Экономиканы мемлекеттік реттеу: қағидалары мен үлгілері



ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

I.бөлім. ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ: ҚАҒИДАЛАРЫ МЕН ҮЛГІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1.1 Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттігі мен реттеудің негізгі әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Экономиканы салықтық.фискалдық реттеу және оның Қазақстан экономикасы үшін маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

II.бөлім. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДІҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2.1 Нарықтық экономикадағы ақша.несие саясаты және оның Қазақстан экономикасының дамуы үшін маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2.2 Қазақстан Республикасының индустриялы.инновациялы саясаты ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
КІРІСПЕ

Экономика қоғам дамуының негізі, ал мемлекет сол қоғмның негізгі буыны болып табылады. Өз кезегінде мемлекет экономиканы реттеуді жүзеге асырады. Экономиканы реттеу қоғамдық даму мен мемлекеттің экономикалық сипатына байланысты әр түрлі деңгейде және әр түрлі әдістер қолданылады.
Экономиканы мемлкеттік реттеуде мемлекеттің рөлі оның экономикалық процестерді реттей алатын қабілеті экономика мен саясатың байланыстыратын экономикалық саясаттың жасалуына тәуелді болады. Экономикалық саясат дегеніміз экономикалық реттеудің шоғырланған мағынасын береді. Экономикалық заңдардың дамуын адамзат қоғамы саясатты қолдану арқылы жүзеге асырады. Мемлекет қоғамның жемісі болып табылады және ол ылғи да реттеуді қажет етеді.
Қазақстан Рсепубликасының өз егемендігін алып, жаңадан нарықтық қатынастарға өтіп, дамудың нарықтық жолына түсуіне байланысты елдегі мемлекеттік ретттеудің мақсаты мен бағыттары өзгеріп, экономиканы мемлекеттік реттеудің жаңа формалары мен әдістерін дамытудың қажеттігі туындады. Атап айтқанда, бастапқы жылдары елдің тұрақтылығын қамтамасыз ету, мемлекеттік меншікті жекешелендіру, әлеуметтік саланы қолдау, экономикалық өсуді қамтамасыз ету болып табылатын.
Ал бүгінгі еліміздің аяғынан нық тұра бастаған кезеңде экономиканы мемлекеттік реттеудің жаңа формалары мен әдістерін жүргізудің маңыздылығы туындап отыр. Ол әсіресе Қазақстанның алдағы жылдары әлемнің ең дамыған 50 елінің қатарына қосылуға ұмтылған бағдарламалар мен Жолдаулардың негізінде болып отыр. Сол себепті, Қазақстан үшін экономиканы мемлекеттік реттеу мен қолдаудың, дамытудың әдіс-шараларын ендігі жерде дамыған елдердің экономиканы реттеу мен ұлттық экономика үшін маңызды болып отырған салалар мен даму жолдарын мемлекеттік реттеудің рөлі орасан зор болып табылады.
Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын «Экономиканы мемлекеттік реттеу: қағидалары мен үлгілері» деп бүгінгі таңдағы өзекті болып табылатын мәселеге байланысты тақырып алдым.
Тақырыпты орындаудағы мақсат пен міндеттеріме келесілер жатады: экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттігін, маңызын және қалыптасқан реттеу бағыттарын айқындау; экономиканы реттеудің қажеттігі мен ерекшеліктеріне тоқталу, нарықтық экономика кезіндегі мемлекеттік реттеудің әдістерін талдау және Қазақстан үшін бүгінгі таңдағы маңызды болып табылатын экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістерін талдау болып табылады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Государственные регулирование рыночной экономики / Под. ред. Петрова Р.П. СПб, 1999г.
2. С.Б. Мақыш, Оқу құралы “Ақша айналысы және несие” – Алматы, Қазақ университетi, 2004 ж. – 248 бет.
3. Iлиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық. – Алматы: 2003. – 448 бет.
4. Ивашковский С.Н. – Экономика: микро- и макроанализ. Учебно-практическое пособие. – М.: Дело, 1999. – 360 с.
5. Мэнкью Н.Г. Принципы экономикс. – Спб: Питер Ком, 1999. – 784 с.
6. Ермекбаева Б.Ж. Салықтар және салық салу: Оқу құралы – Алматы: - 2003. – 131 бет.
7. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (2004 ж. 24 сәуірдегі N 548-II)
8. А.Исаева «Мемлекеттің дамуына әсер ету тұрғысындағы Қазақстанның қазіргі кездегі салық жүйесінің ерекшеліктері» // Қаржы-Қаражат, 2005, №6, 22-25 стр.
9. Қазақстан Республикасы үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты.
10. Купешова Сауле Телеухановна / “Теория и практика инновационного процесса в переходной экономике Республике Казахстан,” – диссертация, Алматы, 2002 г.
11. Инновационный менеджмент / К.Нарибаев, С.Джуманбаев, А.Нусупова. – Алматы: Қазақ унивеситетi. – 1998. – 60 с.
12. Сайденов А.Г. «О перспективах развития денежно-кредитной политики и других направлениях деятельности Национального Банка» // Банки Казахстана, №10, - 2005 г. 2-4 стр.
13. Стратегия «Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясы» – Алматы, 2003 ж
14. Досниязова А.К. «Инфляционное таргетирование: SWOT-анализ» // Банки Казахстана, №10, - 2005 г. 56-61 стр.
15. Н. Ә. Назарбаев. «Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Жолдауы, Астана, 2006 жыл, 1 наурыз.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ...

I-бөлім. ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ: ҚАҒИДАЛАРЫ МЕН ҮЛГІЛЕРІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ...

1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттігі мен реттеудің негізгі
әдістері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ..
2. Экономиканы салықтық-фискалдық реттеу және оның Қазақстан экономикасы
үшін маңыздылығы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

II-бөлім. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДІҢ БАСЫМ
БАҒЫТТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2.1 Нарықтық экономикадағы ақша-несие саясаты және оның Қазақстан
экономикасының дамуы үшін
маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2.2 Қазақстан Республикасының индустриялы-инновациялы саясаты ...

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...

Қолданылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ..

КІРІСПЕ

Экономика қоғам дамуының негізі, ал мемлекет сол қоғмның негізгі буыны
болып табылады. Өз кезегінде мемлекет экономиканы реттеуді жүзеге асырады.
Экономиканы реттеу қоғамдық даму мен мемлекеттің экономикалық сипатына
байланысты әр түрлі деңгейде және әр түрлі әдістер қолданылады.
Экономиканы мемлкеттік реттеуде мемлекеттің рөлі оның экономикалық
процестерді реттей алатын қабілеті экономика мен саясатың байланыстыратын
экономикалық саясаттың жасалуына тәуелді болады. Экономикалық саясат
дегеніміз экономикалық реттеудің шоғырланған мағынасын береді. Экономикалық
заңдардың дамуын адамзат қоғамы саясатты қолдану арқылы жүзеге асырады.
Мемлекет қоғамның жемісі болып табылады және ол ылғи да реттеуді қажет
етеді.
Қазақстан Рсепубликасының өз егемендігін алып, жаңадан нарықтық
қатынастарға өтіп, дамудың нарықтық жолына түсуіне байланысты елдегі
мемлекеттік ретттеудің мақсаты мен бағыттары өзгеріп, экономиканы
мемлекеттік реттеудің жаңа формалары мен әдістерін дамытудың қажеттігі
туындады. Атап айтқанда, бастапқы жылдары елдің тұрақтылығын қамтамасыз
ету, мемлекеттік меншікті жекешелендіру, әлеуметтік саланы қолдау,
экономикалық өсуді қамтамасыз ету болып табылатын.
Ал бүгінгі еліміздің аяғынан нық тұра бастаған кезеңде экономиканы
мемлекеттік реттеудің жаңа формалары мен әдістерін жүргізудің маңыздылығы
туындап отыр. Ол әсіресе Қазақстанның алдағы жылдары әлемнің ең дамыған 50
елінің қатарына қосылуға ұмтылған бағдарламалар мен Жолдаулардың негізінде
болып отыр. Сол себепті, Қазақстан үшін экономиканы мемлекеттік реттеу мен
қолдаудың, дамытудың әдіс-шараларын ендігі жерде дамыған елдердің
экономиканы реттеу мен ұлттық экономика үшін маңызды болып отырған салалар
мен даму жолдарын мемлекеттік реттеудің рөлі орасан зор болып табылады.
Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын Экономиканы мемлекеттік
реттеу: қағидалары мен үлгілері деп бүгінгі таңдағы өзекті болып табылатын
мәселеге байланысты тақырып алдым.
Тақырыпты орындаудағы мақсат пен міндеттеріме келесілер жатады:
экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттігін, маңызын және қалыптасқан
реттеу бағыттарын айқындау; экономиканы реттеудің қажеттігі мен
ерекшеліктеріне тоқталу, нарықтық экономика кезіндегі мемлекеттік реттеудің
әдістерін талдау және Қазақстан үшін бүгінгі таңдағы маңызды болып
табылатын экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістерін талдау болып
табылады.

I-бөлім. ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ: ҚАҒИДАЛАРЫ МЕН ҮЛГІЛЕРІ

1.1 Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттігі мен реттеудің негізгі
әдістері

Мемлекеттің пайда болуымен қатар оның экономикалық қызмет ететін
сферасында қалыптасты. Мемлекеттің қандай жағдай болса да, экономикаға
араласуы және реттеуі бүгінгі экономикада объективті қажеттілік.
Тарихи жағынан дамыған елдерде экономиканы реттеу жөніндегі екі
негізгі әдістемелік бағыт қалыптасқан.
1) Кейнстік мектеп – шаруашылық механизмін мемлекеттік реттеу
концепциясы және мемлекеттің қоғамдық шаруашылық өміріне араласпауы туралы
неокейнстік кездерде консервативті доктриналардың синтезі. Осы аталған екі
теориялық ағымдардың өздеріне тән ортақ негізі бар. Олардың екеуі де
мемлекетті қоғамның стратегиялық мақсаттарына жетуге бағытталған
экономикалық саясат жүргізу үшін белгілі меншіктің формасы мен шаруашылық
қызметтер негізінде қамтамасыз етілген. Ал олардың бір-бірінен негізгі
айырмашылығы мемлекеттік ықпал жасаудың әр түрлі тәсілдері арқылы
айқындалады. Олардың біреулері мемлекеттің экономикалық процестерге мүлдем
араласпауын жақтайды. Оның өкілі Хайек мемлекеттің түнгі күзетші рөлін
атқарғанын дұрыс дейді.
Ал Кейнс және посткейнстік өкілдер нарық параметрлерінің жағдайына
бақылау жасауды мемлекеттің басты қызметі деп есептеді.
А.Смит мемлекеттің үш негізгі міндетін атап көрсетеді:
1. Әскери қауіпсіздікті сақтау;
2. Құқықтық қызметтер;
3. Қоғамдық қатынастарды реттеу;
Ал мемлекеттік экономикалық реттеу туралы Орешин былай деді:
экономиканы мемлекеттік реттеу мемлекеттің құқықтық шаралар жүйесі, реттеу
экономикалық тұрақтылықты және дамуды қамтамасыз етуге және әлеуметтік-
экономикалық жүйенің қызметіне араласу болып табылады.
Қазақстандық экономистер Ихданов пен Мамыров экономиканы мемлекеттік
реттеуді мемлекеттің өзіне негізгі административті экономикалық және
ұйымдық-құқықтық араласуы, әсіресе әлеуметтік-экономикалық процеске, яғни
оның рационалды балансын және макроэкономикалық тұрақтылығын қолдау көрсету
екендігін атап өтті.
Мемлекеттік реттеу экономикалық өсудің тұрақтылығын сақтауға және
дамытуға ынталы болады. Жалпы нарық механизміне тән кемшіліктерді мемлекет
экономикалық реттеу арқылы түзетіп отыруға тиісті. Бәрімізге белгілі
нарықта негативті жағдайлар бар. Яғни, барлық адамзат қарамағындағы,
теңіздердегі барлық байлықтар толығымен пайдаланылмайды.
Мемлекеттік реттеудің келесідей түрлері бар:
• Шаруашылықты басқарудағы толық мемлекеттік монополизм;
• Нарықтық және басқа да экономикалық жүйелердің ұштасуының әр түрлі
нұсқасы;
Экономиканы мемлекеттік реттеудің басты үлгілері:
• Адаптациялық үлгі – мысалы, АҚШ экономикасын реттеу үлгісі;
• Белсенділік үлгі, яғни Жапония мысалында.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі әдістеріне тоқталатын болсақ:
1) Құқықтық реттеу – мемлекеттің тарапынан;
2) Өндіруші фирмалар және тұтынушылар үшін экономикалық қызмет тәртібінің
белгіленуі жатады. Бұл жерде заң нормалары және ережелер жүйесі меншік
формалары мен ережелерінің жүйесі меншік құқықтарны келісім-шарт
жасаумен фирманың қызмет ету шарттарын кәсіподақтармен реттеп отыру;
3) Әкімшілік реттеу – лицензиялау, квота белгілеу шаралары жатады.
Қазіргі кезде көбінесе әкімшілік реттеу қоршаған ортаны қорғау
шараларымен айналысады.
4) Экономикалық әдістер нарықтық қатынастардың сипатына және ұлттық
экономиканың шеңберінде нарықтық ортаға ықпал жасауға талап етеді. Бұл
жиынтық сұранысқа, жиынтық ұсынысқа, капиталдың шоғырлану дәрежесіне
әсер ету арқылы реттеу шараларын жүргізеді.
Ал экономиканы мемлекеттік реттеудің келесі бағыттардағы қызметтері
кең тараған:
• Ұлттық қорғаныс;
• Фундаменталды ғылым;
• Космостық зерттеулер;
• Денсаулық сақтау;
• Қала құрылысы, заводтар салу;
• Мемлекеттік несиелендірудің пайыз қойылымын, тауарлардың сапасын
реттеу;
• Ресурстарды тиімді бөлу мен ұтымды пайдалану;
• Монополияға қарсы тұру, бәсекені қолдау шаралары;
• Жұмыссыздықтықтың орын алуын, инфляция, сұраныс пен ұсыныстың
тепе-теңдігінің бұзылып отыруын реттеп отыру;
• Әлеуметтік мәселелер мен қоршаған ортаның ластануын реттеу.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің мақсаттары келесідей:
• Жалпы экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету;
• Шаруашылық қызметтің кординациясын дамыту;
• Бәсекелік ортаны барынша қолдау.
Осыдан барып келесі төрт көрсеткіш шығады:
1) Экономикалық өсім;
2) Жұмысбастылық жағдайы мен деңгейі;
3) Бағаның тұрақтылығы;
4) Сыртқы экономикалық тепе-теңдік.
Экономиканы мемлекеттік рететуде негізгі субъект мемлекеттің өзі болып
табылады, ал реттеу объектісі экономиканың әлсіз және реттеуді қажет ететін
салалары мен аумақтары.
Экономиканы мемлекеттік реттеуде нарықты реттеудің әдістерін келесідей
жіктеуге болады:

Сурет- 1 – Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістері

1-ші суреттен көріп отырғанымыздай тікелей реттеу шаралары неғұрлым
әкімшілік сипат алады да, ал жанама реттеу әдістері экономикалық сипат
алады. Енді осы экономиканы реттеудің нарықтық экономикада маңызды болып
табылатын әдістеріне жекелеп тоқталып өтсек.

1.2 Экономиканы салықтық-фискалдық реттеу және оның Қазақстан экономикасы
үшін маңыздылығы

Мемлекет тарапынан экономикалық процестерді реттеу кез келген қоғамдық
жүйенің, соның ішінде қаржыны басқарудың ажырағысыз элементі болып
табылады.
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды
реттеу механизмiнде де қаржы және оның негiзiндегi салық жүйесi мен салық
салу механизмi зор рол атқарады. Салықтар мемлекеттер пайда болуымен бiрге
пайда болды. Мемлекет құрылымының өзгеруi, өркендеуi әрқашан салық
жүйесiнiң қайта құрылуымен және жаңаруымен қабаттаса жүредi. Экономиканы
салықтық және соның негізінде қалыптасатын бюджеттік реттеудегі басты
саясат фискалдық саясат болып табылады. Ол экономиканы салықтық тежеу мен
ынталандыру, бюджеттік қолдау мен реттеу шараларының жиынтығынан тұрады.

Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу – бұл макроэкономикалық тепе-
теңдіке және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның
үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржы ресурстарын шебер
пайдаланудың күнделікті процесін қамтамасыз ету үшін шаруашылық жүргізуші
субъектіге мемлекеттің қаржылық ықпал жасауының нысандары мен әдістерін
мақсатты және нақты қолдану процесі.
Қаржылық реттеудің түрлері салықтық, бюджеттік, мемлекеттік-
кредиттік, кедендік-тарифтік, валюталық-қаржылық реттеулерді қамтиды. Осы
аталған экономиканы қаржылық реттеулердің ішінде салықтық реттеудің орны
мен маңыздылығы ерекше болып табылады. Экономиканы салықтық реттеуде тура
және жанама салықтар қолданылады.
Нарықтық экономика кезінде экономикалық, соның ішінде қаржылық
нысандар мен әдістер арқылы жанама реттеме негізгі қолданыста болады.
Дүниежүзілік тәжірибе салықтық реттеуде келесідей реттеу әдістерін: салық
салуда – салықтардың мөлшерлемелері, салық салу жөніндегі жеңілдіктер мен
санкциялар, салықтық-бюджеттік ынталандыру және тежеу саясаттары, салықтық
бөлу және қайта бөлу, бақылау қызметтері жатады.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен
міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір
бөлігі болып табылады. Салықтар өз кезегінде қаржының бастапқы категориясы.

Салықтардың мәнiн толық түсiну үшiн олардың экономикалық маңызын
түсiну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын
қызметiне тiкелей қатысты.
Сонымен, салықтардың жалпы экономика дамуында атқаратын келесiдей үш
қызметтерi бар:
• Фискалдық;
• Рететушiлiк;
• Бақылаушылық.
Салықтардың экономиканы реттеудегі басты қызметi – фискалдық немесе
бюджеттiк қызмет деп аталады. Бұл салық қызметi арқылы мемлекеттiк
бюджеттiң кiрiс бөлiмi құрылып, салықтардың қоғамдық мiндетi құрылады.
Себебi, салықтар мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiн топтастыра отырып,
әлеуметтiк, әскери, қорғаныс, қоршаған ортаны қорғау және тағы басқа да
шаралардың iске асуын қамтамасыз етедi. Мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс көзiн
құрайтын негiзгi қаржылық көздер – салықтар болып табылады.
Қаржылық реттеудің басты мазмұны фискалдық саясатты – бюджет
(мемлекеттің шығыстары) пен салық саясатын жүргізуді қамтамасыз етуде
затталады. Тікелей қаржылық реттеудің процесін жүргізе отырып, ұлттық
табыстарға кәсіпорындардың, аймақтардың үлесін көбейту немесе азайту арқылы
мемлекет олардың дамуын көтермелеп немесе шектеп отырады.
Мультипликатордың іс-әрекеттерінің жоғары баяндалған мүмкіндіктері
ескеріле отырып экономикалық циклдың сипатына қарай дискредициялық
фискалдық саясаттың нұсқалары тұжырымдалады. Құлдырау кезінде ынталандырушы
фискалдық саясат жүргізіледі. Ынталандырушы бюджет-салық саясаты (қазыналық
экспанция) – бұл саясат қысқа мерзiмдi кезеңде экономикадағы циклдiк
құлдырауды жою мақсатын қояды. Мұны жүзеге асыру үшiн мемлекет шығындарды
өсiрiп, салық ставкасы мөлшерiн төмендету арқылы немесе бiрiктiрген,
құрастырма шаралар арқылы жүзег асырылады.

Аталған ынталандырушы бюджеттік-салық саясаты мыналарды қарастырады:
1) мемлекет шығыстарының көбеюі;
2) салықтардың төмендеуі;
3) мемлекеттің шығыстарының артуының үлкен нәтижесін ескере отырып
фискалдық саясаттың бұл бағыттарының үйлесуі.
Тежеушілік фискалдық саясат бюджет артығына жетуге бағдарлануы тиіс.
Артық сұраныммен және инфляциямен шарттасылған тежеушілк фискалдық саясат
кері бағыттарды қамтиды:
1) мемлекет шығыстарының азаюы;
2) салықтардың көбеюі;
3) бұл бағыттардың өзара үйлесуі.
Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және
пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше
экономикалық нысандар – бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып
табылады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың
екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық
арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз
етеді; шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік
қажеттіліктерге сәйкес бөледі.
Сонымен қатар экономиканы мемлекеттік рететулердің негізгі
құралдарының бірі болып табылатын мемлекеттік бюджет, мемлекеттік
қаржылардың басқа да қорларының негізгі қайнар көзі салықтық түсімдер болып
табылады. Сондықтан мемлекеттің қаржы ресурстарын қалыптастырудың негізгі
көзі – салық жүйесі және оның басты функцияларының бірі болып табылатын
халыққа және шаруашылық қызме тетуші субъектілерге салынатын тура және
жанама салықтардың құрамы мен мөлшері болып табылады.
Қазiргi кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджетiндегi
салықтық төлемдердiң үлесiн келесi 2-шi кестеден көре аламыз.
Кестеден көрсетiлген мәлiметтердi қарастыра келе, қазiргi кезде
елiмiздiң бюджетiнiң кiрiс көзiнiң 90%-ы салықтардан тұратыннын көруге
болады. Ел экономикасы дамып, мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс көзi ұлғайған
сайын салықтық түсiмдердiң де өсiп отырғаны байқалады. Себебi, салықтың
экономикалық табиғаты өндiрiске байланысты. Өндiрiс бар жерде табыс та бар,
одан алынатын салықтар да бар. Сондықтан салық өндiрiстiң дамуына барынша
өз ықпалын тигiзiп, өндiрушiлердiң ынтасын арттыруға жағай жасауы қажет.

Кесте 1

Қазақстан Республикасы мемлекеттiк бюджетiнiң жалпы кiрiсiндегi
салықтық түсiмдердiң үлес салмағы

1998 1999 2000 2001 2002 2003
Мемлекеттiк бюджет 242,7 279,4 304,1 393,0 587,0 746,9
кiрiсi (млрд. теңге)
Оның iшiнде салықтық 178,1 204,1 215,6 330,3 524,1 670,0
түсiмдер
Салық түсiмердiң 73,4 73,0 70,9 84,0 89,3 90,2
мемлекеттiң
бюджетiндегi үлесi

Осыған орай қазіргі кездегі салық салу жүйесіндегі заңнамаларға сәйкес
салықтар фискалдық, реттеу, бақылау, бөлу сияқты негізгі функцияларды
атқаратындығын еске түсіре кеткен дұрыс. Фискалды функцияның мақсаты
жалпыға ортақ немес мақсатты мемлекеттік бағдарламаларды орындау үшін қаржы
құралдарын бюджетке жұмылдыру болса, ал қалған функциялар осы аталған
функциядан бастау алады. Яғни, салықтардың реттеу қызметі мемлекеттің салық
механизмі арқылы белгілі бір қаржы-экономикалық (ынталандыру, шектеу, ұдайы
өндірістік) мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған. Бақылау функциясы
табыстар көрсеткіштері мен мемлекеттің қаржы ресурстарына деген
қажеттілігін салыстыру арқылы салық сомасын бағалау мақсатында кәсіпорындар
мен халықтың қаржы – шаруашылық қызметтерінің нәтижесін қадағалауға
бағытталады. Әлеуметтік немесе бөлу функциясы халықтың түрлі әлеуметтік
топтарының арасында әлеуметтік тепе-теңдікті сақтау мақсатында табыстың бір
бөлігін бір әлеуметтік топтан алып, әдетте әлеуметтік аз қамтылған
тұрғындар категориясы деп аталатын екінші топтарға қарай беру арқылы
қоғадық табысты қайта бөлуге бағытталған.
Салықтарды салу объектісі бойынша олар тура және жанама салықтарға
бөлінеді. Тура салықтар – салық төлеушінің кірісі мен мүлкінің тікелей
төленген салықтар. Олар өз кезегінде нақты және жеке салықтарға жіктеледі.
Нақты салықтар салық төлеушілердің мүлкінің кейбір түрлеріне (үй, жер,
кәсіп, ақшалай капитал) салынады. Жеке тура салықтар – бұл жеке адамдар мен
заңды ұйымдардың табыстары мен мүлкіне салынатын салықтар. Нақты
салықтардан айырмашылығы – жеке салық салу әрбір салық төлеушінің жеке
табысы мен мүлкін де, оның қаржы жағдайында ескереді.
Жанма салықтар – баға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салық
төлеушінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар.
Салық Кодексіндегі 9 салық түрінің екеуі, яғни қосылған құнға салық
пен акциздер жанама салық түрлеріне жатады.
Жаңа Салық Кодексi 2002 жылдың 1-шi қаңтарынан Қазақстанда мынадай
салықтар енгiзiлдi:
• корпорациялық табыс салығы;
• жеке табыс салығы;
• қосылған құн салығы;
• акциздер;
• жер қойнауын пайдаланушылардың салықтар мен арнайы төлемдерi;
• әлеуметтiк салық;
• жер салығы;
• көлiк құралдары салығы;
• мүлiк салығы.
Мұндағы қосылған құнға салық пен акциздер жанама салықтарға жатады. Ал
қалған салықтың жетi түрi тiкелей салық салу болып табылады.
Корпорациялық табыс салығы. Бұл салықты Ұлттық банк пен мемлекеттiк
мекемелердi қоспағанда Қазақстан Республикасы резидент заңды тұлғалары,
сондай-ақ Қазақстанда қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе
республикадағы көздерiн табыс алатын бейрезидент-заңды тұлғалар төлейдi.
Арнаулы салық режимiн қолданушы заңды тұлғалар – шағын бизнестiң
субъектiлерi, шаруа қожалықтары, заңды тұлға – ауыл шаруашылығы өнiмiн
өндiрушiлер, кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерi корпорациялық табыс
салығын төлейдi.
Корпорациялық табыс салығын салу механизмi заңды тұлғалар салықты
есептеу, төлеу тәртiбiн, алу шарттарын, жеңiлдiктер мен санкцияларды, төлеу
уақытын айқындайды.

Жалпы табыс салығының мөлшерлемесi 30% болып белгiленген. Негiзгi
өндiрiс құралы жер болып табылатын салық төлеушiнiң салық салынатын
табысына 10 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салынады.

Төлем көзiнен салық салынатын табыстар – дивидендтер, депозитер
бойынша сыйақы, ұтыстар, заңды тұлғаларға төленетiн сыйақы, борыштық бағалы
қағаздар бойынша купон түрiндегi сыйақы 15 % мөлшерлеме бойынша салық
салуға жатады.
Жанама салықтардың iшiндегi ең маңыздысы 1992 жылы енгiзiлген қосылған
құнға салынатын салық – ҚҚС болып табылады. Салық төлеушi мемлекетке оны
төлеу нәтижесiнде шеккен щшығысының орнын бағаны көтеру жолымен толықтырады
және салықты төлеудi сатып алушыға ауыстырады. Салық салу объектiсi
материалдық шығындарсыз өндiрiлген өнiм (амортизациясы бар таза өнiм) болып
саналатын қосылған құн болып табылады: қосылған өнiмге кешендi шығындар,
мысалы, жарнамаға жұмсалатын және басқа бiрқатар шығындар қамтылуы мүмкiн.
Демек, бұл салықтың ерекшелiгi – оның салық салынатын объектiсi
сатудан түскен бүкiл түсiм-ақша емес, тек салық салынатын айналым мен салық
салынатын импортты қамтитын қосылған құн болып табылатындығында. ҚҚС дүние
жүзiнiң 40-тан астам елдерiнде, соның iшiнде Еуропа экономикалық одағының
17 елiнде пайдаланылады. Бұл салықтың артықшылығы мынада: бiрiншiден, ол
жаңа құн жасалынған орын бойынша салық төлеушiлердiң үлкен тобынан алынады;
екiншiден, төлеушiлер үшiн де есептеудiң салыстырмалы қарапайымдылығымен
ерекшеленедi және үшiншiден, бағалардың өзгеруiне, төлеушiнiң қаржылық
ахуалына, инфляция деңгейiне қарамастан мемлекет бюджетiнiң кiрiстерiн
қалыптастырудың сенiмдi және тұрақты базасын қамтамасыз етедi. ҚҚС қазiргi
кезде Қазақстан Республикасының бюджет кiрiстерiнiң аса маңызды көздерiнiң
бiрi болып саналады. 2004 жылы мемлекеттiк бюджет кiрiстерiнiң жалпы
сомасында бұл төлемнiң үлес салмағы 23-24%-ды құрады.
Акциздер – бағаға қосылатын және сатып алушы төлейтiн тауарларға
салынатын салық. Акциздердi өзiнiң айрықшалықты ерекшелiктерiне қарай
монополды түрде жоғары бағалары мен тұрақты сұранымы болатын тауарларды
өндiрушiлер төлейдi. Акциздер көрсетiлген қызметтерге де салынуы мүмкiн.
Акциз ставкаларын Үкiмет бекiтедi және тауар құнына пайызбен және
заттық нысандағы өлшем бiрлiгiне абсалюттiк сомада белгiленедi. ҚР-ның
Мемлекеттiк бюджетiндегi акциздердiң үлесi 2004 жылы 3,5%-ды құрады.
Нарықтық механизмге көшу жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаражаттары ең
алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды, кешенді мақсатты бюджеттік
бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми-техникалық әлуетті арттыруға,
әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтың ең аз қамтылған жігін әлеуметтік
қорғауға бағытталуы тиіс.
Шығыстар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды
реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды
құралы болып табылады.
Алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi фискалдық саясатты
айқындау процесі келесідей сипатта болады:

1. Орта мерзiмдi фискалдық саясат алдағы үш жылдық кезеңге арналған
салық-бюджет саясатын, соның iшiнде:
• мемлекеттiк, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң болжамдық
көрсеткiштерiн;
• бюджеттiк бағдарламалардың өткен кезеңнiң iшiнде iске асырылу
тиiмдiлiгiн бағалау нәтижелерiн;
• бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттарын;
• республиканың немесе аймақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының
негiзгi бағыттарын iске асырудың тәсiлдерiн;
• бюджетаралық қатынастардың даму бағыттарын;
• мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш
саласындағы саясатты;
• ықтимал фискалдық тәуекелдердi айқындайтын құжат болып табылады.
2. Орта мерзiмдi фискалдық саясат республиканың немесе аймақтың орта
мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық даму жоспары негiзiнде, өткен қаржы жылы
бекiтiлген орта мерзiмдi фискалдық саясат, мемлекеттiк, салалық
(секторлық), аймақтық бағдарламалар, өткен қаржы жылы iшiнде бюджеттiң
атқарылуын талдау мен бағалау ескерiле отырып, оның негiзгi бағыттары жыл
сайын түзетiлiп үш жылдық кезеңге әзiрленедi.
Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның
жобасын әзiрлеу бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган
Республикалық бюджеттiк комиссия қабылдаған шешiмдердiң негiзiнде алдағы
қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының түпкiлiктi нұсқасын
жасап, оны Республикалық бюджеттiк комиссияның қарауына енгiзедi. Алдағы
қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының түпкiлiктi нұсқасын
қарау және айқындау жоспарланып отырған қаржы жылының алдындағы жылдың 1
тамызынан кешiктiрiлмей аяқталады.
Нарықтық жағдайларға көшу жағдайында республикалық бюджет шығыстарының
құрылымы айтарлықтай өзгерістерге ұшырауда – ұлттық шаруашыылқтың, ең
алдымен орталықтандырылған күрделі жұмсалымдарға жұмсалатын бюджет
қаражаттары шұғыл қысқаруда. Жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыруға
байланысты мемлекеттік кәсіпорындардың едәуір бөлігі акционерлік қоғамдарға
өзгерді, олар ұлғаймалы ұдайы өндірісті қаржы рыногында жұмылдырылған
меншікті қаражаттар мен ресурстар есебінен жүзеге асыруға тиіс.
Алайда нарықтық механизмдердің іс-әрекеті жағдайында да жеке салалар
мен аумақтарды, мемлекеттік инвестициялық бағдарламаларды, экономиканын
мемлекеттік секторын бюджеттен қаржыландыру өзінің шешуші маңызын сақтап
отыр.
Экономиканы одан әрі тұрақты дамыту, жүргізіліп жатқан реформаларды
тереңдету, мұнай операцияларына, қаржы лизингіне, қаржы құралдарына салық
салуды және оның нормаларын жетілдіру жәек кәсіпкерлердің инвестициялық
тартымдылықтарын күшейту инвестициялық салық преференцияларын беру нысаны
кеңейтіледі. Негізгі құралдарды жаңарту және жаңғырту процестерін жеделдету
үшін салық салу мақсатында елде амортизациялық саясат жетілдірілді.
Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру, сондай-ақ
инвестициялар көлемін өсіру және салықтық әкімшілендіруді одан әрі
жетілдіру есебінен ел экономикасын теңгерімді дамытуды қамтамасыз ету
мақсатында орта мерзімді кезеңде салық саясатының негізгі бағыттары
анықталады. Олар:
• шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін арнаулы салық режимін
қолдану аясын кеңейиу және оларды ең алдымен экономиканың
шикізат емес секторына инвестиция тарту үшін шаралар қолдану;
• Салықтық әкімшілендірк процесін одан әрі жетілдіру;
• Салық салу және оның механизмін акпараттандыру және
компьютрлендіру;
• Қазақстандық экономиканың бәсеке қабілеттілігін күшейту
мақсатында 2008 жылдан бастап салықтық ауыртпалықты заңды
тұлғалардың кірістерінен жеке тұлғалардың кірістеріне біртіндеп
ауыстыру мүмкіндігін қарау болып табылады деп көзделуде.
Мемлекеттік бюджет кірістері салық заңнамасы, Әлеуметтік-экономикалық
дамудың орта мерзімді жоспары жобасының маңызды макроэкономикалық
көрсеткіштері мен салық саясатының ел экономикасын одан әрі дамытуға және
инвестициялар тартуға бағдарланған бағыттары негізінде айқындалады.
Келесі 2-ші кестеден мемлекеттік бюджет кірістерінің 2006-2008
жылдарға арналған болжамын ЖІӨ-гі пайызбен көре аламыз. 12

Кесте 2
Мемлекетік бюджет кірістерінің 2006-2008 жылдарға арналған
болжамы

Атауы 2006 2007 2008
Кірістер 22,3 22,7 23,2
Салықтық түсімдер 21,3 21,5 22
Салықтық емес түсімдер 0,6 0,5 0,5
Негізгі капиталды сатудан түсетін 0,4 0,7 0,7
түсімдер

2006-2008 жылдары бюджет саясаты жедел әлеуметтік-экономикалық даму
мақсаттары мен міндеттерін кешенді шешуге және ағымдағы міндеттемелерді бір
мезгілде орындауға негізделетін болады. Тұтастай алғанда орта мерзімі
кезеңде жүргізіліп жатқан бюджет саясатының жалпы бағыты сақталады және
мыналарға:
• Денсаулық сақтауды реформалауға және дамытуға;
• Білім беруді дамытуға;
• Әлеуметтік реформаларды одан әрітереңдетуге;
• Идустриялық-инновациялық дамуды қолдауға;
• Аграрлық секторды дамытуға; Жаңа тұрғын үй саясатын іске асыруға;
• Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға;
• Мемлекеттік қызметтердіңтиімділігін арттыруға бағытталып отыр. 12
Орта мерзімді кеезңде фискалдық саясаттың негізгі мақсаты әлеуметтік-
экономикалық дамудың басым міндететрін шешу үшін салық-бюджет құралдарын
тиімді қолдану, атап айтқанда, Қазақстанды әлеуметтік және экономикалық
жедел жаңғыртуға бағытталған ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігі
нарттыру болып табылады.
Орта мерзімді кезеңде бұл мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай
міндеттерді шешу қажет:
• Бюджеттік заңнаманы және жоспарлауды жетілдіру;
• Мемлекеттік шығыстардың тиімділігі мен нәтижелігін арттыру;
• Жүргізіліп жатқан әлеуметтік реформаларды қаржылық қамтамасыз ету;
• Перспективалы бюджеттік жоспарлаудың рөлін жоғарлату;
• Көлеңкелі экономиканың үлесін азайту;
• ҚР Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану тетігін жетілдіру;
Кез келген мемлекеттің нарықтық экономикасының қалыптасуы мен дамуы
мемлекеттің негізгі жақтарын, әсіресе экономикасын реттеу құралы ретінде
салықтық саясатты кеңінен қолдануына тікелей байланысты болмақ. Өйткені
елімізде бюджет пен халықтың және шаруашылық субъектілерінің арасында қарым-
қатынасты қалыптастыруда фискалдық және реттеушілік қызметті жүзеге
асыратын салықтық реттеуді жетілдіру бағытары өзекті мәселелердің біріне
айналып отыр. 12
Салық саясаты арқылы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін
ынталандыруға немесе шектеуге, бюджет кірісін қалыптастыруға, қоғам
мүддесін қолдауға болады. Сондықтан елімізге салық түрлерін, салық
ставкалары мен жеңілдіктерін енгізу, оларды дамыту арқылы реттеушілік
қызметін жүзеге асыру барысында экономиканы, өндіріс пен инвестицияны,
шағын және орта бизнесті жан-жақты қолдау мен рететуді жүзеге асыруымыз
керек.

II-бөлім. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДІҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ

2.1 Нарықтық экономикадағы ақша-несие саясаты және оның Қазақстан
экономикасының дамуы үшін маңыздылы

Еліміздің нарықтық экономикаға өтуіне байланысты экономиканың тиімді
және тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін елдегі ақша қатынастарын, оның
құнсыздану дәрежесін, ақшалардың және несиенің айналысын, олардың көлемін,
банк және қаржы жүйелерінің қызметтерінің тиімді жүргізілуін, сондай-ақ
тұрақты дамуға бет алуын реттеу құралдары мен саясаттарын ұтымды жүргізу
мемлекеттің және қаржы саласының негізгі міндеті мен мақсаты болып
табылады. Осы аталған экономика салаларын реттеудегі кең қолданылатын
саясаттардың бірі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкік жүргізетін ақша-
несие саясаты болып табылады.
Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және
жүзеге асыратын басты орган болып табылады. Ақша-несие саясатының
экономикалық маңызы бұл саясат нарықтық экономиканы реттеудегі өте тиімді
мемлекеттің реттеу және дамыту саясатты болуында.
Ақша-несие саясаты – бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемiн,
сыйақы мөлшерлемесiн өзгертуге, жалпы банк жүйесiнiң қызметiн реттеуге
бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық
деңгейдегi субъектiсi – Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие
саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектiлерiне экономикадағы қолма-
қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.
Шаруашылық жағдаятына байланысты ақша-несие саясатының екi түрi бар:
• рекстрикциялық ақша-несие саясаты;
• экспанциялық ақша-несие саясаты.
Рекстрикциялық ақша-несие саясаты - коммерциялық банктердiң несиелiк
операциялар көлемiн шектеуге және қатаң шарт белгiлеуге, сондай-ақ сыйақы
мөлшерлемесiнiң деңгейiн арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.
Экспанциялық ақша-несие саясаты – несие беру көлемiн кеңейтумен,
айналымдағы ақша жиынының өсуiне бақылаудың әлсiздiгiмен және сыйақы
мөлшерлемесiнiң төмендеуiне байланысты сипатталады.
Ақша саясатының құралдарын төмендегiдей топтастыруға болады:
Ақырғы мақсат:
а) экономиканың өсуi;
ә) толық жұмысбастылық;
б) бағаны тұрақтандыру;
в) төлем балансын тұрақтандыру.
Аралық мақсат:
а) ақша жиыны;
ә) пайыз мөлшерлемесi;
б) айырбас курсы.
Құралдары:
а) несие берудiң лимитi, пайыз мөлшерлемесiн тiкелей реттеу;
ә) мiндеттi резервтер нормасының өзгеруi;
б) есептеу мөлшерлемесiнiң өзгеруi;
в) ашық нарықтағы операциялар.
Тiкелей (а) және жанама (ә,б,в) құралдарының арасында айырмашылықтар
бар. Жанама құралдарды тиiмдi пайдалану ақша нарығынаң дамуымен тығыз
байланысты. Нарықтық экономикада әсiресе алғашқы өзгерiстер кезеңiнде,
тiкелей және жанама құралдар пайдаланылады, соңғылары алғашқыларын
ығыстырады.
Қазақстан Ұлттық банкi операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру
мөлшерлемесiн, сол сияқты басқа да мүдделендiру мөлшерiн белгiлейдi. Ресми
қайта қаржыландыру мөлшерлемесiн ақша нарығының жалпы жағдайына несие
бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейiне байланысты белгiлейдi.
Қазақстан Ұлттық банкi мүдделендiру мөлшерлемесi саясатын мемлекеттiк ақша-
несие саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделендiру
мөлшерлемесiне әрекет ету үшiн пайдаланады.
Жоғарыда атап өткеніміздей соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының
басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенiң тұрақтылығын
қамтамасыз етуді қолға алу. Бұл мақсатты орындауда Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкі бүгінде қатаң ақша-несие саясатын жүргізуде.
Нысанаға алатын ақша базасы келесідей ақша-несие саясатының негізгі
құралдарының көмегімен реттеледі:
• Қайта қаржыландыру мөлшерлемесi: ресми мүдделендiру мөлшерлемесi
деңгейiн белгiлеу;
• Қазақстан Ұлттық банкi жинақталатын ең төменгi мiндеттi резервтер
нормасын белгiлеу, оның iшiнде сырттан тартылған қаражаттарды
мерзiмiне, көлемiне және түрлерiне байланысты жiктеу;
• Мемлекеттiң бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша ақша
нарығындағы операцияларды жүргiзу, осы операция негізінде
айналыстағы ақша жиынын реттеу;
• Банктерге және үкiметке, экономикалық құрылым салаларына несиелер
беруді тиімді жүргізу;
• Валюталық нарықтағы басқыншылық, яғни Ұлттық банктің шетел
валюталарын өзі ең бірінші сатып алуы және осы арқылы валюталық
бағам мен төлем балансын реттеп отыру;
• Кейбiр жағдайларды несиелiк операциялардың жекелеген түрлерiнiң
деңгейi мен көлемiне тiкелей сандық шектеулер енгiзу;
• Ресми есепке алу (дисконттық) мөлшерлемесi.
Соңғы мақсаттар жалпы экономикалық саясаттың, сонымен қатар
қазыналық, валюталық, сыртқы сауда, құрылымдық және басқа да саясаттарды
ескере отырып, несие-ақша саясаты жоғарыда аталған саясаттардың бiр бағыты
ретiнде қарастырылады.
Аралық мақсаттар нарықтық жағдайда тiкелей Орталық банктiң жанама
құралдары арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Ұлттық банкi операциялар
бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесiн, сол сияқты басқа да
мүдделендiру мөлшерiн белгiлейдi. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесiн
ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция
деңгейiне байланысты белгiлейдi. Қазақстан Ұлттық банкi мүдделендiру
мөлшерлемесi саясатын мемлекеттiк ақша-несие саясаты жүзеге асырылатын
аумақтағы нарықтың мүдделендiру мөлшерлемесiне әрекет ету үшiн пайдаланады.
Қазақстан Ұлттық банкi пайыз саясатының басты мақсаты – айналыстағы
теңге деңгейiн көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның
нәтижесiнде ақша жиыны және инфляцияның өсуiн төмендетудi қамтамасыз ету
болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесi, шын мәнiсiнде пайыз үшiн
төлемдер өз кезегiнде шығынның көлемiн құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты
алдағы уақытта немесе белгiлi бiр уақыт аралығында өзiнiң нәтижелерiне қол
жеткiзуi тиiс. Ұлттық банктiң мүдделендiру мөлшерлемесi ақша нарығындағы
қаржылық операциялардың барлық түрлерiне пайыз мөлшерлемесiнiң белгiлеу
базасы ретiнде қызмет етіп отырады.
Қазақстандағы инфляциямен күресудің тағы да бір маңызды факторы шетел
валютасына деген артық сұранысты төмендету болып табылады. Өткенге оралатын
болсақ, теңгені енгізгеннен кейінгі жарты жылдай уақыт ішінде, валюталардың
бағамдық айырмасы есебінен алып-сатарлық табысқа қол жеткізу мүмкіндігінің
салдарынан банктің қысқа мерзімді капиталдары ссудалық нарықтан валюталық
нарыққа ауысып кетті. Айырбас бағамы анықталатын сыртқы көрінісі мен ішкі
құны арасындағы шекті қатынастың бұзылуы, Ұлттық валютаның тұрақсыздығын
одан сайын арттыра түсті.
Қайта қаржыландыру мөлшерлемесiнiң шамасы ақшалай қаражаттарға деген
сұранысқа және инфляция деңгейiне байланысты келедi. Ұлттық банк
мүдделендiру мөлшерiн реттеу арқылы республикамыздағы ақша жиынының
шамасына әсер етедi және несиеге деген сұранысты арттыруға немесе
қысқартуға мүмкiндiк ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттігі
Экономиканы мемлекеттік реттеу: маңызы мен бағыттары
Басқарудың негізгі қағидалары мен әдістері
Шетелдердегі болжау мен жоспарлау тәжірибесі
Экономика пәнінен дәрістер
Басқарудың негізгі принциптері, әдістері. Еңбек ұжымының жетекшісі
Нарық шаруашылығының артықшылықтары және кемшіліктері
Экономиканы мемлекеттік реттеу туралы
Экономикалық өсудің қарқыны
Ұлттық экономика түсінігі
Пәндер