Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар
Кіріспе
1 Аудиторлық қызметтiң мазмұны, мақсаты және мәселелері
1.1 Аудиттің мәні мен мазмұны
1.2 Аудиторлық қызмет қағидалары және стандарттары
1.3 Аудиторлық қызмет саласындағы кәсіби ұйымдар
2 Аудиторлық қызметтің құқықтық реттелуі
2.1 Аудиторлық қызметті реттейтін нормативтік.құқықтық құжаттар
2.2 Аудиторлық ұйымдар мен кәсіби ұйымдардың құқықтары мен
міндеттері
2.3 Аудиттелетін субъектінің құқықтары мен міндеттері және жауапкершіліктері
2.4 Аудиторлық ұйымдарды аттестациялау және лицензиялау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар ҚР заңдарында және тапсырыс берушімен жасалған келісімшартта қарастырылатын өз міндеттерін біліктілікпен орындауға жауапты. Тексерулерді сапасыз жүргізіп, шаруашылық етуші субъектілерге зиян шектіретін болса, аудиторға келісімшартта қарастырылған мөлшерде материалдық жауапкершілік жүктейді. Аудитор өз жауапкершілігін аудиторлық фирманың қаражат есебінен, ал жеке аудитор - өз есебінен де, сақтандыру ұйымының есебінен де сақтандыра алады.
Аудиторлар қаржылық есептемелердің және басқа құжаттардың заң талаптарына сәйкеспейтін тұстарын аудиттелген субъектіге хабарлауға міндетті, сонымен бірге аудиттің нәтижелері мен басқа да мәліметтердің құпиялылығын сақтауға міндетті және қолданыстағы нормативті-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес басқа да міндеттерді орындауы керек.
«Аудиторлық қызмет туралы» заңға сәйкес біліктілік комиссиясы аудиторлық қызметпен айналысқысы келетін тұлғаны аттестациядан өткізеді. Комиссия «аудитор» атағын тиісті куәлік пен нөмірлік мөр береді.
Бірде бір заңды немесе жеке тұлға, егер ол белгіленген тәртіп бойынша тіркелмесе, аудиторлық қызметпен айналысуға кұқық беретін біліктілік комиссиясының аттестациялауынан өтпесе, онда оған аудитор атағы берілмейді немесе өзіне аудиторлык кызметпен айналысушы ретінде сипаттама бере алмайды .
Аудиторлық қызметтің кадрларын қалыптастыру - бұл біздің елімізде ұзақ уақытты алатын курделі процесс. 2010 жылға дейін аудиторлық фирма қызметкерлерінің санын 15 мың адамға жеткізу көзделіп отыр. Сөйтсе де үзақ мерзімге елімізде тәуелсіз бақылау органдары мен нарықтық экономиканы қалыптастыру үшін шамамен 30 мың аудиторлық бейіндегі (профиль) мамандары қажет болады. Бұл мемлекетаралық іске кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлардың институты, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті мен бухгалтер-аудитор, сарапшы, бағалаушы, маркетолог, менеджер және қаржылық есептік-талдамалы, құқықтық, т.б. бойынша бакы-лаушылар мен кеңес беруші сияқты жоғары білікті мамандарды дайындап шығаратын біркатар жоғары оқу орындары өз үлестерін қосуы керек.
Бүгінгі таңда Қазақстанның көптеген аудиторлық ұйымдарында кернекті нормативті базалар бар, бұл олардың аудиторлық тексерулерді сәтті жүргізуіне ғана емес, сондай - ақ кеңес беру және басқа да кәсіби қызметтерде жетістікке қол жеткізулеріне мүмкіндік береді. Осындай қызметтердің арасында айтарлыктай салмағы басымдары мыналар: қаржылық - шаруашылық қызметтерді талдау, кәсіпорындар мен банктердін төлем қабілеттілігін, кредиттік қабілеттіліктерін, өтелімділіктерін бағалау, бухгалтерлік есеп, есептеме жасау, құқық, салық салу, жекешелендіру, мүлікті бағалау, маркетинг, менеджмент мәселелері бойынша кеңес берулер және т.б.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Аудиторлық қызметтiң мазмұны, мақсаты және
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ...5
1.1 Аудиттің мәні мен
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .5
1.2 Аудиторлық қызмет қағидалары және
стандарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.3 Аудиторлық қызмет саласындағы кәсіби
ұйымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2 Аудиторлық қызметтің құқықтық
реттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.1 Аудиторлық қызметті реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттар
... ... ... .11
2.2 Аудиторлық ұйымдар мен кәсіби ұйымдардың құқықтары
мен
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.3 Аудиттелетін субъектінің құқықтары мен міндеттері және
жауапкершіліктері ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.4 Аудиторлық ұйымдарды аттестациялау және лицензиялау ... ... ... ...17
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 22
Кіріспе
Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар ҚР заңдарында және тапсырыс
берушімен жасалған келісімшартта қарастырылатын өз міндеттерін
біліктілікпен орындауға жауапты. Тексерулерді сапасыз жүргізіп, шаруашылық
етуші субъектілерге зиян шектіретін болса, аудиторға келісімшартта
қарастырылған мөлшерде материалдық жауапкершілік жүктейді. Аудитор өз
жауапкершілігін аудиторлық фирманың қаражат есебінен, ал жеке аудитор - өз
есебінен де, сақтандыру ұйымының есебінен де сақтандыра алады.
Аудиторлар қаржылық есептемелердің және басқа құжаттардың заң
талаптарына сәйкеспейтін тұстарын аудиттелген субъектіге хабарлауға
міндетті, сонымен бірге аудиттің нәтижелері мен басқа да мәліметтердің
құпиялылығын сақтауға міндетті және қолданыстағы нормативті-құқықтық
актілердің талаптарына сәйкес басқа да міндеттерді орындауы керек.
Аудиторлық қызмет туралы заңға сәйкес біліктілік комиссиясы
аудиторлық қызметпен айналысқысы келетін тұлғаны аттестациядан өткізеді.
Комиссия аудитор атағын тиісті куәлік пен нөмірлік мөр береді.
Бірде бір заңды немесе жеке тұлға, егер ол белгіленген тәртіп бойынша
тіркелмесе, аудиторлық қызметпен айналысуға кұқық беретін біліктілік
комиссиясының аттестациялауынан өтпесе, онда оған аудитор атағы берілмейді
немесе өзіне аудиторлык кызметпен айналысушы ретінде сипаттама бере алмайды
.
Аудиторлық қызметтің кадрларын қалыптастыру - бұл біздің елімізде ұзақ
уақытты алатын курделі процесс. 2010 жылға дейін аудиторлық фирма
қызметкерлерінің санын 15 мың адамға жеткізу көзделіп отыр. Сөйтсе де үзақ
мерзімге елімізде тәуелсіз бақылау органдары мен нарықтық экономиканы
қалыптастыру үшін шамамен 30 мың аудиторлық бейіндегі (профиль) мамандары
қажет болады. Бұл мемлекетаралық іске кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлардың
институты, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті мен
бухгалтер-аудитор, сарапшы, бағалаушы, маркетолог, менеджер және қаржылық
есептік-талдамалы, құқықтық, т.б. бойынша бакы-лаушылар мен кеңес беруші
сияқты жоғары білікті мамандарды дайындап шығаратын біркатар жоғары оқу
орындары өз үлестерін қосуы керек.
Бүгінгі таңда Қазақстанның көптеген аудиторлық ұйымдарында кернекті
нормативті базалар бар, бұл олардың аудиторлық тексерулерді сәтті
жүргізуіне ғана емес, сондай - ақ кеңес беру және басқа да кәсіби
қызметтерде жетістікке қол жеткізулеріне мүмкіндік береді. Осындай
қызметтердің арасында айтарлыктай салмағы басымдары мыналар: қаржылық -
шаруашылық қызметтерді талдау, кәсіпорындар мен банктердін төлем
қабілеттілігін, кредиттік қабілеттіліктерін, өтелімділіктерін бағалау,
бухгалтерлік есеп, есептеме жасау, құқық, салық салу, жекешелендіру,
мүлікті бағалау, маркетинг, менеджмент мәселелері бойынша кеңес берулер
және т.б.
ҚР Аудиторлық қызмет туралы заңы аудиторды жүзеге асырудың құқықтық
негіздерін анықтайды, әрі меншік иеленушілер мен мемлекеттің мүліктік
мүдделерін қорғауға ықпалын тигізетін тәуелсіз қаржылық бақылау жүйесін
құруға бағытталған. қызметті реттейтін еліміздің қазіргі заңы мен басқа да
заң актілерінен бөлек халықаралық келісімшарттармен және келісімдермен
жүзеге асыруға бет бұрса, онда халықаралык келісімшарттар мен келісімдердің
ережелері қолданылады .
1 Аудиторлық қызметтің мазмұны, мақсаты және мәселелері
1.1 Аудиттің мәні мен мазмұны
Еліміздің экономикалық нарықтық қатынасқа көшу барысында – ғылымы
мен білім практикалық қызметтің даму жолында жаңа ғылым саласының пайда
болуына алып келді. Бұл - аудит. Аудиттің мазмұнын терең анықтаудан бұрын
бұл сөздің шығу тарихын айтатын болсақ, ол алғашқыда "тыңдаушы" деген
мағынада қолданылған. Осы орайда "аудитор" сөзі нені білдіреді, оның
міндеті неде, қай уақытта пайда болған және қандай объективті жағдайлар
оған қажеттілік туғызғанын қарастыру қажет.
Аудитор латыннның "аudіо" деген сөзінен шыққан, яғни ол "тыңдап тұр"
деген мағынаны білдіреді. Шаруашылық жұмыс барысында тиісті мәліметті
тексеруші немесе бақылап-басқарушы тыңдаушы болған. Сондықтан ерте заманда
"аудитор"- "тыңдаушы" дегенді білдіретін, яғни қандай да бір нәрсені
тыңдайтын адам. Ол адам қызмет барысында аудитор деп аталынған.
Орта ғасырдың соңғы жылдарына дейін барлық елде әріп танитын және
жаза алатын адамдар өте аз болғандықтан, аудитор деп лауазымды
қызметкерлердің қорытынды есебін тыңдауға тиісті қызметкерлерді "аудитор"
деп атаған. Бір қызығы сол,ерте кездерде адамдар аудитор қызметінде есеп
берудің жазбаша түрінен, ауызша түрінде мәлімет есеп беруін артық санаған.
Өйткені кез-келген жазба құжатты қолдан әр түрлі етіп жазуға, өзгертуге
болады деп түсінген. Ал, ауызша есеп, мәлімет беруде көзбе-көз отырғанда,
есеп беруші өтірік айта алмайды деген. Екіншіден "тыңдаушы" мен саған
"сенемін" деген, адамгершілік қасиет негізге алынған деп тұжырымдауға
болады.
Аудит бізге осы уақытқа дейін белгісіз болды деп айтуға болмайды.
Шет елдерде аудит ерте заманда дамыған. Бухгалтерлік есеп жүргізуде,
экономикалық талдау жасауда, басшылық жүргізуден үлкен орын алған. Себебі
кәсіпорында басшылық жүргізуде, шаруашылықта бақылау жасауда, оған бірден-
бір негіз болатын, бухгалтерлік есеп және аудит қызметі екеніне үлкен көңіл
бөлінген. Сондықтан да, шет елдерде ерте кезден бастап арнайы бухгалтер-
сарапшы, аудитор дайындау өте қажет жұмыс деп табылған.
Америка Құрама Штаттарындағы ғалымдар аудиторлық фирмалардың
жұмыстарын, атқаратын функциясы зерттеу қорытындысына: "бұл аудит
қызметінің идеясы, мазмұны мен мағынасына ерекше көңіл бөліп қарастыруға,
талдауға тұрарлық жұмыс, біздің жағдайымызда оны қолдану, есепті жетілдіру
мен өндірісті басқару ісінде зор әлеуметтік ұйымдастырушылық және
экономикалық эффект берер еді" - деп жазған.
Аудит мамандарын шет елдерде әр түрлі атайды. Мысалы, АҚШ-та олар
қоғам бухгалтері, Англияда - ревизор, Францияда - бухгалтер-сарапшы немесе
есеп комиссары, Германияда - шаруашылық басқарушысы және тағы басқадай деп
те атайды. Айтылуындағы өзгешеліктеріне қарамастан олардың барлығы бір ғана
мақсатпен жұмыс істейді. Шаруашылық қызмет жасаушы субъектілердің
бухгалтерлік қорытынды есебін тексеру, оның ішінде қаржылық деңгейін
тексеріп анықтау ерекше орын алады. Аудитордың ең негізгі мақсаты сол
тексеру нәтижесіне тұжырым жасау арқылы аудиторлық қорытынды жасау.
Дамыған елдерде ерте кезден бастап аудит жұмысын шаруашылық
субъектілеріне қызмет көрсету деп атап кеткен. Оған себеп, кәсіпкер өз
субъектісі туралы аудиторлық қорытынды алу үшін келісім-шарт жасау арқылы
төлем жасайды, ал өз кезегінде келісім-шарт талабына сәйкес тексеру жасап,
аудиторлық қорытынды береді. Аудитор өз кезегінде әр түрлі қызмет
көрсетеді. Мысалы, бухгалтерлік есеп жұмысын ұйымдастыру туралы, салық
мекемесіне есеп айырысу тәсілдері туралы, банк операцияларын жүргізу туралы
тұжырымдарға кеңес, тағы басқалай әр түрлі қызмет көрсете алады.
Аудит жұмысының тағы бір ерекшелігі ол - шаруашылық субъектілеріне,
өндіріс барысына байланысты, өнімді сату барысына, маркетинг мәселелеріне
қатысты түсініктемелер, кеңес берумен шұғылданады. Олай дейтініміз, ірі
аудит фирмалары үлкен информатика орталығын қолданып жұмыс жүргізеді.
Үшіншіден, аудит жұмысы ақша, құнды қағаз қаржысы мен кәсіпкерлік
жасайтындардың яғни, қаржы компанияларының, банкілердің, биржалардың, акция
иелерінің қорытынды бухгалтерлік есеп көрсеткіштерін, ақпарат мәліметтерін
тексеріп өзінің аудиторлқ қорытындысын жасауы. Өз кезегінде осы аудитор
қорытындысы ақша, құнды қағаз айналу операцияларын жүргізетін, делдал
кәсіпкерлерге өзара немесе өндірістік кәсіпкерлер тобымен жұмыс істеуіне
кепілдік береді. Қорыта келгенде, аудитор қорытындысына сүйене отырып,
ақшамен, кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындар, кәсіпкерлер күдіксіз
өзара қарым-қатынасқа түседі. Мысалы, банк несие беру үшін шаруашылық
субъектілерінің өндірісінің тиянақты жұмыс жүргізетін қаржылық жағдайының
тұрақты екенін аудит қорытындысы арқылы анықтайды. Сол сияқты, кез-келген
кәсіпорында өзара қарым-қатынасқа сенімді болу үшін аудитордың қорытындысы
болу қажет.
Осы жоғарыда айтылған аудит ерекшеліктерін іс жүзінде қолдану үшін
экономикасы жоғары дамыған елдерде, кәсіпорындардың мерзімдік
қорытындылары, бухгалтерлік отчеты тек қана аудитор қорытындысы болған
жағдайға ғана басылымға шығады. Кәсіпкерлер сол басылымға шыққан есеп-
акпарат мәліметтерін зерттеп, талдау жасағаннан кейін ғана өзіне қажет,
сенімді кәсіпорындармен қарым - қатынасқа түседі. Яғни, анық мәлімет алу
үшін мұқтаждығы бухгалтерлік ақпараттардың дұрыстығын анықтайтын аудит
жұмысының қажеттілігін тудырады.
Аудит – бұл қаржылық есеп берулердің шынайылығы мен дұрыстығын
айқындау мақсатында жүргізілетін тәуелсіз тексеру.
Аудиторлық қызмет – бұл аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың
қаржылық есеп берулердің аудитін жүргізу бойынша кәсіпкерлік қызмет.
Аудиторлық ұйым – бұл кез-келген ұйымдастырушылық құқықтық нысанда
аудиторлық қызметті жүзеге асыру үшін құрылған коммерциялық ұйым.
Аудиторлық қызметтің мақсаты – аудиторға қаржылық есеп берудің
бекітілген концептуалды негіздерге сай құрастырғаны туралы өз ойын
білдіруге мүмкіндік беру табылады. Аудит мақсатының бұл стандарты
анықтамаларына қарамастан іс жүзінде аудит мақсаты ретінде аудиторға
клиенттің қойған талаптарын түсінеміз.
Аудиторлық қызмет туралы заң ҚР аудиторлық қызметті жүзеге асыру
процесінде мемлекттік органдар, жеке және заңды тұлғалар, аудиторлар,
аудиторлық ұйымдар және кәсіби аудиторлық ұйымдар арасында туындайтын
қатынастарды реттейді.
Аудитордың негiзгi мақсаты – тапсырушылар анықталған фактiлердi
дәлелдеп, оған толық түсiнiктеме беру. Өз тарапынан аудитор алдына
фактiлерге сүйене отырып қылмыстарды сотқа немесе тергеуге беру мақсатын
қоймайды. Ондай шешiмдi тапсырушы қабылдайды, ал аудитор тек қана сол
фактiлердi дәлелдейтiн құжаттар жасап бередi.
Аудит қызметiне, барлық елдерде мiндеттi түрде қолданылатын
элементтер бар: қарастыру, бақылау, талдау, iздестiру, анықталған
фактiлердi дәлелдеу. Сонда да әр елдерде жүргiзiлетiн аудит қызметiнде сол
елдiң шаруашылық ерекшелiктерiне байланысты өздерiне тиiмдi әр түрлi
әдiстер қолданылуы мүмкiн.
Барлық елдерде аудит қызметiнiң қажеттi деп танылған талаптары, ол -
сол елдiң заңына және нормативтiк құжаттарына, ереже-нұсқауларда анықталған
тәртiпке сай бухгалтерлiк есептiң және әдiстiң мүлiктi бағалау жолының,
есеп айырысу тәртiбiнiң, ақпарат жасауының орындалуы.
Аудит қызметiнiң даму жолында құқылық-мiндеттiлiк жағынан аудит
стандарты үлкен роль атқарады.
Қабылданған “Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы”
заң елiмiздегi аудит қызметiнiң дамуына, бiр жүйеде жүргiзiлуiне әсерiн
тигiзетiн сөзсiз.
1.2 Аудиторлық қызмет қағидалары және стандарттары
Аудитор алдына қойған мақсаттарына жетуде келесі негізгі
қағидаттарды жетекшілікке алуы қажет:
- тәуелсіздік;
- объективтілік;
- кәсіби құзыреттілік;
- құпиялылық;
- адалдық;
- жүйелілігі және бүтін болуы;
- оперативтілігі.
Тәуелсіздік принципі – аудиторлар тексерілетін қаржылық есеп
берулер. Ешқандай астыртын ойсыз зерттеулері қажет. Қаржылық мәліметтерді
ұсынатын тұлғаларға байланыссыз қатынасы болуы керек.
Объективтілік принципі – бұл берілген іске қатынасы бар тек қана
факторларды есепке алатын ойлау образы. Аудитор өзінің кәсіпқой жұмысына
келгенде тік мінезді, шынайы болуы қажет.
Құпиялылық принципі – латын тілінен сенімділік деген мағынаны
береді, яғни сенімділік арту жарияламау. Аудитор үшінші бір жаққа
жұмыс барысында жинақтаған мәліметтерді жарияламау қажет.
Адалдық принципі – аудитор өзінің кәсіби қызметін жүзеге асыруда
шыншыл, адал болуы қажет.
Жүйелілігі және бүтін болуы – бұл қағида аудиттің зерттеу
объектілерінің барлық жақтарын өзара байланысты оқшауланбаған бір
жүй е ретінде қарастыруларды білдіреді.
Оперативтілігі – іс - әрекет деген мағынаны білдіреді. Аталған
қағида мәселелерді тез арада тиімді түрде орындауды және
қабылданған шешімдерді жылдам енгізуді білдіреді.
Стандарттар деп – аудиттің теориясы мен практикасында
аудиторлық процедуралардың негізгі ережелерін түсінеміз. Аудит
стандарттары республикалық аудиторлық палатасының конференциясында
қабылданды және мемлекеттік уәкілетті органдармен бекітіледі.
Қазақстанда 2000ж. Наурыз айынан бастап ХАС-ры әрекет етеді. Жалпы
аудит стандарттары келесі топқа бөлінеді:
1.Жалпы аудит стандарттары - аудиттің жалпы принципін және
мақсатын анықтайтын клиенттермен келісім қатынасын реттейтін
аудиторлардың біліктілік дәрежесін және этикалық нормасын анықтайтын
стандарттар нормасы жатады.
2.Жұмыс стандарттары – аудитті жүзеге асыру кезінде аудитор мен
жетекшіліккке алынатын стандарттар. Аудиторлық тексеруді жоспарлауды,
мәліметтерді жинақтау мен қолдануды, бухгалтерлік есеп пен ішкі бақылау
жүйесін бағалауды, аудиторлық дәлелдеулерді, талдамалы процедураларды
қамтиды.
3.Есеп беру стандарттары – аудиторлық тексерулері бойынша
материалдарды ұсыну, материалдардың формасы мен мазмұнына қойылатын
талаптарды білдіреді.
4.Ішкі фирмалық адиторлық стандарттары – аудиттің халықаралық
стандарттары аудитті жүргізудегі жалпы ыңғайларды тексеру масштабтарын,
методологияны анықтайды, дегенмен бұл стандарттар тексеру процесінде
қолданылатын нақты процедураларды, әдіс тәсілдерді реттемейді, сондықтан
аудитор мен аудиторлық фирмалар халықаралық стандарттар негізінде өзінің
жұмысының ерекшеліктерін ескеретін ішкі фирмалық аудит стандарттарын
жасайды.
Негізгі постулаттар - бұл аудиторлық қызметтің жалпы
стандарттарының қызметтің жалпы стандарттарының негізін білдіретін қажетті
шарттар мен логикалық принциптер, зандылықтар. Олар аудиторға нақты
стандарттардың белгілі бір тұста қолдануға жарамайтын жағдайында есеп
берулерді жасау пікірін қалыптастырудың схемасы ретінде қызмет етеді.
Олардың ішінде арнайы экономикалық әдебиеттерде ең маңызды делінетін
мынадай негізгі постулаттар ұсынылады:
1.Тексеруші орган өз қызметінде барлық мәселелер бойын-ша аудиторлық
қызметтің стандарттарына сэйкес эрекет етуі керек.
2.Аудиторлық (тексеру) органның еш қоспасыз өз пікірі болуы және
тексеру барысында пайда болатын әр түрлі жағдайларды дербес
бағалауы керек.
3. Қоғамдық сана өскенде қоғамдық қаражат сеніп тап-сырылған жеке
тұлғаны немесе ұйымды бақылауға талап күшейеді; олардың елдің
көзінше, яғни көпшілік алдында есеп беруіне және қаржылық - шаруашылық
операцияларын дұрыс жүргізуіне қолдау көрсету.
4. Есеп берушілікті дамыту ақпаратты алу, бақылау жүйесінің дұрыс
жүргізілуі мен жетілуіне ықпалын тигізуі керек. Қаржылық есеп берулер
және басқа мэліметтер мазмұнының толық болуы мен формасының дұрыс
болуына кәсіпорын басшысы жауап береді. Тексерілген (немесе
тексерілетін) бірліктер қаржылық жағдайдың сипаты мен өз
қызметінің нәтижелеріне, сондай-ақ жинау жүйесін әзірлеуге жэне ақпаратты
әзірлеуге жауапты болып табылады.
5. Басшылық пен үкіметтің тиісті органдары қаржылық есеп берулердің
стандарттарын таратуға кепілдеме беруі керек.
6. Есеп берулердің стандарттарын дәйекті түрде, яғни
тізбектілікпен қолдану қаржылық жағдай мен қызмет нәтижелері туралы дәл
қорытынды
7. Ішкі бақылаудың барабарлық (адекватной) жүйесі болғанда
ықтимал қателіктер мен бұрмаланушылық ең төменгі деңгейде азаяды. Осыған
байланысты аудитор ішкі бақылау құралы қабылданған нормаларға
сәйкес келмесе немесе ол мүлдем жоқ болған жағдайда тексерілген
бірлікке өз ұсынысын енгізеді.
8. Заң актілері бақылаудағы қызметтерді жан-жақты бағалауда
қажет болатын қолдағы бар ақпараттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін
тексеруші органдарымен ревизия бірліктерінің ынтымақтастықта болуын мақсат
етеді.
9. Барлық аудиторлық қызмет заң актілерімен, келісім-шартпен және
басқа да нормативті құжаттармен белгіленетін өкілеттіліктің шегінен
шықпауы тиіс.
10. Тексеруші органдар аудит технологиясын жетілдіруге және шаруашылық
операцияларының заңды болуына ықпал етуі керек. Аудиторлар кәсіпорында
жүзеге асырылатын шаруашылық шараларын тексеру мен бағалау
технологиясын, әдістерін жақсарту үшін ұдайы жұмыс істеуге міндетті.
11. Тексеруші органдар аудитор мен тексерілетін бірлік мүдделерінің қарама-
қайшы келуінен сақтануы, яғни олардың арасында жанжалға жол бермеуі керек.
Ал бұл үшін аудитор мен аудиторлық стандарттар Әдебі (этика) кодексіндегі
тәртіптерді ұстанып, объективті тәуелсіз болуы қажет.
12. Аудиторлық органдар зерттеу, бағалау жэне қаржылық есеп берудің жағдайы
туралы қорытынды шығару жолымен тексерілетін ұйымның қаржылық қызметін
аттестациядан өткізеді, шаруашылық қызметті оның қол жеткізген нәтижелерін
жоспарланған межесімен салыстырып, барлық ресурс түрін қалай пайдаланғанын
ескеріп, үнемдеу, өнімділік және тиімділік мәселелрі бойынша тексеруден
өткізеді.
1.3 Аудиторлық қызмет саласындағы кәсіби ұйымдар
Аккредиттелген кәсiби аудиторлық ұйым - аудиторлар мен аудиторлық
ұйымдардың өзiн-өзi реттейтiн бiрлестiгi болып табылатын коммерциялық емес
ұйым.
Кәсіби аудитордың аудитордан бірден - бір басты айырмашылығы –
қоғам, клиент және әріптестерінің алдындағы жауапкершілігін терең сезінуі
болып табылады. Ол өзінің кәсібіне деген сенімділікті жоғалтатын кез –
келген әректтер жасамайды. Аудитор өзінің қызметін міесіз орындауға
тырысқаны дұрыс, ол үшін тәуелсіз, адал әрі объективті болуы керек.
Аудиторлық қызмет
1. Аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар аудиторлық ұйымдар
аудиторлық қызметпен айналысу құқығына ие болады.
2. Аудиторлық ұйымдар аудиттен басқа, өз қызметiнiң бейiнi бойынша мынадай
қызметтердi де көрсете алады:
1)аудит стандарттарына сәйкес өз қызметiнiң бейiнi бойынша iлеспе
қызметтер;
2)бухгалтерлiк есептi қалпына келтiру және жүргiзу, қаржылық есептiлiктi
жасау;
3) iшкi аудит;
4)салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер жөнiндегi
заңнаманы қолдану және салық есебiн жүргiзу мәселелерi бойынша консультация
беру;
5) ұйымның статистикалық есептiлiгiн жасау;
6)қаржы-шаруашылық қызметтi талдау және қаржылық жоспарлау, экономикалық,
қаржылық және басқарушылық консультация беру;
7)бухгалтерлiк есептi жүргiзу және қаржылық есептiлiктi жасау мәселелерi
бойынша консультация беру;
8)бухгалтерлiк есептi жүргiзу және қаржылық есептiлiктi жасау, салық салу,
аудит және қаржы-шаруашылық қызметтi талдау мен қаржылық жоспарлау бойынша
оқыту;
9)бухгалтерлiк есептi жүргiзудi және қаржылық есептiлiктi жасауды
автоматтандыру жөнiнде ұсынымдар беру, бухгалтерлiк есептi жүргiзу мен
қаржылық есептiлiктi жасауды автоматтандыруға үйрету;
10)бухгалтерлiк есептi жүргiзу және қаржылық есептiлiктi жасау, аудит,
қаржы-шаруашылық қызметтi талдау және қаржылық жоспарлау жөнiнде, аудит
стандарттарына сәйкес өз қызметiнiң бейiнi бойынша iлеспе қызметтердi
көрсету жөнiнде әдiстемелiк құралдар мен ұсынымдар әзiрлеу;
11) аудиторлық қызметке байланысты заң қызметтерiн көрсету;
12)бухгалтерлердiң халықаралық федерациясы жанындағы Халықаралық аудиторлық
практика жөнiндегi комитеттiң Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы
келмейтiн ұсынымдарына сәйкес жүзеге асырылатын қаржылық есептілік аудитiне
iлеспе өзге де қызмет түрлерi.
лицензия алуды талап етсе, аудиторлық ұйымдар осындай лицензиясыз бұл
қызметтердi көрсетуге құқылы емес.
2. Аудиторлық қызметтің құқықтық реттелуі

Аудиттік кызметтерді жүзеге асырумен байланысты кұқыктық және
этикалық нормалардың өзара қарым - катынасын мемлекеттік және кәсіби
тәуелсіз қаржылық бақылау органдары әзірлейді. Біздің елімізде аудитті
нормативті - құқықтық реттеудің мемлекеттік жүйесі кұрылған. Тәуелсіз
қаржылық бақылау ұйымының занды базасының негізгі элементтеріне кіретіндер:
- ҚР Конституциясы;
- ҚР Азаматтык кодексі;
- ҚР Аудиторлық кызмет туралы заңы;
- ҚР Бухгалтерлік есепке алу мен каржылық есеп беру туралы заңы;
- ҚР Қылмыстык кодексі;
Салықтар жэне бюджетке міндетті басқа толемдер туралы кодексі;
-ҚР Әкімішілік жолмен құкык бүзушылар туралы кодексі;
-ҚР Бюджет кодексі;
-ҚР Акционерлік коғамдары туралы; Банкроттык туралы; Шетелдік
инвестиция туралы; Шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестіктер
туралы, Қазакстан Республикасының Ұлттық банкі туралы және т.б. заңдары.
Жоғарыда аталған занды құжаттарда аудиторлық қызметке тікелей қатысы
бар маңызды нормалар мен ережелер анықталған. Оларды айқын білген жөн және
іс жүзінде дұрыс қолдану керек. Бұл арада қолданыстағы нормативті -кұқықтық
актілер жүйелі түрде толықтырылып, өзгертіліп тұратынын және қажет болған
жағдайда қайтадан жасалатынын ескеріп отыру керек.
Белгілі болғандай, 1998 жылдың 18-ші қазанында Қазақстан
Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңы алғаш рет қабылданғаннан
кейін еліміздің экономикалық және қоғамдық саяси өмірінде елеулі өзгерістер
болып өтті. Экономиканы, қаржы - несие жүйесін басқару және оларды
нормативті - құқықтық реттеу салаларында реформалар болды. Өнеркәсіптерде,
саудада, кұрылыста, ауыл шаруашылығында және көлік саласында нарықтық
қатынастарды одан әрі тереңдету бойынша шаралар қабылданды. Кәсіпкерлікті
дамытуға және меншіктерді мемлекеттендіру мен ұлттық экономиканың көптеген
салаларындағы жекешелендіруге экономикалық жағдай жасалып, құқықтық
негіздері қаланды.
Бухгалтерлік есеп пен аудит бойынша халықаралық стандарттарға
көшу, бизнес саласындағы заңды және қаржылык - несиелік қатынастарды реттеу
жүзеге асырылады .
Мұның бәрі 1998 жылдың 20-шы қазанында қабылданған ҚР Аудиторлық
қызмет туралы жаңа заңды әзірлеу шарттарын тудырды. Ескі заңмен
салыстырғанда, оның аудиторлық қызметті лицензиялау және жүзеге асыру,
аудитор кандидаттарын аттестациядан өткізудің тәртібі. Сондай - ақ бұл
саланың негізін қалаушы ұғымдары, принциптері, түрлері, субъектілері туралы
толығырақ айтылған. Аудиторлар және аудиторлық ұйымдармен қатар
аудиттелінетін субъектілер мен оның тапсырыс берушілерінің құқықтарына,
міндеттеріне және жауапкершілігіне ерекше мән берілген .
Аудит туралы екінші заңның уақтылы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz