Кәсіпорындағы өндірістік есеп пен өндірісті ұйымдастыру



І. Кәсіпорындағы өндірістік есеп пен өндірісті ұйымдастыру
1.1.Өндіріс түрлері
2.2.Өндірісті ұйымдастыру типі
II.Негізгі өндіріс шығындарының бухгалтерлік есебін ұйымдастыру 2.1. Негізгі өндірістегі материал шығындарының есебі
2.2. Негізгі өндірістегі еңбек ақы шығындары және еңбек ақыдан аударымдар
2.3. Негізгі өндірістегі үстеме шығындар есебі
2.4. Өндіріс шығындарының аналитикалық есебі.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.
1.1.Өндіріс түрлері
Кәсіпорын - түрлі өндірістерден және шаруашылықтардан (негізгі, көмекші, қосымша, қосалқы және эксперименттік) тұратын күрделі механизм.
Кәсіпорынның жекелеген өндірістік буындары бойынша жоспарлау және шығындарды есепке алу мақсатында өндірілетін өнімнің атқаратын қызметіне қарай барлық өндірістер негізгі және қосымша өндірістер болып екіге бөлінеді.
Негізгі өндіріске кәсіпорын шығаратын өнімдер, сондай-ақ өнімді сатуға және зауыт ішінде тұтынуға (желілік, ұсталық, престеу — машина жасау зауыттарында) арналған шалафабрикаттарды дайындайтын өндірістер жатады.
Көмекші өндіріс негізгі өндірістің өнімін әзірлеуге қатыспайды, бірақ өнім өндіруге, қызмет көрсетуге, жұмыс жасауға тікелей ықпал етеді (жөндеу-механикалық және аспаптық цехтар, электр-көліктік, сумен жабдықтау және т.б.).
Қосымша цехтар (мақта қалдықтарынан тазартылған мақта өндіру жөніндегі цехтар) негізгі өндіріс қалдықтарын кәдеге жаратуға септігін тигізеді.
Қосалқы цехтар (ыдыстар мен буып-түю материалдарын дайындаумен айналысатын цехтар) негізгі материалдардан емес, бірақ негізгі және көмекші өндірістерде пайдаланатын материалдардан өнім ендіреді.
Эксперименттік (тәжірибелік) цехтар тәжірибелік үлгілерді дайындайды және түрлі эксперименттік жұмыстарды атқарады.
Бұдан басқа кәсіпорында қызмет көрсететін өндірістер мен кәсіпорын ұжымының тұрмыстық қажеттілігін қанағаттандыратын шаруашылықтар (тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, моншалар, кір жуатын орындар) болады. Бүл кәсіпорындар өнімді дайындауға, сондай-ақ басқа да тарапта жұмыстарды атқаруға немесе қызмет көрсетуге өз септігін тигізеді.
Өндірістік есепті дұрыс ұйымдастырудың кез-келген кәсіпорын үшін маңызы зор.
1. Баймұханов, Балапанова «Бухгалтерлік есеп», Алматы 2001
2. В.В.Радостовец, В.К.Радостовец, О.Шмидт «Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учета», Алматы 2001
3. В.К.Радостовец, О.Шмидт «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп», Алматы 2002
4. Қ.К.Кеулімжаев, З.Н.әжібаева, Н.А.Құдайбергенов, А.ә.Жантаева «Қаржылық есеп», Алматы 2001
5. В.Л.Назарова, М.С.Жапбарханова, Д.А.Фурсов, С.Д.Фурсова «Басқару есебі» Алматы 2005
6. В.К.Радостовец, А.Ш.Омаров «Организация финансового учета», Алматы 1998
7. «Бухгалтер бюллетені» ай сайын шығатын экономикалық басылым
8. «Бухгалтерлік есептің типтік шот жоспары» 2002
9. «Казахстанские стандарты бухгалтерского учета» 2001
10. Оразбекұлы Бахыт «Инвестициялық институттардағы бухалтерлік есеп», Алматы 2002
11. «Бухгалтерский учет на практике» ежемесячный журнал
12. Т.П.Карпова «Управленческий учет», Москва 1998

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
І. Кәсіпорындағы өндірістік есеп пен өндірісті ұйымдастыру

1.1.Өндіріс түрлері
Кәсіпорын - түрлі өндірістерден және шаруашылықтардан (негізгі, көмекші,
қосымша, қосалқы және эксперименттік) тұратын күрделі механизм.
Кәсіпорынның жекелеген өндірістік буындары бойынша жоспарлау және
шығындарды есепке алу мақсатында өндірілетін өнімнің атқаратын қызметіне
қарай барлық өндірістер негізгі және қосымша өндірістер болып екіге
бөлінеді.
Негізгі өндіріске кәсіпорын шығаратын өнімдер, сондай-ақ өнімді сатуға
және зауыт ішінде тұтынуға (желілік, ұсталық, престеу — машина жасау
зауыттарында) арналған шалафабрикаттарды дайындайтын өндірістер жатады.
Көмекші өндіріс негізгі өндірістің өнімін әзірлеуге қатыспайды, бірақ
өнім өндіруге, қызмет көрсетуге, жұмыс жасауға тікелей ықпал етеді (жөндеу-
механикалық және аспаптық цехтар, электр-көліктік, сумен жабдықтау және
т.б.).
Қосымша цехтар (мақта қалдықтарынан тазартылған мақта өндіру жөніндегі
цехтар) негізгі өндіріс қалдықтарын кәдеге жаратуға септігін тигізеді.
Қосалқы цехтар (ыдыстар мен буып-түю материалдарын дайындаумен
айналысатын цехтар) негізгі материалдардан емес, бірақ негізгі және
көмекші өндірістерде пайдаланатын материалдардан өнім ендіреді.
Эксперименттік (тәжірибелік) цехтар тәжірибелік үлгілерді дайындайды
және түрлі эксперименттік жұмыстарды атқарады.
Бұдан басқа кәсіпорында қызмет көрсететін өндірістер мен кәсіпорын
ұжымының тұрмыстық қажеттілігін қанағаттандыратын шаруашылықтар (тұрғын-үй
коммуналдық шаруашылық, моншалар, кір жуатын орындар) болады. Бүл
кәсіпорындар өнімді дайындауға, сондай-ақ басқа да тарапта жұмыстарды
атқаруға немесе қызмет көрсетуге өз септігін тигізеді.
Өндірістік есепті дұрыс ұйымдастырудың кез-келген кәсіпорын үшін маңызы
зор.

2.2.Өндірісті ұйымдастыру типі

Өндірістің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру көбіне өндірістің тұрпатына
(типіне) байланысты болады. Өндіріс жеке-дара, сериялық және жаппай
өндіріс болып үш топқа (тұрпатқа) бөлінеді.
Жеке-дара (жекелеген) өндіріс - өнім жекелеген даналарымен немесе
қайталанып отыратын шағын тапсырыстарымен дайындалатын өндіріс. Бұл ауыр
машина жасауға, кеме жасауға, бірегей станоктар мен турбиналарды өндіруге
тән. Оның мынадай ерекшеліктері бар: ондағы цехтар нақты бір салаға
мамандандырылмайды; субъект пен цехтардың өндіріс бағдарламасында бұйымдар
мен олардың бөлімдерінің көп мөлшерде болуымен ерекшеленеді; дайындық-
қорытындылау жұмыстарына кететін шығындардың деңгейі салыстырмалы жағдайда
алғанда біршама үлкен болады; өндірістің басқа да тұрпаттарына қарағанда
өндірістік цикл ұзақ болып келеді. Жеке-дара өндірісте, әдетте, шығындарды
есепке алу үшін және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін тапсырыстық
әдіс қолданылады, бұл орайда шығындар әрбір бұйым (тапсырыс) бойынша
есепке алынады.
Сериялық өндіріс біркелкі бұйымдарды дайындап шығарудың оқтын-оқтын
қайталанып отыруымен сипатталады және оған мынадай ерекшеліктер тән:
шығарылатын өнім номенклатурасының шектеулілігі; жұмыс орындарының
салыстырмалы түрде алғанда кең мамандануы; мамандандырылған машиналардың,
аспаптар мен қондырғыларының қолданылуының шектеулілігі. Сериялық өндіріс
машина жасау өнеркәсібінде және металл өндеуде неғүрлым кең тараған. Бұл
кәсіпорындарда өнімнің шығарылуын есепке алу сериялы бұйымдарға тән етіп
қолданылады, бірақ ол бұйымдарды құрастыратын партияларға қолданылмайды.
Сериялардың көлеміне қарай өндірістер мынадай үш түрге бөлінеді: ірі
сериялық өндіріс (өнім жыл бойы үздіксіз дайындалады), сериялық (мамандану
анағұрлым тар, ал өндірістік желілер мен цехтар бойынша және технологиялық
жағынан мамандырылған), ұсақ сериялық өндіріс (жекелеген өндірістен ұсақ
сериямен нім шығаруға арналған).
Сериялық өндірісте шығынды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын
калькуляциялаудың нормативтік немесе қайта жасау әдістерін қолданады.
Жаппай өндіріс — ұзақ уақыт бойы бірдей өнімді үздіксіз шығаратын
өндіріс тұрпаты (типі). Шығарылатын өнімдердің ассортименті (түрлері) көп
болмағанымен олардың шығарылатын мөлшері айтарлықтай көп болуы мүмкін,
белгілі бір салаға ыңғайланған жабдықтардың жоғары деңгейі және өндірістің
жұмыс ырғағының жоғары болуы өндірістің осы тұрпатына тән белгілер болып
табылады. Бүл арада әдеттегідей өнімнің және оның негізгі элементтерінің
өзіндік құнын есепке алудың және калькуляциялаудың нормативтік әдісі
қолданылады.
Өндірісті ұйымдастыру типі (тұрпаты) тек шығындарды есепке алуға және
өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауға ғана әсер етіп қоймайды, сонымен
бірге бастапқы есепті ұйымдастыруға, талдамалық есепке де әсер етеді.
Мәселен, ірі сериялық және жаппай өндірістерде шығарылатын өнім мен жалақы
ауысым (смена) ішінде өндірілген өнім рапорттарына, ал жеке-дара және ұсақ
сериялық өндірістерде - жасалған жұмыстар нарядтарымен үйлесімде көбіне
маршруттық парақтарына жазылады.
Кез келген өнімді өндіру, жұмыстарды атқару және қызметті көрсету
белгілі бір шығындармен байланысты, ондай есеп мынаны қамтамасыз етуі
керек: жалпы өнім көлемін, әрбір өнім түрлерінің нақты өзіндік құнын
есептеу (калькуляциялау), қызметті көрсету, жұмысты орындау, өндірілген
өнімнің нақты шығысын толық, дер кезінде және шынайы көрсету, сондай-ақ
жалпы бизнесті ұйымдастыру және басқарушылық шешімді қабылдау мен
жоспарлау үшін ақпараттарды жинау және бақылауды көздейді.
Шешімді қабылдау үшін ақпараттарды жинаған кезде белгілі бір шешім
типтерін қабылдау үшін белгілі бір шығын түрлері маңызды болуы, ал
кейбіреулері үшін сол шығындар ескерілмеуі мүмкін. Шын мәнінде, өндірістік
шығындар көптеген белгілері бойынша жіктелуі мүмкін:
1. шығындардың туындайтын (пайда болатын) орындары (өндірістер,
цехтар,учаскелер) бойынша; өндіріс тізбесі (соның ішінде өңдеуі)бойынша,
ал олар шығындарды есепке алу мен жоспарлау кезінде субъектінің есеп
саясатында анықталғандай етіп бөлінеді;
2. қызметтер, жұмыстар және өнім түрлері бойынша; өндіріс шығындары
жекелеген өнім түрлерінің өзіндік құнына немесе біртектес өнім топтарына
енеді;
3. шығындар өнімнің өзіндік құнына ену тәсілі бойынша; тікелей — өнімнің
өзіндік құнына тікелей жатқызылатын, яғни жекелеген өнім түрлерін
өндірумен байланысты болып; жанама - өнімнің өзіндік қүнына таратылып
бөлінетін, яғни бірнеше өнім түрлерін өндірумен байланысты болып бөлінеді;
4. өндіріс шығындары өнімнің көлеміне қатысты екіге бөлінеді: айнымалы
—шығарылған өнімнің келемі өзгеруімен шығынның да өсуі немесе азаюы мүмкін
(негізгі материалдар мен шикізаттың шығысы, технологиялық энергия мен
отын, өндіріс жұмысшыларының жалақысы және т.б.); тұрақты — өнімнің шығару
көлемі өзгерген кезде, деңгейі өзгермейтін шығындар (өндіріс ғимараттарын
жарықтандыру мен жылытуға кеткен шығыстар, негізгі құралдардың
амортизациясы);
— шығыстар түрі бойынша (баптары және элементтері бойынша);
экономикалық элементтер бойынша шығындарға: материалдық шығындар; еңбек
ақы шығындары; еңбекақыдан аударылатын аударымдар; негізгі құралдардың
амортизациясы (тозуы); басқа да шығыстар кіреді.
Шығындар басқару қызметі (функциясы) бойынша:
1. өндірістік (өндіріс процесінің барысында пайда болады);
2. коммерциялық (сатумен байланысты);
3. әкімшілік (басқару процесімен байланысты).
Коммерциялық және әкімшілік шығыстар кезең шығыстарына жатады, ал олар
өндірістік калькуляциялауды есептеудің негізі болып табылады.
Өндіріс шығындарын есепке алу үшін шоттардың кешенді жүйесі пайдаланады,
оған 90 - "Негізгі өндіріс", 92 - "Көмекші өңдіріс", 93 - "Үстеме
шығындар" бөлімшелерінің шоттары кіреді.
Шығындарды және өнімнің шығарылуын есепке алу мен бақылау жасауды
қамтамасыз ету үшін мынадай есеп регистрлері пайдаланылады:
"Цехтар бойынша шығындар" ведомосы, онда 90, 92 және 93 бөлімшелер
шоттары бойынша шығындар есепке алынады. 90, 92, 93 шоттарының есебі
компьютерлендірілген кезде олар бойынша тиісті машинограмм қолданылады. Ай
соңында бухгалтерия өндіріс шығындарын жинақтауды жүзеге асырады.
"Цехтар бойынша шығындар" ведомосына жазу үшін мыналар негіз болып
табылады:
5. "Материалдар (жалақы) шығындарын бөлу (тарату)" кестесін әзірлеу, онда
шикізат, материалдар, сатып алынған шалафабрикаттар және өндірістің басқа
да материалдық запастары көрсетіледі (20 - "Материалдар" бөлімшесі
шоттарының кредиті); өндіріс персоналдарына төленген еңбек ақы шығыстары
(681 -
"Персоналдармен еңбек ақы бойынша есеп айырысу" шотының кредиті); еңбек
ақыдан аударылатын аударымдар (635 - "Әлеуметтік салық" шотының кредиті);
6. "Негізгі құрал-жабдықтар амортизациясының (тозуының) есебі" кестесін
әзірлеу, онда өндіріс шығындарына енгізілуге тиісті негізгі құрал-
жабдықтар амортизациясының сомасы көрсетіледі (13 - "Негізгі құрал-
жабдықтардың тозуы" бөлімшесі шоттарының кредиті);
- "Материалдық емес активтер амортизациясының есебінің" кестесін
әзірлеу, онда өндіріс шығындарына енгізілуге жататын амортизацияның сомасы
көрсетіледі. (11 - "Материалдык емес активтердің амортизациясы" бөлімшесі
шоттарының кредиті);
— "Көмекші (кызмет көрсетуші) өндірістер мен шаруашылықтардың көрсеткен
қызметтерін бөлу" кестесін әзірлеу, онда өндірістер мен шаруашылықтардың
өнім өндіруге, жұмыстарға және көрсетілген қызметтерге жұмсалған шығындары
көрсетіледі (920 - "Көмекші өндірістер" шотының кредиті).
Өндіріс шығындарының бухгалтерлік есебін ұйымдастырудың схемасы төменде
келтірілген
1-схема
Өндіріске жұмсалған Материалдар мен жалақы шығындарын
шығындарын тарату кестесін әзірлеу,амортизациясын
көрсететін,құжаттар есептеу,көмекші өндірісінің көрсеткен
қызметін тарату

“Цехтар бойынша шығындар” ведомостары(90,92,93 шоттар бөлімшесінің
дебеті)

Ай ішіндегі өндіріс шыңындарының жинағы

Экономикалық элементтер Өндіріске жұмсалған шығындары
бойынша өндіріс шығындарының туралы есеп беру
жинағы

Бас кітап Бухгалтерлік баланс және басқа да есеп
берудің нысандары

Карточкалар,талдамалық есеп ведомостары(тапсырыс,қайта жасау,т.б.
бойынша)

II.Негізгі өндіріс шығындарының бухгалтерлік есебін ұйымдастыру
2.1. Негізгі өндірістегі материал шығындарының есебі

Өндіріс шығындарын есептеу үшін 90 - "Негізгі өндіріс" бөлімшесінің
шоттары қолданылады, олар түрлі мақсаттарға арналған.
Өндіріске жүмсалған барлық шығындарды қорытындылау (шолу) үшін 900-
"Негізгі өндіріс" шоты арналған. Осы шоттың 901 - "Материалдар", 902 -
"Өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысы", 903 - "Еңбек ақыдан аударылатын
аударымдар", 904 "Үстеме шығыстары" жинақталады, содан соң жыл соңында 900
"Негізгі өндіріс" шотында қорытындыланады.
900 "Негізгі өндіріс" шоты бойынша өндірістің шығындар есебі
номенклатура баптары бойынша топтастырылып, әдетте, олар элементтерінің
кескіні бойынша есепке алынады.
Шикізаттар мен материалдар — өнімді әзірлеу негізінде пайда болатын
немесе осы әзірлеу (дайындау) кезінде қажетті компоненттер болып табылатын
шикізат пен негізгі материалдарға жұмсалған шығындар. Осы жерде табиғи
шикізаттардың құны (су шаруашылық жүйесінен субъектінің жинайтын, су үшін
төлемі және де табиғи шикізат ресурстарын іздестіруге, барлауға, қорғауға,
оларды пайдалану мен жаңғыртуды ұйымдастыруға арналған мамандандырылған
ұйымдардың шығындарын өтейтін басқа датөлемдері), арнайы мамандандырылған
ұйымдардың жүргізетін жер құнарлығын арттырудың шаралары керсетіледі.
Лимиттік-алу карталары және талап-накладнойы жұмсалған шикізат пен
негізгі материалдарды, сондай-ақ сатып алынған материалдарды өндірісте
есептен шығару үшін негіз болып табылады. Осы құжаттардың деректері цехтар
(өндірістер), калькуляция немесе есеп объектілері бойынша "Материалдардың
шығыстарын тарату" деп аталатын талдамалық кестеге топтастырылады және
"Цехтар бойынша шығындарының" ведомосы немесе осыған ұқсас есеп
регистрлеріне (ведомостар, машинограммалар, карточкалар) жазылады.
Көмекші материалдар - тұрақты технологиялық процестерді қамтамасыз ету
үшін негізгі материалдарды шығару кезінде пайдаланған көмекші
материалдардың шығыны (технологиялық мақсаттарға пайдаланған көмекші
материалдар). Бұндай көмекші материалдардың құны белгіленген шығыс нормасы
бойынша өнімнің өзіндік құнына енеді, ол үшін өнім бірлігіне есептелген
сметалық мөлшерлемесі пайдаланылады. Шығыс нормасы мен бағасы өзгеретін
болса, аталған мөлшерлеме қайта қаралуы мүмкін.
Көмекші материалдардың нақты шығысы әрбір өнімнің өзіндік құнына, тауарлы
өнімге және аяқталмаған өндіріске сметалық мөлшерлеме бойынша
пропорциональды түрде таратылады.
Қайтарылган қалдықтар - бұл негізгі, көмекші және қосалқы өндірістердің ,
қалдығы.
Өнімнің өзіндік құнына кіретін материалдық ресурстарының шығыстарына
қайтарылған өндіріс қалдықтарының (отходтарының) құны қосылмайды.
Қайтарылған қалдықтар болып: материалдар, шикізаттар, шалафабрикаттар,
жылуды сақтайтын материалдар т.б. материалдық ресурстары-саналады, бірақ
олар өзінің сапасын, тұтыну қасиетін жоғалтуына байланысты тікелей өз
арналымдары бойынша пайдаланбауы мүмкін.
Белгіленген технологияға сәйкес өнімнің басқа түрін өндіру үшін толық
қанды материал ретінде берілген материалдық ресурстар қалдыққа жатпайды.
Сондай-ақ қалдыққа ілеспе өнімдері де жатпайды, олардың тізімі шығындарды
есепке алу және өнімнің өзіндік құнын есептен шығару әдістерінде
белгіленген.
Қайтарылған қалдықтар (отходтар) келесі тәртіпте бағаланады:
1. егер де қалдықтарды негізгі өндіріс мұқтаждығы үшін, бірақ өнім
азайтылып
шығарылса немесе қосалқы өндіріс мұқтаждығы үшін, сондай-ақ кеңінен
тұтынатын тауарларды дайындау үшін пайдаланса, онда шикізат пен
материалдардың бастапқы құнының төмендетілген бағасы бойынша;
2. қалдықтар қайта өңдеуге немесе сыртқа сатуға кетсе, олардың жинау
мен өңдеуге жұмсалған шығындарын шегере отырып, қалдықтарға белгіленген
бағасы бойынша;
3. егер де қалдықтар шартқа сәйкес шикізат немесе толыққанды материалдар
ретінде пайдалану үшін сатылса, онда шикізаттар немесе материалдар бастапқы
толық бағасы бойынша бағаланады.
Қайтымсыз (пайдаланылмайтын) қалдықтар бағалауға жатпайды. Қалдықтарды
пайдалануды нормалау қажет, ал оларды кіріске алуға тиісінше бақылау
жасауды жолға қою керек. Қайтымды қалдықтарды қоймаларға тауар
құжаттамалары (накладнойы) бойынша кіріске алады, олардың құнына "Шикізат
пен материалдар" бабы бойынша шикізат пен материалдардың шығыстарын
азайтады. Қалдықтардың кіріске алынуын 206-шоттың дебеті және 900-шоттың
кредиті бойынша көрсетеді. 900-шоттың кредитіндегі талдамалық есеп
регистрлеріне (карточкаларға, ведомостарға) жазылады.
Сатып алынатын бұйымдар, шалафабрикаттар және тараптық кәсіпорындар мен
ұйымдардың өндірістік сипаттағы көрсетететін қызметтеріне өнімді іріктеп
жинақтауға (комплектация жасауға) пайдаланатын шалафабрикаттар мен сатып
алынған бұйымдарға немесе дайын өнім алу үшін кәсіпорынның өзінде қосымша
өңдеуге түсетіндерге кеткен шығындар; басқа жақтың кәсіпорындарының
керсеткен өндірістік сипаттағы қызметтеріне ақы телеуге жұмсалатын шығындар
сол өнімнің жекелеген түрлерінің өзіндік құнына тікелей жатқызылуы мүмкін,
сондай-ақ материалдар мен шикізатты өңдеуге, өнімді дайындау бойынша
жекелеген операцияларды орындауға және белгіленген технологиялық
процестерді сақтау үшін бақылау жасауға, орталық қоймаға дейін запастарды
жеткізіп беру бойынша сырт жақтың транспорттық қызметіне жұмсалатын
шығындар жатады.
Субъектінің өз транспортымен және өз қызметкерлерінің күшімен жеткізілген
запастардың (шикізаттар, материалдар, сатып алынған бұйымдар және
шалафабрикаттар) шығындары да өндіріс шығындарының тиесілі элементтеріне
қосылады (еңбек ақы төлеу шығындарына, жалақыдан аударылатын аударымдарға
және т.б.)-
Дайындау-көліктік шығыстарына (ДКШ) шығынның келесі түрлері жатады:
жабдықтау-сату үйымдарына төленетін үстемелері (наценкасы); жүкті тасығаны
үшін қосымша кіре ақысы; субъектің қоймасына материалдарды жеткізіп беру
мен түсіру шығыстары; дайындау орындарында ұйымдастырылған агенттікті және
қоймаларды, кеңселерді ұстау шығыстары; материалдарды тікелей дайындаумен
байланысты іс-сапар шығыстары т.б.
Технологиялық мақсатқа арналган энергия мен отындар. Өндіріс процесінде
тікелей жұмсалатын энергиялар (барлық түрі) мен отындардың шығындары.
Олардың шығысы есепте шикізаттар мен материалдардың шығысы сияқты көрініс
табады.
Технологиялық мақсатқа отын шығындарына кәсіпорынның өзі ендірген
отындардың құны да және басқа жақтан сатып алынған отындардың құны да
енгізіледі: мартен, домен пештерінде агрегаттарды балқыту үшін, металл-
прокаттық, ұсталық-штампылау, престеу және басқа цехтарда қыздыру үшін,
бұйымдарға технологиялық процесспен белгіленген байқау (сынау) жұмыстарын
жүргізу үшін т.б.
Сондай-ақ кәсіпорынның технологиялық, двигательдік және басқа да
өндірістік және шаруашылық мұқтаждарына жұмсалатын сатып алынған энергияның
барлық түрлері. Кәсіпорынның өзі шығарған энергияның электрлік және басқа
да түрлерін өндіруге, сондай-ақ сатып алынған энергияны оны тұтынатын жерге
дейін трансформациялау мен беруге жұмсалатын шығындар тиісті шығын
элементтеріне енгізіледі; табиғи кему нормалары шегінде материалдық
игіліктердің кем шығуы мен бүлінуінен болған шығындар. Кәсіпорын көлігімен
материалдық ресурстарды жеткізіп берумен байланысты шығындар (тиеу-түсіру
жұмыстарын қоса алғанда) өндіріс шығындарының тиісті элементтеріне (еңбек
ақы төлеуге, негізгі қорлар амортизациясына жұмсалатын шығындар,
материалдық шығындар және т.б.), сондай-ақ материал ресурстарының құнына
жеткізіп берушіден (жабдықтаушылардан) материалдық ресурстармен бірге
алынған ыдыстың құны оның бағасына енгізілген жағдайда жеткізіп
берушілерден алынған материалдық ресурстардың ыдыстары мен бумаларын сатып
алуға жұмсаған кәсіпорындардың шығындары да енгізіледі.
Өнімнің өзіндік құнына енгізілген материалдық шығындардан қайтымды
қалдықтардың құны алынып тасталынады. Өндірістің қайтымды қалдықтары деп
өнім өндіру процесінде пайда болған, бастапқы ресурстың тұтыну сапасын
(химиялық немесе физикалық қасиеттерін) толық немесе ішінара жоғалтқан және
соның салдарынан көтеріңкі шығындармен (аз өнім шығара отырып)
пайдаланылатын немесе негізгі мақсатқа мүлдем пайдаланбайтын шикізаттар,
материалдар, шалафабрикаттар, жылутаратқыштар және басқа да материалдық
ресурстар түрлерінің қалдықтарын айтамыз. Өнімнің басқа түрлерін өндіру
үшін толыққанды материал ретінде белгіленген технологияға сәйкес басқа
цехтарға, бөлімшелерге берілетін материалдық ресурстар қалдықтары
қайтарымды қалдықтарға жатпайды. Сондай-ақ, жолай алынатын (ілеспе) өнім де
қалдықтарға жатпайды, олардың тізбесі өнімнің өзіндік құнын жоспарлау,
есепке алу және калькуляциялау мәселелері жөніндегі салалық әдістемелік
ұсыныстарында белгіленеді.

2.2. Негізгі өндірістегі еңбек ақы шығындары және еңбек ақыдан
аударымдар
"Еңбек ақы" бабына өндіріс нәтижелері үшін жұмысшылар мен қызметшілердің
сыйлықақыларын қоса алғанда, кәсіпорынның негізгі өндірістік
қызметкерлердің жалақысын телеуге жүмсалған шығындар, ынталандырушы және
өтемділік (компенсациялық) төлемдері, сондай-ақ кәсіпорынның штатында
түратын, негізгі қызметке жататын қызметкерлердің жалақысына жұмсалатын
шығындардың құрамына мыналар енгізіледі:
кәсіпорында қабылданған еңбек ақы төлеу жүйесімен және нысанымен,
сондай-ақ жеке еңбек келісім шартына сәйкес лауазымды айлық ақысы және
тарифтік мөлшерлемесі, еңбекке кесімді ақы төлеу бағасы (расценкасы) арқылы
нақты орындалған жұмысқа есептелінген жалақысы;
ынталандыру сипатындағы төлемдер: өндірістік нәтижелер үшін берілетін
сыйлықақылар (заттай сыйлықақылардың құнын қоса алғанда), кәсіптік
шеберлігі, еңбектегі жоғары табыстары және т.б. көрсеткіштері үшін
төленетін
тарифтік ставкалары мен айлықақыларға қосылатын үстемақылары;
жұмыс режимімен және еңбек жағдайларымен байланысты өтемдік сипаттағы
төлемдер, оның ішінде: түнгі уақыттағы жұмыс, мерзімнен тыс жұмыс, көп
ауысымды режимдегі жұмыс, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс үшін,
мамандықты (кәсіпті) қосып атқарғаны, қызмет көрсету аймақтарын кеңейткені
үшін, ауыр зиянды, ерекше зиянды еңбек жағдайларындағы және т.б. жұмыстары
үшін заңдарда белгіленген жағдайлары үшін тарифтік ставкалар мен
айлықақыларға қосылатын үстемақылар мен қосымша ақылар;
қолданылып жүрген зандарға сәйкес жекелеген салалардағы қызметкерлеріне
тегін көрсетілетін коммуналдық қызметтердің, тамақтың, азық-түліктің құны,
қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қызметкерлерге берілетін тегін түрғын
үйге ақы төлеу жөніндегі шығындар (тұрғын үй, коммуналдық қызметтер және
т.б. тегін берілмегені үшін төленетін ақшалай өтемнің сомалары);
қолданылып жүрген заңдарға сәйкес тегін берілетін, тұрақты әрі жеке
пайдалануында қалатын заттардың (арнайы киім-кешекті қоса алғанда) құны
немесе олардың арзан бағаға сатылуына байланысты жеңілдіктер сомасы);
6. қолданылып жүрген заңдарға сәйкес кезекті және қосымша демалыстарға
ақы төлеу (пайдаланылмаған демалысқа өтем ақы төлеу), сондай-ак мемлекеттік
міндеттерді орындаумен, медициналық тексерулерден өтумен байланысты
уақыттар;
1. зандарда белгіленген жағдайларда кәсіпорындар мен ұйымдардың қайта
құрылуына, кызметкерлер мен штаттағылардың қысқаруына байланысты
жұмыстан босаған қызметкерлерге төлемдер төлеу;
2. қолданылып жүрген заңдарға сәйкес енбек сіңірген жылдары үшін бір
мезгілдік сыйақылар (осы кәсіпорындағы мамандығы бойынша жұмыс стажы
бойынша үстемақылар) төлеу;
3. - қолданылып жүрген зандарға сәйкес аудандык, экологиялық
коэффициенттер бойынша шөлейтті, сусыз және биік таулы жерлердегі жұмысы
үшін белгіленген коэффициенттер бойынша төлем төлеу; экологиялық қолайсыз
жағдайлары бар аудандардағы үздіксіз жұмыс стажы үшін жалақыға заңдарда
көзделген үстемақыларды төлеу;
1. кешкі және сырттай жоғары және арнаулы орта оқу орындарында, сырттай
аспирантура, кешкі (ауысымды) оқу орындарында, кешкі (ауысымды)
кәсіптік-техникалық және сырттай жалпы білім беретін мектептерде ойдағыдай
білім алып жүрген, сондай-ақ аспирантураға түскен жұмысшылар мен
қызметшілерге берілетін оқу демалыстарына қолданылып жүрген заңдарға
сәйкес ақы төлеу;
1. зандарда көзделген жағдайларға сәйкес еңбек ақысы темен жұмыстарды
атқарғаны үшін ақы телеу; уақытша еңбек қабілетін жоғалтқан жағдайда іс
жүзіндегі жалақы мөлшеріне дейін заңдарда белгіленген қосымша ақылар төлеу;
2. бұрынғы жұмыс орнындағы қызметтік айлықақысының мөлшерін белгілі бір
мерзім ішінде сақтай отырып (заңдарға сәйкес) басқа кәсіпорындар мен
ұйымдардан келіп жұмысқа орналасқан, сондай-ақ уақытша басқа жұмысын
атқарған кызметкерлерге төленетін айлықақылардағы айырмашылық;
1. вахталық жұмыс кестесіне сәйкес кәсіпорынның орналасқан жерінен
(жиналу пукнтінен) жұмыс орнына дейін және кері қарай жолда жүрген күндері
үшін, сондай-ақ ауа райының жағдайына қарай және көлік ұ ұйымдарының
кінәсінен жолда кідіріп калған күндері үшін айлықақының тарифтік ставка
мөлшерінде төленетін сомасы (вахталық әдіспен жұмыс істеген кезде);
2. жұмысшы-донорға тексеруден өткен, қан тапсырған және әрбір қан
тапсырған күннен кейін демалыс алған күндері үшін ақы төлеу;
3. егер атқарылған жұмыс үшін есеп айырысуды тікелей кәсіпорынның өзі
жүргізетін болса, кәсіпорынның штатында тұрмайтын қызметкерлерге олардың
азаматтық-кұқықтык сипатта жасасқан шарттары бойынша атқарған
жұмыстарына ақы төлеу. Бұл орайда, мердігерлік шарт бойынша жұмыс
атқарғаны үшін кызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуге жұмсалатын қаржының
мөлшері осы жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) және төлем құжаттарының
сметалары негізге алына отырып белгіленеді.
Еңбек ақыдан аударылатын аударымдар. Қазақстан Республикасының әрекет
етіп тұрған заңына сәйкес жалақыдан аударылатын аударым бабында есептелген
әлеуметтік салығы (21% мөлшерлемесі бойынша) көрініс табады. Әлеуметтік
салықтың салық салу объекті болып жұмыс берушілердің енбеккерлерге ақшалап
немесе заттай нысанында төлеген шығысы жатады, оған салық салуға жатпайтын
төлемдерден басқасы түгел кіреді.
2.3. Негізгі өндірістегі үстеме шығындар есебі

Үстеме шығыстар - бұл өндірісті басқарумен және қызмет көрсетумен
байланысты шығыстар, олар кешендік сипатқа ие болады, олардың кұрамында
экономикалық элементтердің барлық шығындары көрініс табады.
Бұл шығындар ай бойында белгіленген номенклатуралық шығыс баптары
бойынша 930 "Үстеме шығыстары" шотында көрініс табады. Әрбір цехтың ө
өзінде дайындалған өнімге үстеме шығыстар қосылады.
Негізгі өндіріс шығындарының құрамына кіретін үстеме шығыстарын таратқан
кезде 904 шоты дебеттеліп және 930 шоты кредиттеледі.
Шаруашылық жүргізуші субъекттер еөінің есептік саясатында өндіріс
ерекшеліктерін ескере отырып шығын баптарының номенклатурасына өзгерістер
енгізуі мүмкін.
Мысалға, үстеме шығысының құрамында "Өндірісті дайындау және игеру
шығыстары" деген бабы жеке бөлінуі мүмкін. Өндірістің жұмыс істеу
ұзақтығына және басқа да жағдайларына байланысты тәртібін ескере отырып,
оған кажетті шығын деңгейін сметаның көмегімен анықтайды. Сметаны жасау
кезінде сыннан өткізілген өнімнің құнын ескеру керек, өйткені ол жұмысқа
қосудың жалпы сомасына қосылмайды. Жұмысқа қосу шығысының сметасын
бекіткен кезде өндіріске енгізілетін объектінің қндірістік қуаттылығын
және оның нормативтік мерзімін ескере отырып, оларды өнімнің өзіндік
құнына жатқызу мерзімі мен нақты тәртібіне байланысты етіп анықтайды.
Өндірісті дайындау және игеру шығыстары алғашқыда шығыстың жалпы
сомасынан алынған өнім бірлігіне белгіленген норма бойынша өтеледі.
Егер де кәсіпорында бірнеше өнім түрі өндірілетін болса, онда жаңа
өндірісті игеру шығындары олардың арасына таратылады, ал тарату процесі,
әдетте, негізгі өндіріс жұмысшыларының жалақысының сомасына және құрал-
жабдықтарды пайдалану мен күтіп-ұстау шығыстарына пара-пар
(пропорционалды) етіп жасалады. Жекелеген тапсырыстарды орындаған кезде
өндірісті дайындаудың нақты шығындары сол бұйымдардың өзіндік құнына
толығымен жатқызылады.
Өндірістегі барлық шығындар цехтардың ведомостары бойынша
топтастырылады, онда әрбір цех үшін жеке парақтар ашылады.
900 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірісті ұйымдастыру процесстері
Кәсіпорында ресурстарды материалдық - техникалық қамтамасыз етілуін жоспарлау
Нарықтық экономика жағдайында ресурстардың сақталу процесі
Құрылыс саласының ерекшеліктері мен құырылыстағы есепті ұйымдастыру
Өндірістік тәжірибенің өту орны
Кәсіпорын кадрларын талдау және оның есебі.
Өнім өндіру шығындары
Кәсіпорын экономикасы пәні бойынша әдістемелік нұсқау
Кәсіпорынның негізгі құралдары
«Өндірісті ұйымдастру және басқару» пәнінен оқу құралы
Пәндер