Өсімдіктің генеративті мүшелері


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: «Өсімдіктің генеративті мүшелері».

Мақсаты: . Өркеннің құрылысын, жүйесін оқып білу.

Дәріс жоспары:

  1. Өркен өсімдіктің негізгі вегетативті мүшесі.
  2. Өркеннің тамырдан ацырмашылығы.
  3. Бүршік өркеннің бастамасы.
  4. Өркеннің бұтақтануы.
  5. Өркен түрлері және өсімдік тіршілігінің ұзақтығы.

Дәріс тезистері

Жоғары сатыдағы өсімдіктердің жапырақтар және бүршіктер орналасқан сабағы өркен деп аталады. Өркен сабақтан және онда орналасқан жапырақтардан тұрады. Сабақ пен жапырақ төбе меристемасы бір мезгілде пайда болады, тұтас бір мүше өркенді түзеді. Бүршік - жаңа өркеннің бастамасы, бүршіктен өркеннің бұтақтануы мен өсуі, яғни өркендер жүйесінің қалыптасуы жүзеге асады.

Оның атқаратын қызметі - фотосинтез (жапырақтар арқылы) . Өркеннің тамырдан басты айырмасы - жапырақтың болуы.

Бүршік (gemma) - жоғары сатыдағы өсімдіктердегі өркеннің бастамасы. Барлық гүлді өсімдіктерде өркеннің түріне қарай Бүршіктің вегетативтік және генеративтік түрлері бар. Вегетативтік (өсімді) Бүршік тек ұзарған өркенде орналасады, одан сабақ пен жапырақ өсіп шығады. Генеративтік (көбеймелік) Бүршік, (басқаша айтқанда гүл Бүршік), сәл ірілеу және тек қысқарған өркенде ғана орналасады, оны ұзынынан қақ жарып қарағанда бастама сабақтың жан-жағына бекіген гүлшанақтары (ашылмаған гүлдер) көрінеді. Олар гүлдеп, жеміс береді. Сондай-ақ бір ғана гүл өсіп шығатын гүл бүрі (бутон) болады. Бүршіктің сыртындағы қат-қабат қалың, тығыз қабыршақтар өсімдік сабағының ұшар басындағы өсу нүктесін бүркеп тұрады. Ең сыртқы қабыршақтары қоңырқай түсті, одан шайыр тәріздес жабысқақ зат бөлінеді. Олар Бүршікті ыстық-суықтан, желден, зиянкестер мен зақымданудан қорғайды. Бүршіктер көктемде өсімдікте жиналған қоректік заттармен қоректеніп толысады да, сыртындағы қалың қабыршақтары түсіп, Бүршік ашылады (жарылады) . Қабыршақтың үзіліп түскен жерінде сақина тәрізді із қалады, сол арқылы өркеннің бір жылда қаншалықты өскенін біледі. Сабақ ұшындағылары төбе Бүршікі (одан өсімдік бойлай өседі), сабақ бойына орналасқандары бүйір Бүршікі деп аталады. Көптеген тұқымымен көбейетін өсімдіктерде бүйір Бүршікі жапырақ қолтығына орналасады, оны жанама Бүршік (одан жан-жағына бұтақтар өсіп таралады) деп атайды. Қоңыржай аймақта өсетін ағаштар мен бұталарда күзге қарай, өсімдік өркендерінің өсуі тоқталып, Бүршіктер уақытша тыныштық күйге көшеді. Бұны қыстаушы Бүршіктер, ал әрі өркен, әрі гүл шығаратын Бүршіктерді аралас Бүршіктер деп те атайды. Бүршіктердің бәрі бірдей өсіп, өркенге немесе гүлге айнала бермейді. Олардың ұзақ уақыт бойы өспей, Б. күйінде қалатын бұйыққан (ұйқыдағы) Бүршік түрі де болады. Олар бірнеше жылға дейін өсу қабілетін жоймайды (мысалы, қарағайда - 5, доланада - 25, еменде - 100 жыл, т. б. ) . Өсімдік өркені сынып зақымданғанда, ағашты кескенде немесе үсікке шалдыққанда ғана бұйыққан Б-тер оянып, өсе бастайды. Өсімдіктердің вегетативті көбеюі кезінде Бүршіктің атқаратын рөлі зор.

Өсімдік жапырағы.

Өсімдік жапырағы белгілі бір заңдылықпен орналасады: 1) кезектесіп орналасу - сабақтың әр буынында дара жапырақ кезек-кезек шығады. Мысалы, жапырақ бір-бірін көлеңкелемеу үшін бір жапырақ сабақтан оңтүстікке қарай, екіншісі солтүстікке, үшіншісі шығысқа, төртіншісі батысқа қарай кезектесе орналасады. Сондықтан жапырақ тақталары қанша үлкен болғанымен, жарықтың түсуіне кедергі болмайды ( астық тұқымдасы, емен, т. б. ) ; 2) қарама-қарсы орналасу - сабақтың әр буынынан екі жапырақ бір-біріне қарама-қарсы өсіп шығады да, үстіңгі жапырақтар төменгілерін көлеңкелемейді ( үйеңкі, қалампыр, жалбыз, сирень , т. б. ) ; 3) топтанып орналасу - сабақтың бір буынында үш не одан да көп жапырақтың болуы ( сары ағаш, қарғакөз, т. б. ) .

Жапырақ алдымен ұшынан өседі, 30 - 40 күннен кейін өсуі тоқталады, тек қырыққұлақ пен вельвичияның Жапырақтары қурап қалғанша өсе береді. Жапырақтың тіршілік ету ұзақтығы бірнеше айдан 15 жылға дейін созылады. Мысалы, кәдімгі қарағайда 2 - 3 жыл, Кавказ самырсынында 9 - 13 жыл, шыршада 5 жыл, т. б. Ал ашық тұқымдылардың жапырақтары бірден түспей кезектесіп түсетіндіктен мәңгі жасыл болып көрінеді.

Жапырақтың түсуі.

Жапырақтың түсуі - өсімдіктің эволюциялық дамуында әр түрлі қолайсыз жағдайға бейімделуі, яғни күзде күн суытып топырақ құрғаған кезде тамырдан өсімдікке келетін ылғалдың азаймауынан және қыста қалың қар жауғанда өсімдік бұтағының сынып кетпеуінен сақтайды. Күзде күн суытып, топырақ құрғаған кезде Жапырақтағы фотосинтез процесі бірте-бірте әлсірейді. Жапырақ пен сабақ арасындағы зат алмасу тоқтайды. Жапрақ сабағы түбіндегі клеткалар ыдырап, ажырау қабаты пайда болады. Бұл кезде Жапырақ сабаққа әрең ілініп, өзінің салмағынан, жел, жауын әсерінен үзіліп түседі. Көптеген өсімдіктердің ( салат, капуста, пияз, аскөк, қымыздық , т. б. ) Жапырақтары тағам, ал кейбір өсімдіктердің Жапырақты - мал азығы ретінде пайдаланылады. Жапырақтан эфир майы алынады, медицинада пайдаланылады. [2]

Жапырақ бүргесі.

Жапырақ бүргесі (Psyllіnea) - тең қанаттылар отрядына жататын зиянкес жәндік. Жер бетінде кең тараған, 1300-дей түрі белгілі. Қазақстанның, негізінен, оңтүстігінде кездеседі. Ондағы жеміс ағаштарының зиянкестеріне алма Жапрақ бүргесі (Psylla malі) және алмұрт Жапрақ бүргесі (Psylla pyrіcola) жатады. Бұлардың дене тұрқы 1, 5 - 4 мм-дей (Австралияда кездесетін түрінің ұзындығы 6 мм) . Басы жалпақ, көздері үлкен, күрделі болады. Қос жұп қанаттары түссіз. Аяқтары қысқа, артқы жұп аяқтары секіруге бейім. Жылына 1 - 5 ұрпақ береді, топтанып тіршілік етеді. Жұмыртқаларын ағаш бұтағының көзге көрінбейтін жеріне салады да, сол жерде қыстап шығады. Көктемде олардан шыққан дернәсілдері (жылтыр, жалпақ) мен нимфалары (жыныстық жағынан толық жетілмеген аналықтары) жеміс ағаштарының жапырағы, сағағы, гүлтұғыры, бұтағына жабысып алып, өсімдіктің шырынын сорады. Дернәсілдері қоректенгенде, өздерінен бөлінетін тәтті, жабысқақ сұйық затпен өсімдіктің вегетативтік мүшелерін зақымдап, өсуіне кедергі жасайды. Өспеген жеміс ағаштары солып, қурап қалады. Сондай-ақ, Жапрақ бүргесі - вирус таратушы жәндіктер. Күрес шаралалары: ағаштар бүршік жарғанда фосфорлы органиктік инсектицидтер шашу қажет.

Жапырақ жемірі.

Жапырақ жемірі, жапырақ жегісі (Chrysomelіdae) - қатты қанаттылар отрядына жататын қоңыздардың бір тұқымдасы. Жер шарында кең тараған, 40 мыңдай түрі белгілі. Қазақстанда 1000-ға жуық түрі бар. өзынша келген денесінің тұрқы 10 мм-дей. Қоңыздардың барлығы дерлік ашық түсті болады. Бұлардың сопақша дернәсілдерінің үстін безді бүртіктер жапқан. Жапырақ жемірлері өсімдіктердің жапырағымен қоректеніп, жұмыртқаларын жапырақ бетіне салады. Ал кейбір түрлері - топырақ арасында немесе өсімдік ұлпасының ішінде тіршілік етеді. Жапырақ жемір - орман, бақ, көкөніс ш-тарының зиянкестері. Мыалы, айқышгүлдер бүргесі - көкөністің, колорадо қоңызы - картоптың, астық сүлікшесі - бидайдың зиянкесі. Кейбір түрлері арамшөптерді жоюда биологиялық күрес шараларын жүргізу үшін қолданылады.

Жапырақ

Жапырақ (лат. folіum , гр. phyllon ) - жоғары сатыдағы өсімдіктердің фотосинтез, газ алмасу, буландыру, қор жинау, көбею қызметтерін атқаратын өсу мүшесі. Ол негізгі өркеннің жанама бұтақтарының қысқаруынан пайда болады.

Жапырақтың мөлшері әр түрлі болады. Мысалы, шөптесін өсімдіктерде 3 - 10 см-дей, банан жапырағының ұзындығы 1 - 5 м, ені 40 - 50 см, цейлон пальмасы жапырағының ұзындығы 10 - 20 м, ені 12 м-ге дейін. Жапырақтың сыртқы құрылысы - Жапырақ тақтасынан (алақанынан) және сағақтан тұрады. Жапрақтың кеңейген жері - тақтасы, ал сабаққа бекінетін жіңішке бөлігі - сағағы деп аталады. Сағақсыз жапырақтар да болады.

Сабақ буынынан тармақталған сағақты бір жапырақ өсіп шықса - жәй Жапырақ деп аталады, олардың пішіндері әр түрлі болады, мысалы, қарағайдың, шыршаның Жапырақты - қылқан, ине, астық тұқымдастарында - таспа; көк теректе - дөңгелек тәрізді. Бір сағаққа бірнеше жапырақ орналасса - күрделі Жапырақ деп аталады. Бұлар да әр түрлі болады: үшқұлақты күрделі Жапырақ (беде, соя) ; саусақ салалы күрделі Жапырақ ( атбас талшын, қарасора, қазтабан, т. б. ) ; қауырсын тәрізді күрделі Жапырақ , ал бұл жұп қауырсынды ( асбұршақ, ноғатық, т. б. ), тақ қауырсынды (қызыл мия, итмұрын, шетен, грек жаңғағы, т. б. ) болып бөлінеді. Жапырақ тақтасының анатомдық құрылымы - оның қандай қызмет атқаратынын анықтайды. Жапырақ тақтасын екі жағынан да жұқа қабықшамен қапталған эпидермис жауып жатады. Эпидермистің астында борпылдақ ұлпа - мезофилл болады. Сонымен қатар бұл ұлпаның клеткаларында фотосинтезге және өсімдіктің тыныс алуына қатысатын хлоренхима бар. [1]

Жапырақ құрылысы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдіктердің мүшелерін зақымдау белгілері
Стевия интродукциясы мен оның ғылыми-практикалық маңызы
Өсімдіктердің вегетативтік көбеюі
Жеміс ағаштарын қалыптастыру және шырпу
Өркен және өркендер жүйесі жайында
Гүл бөліктерінің орналасуы
Гүлді өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
Мақта дақылының өсіру технологиясы
Altheae officinalis L (Дәрілік жалбызтікен) өсімдігі вегетативитік мүшелерінің онтоморфозгенезі
Өсімдіктерді бактериоздардан қорғау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz