Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамыта отырып, білім сапасын арттыру



1 Оқытудың танымдық қызуғышылығын қалыптастыру
2 Қазіргі оқыту технологиялары
3 Тәжірибелік қолданыстағы іс. әрекетке байланысты қызығушылық қалыптастыру
4 Оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген танымдық қызығушылығын анықтау
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсібін шыңдауға бағытталған рөлі атап көрсетілген: «педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабілеттерінің көрініп, дамуы үшін жағдай жасауға міндетті», - делінген.
Оқытудың танымдық қызуғышылығын қалыптастырудағы маңызын бірқатар педагогтардың И.Я. Лернер, Б.Г. Ананьев, М.А. Данилов, М.И. Махмутов, Ю. К. Бабанский, Б.П. Есипов, Г.И. Щукина, Т.И. Шамова, және т.б. еңбектерінде зерттелген. ХҮI ғасырда өмiр сүрген француз ғалымы Мишель Монтень оқытудағы танымдық әрекеттiң маңыздылығын ерекше атап көрсеттi: «Оқушыға мұғалiмнен алған бiлiмiн түгел сүзбеден өткiзiп, өз бетiнше талдау жасату қажет. Нәтижесiнде бiлімге құштарлығы дами түсетiнi сөзсiз», - деп атап көрсеткен.
Республикадағы ғалымдар Ж.А. Қараев, Н.Д. Хмель, М.Ә. Құдайқұлов, А.Е. Әбілқасымова, Қ.К. Жанпейісова, т.б. ғылыми еңбектерінде таным жөніндегі идеяларын уақытқа үйлесімді, танымдық қызығушылығын қалыптастыру, өз бетімен білім алу, дағдыларын қалыптастырудың тиімді негіздерін зерттеген.
Мемлекеттік тілде білім алатын оқушылардың ағылшын тілін оқытуда танымдық жолдары арқылы білім сапасын арттыру. Жеке дара тапсырмалар, ойындар, деңгейлік жаттығулар, тестер, дидактикалық материалдар, шығармашылыққа арналған тапсырмалар арқылы балалардың қызығушылығын, іздемпаздығын, тапқырлық, ұстамдылық әрекеттерін, ойын ұштай келе, қиялын дамытып, баланы өз бетімен жұмыс істеуге икемдеу.Егер оқушылардың танымдық іс- әрекетінде тілдерді оқытудың педагогикалық мүмкіндіктері тиімді пайдалынылса, онда оқушылардың мотивациясы мен танымдық қызығушылықпен әрекет жасау дағдылары дамиды, сөйтіп оқушылардың пәнді зерттеуге деген қызығушылығын тудыруға негіз болады, білім сапасы артады.
1. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы – Астана, 2004.
2. Тілдерді оқытудағы танымдық қызығушылықты қалыптастырудың дидактикалық жолдары/Ізденіс, - Алматы, 2006. № 1 (2). – Б.233-236.
3. Тілдерді оқыту барысында танымдық қызығушылықты қалыптастырудың дәстүрлі жолындарындағы проблемалар мен ізденістер/Ұлт тағылымы, Алматы, 2006. № 1. – б. 83- 86
4. Қызығушылықтың нәтижелігі/Қазақстан мектебі, - Алматы, 2006. № 3. – б. 16- 18.
5. Қызығушылықты баянды оқыту мен білімдендірудің нәтижелі болуы. Бүгінгі түркітану және оның даму бағыттары. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты. Халықаралық ғылыми- практикалық конференция. – Алматы, 2006. 2 том. – б. 211- 215.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫН ДАМЫТА ОТЫРЫП, БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ

Шакирова Зарина Олжашқызы

№35 жалпы орта білім беру мектебі,ағылшын тілі пәні.

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында білім беру жүйесінің
жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсібін шыңдауға бағытталған рөлі
атап көрсетілген: педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру
стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын
қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабілеттерінің көрініп, дамуы үшін
жағдай жасауға міндетті, - делінген.
Оқытудың танымдық қызуғышылығын қалыптастырудағы маңызын бірқатар
педагогтардың И.Я. Лернер, Б.Г. Ананьев, М.А. Данилов, М.И. Махмутов, Ю. К.
Бабанский, Б.П. Есипов, Г.И. Щукина, Т.И. Шамова, және т.б. еңбектерінде
зерттелген. ХҮI ғасырда өмiр сүрген француз ғалымы Мишель Монтень оқытудағы
танымдық әрекеттiң маңыздылығын ерекше атап көрсеттi: Оқушыға мұғалiмнен
алған бiлiмiн түгел сүзбеден өткiзiп, өз бетiнше талдау жасату қажет.
Нәтижесiнде бiлімге құштарлығы дами түсетiнi сөзсiз, - деп атап көрсеткен.

Республикадағы ғалымдар Ж.А. Қараев, Н.Д. Хмель, М.Ә. Құдайқұлов,
А.Е. Әбілқасымова, Қ.К. Жанпейісова, т.б. ғылыми еңбектерінде таным
жөніндегі идеяларын уақытқа үйлесімді, танымдық қызығушылығын қалыптастыру,
өз бетімен білім алу, дағдыларын қалыптастырудың тиімді негіздерін
зерттеген.
Мемлекеттік тілде білім алатын оқушылардың ағылшын тілін оқытуда
танымдық жолдары арқылы білім сапасын арттыру. Жеке дара тапсырмалар,
ойындар, деңгейлік жаттығулар, тестер, дидактикалық материалдар,
шығармашылыққа арналған тапсырмалар арқылы балалардың қызығушылығын,
іздемпаздығын, тапқырлық, ұстамдылық әрекеттерін, ойын ұштай келе, қиялын
дамытып, баланы өз бетімен жұмыс істеуге икемдеу.Егер оқушылардың танымдық
іс- әрекетінде тілдерді оқытудың педагогикалық мүмкіндіктері тиімді
пайдалынылса, онда оқушылардың мотивациясы мен танымдық қызығушылықпен
әрекет жасау дағдылары дамиды, сөйтіп оқушылардың пәнді зерттеуге деген
қызығушылығын тудыруға негіз болады, білім сапасы артады.
Білім берудің әдісін қалыптастыруда танымдық қызығушылық ерекше
маңызды. Сондықтан оқу материалдарының мазмұны, жан-дүниені қызықтыруға
бағытталуы керек. Танымдық қызығушылықты дамытудың үш шарты бар:
1. Мазмұнның жаңғыртылуы, бұрын жарияланып өтілген фактілерді жаңаша
сипаттау, хабарланып отырған мәліметтерге тарихи бағдар беру, білімнің
тәжірибелік мәнін ашып көрсету және ғылымның соңғы жаңалықтарын,
табыстарын жүйелі баяндау.
2. Өз бетінше жұмыс істеудің әр-түрлеріне негізделген, оқытудың
проблемалық тұрғыда алған мәліметтерді зерттеу негіздеріне және
оқушының шығармашылық, тәжірибелік жұмыстарына бағытталған оқыту
тәсілдері.
3. Оқушының қабілетін ұштау, оқытушының оқушыға көмек беруге дайын тұруы,
олардың күш - мүмкіндіктеріне қолдау көрсету қабілеті, талап
қоюшылығы мен адалдығы, оқушыларды көтермелей білу, сондай-ақ
оқушылардың өзара бәсекесіне көмек көрсете білу қасиеті.
Қазіргі оқыту технологиялары мұғалімнің дайын білімді баяндауымен
байланысты. Оқушылардың танымдық білімі мен білігін қалыптастыру мақсаты
арнайы үш әдістемелік ұсыныс жүйесінің негізінде ұйымдастырылуы тиіс: жаңа
білім беруге дайындық, жаңа білім беру және жаңа білімді бекіту. Бұл
ұсыныстар оқытудың әдіс-тәсілдерін құралдары мен түрлерін жетілдіру,
қазіргі технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Осының
арқасында жаңа сабақ түсіндіру, бекіту, қайталау сияқты кезеңдерден тұратын
дәстүрлі сабақтардың орнына оқу процесінің кезеңдерінен тұратын қазіргі
заманда жаңа талапқа сай жаңа технологиялар пайда бола бастады. Бұлар –
кабельдік және спутниктік теледидарлар, бейнеконференциялар, телефорумдар,
телемарафондар, партфолио, интербелсенді тақта, электрондық оқулықтар.
Оқушы мен мұғалімнің біріккен қызметі мұғалімнің оқушыларға
ұсынатын тапсырмалары, тәжірбиелік жұмыстар т.б. арқылы ұйымдастырылып,
жүзеге асып отырады. Дамытушылық алғы шарттарына сәйкес оқушыларға
ұсынылатын оқу тапсырмаларының түрлеріне тоқталайық:
1. Оқушылардың ғылым негіздерін оқып үйренудегі басты қозғаушы күш-оқу
барысында кездесіп отыратын танымдық және сарамандық тапсырмалар мен
оқушының білім, білік, ақыл-ой дамуының арасындағы қарама-қайшылықтар.

2. Балалардың жаңа біліммен қаруланудағы белсенділіктері. Олардың
білімнің логикалық негіздерін меңгеруі. Жаңа білім алу үшін қажетті
бұрынғы қағидалар мен анықтама, қасиеттерді қайта жаңғыртып, нақтылап,
ойша пайымдап, еске түсірмейінше, ескі мен жаңаның байланысын
білмейінше мүмкін емес.
Бұл алғы шарттарға талдау жасаған кезде жаңа білімді меңгеру
барысында үш түрлі дайындық тапсырмаларын ұсынуға болады:
а) жаңа білім алу үшін қажет болатын қайталауға, нақтылауға, оқушының
білетін материалдарын толықтыруға арналған тапсырмалар;
ә) бұрыннан белгілі оқуматериалдары мен жаңа білімнің логикалық байланысын
орнықтыратын, ойлауға берілетін тапсырмалар;
б) оқулықта берілген жаңа оқу-танымдық міндеттерді меңгеруге және оларды
шешудегі қиындықтарды жеңуге үйрететін тапсырмалар.
Танымдық қызығушылық – бұл оқушының болашағы үшін табысқа жету
дағдыларын қалыптастыру тиіс. Тіл арқылы қалыптасқан танымдық сапаны
арттыруда қолданылатын әдістемеде көрнекілік, үлгі көрсету, проблемалық
ізденістер туғызу, нақты өмір деректеріне жүгіну. Оқушылардың танымдық
қызығушылығын тілдерді оқыту үрдісінде қалыптастыру, оқушылардың тіл
сабақтары арқылы іс- әрекетке ұмтылдыратын танымдық қызығушылығы, білім
алуға даярлығы, меңгерген біліміне сүйене отырып, танымдық тапсырмаларды
өздігінен шешуі, шығармашылық қабілетінің қалыптасуы, өз жұмысын өздігінен
шешуі, өз жұмысының сапасын бағалауы болып табылады.
Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамытуға арналған
зерттеулердің нәтижелері оқушылардың танымдық қызығушылығының көрсеткіштері
ретінде төменде берілген:
- таным үрдісіндегі белсенділігі, білімге қызығушылығы;
- өздігінен ізденушілік әрекет жасауға ынтасы;
- орындалатын жұмыстың мақсаты мен міндеттерін анықтай білуі;
- оқу- танымдық қызметтегі негізгі түйінді анықтау білігі;
- игерілген білімді тасымалдай білуі;
- өз іс- әрекетін бақылауы, бағалауы;
Оқушылардың танымдық қызығушылығының ең жоғарғы деңгейі танымдық
міндеттерді өздігінен шешуге ұтымды жолдарды қолдана білуімен, жаңаны
білуге деген қызығушылығының жоғары болуымен және өз іс- әрекеттерін
бақылап, бағалай білуімен сипатталады. Орта деңгейде оқушы танымдық іс-
әрекет деңгейін өздігінен орындауды оқытушының көмегін қажет етуімен
сипатталады, төменгі деңгейде оқушы танымдық тапсырманы қайталаумен
шектеліп, оқытушының көмегімен орындалады.
Тәжірибелік қолданыстағы іс- әрекетке байланысты қызығушылық
қалыптастыруды пайдаланылатын дидактикалық дәстүрлі әдістерді былай
жүйелеуге болады:
Кесте 1 – Оқушылардың танымдық қызығушылығын тілдерді оқыту үрдісінде
қалыптастырудың дидактикалық әдістері:

Оқыту әдісінің түрі Оқыту әдісінің мазмұны
Стрела әдісі Әртүрлі тапсырмалар беру, диолог, шағын
әңгіме құрастыру оқушының танымдық білімін
толықтыру.
Бумеранг әдісі Рольдік ойындар құрастыру, іскерлік ойындар
ұйымдастыру, оқушының зейін- зердесін
танымдық мәнге аудару.
Лоскутная Жоғарғы сынып оқушылармен әр түрлі
тақырыпта жарнамалық роликтер ұйымдастыру.
Бейне диктант Оқушы орфографиялық, грамматикалық қатесіз
жазуға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сабақты құру негізі - оқушылардың жұмысын ұйымдастыру
Эксперименталды оқыту жүйесіндегі оқушының өздік жұмысы
Оқытудың дамытушылық және тәрбиелік сипаты туралы
Ауызша жаттығулардың теориялық тұрғыдан негізделген жүйесін жасау
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың моделі
Оқушылардың биологияны оқуға қызығушылығын арттыру жолдары
Оқытудың дамытушылық және тәрбиелік сипаты
Бастауыш метеп оқушыларының таным белсенділігін арттыруда дамыта оқыту технологиясының рөлі
Биология пәнін оқыту процесі кезіндегі ақпараттық және коммуникативтік технологиялар
Инновациялық технологиялардың түрлерін талдау
Пәндер