Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті



І КІРІСПЕ
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Сөйлеу әдебі
2. Мұғалімнің сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мүмкіндіктері.
3. Мұғалімнің сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптар.
4. Жоғары оқу орнындағы болашақ мұғалім.мамандарды сөйлеу мәдениетіне баулу
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Тіл мәдениетіне барар жолдың бастауы – сөйлей білу. Тіл адамзаттың бір-бірімен пікірлесуін, түсінісуін қамтамасыз ете келіп, тілдік қарым-қатынасты іс жүзіне асырады. Тілдік қатынас – адамның ойлау, пайымдау, сөйлеу, тыңдау, түсінісу, айту, пікірлесу, т.б. әрекетіне тікелей қатысты құбылыс.
Ойдың тілі – сөз. Біз сөз арқылы ғана неше түрлі ойларымызды сыртқа білдіре аламыз. Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Адам баласының сана-сезімінің дамуында дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор болды.
Сөйлеу – адам санасының басты белгісі. Тіл, сөйлеу ежелден бері жеке адамның, қоғамның ой-санасын дамытып, жетілдіруде аса маңызды рөл атқарады. Сөз ойлы да мәнерлі болуы тиіс. Әйтпесе, ол көздеген мақсатына жете алмайды. Халқымыз мәнді сөйлейтіндерді «сөзі мірдің оғындай екен» деп дәріптейді. Ал Ж. Баласағұн «ақыл-ойдың көркі – тіл, тілдің көркі – сөз» деп тауып айтқан.
Сөйлеу әдебі ағыл. speech etiquette – Тіл практикасының ұлттық, өзіндік ерекшеліктерге ие қағидалары; бұл ережелер әңгімелесушімен «сыпайы, биязы» байланыс жасауға (байланысты орнату, оны қолдап отыру, байланысты тоқтату) қоғам тарапынан бекітілген қалыпты нысандар мен тілдік бірліктер жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Сөйлеу әдебінің жағдаяттары ретінде назар аудару және назарды өзіне аудару, амандасу, танысу, шақыру, өтініш, кеңес беру, ұсыныс жасау, келісу, қарсы болу, кешірім сұрау, көңіл айту, қошемет сөз айту, құттықтау, қоштасу және т.б. түрлерді атауға болады.
Адамның мәдени тұлға ретіндегі табиғатын зерттеуші ғалымдар, адамның мәдениеттілігі мен адамның қасиетін түсіндіру үшін сол адамның өскен, өнген, тәрбиеленген ортасында алған тәлім-тәрбиесі негіз болатындығын айтады. Адам – қоғам өкілі, белгілі бір ортаның саналы тұлғасы. Қоғамдық қарым-қатынастың ішінде адамның түрлі субъекті не объектімен қарым-қатынасында тілдің орны әрдайым басты рөлде болады. Адамдар арасындағы қарым-қатынаста сыпайылық, кішіпейілділік пен адамгершілік қасиеттер тіл арқылы көрініс табады. Сөйлеуші жақтың тыңдаушыға деген құрмет-қадірінің қаншалықты дәрежеде екені де сөз жұмсалым арқылы беріледі. «Тіл барлық заттар мен құбылыстарды, т.б. таным белгілерді ұғынуға көмектеседі. Адамның рухы мен ішкі эмоциясын, сондай-ақ, адамдық қарым-қатынастан туған адамисыпайылықты да айқын көрсетеді».
Сөйлеу әдебі қарым-қатынаста, қоғамдық орындарда, жалпы өз елімізде сирек сақталады.
«Сөйлей білу – өнер». Бұл өнерді қажымай-талмай, үздіксіз, жан-жақты ізденіп, өзін-өзі баптап, машықтану арқылы игеруге болады.
1. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев М. Қазақ тілінің стилистикасы. Оқулық. – Алматы: «Дәуір», 2005.
2. Уәли Н. Сөз мәдениетінің ғылыми – теориялық негіздері. Филология ғылымдары докторы атағын алу үшін дайындалған диссертация. – 2007.
3. Балақаев М., Серғалиев М. Қазақ тілінің мәдениеті. Алматы, 2006.
4. ӘЛТС (әлеуметтік лингвистика терминдерінің сөздігі). –Астана, 2008
Сейсенова А. Сөйлеу мәдениеті және қарым-қатынас әрекеті// Әділеттің ғылыми еңбектері, №1(9), 2001
5. Нұғыманов И., Қашқынбаева З. Сөйлеу мәдениетінің теориялық негіздері// Қазақстан мектебі, №3, 2000
6. Мақпырұлы С. Сөйлеу мәдениеті – үлкен жауапкершілік// Ана тілі, №20, 2003
7. Тамаева Б. Сөйлеу әдебінің қарым-қатынастағы прагматикалық көрсеткіші// Ұлағат, №6, 2010
8. Балақаев М. Қазақ тіліндегі изафеттік құбылыс//Халық мұғалімі, №1-2, 1946

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Ж О С П А Р

І КІРІСПЕ
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Сөйлеу әдебі
2. Мұғалімнің сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мүмкіндіктері.
3. Мұғалімнің сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптар.
4. Жоғары оқу орнындағы болашақ мұғалім-мамандарды сөйлеу мәдениетіне баулу
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Сөйлеу әдебі
Тіл мәдениетіне барар жолдың бастауы - сөйлей білу. Тіл адамзаттың бір-бірімен пікірлесуін, түсінісуін қамтамасыз ете келіп, тілдік қарым-қатынасты іс жүзіне асырады. Тілдік қатынас - адамның ойлау, пайымдау, сөйлеу, тыңдау, түсінісу, айту, пікірлесу, т.б. әрекетіне тікелей қатысты құбылыс.
Ойдың тілі - сөз. Біз сөз арқылы ғана неше түрлі ойларымызды сыртқа білдіре аламыз. Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Адам баласының сана-сезімінің дамуында дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор болды.
Сөйлеу - адам санасының басты белгісі. Тіл, сөйлеу ежелден бері жеке адамның, қоғамның ой-санасын дамытып, жетілдіруде аса маңызды рөл атқарады. Сөз ойлы да мәнерлі болуы тиіс. Әйтпесе, ол көздеген мақсатына жете алмайды. Халқымыз мәнді сөйлейтіндерді сөзі мірдің оғындай екен деп дәріптейді. Ал Ж. Баласағұн ақыл-ойдың көркі - тіл, тілдің көркі - сөз деп тауып айтқан.
Сөйлеу әдебі ағыл. speech etiquette - Тіл практикасының ұлттық, өзіндік ерекшеліктерге ие қағидалары; бұл ережелер әңгімелесушімен сыпайы, биязы байланыс жасауға (байланысты орнату, оны қолдап отыру, байланысты тоқтату) қоғам тарапынан бекітілген қалыпты нысандар мен тілдік бірліктер жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Сөйлеу әдебінің жағдаяттары ретінде назар аудару және назарды өзіне аудару, амандасу, танысу, шақыру, өтініш, кеңес беру, ұсыныс жасау, келісу, қарсы болу, кешірім сұрау, көңіл айту, қошемет сөз айту, құттықтау, қоштасу және т.б. түрлерді атауға болады.
Адамның мәдени тұлға ретіндегі табиғатын зерттеуші ғалымдар, адамның мәдениеттілігі мен адамның қасиетін түсіндіру үшін сол адамның өскен, өнген, тәрбиеленген ортасында алған тәлім-тәрбиесі негіз болатындығын айтады. Адам - қоғам өкілі, белгілі бір ортаның саналы тұлғасы. Қоғамдық қарым-қатынастың ішінде адамның түрлі субъекті не объектімен қарым-қатынасында тілдің орны әрдайым басты рөлде болады. Адамдар арасындағы қарым-қатынаста сыпайылық, кішіпейілділік пен адамгершілік қасиеттер тіл арқылы көрініс табады. Сөйлеуші жақтың тыңдаушыға деген құрмет-қадірінің қаншалықты дәрежеде екені де сөз жұмсалым арқылы беріледі. Тіл барлық заттар мен құбылыстарды, т.б. таным белгілерді ұғынуға көмектеседі. Адамның рухы мен ішкі эмоциясын, сондай-ақ, адамдық қарым-қатынастан туған адамисыпайылықты да айқын көрсетеді.
Сөйлеу әдебі қарым-қатынаста, қоғамдық орындарда, жалпы өз елімізде сирек сақталады.
Сөйлей білу - өнер. Бұл өнерді қажымай-талмай, үздіксіз, жан-жақты ізденіп, өзін-өзі баптап, машықтану арқылы игеруге болады.

Мұғалімнің сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мүмкіндіктері.
Тіл мәдениетінің басты талаптарының бірі - сөздердің дұрыс айтылуы мен дұрыс жазылуы болса, мұғалімнің сөйлеу тілінде сөз бен сөз тіркесін, сөйлемді дұрыс қалыптастыра білу үшін ой тиянақтылығы, әсерлілігі, сөз дәлдігі, сөйлемдердің өзіне тән әуені, ырғағы, үні, интонациясы, т.б. сөйлеу тілінің сапасын арттыруы қажет.
Сөздерді айтудағы дыбыс өзгерістері орфоэпиялық нормаларға сай болғанымен, жазуда олар ерекше жағдайда ғана болмаса, орфографиялық ережелер бойынша жазылады. Орфографиялық норамалардың ғылыми негізі - сөз құрамының дәстүрлі қалпын бұзбай, дыбыстардың ілгерінді, кейінді ықпалы, ығыспалы заңдылықтарын біліп, орфоэпиялық нормаларды сақтап сөйлеу мұғалімнің сөйлеу сапасын арттырады. Мәселен: Сарыарқа, Ағжар, Ағбота, өртау, өзөн, тұрұс, жұмұшшұ, Жетіғара т.б.
Мұғалімнің сөйлеу тілінің сапасы мен студенттің қабылдаған білімі, оның сөйлеу әуені, үні, айту заңы дұрыс қалыптасуы керек. Ол үшін кез келген мәтінді не кеспе қағаздарды оқығанда дауыс ырғағын келтіріп, сөздің анық, түсінікті болуын естен шығармау керек.
Мұғалім тілінен кездесетін кемшіліктердің бірі - сөз арасында жиі кездесетін: жаңағы, яки, яғни, және мінекей, жалпы, маған, иә, мәселен, әлгі, т.б. қыстырма сөздердің қайталануы. Студент ондай жағдайда сабақ тыңдамай "жаңағы" деген сөзін мұғалім бірнеше рет айтты деп санап отырады. Ол студенттерді де, тыңдаушыны да мезі етеді.
Мұғалім тілінде кездесетін кемшіліктер және мыналар:
диалект, жаргон, кейбір қолданыста жоқ, әдебинормаға жатпайтын сөздерді жиі қолдану;
барғын, айтқын, жазғын, келген;
келгентұғын, келгемді, айтқамды;
келгентұғым, айтқантұғым;
кесей, айтсай;
баралық, жазалық, көрелік;
-ыншы, -інші формаларын дұрыс пайдаланбай "жиырманшы" деп қолдану;
аудитория жағдайында дәл емес, тұспалдап жеткізуде бірқатар сөздердің беретін мағынасын дұрыс айтпау.
Ұстаздың басты мақсатының бірі - студенттің тілін дамыту. Бұл өмір талабынан, тұрмыстық қажеттіліктен туындайды. Қоғамдық мәдениет өскен сайын өмірдің сан-саласында қолданылатын тілдің мәдениетіне қойылатын талап та күшейе түсері анық. Ол үшін студенттер тілін ауызша да, жазбаша да дамытуды алғашқы кезден бастап қолға алу керек. Студенттердің сөз тіркесін, сөйлем құрылысын, морфологиялық тұлғаларды дұрыс қолдана білуі тіл мәдениетінің негізін арттыруға үлес қосады.
Студенттердің білімді тереңдету негізінде тілді жетілдіру жолдары мынадай:
Тілді қадірлейтін мәдениетті мұғалім әрбір сөзді өз орнымен, стилдік шеберлікпен қолданады. Стиль дегеніміз - белгілі бір қатынастың түрінде тілдік единицаларды сұрыптап пайдалану арқылы ойды жеткізу мәнерінің көрінісі. Демек, стил тілдің бәріне тән құбылыс. Қазақ әдеби тілінің екі түрі бар: ауызша сөйлеу стилі және кітаби жазба стилі.
Лектор халыққа білім негізін берумен қатар халықты тіл мәдениетіне баулиды, сондықтан олар қарым-қатынас жасау құралы, шындықты жеткізу құралы - тілдің ойды білдіру мүмкіншіліктеріне, тіл мәдениетіне қанық болуы керек. Ол тілді өткір де әсерлі, икемді де бай ету қамын жасау керек. Жұрт алдында сөйлеу өте қауіпті әрі қиын жұмыс. "Сөйлей-сөйлей шешен" болған кісілер де кейде үлкенді-кішілі аудиторияға келіп, көпшілікке қарап тіл қатқанда, жүрегі алып - ұшып тұрады. Оның себебі, "айтайын деген ойымды қатесіз, дұрыс айта аламын ба, тыңдаушыларды менің сөзім қанаттандыра ма?" деген уайым қыстайды. Оның үстіне аузына қадала қарап жаудыраған көп көздер, оның әр сөзін сынай қабылдайтыны белегілі. Тыңдаушылар алдында өзін-өзі дұрыс ұстай алмаған кісінің сөзі де өтімді болмайды, сондықтан мінбеде ұстамды болу, қобалжымау, сасқалақтамау - сөйлеушілерге қойылатын басты талаптардың бірі. Сөйлеуге алдын ала ұқыпты дайындалған, не айтатынын, қалай айтатынын, тілдік амал-тәсілдерді қалай пайдаланатынын әбден көңілге қондырып алған кісі қысталаңның құлы болмайды, өзін нақты ұстап, еркін сөйлейтін болады. Тыңдаушыларды бірден өзіне тарта, еліктіре алады.
Дауыс булығып шығып, бірсыдырғы әуенмен, жігерсіз, баяу сөйлейтін болсақ, айтқаның қаншама маңызды болғанмен, тыңдаушыларды тез жалықтырады, олардың көңілі басқаға ауып кетеді.
Сөйлеу дауысы құбылмалы әрі ойыңды белгілі қисынды байланыста сөйлемдердің бірін-бірі тудырып тұрғандай етіп сөйлеу керек. Сөйлемдер арасында табиғи байланыс болмаса, тыңдаушы ондай сөзден нәр ала алмайды, көпшілік алдында жақсы сөйлеудің ең негізгі шарты - даярлық. Дәрістің мазмұны, құрылысы, формасы алдын ала жоспарланып, қағазға жазылып дайындалуы тиіс.
Мәдениетті адамның сөйлеу мәнері жағымды болмақ. ән сияқты дұрыс айтылған сөз де құлақтан кіріп бойды алады. Қазақ халқы келістіріп сөйлей алатын кісіні "сөзі мірдің оғындай екен" деп дәріптейді. Ал қабілеті жоқ адам ынжық "аузынан сөзі, қойнынан бөзі түсіп тұр" деп сынайды. Сөйтіп, сөзді қалай болса, солай айта салмай, сөйлеуде оның мазмұнына үйлесімді ырғақ, екпін, әуен тауып, дауысты түрлендіріп сөйлеудің үлкен мәні бар. Жалпы тіл өнеріне, шешендік өнерге, дұрыс сөйлеу, дұрыс оқу өнеріне үйрететін орынның бірі - жоғары оқу орны.
Коммуникативті мәдениетке сөйлеу мәдениеті мен қарым - қатынас мәдениеті жататындықтан коммуникативті қарым-қатынас әрбір мұғалімке қажет.
Қазіргі замандағы мұғалімнің комуникативтік мәдениеті ол ізгілендіру бағытындағы жеке-дара және күрделі әлеуметтік жүйе.
Мұғалімнің коммуникативтік мәдениеті - бұл оның кәсіби қызметі мен міндетінде, әлеуметтік- педагогикалық іс-әрекетінде жеке дара шығармашылық пен ізгілендіру бағытындағы көрінісі. Атап айтқанда ойлау, бірлескен іс-әрекет, сөйлеу мәдениеті, өзара қарым-қатынас мәдениеті, мұғалімнің коммуникативтік қарым-қатынасының нәтижесі т.б.
Мұғалім тілі - балалардың сөйлеу тілін дамытудың негізгі көзі.

Мұғалімнің сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптар.
Жас шамасына қарай әр сыныптағы балалар өз мұғалімтарымен шаруашылық-тұрмыстық және еңбек іс-әрекетінде қатынас жасайды. Мұғалім балалардың ойындарын ұйымдастырады, программада көрсетілген барлық сабақтарда балалармен сөйлеседі, кітап оқу кезінде балаларды көркем шығармалардың авторларының сөздерімен таныстырады. Демек, балалар тәрбиеленетін мекемелерде тілді дамыту потенциялының мүмкіндігі түгелімен мұғалімнің сөзінің сапасына байланысты.
Мұғалім үшін үлгі сөйлеу тілін меңгеру - бұл кәсіби даярлығының көрсеткіші. Сондықтан өзінің сөйлеу тілін жетілдіру - болашақ әрбір мұғалімнің адамгершілік және қоғамдық парызы. Ол кейін балаларға берілетін тілдік дағдыларды жетік меңгеруге тиіс.
Сөйлеу мәдениеті деп оның дұрыстығын, яғни әдеби тіл үшін қалыптасқан дәстүр бойынша орфоэпия, грамматика, лексика, стилистика, дұрыс жазу ережелері нормасына сәйкес келуін айтады.
Сөйлеу мәдениетінің жоқтығы, мәселен:
Адамның сөздегі дыбыстарды дұрыс айтпауынан, яғни сөздер қалай жазылса, солай айтуынан;
Сөз үйлесімін дұрыс құрмауынан;
Сөздерді дұрыс мағынасында қолданбауынан;
Сөзді, грамматикалық формаларды, интонацияны орнымен қолданбауынан көрінеді: ресми тілде қарапайым сөзді, сырласу кезінде әдеби сөзді кірістіреді, балалармен сөйлескенде айқайлап немесе ашуланып, шыңғырып сөйлесуі, кемсітетін немесе деректі ырғақты қолдануы мүмкін, жиналыста шығып сөйлегенде баяу, жылдам, түсініксіз сөйлеуі мүмкін және т.б.
Сөйлеу мәдениетіне ие болу - бұл тілдің барлық элементінің (сөздің, түбірдің, қосымшаның, жұрнақтың, жалғаудың, сөйлемнің әр түрлі типтерінің, ырғақтың) мағынасын түсіну ғана емес, сонымен бірге әдеби тілде оны қалай қолданатынын есте сақтау деген сөз.
Әрбір адамның сөйлеу мәдениеті оның тілінің сезінуіне немесе тілдің сезгіштігінің қаншалықты дамығандығына байланысты.
Жоғары тіл мәдениеті деп стильді түсініп, игеруді атайды. Сондықтан болашақ мұғалімтар әдеби тілдің стилі туралы ең болмаса жалпы түсінікті, яғни адамдардың қай жерде, кіммен, не туралы сөйлескеніне байланысты өз сөзін қалай реттеп отыратындығын білгені жөн.
Адам тұрмыста жақын, таныс адамдарымен араласады, сонда оның тілі ауызекі стиль сипатында болады, қоғамдық өмірде ол басқаша сөйлеседі, мұнда ол кітаби стильді, оның әр түрлі тармақтарын - ғылыми, публицистикалық, поэтикалық, іскер сөз стилін пайдаланады.
Балалар үшін тіл стилі жөніндегі түсінік ең алдымен айтушының белгілі бір мінез-құлқын талап ететін тілдік этика жөніндегі түсінікпен салыстырылады (жеке адамның сыпайылығы, кісі сыйлағыштығы, қарапайымдылығы, ескергіштігі, мейірімділігі, өзіндік беделі сияқты қасиеттері оның сөйлеу тілінен де байқалады); сонымен қатар баланың стилистикалық түсінігін жетілдіру оның эстетикалық тәрбиесінің негізгі құралы болып табылады. Демек, сөйлеу стиліне үйрету белгілі бір тәрбелік міндеттерді қамтиды.
Мұғалім стильді интуиция арқылы сезініп қана қоймай, сонымен бірге оның көмегімен белгілі стиль қалыптасатын тіл құралын саналы түрде талдай білген, яғни ол лингвистикалық саласынан да қажетті білімді меңгеуге тиіс. Бұл балаларды стильді түсінуге тәрбиелеуде қажетті дидактикалық материалдарды оның іріктеп алына да септігін тигізеді. Сөйлеудің әр түрлі стилистикалық бөлінуі тілдің синонимиясымен қамтамасыз етіледі, лексикалық (баспана - үй - пәтер - тұратын жер - тұрақ - бұрыш - ұя - бас сұғатын жер - үңгірін), грамматикалық (даланың жүру - егістікпен жүру - егістік арқылы жүру; келуші - келе жатқан; сұлу - асқан сұлу); фонологиялық, яғни әңгімелесіп отырған кісіге қатынасын білдіріп түрлі интонациямен айтуға: сыйластық көңілді білдіруге, немесе, керісінше, кемсітіп, көңілін қалдыруға (мәселен, "Отырыңыз!") болады. (Интонацияның осы қаситеін білдіретін ежелгі орыс мақалын еске алайықшы: "Сол сөзді басқа ырғақпен айтса ғой!").
Мұғалім өзінің сөйлеу мәдениетін жетілдіру жолында жұмыс істей отырып, ең алдымен оның компоненттері - лексикасы, грамматикасы, фонетикасы синонимдік жағынан бай болуына назар аударуы керек. Ол - тілде мұндай лексикалық қосымшалардың не үшін көп болатындығын, олардың қандай мағыналық және эмоциялық белгілермен ерекшеленетіндігін, өз сөзінде қай кезде қолдану орынды екендігін анықтап алуға тиіс. Ол өз бойында сөздікті үнемі пайдалану қажеттілігін дамыту керек. Сөйлеу мәдениетін көтеруге талпынған мұғалім морфологияның аффико-синонимдердің мәнерлі болуын есте ұстағаны жөн, сондай-ақ өзінің сөзінде синоним-флекстердің, синоним жалғаулардың, синоним-союздердің жай және күрделі сөйлемдер құрылысына синонимдерінің барлық байлығын қолдануы керек.
Болашақ мұғалімнің сөйлеу мәдениетін жетілдірудің маңыздылығы мынада: балалар тікелей араласу барысында сөздің дыбыстың мәдениетін тура жолмен қабылдайды, өйткені балалар сөзді дұрыс айтуға ересек адамдардың, ең алдымен тәрбиешінің, сөзіне еліктеу арқылы үйренеді.
Әр мұғалім ана тілінің жоғары сөйлеу мәдениетін игеруге тиіс, яғни көркем әдебиетті мәнерлеп оқу және әңгімелеп беру дағдысы болуы керек.

Жоғары оқу орнындағы болашақ мұғалім-мамандарды сөйлеу мәдениетіне баулу
Сөйлеу мәдениетін игеру-болашақ мұғалім мамандардың кәсіби құзіреттілігі. Бұл жерде тілдік қатынас өзара пікір алысу, түсінісу, сөйлесу деген ұғымдардан гөрі тереңірек тілдік қатынас үстіндегі әдеп нормаларының ауызша және жазбаша формаларын меңгеру, дұрыс қатынас жасауға қол жеткізетін тілдік құралдарды тиімді пайдалана білу мағынасын қамтиды. Осындай құзіреттілікті меңгерту - болашақ мұғалім-мамандардың кәсіби шеберлігінің сипаттамасы. Әрине, шеберлік, әсіресе сөз өнерін шешендік деңгейде игеру бірден қалыптаспайтын ұзақ жаттығуды қажет ететін үрдіс.
Шеберлік дегеніміздің өзі- тар шеңберде алғанда, адам бейнесі, табиғат көрінісі, қимыл, іс-әрекет сияқты әдебиеттік түрлі образдарды жасау үшін сөзді талғаммен, ұқыптылықпен қолдана білу. Мұндай образдарды жасау үстінде сұрыпталатын сөздерге әрқашан да жаңа мағына, қосымша реңдер берілетіні белгілі. Сөздердің ондай қосымша мағынасы мен реңдері образды ойды эстетикалық жағынан байытып отырса ғана құнды болмақ. Образды ой дегеніміз - суреттелетін зат, құбылыстың формасын сөз арқылы шебер бейнелей білу
Сөйлеу мәдениетінің теориялық негіздері қазақ тіл ғылымында А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов еңбектерінен бастау алып, тілші-ғалымдар І.Кеңесбаев, М.Балақаев, С.Аманжолов, Р.Сыздықова, Н.Уәлиев т.б. зерттеулерінде әр қырынан сипатталған.
Н.Уәлиев сөз мәдениетінің ғылыми пән ретінде қарастыратын негізгі обьектісі - тілдік норма, ол- сөз мәдениетінің құрылымдық-жүйелік аспектісі, екінші аспектісі - коммуникативтік сапасы екендігін айтады.
Сөйлеу мәдениетінің сапасы тұрғысынан берілетін баға сөз актісінің аяқталған нәтижесіне қатысты болуға тиіс. Мұндай талап тілдік фактіні тек сөздің құрылымының құрамында қарау жеткіліксіз екенін көрсетеді. Мұның өзі сөздің коммуникативтік сапасын бағалауда басқа да теориялық ізденістерді қажет ететінін байқатады. Өйткені айтылған (жазылған) сөз- аса күрделі коммуникативтік құрылым. Сөз айтылғанға (жазылғанға) дейін де, яғни вербалданғанға дейін адресант-автордың айтсам, жазсам деген діттемі, нені айтсам (жазсам), қалай айтсам (жазсам), кімге айтсам(жазсам) деген мақсаты, қызығушылығы болады. Алдымен, әсіресе ратиалды коммуникацияда, сөйлеушінің санасында болашақ сөздің нобайы жасалады. Егер сөз бетпе-бет, жүзбе-жүз болса, сөйлеуші алдымен адресатын барлап алады: жас ерекшелігі, әлеуметтік мәртебесі, таныс, бейтаныс екендігі т.б.
Болашақ мұғалім-маманның сөйлеу мәдениетінің коммуникативтік сапасы жоғары, я болмаса төмен сөздің тілдік құрылымының өзіне тән белгілері мен сипаты болады. Бұл белгілер мен сипат жақсы, я болмаса жаман деп бағалайтын сөздің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті және оған қойылатын талаптар
СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ ШЕШЕНДІК ӨНЕР
Педагогикалық әдеп және ұстаздық шеберлік
Кәсіби-педагогикалық іс-әрекет – педагогикалық шеберліктің қалыптасуының негізі
Педагогтың сөйлеу мәдени-кәсіби іс-әрекет жетістігінің шарты ретінде
Кәсіптік шеберлік құрылымындағы педагогикалық қатынас
Жаңа заманның шет тілі мұғалімі
ХХІ ғасыр педагогының педагогикалық тактісі және қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру жолдары
Педагогикалық шеберлік педагогикалық мәдениеттің компонентті ретінде мәні мен мазмұны
БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Пәндер