырысу жүйесі
арқылы клиенттеріне айырбас, капитал және ақша айналымын
жүргізуге мүмкіндік туғызады.
4. Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиенттерінтек жинаған
уақытша бос ақша қаражатымен несиелеп қоймай, сонымен қатар
депозиттік чектерді, вексельдерді шығарумен де несиелейді.
5. Экономикалық және қаржылық кеңес беру.
Банктік қызмет – бұл банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты
қызметті білдіреді. Банктік операцияларға мыналар жатады:
- заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және
жүргізу;
- жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және
жүргізу;
- банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;
- заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу;
- кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта
санау, айырбастау, ұсату, сорттау, қаптау және сақтау;
- аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударумен
байланысты тапсырмаларын орындау;
- есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін
және өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт);
- заемдық операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару
шартымен ақшалай формада несиелер беру;
- заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде, корреспондент –
банктердің тапсырмаларына байланысты, олардың банктік
шоттарыбойынша есеп айырысу операцияларын жүргізу;
- сенім (траст) операциялары: сенім білдірушінің тапсырмасы бойынша
және оның мүддесіне сай ақшасын, құйма бағалы металын және бағалы
қағаздарын басқару;
- клирингтік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау,
сондай-ақ олар бойынша өзара есепке алу операциялары жүргізу және
клирингке қатысушылардың таза позициясын анықтау;
- сейфтік операциялар: клиенттердің құжатты формадашығарылған бағалы
қағаздарын, құжаттарын және бағалы заттарын сақтау қызметін
көрсету, сондай-ақ жәшіктерді, шкафтарды және бөлмелерді жалға
беру;
- ломбардтық операциялар: тез іске асатын бағалы қағаздар мен
жылжитын мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру;
- төлем карточкаларын шығару;
- банкнота мен монеталарды және бағалы заттардыинкассациялау және
жөнелту;
- шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;
- төлем құжаттарын инкассоға қабылдау (вексельден басқаларын);
- чек кітапшаларын шығару;
- бағалы қағаздар нарығындағы клирингтік қызмет;
- аккредетивті ашу, растау және ол бойынша міндеттемені орындау;
- ақшалай формада орындауды көздейтін, банктік кепілхаттарды беру;
- үшінші тұлғаның атынан ақшалай формада орындалуды көздейтін
банктік кепілдеме беру.
Орындайтын айрықша қызметтеріне байланысты банктер: эмиссиялық және
эмиссиялық емес болып екіге бөлінеді.
Эмиссиялық банк – ол айналысқа ақша белгілерін эмиссиялауға (шығаруға)
құқы бар, әдетте, орталық банк. әр мемлекеттерде орталық банк әр түрлі
аталады. Мысалы, бұрынғы КСРО-да ол мемлекеттік деп, ал қазіргі Қазақстанда
– Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі деп аталады. Мемлекеттің Орталық
банкінің негізгі мақсаты – айналысқа ақша бірлігін шығару, банктерге ерекше
тауар – ақша белгісін сату және банк жүйесінің несие-есеп, эмиссиялық
жұмысын басқару. Ол – елдің екі деңгейлі банк жүйесінің – жоғары
деңгейіндегі банк.
Мемлекеттегі басқа банктердің барлығының да ақша белгілерін шығаруға
құқы жоқ эмиссиялық емес банктер. Олар коммерциялық, инвестициялық,
инновациялық, ипотекалық және т.с.с. банктер. Коммерциялық банктер
клиенттерге көрсететін қызмет түрлерін үнемі ұлғайтып тұратын әмбебап
үлгідегі банк. Ал басқа банктер бір-екі қызмет түріне маманданған банктер.
Инвестициялық және инновациялық банктердің екі түрі де ұзвқ уақытқа
ақша қаражатын шоғырландырумен маманданады, яғни олар облигация, акция және
басқа бағалы қағаздар шығару арқылы ақша тартып, кейін ұзақ мерзімге
қарызға береді. Инвестициялық банктер кәсіпкерлерге қарыз берсе, ал
инновациялық банктер технологиялық жаңалықтарды өңдеуді және оны игеруді
несиелейді.
Ипотекалық банктер – жерді және жылжымайтын мүліктерді кепілдікке алып,
ұзақ мерзімге несие береді. Олар ипотекалық облигация, акция және басқа
бағалы қағаздарды сату арқылы ақша жинақтайды.
Шетелдің қатысуымен құрылған банк – акциясының 50 проценттен астамы
төмендегі иеленушілердің қарамағында, меншігінде жәненемесе басқаруында
болатын екінші деңгейдегі банк:
• Қазақстан Республикасының резиденті емес;
• Қазақстан Республикасының резиденті – заңды тұлға, акциясының
50 процентінен көбісі республиканың резидентіеместің
қарамағында меншігінде жәненемесе басқаруында;
• Қазақстан Республикасының резиденттері еместің қаражатын
басқаратын сенімді адамы – республиканың резиденті.
Мемлекетаралық банк – халықаралық келісім негізінде құрылған банк, оның
жарғылық қорының иеленушісі – Қазақстан үкіметі және келісімге қол
қойған мемлекеттердің үкіметі.
Банк емес несие-қаржы мекемелері – Ұлттық банктің лицензиясы негізінде
кейбір банктік операция жүргізуге құқы бар банк емес заңды тұлғалар.
Коммерциялық банктер
Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет
көрсететін және коммерциялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын
дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық,
кооперативтік және жеке банктер, банкік заңдылықтарда коммерциялық банктер
деген жалпы атпен біріктіріледі.
Коммерциялық банк термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде,
банкердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет
көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған
(міне, осында коммерциялық банк деген атауға ие болды). Бірақ
өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де
сфераларына қызмет көрсете бастағандықтан да банктің коммерциялық деген
атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің іскер деген
сипатынбілдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет
көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады. Коммерциялық
банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін
несиелік мекемелердің тобын білдіреді.
Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200-ге жуық әр алуан
өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мүндай кең көлемді операциялар
коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда
өзінде пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді.
Бір операциялардан болған зиян, екінші бір операциялардан түсетін пайда
есебінен жабылады. Нарық экономикасы дамыған барлық елдердің коммерциялық
банкі несие жүйесінің негізгі операциялық буыны болып қалуы кездейсоқтық
емес. Олар өзгермелі ақша-несие нарығының жағдайына көндігетін қабілетінің
барлығын көрсете алады.
Депозиттік-қарыздық операцияларды жүзеге асыра отырып коммерциялық
банктер қаржы делдалы ролін орындайды. Банктің бұл қызметі екі жаққа да
пайда әкеледі. Салымшылар үшін өздерінің депозиттері айналыс құралы қызметі
мен өтімді актитер қызметін атқара отырып, кей жағдайда оның үстіне пайыз
әкеледі. Қарыз алушылар кейде көптеген ұсақ қарызды пайдаланады. Бұл кейде
көптеген ұсақ қарапайым клиенттердің банкке аз ғана соманы қысқа мерзімге
салғанның өзінде де мүмкін болады. Мұндац кезде коммерциялық банктер
ретінде іскерлік операциялар жүргізіп, уақытша бос ақша қаражатын тарту
мүмкін емес.
Шынында да, банктер мұндай операциялардан пайда көреді. Олар салымдарға
төлейтіндеріне қарағанда, қарыздарға біршама жоғары пайыз мөлшерлемесін
белгілеп табыс табады.
Жалпы қоғамға көмек, олар банктен алған қарыздары есебінен өздерінің
өнімдерін өндіріп, алға қойған мақсатына жеткенде ғана пайданы сезінеді
(мысалға жалпы пайда нормасын 4-тен 5%-ға ұлғайтқанда). Болашақ қарыз
алушыларды дұрыс таңдай отырып, олардың ішінде берілетін қарыз бойынша
жоғары пайызды төлеуге кімнің жағдайы келсе, соларға банктер ақшалай
қаражаттарын бере алады.
Осы уақытқа дейін Қазақстанда несиелер үкіметтің қажеттілігіне беріліп,
кейіннен олар банктерге және олардың акционерлеріне пайда әкелмек түгіл,
уақытында қайтарылмай қалды. Ондай қарыздардың ешкімге де пайдасы болған
жоқ.
Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы
әртүрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан ақшаның сақталуын қамтамасыз
етсе, екінші жағынан өтімділікке деген клиенттің қажеттілігін
қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигацияға немесе акцияға
жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.
Банктік несие – ең қолайлы және көптеген жағдайда орны ауыстырылмайтын
қаржылық қызметтердің формасы ретінде, ол нақты қарыз алушының қажеттілігін
ескереді және олардың қарыз алу жағдайына көндіруіне мүмкіндік береді.
Казіргі коммерциялық банктер туралы сөз қозғағанда, несиелік жүйенің
басқа да буындары сияқты олардың үнемі дамып отырғандығын айта кету керек.
Яғни операциялар формасы, бәсеке әдістері, бақылау және басқару жүйелері
өзгеруде.
Коммерциялық банктердің мынадай бастапқы қызметтері бар: депозиттер
қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыру, несие
беру.
Коммерциялық банктердің басқа қаржы институттарынан айырмашылығы және
ерекше бір қабілеті ол ақшаны жасауы мен жоюында болып табылады. Бұл жерде
ақша деп, тек қолма-қол ақшалар ғана емес, срндай-ақ талап етуге дейінгі
салымдар түсіндіріледі. Банктердің ақша жасау мүмкіндігі экономика үшін өте
маңызды. Ол тиімді несие жүйесін іске асыра отырып, экономиканың өсуіне
қажетті жағдай туғызады. Банк несиелерінің жетіспеушілігі және өте жоғары
пайыз мөлшерлемесі тұсында өндірісті кеңейту мүмкін емес. Халық
шаруашылығындағы осы сияқты іс-тәжірибелер тиімсіз, себебі бір жағынан,
мынадай ірі ақша сомасы белгісіз уақытқа қозғалыссыз жататын болса, екінші
жағынан, мұндай ақшалар қажетті емес.
Коммерциялық банктер мұндай сұрақтарды шешуде маңызды роль атқарады.
Өздерінің депозиттік және несиелік операцияларының көмегімен олар уақытша
бос ақша қаражаттарын жинақтайды және несие түрінде оларды бере отырып,
халық шаруашылығының қажеттілігін қанағаттандарады, яғни жаңа төлем
құралдарын жасайды.
Банктер өз қызметінде ақшаның бір бөлігін жоятыны да рас. Бұл
біріншіден, клиенттің банктегі шоттан нақты ақша алған уақытында және
екіншіден, несиені қарыз алушының шотының есебінен қайтару барысында мүмкін
болады.
1985 жылы АҚШ-та 15 мыңнан астам коммерциялық банктер қызмет еткен.
Олардың 5 мыңға жуығы ұлттық, яғни федералдық үкіметтен чартер (рұқсат)
алған банктер, 10 мыңнан астамы штаттардың банктері (штаттардың үкіметінен
чартер алғандар). Ұлттық банктер мен штаттық банктерінің қызмет етуі банк
жүйесінің қосарлы бағыныштылығын жасайды.
ФРЖ-ге қабылдауға өтініш жасайтын және оған мүше болуға жіберілген
коммерциялық банк ФРЖ-нің мүше-банкі болып табылады. Заң бойынша барлық
Ұлттық банктер ФРЖ-ге кіруге тиіс. Штат банктері өздерінің қалаулары
бойынша және ФРЖ-нің мүше-банктерге қоятын талаптарына сәйкес келген
жағдайда ғана жүйеге кіре алады. Қазір штат банктердің 10%-ға жуығы ФРЖ-ге
мүше-банктер болып саналады. ФРЖ-ге мүше-банктер жалпы коммерциялық банктер
қатарының 40%-ын құрайды.
Депозиттік мекемелерді реттеу және ақша айналысына бақылау, банктерді
ФРЖ-ге мүше-банктер мен мүше емес банктердің арасындағы басты айырмашылығын
қалыпқа келтіреді. АҚШ-тағыең көп тараған банктер типі – филиалсыз банктер.
Екінші дүниежүзілік соғыстан соң АҚШ-та банктердің бөлімшелерін ашу
кеңірек қанат жайып, олар штаттар шегінде, сондай-ақ одан тысқары және
шетелдерде ашылған болатын. Көптеген ірі банктер банктік холдинг
компаниялардың бір бөлігі болып табылады. Банк ісінің бұл ұйымдастыру
формасы, тек қана банкі бөлімшелерінің ашылуына жол беріп қоймай, сондай-ақ
жаңа қызмет аумағына енуді жеңілдетті. АҚШ-та холдинг-компаниялар 6 мыңға
жуық, олар 8,6 мың банктерді және 35,6 мың олардың бөлімшелерін бақылайды.
Банктердің бірігу процесін үкімет тарапынан реттеу, сондай-ақ банктің
холдинг-компниялардың қызметін реттеу банк аумағында бәсекелестік жағдайды
қолап отыру мақсатын көздейді. Соңғы кездері бұл аумақтағы бәсекенің
артуына чартер берудің қатаң саясатын жүргізу, банктердің бөлімшелерінің
ашылуын кеңінен қолдау, электрондық терминалдың пайда болуы және АҚШ-та
халықаралық банктік операциялардың таралуы септігін тигізді. Сонымен қатар
бәсеке, басқа да қаржы институттардың тез арада өсуіне байланысты күшейді
(мысалға жинақ коммерциялық банктерге тән көптеген қызмет көрсететін
мекемелер және ақша нарығының өзара қорлары).
ІІ тарау. Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі
ІІ.1 Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу тарихы және дамуы
Кеңес үкіметі тұсында Қазақстан одақтас республикалардың бірі
болғандықтан оның дербес банк-несие жүйесі болған жоқ. Қазақстан
территориясында КСРО-ның орталықтанған банк-несие жүйесінің филиалдары мен
бөлімшелері қызмет көрсетті. Сондықтан Қазақстанда банк жүйесінің
қалыптасуы мен дамуы қазан төңкерісіне дейінгі патшалық Ресейдің және КСРО-
ның банк жүйесінің тарихымен тығыз байланысты.
Ресейдің банк жүйесі батыс елдердің банк жүйесіне қарағанда әлдеқайда
кеш қалыптаса бастап, өз даму жолында бірнеше кезеңдерден өтті. Алғашқы
банктер ХҮІІІ ғасырда пайда болып, ХІХ ғасыр аяғы мен ХХ ғасыр басында
Ресейдің банк жүйесі негізінен мынадай банк-несие мекемелерінен құрылды:
• мемлекеттік банк (1860жылы құрылған);
• қоғамдық қалалық (252 банк) және жер банктері;
• көп буынды жеке банктер: акционерлік банктер (49 филиалдары бар 44
банк), өзара несиелейтін қоғамдар (83), коммерциялық банктер (32),
несие-жинақтау серіктестіктері (729) және тағы сол сияқты.
Бұлардан басқа банктік операциялардың көпшілігін жүргізіп, сонымен
қатар жоғары қауіпті операциялар жүргізу үшін клиенттердің қаражатын
тартумен шұғылданатын банктік кеңселер, сауда үйлері, айырбастау дүкендері
болды.
1917 жылы қазан төңкерісінен кейін банк ісін ұйымдастыруды мемлекет
монополиялы түрде өо қолына алып, нәтижесінде жеке коммерциялық банктер мен
басқа несие мекемелері Мемлекеттік банкпен біріктірілді. Сонымен қатар
Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында кооперативтік, жеке, мемлекеттік –
капиталистік, шетел капиталының қатысуымен мемлекеттік және басқа банктер
құрыла бастады. 1922 жылы Тұтыну кооперациясының банктері және өнеркәсіп
банкі құрылды.
1924 жылы акционерлік қоғам үлгісіндегі Сыртқы сауда банкі құрылып,
оның акционерлері мемлекет, кооперативтік және қоғамдық ұйымдар болды. Ол
КСРО-ның Мемлекеттік банкісінің құрамында болып, сыртқы сауда операцияларын
және халықаралық есеп айырысу жұмыстарын жүргізді. Сөйтіп 1925 жылы КСРО-да
Мемлекеттік банк, Өнеркәсіп банкі, Сауда банкі және Ауыл шаруашылық банкі
болды. Сондай-ақ Орталық коммуналды банкі (Цекомбанк), Кооперативтік банк
(Всекобанк) және акционерлік, салалық, аймақтық (Қиыр Шығыс, Орта Азия)
банктер құрылды. Ұсақ тауарлы өндірістің дамуына байланысты өзара несиелеу
қоғамдары, ауыл шаруашылығын несиелейтін қоғамдар, жинақ кассалары,
несиелік кооперативтер пайда болды.
1927 жылы КСРО Орталық атқару комитеті мен Халық комиссариаты Кеңесінің
Несие жүйесін құру принциптері туралы қаулысына сәйкес бүкіл банк жүйесін
тікелей басқару Мемлекеттік банкке тапсырылды. Сол қаулыға сай маманданған
банктер және банктердің проценттік саясат жүргізудегідербестік құқығы
жойылды. Банктер қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несие түрлері бойынша да
ажыратылды. 1928 жылы Өнеркәсіп банкі мен Электробанкі бірыңғай өнеркәсіп
пен Электр шаруашылығын ұзақ мерзімді несиелеу Банкіне біріктірілді. Қысқа
мерзімді несиені басқа шаруашылық салаларының бәріне олардың тоқсандық
жоспарларына сай Мемлекеттік банк беруі тиісті болды. Жалпы 1927-1929
жылдары банктердің өзіне тән ерекше қызметі – банк несие беру жойылып,
несие мемлекеттік жоспарлы қаржыландырудың түріне айналды.
ІІ.2 1930-1932 жылдардағы несие реформасы.
1930-1932 жылдары жүргізілген несие реформасы елдегі банк жүйесінің
дамуындағы жаңа кезеңнің басталуы еді. Бұл кезде 1929жылы қабылданған халық
шаруашылығын өркендетудің бірінші бесжылдық жоспары бойынша орталықтан
қаржыландыруы қажет еді. Ол үшін ақша қаражатын ақша –несие жүйесіне
жинақтап, одан соң жоспарлы түрде шаруашылық салаларына бөліп беру керек.
Бұл міндеттерді оған дейін айналым қаражатын өз бетімен жоспарсыз бөлумен
шұғылданған әр түрлі несие мекемелері орындай алмады. Онымен қоса ірілі-
уақты өнеркәсіп орындары біріне – бібі коммерциялық несие бергенде есеп
айырысуды вексель берумен жүогізіп, банк бақылауынан тыс қалды. Іс жүзінде
банктің несие алушымен, яғни тауар сатып алушымен байланысы болмады.
Нәтижесінде шаруашылық орындарының бірін – брі несиелеуі тікелей
мемлекеттік жоспарлы басқарумен қайшы келіп, елдегі несие қатынастарын
түбегейлі өзгерту қажеттігін тудырды.
Несие реформасын жүргізу үшін елде біраз алғы шаралар жүргізілді.
Біріншіден, бұл кезде экономика салаларында біраз жетістіктерге қол
жетті және олардан жеке капитал ығыстырылды. Сөйтіп, 1930 жылы мемлекеттік
сектордың өнеркәсіптегі үлес салмағы 99,1%-ке, көтерме саудада 97,2%-ке, ал
бөлшек саудада 86,5%-ке жетті. Ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік және
ұжымдық шаруашылықтар тауарлы астықтың 55%-ін өндірді.
Екіншіден, халық шаруашылығын тікелей мемлекеттік жоспарлы басқару
жүзеге аса бастады. 1928 жылы Халық шаруашылығын өркендетудің бірінші
бесжылдық жоспары дайындалып, олар шаруашылықтың әрбір буынына жеткізілді.
Жоспар кәсіпорынның өндірістік және қаржылық іс-әрекеттерін қамтыды.
Үшіншіден, шаруашылықтың негізгі буыны - өнеркәсіп мекемесі шаруашылық
есепке көшірілді.
Төртіншіден, коммерциялық вексельді айналымнан шығарып, оның орнына
есеп айырысуды тек банк арқылы жүргізудің және қысқа мерзімді несиені тек
банктерде жинақтаудың нәтижесінде 1929 жылдың 1 қарашасында халық
шаруашылығына берген қысқа мерзімді несиенің 80%-ке жуығы банктер үлесіне
тиді.
Сонымен, несие реформасын жүргізу үшін алғы шаралар жасалып, 1930
жылдың қаңтарында несие реформасы жүргізіле бастады. Несие реформасының
мақсаты – несиелеу мен несие-есеп жұмыстарының жаңа түрлерін енгізу.
Несие реформасы төрт кезеңде жүргізіліп, негізгі мына мәселелер
шешілді:
• шаруашылық орындарының бірін-бірі коммерциялық несиелеуін тікелей
банктік несиемен өзгерту;
• мемлекеттік банктің бағатын нығайтатын есеп жұмыстарының жаңа
түрін – шаруашылық есепті енгізу;
• халық шаруашылығын қысқа мерзімді несиелеу процесін Мемлекеттік
банкке шоғырландыру. Өндіріс мекемелерінің өзінің және қарызға
алған қаражаттарының жұмсалу бағыттарын ажырату, шаруашылықты
несиелеудің принциптерін бекіту;
• несие-банк жүйесін қайта құру, яғни Мемлекеттік банк пен ұзақ
мерзімді несие беретін арнаулы банктердің қызметін ажырату.
Сөйтіп несие реформасының негізгі мақсаты коммерциялық және жанама
банктік несиелеуді тікелей банктік несиемен алмастыру жүзеге асырылады.
Банктік несие деген несие алушыға, яғни тауар сатып алушы кәсіпорынға
жоғары басқару органының жоспары бойынша тікелей банк беретін несие. Бұл
банктік несиенің коммерциялық несиеден негізгі айырмашылығы.
Дегенмен банктік несиенің бұл артықшылығы несие реформасын жүргізуде
жіберілгенқателерге байланысты халық шаруашылығына бірден өзгеріс енгізе
қойған жоқ. Банктің жіберген қателері төмендегілер еді:
• есептесудегі автоматизм (санасыз, тек бұрын қалыптасқан дағды
бойынша істелетін әрекет): жабдықтаушының банкісі сатып алушыға
жіберілген барлық тауарлар үшін ақшаны дағдылы автоматты түрде
аударса, ал сатып алушының банкісі де дәл солай автоматты түрде
оның шотынан түскен тауарлар құнын шығарып отырды; жіберген жүктің
дұрыстығы және шаруашылық органдардың арасындағы келісімнің
орындалуы бақыланған жоқ;
• несие берудегі автоматизм (немесе жоспармен несие беру):жоспардың
нақты орындалуын тексермей – ақ, банк шаруашылық мекемелеріне
жоспарлы түрде несие береді; несиенің мөлшері жоспарды орындау
үшін қажетті айналым қаражатының жалпы жетіспеуіне қарай
анықталып, оның пайдалану мақсаты мен қайтарылу мерзімі
көрсетілмей-ақ берілді;
• шаруашылықтардың өзінің және қарызға алған айналым қаражаттарын
ажыратпауы (араластыруы): әрбір шаруашылық мекемесіне банкте бір
шот ашылып, онда өз қаражатының да, шығыны да есептелді, олардың
арасындағы ерекшеліктер көрсетілмеді;
• банктің несиелеу және есеп айырысу реформасын жүргізуге техникалық
дайынсыздығы: ережелер, нұсқаулар, құжаттардың түрлері алдын ала
дайын болған жоқ, сондай-ақ банктің төлем жүргізуге қабылдайтын
құжаттары саны жағынан да қарастырылмады. Есеп айырысудың жаңа
тәртібі бойынша аз сомаға толтырылған құжаттардың тасқынын банк
өңдей алмауының нәтижесінде халық шаруашылығындағы есеп айырысу
ісі қиындап кетті.
Несие реформасының келесі кезеңдері осы жіберілген кемшіліктер мен
бұрмалаушылықтарды жойып, шаруашылық органдарының арасындағы келісім
тәртібін нығайту мен Мемлекеттік банктің ролін күшейтуге арналды.
Сонымен 1930-1932 жылдары жүргізілген несие реформасының қортындысында
жоспарлы социалистік экономикаға сәйкес үйлестіру типіндегі несие-банк
жүйесі құрылып, Мемлекеттік банк өндіріс пен тауар айналымын есептейтін
және бақылайтын бірыңғай аппаратқа айналды. Коммерциялық банктердің ролі
төмендеп, кейін елде тек мемлекеттік банктерден тұратын монобанктік жүйе
қалыптасты.
Банк жүйесі көрсететін қызмет белгілеріне қарай қайта ұйымдасып, қысқа
мерзімді несие беретін жалпы мемлекеттік банк және күрделі қаржымен
қамтамасыз ететін маманданған банктер жүйесі құрылды. Бұндай бір буынды
банк жүйесіне: КСРО Мемлекеттік банкі және күрделі қаржымен несиелейтін
төрт Одақтың мамандаған банктер - Өнеркәсіп банкі, Ауылшаруашылық банкі,
Орталық коммуналдық банк, Сауда банк – кірді. Сонымен бірге орталық банк
жүйесіне шетел банктерімен кең корреспонденттік қатынастарды ұйымдастыратын
Сыртқы сауда банкі және халықтың бос қаржысын тарту, төлемдерін жүргізу мен
мемлекеттің заемдарын орналастыру арқылы халыққа қызмет көрсететін бірыңғай
жалпы мемлекеттік несие мекемесі, яғни жинақ кассалары қарады.
1959 жылы ұзақ мерзімді несие беретін банк жүйесі қайта қаралды. Ауыл
шаруашылық банкі мен Лрталық коммуналдық банк таратылып, олардық қызметтері
Мембанкке берілді. Өнеркәсіп банкі мен Сауда банкісінің негізінде күрделі
қаржы беретін Одақтық банк – Құрылыс банкі құрылды. Ол халық шаруашылығының
әр түрлі салаларының (ауыл шаруашылығынан басқа) ұйымдары мен
кәсіпорындарын қаржыландырумен және ұзақ мерзімді несиелеумен шұғылданды.
Осы өзгерістерден кейін 1960 жылдан 1988 жылға дейін КСРО банк жүйесінің
құрамы келесідей болады: Мемлекеттік банк, Мемлекеттік Құрылыс банкі,
Сыртқы сауда банкі және Мембанк құрамына кіретін жинақ кассалары жүйесі.
ІІ.3 1988 жылғы түбегейлі банк реформасы
Елдің әлеуметтік – экономикалық өркендеуін жеделдету және ақша – несие
қатынастарының маңызын арттыру мақсатында Кеңес Одағы Компартиясы Орталық
Комитетінің Пленумы 1988 жылдың 1 қаңтарынан бастап банк жүйесін қайта
құру туралы Қаулы қабылдады. Оған дейін бұрынғы КСРО-да және Шығыс Еуропа
социалистік елдерінде банк жүйесінің құрылымы негізінен бірдей болды. Олар:
елдің эмиссиялық, несие беру, есеп айырысу және кассалық орталығы –
Мемлекеттік банк; күрделі құрылысқа қызмет ететін мемлекеттік банк және
сыртқы сауда – саттыққа қызмет көрсететін Мемлекеттік банк.
Сан жағынан шамалы несие мекемелерінде банк ісін шоғырландыру және
несие беруді, есеп жүргізуді, мемлекеттік валюталық монополияны жоспарлы
ұйымдастыру негізінде банктерді басқаруды орталықтандыру сияқты ерекше
нышандар сол кездегі барлық социалистік елдердің банк жүйесіне тән еді.
Дамыған мемлекеттердің банк жүйесінің әр буыны атқаратын көптеген банктік
қызметтерді бұл елдерде тек Мемлекеттік банк атқарды. Шын мәнінде
Мемлекеттік банк жан-жақты қызмет көрсететін әмбебап несие институты
ретінде болды.
Шаруашылық механизмінің жалпы бағыты – банктердің құрылымы мен ондағы
қызметкерлер санын анықтайтын басты фактор. Бір банктік жүйе – басқаруды
қатал орталықтандыру мен шоғырландырудан шыққан нәтиже. Ал монополизмді
бұзу концепциясы, экономиканы басқаруды жергілікті жерлерге беру бірнеше
дербес банктердің құрылуына себеп болады. Бастапқыда осы жолды бұрынғы
социалистік елдер – Венгрия, Қытай, Югославия – таңдап алды. Әлемдік
тәжірибеде орталық банкпен қатар көптеген жеке және мемлекеттік емес несие
институттарының (коммерциялық, кооперативтік, арнаулы және басқа) қызмет
істеу үлгісі кең таралған.
Сөйтіп 1988 жылдың қаңтарынан бастап КСРО – да банк жүйесін түбегейлі
өзгертетін реформа жүргізіле бастады. Оның алғашқы кезеңінде елдегі
Мемлекеттік банк пен Құрылыс банкінің негізінде мемлекеттік банкпен қатар 5
салалық мемлекеттік маманданған банктер құрыла бастады. Олар:
• КСРО Мемлекеттік банкі, оның міндеті – банктердің банкісі
ретінде елдің ақша айналымын ұйымдастыру. Ол бұрынғыдай мекемелер
мен ұйымдардың кассалық және несие-есеп қатынастарын жүргізбейді,
оның клиенті-маманданған мемлекеттік банктер;
• КСРО Өнеркәсіп-құрылыс банкі, Оның міндеті - өндіріс, құрылыс,
транспорт, байланыс салаларындағы негізгі жұмыстарды несиелеу,
күрделі шығындарды қаржыландыру мен несиелеу және олардың есеп
айырысу жұмыстарын жүргізу;
• КСРО Аграрлы-өнеркәсіп банкі; Оның міндеті – аграрлы -
өнеркәсіптік кешендерінің мекемелері мен ұйымдарына қызмет
көрсету;
• КСРО Тұрғын үй және әлеуметтік банкі – ол тұрғын үй шаруашылығы
мен әлеуметтік салалар мекемелеріне қызмет көрсету үшін құрылды;
• КСРО Жинақ банкі – ол бұрынғы жинақ кассаларын біріктіру арқылы
құрылған, оның негізгі міндеті – халыққа қызмет көрсету;
• КСРО Сыртқы экономикалық банкі – ол бұрынғы Сыртқы сауда банкінің
негізінде қайта құрылған банк. Оның міндеті – экспорт – импорт
операцияларын ұйымдастыру және ол бойынша есеп жүргізу, сыртқы
экономикалық байланыстағы шаруашылық орындарын несиелеу, жинақ –
валюталық жоспардың орындалуын бақылау, елдің валюта ресурстарын
тиімді пайдалану, халықаралық валюта және несие нарығында
операция жүргізу жұмыстарын қамтамасыз ету.
Бұл маманданған салалық банктердің құрылымы әкімшілік – территориялық
принциппен ұйымдастылылған. Олардың әрқайсысының (КСРО Сыртқы экономикалық
банкісінен басқа) республикалық банкі (Алматыда, 5 банк) және облыс
орталықтарында солбанктердің облыстық басқармасы (Қазақстанның 19 облысында
әр банктің өз басқармалары) құрылды. Аудан орталықтарында және қалаларда
олардың дамуының негізгі бағытына байланысты кейбір салалық банктердің
бөлімшелері құрылып, маманданған банк өз клиенттерімен қатар сол аудандағы
немесе қаладағы басқа салалық банктердің клиенттеріне де қызмет көрсетті.
Сонда банктердің мамандануы тек облыстық басқарма деңгейінде жүріп, несие –
банк жүйесінің төменгі сатысын өзгерткен жоқ. Бұл әрине банк реформасындағы
негізгі минус еді.
Жаңадан құрылған банк жүйесі бұрынғыдан да көлемді, әрі ыңғайсыз, көп
сатылы, көп шығынды, үлкен бюрократ аппараты бар жүйе болды. Осы
айтылғандар төменгі, яғни аудандық, қалалық банк мекемелерінің несие және
есеп жұмыстарының бұрынғыдан бірнеше есе көбеюіне әкеп соқтырды. Банк
жүйесінің төменгі буынындағы бөлімшелері жоғары деңгейдегі әрбір
маманданған салалық банктерге (облыстық басқармаларға және республикалық
кеңселерге) өздері қызмет көрсететін клиенттер бойынша несие ресурстарын
жоспарлап және оның пайдалануы туралы есеп беріп отырды. Оны мына бір мысал
дәлелдейді, 1987 жылы (реформаның алдындағы жыл) Мемлекеттік банк бойынша
негізгі экономикалық жоспар 82 баптан құрылса, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz