Алғашқы қоғам тарихының проблемалары және маңызы. Дәрістер


№1. Алғашқы қоғам тарихының проблемалары және маңызы
1. Сабақ жоспары:
1. Алғашқы қоғам тарихының пәні және міндеттері
2. Алғашқы қоғам тарихының шежірелеу және дәуірлеу
3. Алғашқы қауымдық құрылыс тарихын зерттеудегі қолданылатын деректер
2. Сабақ мақсаты: Алғашқы тұрмыстық қоғам тарихының аса маңызды міндеті алғашқы тұрмыстық қауым құрылысының негізгі ерекшеліктерін анықтап табу, оның қалыптасуын және дамуы мен ыдырауын жалпы заңдылықтарын ашып көрсету оның таптық қоғамға айналу жағдайлары мен формаларын зерттеу және студентердің таным дүниесін оятып, қалыптастыру.
3. Қысқаша теориялық мәліметтер
Алғашқы тұрмыстық қоғам тарихы адамның шығуы оның шаруашылық және қоғамдық қызметінің тууы мен бастапқы дамуы мен, оның материалдық және рухани мәдениетінің пайда болуы мен алғашқы кадамдарын зерттейді. Алғашқы тұрмыстық қоғам тарихының аса маңызды міндеті алғашқы тұрмыстың қауым құрылысының негізгі ерекшелікгерін анықтап табу, оның қалыптасуының, дамуы мен ыдырауының жалпы заңдылықтарын ашып көрсету, оның таптық қоғамға айналу жағдайлары мен формаларын зерттеу болып табылады.
Алғашқы тұрмысты қауым құрылысына өндіргіш кұштер дамуьшың өте-мөте төменгі дәрежеде болуы тән. Оның бүкіл дамуы бойында дерлік карулар, жасау үшін басты материал болып тас қала берді, бұдан жетудіруге зорға дегенде кенетін тек қаңа ең қарапайының ғана жасауға болатын еді. Сондай-ақ алғашқы тұрмыс адамдырының еңбек дағдылары мен өндірістік тәжірибелері де мейлінше жетілдірген еді. Техникалық жағынан нашар жабдықталған, өзінің жеке басының күшін нашар білетін алғашқы тұрмыс адамы табиғат алдында бір өзі қорғаныссыз болды. Осыдан келіп алғашқы тұрмыс адамдары тіршілік ету жолында бірігіп күресуі үшін коллективтік еңбек пен еңбек құралдарына және өнімдеріне коллективтік меншіліктін сөзсіз бірігу қажеттігі туды. Алғашқы жеке меншікті адамды адамның қанауын және халықтан бөлінген күштеу, өкіметін білмеді. Бұл тапқа дейінгі мемлекетке дейінгі немеса оны сондай-ақ В. И. Ленин атағандай, алғашқы тұрмыстық коммунистік қоғам еді.
Алғашқы турмыстык кауым қурылысының осы аса маңызды ерекшелігін оны зерттеудің неге тек танымдық қана емес сондай-ақ үлкен дүниеге көзкарастық манызы да болатынын түсінікті етеді .
шежіресі мен дәуірленуі. Алғашқы тұрмыстың қоғам тарихы адам пайда болғаннан таптың қоғам туғанға дейінгі кезеңді қамтиды. Бұл кезеңнің төсенгі шежіресінің шегі шамамен бұдан 1 млн ж. б. д. саналады. Кейбір зерттеулердің пікірі бойынша тіпті әлдеқайда ерте заман деп белгіленеді.
Азия Африкада алғашқы цивилизация б. ғ. д. IV-V мың жылдықтарда Европада б. ғ. д. 1 мың жылдықта әйкумендердің (жер шарының адам мекендеген бөлігі) басқа аймақтарында бұдан да кейінірек пайда болды.
Бұл адамзат тарихын үш ғасырға бөлді.
- Тас
- Қола
- Темір
Тас ғасыры палеолит, мезолит, неолит.
1. Палеолит. Ерте палеолит б. з. д. 2 млн 140 мың. ж
2. Орта палеолит б. з. д. 140-40 мың. ж
3. Кейінгі палеолит б. з. д. 40-12 мың. ж.
Ерте палеолит археологиялық дәуірлерге немесе мәдениеттеріне бөлінеді. Шеллые Дейінгі шелль, ашель және мустьер дәуірлеріне болып келеді (бұл аттар алғашқы тұрған орындары болған. ) . Орта палеолит Мустьер дәуірі. Кейінгі палеолит әдетте дәуірлерге замандарға Ориньяк, салютрей және мадлен дәуірлері деп бөледі.
1870 ж көрнекті американ этнографы Люис Гечргі Морган. Алғашқы тұрмыстық тарихты үш сатыға бөлді. Тағылық Варварлық Цивилизация тағылық дәуірді иемденуші жинап - терушісін және аң, балық аулау шаруашылығының уақыты, оның төменгі сатысы. Ең көне адамның пайда болуынан ортаңғысы балық шаруашылығы туып отты қолданудан, жоғарғысы садақ пен жебені ойлап тапқан кезден басталады.
Варварлық заманы егіншілік, мал шаруашылығы (мен суармалы егіншілік ісін жүргізуден жоғарғысы) өндіретін уақыт оның төменгі сатысы қыш ісін ойлап табудан ортаңғысы мал шаруашылығы мен суармалы егіншілік ісін жүргізуден жоғарғысы темірдің пайда болуынан бастады. Қазіргі кезде Моргон дәуірлеуін ұстамады. Алғашқы тұрмыс тарихын алғашқы тұрмыстық қауымда қалыптасу, гүлдену, ыдырау деп үш кезеңге бөлді.
1 кезең. Алғашқы тұрмыс адамдар табының дәуірін атайды. Бұл еңбектің жасанды қаруларының пайда болуымен, нашар біріккен өндіріс коллективтерін құраған ең көне адамдардың шығуымен ашылады. Археологиялық жағымен алғанда бұл дәуірге ерте палеолит Моргон дәуірленуіне тағылық төменгі сатысы сай келеді.
2 кезең. Алғашқы тұрмыстың рулық қауым дәуірін атайды. Бұл дәуір ең алдымен тас қаруларды кеңінен қолданумен, өндіргіш күштердің дамуын да ірі алға басумен көзге түседі. Археологиялық жағынан алғашқы тұрмыс рулық қауым дәуіріне кейінгі палеолит мезолит және неолит. Морган дәуірінде тағылықтың орта және жоғарғы сатысы варварлықтың төменгі және орта сатысы сай келеді.
3 кезең. Ыдырау кезеңі ең алдымен тас орнына металдың пайда болуымен байланысты өндіргіш күштердің дамуында ірі қадам басуымен көрінеді. Бұл кезеңде тез даму арқасында өнім пайда болады, қыры бар байлық үшін тонаушылық соғыстар кеңінен таралады. Рулық қауым семьялық қауымдарға бөлініп кетеді. Археологиялық жағынан бұл дәуір неолит қола немесе ерте темір дәуірі Моргон дәуірінде варварлықтың жоғарғы сатысы сай келеді.
Алғашқы тұрмыс коғамы тарихының дерек-төркіндері мейлінше сан алуан. Адамзаттың өткен шағы туралы көрсететіндердің, адамның жасағандарының, оның ыкпал еткендерінің, адам ісі-әрекеттеріне ықпал етіп әсерін тигізгендердің бәрі, - міне тарихи ғылым үшін дерек-төркін жиынтығы осындай.
Алғашкы тұрмыс тарихының ерекшелігі сол, ол түгелдей, жазу-сызуы жоқ дәуірге қатысты бол келеді; тарихи ғылымдар үшін асамазды жазба дерек-төркіндер оның ақырғы дәуірін қоспағанда.
Алғашқы тұрмыс тарихы үшін негізгі көздердің басқа түрлерімеи салыстырғанда өлшеусіз аз роль атқарады.
Көне замандардан сақталған заттың деректөркіндердің немесе оларды басқаша атап жүргендей археологиялық ескерткіштердің зор маңызы бар. Заттық деректөркіндер, яғни еңбек құралдары, көне құрылыстардың қалдықтары, сәндык бұғымдар, ыдыс аяқтар, тағы сондайлар - бұл оны жасаған қоғамның материалдық мәдениетінің қалдықтары.
3аттар - аса бағалы тарихи деректөркін, өйткені бұлардың бәрі өз дәуірінің өнімі болып саналады, тек сол дәуірге ғана тән болып келеді, әрі олардын өздері өндірілген сол кездің тіршілік жағдайын бейнелеп көрсетеді.
Археология деректері этнография деректері лингвистикалық деректер. Алғашқы тұрмыс тарихын зерттеу үшін сарқыншақтар мен лингвистикалық деректерді пайдалануда олардың уақытын шамалау ерекше қиын проблема болып табылады. Олар осы заманғы өмірдің элементтері ретінде көрінеді де бұлардың қайсы тарихи дәуірдің көлеңкесі екендігін тек жобалап қана щешуге болады. Көне замандардан сақталған заттық дерек-төркіндердің немесе оларды басқаша атап жүргендей археологиялық ескерткіштердің зор маңызы бар. Заттық дерек-төркіндер, яғни еңбек құралдары көне құрылыстардың қалдықтары, сәндік бұйымдар, ыдыс-аяқтар, тағы сондайлар-бұл оны жасаған қоғамның материалдық мәдениетінің қалдықтары.
Тарих ғылымы салаларының бірі-жер шары халықтарының мәдениеті мен тұрмысын зерттейтін этнография осы тайпалар мен халық топтарын, сондай-ақ неғұрлым дамыған алғашқы тұрмыс сарқыншақтарын ақтарып тексерумен шұғылданады. Алғашқы тұрмыстық қауымдық құрылыстың қайсы бір дәрежеде сипаттарын сақтаған тайпалар мен халық топтары жер шарының түрлері жерлерінде қазірде де өмір сүреді немесе осы таяудағы өткен шақта өмір сүрді. Олар түрлі сатыларда тұрады және дамудың әртүрлі кезеңдерінде болып саналады. Бұлардың кейбіреулері, әлі мүлде металдарды білмейді және тас ғасырында өмір сүреді.
Халықтың өткен шағы туралы ұғымның маңызды дерек-төркіні лингвистикалық деректер бола алады. Осы заманғы барлық тілдер қоғамның дамуына қарай қалыптасқанда өз бойында өте ертедегі өткен шақтың іздері жиі сақталып қалған. Мәселен, орысша «стрелять» сөзі «страла» сөзінен шыққан.
Антропологиялық және басқада жаратылыс ғылымдарының деректері. Антропологиялық дерек-төркіндердің алғашқы тұрмыс адамдарының сүйек қалдықтарының маңызы өте зор. Бұл қалдықтар тиісті замана неғұрлым көне болған сайын сқғұрлымолар фрагменталды және олардан толық құнды дерек алу үшін көп өнер жұмсау болады.
Алғашқы тұрмыс тарихи деректері-төркін тануының ерекшеліктері. Алғашқы тұрмыс тарихы дерек-төркіндері түрлернің бір де бірі өткен шақты барлық жағынан сипаттап бере алмайды. Өздері жасалған дәуірге түгелдей жататындар-тек археологиялық олжалар ғана, бірақ олар өздерін жасаған қоғамның материалдық мәдениеті туралы пайымдауға ғана мүмкіндік береді де қоғамды бүтіндей көз алдына келтіруге мүмкіндік бермейді. Мұнда жоғарыда айтылғандай, этнграфия көмекке келеді.
Практикалық (семинарлық) сабақтың тақырыбы:
№ 2. Алғашқы қоғам тарихының тарихнамасы
1. Сабақ жоспары:
1. Ежелгі және ортағасырда алғашқы қауым туралы ұғым
2. ХШХғ. -ХХғ. алғашқы қоғам ғылымы тарихының дамуы
2. Сабақ мақсаты: Алғашқы кездегі адамдардың алғашқы тұрмысын, оның пайда болуын және де алғашқы адамдардың тарихын, ежелгі адамдардың қайда тұрғанын студенттерге таныстыру.
3. Қысқаша теориялық мәліметтер
Ежелгі замандағы және орта ғасырлардағы алғашқы тұрмыс туралы ұғым.
Алғашқы тұрмыстық қоғамның тарихы - тарихы ғылымның бір шама жас саласы. Ол өткен ғасырдың екінші жартысында пайда болып әрі, тек жүз жылдай уақыттан бері ғана өмір сүріп келеді. Алайда, бұл бұрын адамдар адамзат тарихының бастапқы кезі туралы ұғымды көз алдына келтіруге әрекет жасамады деген ынта қою адамдарда өз дамуының өте ерте кезеңдерінде-ақ туған. Қалай болған күнде де этнографтар зерттеген ең артта қалған халықтар да өздернің алыстағы өткеншағы тұралы ата бабалары іс әрекеттері мен ерліктері тұралы рулар мен тайпалардың шығуы жайына аузекі әнгіме-аңызда табылған. Санау ежелгі заманды көршілерінің тіршілік еткен шағын қадағалау олардың өткен шағына көз жіберу әрекеттері де жатады.
Орта ғасырларда шіркеу мен схоластика ғылымды жаншып басып келді. Осы кезде ежелгі заманға қарағаннан гөрі адамдардың өткен шағы туралы және беймәлім елдердің халыктары жайында, барып тұрған қисынсыз ойдан шығарылған қаусеттер таратылды. Орта ғасырдағы географтар мен шежірешілер ит басты адамдар (киноцефалдар) туралы немесе көрпе сиякты өзінің орасан үлкен құлақтарына оранған фанезийліктер жайындағы аңыздарды шын деп білді. Адамзаттың шығуы жене оның ауел бастапқы тарихи проблемаларыны келетін болсақ, бұл жөнінде бәрі де библия (інжіл) аңыздарында айтылып қойылған деп саналды. Ал, қалайда осы қиын жағдайлардын өзінде де жер және оны мекендеген халықтар жайындағы білім молайып кеңейе түсті. Осы білімдер кейініректе алғашқы тұрмыс тарихын зерттеудің көзі де болды. Араб географтары Шығыс Европа мен Азия халықтарының сипаттамасын құрастырды. XIII ғасырдағы орта азия халықтары туралы тамаша деректертер географ Чан-Чуньнің сапар жазбаларынды сақталған. Сауда байланыстарын орнату үшін Шығысқа аттанған саяхатшылар (Плано Корпини, Рубрук, Мерко Поло және басқалары) европалықтардык Шығыс халықтарымен таныстығын кеңейте түсті .
Таптық қоғамның пайда болуымен адамдардың ең көне жағдайлары туралы, алғашқы тұрмыстық аңыздар өмірлері жартылай аң тәрізді өткені жайында немесе алтын ғасыр туралы адамдар еңбексіз және қамқорсыз өмір сүрген жауынгерлік пен соғыс дегендерді білмеген. Варварлық дүние антик авторларға онша мәлім емес еді. Геродот коллективтік меншік бар екендігін байқаған. Геродот мекейліктер ана жағынан үрім-бұтағын тарататындығын бұларда әйелдер өзіне жауынгер екендігін және күйеуге жауды өлтіргеннен кейін ғана барып шығатындығын жазады.
Ежелгі дәуірдің ұлы материалистері Демокрит жер бетіндегі алғашқы адамдар жайылымға шығып және көшіп жүріп олар жердің аса мол табиғи азықтарын және кездейсоқ ағаш жемістерін қорек етіп тағылық және аңша өмір сүрді деп есептеді, өздеріне тамақ табу, жауын-шашын мен аңдардан тасалау қажеттігі адамдарды табиғатпен күресудің тәсілдерін іздеуге мәжбүр етті.
Демокриттің жолын қуушы көне римдік философ және ақын Лукреций Кар (б. ғ. д. 99-55 ж. р затар табиғаты туралы поэмасында “тағылық күйден отты киім кешекті баспананы т. с. ойлап тапқанға дейінгі ең көне адамзат дамуының көрінісін суреттеп жазды. ”)
Орта ғасырларда шіркеу мен схоластика ғылымды жаншып басып келді. Осы кезде ежелгі заманға қарағаннан гөрі адамдардың өткен шағы туралы және беймәлім елдердің халықтары жайында, барып тұрған қисынсыз ойдан шығарылған қаусеттер таратылды. Орта ғасырдағы географтар мен шежірешілер ит басты адамдар (киноцефалдар) туралы немесе көрпе сиякты өзінің орасан үлкен құлақтарына оранған фанезийліктер жайындағы аңыздарды шын деп білді. Адамзаттың шығуы жене оның әуел бастапқы тарихи проблемаларыны келетін болсақ, бұл жөнінде бәрі де библия (інжіл) аңыздарында айтылып қойылған деп саналды. Ал, қалайда осы қиын жағдайлардын өзінде де жер және оны мекендеген халықтар жайындағы білім молайып кеңейе түсті. Осы білімдер кейініректе алғашқы тұрмыс тарихын зерттеудің көзі де болды. Араб географтары Шығыс Европа мен Азия халықтарының сипаттамасын құрастырды. XIII ғасырдағы орта азия халықтары туралы тамаша деректертер географ Чан-Чуньнің сапар жазбаларында сақталған. Сауда байланыстарын орнату үшін Шығысқа аттанған саяхатшылар (Плано Корпини, Рубрук, Мерко Поло және басқалары) европалықтардың Шығыс халықтарымен таныстығын кеңейте түсті.
Этнографиялық білімдердің қорланып жиналуы . Европада этнография білімдердің қорланып жиналуындағы нағыз төнкеріс ХV ғасыр ұлы география жаңалықтар ашылған кездерден басталады. Христофор Колумб Америка жағалауларына (1491ж) жетті. 1497 ж Васко до Гама Европадан Индияға баратын теңіз жолын тапты. 1519 - 1921 ж Магелан дүние жүзін аралап саяхат жасады. Осылардан кейін бірен - саран Европаға ондаған және жүздеген артта қалған халықтар туралы толып жатқан сан алуан мәліметтерді әкелген көпестер мен жаулап алушылар тасқыны теңіз сыртындағы елдерге лап қойды. Христиан миммионорлары көптеген бағалы этнографиялық байқаулар жасады.
Француз миссионер - изуиті Жозеф-Франсуа Лафито Америка жергілікті халықтарының этнографиялық мағлұматтарына қарап осы пікірді дәлелдеуге тырысқандардың бірі болады. Ол ирокездер мен гуродардың тұрмысын ұзақ уақыт бойы тікелей бақылады. XVIII ғасырдың аяғына дейін алғашқы тұрмыстың халықтар мен таныстықта барған сайын үсті-үстіне кеңейте түскен жаңа жерлерде ашу көбейте берді. Кейбір саяхатшылар (Лаперу, Мопертюц, Бугенвилль және т. б. ) өздерінің алғашқы жайлы тамаша сипаттамаларын қалдырды.
Алғашқы тұрмыс тарихының шығуы. Ұлы географиялық жаңалықтар ашылулар дәуірінде және кейінгі ғасырларда тез жинақталып, қорланған әрі өсе түскен этнографиялық материал табиғи түрде алғашқы тұрмыс қоғамының қалыптасуының түрлі теорияларының тууына әкеп соқты. Шотланд философы Адам Фергюсон (1723-1816 жж. ) өзінің “Азаматтық қоғам” тарихының очеркінде 1767 жылы белгілі дәрежеде этнографиялық мариалдарын құрып адам мәдениеті дамуының жалпы концепциясын жасауға тырысты. Ол тарихты үш дәуірге тағылық, варварлық, цивилизация дәуіріне бөлді. Тағылық пен варварлық арасындағы шекті Фергюсон жеке меншіктің енуі, аң аулау мен балық аулаудан тамақ табудың басымдық алған тәсілі ретінде егіншілік, мал шаруашылығына көшу деп саналды. Осындай көзқарастарды адамзат үш сатыдан балалық яғни тағылық күйден, жастық, яғни варварлық күйден және кәмелеттік, яғни мәдени игі ниетті күйден өтті деген қағиданы ұсынған неміс ғалымдары Иоганн Форстер (1729-1798 ж) мен оның ұлы Геогрд (1754-1794) дамытты.
XVIII ғасырдың көптеген басқа философтары мен тарихшылары алғашқы тұрмыстық қоғам туралы өздерінің қорытындыларын тұжырымдауға тырысты. Артта қалған халықтар мемлекетті де жеке меншікті де білмеді. Демек бұл мекемелер адамзат тарихында түбегейлі мәңгі бақилық болып табылмайды. Мұндай қорытындылар алғашқы тұрмыс туралы ғылымның одан әрі дамуы үшін ерекше маңызға ие болды. ХІХ ғасырдың І жартысында бұған деген ынта қою күрт төмендеді. Бұл бір жағынан, француз революциясынан кейін буржуазия капиталистік қатынастарды тұрақтандыруға тырысқандығымен түсіндірілетін еді. Этнография тап болған тұрпайы халықтардың даму дәрежесі мәдени азаматтың ата-бабалары үшін тән болып келетіндігіне елеулі дәлелдер ғылым қарамағында әлі жоқ болатын.
ХІХ ғасырға қарай Европаның музейлерінде қазу кезінде табылған еңбек құралдары мен алғашқы тұрмыс адамдарының үй - мүлік заттарының көп коллекциясы жиналған болатын. Олар тарихи зертеулердің обьектісі айналу үшін бұларды классификациялау керек болды. Мұны алғашқылардың бірі болып, дат археологы К. Ю. Томсон (1778-1865) жасауға тырысты. ХІХ ғасырдың 30 жылдарында ол алғашқы тұрмыс ескерткіштері жинағын, олардан жасалған материал бойынша үш топқа: тас ғасыры, қола және темір ғасыры тобына бөлді. 2-ші бір дат археологы И. Я. Ворсо (1821-1885 ж) Томсеннен едәуір ары барды. Ол қола ғасырындағы кісілерді жерлеу салтына қарай бірінен-бірі ажыратылатындығына мұнда мәйіттермен бірге салынған заттар тиісінше әр түрлі екендігіне көңіл аударды.
1871 жылы Дарвиннің “Адамның шығуы және жыныстың сұрыпталу ”деген еңбегі шықты. Мұнда Дарвин салыстырмалы анатомияның зоогеографияның алғашқы тұрмыстық қоғам тарихының іс жүзіндегі деректерін өте кеңінен пайдалана отырып, негіздеп, біріншіден адамның хайуаннан шыққандығын мұны Т. Тексли жасағаннан гөрі анағұрлым көп жеріне - жете егжей-тегжейлі негізлеп берді, екіншіден осы заманғы адам тәрізді маймылдар эволюциясының бүйір бұтақтары екендігін және адам өзінің шығуының қайсыбір өліп құрып кеткен неғұрлым бейтарап формалардан бастайтынын көрсетті. Бахофен сол кезде үстемдік еткен алғашқы адамдар семья болып өмір сүрген ал олардың басы ерлер болды деген патриархалдық теорияға өзінің идеяларын қарама-қарсы қойды. Ол алғашқы тұрмыс дәуіріндегі әйелдердің қоғамдық бас болуы тек кейбір халықтардың тарихына ғана тән кездейсоқтық немесе жеке құбылыс табылмайды. Тарихи процестің бүкіл адамзат үшін универсиалды кезеңі болып табылады деп саналды. Алайда Бахофен семья дамуының негізгі діни идеялардың эвалюциясында деп теріс түсінді.
Алғашқы тұрмыс қоғамын зерттеуде бұрын аталып та өткен көрнекті американ ғалымы Льюмус Генри Морганның (1818-1881) аса маңызды еңбегі бар. Ол өзінің ілімін “Көне қоғам” деген еңбекте (1877ж) неғұрлым толық баяндаған сондай-ақ Морганның және осы қасиет системасы (1870 ж) және Американ жергілікті халықтар үйлері және үй іші тіршілігі (1881ж) деген еңбектерінің маңызы зор болды. Оның қорытындылары этнографиядан, археологиядан әрі жер шарының барлық бөліктерінің тарихынан көптеген фактілерге негізделді, бірақ солтүстік американ үндістер ирокездеріндегі қоғамдық қатынастарды Морганның зерттеуі мен ирокез руының реконструкциясы ерекше маңызға ие болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz