Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық білім беру жүйесінде экономиканы оқыту


КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Соңғы жылдардағы қоғамдық сана және қоғамның әлеуметтік сұранысы Республика мектептерінде “Экономика негіздері” пәнін оқытудың қажеттілігін көрсетіп отыр.
Экономикалық білімге деген сұраныстың өсуі экономикалық білім берудің таралуының шапшаңдығын байқатуда.
Қазақстан Республикасының экономикалық-әлеуметтік даму ерекшеліктерін, ұлттық және аймақтық ерекшеліктерін ескере отырып, оқушыларға экономикалық білім беру мазмұны ғылыми негізде анықталды.
Қазіргі нарықтық экономиканың қалыптасуына байланысты елімізде білімі терең, мәдениеті жоғары, өмір талабына сай бейімделген жас ұрпақты экономикалық біліммен қаруландырып, тәрбиелеу өте маңызды іс болып тұр. Бүгінде дүние жүзінің көптеген елдеріндегі мектептерде экономикалық білімді жүйелі де, сапалы түрде оқытуға баса назар аударылған. Барлық мектептерде оқушыларға экономикадан белгілі бір дәрежеде білім берудің қажеттілігінің туындауына сәйкес ғылыми зерттеу жұмыстарын кеңінен жүргізу; соның бірі ретінде экономиканы негізгі пән ретінде жалпы білім беретін мектептердің оқу жоспарларына енгізу жұмыстарын жүргізу көкейкесті мәселе болып отыр. Сондықтан да қоғам дамуының өркениетті сатысында мектептерде экономикалық білім беруді енгізу мәселелеріне баса назар аударылуда. Болашақ ұрпаққа қойылатын талап - қазіргі өмір талабына сай экономикалық білімді игере отырып, өз өмірінде, өз қызметінде осы білімді пайдалана білу. Экономикалық білімнің практикалық қажеттілігі - оның адам тәжірибесінде күнделікті кездесіп жүрген түсініктерді ұғынуға көмектесетіндігінде. Экономикалық білімді қолданумен тығыз байланысты мамандықтар экономикалық білімнің жоғарғы деңгейде болуын талап етеді. Экономикалық білім берудің жалпы адамзат тәрбиесін, мәдениетін қалыптастырудағы және адамгершілікке, үнемділікке, іскерлікке үйретудегі үлесі зор. Осы экономикалық білім беру арқылы егеменді еліміздің экономикалық мәселелерін шешуде өзінің үлесін көрсете алатын азаматтар білім алып, тәрбиеленеді деп үміт етіп, экономика негіздері пәнін мектеп бағдарламаларына енгізу өте маңызды мәселе деп есептейміз.
Экономикалық білім 12 жылдық білім беру жүйесінде жалпы білім берудің құрамды бөлігі ретінде қарастырылып, “Адам және қоғам” білім беру аймағында интеграцияланған “Қоғамдық білім негіздері”, “Экономикалық білім негіздері”, “Экономика” пәндері негізінде берілу жоспарланған.
Оқу құралында мұғалiмнiң кәсіби шеберлiгiн жетiлдiру мақсатында экономикалық бiлiмнiң мазмұны және оны оқытып-үйретудiң өзiндiк ерекшелiктерi сипатталады.
Қазіргі кезде мектептегі экономика негiздерi бойынша әр сыныпқа арналған әр түрлі тақырыптық үлгi жоспарлары бар. Бірақ мектеп оқушылары мен мұғалімдерге арналып жазылған оқулықтарға қарағанда оқытудың әдістемесімен айналысатын ғалымдардың саны аз. Бүгінгі кезде осы мәселемен айналысатын ғалым әдіскерлердің бірі профессор Қ. Ағанина, ол «Экономикалық білім негіздері» пәнінен 5-сыныптан бастап 11-сыныпқа дейін арналған оқыту әдістемелерін орындап, оларды кітапша етіп шығарған.
Ғалымдардың бұл мәселеге жеткіліксіз көңіл бөлуі мектептердегі экономикалық пәндердің жағдайымен байланысты. Себебі бұл пәнге деген көзқарас әлі де төмен деңгейде: біріншіден, ол мектепте қосымша пән ретінде жүргізіледі, ал екіншіден, оны барлық мектептерде өтпейді.
Диплом жұмысының зерттеу объектісі: Мектеп оқушыларына «Экономика негіздері» пәнінен сабақ беру арқылы олардың бойында экономикалық мәдениет пен тәрбиені қалыптастыруды қарастыру.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Тақырыпты зерттеудің мақсаты-Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық білім беру жүйесінде экономиканы оқыту арқылы жеке тұлғаның қоғам дамуының барысында алатын орнын білуге, оның экономикалық сауаттылығын қалыптастыруға байланысты жолдарын анықтау болып табылады. Аталған мақсатқа жету барысында зерттеудің алдына келесідей міндеттер қойылады:
- оқушыларға экономикалық қатынастар туралы ойды дамыту;
- экономикалық қызметке тән және қоғамда адамның толығымен қызмет жасауына қажетті білімді дамыту;
- жеке экономикалық білімдерді қабылдау, бақылау және қазіргі экономикалық көзқарастарды түсіндіру;
- 8сынып оқушыларына арналған «Экономика негіздері» пәнінің бағдарламасы бойынша сабақ оқытуды қарастыру.
Диплом жұмысының ғылыми және әдіснамалық негіздері: ҚР білім беруді 12 жылдыққа көшіру, оқушылардың экономикалық білімі мен тәрбиесін қалыптастыруды арттыру мәселелерін қарастырған ғалымдар: А. Құсаинұлы, М. Н. Сарыбеков, А. Құсаинов, Қ. Ағанина және Р. С. Амандосова. Қазақстандағы қаржы рыногының қалыптасуы мен дамуының теориялық және әдістемелік аспектілері қазақстандық экономистер Я. Әубәкіров, Қ. Қ. Ілиясов, М. Ә. Тілеужанова, Г. С. Сейтқасымов, Б. А. Көшенова, С. Құлпыбаев, А. А. Арыстановтардың ғылыми еңбектерінде қарастырылған. Дипломдық жұмыс осы авторлардың еңбектеріне сүйеніп орындалды. Сонымен қатар БАҚ шыққан мақалалар пайдаланылды.
Ақпараттық база ретінде ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары, басқа да нормативтік құжаттар, ҚР Қаржылық қадағалау Агенттігінің, Қазақстан қор биржасының материалдары пайдаланылды.
Диплом жұмысының ғылыми және практикалық маңызы:Тараз қаласының № 5-орта мектебінде мемлекеттік педагогикалық практиканы өту барысында осы мектептің 8 сыныптарында «Экономика негіздері» пәнінен сабақтар өткізілді.
Диплом жұмысының құрылымы: Бұл жұмыс кіріспе, 2 тарау, 4 параграфтан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Диплом жұмысының көлемі:
1. «ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІ» КУРСЫН МЕКТЕПКЕ ЕНГІЗУДІҢ ҒЫЛЫМИ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ
- Жалпы орта білім беруді жетілдіру бағыттары
Қазақстан Республикасының заңнамалары мен арнайы құжаттарында білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік саясат белгіленіп, қазіргі білім беру мақсаты мен міндеттері көрсетіліп, оны шешу бағыттары айқындалған. [1] .
Қазіргі қоғамның білім деңгейі мен интеллектуалдық әлеуеті ұлттық байлықтың маңызды құрамы ретіндегі сипатқа ие болып, ал адамның білімділігі, кәсіби икемділігі, шығармашылыққа талпынысы және қалыптан тыс жағдайларда әрекет ете білуі Қазақстан Республикасының өрлеуіне негіз, ал тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шарт бола алады.
Еліміздің жаңа білім беру жүйесі әлемдік білім кеңістігіндегі жалпы талаптарға сәйкес келетіндей білім алушыларды өздігінше дамуға, алған білімдерін шығармашылықпен жүзеге асыра білуге икемдейтін, күтілетін нәтижеге бағытталған құзыреттілік тұрғыдағы білім жүйесі болуы қажет.
Жалпы орта білім беру сапасын арттыру мақсатында білім беру жүйесінің даму бағыттарын айқындап, даму тракториясын белгілеу және соның негізінде күтілетін нәтижеге бағытталған құзыреттілік тұрғысынан келуге бағытталған білім беру жүйесін жетілдірудің қажеттілігі арта түсуде.
Қазақстан Республикасында білім беру жүйесінің қазіргі жағдайына жасалған талдаулар негізінде білім беруді жетілдіру бағыттарын айқындауға үлкен мүмкіндік туады. Қазақстанның əлемдік білім беру кеңістігіне кіруі, елдегі білім беру жүйесінің даму бағыттарын айқындап, оның мазмұнын ашуды талап етуде.
12 жылдық жалпы орта білім беру жүйесіне көшудің тұжырымдамалық негіздерін жетілдіру қазіргі күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі деуге болады [2] .
12 жылдық орта білім беру жүйесіне көшу - әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді көздейтін заман талабынан туындап отырған мәселе.
Жас жеткіншектің әлеуметтік және қоғамдық өмірдегі өзгерістерге икемделе отырып, болашақ өмірге еркін енуіне дайындығын тың мазмұнды жаңа мектеп қана қамтамасыз ететінін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр
Кез келген жаңа идеяның өмірге еніп, жүзеге асырылуы оның ғылыми-тұжырымдамалық негізін жасаудан басталатыны белгілі.
Қазақстан ғалымдары еліміздің мектептеріндегі білім беру саласының белгілі тәжірибелі мамандарымен бірлесе болашақ мектептегі білім берудің негізгі ұстанымдарын белгілеп, соның негізінде нормативтік және процессуалдық құжаттар дайындауда
Білім беруді ұйымдастыруда негізгі тұрғылар ретінде:.
-жеке тұлғалық,
-іс-әрекеттілік,
-құзыреттілік
тұрғылар алынды, олар жалпы білім беруді ұйымдастырудағы жаңаша көзқарас ретінде қарастырылуда.
Құзыреттілік - білім, білік, дағдыларды шығармашылық негізде жүзеге асыра білу қабілеттілігі десек, бүгінгі таңдағы білім беру мазмұны әрбір білім алушының стандартпен айқындалған мынадай түйінді құзыреттіліктер түріндегі білім беру нәтижелеріне қол жеткізуіне бағытталған:
- мәселелердің шешімін табу құзыреттілігі;
- ақпараттық құзыреттілік;
- коммуникативтік құзыреттілік.
Білімділік көрсеткіші жоғарыдағы құзыреттіліктердің қалыптасу деңгейімен сипатталады.
Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес дайындалған 12- жылдық білім беруді жүзеге асыруға бағытталған Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартының негізгі ерекшелігі:
- білім берудегі жеке тұлғалық, іс-әрекеттілік және құзыреттілік тұрғыларының енгізілуімен,
- білім мазмұнын жетілдіруге негізделген кіріктірілген (интегрецияланған) пәндердің ендірілуімен,
- оқу және демалыс мерзімдеріне өзгертулер ендірілуімен,
- білім сапасын бағалау жүйесінің өзгертілуімен,
- бағдарлы оқыту бағытының кеңейтілуімен сипатталады.
Еліміздегі 12-жылдық білім беру жүйесіне енгізуге ұсынылған интеграцияланған пәндер және бағдарлы мектептегі жеке пәндер:
- Қоршаған әлем,
- Өзін-өзі тану,
- Көркем еңбек,
- Жаратылыстану,
- Қоғамдық білім негіздері,
- Көркем мәдениет,
- Әлемдік көркем мәдениет,
- Экономика,
- Құқық
ҚР білім мазмұнын жетілдірудің негізгі бағыттары:
-мектептегі білім мазмұнын қоғамның жылдам өзгермелі сұраныстарына сәйкестендіру;
-сұранысты қанағаттандыруға үйрету, өздігінше білім алуға және оны іс жүзінде пайдалана білуге, оқушыны іс-әрекет субьектісі ретінде нақты, үздіксіз дамуына жағдай жасау;
-білім мазмұнын білім алушылардың жеке дамуындағы білім беру ортасы ретінде қарастыру;
-білім мазмұнының білім берушілік компоненетін жетілдіру, яғни білім мазмұнына білім алушылардың игеруі қажет негізгі құзыреттілікті /компетенцияларды/, технологияларды енгізу;
-білім алушыларды жүйелі түрде бағытталған ғылыми таным әрекеттерімен таныстырып, ақпараттық технология негізінде жетекші мотивацияны қалыптастыратын оқу жағдайларын кеңінен қолдану;
-білім мазмұнын гуманизациялауды қамтамасыз ету және білім алушының білім алудағы талғамын ескеру.
Жалпы орта білім беру деңгейінің негізгі мақсаты - бейіндік оқытуды іске асыру, білім алушылардың саналы түрде кәсіптік, азаматтық, тұлғалық өзін-өзі анықтауына мүмкіндік беретін түйінді құзыреттіліктерді игеруін қамтамасыз ету және даралық білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Орта мектептердегі бейіндік оқыту: жаратылыстану-математика, әлеуметтік-гуманитарлық, технологиялық бағыттар және оларға сәйкес келетін типтік оқу жоспары бойынша жүзеге асыру жоспары жалғасуда.
Орта білім беру оқу бағдарламалары бейіндік оқытудың (базалық пәндер) барлық бағыттарында оқып үйрену үшін міндетті және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім беру оқу бағдарламаларының мазмұнына кіреді.
Күтілетін нәтижеге бағытталған құзыреттілік тұрғысынан келуді жүзеге асыратын білім беру жүйесінің жаңа үлгісі келесілерді қамтамасыз етеді:
- білім алушының «дайын білімдерді алушы» ретіндегі енжар қалыптан танымдық үрдістің белсенді субъектісі бола алатын білім алушыға айналуын қамтамасыз ететін мектеп қызметінің маңызды процесі ретіндегі оқудың ролін көтеруді;
- оқу пәндері арқылы білім беру процесінде білім алушылардың құзіреттілігін қалыптастыру мен дамытуды;
- білім берудің әрбір деңгейінде орта білім берудің құрылымы мен мазмұнының білім алушылардың психофизиологиялық және жас ерекшеліктеріне, олардың мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сәйкес келуін;
- білім берудің әртүрлі деңгейлерінде тұлғаның дамуының бірізділігін сипаттайтын күтілетін оқыту нәтижелерінің әрдеңгейлі жүйесін құруда сабақтастықтың сақталуын;
- білім берудің сәйкес деңгейлерін бітіруші түлектердің тұлғалық сапасы ретінде көрініс табатын құзіреттіліктер түріндегі күтілетін нәтижелерді болжауды;
- оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде білім алушыларды нәтижелі әлеуметтендіруді;
- білім алушылардың сәйкес құзреттіліктерді меңгерудегі оқу жетістіктерінің деңгейлерін анықтау негізінде білім алушылардың, мектептердің, білім беру жүйелерінің даму өзгерісінің мониторингін жасауды.
Болашақтағы жалпы білім берудің мақсат, міндеттері 12 жылдық білім беру жүйесін ендірумен сипатталады. 12 жылдық орта білім берудің көздеген мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес мынадай білім беру нәтижелері белгіленген:
-білім алушыларды әлеуметтендіру - бағдарлану және құндылықтар жүйелері түріндегі тұлғалық нәтижелер;
- пәндік нәтижелер - оқу-тәрбие үдерісінің шеңберіндегі және нақты өмір жағдайларындағы мәселелерді шешу кезінде қолданылатын іс-әрекеттің әмбебап тәсілдері ретінде қалыптастырылған түйінді құзыреттіліктер;
- пәнді оқыту нәтижелері - игерілген білім, іскерлік, дағды және білім беру салалары бойынша құзыретттіліктер.
Жалпы орта білім беру саласына прогрессивті өзгерістерді енгізу ұсынылуда. Бұл өзгерістердің негізгілерінің бірі ғылым негіздері бойынша білім мазмұнын жетілдіру десек, мектептегі оқытылатын білім көлемін әрдайым үстемелеп отыру қажетілігі дәлелденіп отыр.
Қазіргі таңда мектеп оқушыларына дәстүрлі пәндермен қатар экономика, экология, психология, саясаттану, дінтану ғылымдары негіздерін оқыту заман талабына айналуда. Сонымен қатар, балалардың жалпы психологиялық дамуын ескеру, осыған сәйкес оқу жүктемесінің шектен шықпай, талапқа сай келуін қадағалау, білім мазмұнының оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталып іріктелуін қатаң ескеру педагог ғалымдардың жұмысына қойылатын негізгі талап болуда. Осындай талаптарды қанағаттандыру мүмкіндіктерінің бірі ретінде мектепте оқытылатын интеграцияланған пәндерді жүйеге келтіріп, оны мектеп практикасына енгізу болып отыр.
Білім беруді дамытудың мемлекеттік саясатын жүзеге асыруда материалдық-техникалық базаны жаңартуға және білім беру саласын қаржыландыруға айтарлықтай көңіл бөлінуде.
ҚР 2008-2009 ж. ж. оқу жылдарында Республиканың 96% мектептері интернет желісіне қосылды. Қазақстандық білім беру порталы құрылды (www. portal. edu. kz. ) .
Сонымен қатар, ауыл мектептерінің дамуын қамтамасыз ету үшін «Ауыл мектебі» бағдарламасы іске асырылды. Қазақстан мектептерді компьютерлендіруді ТМД елдерінің ішінде бірінші болып аяқтады. «100 мектеп және 100 аурухана», «Жол картасы» бағдарламалары жемісті түрде жүзеге асырылуда.
12 жылдық жалпы білім беруге көшуге байланысты материалдық-техникалық базаны жаңарту және жалпы білім беретін мектептерді, соның ішінде физика, химия, биология кабинеттерін оқу құралдарымен жабдықтау жобасы іске асырылып отыр. Мысалы, 2007 жылы республика мектептеріне 1, 04 млрд. теңгеге 1000 интерактивті тақта алынса, 2008 жылы бұл мектептерді толығымен жабдықтау үшін тағы да 721 мектепке интерактивті құралдар алу үшін бюджеттен 7, 3 млрд. теңге қарастырылған.
2010 жылға дейін 6 мыңнан аса республикамыздағы жалпы білім беретін мектептердің ақпараттық құралдардың ішінен 80%-ның лингофондық және мультимедиялық кабинеттері мен физика, химия және биология кабинеттерінің жабдықталатыны жоспарланған болатын. 2008-2010 жылдары лингофондық және мультимедиялық кабинеттерді жабдықтауға 7 763 092 мың теңге қаржы қарастырылып отыр, яғни, 2008 жылға - 2 676 454 мың теңге, 2009 жылға -2 543 319 теңге және 2010 жылға - 2 3 31 193 мың теңге.
Білім беруді дамытудың негізгі бағыттарының бірі Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін оқу-әдістемелік құралдарымен қамтамасыз етуді қалыптастыру және жетілдіру болып табылады.
1991 жылдан бастап жалпы орта білім беру жүйесіне арналған оқулықтарды әзірлеу, қайта әзірлеу және байқаудан өткізулер тұрақты жүргізілуде. 2009 жылға «Оқулық» баспаға ұсынылған оқулықтар саны 700-ден асты.
Мектептегі жұмыстың нәтижелі болуы мектепті білікті кадрлармен қамтамасыз етумен байланысты.
Білімді кадрларды даярлаудың шеберханалары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Абай атындағы Алматы университеті Қазақ ұлттық педагогикалық университеті болып қайта құрылды және Ақтөбе, Қостанай, Семей, Павлодар, Тараз қалаларында бес педагогикалық институт қайта ашылды. Осылайша, елімізде педагогикалық кадрларды дайындау бойынша жоғарғы педагогикалық білім беру жүйесі құрылды. Осы жұмыстардың арқасында мектеп мұғалімдерінің білім деңгейлері көтерілді. Республика бойынша жалпы алғанда 2010 жылы жұмыс істейтін мұғалімдердің 85, 5 %-ның жоғарғы білімдері болды, 13, 4 % - орта кәсіби, 0, 4 % - бастапқы кәсіби, 0, 8 % - жалпы орта.
Қазіргі кезде білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық халықаралық келісімшарттардың, келісімдердің және конвенциялардың негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстанда білім беру процесін жетілдіру және оның траекториясын анықтау тұжырымдамасын жүзеге асыру нәтижесінде:
- қазіргі еліміздегі білім беру жүйесін реттейтін нормативті-құқықтық базасын нақтылауға;
- мектеп, техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары мен жоғары оқу орындарындағы білім мазмұнының қайталануына жол бермейтіндей етіп, сабақтастық және кіріктіру принциптері негізінде білім мазмұнын іріктеуге;
- түрлі пәндердің білім мазмұнын кіріктіру принципі негізінде оқу жүктемесін азайтуға;
- білім сапасын арттыруға негізделген білім берудің жаңа технологияларын ендіруге;
- білім беру стандарттарының қазіргі талабына сай типтік бағдарлама, оқу жоспарлары, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарын сапалы дайындауға;
- өздігінше білім алып, өзін-өзі рухани жетілдіруге бейімдейтін құзыреттілікке бағытталған білім алуға;
- қоғамның әлеуметтік тапсырысын ескере отырып, мұғалімді кәсіби дайындау жүйесін жетілдіруге;
- Қазақстан Республикасының әлемдік білім кеңістігіне енуіне байланысты кәсіби міндеттерді шығармашылықпен іске асыратын маман дайындаудағы жаңа жүйелерді ұсынуға;
- мектеп жасына дейінгі, 3-5 жастағы барлық балаларды толығымен балабақшамен қамтамасыз ету қажеттілігін дәлелдейтін тұжырымдамалық ұсыныстар жасауға;
- мектептердің 12 жылдық білім беру жүйесіне тиімді жолмен көшуіне;
- техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары білім алушыларының сапалық деңгейін көтеруге;
- жоғары оқу орындарының түгелдей кредиттік жүйеге көшуіне;
- білім сапасын бағалаудың ортақ жүйесіне көшуге;
- жоғары оқу орындарының оқытушы-профессор кадрлармен қамтамасыз ету жұмыстарын жетілдіруге;
- педагог мамандардың әлеуметтік статусын көтеруге;
- білім беру мекемелерінің білікті кадр мамандармен толықтырылуына, жағдай жасауға;
- білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған жұмыс жоспарларын белгілеуге мүмкіндік туады.
Қазіргі таңда құзыреттілік тұрғыда экономикалық білім беру мүмкіндіктері қарастырылу жалғасуда.
Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке кірігуіне қатысты білім беру саласына қойылып отырған заман талабы - шығармашылықпен жұмыс істей алатын, бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру. Бұл жұмыс Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, 12 жылдық білім беру жүйесіне көшумен байланысты жүзеге асыру жоспарланған [3] . 12 жылдық білім беру жүйесінде білім беруді ұйымдастырудағы жеке тұлғалық, іс-әрекеттілік, құзыреттілік тұрғылар жалпы білім беруді ұйымдастырудағы жаңаша көзқарас ретінде қарастырылуда [4] .
Білім берудегі негізгі мақсат тек білімді, кәсіби мамандандырылған адам дайындау ғана емес, рухани дүниесі бай және адамгершілігі зор, қоғамдық өмірдің барлық аясында ұлттық құндылықтарды бағалауға және дамытуға қабілетті тұлғаны қалыптастыру екенін білім мазмұнын таңдауда қатаң ескерілетін мәселе екенін баса айтқан жөн. “Тұлға ”-адамның келешек өмірінің қалыптасу жобасының келбеті. Адам тәрбие негізінде жетіліп, қалыптасады. Адам болашағын шешетін де тәрбие екендігі ежелден белгілі, көңілде жатталған ұлы түсінік болғанымен, оны педагогикалық психологиялық тұрғыдан келгенде қалай жүргізу керек, қалай ұйымдастыру керек деген мәселе күн тәртібінен түспейтіні ақиқат. Адам өмірінде тәрбие мәңгілік категория болса, оны ұйымдастыру, жүзеге асыру еш уақытта ескірмейтін, қайта уақыт озған сайын жаңарып, әрбір кезеңнің өз талабына сай жетіліп отыратын үздіксіз үрдіс деп түсінеміз. Демек, бұл процесте жеке тұлғаның психологиялық даму ерекшеліктеріне жете көңіл бөлу қажет екенін ғалымдар дәлелдеп отыр.
С. И. Ожегов сөздігінде берілген анықтамада: “жеке тұлға - адам қандай да бір қасиет, қабілет тасушы” ретінде қарастырылады[5] . М. Н. Дъяченко, Л. А. Кандыбовичтің “Психология” анықтамалық сөздігінде: “Жеке тұлға -саналы, сөйлеу, шығармашылық қабілеттері бар қоғамдағы табиғи тірі организм - адам”[6] . Жеке тұлға атауы екі негізгі бағытта қолданылады:
1) кез келген саналы адам;
2) өзінің психикалық даму үрдісін және мінез құлық, жүріс-тұрысын басқара алатын қабілетіне сай деңгейдегі психикасы бар адам. Индивид болып туады, ал тұлға болып қалыптасады [6] . Тәрбиенің өзекті мәселесі - білім негізінде жеке адамның ғылыми көзқарасын қалыптастыру арқылы адамдардың өндірістегі, қоғамдық тұрмыстағы қарым-қатынасын қалыптастыру екені белгілі. Ал осы жеке тұлғаны қалыптастыру білім беру мен тәрбие процесінде жүзеге асырылатындықтан, білім мазмұнын таңдауда әр баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеру мәселесі тереңірек, нақтырақ қарастырылуы қажет болады.
Ал “құзырет”- оқушының жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы табысты іс-әрекеттеріне қажетті білім дайындығына әлеуметтік сұраныс. “Құзыреттілік”- сәйкес құзыретке ие болу негізінде іс-әрекетті жүзеге асыру қабілетінде байқалатын тұлғалық қасиет (немесе тұлғаның өзара байланысқан қасиеттерінің жиынтығы) . Оқушылардың негізгі құзыреттілігі ретінде: құндылық-бағдарлық, жалпы мәдени, оқу- танымдық, ақпараттық технологиялық, әлеуметтік-еңбек, коммуникативтік, өзін-өзі тұлғалық дамыту құзыреттіліктері белгіленген [4] . Яғни, оқушылар мектепте алған терең білімдерін болашақта пайдалана білуге бағытталған іс-әрекеттерді жүзеге асыру қабілеттерін дамытуға күш салуымыз керектігі баса айтылған. Демек, бүгінгі таңда құзыреттілік тұрғы білім мазмұнын таңдау, білім берудің мақсаты мен міндетін, нәтижесін айқындауда дәстүрлі бағыттармен тікелей байланыста бола отырып, білім берудің жетекші үлгісіне айналуда.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz