Мектепке дейінгі тұтығатын балаларда коммуникативті сөйлеу тілін қалыптастыру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ 3

1 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДА ТҰТЫҚПАНЫ ТҮЗЕТУДІҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 8

1. 1 Мектепке дейінгі жастағы балалардағы тұтығудың теоретикалық аспектілері 8

1. 2 Мектепке дейінгі жастағы балалардағы тұтығудың пайда

болу белгілері 15

1. 3 Мектепке дейінгі жастағы тұтықпа балалармен жүргізілетін логопедиялық жұмыстың негізі 21

2 ТҰТЫҚПАСЫ БАР МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҚ СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛЕТІН ТӘЖІРИБЕЛІ-ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ЖҰМЫС 32

2. 1 Тұтықпасы бар мектепке дейінгі жастағы балалардың тілдік

қатынас дағдыларын зерттеу 32

2. 2 Тұтықпасы бар мектепке дейінгі жастағы балаларда тілдік қатынасты қалыптастыру бойынша жүргізілетін түзету жұмыстары 37

2. 3 Тұтықпасы бар мектепке дейінгі жастағы балалардың тілдік қатынасының қалыптасуы жөніндегі салыстырмалы талдау 46

ҚОРЫТЫНДЫ 53

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 55

КІРІСПЕ

Тұтықпа бұл сөйлеу аппаратының әр түрлі бөліктерінде болатын тырысулардан туындайтын сөйлеудің бірқалыптылығының, ырғағының, темпінің бұзылуы.

Тұтықпа бұл күрделі симптомды жүйелі болып келетін кей жағдайларда түзету нәтижесі көріне бермейтін сөйлеу бқзылысының көп тараған түрлерінің бірі. Тұтығу сөйлеудің белсенді қалыптасуының кезінде (2-6 жас) пайда болады да баланың коммуникативті мүмкіндіктерін шектейді, оның психологиялық дамуын тежейді сонымен қатар, баланың жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына кедергі келтіріп, оның әлеуметтік бейімделуін қиындатады (И. Ю. Абелева, Л. З. Арутюнян-Андронова, К. П. Беккер, Л. И. Белякова,, Н. И. Жинкин, С. С. Ляпидевский, Б. П. Пузанов, В. И. Селиверстов, И. А. Сикорский, Н. П. Тяпугин, В. М. Шкловский және т. б. ) . Барлық тұтығатын балаларда өз ойларын ашық жеткізу барысында қиындықтар кездеседі, мәтіннің байланысының бұзылуы, синтаксистік және логикалық тұрғыда аяқталмаған тіркестер, қажетті сөз іздеп тұрған сияқты сөздік кідірістер байқалады (И. К. Абелева, Г. И. Ангушева, Л. И. Белякова, Э. Р. Саитбаева, В. Матанова және т. б. ) .

Р. Е. Левинаның пікірі бойынша сөйлеу тілінің бүзылуы әр қашан түлғаның дамуына және психикасының дамуына әсер етеді, оның әсері ақаулықтың табиғатына, деңгейіне сонымен қатар ба-ланың өзінің ақаулығына кеңіл аударуына байланысты болады. Көптеген авторлар түтықпа балаларда әр түрлі деңгейде психика-лық ерекшеліктері байқалатынын атайды (X. Лагузен, И. А. Сикорский, Г. Д. Неткачев, Э. Фрешельс, Ю. А. Флоренская, М. Е. Хватцев т. б) . Кейінгі жылдардағы ғылыми жүмыстарда психологиялық ерек-шеліктерін тереңірек зерттеумен қатар (С. С. Ляпидевский, В. И. Селиверстов, В. М. Шкловский, Ю. П. Некрасова, Г. И. Ангушев, Л. З. Андронова, Э. М. Кулиев) . оларды психологиялық ерек-шеліктері бойынша ажыратуға (дифференциялауға) көңіл бөледі. Оның негізіне логофобияның болуы (С. С. Ляпидевский, С. И. Павлова) әр түрлі деңгейде өз ақаулығына көңіл аударуы (В. И. Селиверстов, В. М. Шкловский) алынады.

Тұтығу симптом да синдром да емес, ол орталық жүйке жүйесінің ауруы. Үлкен жарты шарлар қабығындағы жүйке күйзелісі бір жағынан жүйке жүйесінің жағдайына, оның қалыпты кезінен ауытқуға дайын болуымен күйзеліс жағымсыз экзогенді факторлардан туындауы мүшкін.

Тұтығу - балалар мен ересектер арасында кең таралған сөйлеу бұзылысы және пайда болу себептерінің әр-түрлілігімен күрделі симптомды жүйелілігімен, сонымен қатар көп болуымен ерекшеленеді.

Медицина мен педагогика саласындағы тұтығуға деген қазіргі заманғы көзқарас оны сөйлеу бұзылысының тежелген түрі ретінде қарастырумен шектелмейді. Тұтығудың жан-жақты болатындығын барлық авторлар мойындайды және тұтығу тұтығатын адамның кез келген тұлғалық қасиеттерімен байқалып тұратындығын дәлелденді деуге болады.

Тұтығатын балаға жүйелі түрде әсер етудің қажеттілігін ескере отырып, баланың жеке тұлғасымен сөйлеу тілінің қөайта тәрбиелеудің, оның дамуына жеке деференцималды түрде жақындаудың маңыздылығын атап айтқан жөн. Мұндай жағдайларды мектепке дейінгі жастағы балалардың әрекеттерінің жетекші түрі болып келетін ойын әрекетін қолданған дұрыс. Осы ойын барысында баланың белсенді дамуы яғни оның сөйлеуі, ойлауы, есте сақтауы, өз бетттілігі, моторикасы, өзін-өзі ұстай алуы қалыптасады. Ойын барысында балалар адамдық қатынастардың әлеуметтік тәжірибесін меңгеріп, үйренеді, ол- өз кезегінде өзара әрекеттесуші ұжым қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Тұтығу теоретикалық және тәжірибелік жағынан да жан-жақты зертттелген бұзылыс болғанымен түзету педагогикасы, клиникалық психология, психиатрия салаларындағы өзекті мәселе балып саналады. Қазіргі уақыттта психомоторлы және ойлау әрекеттері және тілдік қатынастың басқа да компоненттерін ескере отырыптұтығу мәселесін жүйелі түрде шешуге арналған жұмыстар бар. (Л. З. Арутюнян-Андронова, Н. А. Власова, Ю. Б. Некрасова, Г. Д. Неткачев, В. И. Селиверстов) . Осы зерттеу жұмыстарының авторларының кемістіктің құрылысымен, диагностикасын, критерелері мен түзету жолдарын нақты анықтап көрсеткен. Басқа зерттеулер тұтығатындардың жеке жас ерекшеліктеріне қарай жүргізілген. (Н. М. Асатиани, В. В. Ашкинадзе, Л. И. Беляковай және т. б) .

Тұтығуды түзету бойынша жүргізілетін түзету жұмысының мазмұнын зерттеу қарастырылып түзету жұмысының мазмұнын зерттеу, қарастырылып жатқан мәселенің жүйелі шешуі сөйлеу тілінің барлық компоненттерінің дизонтогенезінің механизмдерін ұзақ уақыт салыстырмалы түрде жас ерекшелігін ескере отырып зерттеусіз мүмкін емес екендігін көрсетеді. Атап айтқанда тұтығудың патогенезінде болатын тілдік қатыныстардың механизміне қатысты (В. В: Ковалев, Г. Е. Сухарева, К. Х. Ушаков, О. Н. Усанова, Ю. С. Шевченко) . Сонымен қатар, Л. С. Выготскиидің айтуы бойынша алғашқы сигналдық моторлы актілерге де қатысты.

Ойын мектепке дейінгі жастағы балалардың әрекеттерінің жетекші түрі болып саналады. Осы ойын барысында баланың белсенді дамуы, яғни оның сөйлеуі, ойлауы, есте сақтауы, өз беттілігі, моторикасы, өзін-өзі ұстай алуы қалыптасады. Ойын ойнау кезінде балалар адамдық қатынастардың әлеуметтік тәжірибесін үйренеді, ол өз кезінде өзара әрекеттесуші ұжым қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Кез-келген ойын нақты әрекет болып саналады. Оны солай қабылдау ойын әрекетін түзету мақсатында қолдануға мол мүмкіндік береді. Ойын әрекет ретінде көптеген ойындарды, оқиғаларды қарастырады, ол өз кезегінде ойын барысында қойылған, мақсатқа жетуге алып келеді. Ойынды осылай қолдану негізінде ойын әрекетінің әдістемесі құрылады және тұтығатын балалардың жеке тұлғалық сауықтырулары мен сөйлеу тілі, бұзылыстарын түзету жұмыстары жүргізіледі.

Тұтығуды түзету кезінде баланың психикалық дамуы мен сөйлеу тілінің жетілуіне үлкен әсер ететін ойын әрекетін оптималды түрде қолдану амалдары әлі де зерттелмеген. Жоғарыда айтылған жайттар қарым-қатынастық сөйлеу әрекеті туралы жинақталған мәліметтер мен олардың психикалық процесс кезіндегі маңыздылығы және тұтығатын балалардың онтогенезінде олардың өзара байланысы диагностиканың жетілуіне жол ашады, сонымен бірге тілдік кемістіктерді түзету жүйесінің ерекшелігі туралы көріністерді анықтауға көмектеседі деп қорытындылауға мүмкіндік береді. Бұл осы топтағы балалармен жүргізілетін логопедиялық жұмыстардың сапасын жақсартатын сөйлеу тілін түзету мен дамыту бойынша қолданылатын бағдарламалық материалды өзекті мазмұнмен толықтырады.

Осы мәселелердің өзектілігі мен олардың теоретикалық және тәжірибелік жағынан жеткіліксіз болуы зерттеу жұмысының тақырыбын анықтауға жол ашты: «Тұтықпасы бар балалардың қарым-қатынастық сөйлеу әрекетін қалыптастыру жолдары».

Зерттеу мақсаты: мектепке дейінгі тұтығатын балаларда коммуникативті сөйлеу тілін қалыптастыру бойынша жүргізілетін түзету жұмысы барысында ойын әрекетін қолданудың әсерін теоретикалық тұрғыда нақтылап және эксперименталды түрде тексеріп көру.

Зерттеу пәні - тұтығатын мектепке дейінгі жастағы балаларда қарым-қатынастық сөйлеу әрекетінің темптік- ырғақтың бұзылуы.

Зерттеу нысаны - тұтығатын мектепке дейінгі жастағы балалардың коммуникативті сөйлеу тілін қалыптастыру процесі.

Зерттеу жұмысының негізінде мынадай болжам жатыр: егер мектепке дейінгі жастағы тұтығатын балалардың коммуникативті сөйлеу тілін қалыптастыру бойынша жүргізілетін түзету жұмысы барысында ойын мен ойындық амалдарды мақсатты бағытталған түрде қолданса, онда осы топтағы балалардың қарым-қатынастық сөйлеу тілі жағдайын максималды түрде жақсартуға болады.

Зерттеу жұмысының негізгі мәселесі мақсаты мен пәніне сәйкес төмендегідей міндеттер қойылды:

  1. Ойын әрекетін қолдану арқылы мектепке дейінгі жастағы балаларда тұтығу кемістігін жою мәселесі бойынша зерттеудің теоретикалық талдау жұмысын орындау;
  2. Мектепке дейінгі жастағы тұтықпасы бар балалардың қарым-қатынастық сөйлеу әрекетінің даму ерекшеліктерін анықтау;
  3. Тұтықпасы бар мектепке дейінгі жастағы балалармен жүргізілетін түзету шаралары барысында ойын амалдарын қолданып, коммуникативті сөйлеу тілін қалыптастыру кезінде жасалатын жаттығулар кешенін жасау және саралау.

Зерттеудің теоретикалық-әдіснамалык қоры:

  • Л. С. Выготскиидің бала ағзасының компенсаторлы мүмкіндіктері туралы, ағзадағы биологиялық және әлеуметтік динамикалық әрекеттер туралы, актуалды және жақын даму аймақтары туралы зерттеулері;
  • Кемістігі бар баланы зерттеуге деген кещенді және толық жақтындау концепцпиясы (Л. С. Выготский, А. Р. Лурия, П. Л. Гальперин, В. В. Давыдов, Д. Б. Эльконин) .
  • Баланың потенциалды мүмкіндіктерін анықтау барысында ересек адамның көмегінің ролі туралы концептуалды идеялар (Т. В. Егорова, А. Л. Иванова, Н. Ю. Борякова, М. С. Певзнер, В. И. Лубовский) .
  • Тұлғалық даму кезінде әрекеттік жақындау концепциясы (Л. С. Выготскийғ В. В. Давыдов, Г. И. Железовская, Л. Н. Леонтьев, Г. И. Щукина) .

Зерттеу әдістемелері зерттеу пәні мен нысанының ерекшеліктерін ескере отырып, таңдалып алынды және жұмыстың мақсатына, міндеттері мен болжамына сәйкес болды:

  • зерттеу тақырыбы бойынша психолого-педагогикалық және оқу-әдістемелік теоретикалық талдау;
  • қарым-ақтынастық сөйлеу әрекеті дамуының параметрлерінің психолого-лингвистикалық диагностикасы;
  • алынған мәліметтердің сандық және сапалық талдауы;

Зерттеу теоретикалық маңыздылығы тұтықпасы бар мектепке дейінгі жастағы балалардың қарым-қатынастық сөйлеу әрекетін ойын әрекетін белсенді түрде қолдану арқылы қалыптастыру жүйесін зерттеу технологиясын жасаудан тұрады.

Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы біз өңдеген түзету технологиялары, мектепке дейінгі жастағы тұтықпа балалардың қарым-қатынастық сөйлеу әрекетін қалыптастыру жүйесі осы топ балаларының ата-аналары үшін және арнайы мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілері мен логопедтер үшін пайдалы болуы мүмкін, сонымен бірге сөйлеу тілінің темптік-ырғақты жағының бұзылуы байқалатын балаларды реабилитациялау кезінде қолдануға балатындығында.

Зерттеудің тәжірибелік базасы: ГККП Тараз қаласының №8 арнайы логопедиялық балабақшасы.

Зерттеу кезеңдері: Ғылыми-теоретикалық жұмыс 3 кезеңнен тұрады. (2010-2012 жж) .

Алғашқы кезеңде (2010-2011жж) арнайы білім берудің теориясы мен тәжірибесіндегі мәселенің жағдайы зерттелді, сөйлеу тілінің темптік- ритмикалық бұзылысы бар балалардың сөйлеу тілін зерттеудің жеке фрагменттері мен жүйелі түрде болатын шаралар кешені жасалды, зерттеу жұмысының келесі бағдарламалары анықталды.

Екінші негізгі кезеңде (2011-2012жж) зерттеу жұмысының пәні, нысаны, міндеттері анықталып, нақтыланды. ГККП Тараз қаласының №8 арнайы логопедиялық балабақшасында тұтықпасы бар мектепке дейінгі жастағы балалардың коммуникативті сөйлеу тілін қалыптастыру жұмысы кезінде түзету-диагностикалық әдістемесін жасау бойынша жан-жақты тәжірибелік-эксперименталды жұмыстар жүргізілді, зерттеу мәселесі бойынша құжаттар мен мәліметтер жинақталды.

Үшінші қорытынды тәжірибелік-эксперименталды жұмыс барысында алынған мәліметтер өңделді. Дипломдық жұмыс рәсімделді.

Дипломдық жұмысының құрылымы мен көлемі. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, 62 атаудан тұратын пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, кестелер мен диаграммадан құрылған қосымшадан тұрады.

1 МЕКТЕПКЕ ЖЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДА ТҰТЫҚПАНЫ ТҰЗЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Мектепке дейінгі балалардағы тұтығудың теоретикалық аспектілері

Тұтығу-сөйлеу аппаратының дірілдік жағдайымен шартталған сөйлеудің темптік-ырғақтық бұзылуы. Синонимдері: balbuties, disphemie, spasmophemie, lalonewros.

Тұтығу мәселесін сөйлеу бұзылыстары туралы ғылымның даму тарихындағы ең ертедегісі деп санауға болады.

Орта ғасырларда тұтығуды бас миында судың көп болуымен (Гиппократ) немесе артикуляциялық аппараттың бөліктерінің дұрыс емес болуымен (Аристотель) байланысты ауру ретінде қарастырған. Сөйлеу аппаратының орталық немесе перифериялық аймақтарындағы бұзылыстан болуы мүмкін екендігін Гален, Цельс, Авицениа мойындаған.

Шет елдерде ХVІІ - ХVІІІ ғ. ғ. тұтығуды сөйлеу аппаратының перифериялық аймағының жетілмеуінің салдары ретінде қарастырылған. Мысалы, Санторини тұтығу қатты таңдайдың майысып, сілекей дұрыс өтпеуінен сөйлеу қиындайды да тұтығу пайда болады деп есептеген. Басқа зерттеушілер тұтығуды сөйлеу мүшелері қызметінің бұзылуымен байланыстырған: дыбыс қуысының дірілдеп жабылып қалуы (Арнат, Шультесс) ; аса жылдам дем шығару (Беккерель) ; ойлау мен сөйлеудің сәйкессіздігі (Блюме) ; және т. б.

Ресейде көптеген зерттеушілер тұтығуды сөйлеу аймағындағы функционалды бұзылыс дірілдікневроз ретінде (И. А. Сикорский 1889; И. К. Хмелевский 1897ж және т. б. ) немесе сөйлеу аппаратында дірілдік әрекетермен байқалатын таза психикалық ауытқу ретінде (Хр. Лагузен 1838, Г. Д. Неткачев 1909, 1913) қарастырған.

ХХғ басындағы тұтығу механизмдерінің түсіндірудің әр түрлілігін 3 түрлі теоретикалық бағыттарға бөлуге болады.

  1. Тұтығу сөйлеу орталықтарының қоздырғыштық әлсіздігінен болатын координацияның спастикалық неврозы ретінде. Бұл Г. Гутуманның, И. А. Куссмаульдің, И. А. Сикорскийдің еңбектерінде нақты көрсетілді. Кейінірек олар тұтығуды невротизм ретінде түсіндірді.
  2. Тұтығу психологиялық сипаттағы ассоциативті бұзылыс ретінде А. Либманн, Г. Д. Неткачев, Ю. А. Флоринскаяның жақтастары.
  3. Тұтығу психикалық зақымдар нәтижесінде, қошаған ортадағы алуан түрлі жанжалдардан туындайтын саналы көрініс ретінде А. Адлер, Шнейдер теорияларын жақтаушылар.

Осылайша ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басында тұтығу - күрделіпсихофизикалық бұзылыс деген пікір қалыптаса бастады. ХХ ғ. 50-60 ж. ж. қарай тұтығу механизмін И. П. Павловтың адамның жоғарғы жүйке жүйесі қызметі туралы, атап айтқанда невроз механизмі туралы зерттеулеріне сүйене отырып қарастыра бастайды.

Тұтығу басқа невроздар сияқты қозу мен тежеу процестерінің күшеюін туғызатын әр түрлі себептерінің нәтижесінде пайда болады. Тұтығу- симптом да синдром да емес, ол орталық жүйке жүйесінің ауруы. Үлкен жарты шарлар қабығындағы жүйке күйзелісі бір жағынан жүйке жүйесінің жағдайына, оның қалыпты кезінен ауытқуға дайын болуымен шартталған болуы мүмкін. Екінші жағынан күйзеліс жағымсыз экзогенді факторлардан туындау мүмкін. Бас миы қабығы қызметінің бұзылуы бірінші ауытқу болады да, қатынастық тежелуіне әкеледі және қабықасты бөлшектерінің қызметін реттейтін шартты-рефлекторлы механизмдердің бұзылуына әкеп соғады. Осындай жағдайда яғни қабықтың қалыпты реттелуі бұрмаланған кезде стриопаллидарлы жүйе қызметінде жағымсыз, кері қозғалыстар орын алады. Тұтығу механизмінде оның алатын ролі өте маңызды, өйткені қалыпты жағдайда бұл жүйе дем алудың темпі мен ритміне және артикуляторлы бұлшықеттердің тонусына жауапты. Тұтығу стриопаллидумның органикалық өзгерістері кезнде емес, оның қызметінің динамикалық тұрғыда ауытқуынан туындайды.

Қазіргі уақытта пайда болу себептерін 2 топқа бөліп қарастыруға болады. Сонымен бірге кейбір этилогиялық факторлар тұтығудың пайда болуына жол беріп, оны тікелей туындатуы мүмкін. Ата-аналардың невротикалық орталық жүйке жүйесінің қызметін әлсірететін жүйкелік, жұқпалы және соматикалық аурулар.

Тұтығатын баланың өзінің невротикалық ерекшеліктері: түнгі қорқыныш, энурез, аса қатты қозғыштық, эмоционалды жағынан сезімталдық.

Тұқым қуалайтын тұтықпа рецессивті белгі ретінде тұқым қуалау арқылы беріліп, сөйлеу аппаратының туылғаннан әлсіз болуының әсерінен дамиды. Сонымен қатар, қоршаған ортаның жағымсыз әсерінен тұтығуда туындайтын экзогенді факторлардың ролін де ескеру қажет.

Бас миының көптеген жағымсыз факторлардың әсерінен даму кезеңінің әр түрлі уақытында зақымдалуы: құрсақ ішіндегі және туу кезіндегі зақымдар, асфиксия; әр алуан балалар ауруы кезінде туындаған постнатальды - жұқпалы, зақымдалған немесе жарақаттанған ауыспалы-трофикалық бұзылыстар.

Жағымсыз, кері жағдайлар: балалардың физикалық әлсіздігі. Бас миы қызметінің жастық ерекшеліктері; бас миының үлкен жарты шарлары 5 жас шамасына қарай қалыптасады, осы жаста бас миы қызметінде функционалды ассиметрия пайда ола бастайды. Сөйлеу қызметі онтогенетикалық жағынан дифференцияланған және кеш дамиды, әсіресе нәзік және сезімтал. Оның қыз балаларға қарағанда ұл балаларда жай дамуы олардың жүйке жүйесінің тұрақсыздығының басымдығын байқатады.

Сөйлеудің жылдам дамуы (3 - 4 жас), оның қызметін реттейтін танымдық, коммуникативті түрлі ересек адаммен қарым-қатынасқа түсу әсерінен тез дамиды. Көп балаларда бұл кезеңде физиологиялық сипатта болатын буындар мен сөздерді қайталап айту байқалады.

Баланың психикалық тұйықтығы, айналасындағылармен жағымсыз қатынаста болғанынан туындаған жоғары әсершілдік.

Бала мен ересек адам арасындағы жағымды және эмоционалды байланыстың жеткіліксіздігі.

Моториканың, ритмнің, мимика-артикуляторлы қимылдардың дамуының аздығы.

Жағымсыз, кері жағдайлар тобынан бөліп қарастырамыз.

Ағзалық-физиологиялық себептер: энцефалопатиялық салдары бар физикалық аурулар.

а) жарақаттар, зақымдар (құрсақ ішілік, туу кезіндегі, асфиксия, бас миының шайқалуы) ;

б) қимыл- қозғалысты реттейтін қабақасты механизмдерінің зақымдалуы болатын бас миының органикалық бұзылуы;

в) сөйлеудің орталық аппаратын әлсіздендіретін интоксикация және т. б. аурулар нәтижесінде туындайтын жүйке жүйесінің қажуы немесе шаршауы.

Психикалық және әлемуеттік себептер:

а) қысқа мерзімді - бір сәттік-психикалық зақым (қорқыныш, үреу) ;

б) ұзақ уақыт әсер ететін психикалық зақым, яғни отбасындағы дұрыс емес тәрбие: тым еркелету, дұрыс емес тәрбие, үнемі жанжалдық жағдайда болатын психикалық қоздырғыш түрінде болатын жағымсыз эмоция.

в) балалаық шақтағы сөйлеудің дұрыс болмауы, дем алғанда сөйлеу жылдам, тез сөйлеу, дыбыс айтудың бұзылуы, ата-аналардың жылдам ашуланып сөйлеуі;

г) кіші жастағы балалардың сөйлеу материалын шамадан тыс қолдануы, сөйлеу материалдары мен ойлауға байланысты тапсырмалардың өз жасына сәйкес болмауы (абстрактылы ұғымдар, тіркестердің күрделі құрылымды болуы) ;

д) тұтығатын адамға еліктеу (мұндай сөйлеу индукциясының 2 түрін бөліп қарастырады: енжар- бала тұтығатын адамның сөйлеуін естіп, еріксіз тұтыға бастайды; белсенді - ол тұтығатын адамның сөйлеуін айна қатесіз қайталайды) ;

е) солақайлықты жоюға тырысу;

Бір бірімен тығыз байланыста болатын симптомдардың 2 түрін шартты түрде бөліп қарастырады.

  1. Физиологиялық (биологиялық) симптомдар: сөздік дірілдер. Баланың физикалық денсаулығының және орталық жүйке жүйесінің бұзылуы (Сурет 1) .

Тұтығудың негізгі сыртқы-белгісі сөйлеу актісі кезіндегі дірілдеу. Оның ұзақтығы әр түрлі: 0, 2 секундтан 90 секундқа дейін (күрделі жағдайларда) .

Дірілдер түрі бойынша (тоникалық, клоникалық және аралас), локализациясы бойынша (демдік, дауыстық, артикуляционды және аралас) және жиілігі бойынша бөлінеді.

Сурет 1. Тұтықпаның симптомдары.

Тоникалық діріл кезінде қысқа немесе бұлшықеттерінің спазматикалық қысқаруы байқалады: «т-ақта» (әріптен кейінгі сызық сәйкес дыбысты дірілдеп ұзақ айтуды білдіреді) .

Клоникалық діріл кезінде бір дірілдік қимылды бірнеше рет бірден қайталау байқалады: «та-та-тақта».

Осылайша барлық демдік - дауыстық - артикуляционды аппарат зақымдалады.

Сөйлеу мүшелерінің бір немесе бірнеше жерінде дірілдің болуына байланысты діріл демдік, дыбыстық, артикуляционды деп бөлінеді.

Тұтығу кезіндегі демалу бұзылысының 3 түрін ажыратады: эксперименталды (дірілдік дем шығару), икспираторлы (дірілдік дем алу), респираторлы (дірілдік дем алу, дем шығару, кейде сөз үзіліп қалады) .

Артикуляциялық апаратта болатын дірілдер- еріндік, тілдік және жұмсақ таңдайлық. Олар көбінесе дауыссыз, қатаң дыбыстарды (к, г, п, б, т, д) айтқанда; сирек және аз күшпен-қуыстық дыбыстарды айту кезінде байқалады.

Экспрессивті сөйлеу кезінде тұтығатын балаларда фонетика-фонематикалық және лексико-грамматикалық бұзылыстар байқалады. Соңғы мәліметтер бойынша мектепке дейінгі жастағы балалар арасындағы фонетика-фонематикалық бұзылыстың таралуы 66, 7%, кіші мектеп жасындағылар арасында - 43, 1%, орта жастағылар - 14, 95% және үлкен мектеп жсындағылар арасындағы - 13, 1% құрады.

Тұтығудың байқалуына әр түрлі сөздік және жалпы моторикалық бұзылуы тән.

Амал-айлаға тұтығатын бала өзінің сөйлеуін жасыру үшін немесе жеңілдету үшін қолданатын қосымша қимылдар жатады.

Жалпы моторлы күйзеліс, қозғалыстың шектеулілігі, тежелгештік, еріншектік немесе дискординаия жиі кездеседі.

  1. Әлеуметтік (психологиялық) симптомдар.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТҰТЫҚПАСЫ БАР МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДА ҚАРЫМ
Тіл мүкістіктері бар балалардың сөйлеуі
Сөйлеудің бұзылу түрлері мен себептері және паталогиясы
Алалия түрлері
Тұтықпасы бар балаларда тұтығудың теориялық аспектілер
Сөйлеу тілінің бұзылуының сипатталуы
Мектепке дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамуының ғылыми - теориялық негізі
Тіл кемістігін топтастыру
Мектепке дейінгі тұтықпасы бар балалардың сөйлеу тілі дамуының ғылыми - теориялық негізі
Жалпы тіл кемістіктері бар балалармен жүргізілетін логопедиялық жұмыстың ерекшеліктері туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz