«Оқушыларды туристік өлкетану іс-әрекеттері арқылы Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу»
І. Оқушылардың патриоттық тәрбиесінің теориялық.әдіснамалық негіздері.
1.1. «Патриотизм», «Қазақстандық патриотизм», «Отансүйгіштік», «Ұлтжандылық»
«Елжандылық» ұғымдарының мазмұны мен мәні.
1.2. Туристік өлкетану іс.әрекеттерінің теориялық мазмұны мен тәрбиелік әлеуеті»
1.3. Туристік өлкетану іс.әрекеттері арқылы оқушыларды «қазақстандық патриотизмге»
тәрбиелеудің бүгінгі жағдайы
ІІ. Туристік өлкетану іс.әрекеттері арқылы оқушыларды қазақстандық патриотизмге
тәрбиелеу әдістемесі.
2.1. Туристік өлкетану іс.әрекеттері арқылы оқушыларды қазақстандық патриотизмге
тәрбиелеудің моделі
2.2. Туристік өлкетану іс.әрекеттері арқылы оқушылардың қазақстандық патриотизмге
тәрбиелеудің формалары мен әдістері
2.3. Тәжірибелі эксперимент жұмысының нәтижесі

Оқушылардың «қазақстандық патриотизмін» қалыптастыру, жалпыхалықтық тұрақтылық пен бірлікті сақтау туралы қағидалар Елбасымыздың Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы жолдауларында дәйекті түрде баяндалып келеді. Мемлекет басшысының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты биылғы Жолдауында «қазақстандық патриотизм» мен саяси ерік-жігер тасқыны жаңа Қазақстанды құрудың аса маңызды факторлары ретінде атап көрсетілді.
Қоғамның рухани әлеуетін арттыру қажеттілігіне негізделіп жасалған, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаты – азаматтардың бойында жоғары патриоттық сананы, өз елі үшін мақтаныш сезімдерін қалыптастыру, патриоттық тәрбие жүйесін жоспарлы түрде дамыту арқылы Отанның мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтық борыш пен конституциялық міндеттерді орындауға дайындығын тәрбиелеу. Ал бұл бағдарламаны әзірлеудің өзектілігі сол, қоғамның рухани әлеуетін арттыру қажеттілігіне негізделген.
Сонымен қатар, қазіргі кезең еліміздің әлемдік өркениетке сай өрлеуін, бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан орын алуын, дамудың жаңа кезеңіне қадам басуын талап етіп отыр. Ал осындай аса маңызды міндеттер мемлекеттік билікке қоғамның рухани әлеуетін барынша арттыру жауапкершілігін жүктейді.
Әсіресе, қоғамымыздың бірден-бір қозғаушы күші ретінде танылған жастардың бойында осынау ұлы сезімдерді қалыптастыру қазіргі таңда аса өзекті мәселеге айналып отыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттерімен кездесуіндегі: «...еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады», - деген сөздері осының айғағы. Осы орайда, француздың ұлы қайраткері Напалеонның: «Отанға деген сүйіспеншілік - өркениеттіліктің бірінші белгісі», деген ұлағатты сөздері де ойға оралады [1. Күләш Байдаулетова Ақмола облыстық ішкі саясат департаментінің директоры. Егемен Қазақстан].
Қазақстандық патриотизм идеялары қамтылу керектігі даусыз іс. Ол – білім берудегі мемлекеттік принцип. Көп ұлтты мемлекетімізде халықтар арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтуда мектептегі елжандылық тәрбиесінің қызметі аса маңызды. Оның өзі ұлт мектебінің басты белгісі де.

Тақырыбы: Оқушыларды туристік өлкетану іс-әрекеттері арқылы қазақстандық
патриотизмге тәрбиелеу
Мазмұны
І. Оқушылардың патриоттық тәрбиесінің теориялық-әдіснамалық
негіздері ... ... ... ... ... ...
1.1. Патриотизм, Қазақстандық патриотизм, Отансүйгіштік,
Ұлтжандылық
Елжандылық ұғымдарының мазмұны мен мәні.
1.2. Туристік өлкетану іс-әрекеттерінің теориялық мазмұны мен тәрбиелік
әлеуеті ... ... ..
1.3. Туристік өлкетану іс-әрекеттері арқылы оқушыларды қазақстандық
патриотизмге
тәрбиелеудің бүгінгі
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...
ІІ. Туристік өлкетану іс-әрекеттері арқылы оқушыларды қазақстандық
патриотизмге
тәрбиелеу
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1. Туристік өлкетану іс-әрекеттері арқылы оқушыларды қазақстандық
патриотизмге
тәрбиелеудің
моделі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2. Туристік өлкетану іс-әрекеттері арқылы оқушылардың қазақстандық
патриотизмге
тәрбиелеудің формалары мен
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... .
2.3. Тәжірибелі эксперимент жұмысының
нәтижесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
КІРІСПЕ
Оқушылардың қазақстандық патриотизмін қалыптастыру, жалпыхалықтық
тұрақтылық пен бірлікті сақтау туралы қағидалар Елбасымыздың Қазақстан
халқына арналған жыл сайынғы жолдауларында дәйекті түрде баяндалып келеді.
Мемлекет басшысының Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты биылғы Жолдауында
қазақстандық патриотизм мен саяси ерік-жігер тасқыны жаңа Қазақстанды
құрудың аса маңызды факторлары ретінде атап көрсетілді.
Қоғамның рухани әлеуетін арттыру қажеттілігіне негізделіп жасалған,
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаты – азаматтардың
бойында жоғары патриоттық сананы, өз елі үшін мақтаныш сезімдерін
қалыптастыру, патриоттық тәрбие жүйесін жоспарлы түрде дамыту арқылы
Отанның мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтық борыш пен конституциялық
міндеттерді орындауға дайындығын тәрбиелеу. Ал бұл бағдарламаны әзірлеудің
өзектілігі сол, қоғамның рухани әлеуетін арттыру қажеттілігіне негізделген.
Сонымен қатар, қазіргі кезең еліміздің әлемдік өркениетке сай
өрлеуін, бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан орын алуын, дамудың жаңа
кезеңіне қадам басуын талап етіп отыр. Ал осындай аса маңызды міндеттер
мемлекеттік билікке қоғамның рухани әлеуетін барынша арттыру
жауапкершілігін жүктейді.
Әсіресе, қоғамымыздың бірден-бір қозғаушы күші ретінде танылған
жастардың бойында осынау ұлы сезімдерді қалыптастыру қазіргі таңда аса
өзекті мәселеге айналып отыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Л.Н.Гумилев
атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттерімен кездесуіндегі:
...еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын
жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады.
Өршіл, намысшыл жас отаншыл патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет
етуге ұмтылады, - деген сөздері осының айғағы. Осы орайда, француздың ұлы
қайраткері Напалеонның: Отанға деген сүйіспеншілік - өркениеттіліктің
бірінші белгісі, деген ұлағатты сөздері де ойға оралады [1. Күләш
Байдаулетова Ақмола облыстық ішкі саясат департаментінің директоры. Егемен
Қазақстан].
Қазақстандық патриотизм идеялары қамтылу керектігі даусыз іс. Ол –
білім берудегі мемлекеттік принцип. Көп ұлтты мемлекетімізде халықтар
арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтуда мектептегі
елжандылық тәрбиесінің қызметі аса маңызды. Оның өзі ұлт мектебінің басты
белгісі де. Мектептегі білім беру ұлт пен ұлыс өкілдерінің этностық
мәдениетін қамтып, олардың ортақ Отанының болашақ дамуына үлес қосатын
азамат етіп тәрбиелеу қазақстандық патриотизмнің басты мазмұнын құрайды.
Қазақстандық патриотизмнің құрамдас бөліктерін анықтап, олардың жүзеге
асырылу жолдарын зерттеу, сөйтіп, онымен ұлттық мектепті ғылыми-әдістемелік
жағынан қаруландыру – ең таядағу кезек күттірмейтін іс. Бұл бағытта
қоғамдық саяси пәндердің, өлкетанудың, халық педагогикасының, әдебиеттің,
мәдениеттің, тілдің, әлемді және өзін-өзі танудың, руханилықтың,
ізгіниеттіліктің, азаматтық құқықты білудің сындарлы көзқарасының
қалыптасуының, экологиялық тәрбиенің, еңбексүйгіштіктің, дене шыңдалуы мен
тән сұлулығының орны айрықша.
Қазақстандық патриотизм тәрбиесінің субъектісі ретіндегі жеке
тұлғаның өзін-өзі тану арқылы адамгершілік-рухани қалыптасып дамуын
қамтамасыз етуге қызмет ететін С.Назарбаева ұсынған Өзіндік таным
бағдарламасы – ұлттық мектептің даму бағытын айқындауда негіз боларлық
құжат. Өзіндік таным курсының мақсаты – оқушылардың бойында өзін-өзі
жетілдіру және өз мүмкіндіктерін өзі жүзеге асыра отырып, дене –
адамгершілік-рухани даму үйлесіміне жетуді, тұлға сапаларын ұлттық және
жалпыадамзаттық құндылықтармен байытуды, өзара түсіністік пен келісімге
ұмтылуды, жақсылыққа, адам баласын сүйіспеншілікке баулуды көздейді.
1 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Патриотизм, Қазақстандық патриотизм, Отансүйгіштік,
Ұлтжандылық, Елжандылық ұғымдарының мазмұны мен мәні
Болашақ ұрпақты тәрбиелеу – оны жаңа заман үшін үнемі белсенділік
өрісінен көріне білуге бағыттау, халқының болашағын қамтамасыз ету, ақыл-
парасатын өзінше дамыта алуға бағдарлау – бүгінгі таңдағы жалпы әлемдік
күрделі міндеттердің бірі. Біздің әлеуметтік қоғамымыз жететіндей нақты,
жүзеге асатын жаңа заман, бұқара халықтың шығармашылығымен жасалады.
Осындай жасампаз жұмыстың барысында жаңа адам, жер жүзіндегі әділетті
қоғамның сәулетшісі, жасаушысы қалыптасады.
Жаңа қоғамның дамуындағы ең маңызды нәтиже – оның барысында
қалыптасқан жаңа адам. Яки, бостандықты жеңіп алып, қиындықтарға төтеп
беріп, болашақты құра білген, барлық сын-сынақтардан өтіп, өзі адам
танымастай болып жаңарған. Өзінің бұрынғы қасиеттеріне саяси мұраттылықты
қосып, өмір сүрудің тәжірибелерінен қуат алып, жеке басының мәдениетін,
білімін іс-әрекетте кәдеге жарататын мәреде көріне алатын адам. Бұл – адам,
болашақтың нағыз патриоты болумен бірге, қоғамның иесі, белсенді, іскер,
шығармашыл тұлға болуы тиіс.
Патриоттық тәрбиенің детермендігін нығайтудың бірқатар себептерін
атап өтуге болады, ең алдымен, оның маңызын тереңдету және Отанды жаңа
жағдайларға байланысты қорғауды алға дамыту міндеттерін күрделендіру
көзделеді. Патриоттық тәрбиенің теориялық сипаттамасын ғалымдар өмірдегі
қажеттілік тұрғысынан қарау және әр адамның маңызды өмір сүруі үшін
патриотизмге қызығушылық құлқын ояту мақсатында саралайды. Қай халықтың
болмасын мемлекет тарапынан ғалымдардың назарын патриоттық тәрбиені
зерттеуде ең ұтымды, тиімді жолдарын таба білуге бағыттап және саяси
жұмыстың өмір тіршілігінің тынысынан алшақ кетпей, сапалы жүргізілуімен
жалпы тәрбие ісіндегі құрама әдіс-амалдардың әдіснамалық соның ішінде,
патриоттық тәрбиенің өз мәнінде жүзеге асуын қадағалап отыру бағдарланады.
Патриоттық тәрбиенің негізгі мақсаты – жеке тұлғаның
патриоттық іс-әрекетті саналы түрде меңгеріп алудағы талпынысын айқындайтын
қоғамдық-идеялық, саяси-адамгершілік, кәсіптік, психологиялық, салауатты
өмір салтын қалыптастыру.
Патриоттық іс-әрекеттер – деп біздер, әлеуметтік-жарасымды сарыны мен
елінің озық салт-дәстүрлерінің тарихи заңдылықтарын, мәдени мұрасын
қорғауға бағытталған жеке тұлғаның және әлеуметтік топтың кез-келген
әрекеттерін түсінеміз. Отанның озық, жалпы адам баласының ілгерішіл
көрсеткіштеріне жеке тұлғаның, әлеуметтік топ әрекетінің тарихи
нысаналарға, қоғамның жаңаруына, өзінің өмір сүріп отырған ортасына,
дәуірінің ұстанған бағдарына сәйкестілігі жатады. Патриоттық әрекет сонда
ғана сыртқа нышан беру деңгейінде қалып қоймай, патриоттық сананың
өлшемі, межесі және
тәрбиелеуші факторы болып қабылданады.
Ал патриоттық сана-сезім болса, ол – Отан құндылығы көрінісінің
нәтижесі, өткендегі өмір сүрген ата-баба санасының қажеттілігі мен
ұмтылысынан, құлшынысынан туған озық салт-дәстүрлерді, яғни мәдени-рухани
мұраларды адамдардың санасындағы қажеттілігі мен қызығушылығы арқылы
қабылдау. Патриоттық сананың өзіндік құрылымы рухани біліктіліктің
интеграциясынан тұрады, ол жазықтық кесіндісін, қоғамдық сананың барлық
түрлерінің диалектикалық өрісін танытады, бұларға Отанның дамыған озық
үлгідегі қорғанысы, өркениетті қайта құру белгілері жатады.
Патриоттық тәрбие барысында саяси сенімділік, Отанға сүйіспеншілік,
тәуелсіз өмір сүріп жатқан елдерге ынтымақтастық, жалпыхалықтық
намыскерлік, ел тағдырының болашағы үшін жауапкершілік, экономикалық даму
қарқынын тездетуге үлес қосуға ниеттестік, ғылыми, саяси-моральдық және
туған жерін қорғау мақсатындағы әскери әзірлік, Отанын саяси, идеологиялық
қауіптерден сақтауға бағыттылық, террористік ниеттегі ішкі және сыртқы
жауларға төзбеушілік тәрізді мінез-құлық қалыптасады, дамиды. Сондықтан
даму өрісінің басты тірегі – патриоттық тәрбие дей отырып, дамудың өзі
патриотизмсіз жүзеге аспайтынын мойындау жөн.
Патриотизм ежелгі грек тілінде: patris – Отан, Отаншылдық,
Отанға деген сүйіспеншілік ұғымдарын білдіреді. Мәселен Қ.С.Э.-да Отанға
былай деп анықтама берілген. Отан – кең мағынада – адамның туып-өскен
жері, ата-мекені, ел-жұрты, табиғи байлықтары, халқы, қоғамдық және
мемлекеттік құрылысы, тіл, мәдениет, тұрмыс-салт және әдет-ғұрып
ерекшеліктері бар белгілі бір халықтың тарихи тұрағына айналған
территориясы. Ал тар мағынада – адамның туған ауылы. Ауыспалы мағынада –
жаңалықтар ашылған, өнертабыс дүниеге келген жер [4]. (ҚСЭ Алматы, 1976,
610б.).
Кез келген адамға патриотизмді қалай түсінесіз деген сұрақ қойсаңыз,
ол адамның патриотизм туралы жалпы түсінігі осындай. Кейбір адамдар бұл
сауалға жауап беруге қиналады, ал кейбірі бүл сұрақты өзіңізге қайта қойып,
жауап беруден қашады.
Ал жалпы патриотизм сөзіне талдау жасап түсінік берер болсақ, онда
біз оның түрлі нұсқасына тірелеміз. Атап айтсақ олар:
Бірінші: Ғылыми зертханалық әдебиеттерде патриотизмге – отанына, туған
жеріне, еліне, үйіне, ата-анасына деген сүйіспеншілік. Көп адамдар
патриотизмді осылай түсінеді.
Екінші: Отаның үшін не істедің, не істеп жатырсың сол отаншылдық -
деген анықтама беріледі.
Үшінші: Патриотизм – қоғамдық құбылыс. Мәселен, совет өкіметі кезінде
патриотизм идеологиялық тұрғыда қызмет етті. Жас ұрпақты патриоттық рухта
тәрбиелеу тапсырма, мемлекеттік саясат болды.
Төртінші: Мемлекеттік патриотизм. Мұнда мемлекет – патриотизм
объектісі ретінде қарастырылып, мемлекетті ірі держава деп, мақтан тұту
орын алды.
Бесінші: Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетпен бірге жүретін
азаматтық патриотизм.1.292 б
Осыларға қосымша қанға сіңген патриоттық сезім бар. Шетте жүрген
Қытайдағы, Ресейдегі қандастарымыз, мәселен, Аман Төлеев Кемерево облысының
губернаторы болған, балалар үйінде тәрбиеленіп өссе де, елім жерім деп
еміреніп тұрады. 7.28 б Бірақ бұл әрине қазіргі кезде көбіне аға
ұрпағымызда басым кездесетін қасиеттер. Ал біздің мақсатымыз казіргі
кездегі Қазақстандағы патриотизм дәрежесін айқындап, жас ұрпақтарды
ұлттық рухта тәрбиелеу және қалыптастыру.
Қазір міне Тәуелсіз Қазақстанның көк байрағын тіккенімізге он алты жыл
болды. Ауыз толтырып айтатын жетістіктеріміз қай саланы алсақ та аз емес.
Бірақ КСРО-ның ыдырауы, бұрынғы келмеске кеткен социалистік жүйе,
коммунистік идеология жалпы қоғамның өзгеруі халықтың қазіргі қоғамға
бейімделуіне ауыр тиюде. Өйткені қазір әлі де болса халық санасында бұрынғы
кеңестік парадигмалар өз ісін калдырған.1.292 б. Сондықган қарапайым
халық санасы өзгерістерді қабылдауы өте қиын. Бұрынғы идеологиядан арылу
үрдісі баяу жүруде. Халықтың қазіргі біз өмір сүріп отырған қоғамға
бейімделуіне рухани күш және жаңа идеология қажет. Идеологияға қатысты
кейбіреулер кеңес үкіметі күйрегеннен кейін коммунистік идеологияға тойдық
қой, енді идеологиясыздану керек дейді. Біздің ойымызша бүл дұрыс пікір
емес. Себебі идеологияны, идеологиялық құндылықтарды басшылыққа алмаған
және оған сүйенбеген саяси жүйе қоғамда өмір сүруі мүмкін емес. Осыған
байланысты идеология саласының маманы, неміс ғалымы К.Мангейм: Құлатылған
идеологияның орнына лайықты алмастыру болмаса, ол жерде сөз жоқ утопия
пайда болады - дейді. 2.146 б.
Идеологияға келсек ол не, қандай идеология? Идеология сөзі
терминологиялық анықтамасы бойынша , грек тілінен алғанда идея – бейне,
логос – ілім, ғылым дегенді білдіреді. Саяси сөздікте идеология белгілі бір
әлеуметтік топтар, таптар, партиялар және т.б. мақсаттары мен мүдделерін
бейнелейтін, үстемдік етіп отырған коғамдық катынастарды орнықтыруға немесе
оларды өзгертуге қызмет ететін тұжырымдамалардың, пікірлердің, идеялардың
жүйесі. Жүйелеген түрінде ол партия бағдарламасында, декларация, манифест,
жарғыларда сондай-ақ әртүрлі насихаттық құжаттарда қалыптасады деген
анықтама берілген. 10.16 б. Ал саяси әдебиеттерде идеология ұғымына үгіт,
насихат жүргізу немесе күнделікті адамның санасына не сіңіп жатса, сол
идеология деген түсінік беріледі. Сонымен қатар идеология сезім тудыратын
нышандар жиынтығы. Олар адамдар мен топтардың іс-әрекеттеріне мән-мағына
беріп, күшейтеді, асқақтатады. Мысалы, Отан үшін, ұлты үшін, халқы үшін
адамдар ғажап ерлік жасап, өзін-өзі құрбан етуге дейін барады. 2.138 б
Идеологияның мәні мен мазмұнына қарай бөлінетін түрлері әрине көп. Атап
айтсақ саяси, діни, философиялық, мемлекеттік, ұлттық және тағысын тағы.
Мұндағы козғалатын мәселе ұлттық идеология, сол арқылы ұлттық патриотизмді
дамыту.
Республика президенті Н.Ә. Назарбаев жаңа идеологияның қажеттігін
тұңғыш рет негіздеп, Мемлекеттік идеология деген сөздің ауқымы
әлдеқайда кең, мазмұны терең. Бұл идедлогияның басты мұраты -
тәуелсіздігімізді баянды ету, мына шырғалаңы мол дағдарыс кезеңінен елді
аман-есен алып өту, осыған дейінгі ғасырлар бойы жасалып келген рухани
байлықтарымыздың қайнарларын бұзбай, оны өрісі кең әлемдік өркениетке
ұластыру болса, аса маңызды идеологияның міндеті – қазақстандық
Отансүйгіштікке тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеуін
қалыптастыру. Яғни, көпұлтты Қазақстан халқы үшін отансүйгіштік сезімінің
рухани саладағы тату-тәтті тіршілік, азаматтық келісімге ғана емес,
мемлекеттің материалдық негізін нығайтуға да тікелей ықпалы бар.
Отансүйгіштік рух – қазақ елінің әлемдік өркениетті елдер көшіне қосылып,
дүниежүзілік қауымдастықтан лайықты орын алуына мүмкіндік беретін бірден-
бір күш - деп анықтады. .
Демек, ұлттық идеология мемлекеттік идеологиямен қабаттас, қатарлас,
мұраттас жүретін идеология. Яғни ғасырлар бойы ұмытылмай, ұрпақтан-ұрпакқа
мұра болып келе жатқан ұлттық рухани, мәдени мұраларымызды жас ұрпаққа
ұлттық рухта жеткізу, ұлтжандылыққа, өз отанына, жеріне, еліне деген
сүйіспеншілікке баулу. Әрине ұттық идеология өз алдына, патриотизм өз
алдына бөлек мәселе. Алайда тарихқа көз жүгіртсек, совет үкіметі кезінде
патриотизм қалыптастыруда идеология өте маңызды роль атқарған. Сол кездегі
идеологияның мықтылығынан біз қазақ ұлты - өз ұлттығымыздан, тілімізден,
дінімізден, мәдениетімізден айырылып, КСРО-да бір ғана ұлт, яғни орыс ұлты
болып кете жаздадық. Қазір сол кездегі қитұрқы саясаттың, идеологияның
нәтижесімен күресудеміз.
Патриотизм туралы сөз қозғайтын болсақ, онда әлі күнге дейін қазақ
тілін білмейтін, салтын, әдет-ғұрпын ұмытқан азаматтарымызда қандай ұлттық
патриоттық сезім болуы мүмкін деген сан алуан ой мазалайды.
Қазір бізде өтпелі кезең. Өз ұлттығымызды, тарихымызды, мәдени мұрамызды,
экономикамызды қалыптастырудамыз. Дегенмен жоғарыда аталған қазақтың тілі,
ділі, мәдениеті, әдет-ғұрпы ұлттық патриотизм қалыптастыруда негізгі
нышандар болуы қажет. Өйткені патриоттық сезім бұл отанға деген
сүйіспеншілік қана емес, ол өткенмен яғни тарихпен, рухани мұралармен,
бүгінмен және болашақпен байланыс.
Қазақстандық патриотизм жаңа демократиялық қоғам құрудың негізі. Оны
жастар арасында үгіттеп, насихаттау керек. Әрине бұл дұрыс пікір. Бірақ
біздің ойымызша бүгінгі патриотизмді нақ ұлттық патриотизм қалыптастырудан
бастау қажет. Қазақстанда 130 дан астам ұлт өкілдері бар, әрине оларды да
ескеру қажет. Ұлттық патриотизм қалыптастыру басқа ұлт өкілін жоққа шығару,
ұлтшылдық немесе шовинизм сипатындағы идеология емес. Адамгершілікке
негізделген, таза, ізгілікті идеология.
Ал ұлттық дегеніміз не? Ұлтшылдық па әлде ұлттың өмір сүруіне қажетті
шарттар ма? Бұған ұлттық мүдде тұрғысынан қарасақ қателескендей боламыз.
Сондықтан бұл мәселеге өркениеттілік адамзаттық тұрғыдан қарау қажет деген
пікірдеміз. Мәселен, Еуропаны алып қарасақ, оған тән ортақ идеология бар,
сол сияқты мұсылмандар үшін де бір текті идеология болуы керек. Бірақ
идеология билікпен бітесіп кетпеуі керек, бітесіп кетсе ол КСРО-дағыдай
монополияға айналады. Идеологияның міндеті ұлтаралық келісімді қамтамассыз
ету. Оны патриоттық идеология негізінде қалыптастыру керек деген
тұжырымдамыз.
Қазіргі кезде бұқаралық ақпарат құралдары аркылы неше түрлі ақпараттар
таралып жатыр. Мәселен, батыс мәдениеті қазіргі жас ұрпақ санасын улап
жатыр. Бұл сыртқы соққылар жастарымызды патриоттық сезімге тәрбиелеуде
үлкен тосқауыл болуда. Бұрын КСРО-да советтік патриотизмге тәрбиелейтін
арнаулы орындар жұмыс істеген. Сондықтан қазіргі кезде жастарды патриоттық
сезімде тәрбиелеу үшін КСРО кезіндегі тәжірибені үлгі етіп неге алмасқа.
Казіргі кезде отанға деген сүйіспеншілік қандай деңгейде? Ұлы Отан
соғысы ардагерлеріне деген көзқарас қандай? Ардагерлеріміз арқылы жас Ұрпақ
санасында патриоттық сезім, ұлтжандылық тудыра аламыз ба? Олар арқылы
патриоттық тәрбие беруге бола ма? Бұл сауалға фашистік Германияның
Барбаросса жоспарына кірген Қазақстан тағдырын білмеген адам жауап беруге
қиналуы мүмкін. Әрине патриоттық тәрбие беруге болады. Себебі, Ұлы Отан
соғысы ардагерлері қазақтың атын шығарды, өз жері үшін күресті, аянбай
жанын берді. Ә.Молдағүлова, М.Мәметова, Б.Момышұлы, Р.Қошқарбаев және тағы
басқалары, біз оларды құрметтеуге міндеттіміз. Жаратылыс заңына сәйкес
күннен күнге ардагерлеріміз азайып барады, дегенмен мемлекет тарапынан
көмек көрсетіліп көңілдерін аулап, қолдан келгенше тырысып түрлі
жеңілдіктер жасалынып жатыр.
Арғы тарихқа көз жүгіртсек, жас ұрпақты ұлттық патриоттық сезімде
тәрбиелеуге болатын, оларды мақтан тұтатын тарихи тұлғаларымыз,
батырларымыз баршылық. Мәселен, XX ғасырдың басында ұлттың азаттық
идеясын көтерген, азаттық жолында құрбан болған Алаш азаматтары -
Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов секілді қоғам қайраткерлері. Оларды кім ұлт
патриоты емес деп айта алады. 7.28 6 Одан әрі, қазақ батырларымыз бар.
Олар кімдер? Жас ұрпаққа кім деп түсіндіреміз. Олар Райымбек,Қабанбай,
Бөгенбай, Наурызбай сияқты қазіргі біз өмір сүріп отырған кең байтақ
жерімізді қалыптастырып қорғаған, оның шекарасына Шерхан Мұртазаев ағамыз
айтқандай мық шеге қаққан ата-бабаларымыз. Ал мық шеге дегеніміз не? Мық
шеге ат тасырқағанда, тұяғына қағатын тағаны бекітетін шеге. Ол шеге тағаны
ұстайды, таға тұяқты ұстайды, тұяқ атты ұстайды, ат ерді ұстайды, ал ер
елді ұстайды деп, жас ұрпақты ұлтжандылыққа баулып, өз жерін, елін
қорғайтын жанын беретін, отансүйгіш, намысы бар азаматтар тәрбиелеуіміз
керек. Оны отбасынан, бала-бақшадан, мектептен бастауымыз қажет.
Ұлттық патриотизмді қалыптастыруға байланысты зерттушілер арасында
пікірлер өте көп. Мәселен, Р.А.Жаңабаева: Ұлттық патриотизм әдетте өз
ұлтыңа, оның мәдениетіне, тіліне, дәстүрлеріне деген сүйіспеншілік пен
жанашырлық, осы жерде туылғаныңды түсіну ұғымымен байланысты болса,
жалпыұлттық патриотизм өзін мемлекеттің, халқының бір бөлігі ретінде
сезінуді білдіреді, яғни түрлі ұлт қауымдастықтары өкілдері үшін біртұтас
Отанына сүйіспеншілігі мен адалдығының шегі неғұрлым кеңи түседі.
Қазақстандық патриотизм дегеніміз- Қазақстанда тұрып жатқан барлық
ұлттардың ұлттық Отаны деген іргелі негізге сүйенген ұлттық
патриотизмдердің синтезі,- десе, С.Т.Иманбаева: көпұлтты Қазақстан үшін
Қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың негізгі бағыттары: бірінші –
ұлттық экономиканың дамуы, қалыптасуы мен оның халыққа қызмет етуі, екінші
– Қазақстанды мекендейтін халықтардың еркін дамуы, тілі, діні, мәдениеті,
әдет-ғұрпы және мемлекетке атын берген ұлттың тілін, дінін құрметтеу мен
сол елді Отаным деп тану, тәуелсіздігі мен егемендігін сақтауға бір адамдай
ат салысу, еліміздің рәміздеріне құрметпен қарау, үшіншіден - өңірлік және
халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және т.б.- дейді. .
Біздің ойымызша, жалпы орта білім беретін мектептерге қатысты ұлттық
сипаттағы патриоттық идеологиялық бағдарлама қажет. Оны мәселен, мектеп
бағдарламасына, оқулықтарға ендіру арқылы жүзеге асыруға болады. Бұрын
совет үкіметі кезінде патриоттыққа байланысты әдеби шығармалар жазылып,
насихатталатын. Ал, еңді бұл мәселеге бет бұрсақ, онда бұл іс – қолына
қалам ұстаған азаматтарымыздың еншісіне тиеді. Алайда бұл іс казіргі кезде
оңай шешімін таба қойатын мәселе емес. Біріншіден қаражат, екіншіден уақыт
қажет. Үшіншіден қазір жастарымызды батырларымыздың, ардагерлеріміздің
ерлігі емес, сырттан ағылып келіп жатқан еркін саудадағы әр түрлі жанрдағы
шетел әдебиеттері мен бейнетаспалары қызықтырады. Оның үстіне кітап
оқу,туристік өлкетану іс-әрекеттеріне қатынасу деңгейі төмендеген. Кітап
оқып, туристік жорықтарға қатынасқанша дүкеңдерден бейнетаспаны жалға алып,
ондағы шет елдің фильмдерін көрген әлдеқайда оңай. Сондықтан, жастарды не
қызықтырады соған төселіп, сол сарында түрлі бағдарлама жасау керек.
Мысалы, түрлі бейнстаспа көрсе, соған лайықты жанрда қазақтың бір батырының
немесе жауынгер ардагердің ерлігіне еліктейтін, оны тұлға ретінде
көрсететін ұлттық сипаттағы фильмдерді, мәдениет ескерткіштерін
бейнетаспаға түсіріп неге көрсетпеске?
Ұлттық патриотизм қалыптастыруда мемлекеттің ұлттық рәміздері,
нышандары да маңызды роль атқарады. Мысалы, Қытайда жалпы орта білім
беретін мектептерде сабақ үрдісі басталар алдында оқушьның ұлты қазақ,
ұйғыр басқа болсын Қытай ән ұранын радио арқылы дауыстап айтқызады. Біздің
де мектептерге осыны үлгі ретінде қолданып, баланың санасына отансүйгіштік
қасиетті жастайынан сіңіру керек.
Соңғы бұқаралық ақпарат кұралдарының мәліметі бойынша, осы мәселсге
қатысты алғашқы қадам жасалды. Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым
Министрлігінің орынбасарының айтуынша, патриоттық мазмұнда
еліміздегі жалпы білім беретін орта мектептерге әр аптаның жұмасы күні
еліміздің ән ұранын оқу үрдісінің алдында әндетіп айту міндетті етіп
енгізілді.
Сонымен қатар патриотизм мәселесіне қатысты Ж.Кенжалин Қазақстанда
қазақстандық патриотизм қалыптастыру бағытын қарастырады. Қазақстанда 130-
ға жуық ұлт өкілдері бар, олардың түрлі бірлестіктері өмір сүруде. 1995
жылы осыған байланысты Қазақстан Халықтарының Ассамблеясы кұрылған. Сол
арқылы Қазақстанда қазақстандық патриотизмді дамыту қажет деп, оның
калыптасуының негізгі үш кезеңін көрсетеді. Олар:
1 кезең. 1991-1994 жыл, Тәуелсіздік идеясын жаңғырту, ұлт санасын ояту.
2 кезең. 1995-1998 жыл. Нарықтық экономикаға өту кезеңі.
3 кезең. 1999-2001 жыл. Халықтардың бірлігі және қазақстандық патриотизмнің
дамуы. 4.33 б. Әрине, Қазақстанда қазақстандық патриотизмді дамыту
қажет,бірақ жетекші орында осы кең байтақ жердің иесі – қазақ ұлты және
оның мәдени мұрасы тұруы тиіс. Себебі, Маркстік идеология қазақты
ұлттық патриотизмнен алшақтатып, советтік патриотизмге байлады. Оның
есесіне интернацнонализм идеясын алға тартты. Осы мәселеге қатысты
Д.Әшімханұлы: Егер бейнелі түрде интернационализмді ұлт аспаптар оркестрі
десек, оның бас дирижері ұлттық идеология болуы керек деген пікір
айтады.3.5б
Ұлттық идеологияға байланысты А.Селеубаев ұлттық идеологияның қазіргі
жағдайын, совет үкіметі кезінде жүргізілген атеистік бағыттағы саясаттың
нәтижесі деген ойда. Жалпы құдайдың құдіретін ұмытып, атеизмнің уына әбден
уланған ұрпақтың әрі қарай улана бермеуі үшін бірінші кезекте болашақ
ұрпақтың тура жолда болуы керек екенін ескеріп, мектепте оларға Алла
тағаланың бар екенін және ислам діңінің әліппесінен болса да сабақ берсе,
ұлттық идеологияның негізі дұрыс бағытта болар еді дейді.9.8 б
Тағы бір қатар зерттеуші ғалымдар мәселен, Т.Әбсәлімұлы ұлттық
идеологияның негізгі мәні отаншылдықта болуы тиіс. Негізгі белгілері тілді
дамыту, тарихи ұлттық идеологияны қалыптастыру, жерімізді корғау,
тәуелсіздігімізді сақтап, сыртқы жәке ішкі қауіптен қорғау болуы тиіс дей
келе, отаншылдықты рухани мұраларымызбен байланыстырып, оны мақал-
мәтелдермен байланыстырды. Ата-бабаларымыздан қалған Алтын ұяаң отан
қымбат, туып өскен жерің қымбат, Ел намысы ер намысы, Туған жерің
тұғырың деген сияқты мақалдарымызды негізге алып өмір сургенде, біз мұндай
дәрежеге жетпейтін едік дейді. 8.46
Алайда ұлттық идеологиямыздың дамуы мен ұлттық патриотизмнің
қалыптасуына сырттан келіп жатқан түрлі идеологиялық соққылар кедергі
болуда. Атап айтқанда көзге көрінбейтін қауіпті келімсектік идеология,
еліміздің тәуелсіздігі мен ұлт бірлігіне нұқсан келтіретін діни идеология,
күнделікті тұрмысқа, жас ұрпақ санасына стихиялы түрде әсер етіп жатқан
тұрмыстық идеология азаматтарымызда жат ойлар қалыптастыруда. Сондықтан
ұлт, ұлттық патриотизм мен ұлттық идеология үшін, қазақстандық патриотизмді
жоғалтып алмас үшін жоғарыда аталған мәселелерді ескере отырып, жас
ұрпақтарымызды тәрбиелеуіміз кажет.
Әдебиеттер.
1. Иванов С.Ю. Государственный патриотизм альтернатива идеологии
национализма и космополитизма Социально Гуманитарные знания. 2003
2. ЖамбыловД. Саясаттану негіздері Алматы 2002жыл. 146-бет.
3. Әшімханұлы Д. Санадағы шырмауық. Тағы да идеология туралы
Түркістан газесті. 2003жыл. 15мамыр. 5 бет.
4. Кенжалин Ж. Патриотизм и духовное обноаление Мысль. 2003 жыл,
№11, 25-33 бет.
5. Мұсатаев С. Ұлттық идеология: мәні мен мазмұны Акиқат. 2000
жыл. №11, 14-бет.
6. Шарахымбай Б. Ұлттық патриотизм және екі жүзділік Қазақ әдебиеті
газеті. 2003 жыл, 9 мамыр, 2-бет.
7. Шаухитдинов Е. Патриоттық қанға сіңген қасиет пе?. Ақиқат. 2000
жыл.
8. Әбсәлімұлы Т Ұлттық идеология Жамбыл-Тараз газеті. 2004 жыл, № 2,
4-бет.
9. Селеубаев А. Ұлттық идеология Жамбыл-Тараз газеті. 2004 жыл, № 6,
8-бет.
10. Тоқбергенова З. Атанакова Қ. Қысқаша саяси сөздік. Тараз 2003 жыл,
16-бет.
Котов А.К. Казахстан наше отечество Алматы 1998 жыл.
Мәселен, Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан 2030 атты халыққа жолдауында:
Оқушыларды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке
тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет, - деп атап көрсетілген [1]. Сондай-ақ
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының 8-ші бабында білім беру
жүйесінің басым міндеттерінің қатарында азаматтық пен елжандылыққа, өз
Отаны Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді
құрметтеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез-келген көріністерге
төзбеуге тәрбиелеу туралы да айтылған [2]. Міне, осы ұстанымдардың
негіздеріне сүйене отырып оқушыларды туристік - өлкетану іс-әрекеттері
арқылы қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу өте өзекті болып отыр.
Өйткені, бүгінгі Қазақстан әлемнің ең серпінді дамып келе жатқан
алдыңғы қатарлы елдерінің бірінен саналып отырған еркін экономика мен
ерікті ұлт жасақтау жолында берік негізді қалаған, тәуелсіздік пен
бейбітшілікті
нығайту және сақтау, ұлтаралық қарым-қатынасты дамыту арқылы әлемдік
өркениет биігінен көріне білуі тиіс. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін өскелең
ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу – бүгінгі күннің өзекті
бірден-бір қажетті, кезек күттірмес мәселесі. Әсіресе оларды қазақстандық
патриотизмге тәрбиелеуде туристік-өлкетану объетілері болып саналатын
ұлттық құндылықтарды, жалпыадамзаттық құндылқтармен байланыстыра отырып,
оларды құрметпен қастерлеуге, қоғамдағы азаматтық тұлғасын сақтауда ана
тіліне, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына, өз Отанына деген сүйіспеншілігін
арттыруда халық мүддесін жоғары қойып, туристік өлкетану іс-әрекеттері
арқылы қазақ халқының мәдени мұра объектілеріне (тарихи-сәулет
ескерткіштері, ертедегі қалалардың, сауда-керуен жолдарының пайда болуы мен
дамуы, ежелгі қазақ жеріндегі қол өнерді, өнеркәсіпті, ауыл-шаруашылығын,
мәдениетті, көрші мемлекеттермен және олардың халықтарымен байланысы туралы
мәліметтерді, отбасылық жылнамалар мен шежірелерді) жинақтап, туристік
экспедициялар мен экскурсиялар, саяхаттар, жорықтар және т.б. іс-
әрекеттерді ұйымдастыру арқылы оқушылардың өздерінің туған ауылындағы,
ауданындағы, аймағындағы, Республикасындағы мәдени-рухани құндылықтарға
адамгершілік қарым-қатынастарын қалыптастыруға бағытталуы тиіс.
Сонымен қатар оқушыларды қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу – оларды
жаңа заманның талабына сай халқының болашағын қамтамасыз ету үшін өзін-өзі
дамытуға дағдыландыру, белсенділікке, біліктілікке, шығармашылыққа
бағдарлау. Ол ұлттық құндылықтарға сүйене отырып оқушылардың ішкі жан
дүниесі қоғамдық санасы мен патриоттық сезімін дамытып, қалыптастыруға
бағытталуы тиіс.
Біздің осы пікірімізді Қазақстан Республикасының азаматтарына
патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасының мына төмендегідей мақсаттары дәлелдей түседі [3]. Олар:
- азаматтардың мақсатты топтарының бойында байыпты азаматтық
ынтымақтастық пен қатыстылық, этносаралық және тұлғааралық өзара
түсіністік сезімін қалыптастыруға ықпал ететін ұйымдастырушылық
алғышарттары мен шаралар жүйесін құру;
- тұтастай алғанда мемлекет пен қоғамның, жеке алғанда мемлекет пен
оның азаматтарының өзара іс-қимылын, атап айтқанда Қазақстандық
патриотизмді, төзімділікті, адам құқықтары мен бостандықтарын
құрметтеу жөнінде кешенді іс-шараларды өткізу кезінде қамтамасыз
ету;
- өркениетті азаматтық және тұлғааралық қатынастардың қалыптасуна
жағдайлар мен әлеуметтік алғышарттар жасау.
Демек, мемлекеттік бағдарлама азаматтардың Отан мүддесіне жасампаздық
қызмет атқаруы, мемлектті нығайту, оның ұлттық мүдделерін қорғау мен
тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін қажет маңызды қасиеттерін дамытуға
арналған. Сондай-ақ, еліміздің президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жаңа
әлемдегі Жаңа Қазақстан атты Қазақстан халқына жолдауында да:Қазазстандық
патриотизм мен саяси ерік-жігер – жаңа Қазақстанды құрудың аса маңызды
факторлары, деп атап өткен.
Бүгінгі таңдағы деректерге сүйенсек, Қазақстаннан бес жүзге
тарта майдангер Кеңес Одағының Батыры атағын алғанын,
бірнеше мыңдаған жауынгерлер мен офицерлер ордендермен,
медальдармен марапатталғанын, ерлікпен күресіп, өз
республикасының абырой-даңқын арттырғанын білеміз. Ал қан майданда, қырғын
айқаста қаһармандықпен қаза тапқан Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова,
Т.Тоқтаров секілді көптеген ұл-қыздарымыздың теңдессіз ерліктері
қазақстандықтардың жадында жатталып, көкірегінде мәңгі сақталып қалды.
Мәселен, Д. Құсайынова Әлия мен Мәншүк ерлігінде жоғары сынып
оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеу атты ғандидаттық диссертациясында
Патриотизм ұғымына берілген көптеген ғалымдардың анықтамаларын жүйелей
келіп патриотизм дегеніміз – адамның туа біткен, биологиялық қасиеті
емес, ол – әлеуметтік, тарихи қалыптасқан, Отанға деген сүйіспеншілік
сезім, ол Отанға қызмет етуден көрінеді, - деп анықтап, Патриотизмнің
мазмұнына мыналарды жатқызған жөн: адамның өзі туып-өскен жеріне
сүйіспеншілік сезімі; ана тіліне құрметпен қарау; Отан мүдделеріне
қамқорлық жасау; азаматтық сезімдердің көрініс беруі және Отанға адалдықты
сақтау, оның бостандығы мен тәуелсіздігін қорғау; әлеуметтік және мәдени
жетістіктерге деген мақтаныш; Отанның тарихи өткеніне және одан қалған
мұраларға, дәстүрлерге құрметпен қарау; өз еңбегін, күш-жігері мен
қабілеттерін Отанның гүлденуіне арнауға ұмтылу; - деп мазмұндық сипаттама
береді.( Д.Құсайынова.дисс.)
Ал, Қазақ халық педагогикасындағы патриоттық-ерлік тәрбиесінің ғылыми
негіздері атты докторлық диссертациясында Д.А. Джанабаева: Патриотизм
ұғымы азаматтардың қоғамдық өмірдің саяси құрылымына және басқа да
компонеттеріне деген идеологиялық қарым-қатынасын білдіреді. Әрбір адам осы
бір жоғары да ізгілікті сезімді әр түрлі түсінетіні белгілі: біреулер бұл
ұғымды өз отбасы, істеп жүрген жұмысы, туып-өскен және мекен ететін жерімен
астастырса, ал екінші біреулер үшін бұл мемлекет, ел, қоғам, қоршаған
ортаны тұтасымен қамтитын аса кең мағыналы ұғым.
Патриотизм, жалпы алғанда, ұлттық мәдениетің, ал, жекелей алып
қарағанда, саяси мәдениеттің элементі болып табылады,- деп тұжырымдайды.
Ал, Қазақ халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық
тәрбие беру атты кандидаттық диссертациясында Р.М. Рысбекова: патриотизм
қоғамдағы маңызды күрделі құбылыс ретінде тұлғаның идеялық-адамгершілік
құрылымында жетекші орын алады және патриоттық сезімдердің тығыз
бірлігінде, адамның басқа адамдарға және олардың түрлі іс-әрекеттеріне,
қоғамға, оның өткенімен бүгініне, табиғатқа, мәдениетке, салт-дәстүрлерге
деген көзқарасында көрініс алады. Ол Отан, туған өлке, көрнекті адамдар
туралы терең білімге негізделеді, Отан алдындағ парыз бен жауапкершілікті
жете түсуінде белсенді іс-әрекетті қоғамның пайдасына шешеді деп, ой
тұжырымдауымызға мүмкіндік береді - дейді.
Сонымен, біздің жоғарыда аталған ғылыми зертеу еңбектерге
жасаған
талдауымыз бізге патриотизм ұғымының мәнін зерттеу объектілеріне қарай
анықтап мазмұндық сипаттама жасағандығына көз жеткізді.
Жоғарыда айтылғанның бәрі ескере отырып ең алдымен, қарастырылып отырған
проблеманың теориялық-әдіснамалық негізін дәлелдеу мақсатында ғылыми
еңбектерге талдау жасау арқылы патриотизм, қазақстандық патриотизм,
Отансүйгіштік, ұлтжандылық, Елжандылық ұғымдарының мазмұны мен мәнін
жан-жақты ашып көрсетуді жөн көрдік.
Мәселен, Қазақстан Ұлттық энциклопедиясында: Отаншылдық –
отансүйгіштік, патриотизм – адамның Отанына, туған еліне, оның тіліне, салт-
дәстүрі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімі – деп анықталған [5].
(Ұлт.энциклопедия Алматы, 2005, 7 том, 218б.).
Қазақстанның білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ-съезінде сөйлеген
сөзінде Н.Ә.Назарбаев: Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім
берудің мектепке дейінгі жүйесінен, жоғары оқу орнындарына дейінгі
орталықтарда барлық ұйымдарда көкейкесті болып тұр- 93-деуі отаншылдық
тәрбиенің маңыздылығын айқындайды.
Олай болса біз Отаншылдық - өз еліңді, халқыңды биіктен көруге
ұмтылу, табысы мен жетістігіне сүйсіну, жеке мүддесін ұлтының мәдени
мұрасын сақтап ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, асқақ мұраттарына жетуіне жұмсау,
елің үшін аянбай еңбек ету, - деп тұжырымдаймыз. Сондай-ақ, Отаншылдық –
еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін аянбай қызмет ететін азаматтарды
қалыптастыру.
Республикамыз тәуелсіздік алғанға дейін Қазақстандық отаншылдыққа
тәрбиелеу деген сөз тіркестерін қолданған жоқ. Кеңес Одағы елдегі барлық
халықтардың Отаны, яғни КСРО – біздің Отанымыз деп үйретті.Қазіргі
егемендігі мен тәуелсіздігін алған Қазақстан үшін осында мегендеген барлық
халықтар қазақстандық отаншылдық, отансүйгіштік рухында тәрбиеленуінің
маңызы жоғары.
Қазақстанда тұратын әр бір ұлт өзінің мемлекет алдындағы міндеттерін білуі
шарт. Олар мемелекеттің табиғи байлығын үнемдеуге, материалдық базасын
нығайтуға, мемлекеттегі ынтымақтастықты күшейтіп, ұлттық бірлікті сақтауы
тиіс. Сондықтан да халқымыздың игі дәстүрлері, мәдени мұралары арқылы
оқушылардың бойында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру қоғамдық өмір
талабынан туындап отыр.
Мәселен, философ А.Айталы: Ұлтжандылық – халықтың рухани және
материалдық игіліктерін көбейтуге арналған жігері, қайраты. Ұлтжанды деп-
еңбекқор, іскер, талапты, ойшыл, ізденгіш, ұлттық мұраттар жолындағы абзал
істің иесін айтамыз. Ұлы ұлттар өздерінің осындай ұлтжандылығымен мықты
95 -десе, М.Шоқай: Ұлттың мақтанышы жеке адам мен ұлт үшін бұзылмас заң.
Кімде-кім өз ұлтын құрметтемесе және оны мақтан тұтпаса – ол адам сөзсіз
арамза, қаңғыбас 96- деп көрсетулері ұлтты сүймей, Отанымыз үшін
қанымызды, жанымызды күшімізді аяп, тасада қалатын болсақ, онда Қазақстан
отыз жыл емес, үш ғасыр өмір сүрсе де, өркениетті елдермен терезесін тең
қыла алмайды, өйткені әрқашан біздің барлық еркіміз бен қайратымызды
билейтін сана десек, қоғамдық санамызбен ұлтымызды сүймесек, еліміз бен
жерімізді қастерлемесек, мәдени мұрамызды құрметтеп сақтпмасақ, Қазақстанды
іргелі 50 – елдің қатарына қоса алмаймыз. Олай болса, Ұлтжандылық деп-
Отанды сүю, қорғау, оның игілігі үшін аянбай еңбек ету, ұлттық мұраны
көзіңнің қарашығындай сақтап, дамыта білу,ұлттық парыз бен борыштарды
арттыру.
Парыз - адамның ел-жұрт, мемлекет пен қоғам алдындағы борышын
білдіретін әдептік ұғым. Парыздың мән-жайы әр заманда, әр дәуірде тарихи-
қоғамдық жағдайға орай анықталып түрленеді және толықтырылады. Парыз
адамның бейімділігі мен белсенділігіне, сезімталдығы мен естілігіне
байланысты. Сондықтан оны адам болмысы мен мүддесінен, туған ел тұрмысы мен
туған жер қажетінен бөліп қарауға болмайды. Парыз дүниетанымдық бағдармен
ұласып, астарласып жатады. Өәткені парыз өмірдің қажеттілігін растау,
құндылығын көбейту ынтасынан туындайды, адамның қоғамдық болмыстағы орнын
жалғастыру қажетін қуаттайды. Парыз: 1) адам мен қоғам арасындағы қарым-
қатынастың ұрпақтық мән-жайын іріктейді; 2) адамның адамға қамқорлығын,
жағымды әдеп пен адал еңбек ету үлгісін сақтайды, жастардың үлкендер мен
Отан алдындағы перзенттік қарызын, азаматтық міндетін тиянақты орындауға
жұмылдырады; 3) адамның жақсы қасиетін орнықтыруға ұлтаралық қатынастың
тиімді түрлеріне қызмет еткізеді. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми
түсіндірме сөздігі.
Отаншылдық туралы көптеген идеяларды өздерінің шығарамашылық
мұраларында қазақ даласының ойшылдары: әл-Фараби, Ж.Баласағұн,
М.Қашқари, жыршы-жыраулар: Қорқыт баба, Асан Қайғы, Доспамбет, Бұхар жырау,
Шал ақын, Махамбет және Төле, Қазыбек, Әйтеке билер, Абылай, Бөгенбай,
Наурызбай, Райымбек батырлар мен Шоқан, Абай, Ыбырайлар, 20 ғ.-дың
басындағы А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейхан, Ж.Аймауытов, С.Торайғыров, М.Жұмабаев,
т.б. ұлт зиялылары мен қайраткерлер отаншылдықты сөзбен ғана емес, іспен де
көрсете білді. Әйтеке би Өмірім халықтікі, өлімім ғана өзімдікі деп
халыққа қызмет етудің, отаншылдықтың айнасы бола білді. Тәуке хан заманынан
қазақ қоғамында отаншылдықты байлықтан да жоғары бағалады [7]. Ұлы ғұлама
ағартушылар – Шоқан, Ыбырай, Абай, Сұлтанмахмұт та қазақ даласы мен өз
халқына деген терең сүйіспеншілігін паш ете білді. Олардың ілімдері мен іс-
әрекеттерінде екі бағыт: біріншіден, терең патриотизм – Отанға –
Қазақстанға деген сүйіспеншілік; екіншіден, халықтар достығы идеяларын
қорғау және дәріптеу нақты көрініс тапты. Бұндағы көзделген мақсат болашақ
ұрпақты өз Отанының құндылықтарын таныту арқылы патриотизмге, отаншылдыққа
тәрбиелеу. Отан қорғау туралы ата-бабаларының ерлік іс-әрекеттерімен ілімін
насихаттау, үлгі-өнеге ретінде көрсету.
Мәселен, С.Торайғыров патриоттық сезім туа біткен сезім болып
табылмайды, оны адамға табиғат тарту етпейді. Патриотизмді қоғам мен
жекелеген адамдар бойға сіңіріп, дамытып, тиісті деңгейге көтереді, –
дейді. Отбасы мен мектеп жастарды асқақ патриоттық сезімге тәрбиелеуге
тиіс. Патриотизм нақты ғылыми білімге сүйене отырып, оқу-білім мен ұлттық
мәдениет негізінде тәрбиеленуге тиіс .
Торайғыров өзінің Отанына, еліне, жеріне деген патриоттық сезімін,
ықыласты адал ниетімен сенімді ойын:
Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып, күн болам!
Қараңғылықтың көгіне,
Күн болмағанда, кім болам!
Мұздаған елдің жүрегін,
Жылытуға мен кірермін.
Еңбек, бейнет тарауы,
Рахатқа сарқылар.
Қыздырып күннің қарауы,
Надандық теңізі тартылар
Орны ортайып, көгерер,
Қызығын жайлап ел көрер.
Тұрмыс, тағдыр бірі де
Бұл мақсаттан бұра алмас
Қаһармен Рүстем, Әли де,
Бұрам деп жолда тұра алмас
Сыланған жардың күлісі
Алдандырмас бірісі – деп білдіреді [8, 34].
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың педагогикалық идеялары біртіндеп
қалыптасып, барған сайын терең де жан-жақты мазмұнмен толығып, Қазақстан
өмірі мен тұрмысында, көпұлтты мәдениетінде түбегейлі өзгерістердің болып
өту дәрежесіне қарай азаматтық әуенге ие бола түседі.
Отанға асқақ сүйіспеншілік пен шексіз берілгендік сезімі
С.Торайғыровта басқа халықтарға достық және терең құрмет сезімімен жалпы
адамға деген ізгі көзқараспен тығыз өріліп жатады. С.Торайғыров патриотизм
мен интернационализм өзара байланысты деп пайымдайды. Өз Отанының
патриотын тәрбиелеу сонымен бірге интернационалисті тәрбиелеу де болып
шықпақ. Ол осынау ұғымдарды табиғи тұтастықта алып қарайды. Оның
патриотизмді тәрбиелеу интернационалдық тәрбиенің бір бөлігі және керісінше
деп есептейтіні, міне, сондықтан. Оның ойынша, бұл екі процесті бөліп
қарауға болмайды. Ағартушының:
Кәпір бар мұсылман бар – барлығы адам,
Оларды алалайтын қандай надан?
Өнер, білім, әділет кім қолдаса,
Қай ұлт болсын – бәрі бір бауыр маған.
немесе,
Оллаһи, ант етемін алла атымен,
Орыс тілін білемін һәм хатымен.
История, география пәнді білмей,
Оллаһи, тірі болып жүрмеспін мен, – деген өлең шумақтары
осыған дәлел бола алады [8,34]. Сондай-ақ, Сұлтанмахмұттың Туған еліме,
Шәкірт ойы, Неге жасаймын?, Алаш ұраны, Ұлт және т.б. мақалалары да
патриотизм мәселелеріне арналған. Ол осы мақалаларында да мектеп пен отбасы
жас ұрпақ алдында қазақ халқының өткен өмірініңдаңқты беттерін ашып беруі,
жарқын болашаққа жол сілтеуін, Отан қорғау жолындағы жаңқиярлық ерлік күрес
туралы, мәдениет жетістіктері туралы баян етуі қажеттігін жазады.
Патриотизм мен интернационализм деп есептейді С.Торайғыров, адамға
деген ізгі көзқарас сезімімен астасы жатуыс тиіс. Ол адамға деген
сүйіспеншіліктің де болуы ммкін емес деп пайымдайды. Ол жастардың бойында
халықаралық ынтымақтастық пен ұлтаралық достықты қалыптастыруға ұмтылды.
Мәселен, оның Ұлт, Талиптарға (талип (арабша) – шәкірт деген ұғымды
білдіреді), Өмірімнің уәдесі т.б. секілді шығармалары осыған айғақ бола
алады.
Осы орайда Сұлтанмахмұттың патриоттық-интернационалдық көзқарасының
қалыптасуына оның орыс достарымен шығармашылық байланыста болуы айтарлықтай
септігін тигізгенін мына сөздәйектен де көреміз: Сұлтанмахмұт Петрмен де
үйір, тату болып алды. Петр екеуі бірін-бірі оқытты. Сұлтанмахмұт Петрге
қазақша, Петр оған орысша оқытып жүрді.
С.Торайғыров балалар тәрбиесіне, қоғамның, бұкіл халықтың игілігіне
пайдалы іс-әрекетке оларды даярлауға көп көңіл бөліп отырған. Ол да Абай
секілді жеткіншек ұрпаққа қоғамға пайдалы адам болуды өсиет етеді. Әрбір
жас азамат әкесінің емес, адамзаттың ұлы болуға тиіс. Сондықтан
С.Торайғыров Қазақстан тарихы мен қазақ халқының сана-сезіміне гуманизмді,
азаматшылықты насихаттаушы ретінде, жастардың ұстазы ретінде енді [8].
[С.Торайғыровтың педагогикалық көзқарастары. С.Ұзақбаева, Қ.Шалғынбаева].
Өз ұлтына деген отаншылдық сезімді Абай: Қалың елім қазағым, қайран
жұртым, Қартайдық қайғы ойладық, ұлғайды арман, Байлар жүр жиған малын
қорғалатып, Көңілім қайтты достан да дұшпаннан да, Қараша желтоқсан мен
сол бір екі ай, Қайтсе жеңіл болады жұрт билемек деген тәрізді
ағартушының өлеңдерінде ел арманы, халық мұңы жайынан келелі сөздер
қозғалады.
Сондай-ақ, Абай заманында шенқұмар, баққұмар, малқұмар, алаяқ-
пасықтар көбейіп, елді қынадай қырып, ру тартысы, болыстыққа таласу, ел
шабу, барымта алу күн құрғатпады. Елдің берекесін кетірді. Сол мінез-
құлықты Абай қатты сынап:
Күндіз күлкі бұзылды, түнде ұйқың,
Күш сынасқан күндестік бұзды-ау шіркін
Қай жеріңнен көңілге қуат қылдық,
Қыр артылмас болған соң мінсе қырқың,
Бас басына би болған өңкей қиқым.
Мінеки бұзған жоқпа елдің сиқын – дейді.
Міне із бұдан Абайдың ру-патриархалдық әдет-ғұрыптарға, түрлі ескі
ырымдарға да мейлінше қарсы болып қазақ халқының тағдырына, болашағына
деген қамқорлық, отаншылдық сезімдерменен айшықталғанын көреміз [13]. Абай
құр ғана мінеп-сынап, жаман мінез пасық қылықтарды көрсетіп қана қоймайды.
Соны айта отырып, елін жақсылыққа, адал іс-әрекетке жемісті еңбекке
шақырады. [Абай және Орыстың ұлы революцияшыл демократтары Ә.Жиреншин
Алматы, 1959]
Қазақ халқының келешегі тек өнер білімде деп түсінген Ы. Алтынсарин
өз халқын жан-тәнімен сүйген, халқының мәдени көркейіп өсуі үшін бойындағы
бар күш-жігерін аянбай жұмсаған нағыз патриот еді. Мәселен, Н.И.Ильминский
миссионерлік пиғылын өз жақтастары арқылы да насихаттап отырды. Мысалы,
өзінің бұрынғы шәкірті, Ор мұғалімдер курсының меңгерушісі А.Бессонов
арқылы жүргізгені белгілі. Бұл жөнінде Ы.Алтынсарин: Бақсам, ол мұғалімдер
мектебінің 3 және 4-кластарында, оқушылардың қарсы болуына қарамастан, бір
ай бойы інжіл мен оның парыздарын уағыздай бастапты. Осының нәтижесінде, ол
оқушыларға өшігіп, қатал қарай бастапты да, екінші жағынан, оқушылар одан
бас тарта бастапты. Тіпті ол өз шәкірттерін залым деу сияқты сөздерге дейін
және оларды кластан желкелеп шығаруға дейін барыпты деп жазды.
Осы уақиғадан соң Ы.Алтынсарин төтенше бұйрық жазып, мұғалімдер
дің сабағын жүргізуді мүлде тоқтатсын, ал орыс-қазақ мектептерінде дін
сабағы оқытылатын уақытта, қазақ балалары жекеленсін деп мұғалімдерге
ескерту жасайды, ал Красноуфимск қаласындағы ауыл шаруашылық мектебінде
оқып жатқан қазақ шәкірттерінің наразылығын естіп ызаланған Ыбырай өзінің
досы В.В.Катаринскийге 1889 ж. мамырдың 10-да жазған хатында: тағы бір
наразылық, яғни қазақ оқушыларының наразылығы, Красноуфимскіде ауыл
шаруашылық мектебінде туып отыр. Мұның себебі: мұсылман дәстүрін мүлдем
елемеу, яғни шошқа етін асып беру, оқушыларға шошқа бақтыру, орыс
балаларымен бірге ғибрат еткізу деседі. Мұның бәріне ұнамсыз нәрсе ғой...
Сондықтан әзірше іс насырға шаппай тұрғанда сонда барып, оқушыларға
түсіндіріп,наразылықты жойғым келеді. Ал егер қажет болған жағдайда
директордың өзімен де сөйлескім келеді деп хабарлады.
Осы фактілердің бәрі Ыбырайдың патша әкімдерінің отарлау, жергілікті
халықты орыстандыру саясатына іштей наразылығын, оның ашық қарсылық
білдіруге шамасы келмей, туған халқын осы кесепаттан аман алып қалу үшін
дипломатиялық саясат ұстауға еріксіз мәжбүр болғанын дәлелдей түседі.
Орыс-қазақ мектептерін әр болыс сайын ашуды өкімет орындары алдына
бірнеше рет қойған және осындай мектептердің миссионерлің саясаттан тысқары
болуын талап еткен Ы.Алтынсаринді орыс шенеунигі ұнатпаған. Орынбор генерал-
губернаторы Проценко оны қудалап, мұндай мектептерді жауып, Ыбырайды
инспекторлық қызметтен босатып, сотқа беруді ұйғаруы да тектен-тегін емес.
Бұл жөнінде Ы.Алтынсарин. ...Генерал сол мектептерге көп қаржы шығын болды
деп есептейді, осыған шыққан қаржының мөлшерін өзі білмейді деп қынжыла
жазды.
Оқу-ағарту ісін ұйымдастыруда үнемі патша әкімдерінің кедергілеріне
ұшыраған Ыбырай өзінің Н.И.Ильминскийге 1881 жылы қарашаның 4-де жазған
хатында: ...Қазақ халқы оқу-білімге сусат отырған халық, әттең, бұл іске
оқыған адамдардың ғана жаны ашымайтыны есіне түскенде күйінесің. Бұл
жағынан алып қарағанда, кейде жылы сөзге ынтызар жетім бала сияқтымыз...
Қандай қиыншылықтарға кездессек те, біз әйтеуір, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz