Мамандандырылған қаржы-несие мекемелерің экономикалық рөлі



Жоспар

Кріспе

І.бөлім. Мамандандырылған қаржы.несие мекемелерің экономикалық рөлі.
1.1. Мамандандырылған қаржы.несие мекемелерінің негізгі жүйесіндегі рөлі мен түсінігі.
1.2. Мамандандырылған қаржы.несие мекемелерінің негізгі

ІІ.бөлім. Мамандандырылған қаржы.несие мекемелерінің функциялары мен операциялары
2.1. Ипотекалық компанияның функциалары мен операциалары.
2.2. Лизингтік компанияның функциалары мен операциалары.
2.3. Сақтандыру компаниясының функциалары мен операциалары.

ІІІ. бөлім Мамандандырылған қаржы.несие мекемелерінің Қазақстандағы дамуы.
3.1.Мамандандырылған қаржы.несие мекемелерінің Қазақстандағы дамуы

Қортынды.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе
Мамандандырылған қаржы-несие мекемелері(немесе парабанктік мекемелер деп те аталады).Ол мекемелер бір клиенттерге қызмет көрсетеді немесе бір-екі қызмет түрін меңгереді.
Осы курстық жұмыстың басты мақсаты мамандандырылған қаржы-несие мекемелерінің мәні мен түрлерінің бөлінуін сипаттау,сол сияқты оның орындалатын фукциалары мен операцияларын терең ашып беру мен көрсету болып табылады.
Бұл курстық жұмыста негізінен сипатталады:
1-бөлімде,”Мамандандырылған қаржы-несие мекемелерінің несие жүйесіндегі рөлі “Бұнда мамандандырылған қаржы-несие мекемелерінің несие жүйесіндегі рөлі мен түсінігі туралы,яғни өркениетті мекемелердің тәжірибесінде несие жүйесінің екі түрі бар:
Біріншісі-несие-есеп қатынастарының жиынтығы,Екіншісі-қаржы- несие мекемелерінің жиынтығы ретінде қалыптасуы туралы баяндадым.Оқи келе мамандандырылған қаржы-несие мекемелерінің жиынтықтарына толықтай ашылып,анық сипатталғанын көресіз.
2-бөлімінде, “Мамандандырылған қаржы-несие мекемелерінің функциялары мен операцияларын” Осы бөлім мамандандырылған қаржы-несие мекемелерінің функциялары мен операцияларын,сол сияқты ипотекалық компания мен сақтандыру және лизингтік компаниялардың операциялармен қызметтері қарастырылған. Осы компаниялардың қалай және пайда болғаны туралы мағлұматтар баяндалады.
3-бөлімде,”Мамандандырылған қаржы-несие мекемелерінің Қазақстандағы дамуы” Бұнда Қазақстандағы мамандандырылған қаржы-несие мекемелерінің кейбір түрлерінің қалай дамып және қандай қызметтер атқаратындығын көресіз. Осы мекемелердің Қазақстанда әлде қарай дамуына қандай шаралар істеуі керектігі қарастырылған.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Көшенова Б. Ақша, несие, банктер валюталық қатынастары; Оқу құралы А: /Эканомика, 2000.
2. Саниев М.С. Ақша, несие, банктер; Оқу құралы. А: 2001.
3. Ақша,несие, банктер: Оқулық /Ред. Басқарған. Ғ.С. Сейтқасымов. А Эканомика, 2001
4. Айманова Л.Б, Оралбаева Ж.С. Қаржылық лизинг және эканомикалық нақты секторы / Қаржы- қаражат; 2001, № 6 бет 11-16.
5. А. Тобатаева инвестиционная деятельность страховых компаний эканомика негіздері мектепте, коледжде және ЖОО-да оқыту, 2005,№5 бет 7-8.
6. А. Базарбаев Қазақстандық сақтандыру компаниялардың инвестициялық қызметіндегі механизмді жетілдірудің болашағы / Қаржы- қаражат; 2006, №2 бет 18-21.
7. А. Мамырбаева. Ипотекалық Компанияның атқаратын қызметі / Эканомика негіздері мектепте, коледжде және ЖОО-да оқыту; №5 бет 27-30.
8. Б.Н. Нұрманов, Ж.К. Әбурашев. Лизингтік қарым-қатынастар және оны жетілдіру жолдары / Жаршы; 2006, бет 3-6.
9. Ж.Бейсекова Перспективы разития лизинговых отношений в
Казахстане? Ізденіс; 2005, №3 бет 52-56.
10. Сәдіршеков М. Қазақстандағы нарық мәселесі ипотекалық несие / Эканомика негіздері мектепте, коледжде және ЖОО-да оқыту; 2006, №1,бет 27-28.
11. С. Абдильден Лизинг: сутв и формы? Альбари; 2005,№4,84-87.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кріспе

І-бөлім. Мамандандырылған қаржы-несие мекемелерің экономикалық рөлі.
1.1. Мамандандырылған қаржы-несие мекемелерінің негізгі жүйесіндегі рөлі
мен түсінігі.
1.2. Мамандандырылған қаржы-несие мекемелерінің негізгі

ІІ-бөлім. Мамандандырылған қаржы-несие мекемелерінің функциялары мен
операциялары
2.1. Ипотекалық компанияның функциалары мен операциалары.
2.2. Лизингтік компанияның функциалары мен операциалары.
2.3. Сақтандыру компаниясының функциалары мен операциалары.

ІІІ- бөлім Мамандандырылған қаржы-несие мекемелерінің Қазақстандағы дамуы.
3.1.Мамандандырылған қаржы-несие мекемелерінің Қазақстандағы дамуы

Қортынды.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе
Мамандандырылған қаржы-несие мекемелері(немесе парабанктік мекемелер
деп те аталады).Ол мекемелер бір клиенттерге қызмет көрсетеді немесе бір-
екі қызмет түрін меңгереді.
Осы курстық жұмыстың басты мақсаты мамандандырылған қаржы-несие
мекемелерінің мәні мен түрлерінің бөлінуін сипаттау,сол сияқты оның
орындалатын фукциалары мен операцияларын терең ашып беру мен көрсету болып
табылады.
Бұл курстық жұмыста негізінен сипатталады:
1-бөлімде,”Мамандандырылған қаржы-несие мекемелерінің несие
жүйесіндегі рөлі “Бұнда мамандандырылған қаржы-несие мекемелерінің несие
жүйесіндегі рөлі мен түсінігі туралы,яғни өркениетті мекемелердің
тәжірибесінде несие жүйесінің екі түрі бар:
Біріншісі-несие-есеп қатынастарының жиынтығы,Екіншісі-қаржы- несие
мекемелерінің жиынтығы ретінде қалыптасуы туралы баяндадым.Оқи келе
мамандандырылған қаржы-несие мекемелерінің жиынтықтарына толықтай
ашылып,анық сипатталғанын көресіз.
2-бөлімінде, “Мамандандырылған қаржы-несие мекемелерінің функциялары
мен операцияларын” Осы бөлім мамандандырылған қаржы-несие мекемелерінің
функциялары мен операцияларын,сол сияқты ипотекалық компания мен сақтандыру
және лизингтік компаниялардың операциялармен қызметтері қарастырылған. Осы
компаниялардың қалай және пайда болғаны туралы мағлұматтар баяндалады.
3-бөлімде,”Мамандандырылған қаржы-несие мекемелерінің Қазақстандағы
дамуы” Бұнда Қазақстандағы мамандандырылған қаржы-несие мекемелерінің
кейбір түрлерінің қалай дамып және қандай қызметтер атқаратындығын көресіз.
Осы мекемелердің Қазақстанда әлде қарай дамуына қандай шаралар істеуі
керектігі қарастырылған.

І-бөлім. Мамандандырылған қаржы-несие мекемелерің экономикалық рөлі.
1.1 Мамандандырылған қаржы-несие мекемелерінің несие жүйесіндегі рөлі мен
түсінігі

Өркениетті мекемелердің тәжірибесінде несие жүйесі туралы екі түрлі
қалыптасқан: Біріншісі-несие- есеп қатынастары, оның түрлері мен несиелеу
әдістерінің жиынтығы: Екіншісі-несие қаржы институттарының (мекемелерінің)
жиынтығы. Несие қатынастары қарыз капиталының қалыптасуымен оның
жұмсалуынан туындап, несиенің барлық формалары мен түрлерін қамтиды. Несие
жүйесі несие-қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде жеке және заңды
тұлғалардың уақытша бос ақшаларын есепшоттарда шоғырландырып, оларды
кәсіпорындарға, үкіметке және халықтың әр түрлі топтарына қарызға береді.
Несие жүйесінің қызметінен несие қатынастары туындайды. Несие
қатынастарының мазмұнын несие мекемелерінде әр түрлі субьектілердің уақытша
бос ақша капиталдарын шоғырландырып және оларды белгілі бір мерзімнен кейін
және белгілі бір төлем ақымен қайтару үшін бөліп беруанықтайды. Несие
жүйесінің маңызымен ел эканомикасындағы рөлі біраз көрсеткіштермен; атап
айтқанда: ақша салымдарының жалпы көлемімен, кәсіпорындар мен мекемелердің
негізгі және айнымалы капиталын қалыптастырудағы банктік қарыздың үлесімен,
жиынтық төлем айналымымен және т.б.
Несие қатынастар мен несие формаларының және несиелік мекемелердің
жиынтығы кең мағынадағы несие жүйесінің ұғымын құрайды.
Несие қатынастарының даму дәрежесі, несие мекемелерінің көбеюі,
өндіріс пен тұтыну салаларының банк операцияларын пайдалануы жөнінен
дүниежүзіндегі дамыған мемлекеттердің ішінде АҚШ алдағы қатарға келеді.
Несиелік қатынастарды ұйымдастыруда: банктік және банктік емес
институттар шеңберінде екі жүйені бөліп қарстырады. Соған сәйкес несие
жүйесінің екі негізгі буыны қалыптасады: банктік және мамандандырылған
несие-қаржы мекемелері.
Қазіргі несие жүйесінің үш маңызды элементін бөліп қарастыруға болады;
- Орталық (эмиссиялық) банк.
- Комерциялық банктер.
- Мамандандырылған несиелі мекемелер:( сақтандыру, жинақтық,
ипотекалық, сенімгерлік (трастовый) және т.б.
Қазіргі несие жүйесі күрделі, әрі көпбуынды құрылым. Егер несие
мекемелерінің клиенттерге көрсететін қызмет түрлерін негізге алғанда
несие жүйесінің үшінші элементін қарастырайық.
Мамандандырылған қаржы институттары.Тарихи маманданған несие қаржы
институттарының алғашқы мекемелері қарыз капиталы нарығындағы кейбір
сұраныстарды қанағаттандыру мақсатында пайда болды. Мысалы, бұрынғы
КСРО-да 20-жылдарында комерциялық банктер тұтыну несиесін берумен
шұғылданбағандықтан, сол кездерде тұтыну несиесін берумен көптеген
мекемелер пайда болды. Олар қазіргі нарықтық эканомикада кез келген
мемлекеттің несие жүйесінде нық орын алуда.
Мамандандырылған қаржы-несие мекемелері (немесе оларды парабанктік
мекемелер деп те атайды) не белгілі бір клиенттерге қызмет көрсетеді
немесе бір-екі қызмет түрін меңгереді.
Мамандандырылған қаржы-несие мекемелері ипотекалық және тұтыну, сол
сияқты ауыл шаруашылық несиелері саласында кең ауқымды тарауда. Олар
халықтың ұсақ жинақтарын тарту, капиталды инвестициялау бағалы қағаздарды
орналастыру және т.б. айналысады.
Қазақстан эканомикасының нарықтық қатынастарға өту шағында бұл
мәселелер бойынша әлемдік тәжірибесі қызығушылық болуда.
Мамандандырылған қаржы-несие мекемелері кейбір шаруашылық аясында кең
түрде қызмет көрсетуде:
-Халықтың ұсақ жинақтарын тартуда;
-Ипотекалық несие беруде;
-Тұтыну несиесін беруде;
-Ауыл шаруашылық несиесін беруде;
-Сыртқы сауда операцияларын қаржыландыру мен есеп айырысуда;
-Өнеркәсіп компанияларының бағалы қағаздарын орналастыру мен капита
инвестициялауда.
Айта кететін жай, ревалюцияға дейінгі Ресейде, одан соң КСРО-да (оның
құрамындағы Қазақстанда) және жаңа эканомикалық саясат (НЭП) пен кейін ауыл
шаруашылығын ұжымдастыру (колективтендіру) жылдарында несие мекемелерінің
кейбіреулері, мысалы, несиелік серіктестіктер өзара несиелеу қоғамдары,
несиелік одақтар және т.б. олардың түрлері болды. Қазірде банктік емес
мекемелерге кәсіпорындардағы өзара көмек қассаларын, ломбардтарды, шаруа
қожалық кіргізуге болады.
Жинақ кассалары туралы да ерекше айта кету орынды. Бұрынғы КСРО несие
жүйесінің құрамына мемлекеттік еңбек жинақ кассалары.
(КСРО Мемжинкасе) кірген. Олар халық қаражаттарын салымдарға, еркін
айналатын мемлекеттік зайымдарға және ақшалай- заттай лоторейлерге
айналатын мемлекеттік зайымдар тарта отырып, кассалық қызмет көрсетумен
айналысты, сондай-ақ тұрғын үй- құрылыс кооперативтерінің (ТҚҚ) пайыздық
жарнамаларын қабылдады. Жинақ кассалары барлық әкімшілік аудандарда,
ұжымдар мен кеншараларда жұмыс істеді. Қазақстан аумағында олардың саны 4,8
мыңға жуық болды.
1988ж несиелік реформадан кейін жинақ- кассаларына құрылымдық қайта
құру жүргізілді. Сөйтіп, олардың негізінде акционерлік-комерциялық
банктіктері, несиелік серіктестіктер, инвестициялық компаниялар жатады.
Қорыта айтқанда, мамандандырылған қаржы-несие мекемелері кез келген
мемлекеттің несие жүйесінің құрамдас бөлігі. Бұл мекемелердің комерциялық
банктерден негізгіөзгешелігі- халықтың жинағын тарту арқылы ресурс
жинақтау, ал комерциялық банктер өз пассивтерін негізінен заңды тұлғалардың
уақытша бос қаражатын тарту арқылы құрастырады. Біздің мемлекетте
Қазақстан республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Қазақстан
Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығы бойынша банк емес
мекемелерге депозиттер қабылдауға қатаң тиым салынған, сондықтан
Қазақстанда тікелей халықтан депозит жинақтайтын, банк емес институттардың
кең таралу мүмкін емес. Жинақ банкі құрылды. Нәтежиесінде жинақ кассалары
комерциялық банктерден аса ажыратылмайтын банктік мекемеге айналды.
Банктер арасындағы бәсекенің дами түсуі халық қаражатын тартудағы
жинақ банк рөлін бірден қысқартып жіберді. 1993 жылдың басында жинақ банкке
халық салымдарының 40%-ға жуығы жинақталды. КСРО тарағаннан соң жинақ 10%-
ға жуығы жинақталды. Жеке комерциялық банктер мен банктік емес мекемелер
жоғары қарқында көбеюіне байланысты, банк қызметінің ауқымы қысқара
бастады. Осыған байланысты кейбір жерлерде Жинақ банкінің кейбір бөлімдерін
несиелік кооперативтерге қайта түрлендіру орын алды.
Эканомиканың нарыққа өтуі несиелік жүйеде маңызды роль атқаруы мүмкін
банктік емес мекемелердің дамуын талап етеді. Осыған байланысты шетелі АҚШ-
та және Ұлыбританиядағы арнайы несие мекемелерінің қызмет ету мүдделендіре
түседі.
АҚШ-та банктік емес несие-қаржы мекемелеріне: өзара жинақ банктері,
қарыз-жинақ бірлестіктері, сақтандыру қорлары, несиелік одақтар,зейнетақы
қорлары, ақшалай нарықтық өзара қорлары жатады.Бұл мекемелердің барлығы
негізінен халықтан қаражат жұмылдыра отырып, оларды ипотекалық және тұтыну
несиелеріне пайдалануға маманданған.

1.2 Мамандандырылған қаржы-несие мекемелерінің негізгі түрлеріне мінездеме

Бірсыпыра мемлекеттерде мамандырылған несие-қаржы мекемелеріне: жинақ
мекемелері,сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, инвестициялық
компаниялары, ақша нарығындағы өзара қорлар жатады.
Жинақ мекемелері несие жүйесінің көмегінсіз өз алдына капитал ретінде
пайдалануға болмайтын ұсақ жинақтар мен табыстарды өзінде жинақтайды.
Алғашқыда жинақ мекемелері жүйесі не жергілікті басқару органдары, не почта
ведомствосы ұйымдастырылған мемлекеттік мекемелер түрінде, әсіресе ,
орталық Еуропа елдерінде (Германия, Австралия) кең тараған. ХХғ 30-40
жылдарынан бастап жеке жинақ мекемелері түрінде кең өрістеуде. Жинақ
мекемелерінің үш типі бар: өзара –жинақтау банктері, несие-жинақтау
ассоцияларды және несиелік одақтар (кооперативтер).
Өзара-жинақтау банктері- ұсақ салымдарды белгілі бір мерзімге
қабылдайды. Бұндай салымды кері алуға формалды түрде 30-күнге дейінгі
мерзім көрсетіліп, куәлік беріледі, ал шындығында банктер ақшаны клиенттің
бірінші талабы бойынша қайтарады. Тартылған қаражат әр түрлі жағдайларға
және бағалы қағаздар сатып алуға, негізінен тұрғын үй салу кепілдігі үшін
ипотекаға, мемлекеттік бағалы қағаздарға және жергілікті үкімет
органдарының облигацияларына жұмсалады.
Несие-жинақтау ассоциялары- осы ұйым мүшелерінің төлем жарнамасынан
құралады, яғни клиенттерге олардың бірінші талаптары бойынша
номиналыменкері сатып алынатын және процент түрінде табыс түсіретін айрықша
сертификат сату арқылы капиталы құрылатын мекеме. Бұл сертификаттар
мерзімді салымдарға ұқсас. Ассоциация капиталының көп бөлігі тұрғын үй салу
кепілдігі үшін ипотекаға салынады.
Несиелік одақтар- кооперативтер түріндегі жинақ мекемесі, оны
кәсіподақтар, ірі кәсіпорындар, шіркеулер ұйымдастырады. Одақтың капиталы
мүшелік жарнаманы ерекше акциялар сатып алу формасында төлеуден құрылады,
ал құрылған қаражат одақ мүшелеріне қысқа мерзімді несие беру үшін
(транспорт сатып алуға, үйді жөндеуге және с.с) қолданылады. Несиелік
одақтар АҚШ-та, Ұлыбританияда, Канадада кең таралған.

Сақтандыру компаниялары- біздің сақтандыру ұйымдары айналысып
жүргендей оперциялармен шұғылданады. Олардың пассивтері сақтандыру
жарнамаларынан және активтік операциялардан түскен табыстардан құралып,
оларды сақтандыру пассивтеріне төлем төлеуден басқа ұзақ мерзімді бағалы
қағаздарға және тұрғын үй құрылысын кепілдікке салынған мүлік туралы
актілерге пайдаланады.
Жеке және мемлекеттік зейнетақы қорлары- халық салымдарын жұмылдыра
отырып, ірі капиталды иеленеді және оларды коорпарациялардың ақшалары мен
облигацияларын сатып алуға жұмсайды, ұсақ қарыздар береді.
Жұмысшылар мен қызметкерлерге белгіленетін жасқа толғанда зейнетақы
төлеу үшін мемлекеттік және жеке мекемелер болып құралады. Олар жұмысшылар
мен қызметкерлердің жалақысының бір бөлігінен, яғни қорға төленген
жарнамасынан құрылады.
Қазақстан Республикасында жүргізілген зейнетақы реформасының
нәтежиесінде мемлекеттік зейнетақы қоры құрылды. Ол 1993 ж. Әлеуметтік
қорғау министірлігінің қарамағында болып, мемлекеттік зейнетақы бюджеттің
құрамына кірді. Ал 1995 жылдан бюджеттен шығарылып, мемлекеттік жинақтаушы
зейнетақы қоры өз алдында жұмыс істеуде, сонымен қатар бірінші күні
республикада одан бөлініп шыққан 15 жеке жинақтушы зейнетақы қорлары
бар.
Зейнетақы қорларының атқаратын міндеттері:
- Зейнетақы мен балаларға жәрдемақы төлеу үшін мақсатты алым және қаражат
жинақтау, оларды қаржыландыруды ұйымдастыру;
- Халықты әлеуметтік қолдауға байланысты республикалық және аймақтық
бағдарламаларды қаржыландыруға келісім-шарт негізінде қатысуы;
- Өзін-өзі қаржыландыру қағидаттарының негізінде қор қаражаттарының ұдайы
өндірісін ұлғайту;
Бұл қор 1993 жылдан бастап Әлеуметтік қорғау министірлігіне бағынады.
Зейнетақы қорының қаражаттары меншік формаларына және қызметіне
беретін кәсіпорындардың, мекемелердің , ұйымдардың сондай-ақ кәсіпкерлік
қызметпен айналысатын адамдардың сақтандыру жарнамаларының аударымдары
есебінен құралады.
Зейнетақы қорлары мен Әлеуметтік сақтандыру қорына аударылатын
жарналар еңбекақы төлеу қорының 30%-ын құрайды. Жинақталатын жарналардың
85% қаражаты-Зейнетақы қорына, ал 15%- Әлеуметтік сақтандыру қоры мен
Міндетті медециналық сақтандыру қорына тиесілі.
Қор бюджеттің жобасын әлеуметтік қорғау министірлігі жасайды және оны
қордың басшыларына береді, оның құрамына: Қаржы министірлігінен,
Қазақстан Республикасы Ұлттық және Президент әкімшілігінен өкілдер кіреді.
Инвестициялық компаниялар (қор)- тартылған қаражаттарды бағалы
қағаздарға инвестициялау мақсатында, өзінің акцияларын шығару және ашық
түрде орналастыру арқылы ақшалай қаражаттарды тартуға байланысты
инвестициялық қорлар келесідей түрде бөлінеді: Өзара біріккен қорлар –ашық
инвестициялық қор және инвестициялық компания-жабық компания инвестициялық
қор.
АҚШ-та инвестициялық компаниялардың капиталы 2 мың корпарацияның
акцияларына салынған.
Ұсақ инвесторлар инвестициялық компаниялардың міндеттемелер зор
ынтамен алуда, себебі әр түрлі кәсіпорынға қаражат салу қауіпті сейілтіп,
кейбір фирмалар күрірменде олардың акциясына жұмсаған капиталдың шығыны
азайады.
Ашық типті компаниялар акция ұстаушының талабы бойынша акцияларды
кері сатып алуға міндеттенеді, ал жабық типті ондай құқық бермейді. Қазіргі
кезде компаниялардың бірінші түрі кең тараған.
Инвестициялық қордың құқықтары бар:
- Сол инвестициялық қордың бағалы қағаздар портфеліне тиісті акцияларды
қоғамның басқаруына қатысуға;
- Басқарушылар мен бағалы қағаздар портфелін басқару туралы келісім-шарт
жасауға;
- Басқа тұлғалардың барлығымен, соның ішінде тіркеуші және кастиондық
келісім-шарт жасауға, өзгертуге және қарым- қатынасты тоқтатуға;
- Инвестициялық қордың бағалы қағаздар портфелін басқаруға байланысты
қызметті жүзеге асыруға кез келген сұрақтарды инвесторлық басшысынан
талап етуге және алуға;
Инвестициялық қордың мына салаларына тиым салынады:
- Акциялардың басқа бағалы қағаз түрлерін шығаруға;
- Банктерден инвестициялық қордың таза активтерінің құнынан он пайыздан
астам мөлшерде, алты айдан асатын уақытқа зайымдық қаражаттар алуға;
- Акцияның бақылау пакетін сатып алуға күшті шектеу қоюға;
- Кез келген тәсілде заемдар беруге;
- Қайта сатып алу шартымен өзіне тиісті бағалы қағаздарды сатуға (РЭПО-
операциясы).
Инвестициялық қорға қойылатын ең маңызды шектеу- бұл оны өзінің бағалы
қағаздар портфелінен басқарудағы қызметін тәжірибе жүзінде айыруды
сипаттайды. Бағалы қағаздар портфелін басқаруға қатысты барлық қызмет
инвестициялық қорды басқарушыға жүктеледі.
Инвестициялық қорды басқарушы инвестициялық қормен оны басқару туралы
келісім-шарт негізінде әрекет етуші және бағалы қағаздар портфелін
басқаруға байланысты кәсіби қызметті жүзеге асырушы заңды тұлға.
Инвестициялық банктерден баспаларының басқарушы қызметін атқаруға
құқығы жоқ.
Ақша нарығындағы өзара біріккен қорлары- алғашқыда 70 – жылдары пайда
болды. Олар өз акцияларын нарықта орналастырып, түскен ақшаға қысқа
мерзімді бағалы қағаздар сатып алады. Бағалы қағаздардан түскен табыс
акционерлерге төленеді.
Қорлардың активінде – ақша нарығында қысқа мерзімді қаржы құрамдары:
депозиттік сертификаттары, қазыналық вексельдер, банктік акцепттер болады.
Ұлыбританияның несие жүйесінде банктік емес мекемелерге: құрылыс
қоғамдарын, есеп үйлерін, Ұлттық жинақ банк жүйесін, сақтандыру
компанияларын, зейнетақы қорларын, инвестициялық сенім-қорларын жатқызады.
Сонымен қатар, олар халықтан депозиттерді қабылдап, оны тұтыну және
комерциялық несиелерді жеткізіп берумен шұғылданады. Сонымен қатар, олар әр
түрлі қаржылық қызметтерін көрсетуге байланысты операциялар ауқымын
кеңейтеді. Одай қаржы қызметтерге; бағалы қағаздармен жасалатын делдалдық
операцияларды, лизинг, және т.б. жатады.
Ұлыбританияда арнайы қаржы – несие институттарының американдықтарға
қарағанда айырмашылығы олар депозитті ққабылдап несие бергені мен олардың
қызметі белгілі бір сферада шектеледі ( мысалы, құрылыс, тұтыну несиесі ).
Басқаша айтқанда, олардың шағын маманданған салық бағыты болады.
Германияда мамандандырылған қаржы-несие мекемелеріне ипотекалық
мекемелер, тұрғын үй бірлеседі.

ІІ-бөлім. Мамандандырылған қаржы-несие мекемелерінің функциялары мен
операциялары
2.1. Ипотекалық компанияның функциялары мен операциялары.

Ипотекалық компаниялар- жерді және жылжымайтын мүлікті кепілге ала
отырып, ұзақ мерзімге несиелік операцияларды жүзеге асырады. Бұл
компаниялар пассивтерінің басым бөлігі ипотекалық облигациялар, акциялар
және басқа да бағалы қағаздарды құрайды.
Салалық және аумақтық банктердің мамандандыру дәрежесі олардың
активтері мен пассивтерін құрау ерекшеліктері белгілі бір мөлшерде олардың
қызмет аумағыда, сондай-ақ клиенттерінің шаруашылық қызметтерін ұйымдастыру
ерекшеліктері мен байланысты болып келеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен 2000
жылғы желтоқсанда бұрын- соңғы болып көрмеген іс – шара – Қазақстан
Ипотекалық Компаниясы құрылып, республиканың қаржы рыногына енгізілді.
Бұл жаңа институттың негізгі мақсаты қаржы рыногында оператор қызметін
арттыру, яғни „ несие алу “ жолымен ипотекалық несие берген екінші
деңгейдегі банктерді қайта қаржыландыру, сондай-ақ ипотекалық облигациялар
шығару және тарату арқылы ипотекалық рынокқа инвестиция тартуда жүзеге
асырылады.
Ипотекалық несиелеу жүйесінің бірінші денгейі Қазақстан ипотекалық
компанияның сыныптық қызметінен көрініс табады. Өз қызметін КИК еліміздің
барлық аймақтарында жүзеге асырып жатыр.
КИК тікелей заиымдар бермейді, ол өз қызметін комерциялық банктердің
ипотекалық портфелдерін несиелеуге байланысты талап ету құқықтарын сатып
алу және қайта қаржыландыру жолыменен жүзеге асырады. КИК ЖАҚ келесі
функцияларды атқарады:
Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үйге берімен ұзақ мерзімді
ипотеекалық тұрғын үй несиелері бойынша құқықтарды иемдену.
Қазақстан Ипотекалық Компаниясы бүгінде еліміздегі 11-ірі банктермен
бірлесіп ипотекалық несиелеуді жүйелі түрде жүзеге асыруда.
Компания қызметке кіріскен уақыттан бастап, 2002 жылы ТМД аумағында
бірінші болып 3- жылы мерзімінде жалпы соммасы 1,5 млрд тенгеге ипотекалық
облигациялар шығарып орналастырады. Компанияның облигациялары агенттіктің
бағалы қағаздары болғандықтан, Салық Кодексіне сәйкес олардың кірістеріне
салық салынбайды.
Ипотекалық несие алу тәртібі қалыптастырылған жүйе бойынша
төмендегідей кезендерге бөлінеді:
1. Несие алушының біліктілігін алдын ала тексеру кезеңі. Бұл кезенде
несие алушы несие алу шарттары туралы керекті ақпараттың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қр-ғы несие жүйесінің қалыптасуы мен дамуы
Несие беру
Екінші деңгейлі банктердің атқаратын қызметтеріне баға беру
БАТЫС ЕЛДЕРІНІҢ ОРТАЛЫҚ БАНКТЕРІ
Жинақ банкісі
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
Банк банктік жүйенің элементі ретінде
Агроөнеркәсіптік кешенін несиелендіру мәселелерінің теориялық негізі
Банк секторын қорландыру көздері
Несие және несие жүйесінің ұғымы маңызы
Пәндер