Эстетикалық және көркем талғамдарды тәрбиелеу


Жоспар:
Кіріспе
1 Қазіргі тәрбие құндылықтары бейнесінде оқушыларды еңбекпен тәрбиелеу
1. 1. Оқушыларын еңбекке баулу процесінде көркемдік талғамын қалыптастырудың ерекшеліктері
2. Оқушыларының еңбекке баулу процесінде көркем талғамын қалыптастырудың тәжірибелік-педагогикалық жұмыс мазмұны
2. 2 Еңбекке баулу сабағының оқушылардың көркемдік талғамын қалыптастыру бойынша тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың әдістемесі
Қорытындылар
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Тәуелсіз Қазақстан Республикасында соңғы онжылдықта білім беру саласындағы болып жатқан өзгерістер мектеп оқушыларын оқыту және тәрбиелеуге жаңа талаптар қоюда. Соның ішінде сұлулықты түсінетін, мәдениетті, үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыруда ерекше рөлді эстетикалық тәрбие атқарады Осыған байланысты болашақ ұрпақты эстетикалық талғамы жоғары етіп тәрбиелеу мәселесі мұқият талдауды талап етеді. Жеке тұлғаның эстетикалық мәдениетін көркем талғамын қалыптастыруды зерттеу маңызды және өзекті мәселе болып келеді. Өйткені соңғы уақытта қазіргі жастардың рухани және адамгершілік әлеуетінің төмендеуі байқалады. Дамыған көркем талғам шын мәнінде әдемі нәрсені эстетикалық тұрғыдан дұрыс бағалауға, өмірде, тұрмыста және еңбекте эстетикалық нәрсені эстетикалық емес нәрселерден ажыратуға, әсемдікті түсінуге көмектеседі. Сол себепті көркем талғамды, қабілеттерді қалыптастыру, шынайылықты эстетикалық қабылдау эстетикалық тәрбие берудің аса маңызды міндеті болып табылады.
Тұлғаның эстетикалық мәдениетін қалыптастыратын негіз салушы құрамдаушы болып эстетикалық тәрбие беру мәдениеті танылған, оның маңызды факторы - әлемдік және отандық эстетикалық құндылықтар, әсіресе тек қана өз халқының ғана емес, басқа да халықтардың көркем, көркем-шығармашылық тәжірибесі - рухани байлықты қалыптастырушы маңызды фактор. Адамдардың тіршілік әрекетінің барлық салаларын қамтитын эстетикалық тәрбие беру мінезді қалыптастырады, оларсыз не қоғам өмірінің кез келген саласындағы, оның ішінде ғылыми, педагогика, еңбек, шаруашылық, техника және т. б. салалардағы, шығармашылық қызмет, не шынайы рухани байлық болмайтын тұлға қасиеттерін дамытады. Ол адамды тек қана сұлулықты сезініп, түсінуге қабілетті етіп қана қоймай, оған өзінің рухани байлығын еркін түрде, белсенді, шығармашылықпен эстетикалық түрде көрсету қабілетін бере алады.
Ұстаздың өнерге эмоционалды-құндылықты қатынас тәжірибесін жеткілікті мөлшерде тиімсіз табыстауының, оқушылардың эмоционалды және көркем дамуын ол туралы үстірт білімдермен алмастыруының нәтижесінде, тек қана мектеп оқушысының көркем талғамының басым түрде стихиялы түрде қалыптасуы ғана емес, сондай-ақ оның тұлғасының рухани әлеуетінің белгілі мөлшерде деформациялануы пайда болады. Сол себепті бастауыш сыныптан бастап эстетикалық қасиеттердің арасындағы маңыздыларының бірі - көркемдік талғамын қалыптастыру.
Эстетикалық тәрбие беру, көркем білім беру теориясы мен практикасына атақты жаңашыл педагогтар С. Т. Шацкий, В. А. Сухомлинский үлкен үлес қосты, сондай-ақ осы мәселенің ғылыми тұрғыдан зерттелуі О. А. Апраксина, А. А. Балян, Н. А. Ветлугина, Д. Б. Кабалевский, В. С. Кузин, Б. Т. Лихачев, Н. Н. Ростовцев, Н. П. Сакулина, А. С. Хворостов, Ю. В. Шаров, В. Н. Шацкая, Е. В. Шорохов және т. б. секілді ғалымдардың еңбектерінде орын тапқан.
Шығармашылықтағы көркем талғамның қалыптасуы тек қана көркем шеберліктер мен дағдыларды игеруге ғана сайып қоймайды, тұлғаға шынайы өмір құбылыстарын, қоғамда болып жатқан процестерді іріктеу мен оларға эстетикалық баға берудің ішкі критериі қызметін атқаратын тұлғаның қасиеттері мен сапаларының тұтас кешенінің, тұлғаның рухани-адамгершілік әлеуетінің одан әрі дамуына бағытталуының қалыптасуы болып табылады.
Осыған байланысты оқыту әдістерін жетілдіру жолдарын барынша іздеу мен жоғары мектептегі оқыту процесін толығымен қазіргі заман талаптарына сай берік ғылыми негізге қою талпынысы жүзеге асады.
Жоғарыда аталған авторлардың жұмыстарын талдай келе, біз бастауыш сынып оқушыларының еңбекке баулу сабағында және тәрбие жұмыстарында олардың эстетикалық және көркем талғамын қалыптастыру саласында жаңа оқыту мен тәрбие технологияларын барынша іздеу жүріп жатыр деген қорытындыға келеміз.
1 Оқушыларының еңбек процесінде көркемдік талғамын қалыптастырудың теориялық негіздері
1. 1. Оқушыларын еңбекке баулу процесінде көркемдік талғамын қалыптастырудың ерекшеліктері
Оқушыларының еңбекке баулу оқыту-тәрбиелеу процесінде эстетикалық тәрбие бірге көркемдік талғамын қалыптастыру қатар жүреді. Біз жоғарыда оқушылардың эстетикалық тәрбиелеудің жүйесіне тоқтала отырып, оның білім, қажеттілік, мотиві, қызығуы және сезімі, шығармашылық қабілеттерінң дамуы негізінде қалыптасатындығы айтылды. Еңбекке баулу бағдарламасында және бастауыш мектептің стандартында басты міндеттердің бірі эстеикалық талғамын қалыптастыру көзделсе, онымен қатар көркемдік талғам қатар жүреді. Олай болса, көркем еңбек бөлімінде қағазбен жұмыс және матамен және табиғи материалдармен жұмыс түрлерінде жүзеге асады. Бұл үшін біз көркемдік талғамға тоқталмас бұрын эстетикалық талғам ұғымына тоқталайық.
Ғалым А. С. Киракосянның айтуынша, эстетикалық талғам «психикалық қасиеттердің күрделі кешені болып табылады, онан адамның эстетикалықты сезіммен бейнелеу, оны саналы түрде ұғыну, эстетикалық қасиеттерді эмоционалды түрле бағалау, эстетикалық объектіні өзінің эстетикалық қажеттіліктерінің деңгейімен салыстыру қабілеттері және т. б. көрініс табады»[33, 94] . Біз автор эстетикалық және көркем талғам түсініктерін бөліп көрсетіп, соңғысының шынайлықты игерудің ерекше түрі ретіндегі өнердің өзіндік ерекшелігімен байланысты ерекше қасиетін оның көркем мәнімен негіздейтіндігімен келісеміз. Өнер туындыларын түйсіну үшін өмірлік білімдермен қатар, өнер тілін түсіну, оның образдарын, ерекшеліктерін, көркем ақиқатты, өнердің шарттылықтарын және т. б. дұрыс ұғыну қажет. Соңғы онжылдықтарда көркем білім беру, бейнелеу өнерін қабылдау, көркем талғамды қалыптастыру, эстетикалық мүдделер мен қажеттіліктерді дамытудың жалпы теориялық мәселелері бойынша ғылыми еңбектер, диссертацилар түрінде жалпыланған ауқымды зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Эстетикалық мәдениетті, көркемдік талғамды қалыптастырудағы аса маңызды ролді бейнелеу өнері және еңбекке баулу пәндері маңызды роль атқарады. Бұл көрінетін әлемнің көрнекі және сезінілетін бейнесін кеңістікте немесе көзбен көруге болатын жазықтықта жасайтын өнер. Еңбектегі қол өнері, бейнелеу өнері әдебиет пен музыкамен салыстырғанда, уақыт пен дыбыспен емес, жазықтық пен кеңістікті пайдаланатын өнер түрлерін біріктіреді. Бейнелеу өнерінің туындылары қозғалыссыз, статикалық, өзінің арсеналында уақыт ішінде дамудың көркем құралдары жоқ, бірақ көру образдары арқылы шынайы өмірдің пластикалық және түстік байлығын аша келе, ұзақтығы бойынша шектелмеген қабылдау мүмкіндігіне ие.
Күрделі эстетикалық және этикалық, тәрбиелік қызметтерді атқара келе, бейнелеу өнері адам жанынан үндесу табуға және бұл жанды тек қана «тура мәтінмен» ғана емес, терең ақындық астармен қалыптастыру қабілетіне ие. Бұл астарға бейне мен ол туралы түсінктер арасындағы ассоциациялар тізбегі, халық жадында және жеке адамның дербес психологиялық тәжірибесінде сақталатын мүдделер, күйзелістер, үміттер, әсемдік пен ұсқынсыздық туралы түсініктердің кең гаммасы кіреді.
Қол өнерінің аса маңызды міндеті мен шынайы мүмкіндігі адамға болмыс философиясын түсінуге, табиғаттағы әлеуеттер қалай жүзеге асырылатынын, қандай жетіспеушіліктер мен қарама-қайшылықтар біздің алға қарай қозғалуымызға кедергі болатындығын ұғынуға көмектесуде. Бұл үшін адамның көркемдік талғамы қалыптасуы қажет.
Педагогтың еңбек және эстетикалық тәрбие жұмысының қиындығы көркемдік талғам эстетикалық сананың неғұрлым қиын басқарылатын элементі болып табылатындығында. Эстетикалық тәжірибенің концентрацияланған көрінісі бола келе және эстетикалық қатынастың бағыттылығының реттеушісі бола отарып, ол адам психикасындағы эмоционалды және интеллектуалды бастаулардың ажырамас бірлігі ретінде қызмет атқарады. Осыған байланысты осы эстетикалық қасиет бір уақытта тұтас эстетикалық тәрбие жүйесінің оптималдылығының көрсеткіші ретінде қызмет атақара келе, тұлғаның үйлесімділігі мен жан-жақтылығының критериі ретінде оның рухани әлемінде ерекше маңызға ие болады.
И. С. Левшинаның, П. В. Соболевтың, А. Н. Сохордың және т. б. әлеуметтанушылық еңбектерінде көркем талғамның әлеуметтік типологиясы әзірленген, оның аномалияларының жіктелуі ұсынылған. Көркем талғамның дамуының психологиялық аспектілері өнер психологиясы мен тұлғаның музыкалық қабілеттері жөніндегі фундаменталды еңбектерде Л. С. Выготскиймен, Б. М. Тепловпен сипатталған. Осылайша, жоғарыда аталған зерттеу жұмыстарын талдау жинақталған тәжірибені ұғыну, қазіргі қоғамда орын алған саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты жаңа жолдарды іздеу қажеттілігін көрсетеді.
Қазіргі заманғы тұлғаға эстетикалық тәрбие берудің әдістемелік негізі материалдық және рухани мәдениеттердің бірлігі ретіндегі мәдениет теориясы болып табылады. Мәдениеттің дамуындағы тарихи сабақтастық, ұлттық, ұлтаралық және жалпы адамзат арасындағы диалектикалық өзара байланыс аса маңызды ережелер болып табылады.
«Көркем талғамды» ерекше көрініс тапқан практикалық бағыттылыққа ие анықтамасын З. Л. Подольская береді: «Көркем талғам өзінің практикалық көрініс табуында тұлғаның шығармашылық жасампаздыққа және көркем құндылықтарды қабылдауға деген тұтас және тікелей-индивидуалды қабліеті ретінде қызмет атқарады, ол адамның бүкіл көркем санасының мәдениет шығырмашылығы өнімдеріне интегративті, сапалық-спецификалық қатынасын береді» [, 63] . Дегенмен, осы анықтамада оның практикалық бағыттылығына қарамастан, «шығармашылқ жасампаздық . . . қабілеті» қатарға жатпайтын болып шығады, өйткені біздің пікірімізше, талғам шығармашылыққа тек әсер етеді, бірақ оған қабілеттілік болып табылмайды.
«Эстетикалық талғам туралы» деген кітабында В. К. Скатерщиков көркем талғамды «тұлғаның және қоғамның өнерге қатынасының көрінісі, көркем шығармашылықтың және оның өнімдерінің артықшылықтары мен жетіспеушіліктеріне баға беру» ретінде анықтайды[64, 26] .
Бастауыш сыныптағы 1-сыныптың еңбекке баулу оқулығында ермексазбен жұмыс істеу, техникалық еңбек, қағазбен жұмыс, құрастыру өнері, матамен жұмыс, қолданбалы өнер, табиғи заттармен жұмыс істеу жолдары қарастырылған.
ІІ. Оқушыларының еңбекке баулу процесінде көркем талғамын қалыптастырудың тәжірибелік-педагогикалық жұмыс мазмұны
Ермексазбен жұмыста илеу арқылы домалақтау, цилиндир тәрізді пішіндер жасалды. Екі алақан арасына салып, шар жасау, шарды бояуды үйретіледі. Осының өзіне балалардың көркемдік талғамын қалыптастыру қажет. Мұғалім үйреткеннен кейін сынып оқушылары үлгіге қарап құстың жұмыртқасын жасауды ұсынады. Бұл жерде оқушылардың көзбен өлшеу, әдемілеп пішінін келтіру, созу, ұнаған түсін таңдау арқылы сенсорлық қабілетінің дамуына ықпал етіп дамуына ықпал етеді. Осы тәріздес мақсаттар «Еңбекке баулу оқулығының» барлық бөлімінде оқушылардың көркемдік талғамын қалыптастыру көзделген.
Еңбекке баулу - жас өспірім оқушылардың еңбекке деген ынтасын жетілдірудегі, ойлау қабілеттерін арттыруға орасан зор негіз болып табылады. Қазіргі заман ағымына қарай балаларға еңбек сабағында экономикалық, эстетикалық, экологиялық, адамгершілік және ақыл-ой тәрбиесі жүзеге асып басты міндеттердің бірі болып табылады.
Ғылым білім, өнер, әдебиет, салаларында ауыр немесе жеңіл өнеркәсіпте, ауыл шаруашылық салаларында болсын елге есімдері әйгілі қайраткерлеріміздің қай-қайсысы болсын қажырлы еңбегінің арқасында ерекше талғаммен орындағыан еңбегінің жемінінің нәтижесінде әйгілі болып отыр. Бұл жөнінде М. Әуезов «Қай істің болмасын өнуіне үш түрлі шарт керек. Ең әуелі ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тәртіп керек» деген сөзі бар. 1998 жылы атамұра баспасынан шығарылған «Еңбекке баулу» оқулығының қай-қайсысы болсын оқушылардың еңбекке ықыласы мен ынтасын арттырып, талабын шыңдауға, талғамын жетілдіруге жағдай жасайды.
Мұғалімнің еңбек сабағын оқытуы еңбекке тәрбиелеу жұмысының негізі болып табылады. Білім беру, тәрбиелеу және балалардың ой-өрісі қабілетінің дамуы бұл сабақтың алдыға қояр басты мақсат болып табылады.
Басқа сабақтарға қарағанда еңбекке баулу сабағының өзіндік ерекшелігі бар. Ол сабақтың ең негізгі уақының сарамандық жұмысқа бөлінетіндігі. Ал сарамандық жұмыстың негізі қоғамдық пайдалы жұмысты орындауға бағытталған. Сарамандық жұмыс кезінде балалар бұйымдардың олардың көркемдік талғамын қалыптастыруда маңызы зор. Мпектепте, отбасында, балалар бақшасына әсемдігі айтылып таратылып, кәдеге жарайды.
Біріншіден, баланың өз қолымен шыққан дүниенің іске асуы олардың өз мүмкіндігіне деген сенімін арттырып, көркемдік талғамын, одан әрі әсем етіп жасауға талпынады. Мұғалім оқушылардың кішкене бұйым жасаса да талғаммен, түстерін дұрыс таңдауға, үйлесімді орналастыруға, желімді дұрыс жағуға үйретуі қажет.
Екіншіден, үлкендердің балаға бір жұмыс тапсырған кезде «Істегенің- бізге, үйренгенің өзіңе жақсы» өздігімен әдемі және әсем орындауға жағдай жасау керек. Сонымен қатар еңбек үстінде ұқөыпты орындауға, техникалық қауіпсіздік ережелерді сақтауға дағдыландыру қажет. Еңбекті орындауда қайшымен орынды қиюды, табиғи материалдарды орналастыруды, мата түрлерін оның сапасын анықтау да көзделеді. Сабақ барысында мұғалім оқушылардың шығармашылық өнерін қамтиды. Олар еңбек өнімін құрастырып, бағдарлап, жұмыс орнын ретімен әзірлеп, технологиялық операцияларды жүргізіп, өзін-өзі сынайды. Оқушының өзіндік шығармашылық жұмысына берілген тапсырма барлық оқушыларды қызықтыратын деңгейге жеткен жағдайда ғана іске асады.
Мысал келтіретін болсам:
Тақырыбы: Қағазбен жұмыс (оригама тәсілімен) .
Сабақ мақсаты: балалардың қағазбен жұмыс істеуі арқылы еңбек іс-әреекеті дағдыларын қалыптастыру. Қағазды бүктеу әдіс-тәсілдерімен таныстыру. Қағазды бүктеу арқылы ұлттық тұтынатын бұйымдар жасай білуге жаттықтыру. Түстерді таңдауға, үйлесімділік сақтауға әдемілікті таңдай білуге үйрету. (Аяққап, қоржын, мәсі) .
Әіс-тәсілдері: әңгімелесу, әңгімелету, көрсету, түсінтіру, ойын т. б. Бүктеу: түзу, қисық сызықтар бойымен және қабаттап, бұрыштап б. ктеу.
Дандық жұмыстары: ұлттық бұйымдармен таныстыру, көрмеге саяхат, сурет бойынша әңгімелеу, ертегі, өлең, тақпақтар оқу.
Өткізу әдісі: мұғалім балаларға түрлі-түсті қағаздармен жұмыс істейтіндерін айтып, бүгінгі сабақта ерекше көңілмен зейін қоюларын талап етеді. Өйткені, біз бүгін қағ, аздан ұлттық тұтынатын бұйымдарды жасап үйренеміз. Ол үшін балалардан жүннен, матадан, теріден жасалатын бұйымдар туралы не білетіні жайында сұралады. Олардың жауаптарынан соң, «сиқырлы қағаздар әлеміміен танысасыңдар» деп, әдемі қоржынды алып көрсетіп, оның екі жағында қағаздан бүктеп жасалған әртүрлі заттарды көрсетіп (аяққап, қорын, мәсі, сандық т. б. ), балалардың іс-әрекетке қызығушылығын арттырады. Енді осылай бұйымдарды өздері жасайтындықтары хабарланадыф. Қоржынды, аяққапты бүктеп жасауға жалпылама нұсқау берілді. Өйткені ол бұрынғы дағдыларды бекіту мақсатында ұсынылып жаңа іскерлік дағдыларды меңгерту «мәсіні» жасау үшін берілді. Аяқ киімдер жайында әңгімелетіп және олардың ішіндегі мәсіге ерекше тоқталып, қағаздан бүктеу тәсілдерін көрсетіп, түсіндіре отырып бірге жасатты:
- тік бұрыш қағаздың екі шетін буктеп, үшбұрыш жасау, қабырғалырын түйістіре бүктеу;
- ол үшбұрыштардың қабырғаларын түйістіре тағы да қаббатап бүктеп, дәл ортасынан беттестіре екі қабаттау;
- төменгі бөлігін сыртқа қарай см қайырып бүктеу (қонышы) ;
- екі шетін (қонышының) айқастыра бүктеу;
- етіктің басы мен қонышын орта бөлігінен үшбұрыш жасай қайыра бүктеу;
- әсінің үшкір басын ішіне қарай немесе сыртына қарай шағыра бүктеуге болады;
- мәсінің қонышын айқастыра желімдеп, ою-өрнектермен безендіру.
Осыдан кейін балалар үш топқа бөлініп, «Қоржын», «Аяққап» және мәсі жасайды. Жұмыс барысында балаларға жеке нұсқаулар беріп, көмектесіп отырады. Жұмыс аяқталған соң талдау жасалып, қорытындыланады.
Бұл сабақта балалардың қағазбен жұмыс істеу арқылы еңбек іс-әрекеті дағдыларын қаыптастыра отырып, іс-әрекет барысында көркем сөз қолданылды. Жұмыстарды талдау, қорытындылау барысында «Дүкен» ойыны ең әддемі жасалған бұйымдардан кімдер жасағанын, неден жасалғанын, бұйымдардың атын ататып, сатып алу, сипаттап айту, не үшін ұнағанын әңгімелету арқылы жүргізіді. Қағазбен жұмыс істеу арқылы еңбек дағдыларын қалыптастыруда да қағаз түрлерімен (жұқа, картон, түрлі-түсті қааз, фольга т. б. ) таныстырудан басталды. Жүйелі іс-әрекетке бағыттай отырып, қиып жапсыру іскерліктерін меңгеруде ұлттық тұтынатын бұйымдарды жазықтықта қиып жапсыруға көңіл бөлінді (сырмақ, текемет, түскиіз, әдемі кілем) оригама тәсілі арқылы түрлі заттар және папэ-машэ арқылы ыдыс-аяқтар жасату еңбек дағдыларын қалыптастырудың тиімді тәсілі екендігіне көз жеткіздік. Өйткені, балалар бастаған іс-әрекеттің нәтижесіне жетуге талпынып, белсенділік көрсетеді.
Тағы бір мысал:
Тақырыбы: Құрақ құру (матамен жұмыс)
Сабақ мақсаты: Балалар игеруге тиісті дағдылар: еңбек іс-әрекет дағдыларының қалыптасуын жалғастыру. Геометриялық фигураларды қиюды бекіту. Өз еңбектерінің нәтижесін көре білуге баулу және көркемдік талғамын қалыптастыру. Тиянақтылық, ептіліктерін қалыптастыру.
Қажетті құралдар: мата (5х5 көлемі), жеім, қағаз, қайшы, үлгі
Сабақты өткізудің әдісі: Мұғалім балаларға көрнекілік ретінде арнайы құрақ көрпешені көрсетіп, оның неден, қалай жасалатынын, не үшін қажет екенін және көрпенің қандай түрлері бар екенін сұрады. Балалардың жауаптарынан кейін, төрге төселу себебін айта отырып, ұлтымыздың қонақ күту салтымен таныстырды.
Балаларға тақырып бойынша түсінік беріп, қажетті құрал-жабдықтарын тексеріп, олардың іс-әрекетіне басшылық жасады.
Мұғалім: Матаны төрт бұрыштап, біркелкі түзу қиямыз. Балалар мұғалімнің айтуымен бірге жасап отырады. Матаның барлығын біркелкі қиып алған соң, сол төрт бұрышты қиғаштап қию арқылы матаны үшбұрыштап қиымзы да оны қатты ақ қағаздың бетіне орналастырамыз. Балалар өздерінің қалаулары бойынша құрақ құрайды. Сонан соң матаны алып бірлен бір бағытта құрақты желімдейміз.
Сабақтың соңында: мұғалім әр баланың өз істеген жұмысына талдау жасатып, балалар еңбегін мадақтады. Балаларға еңбек, шеберлік туралы тақырыптармен мақа-мәтелдер айтқызды. Күннің 2-жартысында балалардың шағын тобына мұғалім “Қонақ күту” ойынын ойнауға бағыт берді.
Балалар біз жоспарлаған арнайы сабақтарда әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы сазбалшықтан, ермексаздан, ұннан (тоқаш, бауырсақ, шелпек, таба нан т. б. ), сүттен жасалған (әртүрлі формада құрт, балқаймақ, ірімшік т. б. ) тағамдарды өздері жасап меңгерді. Осы меңгерген іскерлік дағдылары еңбек нітижесіне дайын болған заттарды күнделікті тәжірибеде қолдана білу мақсатында ойын іс-әркетінде бекітіліп, көрініс тауып отырды. Сонымен қатар мұғалім екінші шағын топпен “Мен нені істей аламын?” деген дидактикалық ойын ұйымдастырды. Ойынның негізгі масаты: еңбек ету дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын тез ойлай білуін дамыту. Қажетті құралдар санауға ыңғайлы таяқшалар. Мұғалім балалардан те-тез кімнің не істей алатынын сұрайды. Көйлек тіге аламын, мал баға аламын, сурет саламын т. б. Жауаптар қайтарылды. Дұрыс жауап берген балаға бір таяқшадан біріліп отырды. Көп таяқша жинаған Әсем мен Саяжан жеңімпаз болды. Ойын барысында балалар осыған дейін меңгерген іс-әрекеттерін, біліп-түгендерін ортаға салды.
Сабақ тақырыбы: Ұлттық көрмеге саяхат.
Балалардың игеруге тиісті дағдылары: балабақшадағы анайы жабдықталған еңбек белсендігі ұлтты тұтыну бұйымдарымен таныстыру ақылы балалардың еңбек туралы ұғымдарын кеңейтіп, іскеолік әрекетке деген қызығушылықтарын ояту.
Балалар жай тұтыну бұйымдары мен ұлттық бұйымдар айырмашылығын түсіну, еңбектің маңызын ұғынуы тиіс.
Сабақ барысы: мұғалім балаларға көрмедегі киіз үйден бастап барлық бұйымдарды таныстырып, кейбір заттарға ерекше тоқталып неден, қалай жасалғанын айтып өтті. Балаларға жақсы таныс емес бұйымдарды қолдарына ұстатып, көрсетіп, кімдер (тек қана белгілі шеберлер емес, іскер апа, әже, ағалардың) қандай жолмен жасағанын әңгімелеп берді. Осындай нәрселерді балалардың да қиындықсыз бірігіп жасай алуы мүмкін екендігі түсіндіріліп, жасалу тәсілдерін көрсету арықы ьбалалардың қызығушылықтарын туғызды. Сондай-ақ, мұғалім балалардан осы көрмедегі бұйымдардың қайсысы өз үйлерінде бар екенін сұрады. Масылы: көпшілігіне таныс тұтыну бұйымы текметтің, музыкалық аспап домбыраның т. б. неден жасалатынын және не үшін қажет екенін әңгімелетіп, сұрақ-жауап тәсілдерімен ұлттық тұрмыстық тұтыну бұйымдары туралы таным-түсініктерін байқап қорытынды жаады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz