МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ КІШІ ЖАСТАҒЫ (3 жастан бастап 5 жасқа дейінгі) БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН «ЗЕРЕК БАЛА» БАҒДАРЛАМАСЫ
1 Түсіндірме жазба
2 Мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру
3 жастан бастап 4 жасқа дейінгі балаларға арналған бағдарлама
3 Балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сипаттама
4 Күн тәртібінің үлгісі
5 «Денсаулық» білім беру саласы
6 «Қатынас» білім беру саласы
7 «Таным» білім беру саласы
8 «Шығармашылық» білім беру саласы
9 «Әлеуметтік орта» білім беру саласы
10 Ойын іс.әрекетіндегі баланың дамуы
11 Еңбек іс.әрекетіндегі баланың дамуы
4 жастан бастап 5 жасқа дейінгі балаларға арналған бағдарлама
12 Балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сипаттама
13 Күн тәртібінің үлгісі
14 «Денсаулық» білім беру саласы
15 «Қатынас» білім беру саласы
16 «Таным» білім беру саласы
17 «Шығармашылық» білім беру саласы
18 «Әлеуметтік орта» білім беру саласы
19 Ойын іс.әрекетіндегі баланың дамуы
20 Еңбек іс.әрекетіндегі баланың дамуы
21 Мерекелер мен ойын.сауықтар
22 Ата.аналармен жұмыс
23 Әдебиеттер
24 Қосымша

Қазақстан Республикасында болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне шығуы - білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр.
Қазіргі таңда адамзат қоғамына ғылыми жаңалықтар мен инновациялық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу мен оқыту саласын да заман талабына сай, уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдарламалармен, технологиялармен қамтамасыз ететін кез келді.
Мектепке дейінгі кіші жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Зерек бала» бағдарламасы мектеп жасына (3-5 жас) дейінгі балаларды тәрбиелеу мен дамуының мазмұнды қырын ашады.
Бағдарлама мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың дене және психикалық денсаулығын сақтауға, балалар дамуының негізгі көрсеткіші ретінде балалардың негізгі құзыреттілігі міндеттерін шешуді қалыптастыруға, әртүрлі өмірлік жағдайларда жинаған тәжірибелерін қолдануға бағытталған.
«ЗЕРЕК БАЛА» бағдарламасына белгілі бір ұстанымдар енгізілген:
- оқыту әдістері және мазмұнының, мақсатының әлеуметтік шарттарға сай жаңарып отыруы;
- тәрбие мен оқыту әдістерінің, мазмұндарының бірлестігі және қолжетімділігі;
- баланы тәрбиелеу мен оқытуды жеке тұлғалық ұйымдастыру;
- стратегиялық білім беру қағидаларының жолдарын таңдау еркіндігі және оны жүзеге асыру әдістері, түрлері және вариативтілік ұстанымы.
- балаларды әлеуметтік қорғау, педагогикалық, психологиялық процестерінің мазмұны мен ұйымдастырылуының әрекеттілік және шығармашылық қатынасы.
- тәрбиелеу мен оқыту үдерісін қарым-қатынас, зерттеу-іздестіру, ересектермен және құрдастарымен ынтымақтастық негізінде құру.
Бағдарлама мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа ҚР МЖМБС негізінде құрастырылған және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнының негізгі функционалды тасымалдаушысы болып табылады.
Бағдарламаға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың ҚР МЖМБС сәйкес бес білім беру саласы: «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» енгізілді және 3 жастан бастап 5 жасқа дейінгі балалардың мүмкіншіліктерін ашуға бағытталған.

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. «1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беру бағдарламасының мазмұнының базалық минимумы». – Астана қ., 2004.
2. «Балбөбек» бағдарламасы. Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының республикалық баспа бөлмесі. – Алматы қ., 1999.
3. Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы (бірнеше томдық). Алматы, Жалын, 1989 ж. М.Әлімбаев, Қ. Мырзалиев, Ө. Тұрманжанов, Е. Өтетілеуов.
4. Халық педагогика негіздері. С. Ғаббасов, Алматы, 1985 ж.
5. Төленбаев С., Өмірбекова М. Ою-өрнектер құрастырудың тәсілдері. Алматы: Қанағат ЛТД; Қазақстан, 1993.
6. С.С. Лебедева, Л.М. Маневцова Управление инновационным дошкольным образовательным учреждением в условиях социального партнерства, Санк-Петербург, «Детство-пресс», 2005.
7. Средообразовательный процесс и становление личности, Материалы международной научно-практической конференции, Костанай, 2003.
8. В.И. Мигаль, Е.А. Мигаль, Управление современной школой, Изд. «Учитель», 2005.
9. Майлз Дауни Эффективный коучинг. Уроки тренера коучей. М., 2005.
10. Т.Н. Князева Я учусь учиться. Психологический курс развивающихся занятий для младших школьников. М., АРКТИ, 2004.
11. Инновационное обучение. Стратегия и практика. МГУ им. Ломоносова, М., 1994.
12. Л.Н. Галигузова, Е.О. Смирнова Ступени общения: от года до семи лет. М., Просвещение, 1992.
13. Алиева Т.И., Арнаутова Е.П., Протасова Е.Ю. Программно-методическое пособие, М.: 1999.
14. Арнаутова Е.П. «Педагог и семья», М.: 2002.
15. Арушанова А.Г. Речь и речевое общение дошкольника. М.: 2002.
16. Давидчук А.Н. Индивидуально-ориентированное обучение младшего дошкольника. М.: 2000.
17. Новоселова С.Л. Развивающая предметная среда. М.: 2002.
18. Рунова М.А. Физкультурное и спортивно-игровое оборудование для детей. М.: 2000.
19. Реуцкая Н.А. Игровое оборудование для дошкольной организации. Аннотированный перечень. М.: 1999.
20. Павлова Л.Н. Раннее детство: развитие речи, мышления. М.: 2000.
21. Пилютина Э.Г. Познавательное развитие. М.: 2000.
22. Парамонова Л.А. Детское творческое конструирование.
23. Петрова В.А. Музыка – малышам.
24. Шулешко Е.В. Наглядно-дидактическое пособие по обучению грамоте.
25. Пищулин В.Г., Смирнов И.П. Новые подходы, квалификация, мастерство. М.: 2008.
26. Доронова Т.Н. Младший возраст. Планирование работы с детьми. М.: 2007.
27. Гризик Т.Н. «Познаю мир». М.: 2008.
28. Скаткин М.Н. «Как учить творчеству», журнал «Педагогика». № 8, 2004.
29. Тестов В.А. «Жесткие» и «мягкие» модели обучения. Журнал «Педагогика». № 8, 2004.
30. Савенков А. Исследовательские методы обучения в дошкольном образовании / Журнал «Дошкольное воспитание». № 12, 2005.
31. Кайкенова Ж.К. Системный подход к подготовке учителя новой формации / Журнал «12-летнее образование». №6, 2006.
32. Жаменова К.Х. Сущность психолого-педагогического сопровождения //Журнал «12-летнее образование». № 7, 2006.
33. Исмагамбетова Л.Ж. О проблеме здоровьесберегающей среды. Журнал «12-летнее образование». № 6, 2007.
34. Фуряева Т. «Диагностика начального дошкольного воспитания». Журнал «Детский сад от А до Я». №5 - М.: 2006.
35. Белкина В.Н., Искатова Т.Г., Диагностика педагогического регулирования взаимодействия детей раннего и дошкольного возраста. Журнал «Детский сад от А до Я». №2. - М.: 2006.
36. Ежкова Н.С. Диагностика ценностных ориентаций детей младшего дошкольного возраста. Просвещение: № 5, 2006.
37. Урунтаева Г.А. Дошкольная психология. М.: 2000.
38. Ежова Н.Н. Научись общаться. Феникс. - Ростов-на-Дону, 2005.
39. Оверчук Т.И. 120 ответов на вопросы. М.: 2002.
40. Честнова Н.Ю. «Настольная книга педагога детского сада», Феникс, Ростов-на-Дону: 2005.
41. Вассерман Ф.Я. Управление качеством обучения на основе ИКТ. Алматы, 2008.
42. Француазо Дольто. На стороне ребенка. М.: 1999.
43. Шерон Лин Каган. «Стандарты раннего детства в Америке». Перевод стандарта. 2005.
44. Хелен Пенн. «Стандарты Великобритании». Алматы, 2003.
45. Рудольф Герр. «Образование в Германии». М.: 2004.
46. Каптерев П. «О природе детей». М.: 2005.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ КІШІ ЖАСТАҒЫ
(3 жастан бастап 5 жасқа дейінгі)
БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН
ЗЕРЕК БАЛА БАҒДАРЛАМАСЫ
АСТАНА 2010
УДК 372.34
ББК 74.102
М41
Құрастырушы-авторлар: Т.М. Калашникова, Г.Н. Новогренко, Н.И.
Матвиенко, Г.Ю. Жигайло
Рецензенттер:
Н.Н. Ниязбаева - педагогика ғылымдарының докторы, ҚМУ-нің педагогика және
психология кафедрасының меңгерушісі
Б.М. Өтегенова - педагогика ғылымдарының кандидаты, ҚМПИ-ның педагогика
және психология кафедрасының меңгерушісі
М41 Мектепке дейінгі кіші жастағы (3 жастан бастап 5 жасқа дейінгі)
балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған Зерек бала бағдарламасы. -
Астана, 2010. - 115 б.
ISBN 9965-810-42-7
Мектепке дейінгі кіші жастағы (3 жастан бастап 5 жасқа дейінгі) балаларды
тәрбиелеу мен оқытуға арналған Зерек бала бағдарламасы ҚР МЖМБС
талаптарына сай жаңа бағдарламалар кешенінің бөлімі болып табылады.
Бағдарлама мазмұны мектепке дейінгі кіші жастағы баланың біртұтас тұлғалық
және физиологиялық, танымдық, қатынастық, шығармашылық және әлеуметтік
дамуына бағытталған.
Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің қызметкерлеріне, педагогикалық
жоғарғы оқу орындары және колледж студенттеріне ұсынылады.
ISBN 9965-810-42-7
УДК 372.34
ББК 74.102
© Мектепке дейінгі балалық шақ
Республикалық орталығы, 2010
МАЗМҰНЫ
1 Түсіндірме жазба 4
2 Мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың тіршілік әрекетін 7
ұйымдастыру
3 жастан бастап 4 жасқа дейінгі балаларға арналған бағдарлама
3 Балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сипаттама 9
4 Күн тәртібінің үлгісі 12
5 Денсаулық білім беру саласы 13
6 Қатынас білім беру саласы 19
7 Таным білім беру саласы 23
8 Шығармашылық білім беру саласы 30
9 Әлеуметтік орта білім беру саласы 34
10 Ойын іс-әрекетіндегі баланың дамуы 39
11 Еңбек іс-әрекетіндегі баланың дамуы 41
4 жастан бастап 5 жасқа дейінгі балаларға арналған бағдарлама
12 Балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сипаттама 42
13 Күн тәртібінің үлгісі 45
14 Денсаулық білім беру саласы 46
15 Қатынас білім беру саласы 53
16 Таным білім беру саласы 58
17 Шығармашылық білім беру саласы 68
18 Әлеуметтік орта білім беру саласы 74
19 Ойын іс-әрекетіндегі баланың дамуы 81
20 Еңбек іс-әрекетіндегі баланың дамуы 83
21 Мерекелер мен ойын-сауықтар 85
22 Ата-аналармен жұмыс 86
23 Әдебиеттер 88
24 Қосымша 90
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Қазақстан Республикасында болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер
мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне шығуы -
білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға
уақыт талабына сай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр.
Қазіргі таңда адамзат қоғамына ғылыми жаңалықтар мен инновациялық
технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі баланы
тәрбиелеу мен оқыту саласын да заман талабына сай, уақыт сұранысын
қанағаттандыратын жаңа бағдарламалармен, технологиялармен қамтамасыз ететін
кез келді.
Мектепке дейінгі кіші жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған
Зерек бала бағдарламасы мектеп жасына (3-5 жас) дейінгі балаларды
тәрбиелеу мен дамуының мазмұнды қырын ашады.
Бағдарлама мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың дене және психикалық
денсаулығын сақтауға, балалар дамуының негізгі көрсеткіші ретінде
балалардың негізгі құзыреттілігі міндеттерін шешуді қалыптастыруға, әртүрлі
өмірлік жағдайларда жинаған тәжірибелерін қолдануға бағытталған.
ЗЕРЕК БАЛА бағдарламасына белгілі бір ұстанымдар енгізілген:
- оқыту әдістері және мазмұнының, мақсатының әлеуметтік шарттарға сай
жаңарып отыруы;
- тәрбие мен оқыту әдістерінің, мазмұндарының бірлестігі және
қолжетімділігі;
- баланы тәрбиелеу мен оқытуды жеке тұлғалық ұйымдастыру;
- стратегиялық білім беру қағидаларының жолдарын таңдау еркіндігі және оны
жүзеге асыру әдістері, түрлері және вариативтілік ұстанымы.
- балаларды әлеуметтік қорғау, педагогикалық, психологиялық процестерінің
мазмұны мен ұйымдастырылуының әрекеттілік және шығармашылық қатынасы.
- тәрбиелеу мен оқыту үдерісін қарым-қатынас, зерттеу-іздестіру,
ересектермен және құрдастарымен ынтымақтастық негізінде құру.
Бағдарлама мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа ҚР МЖМБС негізінде
құрастырылған және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнының негізгі
функционалды тасымалдаушысы болып табылады.
Бағдарламаға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың ҚР МЖМБС сәйкес бес білім
беру саласы: Денсаулық, Қатынас, Таным, Шығармашылық, Әлеуметтік
орта енгізілді және 3 жастан бастап 5 жасқа дейінгі балалардың
мүмкіншіліктерін ашуға бағытталған.
Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі міндеттері:
- әрбір баланың жеке тұлғалық сапасын жетілдіру және оларды әрі қарай
дамыту;
- практикалық, танымдық, шығармашылық және балалар іс-әрекетінің басқа да
түрлерінің тәжірибесін қалыптастыру;
- әрбір баланың интеллектуалдық қабілеттіліктерін, шығармашылық әлеуетін
дамыту;
- Қазақстан Республикасының патриоттық, мәдени-тарихи салт-дәстүрлер
негізінде мәдени және адамгершілік құндылықтарды дарыту;
- ұжымда тәрбиеленушілердің ұлтаралық мәдениетін қалыптастыру;
- баланың толыққанды дене бітімінің дамуына, негізгі құзіреттіліктің
маңыздылығын қалыптастыруға мүмкіндік беретін қолайлы, заттық-дамытушы
ортасын құру;
- баланы тәрбиелеу және дамыту мақсатында отбасы, мектепке дейінгі ұйым
ортасының ынтымақтастығы.
Мектепке дейінгі кіші жастағы баланы дамыту мен тәрбиелеудің нәтижесі
негізгі құзіреттілікке ие, ересектер және құрдастарымен өзара әрекет ете
білетін, дене шынықтыру және салауатты өмір салты негіздеріне ие тұлға
болып табылады. Бес білім беру саласының базалық мазмұны балалардың
танымдық қабілеттіліктерін, жеке басының бейімділігін, қызығушылықтары мен
қажеттіліктерін дамытудың негізі болып табылады. Барлық білім беру салалары
және оның тараулары өзінің мазмұнында мазмұны қоршаған әлемнің қыр-сырын,
адамдардың ішкі жан дүниесін, қоғамдық, әлеуметтік және жеке қатынастар,
табиғи және маусымдық құбылыстар, техника және ойыншықтар әлемі, әдебиет,
өнер, сезім, көңіл күй және т.б. қамтиды.
Бағдарламаның айырмашылық белгісі пәнаралық байланысқа және мектеп жасына
дейінгі балалардың білімі мен білігінің тұтастығын қалыптастыруға
негізделген білім беру материалдарының мазмұнын біріктіру болып табылады.
Зерек бала бағдарламасының құрылымы:
- түсіндірме жазба;
- балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сипаттама;
- күн тәртібінің үлгісі;
- бес білім беру саласының базалық мазмұны: Денсаулық, Таным,
Қатынас, Шығармашылық, Әлеуметтік орта;
- әрбір жас кезеңдері үшін ойын және еңбек іс-әрекетіндегі баланың даму
бағыты.
Бағдарламада әрбір тарау бойынша бағдарламаның базалық мазмұнын меңгеру
көрсеткіштері ұсынылған.
Қосымшада:
- дидактикалық және қимыл-қозғалыс ойындар тізімінің үлгісі;
- ұсынылған көркем әдебиет шығармалары;
- зерттеу-іздестіру және бейнелеу өнері іс-әрекеті бойынша ұйымдастырылған
оқу іс-әрекетінің тақырыптар үлгісі;
- бейнелеу өнерімен танысу үшін шығармалар үлгісі;
- музыкалық репертуар және музыкалық дидактикалық ойындары ұсынылады.
Бағдарлама баланың дамуына, оның мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға
бағытталған. Бағдарлама мазмұнын жүзеге асыру әрбіреуінде өзінің базалық
мазмұны мен бағытына ие дербес тараулары бар білім беру салаларының жұмысын
қарастырады.
Денсаулық білім беру саласында педагогикалық іс-әрекетінің міндеттері,
мазмұны және шарттары анықталған, олар, балалар денсаулығын нығайтуға,
салауатты өмір салтының қарапайым ережесін қалыптастыруға, балалар
ағзасының, қимыл дағдыларының мүмкіндіктерін жетілдіруге, дене және ерік
қасиеттерін дамытуға әсер етеді.
Қатынас білім беру саласында мектепке дейінгі кіші жастағы баланың
коммуникативтік қабілеттерін, байланыстырып сөйлеуін дамыту бойынша
міндеттері мен жұмыс мазмұны анықталған.
Таным білім беру саласында баланың қоршаған орта туралы түсініктерін
кеңейту және байыту бойынша; зерттеу, салыстыру, талдау, қарапайым
іздестіру әрекетімен шұғылдана білуін дамыту бойынша; қолжетімді ақпарат
көздерінің жұмыс дағдыларын меңгеруі бойынша педагогикалық жұмыстардың
міндеттері, мазмұны және шарттары анықталған.
Шығармашылық білім беру саласында балалар шығармалары арқылы көркемдік
қабілеттіліктерін қалыптастыру бірлігі, балалардың бейнелеу және музыкалық
іс-әрекеттерінің алуан түрлілігінің өзара әрекеттестігі, баланың дүниеге
эстетикалық көзқарасы және оның өнер құралдарымен дамуы ұсынылған.
Әлеуметтік орта білім беру саласы баланың әлеуметтік және мәдени
тәжірибелерін кеңейту және байыту, оны қоғамдық қатынас жүйесіне қосу,
тұлғаның әлеуметтік қасиеттерін – еңбек дағдыларын, білімін, нормаларын,
ережелерін қалыптастыру бойынша педагогикалық қызмет міндеттері, мазмұны
және шарттары анықталған.
Әрбір білім беру саласының мазмұнында мектепке дейінгі кіші жастағы
балаларды дамытуда күтілетін нәтижелер анықталды.
ЗЕРЕК БАЛА бағдарламасы мектепке дейінгі кіші жастағы балаларды дамыту
және тәрбиелеу мақсаттары мен міндеттерін ойдағыдай жүзеге асыру мазмұнын
таңдау және шарттарын анықтау негізінде АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ және БІЗ МЕКТЕПКЕ
БАРАМЫЗ бағдарламаларының арасындағы сабақтастық міндетін шешуді
қарастырады.
Бағдарлама дамыта оқыту негізінде құрылған, жеке әдісті іске асыру
ұсынылады. Онда мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың тұлғасын дамытуға
және қалыптастыруға бағдарлы педагогикалық процессті басқару механизмдері
салынған.
Бағдарлама мазмұнын жүзеге асыру баланың қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне
бағдарланған, оның құзіреттілік дамуына бағытталған педагогикалық процессті
ұйымдастыруда қазіргі жаңа әдістерді пайдалануды болжайды. Ал бұл өз
кезегінде оқыту әдістемесіне ғана емес, сондай-ақ көбінесе өзінің
қызметінде жобалау әдістеріне, баланың даму процесін болжайтын, оның дамуын
бақылау және бағалау әдістеріне ие терең ойлы, шығармашыл педагогті талап
етеді.
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ КІШІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТІРШІЛІК ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Педагогикалық процесс ересектердің балалармен бірлескен іс-әрекеті мен
баланың өз бетінше еркін іс-әрекеті негізінде құрылуы тиіс.
Ересектер ешқандай психологиялық қысым көрсетпей-ақ, өзі сол іс-әрекетке
қатысуға қызығушылық сыңай таныту арқылы балаларды ұйымдастырылған танымдық
іс-әрекетке тарта алады.
Білім беру салалары шеңберіндегі ұйымдастырылған танымдық іс-әрекет әртүрлі
бағытта жүзеге асуы мүмкін:
- тақырыптық орталық сынды мектепке жасына дейінгі балалардың өз бетінше
еркін іс-әрекет түрлерін орындауға арналған көпжүйелі орта ұйымдастыру
(әртүрлі қызығушылықтар мен әртүрлі даму дәрежесіндегі балалардың өзін-өзі
жетілдіруіне жағдай жасау);
- балалардың мүмкіншіліктері мен қызығушылықтарын ескере отырып,
ұйымдастырудың әртүрлі нысандарын қолдану (жұптасып, шағын топтармен, бүкіл
топпен);
- балалардың ересектермен бірлескен іс-әрекет түрлерін жүргізуге күн
тәртібінен арнайы уақыт (7-30 минутқа дейін) бөлінеді.
Осы бағыттарға сәйкес педагогикалық процесс төмендегідей құзіреттіліктерді
қамтиды:
1. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін қарым-қатынас, ойын, зерттеу-іздестіру,
ересектермен және құрдастарымен ынтымақтастық негізінде құру (базистік оқу
жоспарына сай әртүрлі, бірін-бірі қайталамайтын, әр сипатты іс-әрекет
түрлерін ұйымдастыру).
2. Балаларды тәрбиелеу мен оқытуға бағытталған іс-әрекет түрлері:
а) балалардың өз бетінше еркін іс-әрекеті:
- ойын;
- сурет салу;
- мүсіндеу;
- жапсыру;
- көркемдік-тілдік іс-әрекет;
- құрастыру;
- дидактикалық ойындар мен жаттығулар т.б.
б) ересектердің балалармен бірлескен іс-әрекеті:
- ойын іс-әрекеті;
- бейнелеу іс-әрекеті;
- танымдық-зерттеу іс-әрекеті;
- тәжірибе жасау іс-әрекеті;
- қатынас іс-әрекеті;
- музыкалық-сергіту іс-әрекеті;
- мерекелер мен сауықтар;
- дене шынықтыру және сауықтыру іс-әрекеті;
- жобалау іс-әрекеті және т.б.
Күн тәртібінде педагогтің бейресми қарым-қатынас негізінде әр баламен жеке
байланыс жасауына да уақыт қарастырылуы керек.
Күнделікті ересектермен ойнауына да арнайы уақыт бөлінуі тиіс. Бұл ойындар
баланың қалауымен ұйымдастырылып, ересектер тарапынан қолдау көрсетілуі
керек.
Ұйымдастырылатын ойын және оқу іс-әрекеттері күн сайын өзінің ұйымдастырылу
сипатымен, өткізілетін орнымен, түрлерімен ерекшеленіп, баланы
жалықтырмайтындай, қызықты етіп жүргізілуі қажет.
Жоғары интеллектуалдық және физиологиялық жүктемесі ауыр ойындар мен
сабақтар аптасына 1-2 сабақтан артық болмауы керек. Бұл егер күн тәртібі
балаларға білім беру жұмыстарының жоспарымен сәйкес болса, мүмкін болады.
Балалардың шаршаған сырттай белгілерін ескеру қажет (қызығушылық деңгейі,
алаңдау жиілігі, зейінінің жоқтығы және т.б.) және олардың көрінген бірінші
белгілерінде-ақ ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін өткізуге болмайды.
Зейінді белсендіру, ынталандыру тәсілін енгізу арқылы балалардың жұмысқа
қабілеттілігін көтеруге талпыну.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті мен басқа да жұмыс түрлері баланы шаршап-
шалдықтырмайтындай, жүйке жүйесіне күш түсірмейтіндей, жалықтырмайтындай
бекітілген уақыт мөлшерінен ауытқымай жүргізілуі тиіс.
Күн тәртібінде емдік-шынықтыру шаралары мен психологиялық тренингтер,
сергіту мен музыкалық үзіліс сәттеріне, баланың өз қалауымен еркін жүріп-
тұруына уақыт бөлінуі керек.
Баламен қарым-қатынаста және жұмыс істеуде баланың қызығушылығын және
белсенділігін төмендететін артық жиі қайталаулар болдырмау қажет.
Жұмыс аптасына жеңіл кіруді және одан жеңіл шығуды қамтамасыз ету үшін,
дүйсенбі мен жұма күндері физиологиялық және интеллектуалдық жүктемесі бар
іс-әрекет түрлері жүргізілмеуі тиіс.
Егер бала шаршаса, жұмыс істеуден бас тартса, зейіні шашыраңқы болса,
тапсырманы міндеттеп орындатуға болмайды.
Баланың жүйке жүйесіне күш түсіретін, шаршататын қажетсіз білімдермен және
ақпараттармен оларға артық салмақ түсірмеу қажет.
Оқу іс-әрекетінің барысында, зейінін тұрақтандыратын, оны қызықтыратын,
ынтасын арттыратын тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы балалардың жұмыс
істеу қабілетін арттырып отыру қажет.
Балаларды ұзақ уақыт, бір орында қозғалыссыз ұстауға болмайды.
3 ЖАСТАН БАСТАП 4 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА
БАЛАЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІК МҮМКІНДІКТЕРІНЕ СИПАТТАМА
Сюжеттік-рөлдік ойындар 3 жастан бастап 4 жасқа дейінгі баланың тұлғалық,
интеллектуалдық, жалпы психологиялық дамуында ерекше орын алатын жетекші іс-
әрекет болып табылады. Бұл кезең баланың тілге, оның дыбысталуы мен
мағынасына ерекше қызығушылығымен, сезімталдығымен ерекшеленетіндіктен,
баланың тілін дамытуға өте қолайлы.
Мектепке дейінгі кіші жастағы балалар ересектермен қарым-қатынас жасауға
өте ықыласты болады, әртүрлі сұрақтар қойып, өздері білетін ертегілерді бар
ынтасымен айтып береді, танымдық қызығушылығы белсенді болады. Ересектермен
қарым-қатынас жасау қажеттілігі қанағаттанбаған кезде, олардың арасында
эмоционалдық жатырқаушылық пайда болады. Төрт жасқа қарай бала құрдасын
ортақ іс-әрекетке қатысушы есебінде қабылдайды.
3-4 жасар баланың өзін-өзі бағалауы өте жоғары деңгейде, бұл ол үшін әбден
заңды, өйткені біреу оның тұлғалық қасиеттерін дұрыс бағаламаған кездегі өз-
өзін қорғаудың тұлғалық тетігі болып табылады.
3 жас пен 4 жас аралығында баланың сенсорлық процесінің сапалы жаңа
қасиеттері қалыптасады: фонематикалық есту, түсті ажырату, көз қырағылығы,
заттардың пішінін ажырату қабілеттері жетіле түседі.
Балалар заттарды ұстап көріп танудан, көзбен көру арқылы тануға көшеді.
Тіл - 3-4 жастағы балалардың сенсорлық процестерін дамытуда жетекші орын
алады. Балалар тілін заттардың сынын, бір-бірімен қарым-қатынасын
білдіретін, мазмұнды қабылдауын қалыптастыратын жаңа сөздермен байытады.
3-4 жастан бастап баланың есі еріксіз сипатта болады. Бала материалды өзі
іс-әрекетке тікелей қатысу арқылы есіне сақтайды. Бұл жастағы баланың ойлау
қабілеті сапалық өзгешелігімен ерекшеленеді: оған қиял мен шындықты ажырату
қиынға соғады. Ол - өзімшіл. Оған анимастикалық түсініктер тән: айнала
қоршаған заттардың бәрін өзімен салыстырады, олар да өзі сияқты ойлауға
және сезінуге қабілетті деп ойлайды. Нысандарды қарастыра отырып әдетте, ол
заттың ең айқын бөлігін ажыратады.
Мектепке дейінгі кіші жастағы балаларда кеңістік, уақыт, сан туралы
қарапайым түсініктері қалыптаса бастайды.
3-4 жасар балалар ауа райы құбылыстары мен оның салдары арасындағы
қарапайым байланыстарды түсіне бастайды. Тек өзі ғана емес, басқа да
тіршілік иелері де тағам мен судағы қажеттілігі бар екенін түсінеді. 3-4
жасар балаларда құрастыру әрекеті әлі де ойынмен бірге ұштаса отырып
жүргізіледі. Әр түрлі материалдармен тәжірибе жасау барысында балалар
олардың қасиеттері мен құрылысын танып-біледі.
Бұл кезеңде балалар қарапайым қол еңбегі түрлерінің әдістерін (бүктеу,
умаждау, жырту және ұсақ-түйектерді қолдан жасау) меңгереді.
4 жасқа қарай балалар көркем шығарма мәтінін эмоционалды және тұтастай
қабылдайды. Оның материалды қаншалықты түсінгендігі сөйлеу тілінде ғана
емес, заттарды ажырату және ойын әрекеттері үстінде байқалады.
Бала үшін бейнелеу іс-әрекеті - бұл өзі жасаған бейнелер. Бұл бейнелер
жарқылдақ, аңғал, ашық, ауыз әдебиетті еске түсіреді.
Мүсіндеу, жапсыру, сурет салу барысында сызықтар мен пішіндер тіріліп,
баланың көз алдында жағу, сызу арқылы бейнеге айналады.
Бала сызықтарды, пішіндерді, түсті дақтарды, жағуларды қолданып, қарапайым
сюжеттерді бейнелей алады.
Бұл кезеңде балалардың көпшілігінің музыкаға ықыласы жоғары деңгейде
болғандықтан, бұл жаста музыка мәдениетін меңгерту өте қолайлы.
Мектепке дейінгі кіші жаста баланың моторлық қызметтері қарқынды дамиды.
Балалардың қозғалыс белсенділігі іс-әрекет дербестігінің жоғары
деңгейлігімен сипатталады.
3 жастан бастап нақты және саналы қызығушылығы біліне бастайды, бұл кезеңде
бала өзіндік еркі бар жеке адам екенін түсіне бастайды. Ми қызметі мен
психикалық қызметі қарқынды дамуын жалғастырады, мінез-құлқында өзгерістер
пайда болады. Көркем шығармаларды қабылдауы мен музыкаға деген ықыласы
артады. Бұл баланың қызығушылығы мен қабілеттерін анықтауға мүмкіндік
береді. Көпшілікпен ойнайтын ойындарға қызығушылығы арта түседі. Үш жасар
бала - қажымас қайраткер, ол желімдеуге, мүсіндеуге, сурет салуға дайын,
бірақ ұзақ әңгімелер мен түсіндірулерді қабылдай алмайды.
3-4 жасар баланың тұлғалық дамуының базистік мазмұны өзінің
көпқырлылығымен, әрдайым даму үстінде және әр жас кезеңінің өзіндік
мазмұнының ерекшеленуімен сипатталады. Дер кезінде тұлғаның базистік
сипатын қолайлы қалыптастыру жағдайының жоқтығынан әрі қарай айтарлықтай
деформация пайда болуы мүмкін.
3-4 жастағы балалардың базистік сипаттамасына: құзыреттілік,
эмоционалдылық, ынталылық, дербестік жатады.
Құзыреттілік бала төрт жасында әлеуметтік құзыреттіліктің белгілі деңгейіне
жетеді: басқа адамға қызығушылығын білдіреді, оған сенеді, ересектермен
және құрдастарымен өзара қарым-қатынас жасауға тырысады. Басқа адамдармен
байланыс орнату үшін қатынасудың тілдік және тілдік емес (көзқарастар, ым,
ишара, мәнерлі қылықтар мен қозғалыстар) тәсілдерін қолданады. Өзінің қай
жынысқа жататынын түсінеді (Мен ұлмын, Мен қызбын).
Интеллектуалдық құзыреттілік баланың қоршаған әлемді танып-білу мақсатында
әртүрлі сұрақтар қойып, белсенді қызығушылық танытуынан көрінеді. Ол
әртүрлі тұрмыстық заттар мен ойыншықтарды ерекшеліктеріне (түсі, пішіні,
көлемі, фактурасы, құрылымы), қызметіне қарай қолданып, байқайды.
Ана тілін меңгеру негізгі грамматикалық категориялар және сөйлеу тілі
сөздіктерін қолданумен сипатталады.
Мектепке дейінгі кіші жаста екінші тілді меңгеру баланың тікелей
қабылдауымен, өзге тілді адамдармен ашық қарым-қатынас жасаумен байланысты.
Мектеп жасына дейінгі бала оған екінші тілді білу не үшін керек екенін
түсінбейді. Балалардың мотивациясы осында және қазір ұстанымы бойынша
әрекет етеді, яғни бала алыс мақсат қоймайды. Сондықтан екінші тілді
меңгеру процесі баланың ересектермен және басқа балалармен қарым-
қатынасындағы тұлғалық, танымдық, ойын іс-әрекеті қажеттіліктерін
қанағаттандыру барысында құрылады.
Осы мақсаттағы қарым-қатынас баланың тілдік ортаға тікелей қатысуымен
жүргізілуі керек. Бірлескен іс-әрекет қуану, ересектермен, құрдастарымен
ынтымақтасу, олармен қарым-қатынасына қанағаттану негізінде қалыптасады.
Дене қызметін дамыту жоспарында 3-4 жастағы балалардың құзіреттілігі
олардың өмірлік маңызды қозғалыс түрлерінен (жүру, жүгіру, өрмелеу),
қарапайым гигиеналық және өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларынан көрінеді.
Эмоционалдылық балада ересектермен эмоционалдық қарым-қатынас жасау
қажеттілігі жоғары болады, өзінің сезімдерін - қуаныш, реніш, қорқыныш,
таңырқау, рақаттану т.б. айқын көрсетеді.
Ынталылық баланың тіршілік әрекетінің барлық салаларында:
- қарым-қатынаста (ересектерге бастамашылық қарым-қатынас: сұрақтар қою,
өтініш жасау т.б.);
- заттық-тәжірибелік әрекет (заттар мен материалдар: бояу, қағаз, ермексаз,
конструкторлармен эксперимент жасау арқылы байқап көру);
- өз бетінше құрастырған сюжетті-бейнелеу ойындарында көрінеді.
Мұның бәрі баланың шығармашылық қабілетінің даму негізін құрайды.
Дербестік - 3-4 жастағы балалардың орнықты сипаты (Мен өзім, Қолымнан
келеді). Балалар барлық іс-әрекет түрлерінде ересектерге еліктеп, оларды
қайталайды: өзі тамақтанады, киінеді, мақсатты бір іс-әрекетке
қызығушылықпен кіріседі - ыдыс жуады, кір жуады, дүкеннен сатып алады және
т.б.
Ересектер баланың белсенділігін қолдап, ынталандырып отырумен қатар, әр
кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауы керек. Өйткені бала айтылған
ескертулерді ескере бермейді, сондықтан ересектер қауіпті жағдайлардың
алдын алу шараларын ұмытпағаны жөн (зақым келтіретін, жаралайтын, сынатын
немесе кесетін заттарды алып қою, шкафтардың есіктерін жабу және т.б.).
КҮН ТӘРТІБІНІҢ ҮЛГІСІ
Балаланың мектепке дейінгі ұйымдағы
күн тәртібінің уақыты 12 сағатқа шамаланған
Күн тәртібінің элементтері Уақыты
(сағ. және мин.)
Сәлеметсіңдер ме, балалар! 7.00 - 9.20
Таңертеңгілік қабылдау. Ойындар. Жаттығу
Гигиеналық шаралар. Таңғы ас
Топтық қарым-қатынас: қызықты қысқа мерзімді
іс-әрекеттерін бірлесіп жобалау. Ойындар, ұйымдастырылған
оқу іс-әрекетіне дайындық
Ойнайық та, ойлайық 9.20 - 10.00
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті (үзілістерімен бірге жалпы
ұзақтығы). Ересектердің балалармен біріккен іс-әрекеті
Табиғат аясында 10.00 - 12.20
Серуенге дайындық
Серуен
Табиғатпен таныстыру, ойындар, еңбек. Серуеннен қайту
Гигиеналық және шынықтыру шаралары
Ас дәмді болсын! 12.20-13.10
Түскі ас
Тәтті ұйқы 13.10 - 15.10
Гигиеналық және шынықтыру шаралары. Жатқызу және түскі
ұйқы
Ұйқымызды ашайық 15.10 - 16.00
Ояну
Шынықтыру шаралары
Бесін ас
Алақай! Ойын! 16.00 - 17.40
Сюжеттік - рөлдік, шығармашылық және дидактикалық ойындар
Серуенге дайындық
Серуен, қимылды ойындар
Серуеннен қайту
Гигиеналық және шынықтыру шаралары
Ас дәмді болсын! 17.40 - 18.00
Кешкі ас
Ертеңге дейін... 18.00 - 19.00
Балалармен, ата-аналармен қарым-қатынас
Еркін ойындар
Балалардың үйге қайтуы
ДЕНСАУЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Мақсаты: қимыл дағдыларын, жеке гигиена дағдыларын меңгертетін; түрлі
оқиғаларға байланысты өзінің эмоционалдық көңіл күйін көрсете білетін;
өзінің денсаулығына қарайтын және тіршілік іс-әрекетінің қауіпсіздік
ережелерін сақтайтын денсаулықты сақтау құзіреттілігіне ие мектепке дейінгі
кіші жастағы бала тұлғасын қалыптастыру.
Денсаулық білім беру саласының базалық мазмұны:
а) ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:
- дене шынықтыру арқылы.
б) балалардың өмірін ұйымдастыру және тәрбиелеу:
- дербес қимыл іс-әрекеті;
- мәдени-гигиеналық дағдылыр;
- салауатты өмір салты;
- сауықтыру-шынықтыру шаралары арқылы жүзеге асады.
Дене шынықтыру
Мақсаты: дене шынықтыру жаттығуларына қызығушылығын дамыту, қозғалыс
ептілігі мен дағдыларын жақсартуға талаптану.
Міндеттері:
1. Жүру, жүгіру, лақтыру, қағып алу, еңбектеу және өрмелеу жаттығулары
арқылы қимылдың негізгі түрлерін орындаудың қарапайым дағдыларын
қалыптастыру.
2. Сапқа тұру мен қайта тұрғызудың қарапайым дағдыларын дамыту.
3. Дене күшінің қасиетін: ептілікті, шыдамдылықты, тепе-теңдікті сақтай
білуді дамыту.
4. Қол мен аяқ қимылдарын үйлестірді үйрету.
5. Балалардың барлығы бірге, бір қарқында қозғалуына үйрету.
6. Жеке гигиеналық дағдылар мен денсаулық сақтау негіздерін қалыптастыру.
7. Қимыл мәнерлілігі мен икемділігін дамыту, табиғи және еркін жүру мен
жүгіре білу, кеудесін түзу ұстау, тепе-теңдікті сақтау, топтағы қатарда өз
орнын таба білу.
8. Балаларды спорттық ойындармен және жаттығулармен таныстыру.
Мазмұны:
Негізгі қимыл түрлерін дамыту жаттығулары:
Жүру:
- сапта бір-бірлеп, бірінің артынан бірі, жұптасып;
- тізені жоғары көтеріп;
- тоқтап, отырып-тұрып, бұрылып, жыланша ирелеңдеп, заттарды айналып өту,
аттау арқылы түрлі тапсырмаларды орындау;
- бір қырындап алға;
- бір қырындап артқа;
- төбешікке мініп, түсу.
Балаларды еркін жүруге, қол мен аяқ қимылдарын үйлестіруге, басын жоғары
ұстап жүруге үйрету.
Жүгіру:
- арақашықтықты сақтап, бағытты ауыстыра, сапта;
- жіптен және қолдарынан ұстап, шеңбер бойымен;
- түрлі бағыттарда;
- алаңның бір жағынан екінші жағына;
- тура және айналма жолмен;
- жүгіруді жүрумен кезектестіріп, тоқтап, бағытты өзгертіп;
- бір-бірін қуып, ұстап алу;
- тез қарқынмен (10-20 м дейін);
- баяу қарқынмен үздіксіз (50-60 сек бойы).
Балаларды еркін жүгіруге, қол мен аяқ қимылдарын үйлестіруге үйрету.
Секіру:
- белгілі бір затқа қолымен жанап өтіп жоғары секіру;
- арақашықтығы 2-3 метр жерге дейін қос аяқпен секіру;
- бір орыннан ұзындыққа, жерде жатқан құрсауға секіру;
- биіктігі 15-20 см тереңдікке;
- биіктігі 5-10 см заттың үстінен;
- аяқты бүкпей, бір аяқты екінші аяқпен кезектестіріп секіру;
- екі аяқпен (аяқтары бірге және алшақ).
Дәлдеп лақтыру, домалату, қағып алу:
- бір-біріне 1,5-2 метр арақашықтықта отырып, аяқты алшақ қойып, малдас
құрып отырып допты домалату;
- допты тұрып домалату;
- допты қақпадан өткізіп домалату;
- допты екі қолымен кеуде тұсынан, бастан асыра, жоғары лақтыру;
- допты екі қолымен жоғары, төмен еденге ұрып (жерге) лақтырып, қағып алу;
- алысқа. көлденең нысанаға лақтыру;
- нысанаға тігінен оң және сол қолымен лақтыру.
Өрмелеу және еңбектеу:
- арақашықтығы 4-6 метр жерге тура бағытта, жыланша ирелеңдеп, қойылған
заттардың арасымен еңбектеу;
- еденге қойылған тақтайшалармен;
- биіктігі 40 см жіптің, доғаның астынан;
- гимнастикалық қабырғаның екінші баспалдағына бекітілген көлбеу тақтайдың
бойымен;
- бөренеден аттап өту;
- орындықтың астымен еңбектеу;
- еденге тігінен орналастырылған құрсаудан еңбектеп өту;
- көлбеу сатымен өрмелеу;
- гимнастикалық қабырғаға өрмелеу және бір қырындап түсу.
Тепе-теңдікті сақтау:
- бір шеті 20-30 см биіктікке көтерілген көлбеу тақтаймен жүру;
- тегістелген бөрененің үстімен жүру;
- бір орында аяқтың ұшымен тепе-теңдікті сақтап, көтерілу және тұру;
- бір орында тұрып екі бағытта да шыр айналу.
Сапқа тұру және сап құрылымын өзгертіп қайта тұру:
- бүкіл немесе шағын топпен саптізбекке, шеңберге, сапқа тұру;
- орнында адымдап, бұрылу арқылы қатардағы өз орнын табу.
Музыкалық- ырғақтық жаттығулар
Музыка әуенімен барлығы бірге, жекелей нық және ырғақты қозғалып, музыкалық
шығарманың әрбір бөлімінің басталуы мен аяқталуын белгілей саппен жүру;
- жануарлардың - ойын кейіпкерлерінің бейнелі қимыл-қозғалысын (қоян
сияқты, мысық сияқты) көрсету;
- қуыршақтармен би қимылдарын орындау.
Жалпы дамыту жаттығулары
Қол мен иық бұлшық еттерін нығайтуға арналған жаттығулар
Жаттығуларды құралмен немесе құралсыз орындауда қолдарын жанынан жоғарыға
көтеріп, қолдарын кезекпен, бірінші біреуін, содан кейін екіншісін немесе
екі қолын бірге төмен түсіре білуді дамыту. Құралды алдынан, артынан,
басының үстімен қолдарына кезекпен ауыстыруды үйрету. Алдынан немесе
басының үстінен шапалақтап қолдарын артына жасыруды үйрету. Қолдарын алға
созуды, екі жаққа созуды, алақандарын жоғары қаратып, қолдың басын көтеріп
түсіруді, саусақтарын қозғалта білуді дамыту. Қолының саусақтарын жұмып
ашу. Қолдарын белдеріне қою.
Аяққа арналған жаттығулар
Аяқтың ұшымен көтеріле білуді дамыту. Аяқтың ұшын алға, жанына, артқа қою.
Қатарынан 2-3 рет жартылай отыру жаттығуларын жасау. Қолдарын алға созып,
қолдарымен тізесіне сүйеніп, тізесін құшақтап және басын иіп отыру.
Тізесінен бүгілген аяқтарын кезекпен көтеру, тізесінен бүгілген аяқтарын
бір-біріне соғып, шапалақтау. Құм салынған қапшықтарды отырған күйде
аяқтарымен қамту. Таяқшамен, валикпен (диаметрі 6-8 см) табанының ортасына
сүйеніп, жан-жағына қырындап қозғалу.
Кеудеге арналған жаттығулар
Бір-біріне басының үстінен (алға және артқа) допты бере білуді дамыту.
Қолды алға көтеріп оңға және солға бұрылу. Алға, оңға, солға еңкею. Бұрылып
отырып құралды артына қою және бұрылып алу. Артқа сүйеніп отырып, аяғын
өзіне тарту, малдас құрып отыру, созу; тізесін құшақтап екі аяғын өзіне
тарту, аяқтарын кезекпен көтеріп, оларды бір-біріне қою (оң аяғын сол аяққа
немесе керісінше). Отырып алға еңкею. Тіземен тұрып алға еңкею. Арқасымен
жерде жатып бір мезгілде қолы мен аяғын көтеріп, түсіру, велосипед тебісіне
еліктеп аяқтарын қозғау. Жерге ішпен жатып аяқтарын майыстырып жазу (бір-
бірлеп және бірге). Арқасымен жерде жатқан жерінен аунап барып ішпен жату
және керісінше айналу. Ішпен жатып қолдарын жан-жағына созу арқылы иілу
және иықтарын көтеру.
Спорттық жаттығулар
Шанамен сырғанау
Биік емес төбешіктерден сырғанау, бір-бірін сырғанату.
Сырғанау
Ересектердің көмегімен мұзды жолдармен сырғанау.
Шаңғымен жүру
Шаңғыларды киіп, шешу, оларды орнына қою, түзу шаңғы жолында аттап басу
және сырғанау адымдарымен жүру.
Велосипед тебу
Велосипедке міну және түсу, үш аяқты велосипед тебу.
Жүзуге дайындық
Суға кіру және шомылу, су ішінде ойнау.
Дене тәрбиесі шаралары айына 1 рет, ұзақтығы 15-20 минут.
Дене шынықтыру мейрамы айына 2 рет-қыста, жазда, ұзақтығы 20 минут.
Жыл соңында дене шынықтыру бойынша бағдарламалық материалдарды меңгеру
нәтижесінде балалар:
- түрлі тәсілдермен: жыланша ирелеңдеп саптізбекте бір-бірден, еркін,
басын төмен түсірмей, тепе-теңдікті сақтап жүру;
- бағытын, жүгіру қарқынын өзгерте отырып, 20 метрге дейін жүгіруді;
- екі аяқпен, секіруде екпінмен итеріліп, 2-3 метр арақашықтыққа алдыға
қозғала секіруді;
- 15-20 см биіктіктіктен тереңдікке секіруді;
- биіктігі 5-10 см заттардың үстінен секіруді;
- 1,5 метр арақашықтықтан берілген бағытта және күйде допты бір-біріне
домалатуды;
- допты қос қолмен кеудеден, бастан асыра лақтыруды;
- допты еденге (жерге) соғып, қағып алуды;
- заттарды алысқа оң және сол қолмен көлденең және тік нысанаға лақтыруды;
- төрттағандап еңбектеу, заттардың үстінен өту, сатымен, гимнастикалық
қабырғамен өрмелеуді;
- таңертеңгілік жаттығулар кешенін, сауықтыру жаттығуларын орындауды;
- қозғалыс ойындарын ойнау;
- бүкіл немесе шағын топпен саптізбекке, шеңберге, сапқа тұру, сапта өз
орнын табуды;
- музыка әуенімен саппен жүруді;
- би қимылдарын және музыка әуенімен ойын кейіпкерлерінің бейнелі қимыл-
қозғалысын орындауды;
- жалпы дамытушылық жаттығуларды орындауда қажетті бастапқы қалыпты
қабылдау, орындау жүйелілігін сақтауды;
- биік емес төбешіктерден сырғанау, бір-бірін сырғанатуды;
- үш аяқты велосипед тебуді;
- суға кіру және шомылу, су ішінде ойнауды білуі тиіс.
Валеология
Валеологиялық тәрбие дербес қимыл іс-әрекеттері, мәдени-гигиеналық
дағдыларды тәрбиелеу, салауатты өмір салты, сауықтыру-шынықтыру шаралары
туралы білім және қарапайым дағдыларды қалыптастыру арқылы жүзеге асады.
Мақсаты: мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың алғашқы валеологиялық
түсініктерін қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Өзінің денесі туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру, өз ағзасы мен
денсаулығына ұқыптылықпен қарауға дағдыландыру.
2. Мәдени-гигиеналық әдеттері мен дағдыларын кеңейтіп, жетілдіру.
3. Қоршаған ортада өзін-өзі ұстаудың қарапайым қауіпсіздік дағдыларымен
таныстыру.
Мазмұны:
Салауатты өмір салты
Бала ағзасын нығайту мен шынықтыру шараларын жүргізу (беті-қолын, мойнын
салқын сумен жуу, жалаң аяқ жүру, аузы мен тамағын салқын сумен шаю, суық
және жылы ауа ванналары).
Түрлі гимнастикалар мен массаждар жасау (таңертеңгілік, дем алу,
артикуляциялық гимнастикалар, көзге арналған гимнастика, тіс тазалау және
қызыл иекке массаж жасау, нүктелі массаж).
Күн тәртібіне сәйкес балаларды күнде таза ауаға шығару.
Өз-өзіне күтім жасау дағдыларын дамыту (ауа-райына байланысты киіну, жуынып
таза жүру, шашын тарау, қол орамалын қолдану).
Күнделікті тұрмыста және табиғат аясында өз-өзін ұстау тәртібі мен
қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау (далада өсіп тұрған жидектер мен
саңырауқұлақтарды жемеу, жануарлармен байланысқа түспеу).
Бағдаршамның түстерімен, көшеде өзін-өзі ұстау мен жол ережелерін сақтаудың
қарапайым дағдыларымен (көшеде қалай және қай жерден өту керек) таныстыру.
Мәдени-гигиеналық дағдылар
Өз бетінше жеңдерін түріп, қолдарын сабындап жуып, қолы мен бетін құрғатып
сүртуді, тіс пастасы мен щеткасын дұрыс қолдана отырып, тісін жақсылап
тазалауды, киімдерін суламауды, сүлгіні өз орнына ілуді көрсетіп түсіндіру.
Тамақтану барысында қасықты, шанышқыны, майлықты дұрыс қолдануға, (жылдың
соңына қарай) тамақты аузын жауып отырып, асықпай, әбден шайнауға, нан
қиқымын шашпауға, шай мен сорпаны төкпей ішуге, тамақтан соң аузын шаюға
үйрету.
Қол орамалды қолдану мен дәретхананы дұрыс пайдалануға және барлық жерде
тазалық сақтауға үйрету. Өзінің сырт келбетіне назар аударуға, жарасымды,
таза киініп шашын әдемі тарауға дағдыландыру.
Өзінің және өзгенің заттарына ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.
Жыл соңында валеология бойынша бағдарламалық материалдарды меңгеру
нәтижесінде балалар:
- гигиеналық шаралар (жуыну, тарану, қол орамалын қолдану, киімдерін
суламау, сүлгіні өз орнына ілу) өткізуді;
- белгілі бір жүйелілікте киіну және шешінуді;
- жануарлармен байланыста қауіпсіздік ережесін сақтауды;
- балабақшаның жақын айналасында бағдарлай білуі тиіс.
ҚАТЫНАС БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Мақсаты: мемлекеттік және ана тілін үйренуге дайын, ересектермен және
құрдастарымен қарым-қатынас жасауға талпынысы бар мектепке дейінгі кіші
жастағы бала тұлғасын қалыптастыру.
Қатынас білім беру саласының базалық мазмұны:
а) ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:
- тіл дамыту;
- көркем әдебиет;
- қоршаған ортамен таныстыру;
- мемлекеттік тіл және өзге тілдер арқылы;
ә) балалардың өмірлік іс-әрекеттері мен тәрбиесін ұйымдастыру:
- дербес көркем-тілдік қызмет;
- кіші-қойылымдарды сахналау;
- сөздік мазмұнды үстел үсті-баспа ойындар;
- театрландырылған ойындар;
- ойын-драмаластыру арқылы іске асады.
Тіл дамыту
Мақсаты: тілдік қарым-қатынас іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Баланың сөздер мен дыбыстарды дұрыс айтуға әзірлігін дамыту.
2. Сөздік қорын байытып, сөйлеу барысында қолдану.
3. Тілдің грамматикасын дұрыс сақтау дағдысын қалыптастыру.
4. Өз ойларын дұрыс, қысқаша жеткізе білу дағдылырын қалыптастыру.
5. Мектепке дейінгі кіші жастағы баланың халық ауыз әдебиетіне
қызығушылығын баулу.
6. Қарым-қатынас мәдениетінің қарапайым дағдыларын дамыту.
Мазмұны:
Тілдің дыбысталу мәдениеті
Тілдегі барлық дауысты және дауыссыз дыбыстарды анық, таза айтуға үйрету.
Сөйлеу қарқынын өзгерте білу ептілігін дамыту: ақырын сөйлеу, жаңылтпаштар
айту.
Есту қабілеттерін жетілдіріп, тілдегі дауыс ырғағының мәнерлілігін
сезінуіне мүмкіндік туғызу. Дауыс және артикуляциялық аппаратын дамыту.
Сөздік жұмыс
Қоршаған орта туралы түсініктерін қалыптастыру барысында сөздік қорын
дамыту. Оны түрлі сөз таптарына (зат есім, етістік, сын есім, үстеу)
қатысты сөздермен байыту.
Заттардың бөліктерін (көйлек пен жейденің – жеңі, жағасы, түймелері)
ажыратып, атай білуге үйрету.
Сөздік қорын заттардың қасиеттері мен сапасын (көлемі, түсі, пішіні, қандай
материалдан жасалғаны және не үшін керектігі) білдіретін сөздермен
толықтыру.
Заттарды топтастыруға, оларды атай білуге (ойыншықтар - доп, машина,
қуыршақ және т.б., киімдер - жейде, шалбар, тон және т.б., ыдыс-аяқтар -
кесе, қасық, тостаған және т.б.) үйрету.
Балалардың сөздік қорына қарама-қарсы мағыналы сөздер - антонимдерді (үлкен-
кіші, жақсы-жаман, мейірімді-мейірімсіз, алыс-жақын) енгізу.
Балалардың сөздік қорын тұрмыстық заттардың атауларымен: кір жуғыш машина,
тоңазытқыш, шаңсорғыш, теледидар толықтыру.
Балалардың сөздік қорын ұлттық және бұрын көрмеген таңқаларлық заттардың
атауларымен (желпуiш, теңге) толықтырып, аттары мен қызметтерін түсіндіру.
Тілдің грамматикалық құрылымы
Балаларға сөздерді жақ, шақ, септіктерде қолдана білуге үйретуді
жалғастыру.
Зат есімдер мен көмекші есімдерді байланыстырып қолдануға үйрету (үстелдің
астында, шкафтың үстінде, үйдің жанында, әжесінің қасында, есіктің артында,
айнаның алдында және т.б.).
Жануарлар мен олардың төлдерін (аю-аюлар, қонжық-қонжықтар, жылқы-жылқылар,
құлын-құлындар) білдіретін зат есімдерді жекеше, көпше түрде айтуға үйрету.
Өздері білетін заттар мен ойыншықтарды септік жалғауларын жалғап, көпше
түрде айтуға үйрету (доптардың, қуыршақтарға, қонжықтарда т.б.).
Сөйлеу тілінде бірыңғай мүшелерді (мен атама, әжеме, апама барамын) қолдана
білуге үйрету.
Байланыстырып сөйлеу
Сөзді тыңдап және оны түсіну, әңгімеге араласып, өзіне қойылған сұрақтарға
жауап беріп, өзін қызықтырған сұрақтарды сұрауға үйрету.
Тәрбиешінің көмегімен ойыншық туралы, сурет бойынша 2-3 сөзден тұратын
қысқаша әңгіме құрау.
Балаларға таныс әдеби шығармалар мен ертегілердің үзінділерін драмалауға
қатыстыру.
Шығармашылық тілдік дамыту
Шағын тақпақтар мен өлеңдерді жатқа айтуға үйрету.
Ұйқасты сөздермен ойналатын ойындарды балалар қызығатындай етіп өткізуге
тырысу керек.
Өздеріне таныс ертегілердің қойылымы мен оны драмалауға, ойыншықтары туралы
кіші оқиғалар құрастыруға, саусақты жаттықтыруға арналған ойындарға
қатысуға ниеттерін дамыту.
Сөйлеу барысында дауыс ырғағы мен қарқынын қадағалап, кейіпкерлердің
бейнесін, мінез-құлқын дұрыс жеткізуге жаттықтыру.
Жыл соңында тіл дамыту бойынша бағдарламалық материалдарды меңгеру
нәтижесінде балалар:
- барлық дауысты және дауыссыз дыбыстарды айтуды;
- сөздерді көпше және жекеше түрге қоюды; септік жалғауын қолданып сөз бен
сөздің арасын байланыстыруды;
- біріңғай сөйлем мүшелерін қолдануды;
- сұрақтарға жауап беруді;
- тәрбиешінің ойыншық жайлы және сурет бойынша құрастырған нұсқасына сәйкес
әңгімені қайталауды;
- өздеріне таныс әдеби шығармалардан және ертегілерден үзінділерді
драмалауға қатыса білуі тиіс.
Көркем әдебиет
Мақсаты: қазақ және басқа да халықтардың ауыз әдебиеті мен балалар әдебиеті
шығармаларына эмоционалдық ықыластылығын дамыту.
Міндеттері:
1. Халық ауыз әдебиеті мен Қазақстан және басқа да елдердің балалар
әдебиеті арқылы адами қарым-қатынас әлемімен таныстыру.
2. Балаға айналасындағы адамдардың сырт бейнесі қаншалықты әртүрлі болса,
мінез-құлқы да соншалықты әртүрлі болатындығы туралы түсінік беру.
Адамдармен сенімді қарым-қатынас құра білуге үйрету.
3. Ертегі, өлең, әңгімелерді тыңдауға, ондағы оқиғалардың өрбуін бақылауға,
шығарманың мағынасын түсінуге, кейіпкерлердің қарапайым қарым-қатынастарын
бағалауға, оларды әңгімелуге тәрбиелеу.
Мазмұны:
Қоршаған әлем туралы, адами сезімдер мен қарым-қатынастар туралы
түсініктерін кеңейту.
Шығармалардың мазмұнын балалардың жеке тәжірибелерімен, олардың күнделікті
өмірі мен қоршаған ортасымен сәйкестендіруге үйрету.
Халық ауыз әдебиеті шығармалары мен әр халықтың балалар көркем әдебиетіне
балалардың эмоционалдық белсенділігін дамыту.
Кейіпкерлердің қарапайым қарым-қатынастарын, олардың мінез-құлықтарын
түсінуге, олар жайында әңгімелеуге, олар туралы қарапайым мінездеме беруге
(ұнамды кейіпкер немесе жағымды әрекет, жағымсыз, меірімді) үйрету.
Шағын тақпақтар мен өлеңдерді жатқа айтуға, оларды сахналауға қатысуға
ықыластарын арттырып, қолдау көрсету.
Жыл соңында көркем әдебиет бойынша бағдарламалық материалдарды меңгеру
нәтижесінде балалар:
- тәрбиешінің сұрақтары арқылы көркем әдебиет шығармаларын мазмұндауды;
- шағын тақпақтар мен өлеңдерді жатқа айтуды;
- көркем әдебиет шығармаларының мазмұны бойынша әңгімеге қатыса білуі тиіс.
Қоршаған ортамен таныстыру
Мақсаты: мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың қарым-қатынастың ауызша
және ауызша емес түрлерін игеру дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Жақсылық, өзара көмек, достық туралы түсінік беру.
2. Ересектермен және құрдастарымен жайдары әңгімелесе алу біліктерін
қалыптастыру, жаңадан алған білімімен және әсерлерімен пікір алмасу.
Мазмұны:
Ересектердің аты-жөнін сыпайы түрде атап, Сіз деп айтуға (апай, ағай,
аға, көке, апа), амандасу, қоштасу, алғыс айту секілді әдептілік қарым-
қатынас мәдениеті мен сыпайылық дағдыларын қалыптастыру.
Ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынаста көмектесуіңізді өтінемін,
менімен ойнашы сөздерін қолдануға үйрету.
Адамдармен қарым-қатынаста ұлты мен тіліне қарамастан қайырымды, әрі
жайдары қарым-қатынас жасау керектігін үйрету. Түрлі ұлт өкілдерімен
сенімді қарым-қатынас орнатуына жағдай жасау.
Жыл соңында қоршаған ортамен таныстыру бойынша бағдарламалық материалдарды
меңгеру нәтижесінде балалар:
- ересектердің аты-жөнін сыпайы түрде айтуды;
- ересектермен және құрдастарымен сәлемдесіп, қоштасып, көрсетілген көмекке
алғысын білдіруді;
- ересектерге көмекке жүгінуді;
- құрдастарына бірлесіп ойын ойнауға өтініш білдіруді білуі тиіс.
ТАНЫМ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Мақсаты: қоршаған әлем жайлы қарапайым түсініктер мен танымдық іс-әрекеттің
қарапайым дағдыларын меңгерген, игерген дағдыларын күнделікті өмірде
қолдануға қабілетті мектепке дейінгі кіші жастағы бала тұлғасын
қалыптастыру.
Таным білім беру саласының базалық мазмұны:
а) ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің:
- қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру;
- құрастыру;
- экология негіздері;
- қоршаған ортамен таныстыру арқылы

- танымдық іс-әрекеттер;
- серуендер;
- бақылау;
- дербес және ересектермен бірлескен іздестіру іс-әрекеті арқылы жүзеге
асады.
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
Мақсаты: балалардың алғашқы ойлау операциялары: салыстыру, қорыту, заттар
мен түсініктер арасындағы кейбір байланыстарды құру ептіліктерін
қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Жиын туралы қарапайым түсініктерді қалыптастыру.
2. Заттардың көлемі мен пішіні, олардың кеңістіктік қатынастарымен
таныстыру.
3. Көру, есту, зейін, ес және ойлау қабілеттерін дамыту.
Мазмұны:
Сан мен санау
Заттар көлемі, пішіні, түсі бойынша бір немесе бірнеше болатыны және
олардың кеңістікте түрліше орналасатыны туралы түсінік беру.
Санамай және санын атамай бір топтың затын екінші топтың затымен беттестіру
тәсілін қолдана отырып, саны мен көлемі бойынша екі тең немесе тең емес (үш
көлемінде) заттардың топтарын салыстырып көрсету.
Қоршаған ортадан бір немесе бірнеше ұқсас заттарды таба білуге үйрету.
Қанша?, қанша артық?, қанша кем? сұрақтарын түсініп, көп, бір,
артық, кем сонша, қанша, тең сөздерін қолдана отырып, жауап
беруге үйрету.
Заттарды бір қатарға солдан оңға қарай оң қолымен орналастыруға үйрету.
Көлем
Қарама-қарсы заттардың өлшемі мен шамасы бойынша (үлкен-кіші), ұзындығы
(ұзын-қысқа), биіктігіне (биік-аласа), екі бірдей заттарды бір-біріне қою
және беттестіру тәсілдерін қолданып салыстыруға үйрету.
Геометриялық пішін
Геометриялық пішіндерді (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш) танып, ажырата білуін
жетілдіру.
Қоршаған ортадан геометриялық пішіндерге (тіктөртбұрыш, сопақша, трапеция)
ұқсас заттарды тауып, оларды тұрмыстағы заттармен (кірпіш, қияр, үйдің
шатыры) сәйкестендіре білуге үйрету.
Заттар мен пішіндерді сипап сезу және көру тәсілдері арқылы зерттеу
іскерліктерін дамыту.
Кеңістікті бағдарлау
Өзіне жақын кеңістіктегі бағыттарын ажырата білуін (оң-сол, алда-артта,
жоғарыда-төменде, алыс-жақын, жоғары-төмен) дамыту.
Оң және сол қолын ажырата білуге үйретуді жалғастыру.
Уақытты бағдарлау:
Тәуліктің қарама-қарсы бөліктерін анықтай білуін дамыту: таңертең-кеш, күн-
түн.
Ересектер мен балалардың іс-әрекеттерінің өзгеруі бойынша тәулік бөлігін
ажырата білуге үйрету.
Жыл соңында қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру бойынша
бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:
- қоршаған ортада көп зат пен бір затты табуды;
- заттар тобын жанына қою және бірінің үстіне бірін қою әдістерін қолдана
отырып салыстыруды, заттың көлемі мен санына қарай салыстыру нәтижесін
сөзбен белгілеуді;
- көлеміне қарай екі затты салыстыруды, заттардың көлемін, ұзындығын,
биіктігін сөзбен белгілеуді;
- шеңберді, шаршыны, үшбұрышты атауды;
- жоғары, төмеңгі, сол жаққа, оң жаққа - сөздерін түсінуді;
- тәуліктің қарама-қарсы бөліктерін: (таңғы уақыт – кешкілік уақыт,
күндізгі уақыт – түнгі уақыт) анықтай білуі тиіс.
Құрастыру
Мақсаты: мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың қарапайым құрастыру
дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Қағаз бен құрылыс материалдарынан құрастыруға үйрету.
2. Өз қиялымен түрлі құрылымдар құрастыру, оларды сюжет мазмұнына қарай
біріктіру, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге үйрету;
3. Өз бетінше жеке және құрдастарымен жақсы қарым-қатынас орната отырып,
ұжымдық жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
4. Шығармашылық қиялы мен көркемдік талғамын дамыту.
Мазмұны:
Құрылыс материалдарынан құрастыру
Түрлі-түсті бөлшектер мен пішіндерден қарапайым құрылыстар жасауды
жалғастыру, бөлшектерді қатарластырып, кірпіш - пластиналарды көлденеңінен,
тігінен, дөңгелек пен төртбұрыш бойына бір-біріне жақын және белгілі
арақашықтықты сақтай отырып орналастыру тәсілдерін қолдану.
Биіктету немесе бөлшектерін ауыстыру арқылы құрылысын өзгерту іскерліктерін
дамыту, мысалы: Жолдар (машиналар мен жаяу жүргіншілерге арналған кең
және тар жолдар), Лақтар мен боталарға арналған қоршаулар (биік, аласа),
Қақпа (биік, аласа, кең және тар).
Балаларға құрылыс материалдарының негізгі бөлшектері (текше, кірпіш,
пластина, призма) мен олардың түстерін, көлемдерін атай білуге ынталандыру.
Құрылыс бөліктерін көлеміне қарай (үлкен-кіші, ұзын-қысқа, биік-аласа, кең-
тар) ажырата білге үйрету.
Қағаздан құрастыру
Қағаздан құрастырудың бүктеу, умаждау, жырту, ширату тәсілдерін қолдана
отырып, қағаз парағын көлемді өзгерту іскерліктерін (мысалы, шөп, бақбақ,
құстар) қалыптастыру.
Жыл соңында құрастыру бойынша бағдарламалық материалдарды меңгеру
нәтижесінде балалар:
- құрылыс материалдарының негізгі бөлшектерін біліп атауды;
- кірпіштер мен пластиналарды тігінен және көлденеңнен қоюды;
- құрылыстың үстіне құрылыс салу және элементтерді алмастыру арқылы
құрылысты өзгертуді;
- құрылыс бөліктерін ажыратуды;
- қағаз беттерін (умаждау, жырту, ширату) қайта жасауды білуі тиіс.
Экология негіздері
Мақсаты: мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың экология саласы бойынша
қарапайым ұғымдары мен түсініктерін қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Қоршаған әлемдегі заттарға танымдық қызығушылықтарын арттыру.
2. Өсімдіктер мен жануарлар әлемі, табиғаттағы маусымдық өзгерістер туралы
түсініктерін кеңейту.
3. Қоршаған әлемді түсінуге, қабылдауға оң көзқарастарын тәрбиелеу.
Мазмұны:
Балалардың өсімдіктер, жануарлар, адамдар (олардың жаны бар, тамақты, су
мен ауаны сонымен қатар қамқорлықты да қажет ететіндігі) және өлі табиғат
нысандары (су, ауа, жер - олардың да қамқорлықты қажет ететіні) туралы
түсініктерін кеңейту.
Табиғат нысандары мен құбылыстарын (жануарлар мен өсімдіктер, жапырақтың
түсуі, қардың жаууы, жауын-шашын, жел) бақылауға және осы нысандар мен
құбылыстардың (күзде құстар жылы жаққа ұшып, жануарлар қысқа дайындала
бастайды, көктемде қар ериді) арасындағы байланыстарды көре білуге үйрету.
Балаларды табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен мекендеушілерге (құстар мен
балықтар) қолдарынан келгенше қамқорлық жасауға үйрету.
Балаларды қоршаған әлемге қамқорлықпен қараудың үлгілерін (гүлдер мен
жапырақтарды жұлмау, бұтақтарды сындырмау, қыста құстарға жем беру)
көрсету.
Табиғаттағы маусымдық өзгерістер
Табиғатта, ауа райында, жануарлар мен өсімдіктер әлемінде, адамдардың
киіміндегі қарапайым маусымдық өзгерістерді байқауға үйрету.
Табиғат құбылыстарына қызығушылығын тәрбиелеу.
Күз: ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz