Өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру туралы


Тақырыбы: Өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру
- Жоспары:Кіріспе. Негізгі бөлім:1. Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың педагогикалық- психологиялық ерекшеліктері2. СӨЖ-ді ұйымдастыру, студенттердің білімін, дағдысын бақылау формалары мен түрлері. Қорытынды. Пайдаланған әдебиеттер тізімі. Кіріспе«Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында: «Білім - қоғамның дамуы мен болашақтағы жағдайын анықтаушы болып табылады. Кез келген елдің экономикалық және саяси тәуелсіздік жағдайы халықтың жалпы білімі мен кәсіптік деңгейіне байланысты. ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз» - деді [1, 18-19 бб. ] . Осы ретте Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты 2005 жылғы 18-ақпандағы халыққа жолдауында: «Халықтық мәдени құндылықтар мен салт-дәстүрлер, рухани-өнегелік сапаларды жас ұрпақтың бойына сіңіру, патриотизмге тәрбиелеу, ұлттық ар-намыс, абыройды сезіндіру білімсіз дами қоймайды. Сондықтан да қандай қоғам болмасын саяси жүйесінің тұрақты болуы үшін білім мен тәрбие жүйесін мемлекеттік талаптарға сәйкестендіре отырып құруға мүдделі. Ендеше, мемлекетіміздің өз бағытын айқындаудың стратегиялық мақсат-міндеттерінің қатарына жас ұрпақтың білімі мен тәжірибесін алға шығаруы - заңды құбылыс. Ел Президентінің 2004 жылғы халыққа жолдауында: «Ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады…» - деп атап көрсетті [2, 3 б. ] . Білім жеке тұлғаның әлеуметтік-саяси көзқарасын дамытып, дүниетанымының аясын кеңейтетін маңызды факторлардың бірі. Ол жеке тұлғаның әлеуметтік мәртебесін айқындауда, сондай-ақ қоғамда саяси келісім мен ішкі тұрақтылықты орнықтырып, саяси құрылымды дамытуда үлкен рөл атқарады. Әлеуметтік тәжірибені, ақпараттарды игеруде, ұрпақтар арасындағы рухани құндылықтардың бір-біріне берілуін сақтауда, тұлғаны әлеуметтендіруде, олардың әлеуметтік мәртебесін көтеруде - білімнің орны ерекше. Қазіргі білім - азаматтық қоғамдағы әлеуметтік талаптарға бағытталған күрделі де жан-жақты қоғамдық құбылыс, оқыту және тәрбиелеу түріндегі педагогикалық әрекеттің тұтас жүйесіҚазіргі әлеуметтік жағдай, білім беру саласында, соның ішінде тұлғаны дамыту секілді маңызды өзекті мәселелердің бірін, өз алдына қойып отыр. Интеллектуалды дамыған, ойы шығармашыл, жоғары кәсіби дайындықпен, кез-келген жағдайда ұтымды шешім қабылдай алатын азаматтарды тәрбиелеуде, жоғары оқу орындарындағы білім беру деңгейінің маңызы зор. Көптеген педагог-методистердің ойынша мұндай талаптарды орындау үшін студенттердің информациялық оқу әдістерінен белсенді білім алу әдістеріне көшу, түрлі өз бетінше жұмыс жасау, іздену сияқты жолдары қажет. Білімгерлердің ең басты шығармашыл танымдық іс-әрекет формаларының бірі ─ өзіндік жұмыс әрекеттері, бұл жоғары білім беру жүйесінің актуалды мәселелерінің бірі. Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың педагогикалық- психологиялық ерекшеліктері
Педагогика саласы ─ дидактика өзіндік жұмысты, тұлғаның дара және ұжымдық әрекеттерінің түрлі қыр-сырларын ашуға мүмкіндік беретін әрекет деп қарастырады. Ауқымды әрі тереңдетілген өзіндік жұмыс бос ауқытты үнемді пайдалануға бейімдейді. Студенттердің өзіндік жұмысы оқу іс-әрекетінің дұрыс ұйымдастырылғанын, яғни мақсаттың дұрыс қойылғанын көрсетеді. Оқытушының ұйымдастыруымен жасалынған өзіндік жұмыс пән бойынша оқу материалын меңгеру мен жаңа оқу тапсырмаларын шешуге деген талпынысты құрайды. Өзіндік жұмыс ─ үй жұмысы, тапсырмасы түсінігінен гөрі кеңірек ұғым (түсінік), яғни келесі сабаққа дайындық ретіндегі тапсырмаларының орындалуы. Студенттердің өзіндік жұмысы ─ бұл оқу-танымдық іс-әрекетінің өздігінен білім алудың жоғарғы, спецификалық формасы (түрі) ретінде қарастырылады. Студенттің өзіндік жұмысы ─ бұл оның өзіне ыңғайлы және рационалды уақытта танымдық қызығушылықтары мен мақсат бағыттарын белсенді дербес ұйымдастырған жұмысы. Студенттің өзіндік жұмысының нәтижелері оқытушымен бақыланады. Өзіндік жұмыстарды аудиториялық және аудиториядан тыс деп бөлуге болады. Негізгі аудиториялық жұмыстар түрлеріне А. К. Буряк бақылау, эксперимент, кітаппен жұмыс, тапсырмаларды орындауды жатқызады. Студенттерді өзіндік жұмысқа қалыптастыру мен бағыттау, уақытты рационалды пайдалану, оқу материалын дұрыс қолдану, тез оқу, түрлі іс-әрекеттер жоспарларын құру, дұрыс конспекттер жасау тәсілдерін үйрету педагогтардың басты мақсаты әрі мәселелері болып табылады. Студенттерді өзіндік жұмыстарға қалыптастыруда оқу жұмысының тәсілдері де өте пайдалы. Олар:
- сөйлемді қайта өңдеу, оқу материалын кеңейту және ондағы маңызды идеяларды бөліп көрсету принциптерін, заңдылықтарын, білімгерлердің өз бетінше тапсырма ретін құрау тәсілдері.
- оқу мәдениеті (синтагмалы, динамикалы оқу) және тыңдау мәдениеті, қысқа әрі рационалды жазу тәсілдері (жоспарлар, тезистер, конспектілер, аннотациялар т. б. ), толық есте сақтау тәсілдері (оқу материалының құрылымын меңгеру, бейнелік және есту естеріне сүйене отырып мнемотехникалық тәсілдерді пайдалану) .
- білімгерлердің өзін бақылау, басқару түрлеріне сүйене отырып есті шоғырландыру тәсілі.
- емтихан, семинар т. б. дайындық кезінде қосымша ақпарат алу тәсілдері.
- еңбек пен демалысты кезектестіріп, уақытты рационалды пайдалану тәсілдері. Студенттердің ақыл-ой дербестігіне де ерекше көңіл бөлуге қажет. Бұл практикалық сабақтарда диалог құру жағдайларында қабілеттерінен байқалмақ. Көптеген авторлардың пайымдауынша монолог сабақтың 80%-н құрайды екен. Біз студенттерді кез-келген мәселені байқап, нәтижесін өз түсінігі бойынша, өз тілінде қарастыра алатын дәрежеде болса дейміз. Осы мақсатпен оқытушылар студенттердің өзіндік жұмыстары оқу-танымдық жағынан ауқымды, тереңдетілген болуы үшін тапсырмаларды дайындауы қажет. Тапсырмалар барлық талаптарға сай ─ олар студенттерге түсінікті, қол жетерлік, орындау алгоритмін және маңызды элементтерді қамти отырып, оқытушы шешілу және орындалу барысын бақылап отыруы керек. Студенттердің өзіндік жұмыс жасау процесінде табиғи және заңды белестері пайда болады, әдетте бұл әлсіз білім мен логикалық операциялардың баяу болу кесірінен пайда болатын белестер. Бұл белестерді алдын ала байқап диагностика жасау қажет. Мысал ретінде өздеріміздің жоғары оқу орындарындағы өзіндік жұмыстардың түрлері мен жалпы ұйымдастырылуын келтіруге болады. Оқытушылар өзіндік жұмыстар үшін келесі тапсырмаларды қолданып қарастырады: рефераттар, үй жұмысы түріндегі өзіндік жұмыстар, квиздер (бақылау жұмысы), эсселер орындау, тапсырмалар мен ситуацияларды психологиялық және педагогикалық жақтарын қарастыра отырып шешу, кейс құрастыру, презентацияларды даярлау т. б. Төменгі курс студенттеріне рефераттар, баяндамалар, сөзжұмбақтар (кросвордтар) құрастыру жоспарланса, жоғары курс білімгерлеріне эссе, кейс, ғылыми жобалар, презентациялар жоспарланады. Оқу, іздену іс-әрекеттерін студенттердің өздері ұйымдастыруы өте маңызды, бұл оқу-танымдық талпыныстарын күшейте түспек (сонымен қатар студенттердің сабаққа келіп кетуін оқытушылар байқап тұрулары керек) . Студенттердің өзіндік жұмыстарының нәтижелілігі әсіресе кредиттік жүйе бойынша оқытуда жақсы байқалады. Студенттердің барлық тақырыптарға, өзекті мәселелерге шығармашылық ізденуі мен белсенділігін танытқандарын көрсетеді. Сонымен, өзіндік жұмыстар бағдарламасы өз құрамында мынадай талаптарды құрауы қажет:
- студенттердің өзіндік оқу-танымдық жұмыстарының ауқымды, тереңдетілгенін диагностикалауы;
- физиологиялық, тұлғалық, интеллектуалдық мумкіншіліктері көбіне оқу орнынан тыс жерде байқалуы;
- өзіндік жұмыс оқу-танымдық қажеттіліктерді және ізденулерді жалғастыруды қанағаттандыруы;
- объектіні, зерттеу тематикасын немесе тақырыбын таңдауда еркіндігі, дербестігі;
- ұзақ немесе жақынаралық бағдарламаның нақты жоспарын құрып, өңдеуі;
- өзін-өзі бақылаудың формасы мен уақытын белгілеуі.
- Негізгі педагогикалық ұғымдар мен анықтамалардың мәнін түсіну;
- Оқу танымдық іс-әрекетінде алған білімдерін пайдалана білу.
Тәжірибилік өмір тіршілігіне педагогикалық, психологиялық ұғымдарды әлеуметтік орнына сәйкес қолдану; Өзіндік жұмыстар орындау барысында студенттердің креативті ойлау қабілеттері дамып, өз пікірлерін, қөз-карастарын аргументтеп дәлелдеуге, белсенділікке, және де үнемі өздігінен дамуға мүмкіншіліктері де өте зор болады. Оқытушы мен студенттің өздік жұмыстары барысы бүгінгі күнге дейін әрбір пәннің мазмұнына сәйкес реферат жазу, бақылау жұмысы, сондай-ақ, белгілі ұсынылған тақырыпқа байланысты конспект жазу бағытында болып келеді. Бұл студенттердің өздігінен әрекет етуінде соншалықты белсенділік туғызбады және көшірме іс-әрекетке бой алдыратындығы көрініс берді. Осыған орай, кредиттік жүйеге көшуге байланысты студенттердің оқытушымен өздік жұмысын және өздігінен дербес әрекет етуге қызығушылығын арттыру үшін, педагог өткізілетін пәннің мазмұны негізінде модель құруы қажет. Студенттердің дара қабілеттілігі мен мүмкіндіктерін ескере отырып, өзара келісіммен ұсынылған моделді жүзеге асырудың жоспарын жасап және оның тиімді жолдарын айқындап алу керек. Өзіндік жұмыстарды жүзеге асырудың кезеңдері:
1-кезең. Осы тақырыпты немесе белгіленген мазмұнды игеру мотиві. Өздігінен ойлану, ізденіс, өздігінен саналы түрде дербес әрекет етуге бетбұрыс жасау. Негізгі тірек түсініктерді айқындап, теориялық тұрғыдағы педагогикалық, психологиялық, әдістемелік еңбектерді жинақтау.
2-кезең. Ой қозғау, ойлану, ой операцияларын дамыту, оны іске асырудың жолдарын қарастыру. Әдебиеттерге талдау жасай білуге жаттықтыру, қысқаша аннотациялау, ойды жүйелеп конспектілеу, дерек көздеріндегі мәліметтерді жинақтау, қорыту. Теориялық алған білімдерін тәжірибеде жүзеге асыру жолдарын қарастыру. Өздігіген іздену нәтижесінде шығармашылық мүмкіндіктерін аша түсу, өз ойын жазбаша қағаз бетіне түсіре білуге дағдылану және ауызша айтып жеткізе білуге үйрену.
3-кезең. Ой қорыту. Жұмысты жүйелі жүргізіп, белгілі нәтижеге қол жеткізуге бағыттау. Ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, материалдың мазмұнын ашып, мәнін түсінуге жетелеу. Өздік жұмыстарға ұсынылатын тақырыптар тартымды, әрі өткен материалдарды тиянақтап бекітуге, мазмұнды кеңейтуге бағытталғаны тиімді болмақ. Студенттердің өзіндік жумыстары нәтижелі болуы, тапсырмаларды жүйелі жәнеде кешенді түрінде берілінуіне байланысты. Сонымен, қорыта келе, біздің айтқымыз келгені студенттердің өзіндік ізденіс жұмыстары, қабылдаған білімдерін тереңдете отырып бекітеді және де болашақ іс-әрекетіне шығармашылық тұрғыдан кірісуге мүмкіншілік береді. Студенттердің өзіндік жұмысы толық контекстіде өздігінен білім алуын, мақсат қоюының жоғарғы формалары болып отыра, оның оқу процесінің белсенді қатысушы екенін көрсету керек.
- СӨЖ-ді ұйымдастыру, студенттердің білімін, дағдысын бақылау формалары мен түрлері.
Соңғы жылдары нақты анықталған және көпшілік мойындаған жағдай мынадай: "Студенттердің өзіндік жұмыстары" түсінігі, оның жоғары оқу орнындағы мәнін, оқу процесіндегі орны мен ролін ашу студенттердің өзіндік іс-әрекеттерінің психологиялық-педагогикалық талдауымен байланысты анықталады.
Бұл бағыттағы негізделген еңбекте: " . . . студенттердің өзіндік жұмыстары мәселелері психологиялық-педагогикалық тұрғыда толық және нақты талданған. Өмірдің алға жылжуына сай, тәжірибе қалыптасар, соған сәйкес оқытудың жаңа жолдары мен әдістері, жаңа қорытындылар жарыққа шығар, дегенмен, мұның бәрі осы келтірілген тұжырымдардың мәнін кемітпесі анық".
Оқу адамзат іс-әрекетінің арнайы түрі ретінде, өзіне оқып-үйренушіні (студентті) іс-әрекет субъектісі ретінде және объектіні, яғни шындықтағы заттарды, құбылыстар мен оқиғаларды немесе оларды бейнелейтін таңбалық модельдерді, нақты айтсақ, танымдық бағытталған нәрсені қамтиды. Субъект пен объект арасындағы іс-әрекет өзіндік танымдық іс-әрекет процесі ретінде сипатталады және "…өзіндік жұмыстар оқу немесе студенттің ғылыми танымының құралы ретінде екі жақты сапаға ие болады. Бір жағынан, бұл оқу тапсырмасы, яғни студент орындауға міндетті нәрсе, оның іс-әрекетінің объектісі. Екінші жағынан, өзіндік жұмыстар студенттің үй тапсырмасына сай орындайтын нақты іс-әрекет құралының көріну формасы". Мұндай студенттердің өзіндік іс-әрекеттерін ұйымдастыру мен басқарудың арнайы сапасындағы өзіндік жұмыстар оқу процесінде ғылыми танымның әдісін, пәнін қамтуы тиіс.
Танымдық іс-әрекеттің пәні ретінде өзіндік жұмыстардың қандай да түріне енетін тапсырма - міндет жатады. Оқу тапсырмасын (міндетін) шешу мақсаты мен қорытындысы "…іс-әрекет етуші субъектінің өзгерісінен тұрады, ол белгілі бір іс-әрекет тәсілін игерген болуы тиіс". Іс-әрекет тәсілі оқып-үйренушіге бұрыннан таныс емес жаңа білімді табуды, қолдануды не алынған білімді тереңдетуді, немесе шығармашылық іс-әрекетте тәжірибе жинауды талап етеді. Осының ізімен студенттің дербестігі дамиды, оның кәсіби дайындығы жетіледі. Осындай міндетті өзіндік жұмыстардың әр типіне қоя отырып, оқытушы студенттің танымдық іс-әрекеті сипатын және оның деңгейін жоспарлайды, міндет жағдайын анықтайтын танымдық процесті басқарады. Сондықтан өзіндік жұмыстар мәні танымдық міндеттердің ерекшеліктерімен анықталады, олар нақты өзіндік жұмыстардың типі мен түріне сай мазмұнға ие болады.
Студенттің өзіндік жұмысына қалыптасқан 30-жылдардағы негізгі қатынас оқу процесін ұйымдастыру формасы ретінде қаралды. Ол студенттердің нақты білім мен жетекші тапсырмасын біліктілікпен орындауға қажетті жағдай туғызуға мүмкіндік беруі тиіс еді. Бұл әр түрлі ғалымдармен, педагогтармен және басқа да мамандармен "студенттердің өзіндік жұмыстары " түсінігінде бейнеленді.
Студенттің өзіндік оқу іс-әрекетінің мақсаты мен формасына, ұйымдастыру әдісі мен мазмұнына көңіл аударып, дидактикалық ерекшеліктерін қарастырсақ:
а) "… "Өзіндік оқу іс-әрекеті" ұғымына түрліше мазмұн беріледі. Біріншіден, игеру процесін талдау барысындағы өзіндік оқу іс-әрекеті - бұл барлық студенттердің қажетті білімді игерудің барлық деңгейіндегі саналы іс-әрекетінің түрі, екіншіден, өзіндік оқу іс-әрекеті - бұл оқу сабақтарын ұйымдастыру формасы". Бұл анықтама бойынша студенттердің өзіндік жұмыстарының мақсаты - білімді игеру, ал іс-әрекет түрі ретінде - ол әрі мақсатқа жету құралы мен шарты, әрі сабақ формасы;
ә) "оқу материалдарымен жүргізілетін студенттердің өзіндік жұмыстары бағдарламалық материалдарды терең әрі ақылмен игеруден тұрады, шығармашылық ойлауды, білік пен дағдыны дамытады, жетілдіреді; осындай жүйелі жұмыс процесінде жақсы маман және студенттің тұлғасы қалыптасады, басты дүниетанымын, сезімі мен мінезін, ерік-жігерін қалыптастырады. Мұнда студент жұмысының объектісі - оқу материалы, мақсаты - білімді игеру. Бірақ Ю. С. Пименов оны "студент тұлғасын" тұтас қалыптастыратын құрал ретінде таниды. Дегенмен бұл мақсат екінші кезекке ығыстырылған, ал алғашқы мақсат - білім.
б) В. Граф, И. И. Ильясов және В. Я. Ляудистің есептеуінше, "өзіндік жұмыстар оқытудың дидактикалық формасы ретінде оқушылардың оқу іс-әрекетін басқаруды қамтамасыз ететін педагогикалық жағдайды ұйымдастыру жүйесі болып табылады. Оқу іс-әрекеті оқытушының қатысуынсыз, оның тікелей көмегінсіз жүзеге асады". Егер оқу іс-әрекеті субъектінің танымдық іс-әрекетінің ерекше түрі екендігін ол интеллектуалды дағдылар мен біліктер, білімдер жиынтығын игеру мақсатында орындалатынын ескерсек, бұл анықтаманың дидактикалық мәнді талдауында автордың студенттерді басқару объектісі ретінде қарайтындығын аңғаруға болады, мұнда студенттердің өзіндік оқу іс-әрекеті оқытудың дидактикалық формасы ретінде көрінеді, яғни білімді тасымалдау, жеткізу формасы, студенттердің іс-әрекеті - басқарылатын іс-әрекет, бұл студенттің іс-әрекетін шектеу мүмкіндігі бар екендігін білдіреді, бұдан басқа оның басты мақсаты - білім игерумен байланысында көрінеді. Байқағанымыздай, студенттердің өзіндік оқу іс-әрекетінің мақсаты мен мазмұны бұл анықтамада дәрісханалық сабақтардан айырмасыз берілген.
в) Л. И. Рувинский және И. И. Кобыляцкий студенттердің өзіндік жұмысын аудиториядан тыс оқу әрекетіне жатқызады: "Кейбір оқыту әдістері аудиториядан тыс оқу іс-әрекетіне жатқызылады. Бұл әдістер студенттің толықтай дербестігі аудиториялық сабақтар мен консультациялар беру жүйесі арқылы (міндетті және қосымша әдебиеттерді өз бетінше оқу, түрлі жазбаша тапсырмаларды, бақылау жұмыстарын орындау, реферат жазу, ғылыми баяндамалар мен хабарламалар дайындау) жүзеге асады, ал оқытушының жетекшілік ролі жанама сипатта болады ".
"Студент өз бетінше жұмыс жасау дағдысын меңгермесе, өзіндік жұмыстар процесінде білімін жетілдіруге тұрақты түрде ұмтылыс жасамаса, ол жас маманның қазіргі заманғы ғылым мен техниканың дамыған кезіндегі кәсіби іс-әрекетіне әсер етеді". Бұл анықтамада мынадай қарама-қайшылық бар: біріншіден, автор студенттердің өзіндік жұмысын оқу іс-әрекетінің кейбір түріне жатқызады. Әрине, іс-әрекет пен оқыту әдісін теңестіру дұрыс болып саналмайды. Студенттердің жұмыс объектілері дәстүрлі, және білімді "жетілдіруге" бағытталған. Осылайша, студенттердің өзіндік жұмысының мақсаты дәстүрлі, ал оның мәні оқу процесін нақты ұйымдастыру формасына сай келеді. Сол сияқты авторлардың "өзіндік жұмыс дағдыларын" қалыптастыру туралы ойларына да көңіл бөлу қажет, ол өте маңызды болып саналады. Бірақ мынадай сұрақ туындайды: міндетті тапсырмалармен жұмыс жасағанда студенттер қандай дағдыға ие болады? Бәрінен бұрын, мұндай жағдайда орындаушылық дағдылар қалыптасады, ол студенттердің өзіндік оқу іс-әрекеті тапсырмалары мазмұнымен анықталады.
г) Студенттердің өзіндік жұмысының кеңірек ашылған түсінігі А. В. Петровскийдің оқу құралындағы мынадай толықтырумен сабақтасады: "өзіндік жұмыстар ең алдымен оқу жұмыстарының барлық түрлерін аяқтайды. Өзіндік іс-әрекетінің объектісіне айналмаған қандай да бір білім адамзат жетістігі болып саналмайды". Көріп отырғанымыздай, мұнда да студенттердің өзіндік жұмысы - білім алу құралы. Бірақ одан әрі ой былайша өрбиді: "Өзіндік жұмыстар тек қана практикалық маңыздылыққа ие емес, сонымен бірге үлкен тәрбиелік мәнге ие: ол белгілі бір дағдылар мен біліктердің жиынтығын дербес қалыптастыру ғана емес, ол жоғары біліктілікке ие мамандардың қазіргі тұлғалық құрылымында маңызды роль атқаратын мінез кескінін қалыптастырады". Өзіндік жұмыстар оқу жұмыстарының түріне жатқызылған, соған сай оның мақсаты да аудиториялық сабақ мақсатындай болып қала береді, яғни білім игеру. Мұнда студенттердің өзіндік жұмысы - бұл білімдерді игерудің арнайы құралы және тұлғалық құрылым ретінде дербестікті қалыптастырады. Бірақ бұл дербестікті қалыптастыру жолын ашып көрсете алмайды.
Жоғарыда келтірілген және басқа да студенттердің өзіндік оқу іс-әрекеті анықтамаларын жалпылай отырып, В. А. Козаков оған сай келетін мына сипаттарды санамалап көрсетеді:
- Студенттердің өзіндік оқу іс-әрекеті оқу жұмыстарының "басқа" түріне жатады;
- Студенттердің өзіндік оқу іс-әрекеттері оқытушының тапсырмасына сай жүргізіледі, яғни бұл әрекеттер тізімі тапсырма мазмұнына тәуелді;
- Авторлардың пікірінше, дербестік бұл - белгілі бір біліктер мен дағдылардың жиынтығы және мінез кескіні;
- Студенттердің өзіндік жұмысы - оқу процесінің ұйымдасқан формасы;
- Студенттердің өзіндік жұмысының негізгі мақсаты - студенттердің білім игеруі.
Студенттердің өзіндік оқу іс-әрекетінің дидактикалық аспектіде зерттелуі дидакт-ғалымдардың бұл проблеманы түрлі қырынан ашуына жағдай туғызды. Өзіндік жұмыстар оқыту процесінде студенттердің танымдық әрекеттерін белсендіру жолдары ретінде (П. И. Пидкасистый), оқытуды саралау мен дербес оқыту формасы ретінде (М. Ә. Құдайқұлов), жоғары оқу орны мен мектеп жұмыстарындағы міндетті сабақтастық жағдай (С. С. Смаилов, Р. С. Омарова) және т. с. с. ретінде қаралады.
И. П. Пидкасистый өзіндік оқу іс-әрекетін "оқу сабақтарының ерекше түрі“ ретінде қарастырады. Бұл кезде өзіндік оқу іс-әрекеті дидактикалық құбылыс ретінде екі жақты сапаға ие: студенттің (әрекет объектісі) оқу тапсырмасы және "жадының, ойлаудың, шығармашылық бейнелеудің оқу тапсырмасын орындау кезіне сай келетін әрекеттің формасы, ол ақырында студенттің бұрын таныс емес жаңа білімді игеруіне әсер етеді немесе алынған білімді әрекет аясына сай кеңейтеді, тереңдетеді".
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz