Жоғары оқу орындарындағы оқу-жоспарлау құжаттары



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Білім берудегі құжаттар
2. Құжаттарды қолдану туралы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Университетте оқыту процесі - тек оқу сабақтары ғана емес, ол өзара байланысқан аудиториялық сабақтар; студенттердің өзбетінше жұмыстары және олардың қоғамдық еңбек іс-әрекеттері бөліктерін құрайды.
Оқу жылы Жоғары оқу орындарында (ЖОО) мектептердегі сияқты тоқсандарға емес, жарты жылдық оку семестрлеріне болінеді. Сонымен қатар, студенттердің өз таңдаулары мен арнайы пәндер бойынша сабақтары да ұйымдастырылады. Аудиториялық сабақтар құрамында, мектептерде көп қолданыла бермейтін, лекция оқылады. Өзбетінше орындалатын жұмыстар мектеп оқушыларының үй тапсырмаларының жаңа формалары ретінде-курстық жұмыс және жобалар, онан әрі емтихан және дипломдық жұмыстарға жалғасады. Мұның бәрі студенттердің шығармашылық қабілеттерін шыңдау бағытында жүргізілетін іс-шаралар болып табылады. Сондықтанда ЖОО оқу процесі — оқытушылар мен студенттердің шығармашьшық қарым-қатынасы болып табылады.
Оқу процесі қатаң жоспарлау негізінде ұйымдастырылады. Жоспарлау бірнеше деңгейде жүзеге асырылады. Мемлекеттік деңгейде жалпы міндетті білім беру стандарттары арқылы жүзеге асырылады. Оларда мамандық квалификацияның сипаттамасына байланысты меңгеруге қажетті білім, біліктілік және дағдылар назарға алынады.

Мысалы: 0313 шифрлы: "Кәсіби оқыту (профильмен)" мамандығы Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің 1996 жылғы 16 қантарындағы 11 бұйрығымен бекітілген.
1 . Білім туралы. - Об образовании: Қазақстан Республикасының Заңы. Алматы: Литера, 2000.
2. Г.Қ. Нұрғалиева, С.Мусин. Салыстырмалы педагогика. -Алматы: Ғылым, 1999.
3. Қ.Жарықбаев, С.Қалиев. Қазақтың тәлім-тәрбиесі. - Алматы: Сана, 1995.
4. Ж.Қоянбаев, Р.Қоянбаев. - Астана, 1998.
5. Е.Сағындықұлы. Педагогика. - Алматы, 1999.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Білім берудегі құжаттар
2. Құжаттарды қолдану туралы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

1 Жоғары оқу орындарындағы оқу-жоспарлау құжаттары

Университетте оқыту процесі - тек оқу сабақтары ғана емес, ол өзара
байланысқан аудиториялық сабақтар; студенттердің өзбетінше жұмыстары және
олардың қоғамдық еңбек іс-әрекеттері бөліктерін құрайды.
Оқу жылы Жоғары оқу орындарында (ЖОО) мектептердегі сияқты тоқсандарға
емес, жарты жылдық оку семестрлеріне болінеді. Сонымен қатар, студенттердің
өз таңдаулары мен арнайы пәндер бойынша сабақтары да ұйымдастырылады.
Аудиториялық сабақтар құрамында, мектептерде көп қолданыла бермейтін,
лекция оқылады. Өзбетінше орындалатын жұмыстар мектеп оқушыларының үй
тапсырмаларының жаңа формалары ретінде-курстық жұмыс және жобалар, онан әрі
емтихан және дипломдық жұмыстарға жалғасады. Мұның бәрі студенттердің
шығармашылық қабілеттерін шыңдау бағытында жүргізілетін іс-шаралар болып
табылады. Сондықтанда ЖОО оқу процесі — оқытушылар мен студенттердің
шығармашьшық қарым-қатынасы болып табылады.
Оқу процесі қатаң жоспарлау негізінде ұйымдастырылады. Жоспарлау
бірнеше деңгейде жүзеге асырылады. Мемлекеттік деңгейде жалпы міндетті
білім беру стандарттары арқылы жүзеге асырылады. Оларда мамандық
квалификацияның сипаттамасына байланысты меңгеруге қажетті білім,
біліктілік және дағдылар назарға алынады.

Мысалы: 0313 шифрлы: "Кәсіби оқыту (профильмен)" мамандығы Қазақстан
Республикасы Білім Министрлігінің 1996 жылғы 16 қантарындағы 11 бұйрығымен
бекітілген.
Аталған мамандық бойынша кәсіби білім беру бағдарламасының негізгі
мақсаты — кәсіби мамандықтың маңызы мен ерекшелігін жете түсінген, табиғи
танымдық деңгейі ғылыми жүйеде негізделіп қалыптасқан, өндірістік-
техникалық, экономикалық эрудициясы мен мәдениеті жоғары, кәсіби оқудың
бір профилі бойынша мамандықты жетік игерген жеке тұлғаны даярлап шығару.
Оқудың қалыпты мерзімі:
өндірістен қол үзіп (кұндізгі оқу) — 4 жыл;
өндірістен қол үзбей (сырттан және кешкі оқу) — 5 жыл;
Квалификация — инженер-педагог (арнаулы және техникалық пәндер
оқытушысы). Квалификация аты жоғары оку орынының (ЖОО) таңадаған
профилі бойынша анықталады.
Ескерту, Стандарт Рсспубликалық оқу-әдістемелік бірлестік (РОӘБ)
Кеңесі 1496 жылы 21 қазанда мақұлдаған, Білім министрлігі 1995 жылдың 18
сәуірінде бекіткен 0313 — "Кәсіби еңбекке баулу (профильмен)" мамандығы
бойынша Мемлекеттік стаңдарт жобасының ескертулер мен ұсыныстарды
сараптай отырып, толықтырылған варианты болып табылады.
I. Стандарттың міндеті:
Бұл құжат Қазақстан Республикасы жоғары білім жөніндегі мемлекеттік
стандартының бір бөлігі болып табылады. Ол "Кәсіби оқыту (профильмен)"
мамандығы бойынша негізгі жоғары білімнің мемлекеттік компонентік,
гүлектердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды студенттердің оқу
жуктемесінің максимал екенін, кәсіби білім беру бағдарламасы мазмұнының
міндетті минимумын, окуға түсушілерге қойылатын жалпы талаптарды, негізгі
жоғары білім алған адамдарды пайдалану сферасын белгілейді.
Стандартты орындамау жоғары оқу орынының корсетілген профиль бойынша
мамандарды дайындау құқынан айырылуына әкеліп соғады.

2. Окуға түсушілерге қойылатын жалпы талаптар
"Кәсіби оқыту (профильмен)" мамандығы бойынша кәсіби-педагогикалық дайындық
мақсатында жоғары оқу орынына түсушілердің белгілі үлгідегі аттестат немесе
дипломмен айғақталған толық орта, немесе орта арнаулы білімі болуы керек.
Олардың өздері таңдап алған профилі бойынша кәсіби еңбекке қабілеттілігін
көрсететін біліктілігі мен дағдысы немесе белгілі бір кәсіп бойынша
бастапқы квалификациясы болуы тиіс.
Орта мектеп көлеміндегі білім конкурстық емтихандармен анықталып, ал
жалпы еңбекке деген қабілет пен жұмыстардың орындалу технологиясын білуі -
құрал-жабдықтарды пайдалана білу дағдысы мен біліктілігін көрсету,
бұйымдардың элементтерін жасау арқылы шығармашылық конкурстық жолмен
анықталады.
Бітіруші мамандардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
1. Бітірушінің білімділігі мен біліктілігіне қойылатын жалпы талаптар.
Бітіруші маман төмендегі талаптарға жауап береді: әлеуметтік-
гуманитарлық, психология-педагогикалық ғылым салаларындағы негізгі
ілімдерді біледі, әлеуметтік-мәнді проблемалар мен үрдістерді ғылыми
қабілеттілікпен талдай алады, осы ғылымдардың әдістерін әр түрлі кәсіптік-
педагогтік және әлеуметтік іс-тәжірибеде қолдана алады;
адамның адамға, қоғамға қоршаған ортаға қарым-қатынасын реттейтін
этикалық және құқықтық нормаларын біледі, оларды шешу үшін өзі игерген
ғылымдардың әдістерін қолдана алады; іскерлік экономикасы, маркетинг,
менеджмент негіздерін біледі, оку-өндірістік жағдайларда іскерлік іс-
әрекеттерді, ұйымдастыра алады;
білім беру саласын, мәдениетті ұрпақтан ұрпаққа жалғастырушы, айырықша
гуманитарлық іс-әрекет саласы ретінде түсінеді;
білімін (дайындық профилінің пәндері бойынша) қажет ететіндерге
бейімдеп жүйеге келтіре алады; басқа адамдарға жалпы техникалық және
арнаулы пәндерді оқытуға, оларда дайындық профилі бойынша еңбек дағдысын
қалыптастыруға және ағарту мен мәдениет жұмыстары кіретін гуманитарлық
саладағы іс-әрекеттерге баулуға дайын болады;
өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыра алады, кәсіби-педагогикалық
салада қолданылатын ақпарды жинау, сақгау және өндеудің компьютерлік
әдістерін игерген; жеке адамды кәсіби-еңбекке тарту процесінде негізгі
түлға болуға дайын;
төмендегі жұмыстарға теориялық және практикалық тұрғыдан дайын:
профиль бойынша қолданылатын техника мен технология, өндіріс негіздері,
кәсіби-еңбекке баулудың теориялық негіздері бойынша іргелі білімді қажет
ететін кәсіби іс-әрекет түрлеріне ездігінен бейімделу;
оқушыларды еңбекке баулу және кәсіпке дайындау жөніндегі пәнаралық
жобаларды жасау; жаңа бағдарламаларды, оқыту технологиясы мен тәрбиелеу
жүйелерін түзу; өзінің мәдени қажеттілігін өз бетінше білім алып және
дамыту жолымен қанағаттандыру; халықгың қоғамдық-мәдени бөлігіне қажетті
жоғары азаматтық және адамгершілік қасиеттері болады.

3. Пәндер циклдары бойынша білім және біліктілікке қойылатын талаптар
1. Жалпы әлеуметтік-гуманитарлық пәндер циклы бойынша қойылатын талаптар.
Бітіруші:
а) философия, психология, педагогика, тарих, мәдениет тану салаларында;
- дүниетаным мен тіршіліктіқ ғылыми, философиялық және діни бейнеленуі
туралы; адам қызметі мен өмір сүру мені туралы түсінігінің болуы;
тәрбиелеу және білім беру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғары және арнайы орта оқу орындарындағы жастардың дене тәрбиесі
Қазақстанның Болон процесіне қосылуы
Дене мәдениеті және спорттың теориясы мен әдістемесі
Дене тәрбиесінің теориялық негіздері
Мұғалім және оның педагогикалық үрдісті ұйымдастырудағы рөлі, қоғамдағы мұғалімнің қызметі
Жоғары оқу орындарындағы оқу-жоспарлау құжаттары және оқыту процесі
Облыстың аумағындағы ықтимал авариялар мен апаттар, дүлей зілзалалар және олардың халық пен ұйымдар үшін салдары
Мамандыққа кіріспе
Қазіргі білім берудегі интеграциялық процестер
Кәсіпорындардағы Еңбекті қорғау
Пәндер