Туризмді түлету – Ақ жайыққа бір арман


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

ТУРИЗМДІ ТҮЛЕТУ - АҚ ЖАЙЫҚҚА БІР АРМАН

Туризм - ұлттық және халықаралық ұзақ тарихи дамудың өнімі. Оның бастауы өткен дәуірлер қойнауында. Туризмнің әр кезеңіне қысқаша шолу жасасақ, қазіргі туризм екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ғана көпшілік сипатқа ие болды. Алайда туризмнің тарихы жоғарыда айтылғандай өткен дәуірлерден бастау алады. Туризмнің тарихи даму тамыры адамдардың сапарға шығуы, ел тануы бағытында өрістеді. Байырғы заманда Жерорта теңізінің тұрғындары географиялық сипаттама жасай білген. Тіпті көрші аймақтарға ойша саяхат жасап, олардың тұрғылықты жері, тұрмысы туралы пайымдаған. Келе-келе бұл пайымдау әрекет түрінде іске асырыла бастады. Адамдар жекелей және топтала жүріп саяхаттарға шықты. Сол кездегі сапарлардың негізгі мақсаттары сауда, білім, ем іздеу және көшпенділік болатын. Мысалы, ежелгі Грецияда спорттық сапарлар дамыды. Спортсүйер қауым бұл өлкеге ат арытып арнайы келетін еді. Бара-бара ауқатты отбасынан шыққан римдіктер Грецияға тек спорт үшін емес, көңіл көтеру үшін, минералды бұлақ басында демалу үшін баруды үрдіске айналдырды. Адамдар дүниетанымын дамытуда VІІ-ХІ ғасырлардағы араб саяхатшыларының қолтаңбасы қомақты. Бұл орайда Қытай, Үндістан және т. б. елдерде болған басралық Сүлейменнің есімі ерекше аталады. Орта ғасырлардағы сапардың дамуына діни фактор әсер етті деп айтуға толық негіз бар. Бұл кезең мұсылман және христиан дін иелерінің көпшілік қозғалысымен айқын.

Қайта өрлеу және ағартушылық ғасырында жас дворяндар кәсіби және саяси қызметін бастамас бұрын гран-тур деп аталатын сызба бойынша Англия, Франция, Италия, Швейцария, Германия сияқты айтулы елдерді қамтитын сапарға шығуға мүдделі болды. Сапарлар мен саяхаттар алуан түрлі мақсаттарына қарамастан, олар адамдардың ғылыми және географиялық танымын кеңейтуге мол мүмкіндік берді. Саяхатшылар ел танумен қатар, адамзатқа белгісіз аймақтарды ашты. Ұлы географиялық ашуларды жүзеге асырған Афанасий Никитин, Марко Поло, Васко де Гама, Христофор Колумб сияқты саяхатшылар есімі осы тұста белгілі болды…

ХІХ ғасыр басындағы өнеркәсіп революциясы, транспорттың дамуы туризмнің жедел дамуына ықпалын тигізді. Саяхатшылардың жылдан-жылға саны артуына байланысты қонақүй құрылыстары, саяхат бюросын ұйымдастыру, кешендік үлгідегі туристік қызметтің қажеттілігі анық байқалды.

Кейін осыған дейін жалғыз-жарым дамыған туризм топтасқан туризмге жол берді. Енді саяхаттардың мақсаты да өзгерді. Адамдар білуге, көруге, үйренуге құштар болды. Бұл кезеңде тарихи орындар, мәдени ескерткіштердің маңызы артты. Біз туризм туралы ұзақ-сонар тарихқа бармай, оның жай-күйі туралы Қазақстандағы жағдайға келейік.

Өткен жылы Қазақстанға 1, 5 млн. туристің жолы түсіпті. Ал картадан көзілдіріксіз көрінбейтін Андорреде 12 миллион жан туристік сапармен болған. Бұл дегеніңіз - әлемді шарлап жүрген жандар үшін Қазақстан қақпасы әлі де жабық деген сөз. Статистикалық мәліметтер бойынша, республикада 700 туристік фирма болса, оның үшеуі ғана қонақ қабылдаумен, қалғандары біздің азаматтарды демалыс орындарына жөнелтумен шұғылданады екен.

Туризм туралы әңгіме қозғауға бекінгеннен кейін, Батыс Қазақстан облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің сыртқы экономикалық байланыстар және туризм бөлімінің есігін қаққанбыз. Департамент директорының орынбасары Мержан Сатқанов қанықтырған көп жай аталмыш саланың аяғынан тік тұрып кетпегенін ұғындырды. Сонымен өткен жылды саралай өтер болсақ, Батыс Қазақстан облысында 2004-2005 жылдары туристік салаларды дамыту бағдарламасына облыстық бюджеттен 13, 6 миллион теңге бөлу жоспарланыпты. Нақты айтқанда 2004-2005 жылдары 8, 5 миллион теңге бөлінген (2004 жылы 6, 0 миллион, 2005 жылы 2, 5 миллион) .

Бұрын саны 12-ге жетіп жығылатын болса қазір облыста 19 туристік фирма ырғақты жұмыс жасауда және өткен жылдан бастап, туристік фирмаларға лицензия беруді жергілікті атқарушы органдар қолға алды. Бұрын лицензия жөнінен республикаға тәуелді боп келген туристік фирмалардың бұл орайда айы оңынан туып тұрған тәрізді. Енді туристік ұйымдардың қызметіне келсек, аты аталған департаменттің сыртқы экономикалық байланыстар және туризм бөлімі олармен қоян-қолтық байланыс жасап, талай ауқымды істердің басын қайырдық деп отыр. Бұл ұйымдар әртүрлі деңгейдегі жәрмеңке, көрмелерге бірге барып жарнама жасап, елді таныстыру бағытында бүктеме, альбом тәрізді жоғары сапалы жарнамалық өнімдерін дайындап, біздегі демалыс орындарына шақыратын көрінеді. Атап айтқанда «Натали-Экспресс», «Панорома», «Онур-Трэвэл» «Азия» туристік агенттіктердің қызметіне оң баға беруге болады.

«Батыс Қазақстан аймақтары арасында көрме өткізгіміз келеді. Мақсатымыз - Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал» туристік ұйымдарының басын қосу. Және Батыс Қазақстан аймағында маршрут ұйымдастыру. Оларға біздің де көрсетеріміз жоқ емес. Бөкей ордасындағы Жәңгір хан тұрағы, Шалқар көлі, қала берді, қаламыздағы мәдени, тарихи ескерткіштер», - дейді сөз арасында М. Мұнайдарұлы. Бізге шетелдік туристер ат ізін сала ма деген сауалға, әңгіменің ашығын айтсақ, қаламызға жұмыс бабымен ат басын тіреген бірлі-жарым қонақтар болмаса, туристер келіп демалып жатыр деп айта алмаймын, - дейді ол. - Рас, есесіне саяхаттайтын біздің жерлестеріміздің саны жылдан-жылға артып келеді. Түркия, Дубай, Индонезия, Ресей, Еуропаға сұраныс көп. Бұрын Тайландқа да көп баратын. Кешегі теңіз дауылынан кейін о жаққа қызығушы туристер саны айтарлықтай кеміді. Туристік ұйымдардың жұмысы осы арада көрінеді. Бір қуанарлығы - бірде-бір жағымсыз фактордың орын алмауы. Яғни, тіпә-тіпә дейік, туристік сапарға шыққан азаматтарымыз дін аман оралуда. Бұрын аты облыстық спорт басқармасымен қатар аталатын туризм саласын Батыс Қазақстан облыстық өнеркәсіп және кәсіпкерлік департаментінің құзырына итермелеген не жағдай деп отырғанбыз. Сөйтсек, басты мақсат - туризмді спорттың көлеңкесінде қалдырмай, нағыз бизнес ретінде таныту екен.

Рас, біздің облысқа туризм таңсық емес. Кеңес Үкіметі кезінде талай туристік базаларымыз болды. “Саяхат” қонақүйінің өзі - бір айғақ. Алайда Кеңес үкіметі тарап, 90 жылдары халық нарық қыспағында қалғанда осының бәрі тістегеннің аузында, ұстағанның қолында кеткені жасырын емес. Бәрі жекеге өтті. Бүгінде еліміз еңсесін көтере бастаған шақта туризм қайта жандана бастады. Құдайға шүкір, қазір туристік базалар да жоқ емес. Дариянға барар жолдағы “Мечта” кемпинг орталығы кімнен кем. Су десе су бар, ат та бар, спорт залы тағы бар. Тамаша демалыс орны.

Мержан Мұнайдарұлының әңгімесіне оралсақ, ол туризмді дамытудағы негізгі бағыт деп, біріншіден, ішкі туризмді қалыптастыруды, екіншіден имидждік жұмыстардың сапасын арттыруды, үшіншіден инфрақұрылымды дамытуды атады. Әрине, соңғысының салмағы басымырақ. Әуежайдан бастап қонақүй, жол, қауіпсіздік, гид, тағам - бәрі-бәрі көңілден шығатындай жоғары деңгейде болуы шарт. Туристік ұйымдар ішкі туризмді дамыту аясында Шалқар өзеніне, Бөкей ордасындағы Жәңгір хан ескерткішіне, Шыңғырлау аудынындағы Қарағаш мекеніне, “Атамекен” туристік және “Мечта” кемпинг орталығына танымдық маңызы бар көшпелі маршрут бағдарламасын жасағанын да айта кету керек.

Әлемде жыл сайын 50-55 милион турист сапарлайтын болса, оның ең көбісі немістер екен. “Мен әр жұмысшының жеткілікті демалыспен қамтамасыз етілгенін және бұл демалыстың, ол үшін тұтасымен нағыз демалысқа айналғанын қалаймын. Мен мұны шын жүректен тілеймін. Маған халқымның жүйкесі мықты болғаны қажет. Сонда ғана, жүйкесі мықты халықпен үлкен саясат жасауға болады”, - деген неміс фашизмінің көсемі А. Гитлердің сөзі бекерге айтылмаған.

Туризм - өте нәзік бизнес. Туризмді күнкөріс көзіне айналдырған елдер солай дейді. 2004 жылдың аяғында Азияның оңтүстік-шығысын шарпыған үлкен теңіз дауылы сөзімізге дәлел. Ақыр аяғында, Индонезия, Малайзия, Тайланд, Бирма, Шри-ланка, Бангладеш, Индия, Мальдива сияқты туризммен нанын тауып отырған елдер зардап шекті. Мысалы: Тайланд Үкіметі туризмнен түсетін пайданың екі есеге төмендегенін мәлімдеді. Кейбір демалыс орындары мүлде бүлінбесе де, көп демалушыларын жоғалтып отыр. Әсіресе туристерді табиғаттың тосын мінездері жиі үркітеді. Былтыр Испанияда күн күрт суытты, тіпті жағалауда қар жатқан көрінеді деген лақап Ресейде тез таралып кеткен. Ешқандай негізсіз ақпараттың нәтижесінде сауда-саттық көлемі айтарлықтай төмендеген.

Туризм саласы дамыған елдер өз демалыс орындарының имиджін көтеру үшін аталмыш саладан қаржыны аямайды. Мысалы, 2001 жылы араб-израиль текетіресінен кейін туристер бұл аймақтарға аяғын баспай қойды. Олар да қарап қалмай Ресей, Германия және басқа елдердегі клиенттерін қайтарып алу ниетімен антикризистік кампания ұйымдастырды. Бұл үлкен жоспарлы бағдарламаға әртістер гастролі, жарнамалау үшін қажетті ақпарат көздері енгізілді. Бұл кезде Иерусалимде жағдай ушығып тұрғанмен, Өлі теңіз, Эйлата сияқты атаулы Израиль курорттарында бүлік болған жоқ еді. Кампанияның екі жылғы дамылсыз күресінен кейін ғана, бұл елге туристер ағыла бастады.

Түркияның да туристік жарнамаға жұмсайтын қаржысы жылдан-жылға өсе түсуде. Кейбір мәліметтер бойынша 2004 жылы ол Ресей БАҚ-на өз курорттарын жарнамалау үшін 25 миллион жұмсаса, биыл осындай жарнамалық компанияға 80 миллион доллар бөліп отыр. Жыл сайын 2, 5 миллион туристерді қабылдайтын Кипр бұл саладан биыл 2, 2 млрд. доллар табыс тауыпты.

Ал бізде ше? Халықаралық сараптаушылар біздің материалдық жағдайымыздың төмендігін ескеріп, алдымен бірлескен кәсіпорын құруға немесе туризм нысандарын шетел капиталистерінің иелігіне (болашақта сатып алу шартымен) беруге кеңес береді. Қарсылық жоқ делік, алайда Қазақстанда туризмді дамытуға құлшынып тұрған тұлғалар да, қалтасынан қаржы салатын инвесторлар да табылмай отыр. Өйткені, қазақстандық жағдайда бұл іс табыс беру жағынан сенімсіз көрінеді.

Туризмнің мемлекеттік деңгейдегі ахуалын білген соң, облыстағы жай-күйіне қанағат қылу қажет те сияқты. Жоспар бойынша 2004 жылы 19 шара (бір халықаралық, екі республикалық, 16 облысаралық) ұйымдастырылса, 2005 жылы үш халықаралық, жеті республикалық шара өткізілген. Мамандар туристік нысандарды құжаттау және түгелдеу жұмыстарын жүргізді. Ауыз толтырып айтарлық жаңалық Батыс Қазақстан облысы ІТВ Бүкіләлемдік Берлин туристік биржасында, Лондон қаласында өткен WTM халықаралық туристік көрмесінде көрінді. Жыл сайын туризм мамандары облыстың туристік ұйымдарымен бірге Алматы қаласындағы KITF-2004 “Туризм және саяхат” деп аталатын қазақстандық көрмеге, Астанадағы “Демалыс-2004” халықаралық көрмесіне, Ақтөбе қаласындағы “Демалыс - Жаз 2004: туризм, саяхат, спорт” сияқты аймақтық жәрмеңкелерге қатысып, мол тәжірибе жинақтап келеді. Облыста “Правдухин ізімен” мәдени-экологиялық экспедициясы, “Еуропа-Азия” облыстық туристік фестивалі дәстүрлі өткізіліп, туризмге тарту ісі жолға қойыла бастады. Бұдан былай “Еуропа-Азия” фестивалі республикалық деңгейде өткізіледі деп жоспарланып отыр. Әрине, бұл жоспардың қаржысыз жүзеге аспайтыны кәдік. Дегенмен Дүниежүзілік туризм күнінің 25 жылдығына орай мерейтойлық датаны атап өтуде “Жарық күн-2004” туристік фестивалі, туристік салалардың жұмысшылары мен ардагерлеріне қызмет көрсету, “Орал өңіріндегі демалыс” облыстық көрмесінің ұйымдастырылуы туризмге шын жанашырлықтың бар екенін тағы бір дәлелдеді. Павлодарда өткен “Ертіс меридианы” туристердің халықаралық слетіне, Қарқаралы қаласында өткен спорттық бағдарлау бойынша жазғы чемпионатқа қатысқан Батыс Қазақстан облысы командасы спорттық туризмнің өрістеуіне үлес қосты. Хан тоғайына спорттық бағдарлау бойынша дайындалған карта бұл саладағы жарқын істердің бір көрінісіне айналды. Тізе берсек, облыстық туризм мүмкіндігінше барлық деңгейдегі шараларға ат салысуға мүдделі. Оның үстіне елдің туристік имиджін қалыптастыру бойынша жүргізілетін жұмыстардың қарқынын арттыру Қазақстанға деген қызығушылықтың деңгейін өсіреді. Сондықтан туризмді экономиканың табыс секторына айналдыру үшін облыстағы туристік салаларды дамытуға бағытталған шараларды қаржыландыру көлемін ұлғайтуды назардан тыс қалдырмаған дұрыс. Өйткені Батыстың қақпасы болған кәрі Жайықтың қойнауы тарихи және туристік нысандарға бай. Осы мақсатта Батыс Қазақстан облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті облыстық мәслихаттың 2005 жылғы 10 желтоқсанындағы №24-7 шешімімен бекітілген “2006-2008 жылдарға арналған туристік салаларды дамытудың аймақтық бағдарламасын дайындады. Биыл облыстық бюджеттен бөлінген 10 миллион теңге де ойда тұр. - “Туризм - ұйқыдан ояну, - дейді М. Мұнайдарұлы әзіл-шыны аралас. Туризм - спортқа бейімделу, демалу, білім алу, адамдармен араласу, өзге халықтан үйрену. Және туризм - табыс көзі, айналымға валютаның енуі, жаңа жұмыс орындарының ашылуы, тұрғындарды жұмыспен қамту”. Ендеше мемлекетке телмірмей-ақ, туризмді тұғырына көтеруге, алға апаруға болмай ма деген сауал туындайды. Қалтасы қалың, қолынан іс келетін, елінің өркендеуіне бейжай қарай алмайтын азаматтар мен кәсіпкерлеріміздің құлағына алтын сырға.

Ұлттық балалар мен жасөспірімдер ат спорты мектебінің директоры, жылқышы Алтай Зейнуллин: Мамыр айынан бастап Орал-Шалқар, Орал-Бөкей орда, Орал-Орынбор бағытында маршрут ұйымдастыруға бел байлап отырмыз. Бұл сапарға аттар да, шабандоздар да сақадай-сай. Тек шығатын шығынды жабу мақсатында демеушілер қарастырып жатырмыз. Біздің мақсат-экологиялық атпен саяхаттау туризмін дамыту. Жол- жөнекей күл-қоқыстарды тазартып, өртеп, көміп, залалсыздандыру. Балаларды табиғатпен, жер-су атауларымен, жан-жануар, шөптің түрлерімен жақынырақ таныстыра жүру. Бөкей ордасы бағытындағы ауылдарда қыз қуу, аударыспақ, теңге ілу т. б. қазақтың ұлттық ойындарын өткізу ойда бар. Бұл өңірдің ұлы тұлғалары туралы мағлұматтарға қанығу. Орынбор бағытында көршілермен бірігіп, табиғатты қорғау, ауа, жер, судың баршаға ортақ екенін ұғындыру. Ұлтаралық татулықты ұлағаттау көзделеді. Әрине, ұзақ сапарға атпен шығуға мықты деген жігіттер ғана таңдалып алынады. Бұл саяхаттың артында туризмге бет бұру ғана емес, салауатты өмір салтын баянды ету мұраты да тұр.

Орталық Қазақстан

Қазір: Саяхат туралы ақпарат > Қысқаша Қазақстан жайлы > Орталық Қазақстан

Орталық Қазақстан аумағы 398, 8 шаршы км алып жатыр. Халқы 17, 3 мың адам. Халықтың тығыздығы әр шаршы километрге 4, 5 адам, 86% қалалар мен ауылдарда тұрады. Орталық Қазақстан Табиғи ресурстарға бай.

Әлемдегі ең үлкен көлдердің санатына жататын Балқаш көлі және бірегей таулы орманды жер Қарғалы Орталық Қазақстанда (Қарағанды облысы) орналасқан. Альпинистер көркем Ұлытау тауларына таңырқай көз жүгіртеді. Mountaineers will not be indifferent to the picturesque Ulutau Mountains. Бұл аймақ археологиялық және этнографиялық көзқараспен қарағанда ескерткіштерге бай аймақ ретінде саналады.

Сарыарқа. Еркін және жазық Сарыарқа: шығысында көркем гранитті массиф Қарқаралы, Кент, Қызылрай тауларымен, батысында Теңіз көлі мен Ұлытай тауларымен, солтүстігінде Есіл өзенімен, ал оңтүстігінде Бетбақ дала шөлімен шектелген, қазақ халқы ұзақ уақыт бойы билеп төстеген жазық дала Сарыарқа деп аталады.

Табиғат байлықты аямай берген жер. Жерасты табиғи ресурстары мол. Бұл жер Еуразия континетінің қысы жазы жайылымы бола алатын жүрегі және таулары көгілдір түспен жарқырайды . . . Бұл аймақ ойдағыдай жаңбырлы емес. 200 көлден тұратын Теңіз көлі аққулардың, қаздардың, үйректердің, тырналардың және аққұтандардың отаны ретінде саналады.

Қарқаралы Мемлекеттік Ұлттық Табиғи Паркі. Қарқаралы деген атауы қазақтың әйелдерінің дәстүрлі қарқара деп аталатын моншақтармен көркемделіп, жібек, вельвет және үкінің қауырсындарын қолданылып тігілетін бас киіміне сәйкес алынған. Осы қарқара тәріздес қарқаралы таулары кемпірқосақтың барлық түстерімен жарқырайды. Ол биік және қатысты түрде кішірек: ең биік нүктесі Комсомол (теңіз деңгейінен 1, 403м биік) және айналасындағы таулардан 400-500 м биігірек. Бұл жердің толық көлемі шамамаен 1000 шаршы км. Тауларда түрлі шөптер мен қайың және емен ағаштары өседі. Жартастардың, таулардың, жазықтардың, көлдердің, өзендердің атауларын осы жерлерде тұрған адамдар берген: Қыран шыңы, Сүйікті тау, Қызыл Құс белесі, Қызыл Тау жартасы және көлдер: Mirror Deep, Plough, Шайтанкөл.

Шайтанкөл жайлы аңыздар жетерлік. Олардың бірінде Сұлушаш атты әдемі қыз өз ауылынан Қызы тауға қашып, онда жолбарысты кездестіріп, қатаң жануардан қорыққанынан көлге секіріп батып кеткен туралы айтылады.

Басқа аңызда шайтан адамдар болмай тұрып Қарқаралы тауларында мекен еткені жайлы айтады. Бір күні жолбарыс оған шабуылдаған екен. Одан құтылу үшін шайтан көлге секіріп, батып кетіпті-мыс.

Қарасор көлі (Тұздыгүл) 250 шаршы км жерді алып жатыр. Көл балыққа толы. Көлдің құрамындағы тұз мөлшері теңіз суындағыдан да жоғары. Түбіндегі батпақтың емдік қасиеті мол. Бұл көлге шамамен 10 кішірек өзендер құяды.

Балқаш көлі. Аңыз бойынша Балқаш атты бай адамның Іле дейтін сұлу қызы болыпты. Бірде Балқаш той жасап, жеңген адамға өз қызын әйелдікке беретіні туралы жариялайды. Іле қойшы Қараталды сүйгендіктен, оған жеңуге көмектеседі. Бірақ Балқаш қызын Қараталға беруден бас тартады. Ғашықтар қашуға бел буады. Оларға қуып жете алмаған ашулы әке екеуін өзенге, ал өзін олардың арасындағы көлге айналдырады.

Балқаш көлі көлемі бойынша Каспий және Арал теңіздерінен кейін тұрады. Оның ұзындығы 614 км, ені 35-тен 44 км дейін созылады, максималды тереңдігі 26м. Балқаш көлінің ерекшелігі - қысаң шығанақ арқылы қосылатын батыс пен шығыс жақтарының су құрамы әртүрлі. Батыс бөлігіне Іле өзенінің суы құйылады және бұл бөлігі таза, ал шығыс бөлігі тұзды. Балқаш табиғатының түрлілігі көркем.

Бектуата тауларының тізбегі Солтүстік Балқаштық оазисі болып табылады. Бектуатаның алқызыл шыңдары 1, 000 км қашықтықтан көрінеді. Оларды Балқаштың бағыттаушы сәулесі деп атауы жай емес, айқын аспан астында 100км қашықтықта көрінеді. Бектуата айтарлықтай үлкен (4000 гектар) болмағанмен әртүрлі үлкен жартастар мен әдемі шатқалдардан тұрады. Үңгірлерден сіз сирек кездесетін таулы кристал морионды таба аласыз.

Граниттер ойға келмейтін әртүрлі формаларда сақталып, оларға саңырауқұлақ, бағана, тасбақа, т. б. тәріздес атаулар берілген.

Өмір құпияларын өз бойында сақтаған көптеген ежелгі ескерткіштер мен қорғандар баршылық.

Сарыарқаның әр аудандарында орналасқан мемлекетпен қорғалатын 88 археологиялық қазбалар бар. Ақтасты және Қылыш қорғандары, Дермен ауылы, Айдарлы үңгірі, Қарасы қыстауларының қорғандар тобы, т. б.

XVIII ғасырдың мәдени археологиялық үлгілерінің бірі Ақ Бекет мазары. Мазар киіз үй тәрізді дөңгелек формада салынған.

Сонымен, Орталық Қазақстанды ғасырлардың қиылысқан жері деп атауға болады. Археологиялық қазбалар көрсеткендей Сарыарқа жазығы Ұлы Жібек Жолының дәстүрлі және мәдени аймағына кіреді.

Сарыарқаға барған әр тұлға көптеген таңырқалық жайттарға кез болатынына күмән келтірілмейді.

Шығыс Қазақстан

Қазір: Саяхат туралы ақпарат > Қысқаша Қазақстан жайлы > Шығыс Қазақстан

Шығыс Қазақстан Шығыс Қазақстан облысында орналасқан. Бұл аймақ Қытай, Монғолия және Ресей шекараларының қиылысында орналасқан. Аймақ терреториясының көп бөлігін Рудалық және Оңтүстік Алтай, Қалба және Саур Тарбағатай тауларының тізбегі алады. Таулар шыңының биіктігі 800-ден 1500 м жетеді, ал Алтайдың шығыс бөлігіндегі шыңдар 3000-4000 м (Белуга шыңы) .

Негізгі өзендер қатарын Ертіс және оның салалары:Үлбі, Үбі және Бұқтырма құрайды. Ең үлкен көлдері Марқакөл, Зайсан, Рамановское, Сасықкөл, Алакөл және Маралды. Ауа райы өте континенталды, күндізгі уақыты ұзақ, жылдық температура ауспалы.

Шығыс Қазақстан түрлі табиғи климаттық аймақтармен сипатталады.

Шығыс Қазақстан табиғаты таңқаларлық: Азияның жазығы мен жартылай шөлейттері Сібірдің таулы ормандарымен қиылысуының нәтижесінде бірегей ландшафт түрлерін, яғни шөлді, жазықтарды, ормандарды және тауларындағы тұрақты мұздықтар мен өзендерді, көлдерді көруге болады.

Белуга шыңы

Белуга шыңы ақ қармен жамылған солтүстік шығыстағы Сібір және Алтайдың ең биік нүктесі. Бұл қардың, мұздың, ақырған қар көшкіндерінің, жарқыраған сарқырамаларының отаны. Ол Солтүстік Алтайдағы биіктігі 3, 373м атақты екінші шың Бүркітауыл шыңымен көршілес орналасқан.

Марқакөл қорығы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан туризмі
Шалқар курорттық зонасының экологиялық жағдайлары
Франция мемлекетінің туристік индустриясы
Жайық өзенінің орналасуы
ДІНИ ТУРИЗМ ДАМЫУЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Қазақстанның басқа мемлекеттерден айырмашылық жақтарын көрсететін рухани мұралар мен киелі жерлер ескерткіштері
Зеренді өңірінің мәдени, тарихи және табиғи ескерткіштері
Греция мемлекетінің тризмдік бағытының дамуы барысы және халықаралық деңгейдегі алатын орыны
Экскурсия әдістемелердің байланысы
Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған көтеріліс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz