Болашақ педагогтің коммуникативтік мәдениетін жетілдіру



1 Қазақ тілінің қолданылу салаларында әр түрлі проблемалардың туындауы
2 Мұғалімнің кәсіптік коммуникативтік мәдениеті
3 Ортақ коммуникативті міндеттер
Қарым-қатынас жасау, сөз, сөйлеу өнерін, ауызекі және жазбаша тілдесу, сөйлеу мәдениетін меңгеру қандай іс, қызмет түрімен айналысса да адамға ауадай қажет нәрсе. Айшықты, дәйекті, дәлелді, түсінікті де пәрменді сөз қай заманда болсын адамдарға, олардың көзқарастары мен намыc-сенімдеріне, істеген істері мен жасаған әрекеттеріне әсерін тигізіп келгені белгілі.
В.В.Виноградов «ауызекі тілдің жоғары мәдениеті, ана тілін жақсы білу мен сезіну, оның мәнерлі тәсілдерін, оның стилистикалық алуан түрлігін қолдана білу – әр адам үшін оның қоғамдық өміріндегі және творчестволық қызметіндегі ең жақсы тірек және ең сенімді мінездеме» болғандықтан, коммуникациялық дағдысы жоғары деңгейде қалыптасқан адамның тұрмыстық, әлеуметтік, іскерлік, кәсіптік қарым-қатынас жасауда, т.б. жағдаяттарда өзін еркін, сенімді сезінетінін айтады [1].
Қазіргі таңда заманның өзі әр азаматтан оның өмірлік ісіне сәйкес келетін белсенді тілдік іс-әрекеттер жасауды талап етуде. Қоғам кәсіптік тілдік қатынасты әлеуметтік коммуникацияда қазақ әдеби тілінің нормаларына сәйкес кәсіптік этиканың заңдары бойынша құра алатын, пікірталас, диспуттарды басқаруға қабілетті адамдарды қажет етуде.
Қазақ тілінің қолданылу салаларында әр түрлі проблемалар туындап отыр. Ол жалпы мәдениеттің және тіл мәдениетінің күрт төмендеп кетуі, жазбаша және ауызекі тілдің дұрыстығын, дәлдігін, бейнелігін және көркемдік құндылығын қамтамасыз ететін грамматикалық және лексикалық нормалардың бұзылулары болып табылады. Демек, қоғамның тілдік өмірінің ең көкейкесті проблемасы – мұғалімдердің, ұстаздардың тіл мәдениеті және әлеуметтік коммуникация мәдениеті саласындағы біліктілігін даярлау мен арттыру деген сөз.
Қазіргі Қазақстандағы коммуникативтік мәдениеттің құлдырау жағдайларында жалпы білім беретін мектептің филолог-мұғалімі Қазақстан балаларының тіл мәдениетін арттыруда және тілдік, сөйлеу мәнерін қалыптастыруда ерекше рөлге иемденіп отыр. Мектептің міндеті әлеуметтік қатынас жасаудың алуан түрлі жағдайларында тілді жетік меңгерген тұлғаны даярлап шығу болып табылады. Қазақ тілінің мектептік курсының түпкі мақсаты – мектеп оқушыларында ана тілін, оның әр түрлі стильдері мен жанрларының ауызекі және жазбаша түрлерін еркін меңгеру дағдыларын қалыптастыру, сонымен қатар ана тілін шебер қолдана білуге үйрету, дәл, дұрыс және мақсатқа лайықты, мәнерлі сөйлей алатын тілді таратушыларды тәрбиелеу болып табылады.
Жазбаша және ауызекі түрдегі тілдік қатынас жасауды еркін жүзеге асыратын тілдік тұлғаны даярлау қазақ тілін мектепте және жоғары оқу орнында оқып-білудің, зерттеудің жаңа, коммуникативті бағытталған курсын құруды талап етеді, сондықтан да болашақ мұғалімді педагогикалық қызметке даярлау барысында оның коммуникативтік құзыреттілігін арттыру педагогикалық қатынас жасаудың жұмысқа, қызметке ілесе жүретін, жалғаспалы фактордан кардиналды, түпкілікті, кәсіптік маңызды санатқа айнала бастағандығымен анықталады. Педагогикалық қызметтің негізінде, мұғалім көмегімен білім беріп, ақпарат алмасуды ұйымдастыратын, оқушылардың танымдық-практикалық қызметін басқарып, оқып-үйренушілер арасындағы қарым-қатынастарды реттеп отыратын, олардың ерік-жігеріне , ой-санасына, сезімдеріне және т.б. әсер ететін коммуникативтік қызмет жатқандығы баршамызға мәлім.
1. Филологический сборник к 100-летию со дня рождения академика Виктора Владимировича Виноградова /М.: Институт русского языка им. В.В.Виноградова РАН, 1995. 432 с.
2. Балақаев М. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: Арыс, 2008. – 592 бет.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №2-3, 2010

Р.С.РАХМЕТОВА
педагогика ғылымдарының кандидаты
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің доценті

БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТІҢ КОММУНИКАТИВТІК МӘДЕНИЕТІН ЖЕТІЛДІРУ

В современной методике большое внимание уделяется коммуникативной
культуре учителя казахского языка. Поэтому в данной статье рассматривается
профессионально-коммуникативное качество будущих специалистов.

The communication culture of teacher of the Kazakh language is paid a
great attention in modern method, so the professional-communication quality
of future specialists is considered in the article.

Қарым-қатынас жасау, сөз, сөйлеу өнерін, ауызекі және жазбаша тілдесу,
сөйлеу мәдениетін меңгеру қандай іс, қызмет түрімен айналысса да адамға
ауадай қажет нәрсе. Айшықты, дәйекті, дәлелді, түсінікті де пәрменді сөз
қай заманда болсын адамдарға, олардың көзқарастары мен намыc-сенімдеріне,
істеген істері мен жасаған әрекеттеріне әсерін тигізіп келгені белгілі.
В.В.Виноградов ауызекі тілдің жоғары мәдениеті, ана тілін жақсы білу
мен сезіну, оның мәнерлі тәсілдерін, оның стилистикалық алуан түрлігін
қолдана білу – әр адам үшін оның қоғамдық өміріндегі және творчестволық
қызметіндегі ең жақсы тірек және ең сенімді мінездеме болғандықтан,
коммуникациялық дағдысы жоғары деңгейде қалыптасқан адамның тұрмыстық,
әлеуметтік, іскерлік, кәсіптік қарым-қатынас жасауда, т.б. жағдаяттарда
өзін еркін, сенімді сезінетінін айтады [1].
Қазіргі таңда заманның өзі әр азаматтан оның өмірлік ісіне сәйкес
келетін белсенді тілдік іс-әрекеттер жасауды талап етуде. Қоғам кәсіптік
тілдік қатынасты әлеуметтік коммуникацияда қазақ әдеби тілінің нормаларына
сәйкес кәсіптік этиканың заңдары бойынша құра алатын, пікірталас,
диспуттарды басқаруға қабілетті адамдарды қажет етуде.
Қазақ тілінің қолданылу салаларында әр түрлі проблемалар туындап отыр.
Ол жалпы мәдениеттің және тіл мәдениетінің күрт төмендеп кетуі, жазбаша
және ауызекі тілдің дұрыстығын, дәлдігін, бейнелігін және көркемдік
құндылығын қамтамасыз ететін грамматикалық және лексикалық нормалардың
бұзылулары болып табылады. Демек, қоғамның тілдік өмірінің ең көкейкесті
проблемасы – мұғалімдердің, ұстаздардың тіл мәдениеті және әлеуметтік
коммуникация мәдениеті саласындағы біліктілігін даярлау мен арттыру деген
сөз.
Қазіргі Қазақстандағы коммуникативтік мәдениеттің құлдырау
жағдайларында жалпы білім беретін мектептің филолог-мұғалімі Қазақстан
балаларының тіл мәдениетін арттыруда және тілдік, сөйлеу мәнерін
қалыптастыруда ерекше рөлге иемденіп отыр. Мектептің міндеті әлеуметтік
қатынас жасаудың алуан түрлі жағдайларында тілді жетік меңгерген тұлғаны
даярлап шығу болып табылады. Қазақ тілінің мектептік курсының түпкі мақсаты
– мектеп оқушыларында ана тілін, оның әр түрлі стильдері мен жанрларының
ауызекі және жазбаша түрлерін еркін меңгеру дағдыларын қалыптастыру,
сонымен қатар ана тілін шебер қолдана білуге үйрету, дәл, дұрыс және
мақсатқа лайықты, мәнерлі сөйлей алатын тілді таратушыларды тәрбиелеу
болып табылады.
Жазбаша және ауызекі түрдегі тілдік қатынас жасауды еркін жүзеге
асыратын тілдік тұлғаны даярлау қазақ тілін мектепте және жоғары оқу
орнында оқып-білудің, зерттеудің жаңа, коммуникативті бағытталған курсын
құруды талап етеді, сондықтан да болашақ мұғалімді педагогикалық қызметке
даярлау барысында оның коммуникативтік құзыреттілігін арттыру педагогикалық
қатынас жасаудың жұмысқа, қызметке ілесе жүретін, жалғаспалы фактордан
кардиналды, түпкілікті, кәсіптік маңызды санатқа айнала бастағандығымен
анықталады. Педагогикалық қызметтің негізінде, мұғалім көмегімен білім
беріп, ақпарат алмасуды ұйымдастыратын, оқушылардың танымдық-практикалық
қызметін басқарып, оқып-үйренушілер арасындағы қарым-қатынастарды реттеп
отыратын, олардың ерік-жігеріне , ой-санасына, сезімдеріне және т.б. әсер
ететін коммуникативтік қызмет жатқандығы баршамызға мәлім.
В.А.Сухомлинскийдің айтқанындай, сөз – біздер, мұғалімдер, өз
шәкірттеріміздің жүректеріне ептілікпен жанасуға тиісті болатын ең нәзік
әрі ең өткір құрал болып келеді. Осыған байланысты, коммуникативтік
қызмет, іс-әрекет тәсілдеріне коммуникативтілік ұстанымының негізінде
үйрету мұғалімді кәсіптік даярлаудың маңызды элементі болып саналады.
Қатынас

А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №2-3, 2010

Рахметова Р.С. Болашақ педагогтің коммуникативтік мәдениетін жетілдіру

жасаудың әр элементі мұғалімнің рухани тәжірибесімен байытылуға тиіс
болғандықтан, педагогикалық қатынас жасау рухани-этикалық феномен болып
табылады. Сондықтан соңғы кездері педагогикалық және әдістемелік ғылымда
болашақ мұғалімдерді кәсіптік даярлаумен бірге, педагогикалық жоғары оқу
орындарының студенттерін коммуникативтік педагогикалық қызметке үйрету
мәселелеріне көңіл бөлінуде. Мұғалімнің коммуникативтік қызметінің маңызы
мен ерекшеліктерін анықтау, педагогикалық қатынас жасаудың тиімділігін
айқындау, болашақ маманның жоғары мәдениетін қамтамасыз ететін
коммуникативтік ептіліктердің ерекшеліктерін айшықтау, т.б. мәселелерге
назар аударылуда.
Мұғалімнің кәсіптік коммуникативтік мәдениеті педагогикалық шеберліктің
аса маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Студенттерде педагогикалық
шеберліктің негізі ретінде педагогикалық ептіліктер мен дағдыларды
қалыптастыруға Ю.К.Бабанский, М.Л.Баранов, В.А.Кан-Калик, Н.В.Кузьмина,
В.И.Хазанның еңбектері арналған.
Педагогикалық зерттеулерде педагогикалық жоғары оқу орындарының
филолог-студенттерінің тілдік мәнерлілік дағдыларын меңгертуге жеткілікті
дәрежеде көңіл бөлінбей келеді. Әдістеме ғылымында сөйлеу, тіл техникасы,
тілдік қатынас жасау, пәндік және тілдік даярлықтың бірлігі мәселелерін
педагогикалық қызметке лайықтау туралы мәселелер қозғалып жүр.
Жоғары оқу орны лингвистері мен қазақ тілі әдіскерлері болашақ мұғалім-
тіл мамандарының кәсіптік тілдік мәдениетін бағыт-бағдарлы түрде
қалыптастыруға мән беріп, студенттерді қазақ тілін оқыту әдістемесін
меңгертуде коммуникативтік, тілдік, кәсіптік дағдыларға үйретуді жүйелі
түрде жолға қою қажет.
Филолог-студенттерді коммуникативтік кәсіптік даярлаудың теориялық,
практикалық және әдістемелік проблемаларының ішінде тіл маманының мәнерлі
сөйлей білуіне баса назар аударған жөн. Болашақ мұғалімдерді әсерлі,
мәнерлі кәсіптік тілге үйрету, тілдің мәнерлілігін меңгерту, ақпараттық
және стилистикалық функцияларды ажырата білу заңдылығын игерту, т.б.
мәселелерге оқу үрдісінде жіті көңіл бөліп, түрлі тапсырмалар арқылы
дағдыландырып отыру қажет.
М.Балақаев айтқандай, тілді жақсы білу оңай жұмыс емес. Өйткені оның
шегі жоқ. Тіл адамдардың еңбек ету процесінде, қарым-қатынас жасау
тәжірибесінде мыңдаған жылдар бойы жасаған. Оның орасан көп байлықтары сол
тілде сөйлейтін халықтың бастан кешірген ұзақ өміріндегі ойлау жұмысының
нәтижесі ретінде үнемі дамып отырады. Тілді сіресіп қатып қалған қалпында
емес, сол даму, жетілу процесінде үйренеміз [2.14].
Тіл маманы оқушылардың тілді бағалай білу сезіміне өзі тіл мәдениетін
жоғары дәрежеде игергенде ғана әсер ете алуы мүмкін. Болашақ тіл маманы
өзінің қазақ тілінің, халықтың мұрасын сақтаушы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұғалімнің сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың әдістері
Педагог тұлғасының кәсіби қалыптасуы мен дамуы
Педагог тұлғасын қалыптастырудағы педагогикалық шеберліктің ролі
Мұғалімнің құзыреттілігі
Педагогикалық коммуникативті біліктілік
Кәсіби құзыреттілік ұғымының мазмұны
Біліктілікті арттыру жүйесінде шетел тілі мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін дамытуды теориялық – әдіснамалық тұрғыда негіздеп, мәселені тиімді шешудің педагогикалық шарттарын анықтау
Педагогтің оқушылар алдындағы беделі
Болашақ мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың басым бағыттары
МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЭТИКАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер