Сақарадағы рухани өмірдің өзіндік ерекшеліктері



Кіріспе
1.тарау
Ақтамберді жыраудың өмірі жайлы деректер
2.тарау.
Ақтамберді жыраудың шығармаларының идеялық тақырыптары.
3.тарау. Ақтамберді жыраудың шығармаларының көркемдік ерекшеліктері.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер.
Қазақ поэзиясының, қазақ жазба әдебиетінің түп тамыры қадым замандарға барып тіреледі. Дәуіріне сай дамыған мәдениеті, төл жазуы болған бабаларымыз ілкі орта ғасырлардың өзінде (V-VII ғас) мәңгі өлмес мұралар жатады. Ғылымда «Орхон-Енисей жазулары» аталатын , түрік тайпаларының байырғы қоныс-мекендерінде көне түрік жазуымен тасқа қашалып қалдырылғанбұл тамаша ескерткіштер қазіргі адамзат мәдениетінің даму тарихындағы ең елеулі мұралардың бірі болып саналады.
Түрік қағанаттары құлағаннан (XVIII ғас.) соңғы жерде түрік әлеміндегі әдеби өмір орталығы тікелей қазіргі Қазақстан жеріне-Жетісу мен Сыр бойына ауысады.
Өзіндік сыпатқа ие дала мәдениетімен қоса қала мәдениетіде өркендиді.Осы кезеңде бірталай түркі тайпаларының ислам дінін қабылдауына байланысты,бұған дейін кеңінен қолданылып келген руна жазуын және ғылымда шартты түрде ұйғыр жазуы деп аталатын екінші бір көне түрік жазуын араб жазуы алмастыра бастайды.
Өлкенің әкімшілік,эканомикалық және мәдени орталықтарына айналған ірі қалаларда маңына оқымыстылар,діндар ғұламамалар топтасқан үлкен мешітте салынады,мектептер,медреселер ашылады.Дәл осы кезде қәзіргі қазақ жерінен мұсылман әлемінде «мұғалім әс-сани»-мәшһүр Аристотельден соңғы екінші ұстаз атанған Әбунасыр әл-Фарабидің өсіп шығуы кездейсоқ еместі.Және Отрардан қанаттанған ұлы ғалым жапнда өнген жалғыз бәйтерек болып қалған жоқ.Сол көне күндерде жасаған,шығыста кеңінен танылған астроном әрі математик Аббас Жауһари,филолог Ысқақ әл-Фараби, географ Жанақ әл-Қимақи сияқтыоқымыстылар отандық білім мен мәдениеттің биік өресін танытады.
: Бұл дәуірде жасалған әдеби мұралардың дені өлкеде ешқашан толастамаған қырғын соғыстар кезінде жойылады,енді біразы уақыт шаңы астында із-түзсізжоғалады.Ал біздің заманымызға жеткен үлгілердің ішіндегі ең көнесі,әрі көлемдісі-1069 жылы жазылған ат ақты дидактикалық шығарма- «Құтадғу білік»-.Поэма авторы Юосуф Хас ХадживШу алқабындағы Баласағұн қаласының тұрғыны еді.Екінші бір елеулі ескерткіш-Түркістан қаласынан шыққан софы ақын Хожа Ахмет Яссауидің «Диуан хикмат» атты өлеңдер жинағы .Қыпшақ диалектісінде жазылған Яссауи өлеңдері өз кезінде сақарадағы көшпенділер арасына кеңінен тарады.
Бұдан соңғы ғасырларда жасаған,қазақ әдебиеті тарихына белгілі мөлшерде қатысы бар ақын-жазушылардың ішінен Хакім-Ата, Дүрбек пен Сейф Қашғари жазған түркі тілдерінің сөздігі «Диуани лұғатта-түрік» және қыпшақ тілінің сөздігі «Кодекс куманикус»сияқты ескерткіштер де көне дәуірдегі қазақ поэзиясы, қазақ фольклоры туралы мол мағлұмат ,құнды деректер береді.
1.М.Мағауин «Қазақ әдебиетінің тарихы»Алматы,1992.
2.Х. Сүйінішәлиев «Қазақ әдебиетінің тарихы» Алматы,1997.
3. «Қазақ әдебиетінің тарихы» 3 том Алматы, 2000.
4. Х.Сүйінішәлиев «VIII-XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті» Алматы,1989.
5. Қ Өмірәлиев «XV-XIV ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі» Алматы,1976.
6. «Қазақ хандық дәуіріндегі әдебиет» хрестоматия 1992.
7. Қ Жұмалиев «XVIII-XIV ғасырдағы қазақ әдебиеті» Алматы,1967.
8. М.Мағауин «Қазақ тарихының әліппесі» Алматы, 1995.
9. Ә.Қоңыратбаев «Қазақ әдебиетінің тарихы» Алматы, 1994.
10. «Ерте дәуірдегі қазақ әдебиеті» зерттеулер жинағы Алматы,1983.
11.Қ .Мәдібай «Хандық дәуір әдебиеті» Алматы, 1992.
12. С. Бегимов «Ақын жыраулар поэзиясының бейнелігі» Алматы, 1991.
13. «Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін» Алматы, 1994.
14. Қ. Сыдықов «Қазақ әдеби тілінің тарихы» Алматы, 1993.
15. Ө.Танабаев «Жыраулар поэзиясы және табиғаты» Алматы,1999.
16. Ғ.Мұқатов «Үмбетей жыраудың әдеби мұралары» Алматы,1991.
17.М. Өтемісұлы «Өлеңдері» Алматы,1962.
18. Ж.Ж. Бектуров «Художественно-композиционные особенности поэзии жырау и акынов» Алма-ата, 1977.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Қазақ поэзиясының, қазақ жазба әдебиетінің түп тамыры қадым
замандарға барып тіреледі. Дәуіріне сай дамыған мәдениеті, төл жазуы
болған бабаларымыз ілкі орта ғасырлардың өзінде (V-VII ғас) мәңгі өлмес
мұралар жатады. Ғылымда Орхон-Енисей жазулары аталатын , түрік
тайпаларының байырғы қоныс-мекендерінде көне түрік жазуымен тасқа қашалып
қалдырылғанбұл тамаша ескерткіштер қазіргі адамзат мәдениетінің даму
тарихындағы ең елеулі мұралардың бірі болып саналады.
Түрік қағанаттары құлағаннан (XVIII ғас.) соңғы жерде түрік
әлеміндегі әдеби өмір орталығы тікелей қазіргі Қазақстан жеріне-Жетісу
мен Сыр бойына ауысады.
Өзіндік сыпатқа ие дала мәдениетімен қоса қала мәдениетіде
өркендиді.Осы кезеңде бірталай түркі тайпаларының ислам дінін қабылдауына
байланысты,бұған дейін кеңінен қолданылып келген руна жазуын және ғылымда
шартты түрде ұйғыр жазуы деп аталатын екінші бір көне түрік жазуын араб
жазуы алмастыра бастайды.
Өлкенің әкімшілік,эканомикалық және мәдени орталықтарына айналған
ірі қалаларда маңына оқымыстылар,діндар ғұламамалар топтасқан үлкен
мешітте салынады,мектептер,медреселер ашылады.Дәл осы кезде қәзіргі
қазақ жерінен мұсылман әлемінде мұғалім әс-сани-мәшһүр Аристотельден
соңғы екінші ұстаз атанған Әбунасыр әл-Фарабидің өсіп шығуы кездейсоқ
еместі.Және Отрардан қанаттанған ұлы ғалым жапнда өнген жалғыз бәйтерек
болып қалған жоқ.Сол көне күндерде жасаған,шығыста кеңінен танылған
астроном әрі математик Аббас Жауһари,филолог Ысқақ әл-Фараби, географ
Жанақ әл-Қимақи сияқтыоқымыстылар отандық білім мен мәдениеттің биік өресін
танытады.
: Бұл дәуірде жасалған әдеби мұралардың дені өлкеде ешқашан
толастамаған қырғын соғыстар кезінде жойылады,енді біразы уақыт шаңы
астында із-түзсізжоғалады.Ал біздің заманымызға жеткен үлгілердің
ішіндегі ең көнесі,әрі көлемдісі-1069 жылы жазылған ат ақты дидактикалық
шығарма- Құтадғу білік-.Поэма авторы Юосуф Хас ХадживШу алқабындағы
Баласағұн қаласының тұрғыны еді.Екінші бір елеулі ескерткіш-Түркістан
қаласынан шыққан софы ақын Хожа Ахмет Яссауидің Диуан хикмат атты
өлеңдер жинағы .Қыпшақ диалектісінде жазылған Яссауи өлеңдері өз кезінде
сақарадағы көшпенділер арасына кеңінен тарады.
Бұдан соңғы ғасырларда жасаған,қазақ әдебиеті тарихына белгілі
мөлшерде қатысы бар ақын-жазушылардың ішінен Хакім-Ата, Дүрбек пен Сейф
Қашғари жазған түркі тілдерінің сөздігі Диуани лұғатта-түрік және қыпшақ
тілінің сөздігі Кодекс куманикуссияқты ескерткіштер де көне дәуірдегі
қазақ поэзиясы, қазақ фольклоры туралы мол мағлұмат ,құнды деректер
береді.
Қанша қырылғанымен ,жергілікті түрік тілді халық та біржола
жойылып кетпеген.Осының нәтижесінде ,Жошы ұлысындағы моңғолдардың үлес
салмағы шамалы ғана болып шығады.Араб тарихшысы әл-Омаридің айтуынша, көп
ұзамай-ақ моңғолдар түрік тайпаларының арасына сіңіп, жойылып кетеді.Бүкіл
ел қайтадан қыпшақтанады, Қыпшақ тілі мемлекет тіліне айналады, қалың
бұқара ғана емес.Шыңғыс ұрпағы хан-сұлтандар да өздерін қыпшақ
санайды,сөйтіп ақыр түбінде жеңіске жеткен-жаулаушылар емес ,жауланушылар
болып шығады.
Қазақ әдебиеті қазіргі Қазақстан жерін жайлаған тайпалар туғызған
бай рухани қазынаның заңды мұрагері еді.Ол өзіне дейін ғасырлар бойы
жасалған мол мұрадан нәр алды,ежелгі дәстүрлерді дамыту, тың тақырыптар
игеру,соны соқпақ, сораптар қалыптастыру нәтижесінде кемелденді.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті: Сақарадағы
рухани өмірдің өзіндік ерекшеліктері көп еді.Кең даладағы көшпенді
тірлік, тұрмыстық қоғамдық өзгешелік сөз өнерінің соны сыпатта
қалыптасуына себеп болған-ды. Өнер алды – қызыл тіл, ал тіл шұрайы -өлең
сөз деп танылды. Халықтың рухани өмірінде жетекші орынға шыққан поэзия
әлденеше ғасыр бойы қазақ әдебиетінің жай ғана көшбасшысы емес,ең басты
жанры қызметін атқарады. Ал осы кезеңдегі қазақ поэзиясының ең ауыр
жүгін көтерген сөз өнерінің жетекшісі өкілдері- жыраулар болды.Қазақ
жыраулары XV-XVIII ғасырлар шегінде бүкіл әлемдік мәні бар аса құнды әдеби
мұра жасады.
XVIII ғасырдың аяғында Қазақстан жерінің біршама бөлігі Россия
құрамына енеді,XIX ғасырдың 60 –жылдарында қазақ даласы тұтасымен
жауланып империяның құқығы кем ,бас билігі жоқ езілген отарына
айналады.Қазақ жұртының мың жарым жылдық ұзақ тарихындағы ең ауыр кезең
басталады. Бірақ рухани өмір толастамайды. Отарлық дәуірге,зар
заманға орай ел мұңын мұңдаған,күреске шақ жарыққа жол іздеген жаңа әдебиет
қалыптасады.Сонымен қатар ,халық өзінің тәуелсіз заманындағы көркем
сөз үлгілерін аялап сақтап, келер ұрпаққа мұрат етіп жеткізеді.
Ерекшелігі:Орта ғасырлардағы қазақ поэзиясында жыраулар жетекші роль
атқарады.Жырау шығармалары әдетте нақыл, қанатты сөздерден құралған
философиялық толғаулар түрінде келеді. Толғауларда жырау өзінің адам
және заман жайында түйгендерін, тіршілікте, табиғатта жүріп жататын
өзгерістер, оның мән- мағынасы жөніндегі түсініктерін баяндайды.Өздері
өмір кешкен жауынгерлік заман талабына сай өмір кешкен, кейде, тіпті
батыр, қолбасы болған жыраулар ерлік сарында отаншыл жырлар туғызады.
Жыраулар қолданған көркемдік тәсілдер жырау поэзиясының ішкі мазмұнына
орайлас.
Құрлымы: Курыстық жұмыс негізгі үш тараудан тұрады.Кіріспесінде
жалпы жыраулар поэзиясына сипаттама берілген. Бірінші тарауда Ақтамберді
жыраудың өмірі туралы деректер берілген.Екінші тарауында Ақтамберді
жыраудың шығармаларындағы тақырыптарының идеяларына сипаттама
берілген.Үшінші тарауында Ақтамберді жыраудың шығармаларындағы көркемдік
ерекшеліктеріне толық сипаттама берілген.
Тақырыптық талдау: Ел-жұртымен бірге өмір сүріп, олардың басына
түскен ауыртпашылықтарға ортақтасып, қайғы-қасіреттерін мұңды-сазды
әуендерімен зарлана-шерлене толғап жыраулар өтті. Көңілді, нұрлы
кезеңдерін шалқыта, шабыттана толғап, ойнақты, ойлы термелерімен
төгілте, төндіре айтып, тыңдаушыларын қызыққа бөлеп, қуанта білді.
Кейде салмақты, салқын сырымен тамаша ақыл-нақыл сөздер термелеп, үлгі-
өнегелер ұсынды. Қасарысқан ханына, жауласқан жауына қарсы халық
алмастай өткір тілді ерлік жырларын сайысқа салады. Халық ерлігін, ел
бірлігін, ең қымбат адамгершіл қасиеттерді келешек жас қауымға табыс
етті. Осылайша жыраулар поэзиясы өзіне жүктелген заман салмағын
қайыспай көтеріп, актуальды өмір мәселелерін суреттеп өтті
Жоңғар басқыншылығына қарсы күрес сарыны әсіресе Ақтамберді
жырау шығармаларынан айқын көрінеді.Ақтамберді өз толғауларында жау
қолында қалған жерлерді азат етер күнді аңсайды,исі қазақ болып атқа қонуды
,ойраттарға күйрете соққы беруді армандайды, жұртшылықты ерлікке
үндейді, жауға тайсалмай шабуға жігерлендіреді.Ақтамберді
өнернамасындағы отаншылдық, патриоттық сарындар XVIII ғасырдағы қазақ
поэзиясының бағыт- бағдарын, өзекті ойларын айқын танытады. Өз заманының
талабына сай жыр толғап өткен әрі батыр, әрі жырау. Оның
шығармалары елі, халқы үшін еңіреп өткен ер тұлғасын, жақсылыққа
бастап, адамгершіл ой түйген терең ойлы ақыл иесі абзал азаматты
танытады. Өзінің өрелі ойларын жыр кестесіне тізе білген жүйрік тілді
шешен ақынды көрсетеді

1-тарау
Ақтамберді жыраудың өмірі жайлы деректер
Ақтамберді жаугершілік заманның әрқилы кезеңдерін басынан көп өткерген.
Егер Алдаспанға сүйенсек, 93 жыл өмір сүріпті, яғни 1675— 1768 жылдарда
дәуір кешкен. Ақындық даңқы жас кезінде шыққанына қарағанда, бізге мұрасы
молырақ жетсе керек еді, әзірше қолда бары шағындау. Немесе Ақтамберді
өлеңдерінің біршамасы басқа жырауларда ауысып жүруі мүмкін, XV—XVIII
ғасырлар поэзиясында ондай жағдайлар кездеседі.
Ақтамберді қазақтың көне жыраулық эпосының, белді өкілдерінің, бірі,
аты әр жерде айтылғанымен, арнайы зерттелмеген авторлар санатында. Қолдағы
қазынасына қарағанда, жырау жорық-жортуылдарға мүлдем ілесіпті. Егер ол он
екіде аттанып, кылыш ілдім білекке десе, өмірінің тең жарымының көбісі
басшылармен күресте өткен кісі.
Ақтамберді жарлылық пен жалғыздықтың тауқыметін көп көргенге ұқсайды,
адамдыққа, адалдыққа, әділетке жүгінеді. Ауыз толтырып айтар байлығы
болмағанын өзі жасырмайды. Тұрмыстың қыр-сырын, от басы, елдік, жерлік
мәселелерін жырларында жақсы көрсетеді. Жырау ақиқатты айтудан тайсалмайды,
шындык, туралы шымыр шешендік сөздерді түйдек-түйдегімен тастайды. Бәрі де
сол тұстың ауыр тұрмысынан, күрес шындығынан алынған тартымды тирадалар.
Жырау баққа да, таққа да таласпайды, көкірек көзі халық даналығымен
суарылған. Ақтамберді, асылы, қысқа нақлият сөздерінің шебері болса керек.
Көңіліне түйгенін, піскен ойын шашыратпай, шиыршық атқан күйінде айтып кете
берген. Эпикалық кең тынысты туындылары да болуы мүмкін. Бірақ қолымызға
әлі қомақты дүниелері түсе қойған жоқ..[3. 374-375.]
Тауарих хамсаныу айтуынша, Ақтамберді айттарымен күрес дәуірінде
қазақ халқының басында жүрген ерлердің бірі. Ол атақты Қара Керей
Қабанбаймен бірге Шайманның рубасы көсемі, әсербасы батыры. Сонымен қатар
Ақтамберді жортуыл жыршысы, әулетті жырау да болған.[8.76.]
Қазақ жұртына ертеден танымал талант иесінің бірі, заманның ірі
қайтаркер азаматы сөз өнерінің жөнсіз өкілі Ақтамдерді творчествосы көп
жылдар бойы жігі зерттелмей, ескеусіз естен шығып қалуға айналған асыл
мұралар қатарына жатады.[2.209.]
Ақтамберді - атадан жалғыз туады. Әкесі Сары –Наймен Сыбан ішіндегі
орташа ғана дәулеті бар, уақ соқпа жұмысы жоқ момын адам екен. Сондықтан да
ол малын өз қызыған жұмсай алмай, ағайын – туғанмен зорлық –зомбылық көп
көрді. Бұл күн сүйеніші, жанашыры жоқ жас бала. Ақтамбердінің де басына
түседі. Алайда жүрегінде оты бар

болашақ жырау Жасымбайды, өзіне ата –анасына теперіне көрсетушілерден
имашбей, реті келген жерінде көңілдегі сезім айтып салатын болады.
Жыраудың туған, өлген жылдарын дәлді, анықтау үшін жанама мәліметтерге
сүйенуге тура келеді. Ақтамбердінің жетінші буындағы ұрпағы Сәрсенбек
Нұрпейісов ақсақал (1889 ж туған) менің бабам Шақантай оң патша қазақтан
салдат алатын жылы 106 жасында апат тапты дейді. Шақантай өзінің үлкен
әкесі Арықты көріпті: осы кісі Шақантай 7 жасында 92-ге келіп өлген екен.
Арық – Ақтамбердінің кіші әйелі башқұрт қызы Күмістен (Жыраулардың
бәйбішесінің аты Базар екен) әкесінің 50 жасында туған көрінеді. Сонда
Ақтамберді 1675 жылы дүниеге келген болып шығады. (Жырау өзінің алғашқы
туындыларын).[8.76-77.]
Ақтамберді Сарыұлы –суырыпсалма сөз өнерінің жетік өкілі. Шығрмалары
табанасты шғарылып, ауызекі таралып, ел ісінде сақтау арқылы жеткендердің
бірі халық оны жоңғарларға қарсы жорықтар кезінде қол бастап, ерлік
көрсеткен батыры, өзінің өжет те, өткір сөздерімен қалыың қауымға әсері
күшті болған жалынды жырау деп санайды.
Ақтамберді -тарихи тұлға. Оның есімі қазақ халқының тарихында аталады,
ел аңыздарына сай бағаланады. Қазақ ССР тарихы берген бағаға назар
аударатын болсақ, ол – жоңғарларға қарсы жорықтарға қатысқан батыр, ерлік
қимылды аңсаған қаһармандық күрестің жалынды жыршысы, замана қауымына
танымал жырау аты әйгілі ақын.
Революцияға дейін қазақ тарихы туралы кітаптарында да жырау өсімін
кездестіреміз. М жолы 1911 жылы қазан таспасынан жарық көрген Құрбанғали
Қалидовтың Тадарих хаисса атты кітабында Ақтамберді туралы қысқа
мәліметтер кездеседі. Бұл мәліметтің мазмұны да халық аңыздарына
негізделген, жоғарыдағы келтірілген тәрізді деректер.
Ақтамбердіні кейінгі жыраулар шығармаларынан да ұшыратамыз. Ел жауына
қарсы аттанған батырлар қатырында оны ХVIIІ ғасыр жырауы Үмбетей атанғаан
ХІХ ғасырдың белгілі ақыны Дулат Бабатайұлы өзінің Ер Еспембет
дастанында жырланған. Ақын Ақтамбердінің қария бастаған тусын бейнелейді.
Оны тәжірибелі қолбасшы, батыр, қайтпас ер тұлғасында танытады. [2.209-
210.]
Жырау өзінің алғашқы туындыларын осы шамада 10 -11 жасында шығарма
бастапты. Ақтамбердінің бұл кездегі өлеңдері мұң, зар, жалғыздыққа налу
түрінде келеді.
Жағалбай деген ел болар,
Жағалтай деген көл болар,
Жағалтайдың жағасы
Жасыл да байтақ ну болар.
Атадан алтау туғанның
Жүрегінің бастары
Алтынменнен бу болар
Атадан жалғыз туғанның
Жүрегінің бастары
Сары да салқын су болар,
Жалғыздық сені қайтелік
Бала сонымен қатар етең –ақ жасы он беске жетіп, кеңеске кірер күн
туатынын болашақтан үміті зор екендігін жырға қосады. Міне, осы өлеңдерді
құлағы шалып қалған қара жүрек ағайындарының бірі Жангөбек ботағара деген
Ақтамбердіні қамшының астына алады тіпті найзаның ұшына ілмек болады.
Алайда жалғыз жас балаға аталас туысы Бердіке батыр ара түседі. Сол күннен
бастап бұғанасы қатпағанға дейін болашақ жырау осы Бердікені паналайды.
Ақтамбердінің ақындық даңқымен балуандық, батырлық даңқы қатар шығады.
Алайда ол күш кеше ғана өзіне теперіне көрсеткен ағайындарына қарсы күш
жұмсауды мәмараттық деп біліп, бүкш ел мүддесіне ойлай бастайды, ру, ата
намысын емес, игі қазақтың намысын қуады.
Дұшпаннан көрген қорлығым
Сары су болды жүрекке,
Он жетіде құрсанып,
Қылыш ілдім білекке
Жауға қарай аттандым.
Жеткіз деп, құдай, тілекке!
Бұл -Орта Азия хандықтарымен, қалмақтармен үздіксіз соғыстар дәуірі
еді. Ақ қанды ұрыстардың талайына қатысады, өзінің ерлігімен,
ұйымдастырғыштық, қолбасылық қабілетімен көзге түседі. Батырдың басынан бақ
тайып сәтсіздіктерге ұшыраған кездері де болады. Мәселен, бірде ол
түрікмендерге тұтқынға түсіп, ажал пышағы кеңірдегіне төніп тұрған соңғы
сәтте ғана ретін тауып қашып құтылады.
Ақтамбердінің жер ортасы қырықтан асқанда ел тізгінін ұстап отырған
Әз –Тәуке хан дүниеден қайтады. Тәукенің көзі жұмылысымен – ақ қазақ
сұлтандарының арасындағы ежелгі бақастық ашық жаулыққа айналады. Осы сәтте
бұдан гөрі құдіреттірек кезімде де ел шетіне еш алмаған жоңғарлықтар
қазақтарды аяусыз соққының астына алады. Ауыр күрес

жылдары басталады. Ақтамбердінің осы кздегі тарихи оқиғалардың бел
ортасында жүргізгендігін көреміз.
Ақындық даңқа жас кезіне –ақ шыққанына қарамастан Ақтамберді
тіршілігінде бел шешіп өмір қумаған тәрізді. Әйткенімен де, оның өз артына
елеулі мұра қалды жырау поэзиясы тақырып жағынан да, мазмұны жағынан да
бай болғандығы аңғарылады.[8.77-78.]
Ақтамберді есіміне ақын Сара да еске алады. Ол Біржанмен айтысында өз
елінің атақты ақыны, аруақты батыры деп мақтан етеді. Белгілі жазушымыз С.
Мұханов жыраудың күмбір –күмбір кісінетіп, күреңді мінер ме екенбіз
толғауын 1942 жылы шыққан XVII-XIX ғасыр қазақ әдебиетінің очеркі
кітабында жарияланған. Бұдан кейін Ерте дәуір әдебиеті нұсқасы (1967ж),
Алдаспан (1973ж), Бес ғасыр жырлайды (1984ж) жинақтарына енді. Біз
жырау шығармалары Қазақ әдебиетінің қалыптасуы кезеңдері (1967 ж), (XV-
XVIІ ғ қазақ әдебиеті 1973 ж), Ақындар поэзиясы (1982), XVIІІ ХІХғ қазақ
әдебиеті (1981) атты кітаптарында талдап танытуға күш салдық. М. Мағауин
Қобыс сарыны атты кітабында да Ақтамберді ақындыңы біркелкі сөз болған
еді. Аталмыш еңбектерде жырау творчествасын толық танытуға белгілі дәрежеге
көңіл бөлген.[2.211.]

2-тарау.
Ақтамберді жыраудың шығармаларының идеялық тақырыптары.
Ақтамберді өзінен бұрын Доспамбет, Шалкиіз дәстүрін алға апарушы еді.
Жырау туындылары некгізінен көш қазақ поэзиясы үлгісінде:
Түйе мойнын тұз кесер,
Жігіт бойынын қыз кесер,
Сартылған сары аяз
Жылқының мойнын мұз кесер,
Бұлан да бұлан, Бұлан сан,
Бұланның санын оқ тесер,
Бұландап жүрген жігіттің,
Жомарт қалың жоқ кесер!
деген сияқты афористік толғаныстар түрінде келеді.[8.78.]
Күмбір –күмбір кісінетіп деп басталатын шығармасы - ақынның алдына
қойған мақсаты танытатын патироттық туынды. Онда тұлпар мініп ту ұстап, ел
шетіне қорған боп ерлік атын шығаруды аңсаған батыр адам үні естіліп
тұрады. Ел қамы мен автор өз мүддесін бірге ұстайды.
Сұлу құшу және батыр деген атаққа ие болу, бұл сайып келгенде, жалаулы
найза қолға алып, жау қашыра білуші, ерлік қимылдарына байланысты немесе
жігіттің ерлік көрсетуге даярлығына тәуелді армандар денісі бар. Автордың
ойынша, ел үшін алынбай еңбек етіп көзге түссең дегеніңе жетесің ер
азаматтың алдына қояр талаптарына ол өзінше термелейді.
Күмбір –күмбір кісінетіп,
Күреңді мінер ме екенбіз
Күрек тісін қақситып,
Сұлуды құшар ма екенбіз
Күдеріден бау трғып,
Кіреукеден тон киер ме екенбіз
Жағасы алтын, жеңі жез,
Шағаршығы торғай көз
Сауыт киер ме екенбіз?
Сырттан сауыт киген соң,
Қоңыраулы найза қолға алып,
Қоңыр салқан төске алып,
Қол қашырар ма екенбіз
Жалаулы пайда қолға алып,
Жау қашырар ма екенбіз?!
Ақтамберді қолы деп,
Жанайдың салған жолы деп,
Жақсы атанар ма екенбіз?!
1973 ж шыққан Алдаспан жинағында осы толғаудың екі нұсқасы
басылған. Асылы. Олар -әрқайсысы әр тұста айтылған өзінше бөлек жырлар.
Себебі қайталау көп кездеспейді.[2.210-211.]
Халқымыздың бұл қасиетіне өткен ғасырларда топырағын басқан
европалықтардың қай –қайсысы болмасын ерекше назар аударып, өздерінің шын
көңілден шыққан ризашылықтарын білдіргені мәлім, Қазақтардың осы ұлттық
қасиеті - қонақжайлық, мейман –достық толғаудың лирикалық кейіпкері жас
жігіттің арманында ең өзекті орындардың бірін алады:
Өзім бір бөлек жайласам,
Жігіттен нөкер сайласам,
Ойпаң жерге он отау,
Қыраң жерге қырық шатыр тігіп,
Қонағымды жайғасам!
Пышақтан малын кетпесе
Қазаным оттан түспесе,
Ауылдан топыр үзілмей,
Ошақтың оты өшпес,
Май жемесе қонағым,
Қан жемесе барағым,
Он кісіге жараса,
Бір кісіге арнап тартқан табағым
Халыққа атым білініп
Шүлеңгір мырза атанар ма екенміз?
Жомарт болған, шүлем болған жақсы –ақ, бірақ бұл –кез келген қара
сипақ кедейдің қасынан келе бермейді. Ойпақ жерге он отау, қыраң жерге
қырық шатыр тігіп сансыз қалақты атқару үшін, ауылдан топыр үзілмей
күніне он –ондап мал сойып, қазан астынан от кетпеуі үшін мыңғыраған бай
болу керек. Қазақ үшін байлыұ - малда. Малдың еті,
сүті тамақ та, жүні, терісі – киім; мол қазаққа көше –көлігі, мінсе –
жүйрігі, яғни малсыз тірлік жоқ.
Мал. Көшпенділер үшін өмірдің қуанышы, тіршілік көзі болған осы бір
тақырыптық Ақтамберді өзі толғауларынвда қайта –қайта оралып соға
береді.[8.79-80.]
"Ақынның өзінің, замандас жас ұрпағын табандылыққа, ерлікке шақы-рады.
Ақтамбердінің бүкіл шығармасынан жауынгерлікке, ерлікке үндеу, жауға батыл
аттану және оның алдында тізе бүкпеуге үндеу сарыны ерекше
естіледі.[3.375.]
Жырау жырлары қарапайым қауымның ой, арманын, мінезін, өрісін
айқындайды. Әзілмен, айтыспен, сынау-мінеумен, келелі кеңеспен жыраулар ел,
жер, күн дауын шешуде зор рөль атқарған. Мәселен, ірілеу боп келсе толғауға
түсіп кетіп, дала заңын өздерінше жасауға тырысқан. Кезінде Ақтамберді
толғауы да осал қызмет істемеген.
Ақтамберді творчествосында басқа тұстастарына қарағанда меннің көріне
бастауы анықтау секілді. Ол өзінің ғұмырнамасын жырларына толық түрінде
болмаса да ептеп түсіре берген. Жалған айтып, жағымпазданып тәуір көрінемін
деу онда жоқ, күйінгенін, көңілі қалғанын, алыс арманын айтады. Ал тап
берген жауға қарсы жігерлендіруге, алға ұмтылдыруға келгенде одан өткір
үгітші, трибун кездеспейді. Бала-шағасын ұмытуға, ат үстінде түн катуға
әзір. Исі қазақтың тұтастығын, іргесінің ыдырамауын ойлаған көсем
шешендердің бірі.
Ақтамберді сияқты көреген жырау атамекенді тар мағынада түсінбесе
керек, отырықшылықты ойлауына қарағанда, біраз алысты қиялмен болжаған
адам. Тақпақ-термелерінде ішіне сыймаған ойлары жатыр, соны сыртқы
шығарған. Қынжыла толғанып шығарғандары ошақ басы емес, ерлікті, елдікті
аңсаған зиялы зергердің келбетін танытады.
Көшпенді тіршіліктің де өзінше бір қуаты, романтикасы барын Ақтам-
бердінің афоризмдерінен байқау қиынға түспейді. Көшпенді ақындардың
өлеңдерінде өзара ұқсас бастау, кіріспе, риторикалық сауалдар, лепті
көтермелер, дәстүрлі теңеу, салыстырулар қиялының көріне бастауы бой
көрсетеді.[18.9.]
Өзге жырауларға қарағанда Ақтамбердіде қаратпа тіркеспен басталатын
өлеңдер жоқтың қасы. Жаугершілік заманда өмір сүріп, ел батырларымен
үзеңгілес бола жүріп, оларға арнау, толғау айтпауы қалай деген сауал туады.
Соған қарағанда Ақтамбердінің әлі қолымызға түсе қоймаған, ел арасында
жүрген шығармалары бар шығар.
Жырау — өз уақтының көрегені. Тарихи деректердің ар жағында не нәрселер
жатқанын біз кейде бажайлап біле бермейміз. Хандардың ішіндегі қаныпезер,
ел тонағыш, өз пайдасы
үшін қарапайым халық өкілдерін құрбандыққса шалатын әділетсіздерін жыраулар
аяусыз мінеп-шенеген. Олар тақта отырған хандардан тайсалмаған.
Меніңменен, ханым, ойнаспа.
Менің ерлігімді сұрасаң,
Жолбарыс пенен аюдай,
Өрлігімді сұрасаң,
Жылқыдағы асау таиыңдай,
Зорлығымды сұрасаң.
Бекіре менен жайындай,
Беріктігімді сұрасан,
Қарағай мен қайыңдай, —
деп, Еңсегей бойлы Ер Есімге тап берген Жиембст жырау Бортоғашұлының
жүрегінің түгі бар шығар деп ойлап қаласыз. Әніки, Жиембет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ мемлекетінің әлеуметтік - экономикалық дамуы (XVI ғасырдың аяғы-ХVІІ ғасыр)
Жыраулар поэзиясын оқыту
Жыраулар поэзиясының даму жолдары
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
Қазақ поэзиясында жырау - ақынның ерекше ежелгі түрі
Бастауыш мектепте өзін-өзі тану пәнін оқыту
Тәрбие әдістерін дұрыс таңдау және оларды тиімді пайдалану
Өзін-өзі тану, өзіндік сана сезім, өзін-өзі бағалау мәселелері
Жеке адамның қалыптасуына әсер ететін факторлар
Өзін-өзі танудың ғылыми теориялық негіздері
Пәндер