Адамды сыртқы белгілері бойынша анықтау



Кіріспе.
Негізгі бөлім:
1. Адамды сыртқы белгілері бойынша анықтау.
2. Тері таңбаларының іздерін зерттеу
3. Адамның жас шамасын анықтау
4. Жынысын анықтау

Қорытынды.
Белгісіз адамның өлігі, бөлшектеп тасталған немесе қаңқасы қалған өлік табылған жағдайда оның кімнің мәйіті екенін анықтау қажет болады. Белгісіз адамның кім екенін анықтау сыртқы белгілері, саусақ таңбалары, сүйек қалдықтары, рентгенограммалар, фотосуреттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
Адамды сыртқы белгілері бойынша анықтау. Өліктің кім екенін анықтау үшін әр түрлі сыртқы белгілер: анатомиялық, функционалдық белгілер мен киім-кешектің ерекшеліктері пайдаланылады.
Анатомиялық белгілер адам денесінің сыртқы құрылысын білдіреді, ал функционалдық белгілер адамның жеке басының қозғаушы, сөйлеу қасиеттері мен басқа да көріністері болып табылады. Киім Кешектің, әсемдік заттардың ерекшеліктері оншама тұрақты болмайды. Кейде әр түрлі топтарға жататын белгілер өзара байланысты болады, мұның өзі ұқсастыру процесін жеңілдете түседі. Мысалы, анатомиялық белгі — аяқтың қысқаруы функционалдық белгінің көрінісіне — жүргенде адамның ақсауына әкеп соғады, бұл өз кезегінде адамда ортопедиялық аяқ киімнің болуын қажет етеді. Сыртқы белгілері бойынша адамды анықтау екі немесе бірнеше адамның — анықталатын және белгілі адамдардың келбетін салыстыру болып табылады. Адамның сыртқы белгілерін оны тікелей бақылау, не оның бейнелері, негізінен, фотосуреттері бойынша зерттеуге болады. Адам мен оның фотосуреті, сипаттамасы немесе суреті (салынған портрет); сипаттамасы мен салынған портреті; фотосуреті мен сипаттамасы салыстырылуы мүмкін.
Сыртқы белгілеріне қарап адамды анықтау сараптамашылық портреттік ұқсастыру кезінде, сондай-ақ танылмаған өліктерді анықтау кезінде жүргізіледі. Адамның сыртқы келбетінің жекелігі, яғни анатомиялық ерекшеліктері бірқатар белгілері бойынша анықталады. Олар салыстырмалы түрде тұрақты болады, сондықтан олар жасына қарай және өлгеннен кейінгі өзгерістері, операциялардан, аурулардан, т.б. болған патологиялық өзгерістері ескеріле отырып бағаланады.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе.
Негізгі бөлім:
1. Адамды сыртқы белгілері бойынша анықтау.
2. Тері таңбаларының іздерін зерттеу
3. Адамның жас шамасын анықтау
4. Жынысын анықтау

Қорытынды.

Белгісіз өліктің кім екенін анықтау

Белгісіз адамның өлігі, бөлшектеп тасталған немесе қаңқасы қалған өлік
табылған жағдайда оның кімнің мәйіті екенін анықтау қажет болады. Белгісіз
адамның кім екенін анықтау сыртқы белгілері, саусақ таңбалары, сүйек
қалдықтары, рентгенограммалар, фотосуреттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
Адамды сыртқы белгілері бойынша анықтау. Өліктің кім екенін анықтау
үшін әр түрлі сыртқы белгілер: анатомиялық, функционалдық белгілер мен киім-
кешектің ерекшеліктері пайдаланылады.
Анатомиялық белгілер адам денесінің сыртқы құрылысын білдіреді, ал
функционалдық белгілер адамның жеке басының қозғаушы, сөйлеу қасиеттері мен
басқа да көріністері болып табылады. Киім Кешектің, әсемдік заттардың
ерекшеліктері оншама тұрақты болмайды. Кейде әр түрлі топтарға жататын
белгілер өзара байланысты болады, мұның өзі ұқсастыру процесін жеңілдете
түседі. Мысалы, анатомиялық белгі — аяқтың қысқаруы функционалдық белгінің
көрінісіне — жүргенде адамның ақсауына әкеп соғады, бұл өз кезегінде адамда
ортопедиялық аяқ киімнің болуын қажет етеді. Сыртқы белгілері бойынша
адамды анықтау екі немесе бірнеше адамның — анықталатын және белгілі
адамдардың келбетін салыстыру болып табылады. Адамның сыртқы белгілерін оны
тікелей бақылау, не оның бейнелері, негізінен, фотосуреттері бойынша
зерттеуге болады. Адам мен оның фотосуреті, сипаттамасы немесе суреті
(салынған портрет); сипаттамасы мен салынған портреті; фотосуреті мен
сипаттамасы салыстырылуы мүмкін.
Сыртқы белгілеріне қарап адамды анықтау сараптамашылық портреттік
ұқсастыру кезінде, сондай-ақ танылмаған өліктерді анықтау кезінде
жүргізіледі. Адамның сыртқы келбетінің жекелігі, яғни анатомиялық
ерекшеліктері бірқатар белгілері бойынша анықталады. Олар салыстырмалы
түрде тұрақты болады, сондықтан олар жасына қарай және өлгеннен кейінгі
өзгерістері, операциялардан, аурулардан, т.б. болған патологиялық
өзгерістері ескеріле отырып бағаланады.
Адамның сыртқы белгілері жалпы және өзіндік топтық немесе жеке мәні бар
белгілер, сондай-ақ ерекше және айқын белгілер болуы мүмкін.
Адамның жалпы белгілері тұтас алғандағы сыртқы келбетінің элементін,
мысалы, басының көлемін сипаттайды. Өзіндік белгілері адамның сырт
пішінінің белгілі бір бөлігін, мысалы, мұрын қырының бітімін, құлақ қалқаны
сырғалығының көлемін сипаттайды. Топтық мәні бар белгілер халықтың белгілі
бір (нәсілдік-ұлттық, этнографиялық, т.б.) топтарына тән. Жеке белгілер
адамды белгілі бір топ ішінен айырып-ажыратуға мүмкіндік береді. Ерекше
белгілер — адамның өзінде ғана болатын сирек ұшырасатын белгілері (дене
құрылысындағы туа біткен немесе кейіннен болған кемістіктер, денеге
салынған суреттер, меңдер мен қалдар, көздің қылилығы, операция жасағаннан,
жарақат алғаннан қалған тыртықтар және т.б.). Сыртқы айқын белгілер — көзге
көрініп тұратын белгілер, мысалы, адам бойының ұзын немесе бәкене болуы,
толықтық, т.б.
Адамның сыртқы белгілерін белгілі бір терминдердің көмегімен
сипаттаудың ғылыми негізделген жүйесі ауызекі портрет деп аталады. Бұл әдіс
бойынша сипаттаған кезде сыртқы белгілер белгілі бір ретпен — жалпылама
суреттеуден жеке-жеке суреттеуге қарай баяндалады. Бас пен бет, сондай-ақ
олардың жекелеген бөліктері басты қалыпты ұстап отырған жағдайда екі
жағынан — алдынан (анфас) және қырынан (әдетте, оң жақ қырынан)
суреттеледі. Сырт пішінінің ұсақ-түйектері, негізінен алғанда, олардың
белгілері бойынша — үлкендігі, пішіні мен бітімі, жағдайы, түсі,
симметриялық дәрежесі және көрінісі, т.б. бойынша сипатталады.
Адамды ұқсастыру үшін құлақ қалқанының, тістердің, әр түрлі сыртқы
патологиялық өзгерістері мен ерекше белгілерінің, мәселен, ісіктердің,
операция жасағаннан кейін қалған тыртықтардың, патологиялық пигменттенудің,
туа біткен дақтардың (мең, қал), экзогендік пигменттердің (денеге салынған
суреттер) және басқаларының маңызы өте зор. Тыртықтардың сыртқы түрі мен
ерекшеліктері олардың неден болғанын анықтауға мүмкіндік береді. Сондықтан
тыртықтарды суреттеген кезде олардың қасиеттерін — орналасуын, көлемін,
пішінін, түсін, т.б. егжей-тегжейлі көрсету қажет. Мысалы, күйгеннен қалған
тыртықтар ауқымдылығымен, кейде таңқаларлықтай кескінімен сипатталады, олар
екінің бірінде, маңайындағы ұлпалармен бітісіп кеткен болады. Кесілген
жарақаттардан әдетте ақшыл, тегіс, сызықша тыртық қалады.
Жеке адамның функционалдық белгілерінің де айтарлықтай маңызы бар.
Оларға адамның мүсіні, жүрісі, дене қимы-лы, қозғалуы, дауыс ырғағы, сөз
сөйлеуі, көзінің, есітуінің кемшіліктері, сондай-ақ патологиялық белгілер —
басының қалтырауы, қолының дірілдеуі, көзінің еріксіз жыпылықтауы жатады.
Адамның сырт пішінін киімі мен сәндік заттарының ерекшеліктері де жанама
түрде толықтыра түсуі мүмкін.
Адамның жеке басы туралы нақты деректер фотосуреттерді,
рентгенограммаларды, тіс бедерлерінің көшірмелерін, жазбаша материалдарды
зерттеген кезде алынуы мүмкін.
Фотосуреттер (портреттер)
адамның сырт пішінін зерттеу,
ауызекі портретін жасау үшін,
сондай-ақ ұқсастыратын сараптама
жүргізу үшін пайдаланылады.
Рентгенограммалар әдетте қаза
тапқан адамдардың кім екенін
дәрігерлік-криминалистік жолмен
анықтау үшін пайдаланылуы мүмкін.
Бұл орайда адамның тірі кезінде
және өлгеннен кейін рентгенге
түсірілген суреттері салыстырылады.

Тіс бедерінің көшірмелері, мысалы, тіс аппаратынан гипске салынып
алынған көшірмелер әдетте адамның жақ сүйектерінің қүрылысын, тістерінің
айқасу пішінін, олардың санын, ақауларының болуы мен шамасын айқын
көрсетеді. Тістердің өзгеруі өте жиі кездеседі, олар екінің бірінде ерекше
сипатта болады. Протез салардың алдында стомотологиялық емханалар мен
амбулаторияларда әрқашанда жақ сүйектерінің ғаныш (гипс) бейнелері
жасалатыны мәлім. Тіс аппаратындағы өзгерістер (тістің жүлынуы, тіс
сауытын, пломбалар салу мен оларды бекіту) емхана карталары мен науқас
тарихында көрсетіледі. Бұл деректердің бәрі белгісіз өліктің кім екенін
анықтау үшін ойдағыдай пайдаланылады.
Жазбаша материалдарға науқастың емхана карталары мен науқас тарихын
жатқызу керек. Кейде олардан өлген адамды ұқсастыру үшін көптеген құнды
деректер алуға болады. Адамның оқиға болған жерде қалдырған алуан түрлі
іздері (қолының, аяғының, тістерінің, т.б. іздері) бойынша да ол туралы
айтарлықтай деректер алынуы мүмкін.
Танылмаған өліктер мен сүйекқаңқал а р ы н ы ң кімдікі екенін анықтау
көп қиындық келтіреді. Мәйітханаға белгісіз адамның өлігі әкелінген
жағдайда оны суретке түсіреді. Өліктің киімімен және онсыз жалпы түрі,
сондай-ақ беті екі қырынан және қарсы алдынан жеке суретке түсіріліп
алынады. Қажет болған жағдайда суретке түсірер алдында өліктің бет-әлпеті
тазартылады. Ерекше белгілері (тыртықтары, меңдері мен қалдары, денесіндегі
салынған суреттер мен жазулар, т.б.) суретке үлкейтіліп түсіріледі. Бетінен
ғаныш маска дайындалуы мүмкін. Бөлшектеп тасталған өлікті тану үшін сипатты
белгілері бар жекелеген бөліктері консервіленіп сақталуға тиіс.
Шіру, кеуіп кету, өрттің әсері және басқа да зақымданулар салдарынан
өлік басының (бетінің) сыртқы жағы өзгерген жағдайларда оларды
мүмкіндігінше қалпына келтіру қажет. Әсіресе, құлақ қалқандарын қалпына
келтіру маңызды. Оларды қалпына келтірудің әр түрлі әдістері бар және
өліктің жалпы жағдайына байланысты.
Әдетте, өлген адамның кім екенін анықтау оның тірі кезіндегі фотосуреті
мен қаза тапқаннан кейін түсірілген фотосуретін пайдалана отырып
жүргізіледі. Зерттеу нәтижесінде сол фотосуреттерде бейнеленген бір адам ба
әлде басқа адамдар ма деген мәселе шешіледі. Оның тірі кезінде түскен
фотосуреттерінде түсірілген уақыты (жылы) көрсетілуге тиіс. Дәл мерзімін
анықтау мүмкін болмаған жағдайда оны шамамен белгілейді.
Өлік басының фотосуреттері мен хабар-ошарсыз жоғалып кеткен адамның
фотосуреттерін салыстырып зерттеуді криминалист-сарапшылар жүргізеді.
Алайда, фотосуреттерде адамның жеке өзіне тән қасиеттерді білдіретін
белгілер салыстырылатындықтан, мұндайсалыстыруды толымды етіп жүргізу үшін
екінің бірінде медициналық білім де керек болады.
Беттің бір жерінің бейнесіндегі айырмашылықтарды белгілі бір адамныңөр
кездетүскен фотосуреттерінің өзінен-ақ аңғаруға болатынын есте сақтау
керек. Олар өр түрлі себептермен: беттің жас шамасына қарай өзгеруімен, бет-
әлпетінің құбылуына немесе бас киімді кию өдісіне байланысты, косметика
құралдарын пайдалануына байланысты өзгерістермен, сондай-ақ театрдағы грим
жағу үлгісі бойынша бет-әлпетті өдейі өзгертумен жасалуы мүмкін. Сонымен
бірге айырмашылықтардың ауруларға немесе организмнің ерекше физиологиялық
жай-күйіне (бет нервінің сал болып қалуына, екіқабаттыққа, т.т.),
жарақаттануға жөне операцияларға, соның ішінде косметикалық операцияларға
және, ақырында, өлік құбылыстарына байланысты болуы ықтимал. Сондықтан да
адамды фотосуреттері бойынша ұқсастыру кейде едәуір қиындық келтіреді.
Тері таңбаларының іздерін зерттеу (дактилоскопиялық үқсастыру).
Криминалистиканың адам терісі таңбаларының құрылысын жеке адамдарды
ұқсастыру, қылмыскерлерді тіркеу және іздестіру мақсатымен зерттейтін
саласы дактилоскопия деп аталады. Оның зерттейтін объектілері адам
саусақтарының, алақандары мен табандарының түрлі заттарда із-таңбалар
түрінде қалатын таңбалары болып табылады. Тері таңбалары әр адамда әр түрлі
болады — мұндай таңбалары бірдей екі адамның кездесуі мүмкін емес. Тері
таңбаларының ешкімге ұқсамайтындығы мен түрақтылығы адамның бүкіл өмірі
бойында сақталады.
Өлікте тері таңбалары кебу (қақталу) жөне шіру процестерінде өте
тұрақты болады. Өліктің қатты шіріп, суда болғандықтан былжырап кеткеніне
(мацерация) қарамастан, саусақтарды арнаулы өңдеуден өткізгеннен кейін
ұқсастыруға жарамды таңбалар алынады.
Саусақ таңбаларын тергеуші немесе ішкі істер басқармасының оперативті
қызметкері алады. Сот дәрігері өліктен таңбалар алу қажет болған жағдайда
оларға айтарлықтай көмек көрсетуі мүмкін.
Өліктің сіресуі салдарынан бүгіліп қалған саусақтарды жазу үшін сіресу
құбылысын механикалық жолмен бұзу әдісі қолданылады немесе білезік
маңындағы бұгіп-жазатын сіңірлер кесіп жіберіледі.
Егер саусақтардың эпидермисі мүлде болмаса, папиллярлық таңбаларды
"өлім қолғабынан" алуға болады, ал егер ол да сақталмаса, тікелей терінің
өзінен алынады. Осы мақсатпен саусақтар өліктен кесіп алынып, су құйған
ыдысқа салынады да, криминалистік мекемеге зерттеуге жіберіледі.
Белгісіз адам өлігін қаңқалары бойынша сот-медициналық ұқсастыру.
Мұндай зерттеу жағдайында сот-медицина сарапшысының басты міндеті белгісіз
адамның өлігін, атап айтқанда жасын, жынысын, бойын, ұлпаларының топтық
қасиеттерін, кемістіктерін, ауырған аурулары мен алған жарақаттарын
сипаттайтын деректерді анықтау болып табылады. Сүйектерінің сынғаны
анықталған жағдайда олардың адам тірі кезде сынуын анықтау керек. Кейде бас
сүйек бойынша адамның бет-әлпеті қалпына келтіріледі. Тергеу барысында
табылған қаңқа белгілі бір адамның өлігінікі деген жорамал туған кезде
сарапшы өзінің қаңқаны зерттегенде тапқан белгілерін хабар-ошарсыз кеткен
адамның белгілерімен салыстыра отырып, белгісіз өліктің кімдікі екенін
анықтайды.
Өліктің бойын, жасын және жынысын барлық жағдайда да қаңқа сүйектерге
сараптама жүргізу арқылы анықтау керек.
Бойды анықтау әрбір сүйектің өздамуы барысында дененің жалпы ұзындығына
белгілі бір арақатынасын сақтап қалатынына негізделген. Бойды сүйектері
бойынша анықтаудың түрлі авторлар ұсынған әдістемелері көп. Оларды іс
жүзінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тану үшiн ұсынудың тактикасы
Жеке адамды тану үшін көрсету
Адамды, жылжымалы және жылжымайтын объектілерді танытуға ұсыну тергеу әрекеті
Криминалистикалық портреттiк зерттеудің және сараптаманың негiзi. Адамның сыртқы бейнесi туралы ақпаратты жинау оны қолдану
Адамды кепілге алу қылмысы
Адамдарды тануға ұсынуды жүргізуді тактикалық - криминалистикалық қамтамасыз ету
Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау барысында шешілетін міндеттер
Қылмыстық құқықтағы қылмыстың обьективтік жағы
Қылмысты ашу
Анатомиялық элементтер мен белгілер
Пәндер