Өзін-өзі тану пәні туралы ақпарат
1.«Өзін.өзі тану» пәні
2. Өзін.өзі тану сабақтарында қолданылатын әдіс тәсілдер
3. Байланыстырып сөйлеу және оны дамыту.
4. «Өзін.өзі тану» пәні бойынша бағалау ерекшеліктері.
5.«Өзін.өзі тану» пәнінің мониторинг мақсаты
6. Өзін.өзі тану оқу кабинетіне қойылатын жалпы талаптар
11. Өзін.өзі тану пәнінде ойындарды қолдану ерекшеліктері
12.Мұғалімдердің ата.аналармен жүргізілетін жұмыстары
13Өзін.өзі тану кабинетін безендіру бойынша нұсқаулар
14.Өзін.өзі тану кабинетіне қойылатын санитарлық.гигиеналық және эстетикалық талаптар
15. Мектепте өзін.өзі тану сабағын жүргізу әдістемесі
16. Оқу процесінің тиімділігі, сабақтың жүйелігі мен сапасы,

«Өзін-өзі тану» пәні рухани адамгершілік білім беру, жалпыадамзаттық құндылықтарға тәрбиелеу. «Өзін - өзі тану» рухани-адамгершілік білім бағдарламасы ізгілік педагогикасы бойынша, білім беруде жеке тұлғаны ең жоғары құндылық деп тану, оның еркіндігі мен жан-жақты дамуын қамтамасыз ету, оқу-тәрбие процесінде жеке тұлғаның танымдық және рухани қажеттіктерін қанағаттандыру, мектептегі білім беру міндеттерінің негізгілерінің бірі – оқушыны шынайы әлем жағдайындағы өмірге дайындау.
Адамның өмірлік өзін-өзі тану мәдениеті. Өмірлік өзіндік таным – өте кең ұғым. Өзін-өзі анықтау мәдениеті адамды өз бақытының және өз өмірінің, өзіне-өзі үйлесімді болуы сөз, іс, ой бірлігі арқылы оның кәсіптік, азаматтық және адамгершілік танымы арқылы қалыптасады.
Өзін-өзі тану білімдік бағдарлама ретінде тәрбиенің құндылықтық және компетенттілік бағытын интеграциялай отырып, балалар мен жастарға жалпыадамзаттық құндылықтарды оқытуды жүзеге асырады.
«Өзін-өзі тану» пәнін енгізу келешекте өз ісіне мығым, рухани жан дүниесі бай, жұртшылықпен араласқанда жеке басындағы жағымды қасиеттерін байқата алатын, мінез- құлықтың теріс жақтарын саналы түрде тежей алатын тұлғаны тәрбиелеуді талап етеді. Жеке тұлғаның рухын тәрбиелеуге, адамның адамгершілік болмысының қалыптастыруына бұл пәннің қосар үлесі мол . «Өзін-өзі тану» пәнінің мақсаттары мен міндеттері – балалар мен жасөспірімдер, жеткіншектердің бойына жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды дарыту. Балалар жеткіншектерді біртіндеп (кезеңмен) адами қарым-қатынас нормаларымен, жалпы адамзаттық адамгершілік қағидаттармен таныстыру, олардың бойында азаматтық мәдениет пен имандылық қатынастарды қалыптастыру және дамыту
«Өзін-өзі тану» пәнінің басты мақсаты:Рухани адамгершілік білім беру, дамыту арқылы адамның төмендегі түйінді құзіреттілікте үйлесімді қалыптасуына ықпал ету:
өзінің өмірлік позициясын анықтау;
әр түрлі мәселелерді адамгершілік нормаларға сәйкес сындарлы шешу;
өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау;
адамдарға қолдан келгенше көмек беру, туыстарына және жақындарына қамқорлық көрсету;
өзімен өзі үндестікте өмір сүру; ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы болу;
жасампаздық белсенділік, азаматтық және отансүйгіштік және толеранттық таныту;
адамгершілік тұрғысынан таңдауға даярлығын таныту және өз ойы, сөзі мен ісіне жауапты болу;

1.Өзін-өзі тану пәні
Өзін-өзі тану пәні рухани адамгершілік білім беру, жалпыадамзаттық
құндылықтарға тәрбиелеу. Өзін - өзі тану рухани-адамгершілік білім
бағдарламасы ізгілік педагогикасы бойынша, білім беруде жеке тұлғаны ең
жоғары құндылық деп тану, оның еркіндігі мен жан-жақты дамуын қамтамасыз
ету, оқу-тәрбие процесінде жеке тұлғаның танымдық және рухани қажеттіктерін
қанағаттандыру, мектептегі білім беру міндеттерінің негізгілерінің бірі –
оқушыны шынайы әлем жағдайындағы өмірге дайындау.
Адамның өмірлік өзін-өзі тану мәдениеті. Өмірлік өзіндік таным – өте кең
ұғым. Өзін-өзі анықтау мәдениеті адамды өз бақытының және өз өмірінің,
өзіне-өзі үйлесімді болуы сөз, іс, ой бірлігі арқылы оның кәсіптік,
азаматтық және адамгершілік танымы арқылы қалыптасады.
Өзін-өзі тану білімдік бағдарлама ретінде тәрбиенің құндылықтық және
компетенттілік бағытын интеграциялай отырып, балалар мен жастарға
жалпыадамзаттық құндылықтарды оқытуды жүзеге асырады.
Өзін-өзі тану пәнін енгізу келешекте өз ісіне мығым, рухани жан дүниесі
бай, жұртшылықпен араласқанда жеке басындағы жағымды қасиеттерін байқата
алатын, мінез- құлықтың теріс жақтарын саналы түрде тежей алатын тұлғаны
тәрбиелеуді талап етеді. Жеке тұлғаның рухын тәрбиелеуге, адамның
адамгершілік болмысының қалыптастыруына бұл пәннің қосар үлесі мол . Өзін-
өзі тану пәнінің мақсаттары мен міндеттері – балалар мен жасөспірімдер,
жеткіншектердің бойына жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды дарыту.
Балалар жеткіншектерді біртіндеп (кезеңмен) адами қарым-қатынас
нормаларымен, жалпы адамзаттық адамгершілік қағидаттармен таныстыру,
олардың бойында азаматтық мәдениет пен имандылық қатынастарды қалыптастыру
және дамыту
Өзін-өзі тану пәнінің басты мақсаты:Рухани адамгершілік білім беру,
дамыту арқылы адамның төмендегі түйінді құзіреттілікте үйлесімді
қалыптасуына ықпал ету:
өзінің өмірлік позициясын анықтау;
әр түрлі мәселелерді адамгершілік нормаларға сәйкес сындарлы шешу;
өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау;
адамдарға қолдан келгенше көмек беру, туыстарына және жақындарына қамқорлық
көрсету;
өзімен өзі үндестікте өмір сүру; ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы
болу;
жасампаздық белсенділік, азаматтық және отансүйгіштік және толеранттық
таныту;
адамгершілік тұрғысынан таңдауға даярлығын таныту және өз ойы, сөзі мен
ісіне жауапты болу;
қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.
Өзін-өзі тану пәнінің басты міндеттері:
оқушылардың өзін-өзі тануда және өзін-өзі іске асыруда шығармашылық
қажеттілігін дамыту;
жалпы азаматтық құндылықтардың негізін түсінуде әлемдік үйлесімділік
көрнісін қалыптастыруға әсер ету;
білім беруде және өмірдегі жағдаяттарда адамгершілік мінез-құлық
тәжірибесін қалыптастыру;
Өзін-өзі тану пәнінің зерттеу нысаны. Субъектінің рухани тәжірибені және
адам болмысының құндылықтарын тануға қатынасы.
Өзін-өзі тану пәні адам өмірінің құндылықтың мәнін және оның қоршаған
ортадағы орнын түсінуге бағытталған.
Өзін-өзі тану үрдісінде адамның дүниетанымдық және мінез-құлықтың
бағдарларын анықтауға:
адамның өзін, өзгелерді, әлемді, адамзаттың рухани тәжірибесін тануға
мүмкіндік беретін жалпы адамзаттық құндылықтар жүйесі;
Өзіне, өзге адамдарға, қоршаған әлемге, адамзаттың рухани тәжірибесіне
қатысты тұлғаның жеке қасиеті негіз бола алады.
2. Өзін-өзі тану сабақтарында қолданылатын әдіс тәсілдер
Шаттық шеңбері ─ сабақты көтеріңкі, жақсы көңіл күймен ұйымдастыруға
бағытталған сабақтың бас кезеңінде қолданылатын әдістемелік тәсіл.
Мұғалімнің балалармен бірге құрған шеңберінде олар бір-бірімен еркін қарым-
қатынас жасайды, әр түрлі әндер мен өлеңдер айтады. Шаттық шеңберінің
педагогикалық тұрғыда маңызы зор. Өйткені мұнда әрбір бала өзін еркін
сезінетін үлкен достық шеңберіне қабылданғанын түсінеді, өзіне сенімі артып
және өзгелердің де сеніміне ие болады.
Тыныштық сәті ─ релаксация тұрғысындағы әдістемелік тәсіл. Толық
тыныштықта баланың жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуы реттеледі, денесі
жеңілденеді. Ол өз ойын жинақтай алу мүмкіндігіне ие болады, өзінің ішкі
Менін түсіне алады, өзінің сезімі мен көңіл күйін жақсы сезінеді. Мұғалім
балаларға осы жаттығуды орындату барысында олардың дене қалпына, тыныс алуы
мен денесін бос ұстай білуіне баса назар аударуы тиіс.
Өзіммен-өзім ─ бұл тәсіл баланың өзін және өзінің жүрегін тыңдай білуіне
септігін тигізеді. Ол баланың сезімі мен эмоциясын, жалпы рефлексияға
қабілеттерінің дамуын ынталандырады. Осы тәсіл балаларға жайлы әсер етеді,
олардың қиялын дамытады, топтағы мінез-құлыққа жағымды ықпал етеді және
әдетте, материалды жаңадан түсіну барысында пайдаланылады. Осы мақсаттарды
жүзеге асыру барысында мұғалімнің сөзі, сондай-ақ үнтаспалар, бейнетаспалар
(классикалық музыка тыңдау, бейнефильмдер мен мультфильмдер көру және т.б.)
қолданылады.
Мәтін оқу ─ оқушылардың білімін және адамгершілік қасиеттер мен
құндылықтар туралы түсініктерін кеңейтуге, оқу іскерліктерін дамытуға
бағытталған әдіс. Оқушылардың танып-білуге құштарлығын арттыру мақсатында
үлкендермен бірге және өз бетінше көркем шығармаларды оқу ұсынылады. Бұл
әдіс оқушылардың ойын, жадын, эмоционалдық күйін, еркіндігін дамытады.
Сабақтың дәйексөзі ─ оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, оқу
материалын эмоционалдық-бейнелі тұрғыдан қабылдауға ықпал ететін өзін-өзі
тану сабақтарының міндетті элементі болып табылады. Сабақтың дәйексөзі
ретінде халық даналығы, халық мақалы, нақыл сөз, даналық сөз, ұлағатты сөз
алынады.
Әңгімелеу ─ оқушылардың әңгіме, ертегі, өсиет әңгіме, өлеңдерді ұжым
болып тыңдауына жақсы жағдайлар тудыратын сөйлеу мен ойлау іс-әрекеттерінің
маңызды түрі. Балалар осы әдіс арқылы әңгімені тыңдай және есіте білуді,
сезіне алу және сезіммен қабылдауды, ойдан өткізу мен талдай алуды
үйренеді. Шығарманы үзіліспен әңгімелеу сияқты амал-тәсілдері қолданылады:
әңгімелеу, сахналық элементтер бірлігінде жүзеге асырылады.
Әңгімелеу – 1,2-сыныптарда (рөлдік әңгімелеуді қоспағанда) мұғалімнің
әңгімелеуі арқылы, жүзеге асырылады.
Әңгімелеуге арналған мәтіндер Өзін-өзі тану оқулығында беріледі.
Әңгімелесу – бұл балалардың тақырып мазмұнын түсінуіне мүмкіндік беретін
дидактикалық тәсілдің сұрақтар мен жауаптар түріндегі қарым-қатынас
формасы. Әрбір бала өзінің пікірін айта алады, тақырыпқа өзінің көзқарасын
білдіре алады, өзін ойландыратын сұрақтарды қоя алады. Мұғалім балалардың
өз пікірлерін айтуын қолдап отырады, оларға ойлана алуды, жағдаяттар мен іс-
әрекеттерге адамгершілік тұрғысынан баға бере білуді үйретеді.
Ойын, Жаттығу ─ балалардың танымдық қызығушылықтарын арттыру мен жаңа
игерілген түсініктері мен іскерліктерін бекітуге арналған оқыту әдісі. Ойын
әрекеттері мен жаттығулары арқылы баланың жеке тәжірибесі негізінде оқу
материалының мазмұны жүзеге асырылады. Балалар ойындар мен жаттығулар
нәтижесінде құрбыластарымен жағымды қарым-қатынас жасау дағдыларына ие
болады, өмірлік дағдыларды меңгереді.
Шығармашылық жұмыс ─ өзін-өзі тану сабағының маңызды бөлігі. Шығармашылық
жұмыс сурет салу, макеттер, коллаждар мен өлең, әңгіме құрастыру және т.б.
түрінде жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл тәсіл балалардың шығармашылық шабытын
аша түсуге, олардың символдарды, бейнелер мен әрекеттерді ұғынуы арқылы
өзіндік Менін көрсете алуына септігін тигізеді. Бірлескен шығармашылық
әрекет оқушылардың ынтымақтастық, шыдамдылық, ынталылық сияқты адами
қасиеттерді ұғынуына, өзінің пікірін айту мен басқалардың пікірін құрметтей
білу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді, балалардың өз күшіне
сенімділігін, өзінің қабілеттері мен шығармашылық мүмкіндіктеріне
сенімдерін қалыптастырады, жауапкершілікке, дербестілікке тәрбиелейді.
Жаттығу-ойлану - балалардың өмірдің тәлімдік-танымдық жағдайларының мәнін
ұғына білу мен нақты өмірлік жағдаяттарды бағалай білу дағдыларын дамытуға,
өзінің ойы мен ісіне, әрекеттеріне жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал
ететін әдістемелік тәсіл. Жаттығу-ойлану тапсырмалары болып нақты өмірлік
жағдаяттар, мақал-мәтелдер, тәлімдік-танымдық мәні бар өлең жолдары
табылады. Балалардың мақал-мәтелдерді өлең жолдарының тәлімдік, өмірлік
мәнін талдауы және жағдаяттарды талқылауы арқылы олардың ойлана білуге,
өзін және өзгелерді бағалай алуға икемділігі артып, адамдармен, айналасымен
жағымды қарым-қатынас жасау дағдылары қалыптасады.
Жаттығу-ойлану жұмыстарын орындау барысында ойлануға берілетін уақытты
тапсырмалардың күрделілігіне қарай мұғалімнің өзі белгілейді.
Бейнематериалдар көру (фильмнен, мультфильмнен үзінділер және т.б.) – оқу
мағлұматтарын көрнекілік тұрғысынан жеткілікті түсіндіруге мүмкіндік
беретін әдістемелік тәсіл. Айқын көркем көріністер балаларға оқу
материалының мазмұнын түсінікті қабылдауына және жете меңгеруіне ықпал
етеді.
Сергіту сәті ─ сабақ үстінде балалардың жалығуы мен шаршағандығын
ұмыттыратын, бойларын сергітуге қажетті өзін-өзі тану сабағының құрамдас
бір бөлігі. Сергіту жаттығулары бір іс-әрекет түрінен екіншісіне ауысатын
сәтте қысқа ойындар, қимыл-қозғалыстар түрінде қолданылады. Осы тәсіл
топтың көңіл күйін көтереді, оқуға, білуге ынтасын дамытады, жылдам назар
аударуын күшейтеді, ұжымның ұйымшыл болуына ықпал етеді.
Сахналау ─ бұл тәсіл өзін-өзі тану сабақтарында оқу материалының мазмұнын
эмоционалдық-сезімдік күймен тиімді қабылдау мақсатында әр түрлі
жағдаяттарды балалардың өздері рөлдерде орындауы арқылы
ұйымдастырылады.
Қорытындылау ─ сабақ барысында айтылған ойларды мұғалімнің өзі немесе
балалармен бірге жинақтап қорытуға бағытталған әдістемелік тәсіл.
Үй тапсырмасы ─ баланың сабақ тақырыбына және сабақта меңгерген білімдері
мен игерген іскерлік, дағдыларын бекітуге қызығушылығын арттыратын тәсіл.
Балалар үй тапсырмасын дәптерлеріне өз бетінше немесе үлкендермен бірге
орындайды. Бұл балалар мен үлкендердің бірін-бірі жақсы түсінуіне септігін
тигізеді. Балалардың үй тапсырмасын қызығушылықпен, жақсы көңілмен орындауы
үшін дәптерге олардың көмекшілері – Данышпан ата, ақылды ұл мен қыз–
Алпамыс, Махаббат, түйенің ботасы – Ақбота сияқты ертегі кейіпкерлері
енгізілді
Жүректен-жүрекке ─ сабақтың аяқталу кезеңінде қолданылатын, бір-бірімен
пікір алмасуды, бір-біріне тілектер айтуды немесе бәрі бірге сабақтың
негізгі ойын қорытатындай ән не өлең орындауды қамтитын және мұғалімнің
әрбір баланың эмоционалдық күйін, олардың сабақ мазмұнын түсіну деңгейін
анықтауға мүмкіндік туғызатын әдістемелік тәсіл.
3. Байланыстырып сөйлеу және оны дамыту.
Бала табиғатының, жаратылысының жалпы табиғи мүмкіндігінің бір
белгісі – кіші жас кезеңіндегі сөзге құлақ қойғыштық қабілет нышандары.
Байланыстырып сөйлеудің екі формасы бар: өзара ауызекі сөйлесу және
ойды өз атынан, өзге адамның, не кітап мазмұны бойынша ауызша әңгімелеп
айтуы. Бұл мәселе орыс тілді аудиторияда да, қазіргі қазақ тілді
аудиториядағы орысша сөйлейтін балаларда бірдей дамытуды қажет етеді.
Сөз – ойдың сыртқы формасы. Ойың орысша болса, қазақша ой жеткізе
қою қиын. Байланысты тіл деп, кем дегенде, үш, әйтпесе одан да көп
сөйлемдерден тұратын ойды жүйелі құрастырылған мәтінмен жеткізуді
айтамыз.
Байланыстырып сөйлеу тілін жетілдіруде нәтиже шығару үшін, сол тілде
баланың сөздік қорының мол болуына қол жеткізілуі керек.
Тіл негізінен табиғи түрде, табиғи қалыптасқан ортада дамытылатын
құбылыс екендігі белгілі. Дей тұрғанмен, екі-үш тіл қатарынан қолданылатын
ортада бір тілдің екіншісіне кедергі келтіретіні, бір тілдің екіншісін
басып тұратыны байқалады. Сондықтан да тілді жасанды түрде де меңгерту
мәселесі туындап отыр. Ол үшін қандай жолдар керек? Үй-ішінде тілі орысша
шыққан баламен ата-анасы ана тіліне аударма түрде сөйлесуі керек пе? Жоқ,
басқа жолдарын қарастырамыз ба? Сұрақтар, кедергілер көп. Балалардың
байланысты сөйлеуі қазақ тілі, тіл дамыту, қоршаған ортамен таныстыру
сабақтарында біртіндеп үйретіледі. Балаға әр сабақта берілетін сөздерді
өзге сөздермен мағыналық байланысқа түсетіндей етіп беру, баланың келесі
сабақта сол сөздерден тіркестіріп бір ой шығаруға болатынын түсінуін
қамтамасыз ету –олардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастырудың басты жолы.
Жеке сөздерді, бір ғана ұғым не бірнеше мағына беретін сөз бен сөз
тіркестерін 56 сызбадан, таңбадан көзбен көріп, көңілмен мейірлене
қабылдағанда ғана баллада байланыстыра сөйлеу пайда болады. Кеңес заманы
тұсында одаққа кіретін он алты республиканың балабақшаларына, мектептің
бастауыш сынып оқушыларына қанық бояулы қабырғаға ілетін суреттер
топтамалары [46] шығарылып тұратын. Балалар тақырыптық суреттерді
пайдаланып, көрмеген самолеттерінің, метролардың, т.б. аттарын біліп
алатын, көрмегендерін көңілдерімен армандап, сөйлемдер құрастыратын.
Бүгінде компьютерді, суретті кітапшаларды қолданып, балалармен үлкендер
мемлекеттік тілде сөйлесіп, үйреніп келе жатқанын мадақтап, бағалап отыру
республикада тіл саясатын тұрақтандырудың бірден-бір амалы. Қазақ тілін ана
тіліндей құрметтеп, мемлекеттік тілде балабақшадан бастап ауызша сөйлету
негізі бағдарламаға сай етіліп, дұрыс салынса, байланыстыра сөйлеу мақсаты
сонда нақты орындалады.
Баланың байланыстырып сөйлеуіне қажетті құралдардың түр-түрлерін
компьютермен жасап алудың жолдары көп. Әрбір тақырыптық лексикалық
тілдік материалдар өтілгеннен соң, балалардан ауызша сөйлеу тестілері
алынуы керек. Топ балаларының айналасындағы қарым-қатынас нысандарына
сәйкес мазмұнды тақырыптық суреттер, жергілікті және балалар әдебиетіндегі
классик жазушылардың шығармашылығынан лайықты мәтіндер топтамасы әзірленуі
балаларды байланыстырып, өз ойларын қазақ тілінде жеткізуге ыңғайлайды.
Сонымен, тіл дамытудың үш бағыты әр деңгейде, әрбір оқыту сатысында
баланы сөйлеуге жетелейтіндей деңгейде ұсталуы керек. Олар:
1. Балалардың лексикалық минимумының сөйлеуге бағыттайтындай етіліп
беріліп, олардың жетілдіріліп отырылуы;
2. Балалардың қарапайым грамматикалық білім деңгейлерінің әр сабақта
бекітіліп, жетілдіріліп отырылуы, яғни әр мәтіндегі әр тіркестің, сөйлемнің
байланысына назар аудартып отыру. Осы екі деңгейдің грамматикалық,
орфоэпиялық, мәнерлілік просодияларын ұстанған бала ғана байланыстырып
сөйлеу деңгейіне жете алады. Осылардың сан алуан әдістерін сабақ мақсатына
қарай таңдай білу– қазақ тілі мұғалімінің кәсіби міндеті.
Сөйлетуге үйретудің арнайы шарттары бар. Барлық оқыту сатыларында
оқытуда ол әрдайым екеу: біріншісі–адамға өз ойын басқаға сол тілде
білдірудің қажеттігі болуы; екіншісі–сөйлеушінің басқа адамға жеткізетін
мағлұматы болуы. Бұл орайда, топ ішінде өткізілетін сөз жарыстары,
балабақшада Бізмемлекеттік тілде сөйлесеміз атты арнайы күндер мен
апталықтардың ұйымдастырылуы, жол көліктерінде, телефон байланыстарында,
тұрмысқа қажетті қоғамдық орындарда тілдік қатысымның мемлекеттік тілде
орныға бастауы негізгі шарттар болмақ.
4. Өзін-өзі тану пәні бойынша бағалау ерекшеліктері.
Оқушылардың Өзін-өзі тану пәні бойынша білім сапасын бағалау
бағдарламада белгіленген оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
негізінде жүргізіледі. Бұл талаптар оқушылардың өмірде жалпы адамзаттық
құндылықтарға сүйенуге талпыну және қоғамға қызмет ету дағдыларын
жетілдірудегі танымдық әрекеттерін дамытуды саралауға (мониторинг) қызмет
етеді. Адамгершілік-рухани білім беру ерекшеліктеріне сай сандық емес,
сапалық бағалау маңызды, сондықтан әр жартыжылдық қорытындыда сынақ деген
баға қойылады.
Оқушы деңгейіне қойылатын талаптардың жалпы көлемінің кем дегенде 23
бөлігіне сай өз жетістігін көрсете алса, оған сынақ деген баға қойылады.
Оқушыға сынақсынақ емес деген баға қойыларда оның Өзін-өзі тану
пәні бойынша шығармашылық-жобалау жұмыстарын көрсеткен портфолиосы назарға
алынады. Портфолио сапасын сараптауда оқушының ұжымдық және топтық
шығармашылық жұмыстарға қатысу белсенділігіне, сонымен қатар жеке
шығармашылық іс-әрекетінде қойылған мәселені терең түсінуіне, оның мақсаты
мен мазмұны жалпы адамзаттық құндылықтар басымдылығына бағдарлануына, сабақ
барысында адамға және қоршаған әлемге деген сүйіспеншілік негізінде
қойылған мәселелерді шешу жолдарын ізденуіне назар аударамыз.
Өзін-өзі тану пәні бойынша бала білімін бағалау олардың жалпы
адамзаттық құндылықты игеру, оларды іс жүзінде қолдана алу, шығармашылық,
ізденушілік жұмыстарды орындау барысында алған білімін тиімді пайдалану
дағдылары ескеріледі. Бағалау олардың ұмтылысын, білімге құштарлығын,
рухани-адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді.
5.Өзін-өзі тану пәнінің мониторинг мақсаты – оқушылардың шынайы оқу
жетістіктерін және жеке тұлғалық мүмкіндіктерін анықтау болып табылады.
Дәстүрлі түрде оқу және тұлғалық жетістіктер мониторингі үш аспектіде
қарастырылады, мотивациялық аспект мінез-құлықтыққа кіреді:
когнитивті аспект;
эмоциялық-құндылықтық аспект;
мінез-құлықтық аспект.
Мониторингті өткізу кезіндегі педагогтың негізгі міндеті – оқушының
шығармашылық мүмкіндіктерін анықтау, алынған нәтижелерді оқушылардың шынайы
жетістіктері тұрғысынан бағалау болып табылады. Мониторингті дұрыс
ұйымдастыру үшін педагогтың жиналған ақпаратқа батып кетпеуін қадағалау
керек және мониторинг нәтижелерін толық көлемде қолдана алатындай құрастыру
қажет.
6. Өзін-өзі тану оқу кабинетіне қойылатын жалпы талаптар
Сабақ жүргізілетін ортаға балалармен қатар мұғалімдердің де жұмысқа
қабілеті мен эмоционалдық көңіл күйін көтеретін эстетиканың, көркем
дизайнның элементтерін енгізу арқылы қолайлы психологиялық қалыпты жағдай
жасау.
Гүлдер мен бөлме өсімдіктерінің болуы.
Терезелерде перде немесе жалюздердің, еденде кілем немесе паластың
болуы.
Кабинетті эргономикалық, физиологиялық, санитарлық-гигиеналық,
эстетикалық, психологиялық және педагогикалық талаптарға сәйкес келетін
жиһазбен жабдықтау.
Кабинетті оқытудың мульти-аудио-бейнеқұралдарымен, оқу-анықтамалық
әдебиеттермен және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету.
Өзін-өзі тану кабинеті:
көлемі 76 (кем дегенде 36) шаршы метрден кем болмай және 20-25 оқушы
емін-еркін сыятындай болуы тиіс;
кабинет 2-3 функционалдық зонаға, мұғалімнің және оқушылардың жұмыс
орнына бөлінуі тиіс (белсенді жұмыс және сенімді қарым-қатынас жасау
аумағы, сондай-ақ жобалық шығармашылық жұмыстарды орындау аумағы);
заманауи санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес болуы керек (жарық,
жылу, желдеткіш, оқушылардың жасына сәйкес келетін жиһаз);
нақты түстердің үйлесіміне және дизайнына (көркем безендірілуіне)
сәйкес болуы тиіс.
2.3. Кабинетте міндетті түрде:
2.3.1. Жеке тұлғаның жұмыс істеуі және олардың шығармашылық жұмыстарын
көрсетуге арналған тақталар, флипчаткалар мен магнит ұстағыштар;
2.3.2. Белсенді жұмыс аумағында 4-6 адам үшін дөңгелек немесе ұзынша
2.3.4. Жоғарғы сынып оқушылары мен студенттер үшін жартылай жұмсақ
кеңсе орындықтары;
2.3.5. Рухани-адамгершілік білім беру бойынша кітапхана қорын,
шығармашылық жұмыстарды, дидактикалық және әдістемелік материалдарды, аудио
және бейнематериалдарды, кеңсе бұйымдарын сақтау үшін шкафтар немесе
стеллаждар;
2.3.6. Музыка орталығы, бейнемагнитофон және бейнепроектор, компьютер,
сандық фотоаппарат мүмкіндігінше болуы қажет.
2.4. Түстерді қолданғанда олардың негізінен ашық және жылы, ашық-сары,
ашық – бозғылт болуын ескеру керек.
Өзін-өзі тану кабинетінің оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз етілуіне
қойылатын талаптар
3.1. Кабинеттің оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз етілуі үшін:
нормативтік-құқықтық құжаттар (ҚР БжҒМ бұйрықтары, пәннің білім беру
стандарты, тақырыптық жоспарлар);
көрнекі құралдар (карталар, плакаттар, портреттер, картиналар, т.б.);
рухани-адамгершілік білім берудің барлық деңгейлеріне арналған оқу-
әдістемелік кешендер;
сабақ өңдеулерінің папкалары;
үлестірме дидактикалық материалдар;
диагностиканың нәтижелері бойынша аналитикалық есептер;
ғылыми семинарлар, конференциялар және рухани-адамгершілік білім беруді
дамыту бойынша озат тәжірибе материалдары;
бейне- және аудиокассеталар, компьютер дискілері және дискеталар;
рухани-адамгершілік білім беру жөніндегі және әдістемелік әдебиеттің
болуы және жүйеленуі тиіс.
3.2. Кабинетте сабақ өткізу үшін өзін-өзі тану кабинетін пайдалану
кестесі болуы қажет:
оқу кабинетінің жұмыс кестесі;
жеке өткізілетін сабақтар, консультациялар, т.б. кестесі.
3.3. Төмендегі құжаттардың болуы маңызды:
кабинеттегі жабдықтар, әдістемелік құралдар, дидактикалық материалдар
т.б. көрсетілген кабинет төлқұжаты;
кабинетте жұмыс істеу қауіпсіздігі техникасының ережелері;
әдістемелік бірлестіктің өзін-өзі тану кабинетінің нақты оқу жылына
даярлығы жөніндегі шешімдерінің хаттамалары.
7. Бағдарлама
Өзін-өзі тану пәнінің базалық білім беру мазмұны оқушылардың жас
ерекшеліктерін есепке ала отырып, 1-4 сыныптарда төрт негізгі бөлімді
қамтиды:
1. Өзін-өзі тану бақыты
2. Адами қарым-қатынасқа үйренейік
3. Адам болам десеңіз...
4. Әсемдік әлемінде
1-сынып
(34 сағ., аптасына 1 сағ.)
№ Сабақтың Сабақтың мазмұны Сағат
тақырыбы саны
І ТАРАУ. ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ БАҚЫТЫ
1-2Шаттыққа Өзін-өзі тану пәні нені үйрететінін ұғыну; 2
толы Өзін-өзі тану пәнін оқып-үйренуге қызығушылық.
жүрекпен
3-4Білім Оқушы мәртебесі; жақсы оқушы болуға тырысу; 2
әлеміне сыныпта ұжымға бірігу, танысу, достасу.
саяхат Оқушы өмірінде ұстаздың алатын орны; оқушы мен
ұстаз арасындағы өзара сыйластық. Мектептің оқушы
өміріндегі маңызы, мектепте оқу, мектеп өміріне
араласу.
5-6Арайлап Әрбір атқан таңға, бейбіт күнге қуану, ризашылық 2
атсын әр білдіру; айналасындағы адамдардың бір-біріне
таңым қуаныш сыйлауы.
7-8Достығымыз Достары (балабақша, аула, ауыл, сынып), достық 2
жарасқан қарым-қатынастың өмірде алатын орны, достыққа
негіз болатын адами қасиеттер туралы жалпы
түсінік.
ІІ ТАРАУ. АДАМИ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСҚА ҮЙРЕНЕЙІК
9-1Сәлем берем Үлкендермен амандасуға, бірі-бірімен сәлемдесуге 2
0 ізетпен үйрену, бір-біріне ізет, сый-құрмет көрсете білу.
Әдептілік, сыпайылық, ізеттілік ұғымдарын түсіну,
әдеп талаптарын орындай білу, ізетті, сыпайы,
тәртіпті болуға үйрену.
11-Тіл табыса Бір-бірін түсіне білуге, тыңдауға үйрену, 2
12 білейік кешірімді болу, өзара сыйластық, өзара түсіністік
пен татулықты бағалай білу.
13-Көмектесе Айналасындағы адамдарға көмек көрсету, өзара 2
14 білейік көмек жасауға үйрену. Өзіне жақын, ниеттес
адамға сенім білдіру, өзара жауапкершілікті
түсіну, қамқорлық жасай білу, бір-біріне адал
болуға үйрену.
15-Сыйласаң – Дос, жақын, туыс адамдармен өзара сыйластық, 2
16 сыйлы адамдарға шын ниетпен құрмет көрсете білу.
боласың
ІІІ ТАРАУ. АДАМ БОЛАМ ДЕСЕҢІЗ...
17-Жақсыдан Жақсы мен жаманды ажырата білу, жақсыны бойға 2
18 үйрен, сіңіру, жаманнан аулақ болу. Жақсылық жасауға
жаманнан үйрену, жақсылықты өнеге ету, жақсылықты риясыз
жирен жасау.
19-Қамқор болыпСүйіспеншілікті, қайырымдылықты, мейірімділікті 2
20 өсемін сезіне білу, айналасындағы адамдарға деген
ықыласы мен көмегі, адамдарды жақсы көру,
қайырымды, мейірімді болу. Қамқорлық сезімдерін
дамыту, адамға, табиғатқа, жан-жануарларға
қамқорлық жасай білу.
21-Шыншылдық – Шындық пен өтірікті айыра білу, шындықты айта 2
22 адамдықтың білу, өтірік айтпау, шыншыл, турашыл болуға
белгісі үйрену.
23-Адам деген –Адам құндылығының маңызы. Адамгершілік қасиеттер 2
24 ардақты ат туралы білімдерін кеңейту. Әр адамның ерекшелігін
көрсететін табиғи дарыны, қабілеттері туралы
түсінік беру. Өзін-өзі танудың өмір,
қарым-қатынас, ата-ана, бауырмалдық және т.б.
негізгі ұғымдарын меңгерту.
IV ТАРАУ. ӘСЕМДІК ӘЛЕМІНДЕ
25-Табиғатқа Табиғаттың сұлулығы мен әсемдігін сезіне білу, 2
26 құштарлық табиғаттан үйлесімділік, жарасымдылық табу,
әсемдікке, сұлулықққа талпыну. Табиғатқа
қамқорлық жасау, аяушылық, жанашырлық таныту,
күтіп-баптау, өсіп-өнуіне көмектесу.
27-Денсаулық Денсаулықтың маңызын түсіну, денсаулық құпияларын2
28 құпиялары білу, денсаулықты күту, бағалау, нығайту.
29-Отанымды Отанды сүю, құрметтеу, мақтан тұту, қызмет ету. 2
30 сүйемін Туған өлкенің табиғаты, байлығы.
31-Өзін-өзі 1-сыныпта Өзін-өзі тану пәнінен үйренгендерін 2
32 тану жинақтап, қорыту.
пәнінен
үйренгенім
33-Қорытынды Өзін-өзі бағалау, тапсырмаларды орындау, 2
34 сабақ әңгімелесу, жағдаяттарды шешу, т.б.
Барлығы: 34
Оқушылар 1-сыныптың соңында:
адамгершілік құндылықтар мен өзін-өзі тану, білім, елжандылық, еңбек,
отбасы, қамқорлық, сыйластық, достық, ұжым, бақыт, сүйіспеншілік сияқты
жаңа ұғымдар, құндылықтар туралы алғашқы түсініктерді біледі;
балалар өзінің жаңа әлеуметтік тұрғыдағы оқушы рөлін түсінеді,
сыныптастарымен, ұстаздарымен, мектеппен танысады, жалпы ұжымда еңбек етуді
үйренеді;
қарым-қатынас, тіл табысу, ынтымақтастық, Отан, денсаулық, әдептілік, өзара
түсіністік, сыйластық құндылықтарын меңгереді;
мейірімділік, қайырымдылық, жауапкершілік, адалдық, жақсылық жасауға
ұмтылушылық, шыншылдық сияқты адами қасиеттердің мәнін түсінеді;
табиғатқа қамқорлық, денсаулықты сақтау, жасампаздық жарасымы туралы
түсініктері қалыптасады;
денсаулық сақтаудың маңыздылығын түсінеді, салауатты өмір салтының
қарапайым ережелерін біледі және қолдана алады;
өз ойын, сезімін, алған әсерін шығармашылық әрекеттер арқылы жеткізе алады;
Қазақстанда тұратын түрлі ұлт өкілдері арасындағы бейбітшілік пен
ынтымақтастық құндылықтары туралы түсініктерді біледі;
шынайы достық және қарым-қатынас қуанышының мәнін сезінеді, құрбыластары
мен үлкендер арасындағы достық пен сыйластықты бағалай біледі;
оқушы құқығы мен міндеттерін біледі және оларды қолдана алады.
1-сынып оқушыларының білімін бағалау
Оқушылардың Өзін-өзі тану пәні бойынша білім сапасын бағалау 1-сынып
бағдарламасында белгіленген Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын
талаптар негізінде жүргізіледі. Бұл талаптар оқушылардың өмірде
жалпыадамзаттық құндылықтарға сүйенуге талпыну және қоғамға қызмет ету
дағдыларын жетілдірудегі танымдық әрекеттерін дамытуды саралауға
(мониторингіне) қызмет етеді. Адамгершілік-рухани білім беру
ерекшеліктеріне сай сандық емес, сапалық бағалау маңызды, сондықтан әр
жартыжылдық қорытындыда сынақ деген баға қойылады.
Оқушы 1-сынып бағдарламасындағы Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын
талаптардың жалпы көлемінің кем дегенде 23 бөлігіне сай өз жетістігін
көрсете алса, онда сынақ деген баға қойылады.
Оқушыға сынақсынақ емес деген баға қойыларда оның Өзін-өзі тану пәні
бойынша шығармашылық-жобалау жұмыстарын көрсететін портфолиосы назарға

шығармашылық жұмыстарға қатысу белсенділігіне, сонымен қатар өзінің жеке

мен мазмұны жалпыадамзаттық құндылықтар басымдылығына бағдарлануына, сабақ

қойылған мәселелерді шешудің жолдарын іздеуіне назар аударылады.
8. 2-СЫНЫП(аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)
№ Сабақтың Сабақтың мазмұны Сағат
тақырыбы саны
І ТАРАУ. ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ БАҚЫТЫ
1-2Біз осындай 1-сыныпта өзін-өзі тану сабақтарынан 2
баламыз үйренгендерін еске түсіру. Өзін және айналасын
тануға қызығушылық. Оқуға, білім алуға деген
құштарлық.
3-4Көңіл күйімізді Жағымды қарым-қатынастар туралы түсінік. 2
басқара білейік Ұстамдылық іскерліктерін дамыту. Әр түрлі
жағдайларда өзін ұстай білуге тәрбиелеу.
5-6Білімге Білім, сыйластық адамгершілік құндылықтары 2
құштарлық туралы түсініктерін кеңейту. Ата-ананың,
үлкендердің, кітаптың өмірдегі ұстаздары
екендігін түсіндіру. Кітап оқуға деген
қызығушылықтарын арттыру, ұстаздарды бағалауға,
сыйлауға тәрбиелеу.
7-8Менің ұстаздарымБілім, сыйластық адамгершілік құндылықтары 2
туралы түсініктер. Ата-ананың, үлкендердің,
кітаптың өмірдегі ұстаздары екендігін
түсіндіру; мұғалім еңбегі туралы түсінік,
оқушының мұғалімге деген сүйіспеншілігі;
ұстаздарды бағалау, сыйлау.

9-1Үлкенге – Құрмет, ізет, сыйластық туралы түсінік беру. 2
0 құрмет, кішіге –Қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту.
ізет Үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты
түсіндіру.
13-Келісім түбі – Келісім, жарастық туралы түсінік беру. Достаса 2
14 жарастық білу, қасиеттерін дамыту. Өзара татулыққа,
шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу.
11-Кешірімді бала –Кешірім ұғымының адамгершілік құндылық 2
12 кішіпейіл бала ретіндегі мәнін ашу. Кішіпейілділік,
кешірімділікке бейім қабілеттерін дамыту.
15-Күш бірлікте Бірлік туралы түсінік беру, көпшіл болу 2
16 іскерліктерін дамыту. Бір-біріне көмектесуге,
бірлесіп еңбек етуге тәрбиелеу. Өзара түсінісе
білу іскерліктерін дамыту, өзара сыйластыққа,
достыққа тәрбиелеу.
ІІІ ТАРАУ. АДАМ БОЛАМ ДЕСЕҢІЗ...
17-Текті білу тегінАта-тек, жеті атаны білу арқылы өзіңді тану. 2
18 емес Атадан өнеге-үлгі, тәлім-тәрбие алу. Ата-текті
құрметтеу, қастерлеу. Ұрпақ жалғастығы.
19 Ұятты бала – Ұят, ар, намыс туралы түсінік беру. Сыпайы 1
арлы бала қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту.
20 Обал мен сауап Мейірімділік адамгершілік құндылығы туралы 1
түсініктерін кеңейту. Обал мен сауап туралы
түсінік беру. Халықтың дәстүрлі игі әдеттеріне
қызығушылықтарын арттыру. Мейірімділікке,
үнемдей білуге тәрбиелеу.
21-Еңбек бәрін Еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік. 2
22 жеңбек Еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту. Алдына
қойған мақсат жолында қажыр-қайрат, жігерлілік,
өзіне-өзі талап қоя білуге үйрету.
23-Жүрек жылуы Мейірімділік, қайырымдылық туралы түсінік. 2
24 Өзгелерге қамқорлық жасау, ата-анасына,
бауырларына деген сүйіспеншілік.
IV ТАРАУ. ӘСЕМДІК ӘЛЕМІНДЕ
25 Халық даналығы Даналық ұғымының адамгершілік құндылық 1
ретіндегі мәнін ашу. Жұмбақ, мақал-мәтел,
ертегі халық даналығы екендігін түсіндіру.
Халық даналығына сүйіспеншілігін арттыру, оны
құрметтеп, сақтауға, бағалауға тәрбиелеу.
26 Халқым менің Туған халқының дәстүрін танып-білуге 1
қонақжай қызығушылық, қонақжайлылық дәстүрі, қонақты
күтіп-сыйлау, бата алу. Отбасылық дәстүрлерді
қастерлеу, жалғастыру.
27 Табиғат – Табиғат, сұлулық тәрізді адамгершілік 1
әсемдік әлемі құндылықтар туралы түсінік. Табиғат сұлулығы
туралы түсінік беру; табиғат әсемдігіне
қызығушылықтарын арттыру; табиғатты сүюге
тәрбиелеу.
28 Табиғат – Табиғат, денсаулық адамгершілік 1
денсаулық мекеніқұндылықтары туралы түсінік. Табиғаттың
денсаулыққа әсері туралы түсінік беру;
денсаулығын нығайтуға ұмтылысын арттыру;
денсаулығын бағалауға тәрбиелеу.
29 Табиғатпен Адам мен табиғат үйлесімділігі туралы түсінік 1
біргеміз беру. Табиғатқа аялы қарым-қатынастарын дамыту.
30 Атамекен Атамекен табиғаты туралы түсінік беру. 1
табиғаты Табиғатқа қамқорлық жасау, іскерліктерін
анамдайсың дамыту. Атамекенін қадірлей білуге тәрбиелеу.
31 Қазақстан – Отан, махаббат адамгершілік құндылықтары 1
менің елім туралы түсініктер. Қазақстан Республикасында
тұратын халықтардың Отаны Қазақстан екендігін
түсіндіру. Отанға сүйіспеншілігін арттыру;
Отанын сүюге тәрбиелеу.
32 Үйренгенім көп 2-сыныпта Өзін-өзі тану пәнінен алған 1
менің білімдерін жинақтау, жағымды қарым-қатынастарын
дамыту.
33-Қорытынды сабақ Өзін-өзі бағалау, тапсырмаларды орындау, 2
34 әңгімелесу, жағдаяттарды шешу, т.б.
Барлығы: 34
Оқушылар 2-сыныптың соңында:
бұрын меңгерген адамгершілік құндылықтар мен білім, ой, сөз, іс, татулық,
махаббат, шындық, ар, ұят, обал, сауап сияқты жаңа ұғымдар туралы
кеңейтілген түсініктерді біледі;
оқуға құштарлыққа талпынуды, ұстаздарын сыйлауды, халық даналығын
бағалауды, отбасылық дәстүрлерді сақтауды, туған өлкені аялауды, ана тілін
құрметтеуді үйренеді;
адамның өзіне және өзгелерге деген махаббат, мейірімділік, сенім,
шыншылдық, адалдық, әділдік, батылдық, құрмет сияқты жағымды қасиеттері,
сондай-ақ жағымсыз қасиеттер мен эмоциялардың көрінісі туралы түсініктері
болады;
қарама-қарсы жыныс өкілдерімен достық қарым-қатынас жасай алады;
адам мен табиғаттың бірлігі, табиғаттың адам дамуына жағымды әсері туралы
бастапқы түсініктері болады, қоршаған ортаға саналы түрде ұқыптылықпен
қарым-қатынас жасайды;
адамдармен қарым-қатынаста достаса білуді, өзара келісімге келуді,
түсінісуді, тіл табысуды, кешірімді, кішіпейіл, көпшіл бола білуді, көңіл
күйін басқара алуды біледі;
денсаулығын күтуді және сақтауды біледі;
өз әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне алады, мектепте, үйде, қоғамдық
орындарда мінез-құлық ережелерін қолдана алады.
2-сынып оқушыларының білімін бағалау
Оқушылардың Өзін-өзі тану пәні бойынша білім сапасын бағалау 2-сынып

Оқушы 2-сынып бағдарламасындағы Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын

9. 3-сынып(34 сағ., аптасына 1 сағ.)
№ Сабақ тақырыбы Сабақтың мазмұны Сағат
саны
І ТАРАУ. ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ БАҚЫТЫ
1 Өзін-өзі тану Рухани-адамгершілік құнды-лықтар негізінде 1
белестері 2-сыныпта өзін-өзі тану сабақтарынан алған
білім-біліктерді жинақтап қорытындылау.
3-сыныпта меңгеретін құндылықтар мен
адамгершілік қасиеттер туралы жалпы түсінік.
Өзін, өзгелерді, адамгершілік құндылықтарды
танып білуге қызығушылығын ояту.
2 Өмірді танып Өмір ұғымының адамгершілік құндылық 1
білуге құштарлықретіндегі мәні. Өмірді тану, өмірді танып
білуге қызығушылықтар.
3 Білім ( ақиқат Білім құндылығы туралы түсінік. Білімнің 1
бастауы адам өміріндегі маңыздылығы; білімге, оқуға
қызығушылық.
4 Менің сүйікті Еңбек құндылығы мен еңбексүйгіштік адами 1
ісім қасиеттері туралы түсінік. Сүйікті іс туралы
түсінік; еңбек ету іскерліктері.
5 Қиял арманға Жақсы ниетпен армандай білуге баулу. Қиял, 1
жетелейді арман туралы түсінік.
6 Бабалар сөзі – Даналық құндылығы туралы түсінік. Даналық,1
даналық көзі ақылдылық туралы ұғымдар; ойлау
іскерліктері; ата-баба даналығы.
7 Бірлігі жарасқанДостық, бірлік, халық құндылықтары 1
халықпыз туралы түсінік. Халықтар достығы, жарастығы,
бірлігі туралы түсініктері; өзара сыйластық
қарым-қатынастары.
8 Отан сүйген Отан, махаббат құндылықтары туралы 1
ұланбыз түсінік. Отанға деген махаббат,
сүйіспеншілік сезімдері; Отанын сүю, мақтан
тұту, құрметтеу.

9 Ризашылық пен Сыйластық құндылығы туралы түсінік. 1
алғыс Ризашылық пен алғыс туралы түсінік;
үлкен-кішіге деген сүйіспеншілік, сыпайылық
қарым-қатынасы.
10 Өзіңді де, Махаббат, сыйластық құндылықтары туралы 1
өзгені де аяла түсінік. Өзіңді, өзгені аялаудың адам
өміріндегі маңыздылығы; өзіне, өзгелерге
аялы, сыйлы қарым-қатынастар.
11 Шаңырақ Сыйластық, махаббат құндылықтары туралы 1
жарастығы түсінік. Шаңырақ жарастығы, сыйластығы
туралы түсінік.
12 Сіз деген – Сыйластық, қамқорлық құндылықтары туралы1
әдеп, біз деген түсінік. Өзара сыйластық қарым-қатынасының
– көмек адам өміріндегі мәні.
13 Ойнай білу де – Сыйластық, достық құндылықтары туралы 1
өнер түсінік. Шыдамдылық, сабырлылық, ақылдылық
адами қасиеттердің өмірдегі маңыздылығы.
14 Ұл бала мен қыз Сыйластық,достық құндылықтары туралы 1
бала түсінік. Ұл бала мен қыз бала арасындағы
сыйластық туралы түсінік.
Дос болайық, Достық құндылығы туралы түсінік. Татулық 2
15-бәріміз пен достықтың адам өміріндегі маңыздылығы;
16 өзара көмек, жолдастық, сыйластық
қарым-қатынастары.
ІІІ ТАРАУ. АДАМ БОЛАМ ДЕСЕҢІЗ...
17 Жылы жүрек – Мейірімділік, қайырымдылық құндылықтары 1
жақсы тілек туралы түсінік. Жақсы тілек, ізеттілік,
ізгілік туралы түсініктер, қайырымды
қарым-қатынас жасау іскерліктері.
18 Ұқыпты бала- Әдептілік, сыпайылық адами қасиеттер туралы 1
әдепті бала түсініктер. Ұқыптылық, жинақылық туралы
түсінік;
19 Өнерлі бала Өнер ұғымының құндылық ретіндегі мәнін 1
сүйкімді ашу. Өнердің адам өміріндегі маңыздылығы.
20 Ақыл ( жастан, Даналық құндылығы туралы түсінік. Ақылдың 1
асыл ( тастан адам өміріндегі маңыздылығы.
21 Еңбектің наны Еңбек құндылығы туралы түсінік. Еңбектің 1
тәтті адам өміріндегі маңыздылығы.
22 Мақтану – Кішіпейілділік, қарапайымдылық сияқты адами 1
мақтаншақтық қасиеттер туралы түсінік. Мақтану, мақтау,
емес мақтаншақ болмау туралы қасиеттер; жағымды,
жағымсыз қылықтарды ажырата білу
іскерліктері.
23 Мейірімділік – Мейірімділік, қайырымды-лық құндылықтары1
асыл қасиет туралы түсініктер. Мейірімділіктің адам
өміріндегі маңыздылығы; өзара сыйластық
қарым-қатынастары.
24 Жаным толған Жақсылық, махаббат құндылықтары туралы 1
жақсылық түсініктер. Жақсылық пен махаббаттың адам
өміріндегі маңыздылығы; жақсылық жасай білу
іскерліктері.
IV ТАРАУ. ӘСЕМДІК ӘЛЕМІНДЕ
25-Туған жер Отан, туған жер құндылықтары туралы 2
26 ғажаптары түсініктер. Туған ел, туған жердің адам
өміріндегі маңыздылығы; туған жерге
қамқорлық жасай білу іскерліктері.
27-Табиғат сыйы Табиғат құндылығы туралы түсінік. Табиғат 2
28 пен адам үйлесімділігі.
29Жаны саудың ( Табиғат, қамқорлық құндылықтары туралы 1
тәні сау түсініктер. Табиғат пен адам үйлесімділігі,
оның адам өміріндегі маңыздылығы; табиғатқа
қамқор бола білу іскерліктері.
Денсаулық – зор Денсаулық құндылығы туралы түсінік. 1
30 байлық Денсаулық пен жан саулығының адам өміріндегі
маңызы; денсаулығын сақтай білу
іскерліктері.
31-Өзін-өзі тануданРухани-адамгершілік құндылықтар, адами 2
32 үйренгенім қасиеттер туралы түсініктер. Өзін-өзі тану
пәнінен 3-сынып бойынша алған білімдерін
жинақтау.

Оқушылар 3-сыныптың соңында:
бұрын меңгерген адамгершілік құндылықтар туралы кеңейтілген түсініктерді
және өзін-өзі тануға құштарлық, білім, іс, қиял, сөз, бірлік, Отан,
ризашылық пен алғыс, өнер, ақыл, еңбек, мақтаныш, мейірімділік, жақсылық,
адамгершілік, адамшылық сияқты жаңа ұғымдар туралы терең түсініктер алады;
адами сезімдер мен эмоцияларды, өзінің эмоциялық күйін ажырата біледі;
мораль, этика мәселелерін талқылау барысында өзінің пікірін білдіріп, өз
сөзіне және ісіне жауапкершілік таныта алады;
адамның жағымды және жағымсыз сезімдері мен әрекеттерін ажыратып, олардың
себеп-салдарын талдай алады;
шаңырақ сыйластығы, ұл бала мен қыз бала достастығын біледі;
денені шынықтыру қажеттігін түсінеді, денсаулықты сақтауды қамтамасыз
ететін сауықтыру әдістемесі мен қауіпсіздік шараларын іс жүзінде қолдана
алады;
топта, сыныпта, отбасында өзіне және өзге адамдарға көңіл бөліп сыйлайды,
сондай-ақ бейтаныс адамдармен өзара жағымды, достық қарым-қатынас жасай
алады;
өз туыстары мен жақындарының еңбегі мен кәсібіне ықылас танытып, құрмет
көрсете алады;
табиғаттың өмір сүрудің негізі ретіндегі маңызын түсінеді;
қоршаған ортаға қамқорлық танытып, табиғи көздердің тазалығын сақтай
біледі;
оқу кітаптарын саналы түрде таңдай біледі, өз мінез-құлқын әдеби
кейіпкерлердің әрекеттері арқылы бағалай алады.
3-сынып оқушыларының білімін бағалау
Оқушылардың Өзін-өзі тану пәні бойынша білім сапасын бағалау 3-сынып

Оқушы 3-сынып бағдарламасындағы Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын

10. 4-сынып(34 сағ., аптасына 1 сағ.)
№ Сабақ тақырыбы Сабақтың мазмұны Сағат
саны
І ТАРАУ. ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ БАҚЫТЫ
1 Өзін-өзі тану – Өзін-өзі тану, өмір құндылықтары туралы 1
өмірді тану түсініктер. 4 сыныпқа арналған өзін-өзі тану
пәнінің мазмұны; адамгершілік құндылықтарын
білуге, өзін және өмірді тануға қызығушылық.
2 Білімге құштарлық Білімқұндылығы туралы түсінік. Білім, 1
даналық ұғымдары туралы мағұлұмат; Білімге,
оқуға қызығушылық.
3 Ойлы бала озар Ой ұғымының құндылық ретіндегі мәні. Терең1
ойдың, ойлаудың адам өміріндегі маңыздылығы;
ойлай білу іскерліктері.
4 Менің сыныбым – Ұжым, достық құндылықтары туралы 1
менің ұжымым түсінік. Ұжымның адам өміріндегі
маңыздылығы; өзара татулық, сыйластық
қарым-қатынастары.
5 Менің арманым Жақсы ниетпен армандай білу және оған қол 1
жеткізуге ұмтылу. Арман ұғымы туралы
түсінік.
6 Ата-баба өнері Өнер құндылығы туралы түсінік. Ата-баба 1
өнері, соның ішінде ою-өрнектің адам
өміріндегі маңыздылығы;
7 Тілім менің Тіл, Отан құндылықтары туралы түсінік. 1
тірегім Ана тілінің адам өміріндегі маңыздылығы.
8 Мен елімнің Оқу, Отан, ел, махаббат құндылықтары 1
азаматымын туралы түсінік. Туған ел, өскен ортаның адам
өміріндегі маңыздылығы.
ІІ ТАРАУ. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz