Ұлы қазан революциясы және Қазақстан


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Ұлы қазан революциясы және Қазақстан

Россиядағы 1917 жылғы февраль революциясы өзінің әлеуметтік-экономикалық мазмұны жағынан буржуазиялық демократиялық революция еді. Оның алдында 1905 жылғыдай патша самодержавиесін, помещиктік жер иелігі мен крепостниктерге берілген артықшылықтарды, ұлттық қанауды жою міндеттері тұрды. Алайда бірінші революциядан кейінгі он жыл ішінде жағдай өзгерген еді. Елде капиталистік қатынастар одан әрі дамып, таптық күштер жіктелді. Соғыс өнеркәсіптің шоғырлану процесін және монополистік капитализмнің мемлекеттік-монополистік капитализма ұласуын тездетті, өндіргіш күштер мен капиталистік өндірістік қатынастардың, пролетариат пен буржуазияның, империалистік мемлекеттер мен отарлардағы езілген халықтарының арасындағы қайшылықтарды ұлғайтып, шегіне жеткізе шиеленістіріп жіберді.

В. И. Ленин бұл дәуірді былай деп сипаттады: «Соғыс осындай ұшы-қиыры жоқ кризис туғызды, халықтың материалдық және моральдық күштерін сонша жұмылдырды, қазіргі бүкіл қоғамдық ұйымға сонша соққылар берді, адамзат екі жолдың бірін таңдауға мәжбүр болып отыр: не құру керек, не ең жоғары өндіріс әдісіне шапшаң және тыңғылықты түрде
көшу үшін өз тағдырын ең революциялық тапқа тапсыру керек».

1917 жылдың басында революциялық дағдарыс онан сайын шиеленісті. Большевиктердің Петербург комитетінің шақыруымен 1917 жылғы 9 январьда соғыс басталғаннан бергі ең күшті ереуіл болды. Тек Петроградтың бір өзінде ғана ереуіл жасағандардың саны 137 мыңға жетті. Январьдан бастап Петроградта, Москвада, Бакуде және басқа қалаларда
ереуіл толқыны үздікеіз өрге шапты. 1917 жылғы январь - февральда тек қана фабрикалық инспекцияның бақылауындағы кәсіпорындарда ғана барлығы 676 мың жұмысшы ереуіл жасады, олардың саяси стачкаға қатысқандары январьда 66 процент, февральда 95 процент болды.

Армияда да революциялық көңіл-куй күшейіп келе жатты. 1917 жылғы январьда Оңтүстік-Батыс майдандағы- 223-ші Одоевск полкының солдаттары көтеріліс жасады. Революциялық күшті толқу шаруалардың арасына да тарады. Полициялық ақпарлардың бәрі де бір ауыздан «Деревня 1905 жылдың рухымен жалын атуда» деп көрсетті.

14 февраль күні Мемлекеттік Дума сессиясының ашылуына байланысты меньшевиктер Таврия сарайына жұмысшылардың шеруін ұйымдастыруды және «Халықты құтқаратын» үкімет құруды талап етуді ұсынды. Олар Думаға бүкіл халықтың сенімін туғызғысы келді, сөйтіп, оның маңызын көтермекші болды.

Большевиктер мұның орнына жұмысшыларды «Патша монархиясы жойылсын!», «Соғысқа қарсы соғыс жариялаймыз!» деген ұрандармен ереуілдер, демонстрациялар жасауға шақырды. 14 февральда 52 кәсіпорны - 84 мың адам ереуіл жасады. Нева проспектісінде жұмысшылар мен студенттердің демонстрациясы болып өтті. Революциялық толқын Дума үйінің жанынан өтіп жатты. Дума, Родзянконың ашы да болса мойындағанындай, «жай бақылаушы ролін» атқарып қала берді.

1917 жылғы февральдың екінші жартысында РСДРП Петербург комитеті «Петроградтың барлық жұмысшылары мен жұмысшы әйелдеріне» арнап үндеу басып шығарып, патша өкіметіне қарсы батыл күреске шығуға шақырды. «Сүр шинель және көк блузка киген -жұмысшы табы мен шаруалар бір-біріне қол беріп, - делінді үндеуде - Россияны тұншықтырып келген масқаралықты біржолата жою үшін, патшаның
бүкіл тобына қарсы күрес жүргізуге тиіс».

Большевиктер әдетте өзінің үлгісімен барлық кәсіпорындарды күреске көтеретін Путилов заводына айырықша көңіл бөлді. 18 февральда Путилов заводының лафетті-штамп жасайтын мастерскойы жұмысын тоқтатты, жұмысшылар өнімнің бағасын 50 процент арттыруды талап етті. Әкімшілік бұл талапты орындаудан бас тартып, ереуілшілерді жұмыстан шығарып жіберді. Осыған байланысты барлық цехтарда жұмыс тоқталды. 22 февральда әскери бастықтардың жарлығы бойынша завод жабылды. Путилов заводындағы осы жанжал Питер жұмысшыларының бұқаралық-революциялық бой көрсетуінің бастамасы болды.

Ақпан революциясының бүкіл дүние жүзілік тарихи маңызы

Екінші орыс революциясы жұмысшылардың империалистік соғысқа және бүкіл дүние жүзіндегі таптық езгіге қарсы күресіне қуатты әсер етті. Февраль революциясының халықаралық маңызын бағалай келіп, В. И. Ленин: «Бүкіл дүние жүзінің жұмысшылары Россияның революцияшыл жұмысшылары мен солдаттарын жұмысшы табының бүкіл дүние жүзілік
азаттық армиясының алдыңғы қатардағы отряды деп біліп, оған аса сүйінішпен қарайды»-деп көрсетті.

Социал-шовинистер мен центристер революциялық күрестің Батыс Европаға тарап кетуінен қауіптеніп, өз елдерінде орыстың революциялық тәжірибесін пайдалануға қарсы шықты. Олар дамыған капиталист елдер үшін революция емес, парламенттік күрес қажет деп жұмысшыларды сендірмек болды. Ал. интернационалистер, әсіресе төңірегіне герман пролетариатының, алдыңғы қатарлы өкілдері - Карл Либкнехт, Роза Люксембург және басқаларды біріктірген «Спартак» тобы, керісінше, Россиядағы февраль революциясынан «капиталдың таптық үстемдігіне қарсы пролетариаттың бүкіл дүние жүзілік-тарихи күресінің» бастамасын көрді.

Орыс революциясының әсерімен спартакшылардың листовкалары мен документтері де Германияда революция жасауға шақырды. Жұмысшыларға арналған бір үндеуінде олар орыс жұмысшылары өздерінің ерлік күресімен «Интернационалдың туын соғыстың ласы мен азабынан шығарып алғаны, биікке көтергені сонша, көктемді жақындатып келе жатқан марттың желімен жайқалып, барлық елдердің пролетарларына шамшырақша жарқырап түр . . . Неміс жұмысшылары мен жұмысшы әйелдері! Сіздер де осыны істеңіздер» деп жазды.

Февраль революциясы сорысып жатқан елдердің бәрінде жұмысшылардың соғысқа қарсы революциялық - стачкалық
қозғалысын күшейтті. 1917 ж. апрельде Германияда бұқаралық стачка бұрқ ете түсті, оран Берлиннің, Лейпцигтің және басқа да қалалардың соғыс өнеркәсібінің жүздеген мың жұмысшылары катысты. Ереуіл жасаушылар экономикалық талаптармен қатар мынадай саяси талаптарды да қойды: аннекциясыз және контрибуциясыз бітім жасасу, қоршау жағдайы мен цензураны жою, одақтар мен жиналыстар бостандығын беру, саяси тұтқындарды босату, Герман империясының барлық жерлерінде тек сайлау правосын жүзеге асыру. Берлинде жұмысшылар спартакшылардың шақыруымен жұмысшы депутаттары Советтерін сайлаура кірісті.

Орыс революциясының жаңғырығы империалистік соғыстың майдандарынан да естіліп жатты. Батыс майданда француз солдатының «Он өсиеті» кең тарады. Оның кейбірі, мәселен, солдаттардың, праволарын офицерлермен теңестіру талабы орыстың «№ 1 бұрығынын» осындай пунктіне ұқсас еді. Окоптарда «Біз атакаға шықпаймыз!», «Соғыс жойылсын!» деген ұрандар тарады.

Февраль революциясынан кейін Шығыс майданында орыс солдаттары немістермен, австриялықтармен бауырласа бастады. Алғашқыда бұл окоптардық арасындары бейтарап зонада солдаттардың жеке-жеке кездесуі болды да, кейінірек бүтіндей роталардын бауырласуына үласты. Орыстың большевик-солдаттары немістерді соғыстың, империалистік сипатын және Россиядағы революциялық оқиғалардың маңызын түсіндіретін кітапшалармен, газеттермен қамтамасыз етті. Бауырласу солдаттардың бейбітшілікке деген ынтасын күшейтті.

Февраль революциясын бітім, нан, жер, бостандық және самодержавиені құлату үшін күрескен жұмысшылардың, шаруалардың, солдаттардың миллиондаған бұқарасы жасады. Революцияның гегемоны шаруалардың қалың бұқарасымен одақтасқан пролетариат болды. Жұмысшылармен шаруалардың большевиктер партиясы басшылық еткен одағы патша өкіметін құлатқан және веволюцияның жеңісін қамтамасыз
еткен ұлы қоғамдық күш болды.

Бірінші дүние жүзілік соғыс революцияны шапшаңдатқан құдеретті күш болды, ол бұрын болып көрмеген бүкіл дүние жүзілік экономикалық, саяси, ұлттық, халықаралық дағдарыстарды туғызып, самодержавиенің позицияларын әлсіретіп жіберді.

Бірінші орыс революциясының тәжірибесін пайдалана отырып, жұмысшылар мен солдаттар Советтерді кұрды. Бұл халықтың революциялық творчествосының нәтижесі еді. Пролетариат диктатурасын жеңіп алу, капитализмді жойып, социалистік қоғам құру жолындағы мұнан былайғы күресте Советтердің шешуші маңызы болды.

Революцияның барысында бұрын саясат жөнінде тәжірибесі жоқ миллиондаған адамдар оянып, саяси өмірге араласты. Осы ұсақ буржуазиялық толқын революцияның, қырқасына меньшевиктер мен әсерлер партиясын іліктірді де, олар жұмысшылар мен солдаттар жеңіп алған өкімет билігін буржуазияның қолына берді. Советтермен қатар өмір сүрген уақытша үкімет патша самодержавиесінің саясатын онан әрі
жалғастырған, халыққа карсы өкімет болды. Ол империалистік соғыстың тоқтатылуын қаламады. Помещик жерлерін тартып алуға тырысқан шаруалардың әрекетін басып-жанша отырып, аграрлық мәселені шешуді құрылтай жиналысын шақырғанға дейін қалдырып қойды, патшаның Россия халықтарын езіп-жаншу саясатын жалғастырып жүргізе берді.

Қазақстан 1917 жылғы ақпан төңкерісінің кезінде. Ұлттық интеллигенцияның қалыптасуы және «Алаш» партиясының құрылуы.

1917 жылдың басында Ресейдің төңкерістік жаңа толқыны кетерілді. Империалистік соғысты азамат соғысына айналдыру ұраны кенінен насихатталды. Патша өкіметі бұқараның жаппай қарулануынан қатты сескене бастады. Төнкерістік дағдарыстың пісіп-жетіліп келе жатқандығы ұлт аймақтарында, оның ішінде Қазақстанда да сезілді.

1917 жылы 27 ақпанда Петроградта буржуазиялық демократиялық төңкеріс жеңіске жетті. Патша өкіметі кұлатылып, министрлер мен көрнекті шенеуніктер тұтқынға алынды. Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Ресейдегі сияқты Қазақстанда да қос өкімет орнады. Бұрынғы патша шенеуніктері, әсерлер, меньшевиктер және буржуазиялық ұлтшылдар басқарған буржуазиялық уақытша үкімет органдарымен қатар халықтық өкіметтің жаңа органдары жұмысшылар, шаруа және солдат депутаттарынын кеңестері құрылды.

Патша өкіметінің құлатылуын Қазақстан еңбекшілері саяси және ұлттық азаттық алудың бастамасы ретінде қабылдады. Төнкерісшіл халық бұқарасының белсенді қимылдары нәтижесінде өлкеде бұрынғы өкімет өкілдері орындарынан тусіріліп, тұтқынға алынды. Буржуазиялық демократиялық ақпан төнкерісінің жеңіске жетуі өлкедегі еңбекшілердің саяси белсенділігін арттырды.

Қазақстанда кеңестер 1917 жылы наурыз-мамыр айларында Семейде, Әулиеатада, Петропавлда, Көкшетауда, Ақмолада, Павлодарда, Оралда, Өскеменде, Атбасарда, Туркістан өлкесінде және т. б. жерлерде құрыла бастады. Жұмысшы табы мен солдат депутаттарының кеңестерімен
қатар сәуір-мамыр айларында шаруа депутаттарынын кеңестері құрылды. Бұл кеңестерде көпшілік орынды меньшевиктер мен әсерлер алды. Сонымен бірге буржуазиялық уақытша үкіметтің жергілікті органдары 1917 жылы наурыз- сәуір айларында құрылды. Мәселен, Семейде қалалық думаның, офицерлердің өкілдерінен, биржалық комитет пен кооперативтердің кулактық одағы мүшелерінен тұратын қоғамдық ұйымдар мен армияның Семей атқару комитеті, Петропавлда, Өскеменде қоғамдык қауіпсіздіктің т. б. бірлескен атқару комитеті жұмыс істей бастады. Көкшетауда
көпестер мен шенеуніктердің жиналысы уақытша коалициялық комитет сайлады. Өскеменде де осындай атқару комитеті кұрылды. Уақытша үкіметті қолдаған Сібір, Орынбор, Орал және Жетісу қазақ әскерлері мен қазақ-орыс станицалары қанаушы басшы топтары өкіметінің органдары - қазақтың комитеттер құрды. Бүлардың басында бұрынғы патша өкіметінің отарлаушы шенеуніктері, қанаушы таптардың өкілдері түрды. Сонымен қатар Қазақстанда қазақ интеллигенциясы басқарған қазақтардың ұлттық облыстық және уездік комитеттері де ұйымдастырылды. Оларға комиссарлар болып ұлттық интеллигенцияның өкілдері, этап айтқанда,
Торғай облысында Ә. Бөкейханов, Жетісу облысында М. Тынышбаев, Түркістанда М. Шоқаев, т. б. тағайындалды. Бірақ олар шын мәнінде отарлық әкімшіліктің шенеуніктері болғандықтан жергілікті қазақ халқының көкейкесті мәселелерін шеше алмады. Кейбір жағдайда ұлттық интеллигенция өкілдері Ақпан төңкерісінен кейінгі қоғамдық-саяси дамудың өте маңызды мәселелері бойынша уақытша үкімет жағына шығып кетті.

Уақытша үкіметтің Қазақстандағы жергілікті органдары кулактарға, қазақтардың басшы топтарына, қазақ ауылдарының бай-манаптарына арқа сүйеді. Олар жұмысшылар мен еңбекшілердің революцияшылдық шабытын әлсіретуге тырысты, халықты тонауларын жалғастыра берді, бұқараны
империалистік соғыстың ауыртпалықтарын өз мойындарымен көтеруге мәжбүр етті. Қазақтарды саяси құқықтарынан айырған ескі заңдар күшінде қалды, орасан зор жер иеліктері мен орыс-қазақ әскерінің сословиелік артықшылықтары сақталды, қазақ халқының таңдаулы жерлерін тартып алушы Қоныс аудару басқармасы өз қызметін өзгертпеді. Сөйтіп, Уақытша үкімет Қазақстанда бұрынғы патша өкіметінің саясатын одан әрі жалғастырды. Өйткені бұл жаңа үкімет органдары өзінің әлеуметтік құрамы, басқару әдістері жағынан революцияға дейінгі патша әкімшілігінен айнымай, жергілікті халыққа олар қалай қараған болса, солай қарады.

Патша өкіметі құлатылғаннан соң, Қазақстан большевиктері астыртын жағдайдан шықты. Орынборда және Торғайда - П. Кобезев, Ә. Жангельдин, А. Коростелев, Ақтөбеде - В. Ф. Зинченко, Перовскіде - А. В. Черняхов,
Оралда - П. Парамонов, П. Дмитриев, Шымкентте - Н. Морозов, Семейде - П. Салов, Петропавлда - К. Сұтішев т. б. партиялық ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді.

Большевиктік партияның қатарына С. Сейфуллин, Б. Серікбаев, Т. Рысқұлов, С. Арғыншиев және басқалары кірді. Олар Уақытша үкімет саясатының мәнін халыққа ашып берді, революция жауларының арам пиғылдарын әшкереледі, жұмысшылар мен шаруаларды, солдаттарды төңкерістің жеңісі жолындағы күреске топтастырды.

Ақпан төңкерісі жеңгеннен кейінгі Қазақстан жұмысшы табының елеулі табысы - кәсіпшілер одақтары ұйымдарының кұрылуы еді. Олардың қалыптасуында Орынбор-Ташкент темір жолшыларының Құрылтай съезі және Омбы темір жол жұмысшылары мен қызметкерлерінің бірінші съезінің үлкен маңызы болды. Бұл съездердің кұн тәртібінде бірқатар маңызды саяси және экономикалық мәселелер қаралды. Олар: Уақытша үкімет пен соғысқа көзқарас, 8 сағаттық жұмыс күні, жұмысшы, солдат және шаруалар депутаттары Кенестеріне қатыстылық, контрреволюциямен күрес, Құрылтай жиналысына қатысу, пенсиямен қамтамасыз ету және т. б. мәселелер.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның XX ғасырдағы тарихы
Кеңес өкіметі және оның орнауы мәселелері ұлт зиялылары еңбектерінде
Алаш қозғалысының қалыптасуы мен дамуы
Уақытша үкімет тек
ҚАЗАҚСТАНДА КЕҢЕС ӨКІМЕТІ ОРНАУЫ ТАРИХЫ КЕҢЕСТІК ТАРИХНАМАДА
Қазақстанда Кеңес өкіметі орнауы тарихнамасы
Синьхай революциясы
XX ғасырдың басындағы Ресейдегі революциялар және олардың Қазақстанға әсері
Көтерілістің штабы
Қазақстан Ресейдегі 1905 - 1907 жылдардағы революция кезінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz