Графика туралы түсінік


Жоспар
Кіріспе
Графика туралы түсінік
Графика: танысу және материал мен жұмыстың әдістерін игеру.
Графика және оның түрлерінің қысқаша тарихы.
Тәжірибелік жұмыс
Сия бояуларымен тәжірибелік жұмыс.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Графика.
Бұл ұғым суретшілер іс-әрекетінің өте кең және сан алуан шеңберін қамтиды. Живописьтен ерекшелігі сол, графикамен біз барлық жерде кездесеміз. Кітаптағы иллюстрациялар, газеттегі суреттемелер мен карикатуралар, түрлі товарлардың орауыштарын безендіру, көшедегі плакаттар - осының бәрі графика неғұрлым шартты, ол түстер мен формалардың бүкіл байлығын бере алмайды, графика оларды жеңілдете отырып, ең негізгісін таңдап алады. Графика өнерінің живописьпен кейбір белгілері ортақ: онда да жазықтық үстінде бейнелеу орын алады.
График, живописьші сияқты, перспективаны меңгеруге, анатомияны білуге, сурет сала білуге тиіс. Бірақ егер живописьте түс және ол жасаған колорит бірінші орында тұрса, ал сурет қажетті, бірақ әйтсе де көмекші роль атқарса, графикада суреттің рөлі шешуші, мұнда ол өнердің дербес түріне айналады. Графикада сызықтар, штрихтар, ашық және қара қоңыр дақтардың ара қатынасы жетекші маңызға ие болады. Рас, графика өнерінің кейбір түрлерінде түстер де пайдаланылады, бірақ оның рөлі, әдетте, шектеулі, қызметтік дәрежеде ғана болып қалады.
Ең сараң графика - заттардың тек нобайы ғана беретін сызықтық сурет бірақ мұндай сараң сурет те көп нәрсені - адамның типін, характерін, қимылын бере алады. Суретшінің көзбен дәл өлшеуі, мінсіз талғамы және сенімді қолдары сызықтарға болмашы ауытқулар бере отырып, оны аздап жіңішкерте немесе жуандата отырып, оған түрлі характер береді. Форманы «пішіндеуге», жарық пен көлеңкені және бір жағынан заттың фактурасын беруге қабілетті штрихтық суреттің мүмкіндіктері үлкен.
Сурет түстермен боялуы да мүмкін әдетте бұл акварельмен немесе пастельмен жасалады. Бұл живопись емес, заттардың түстік сипаттамасына жасалған ишара ғана, басты міндет форманы беру болып қала береді. Графикаға гравюралардың барлық түрлеріне жатады, суреттерден айырмашылығы сол, оларды көп дана етіп көбейтуге болады. Гравюралар сондай-ақ ақ-қара және түрлі-түсті болады. Түрлі-түсті гравюралар бірнеше тақталардан басылады. Гравюралардан басқа, графика өнерінің тағы бір түрі - литография да көбейеді. Бұл - бетіне тікелей сурет салынған ерекше жалпақ тастан басып шығару. Литография ақ-қара және түрлі-түсті болады.
Графикалық өнердің ең көп тараған түрі - плакат. Оның түрлері аз емес, бірақ олардың ішіндегі ең бастысы - қоғамдық өмірде елеулі роль атқаратын саяси, үгіт плакаты. Плакаттың аса маңызды ерекшелігі суреттің қысқаша жазумен мағыналық және композициялық жағынан бірігуі болып табылады.
Сатиралық графика - карикатура да бүгінгі өмірде айтарлықтай роль атқарады. Олармен біз, газеттің немесе журналдың кезекті санын аша отырып, күн сайын ұшырасамыз. Графика үшін тұтас алғанда қолданылған түстің шарттылығы, образдың жалпылығы, әсірелеу мен символика тән. Графика өнерінде живописьпен және скульптурамен салыстырғанда сыртқы ұқсастықтан едәуір ауытқуға жол беріледі
Графика: танысу және материал мен жұмыстың әдістерін игеру.
Графика және оның түрлерінің қысқаша тарихы.
Графика - гректің grapho «жазамын», «сызамын» деген сөзінен шыққан бейнелеу өнерінің бір түрі. Яғни жазық бетте бейнелеу тәсілі. Оған қолмен салынған сурет, сондай-ақ басқа да тәсілдермен (литографиялқ, гравюра, фотолитография және т. б) орындалған суреттердің барлық түрі кіреді. Көне заманнан бері келе жатқан сурет салудың бір құралы - көмір және сангина, ал XVI ғасырдан бастап графит қолданылып келе жатыр. Ол қатты және жұмсақ болып екіге бөлінеді. «Графика» термині алғашында хат жазу өнері мен каллиграфияда қолданды. Ол өзінің жаңа бағытын XIX ғасыр аяғы мен XX басында кең бастауын алып, графика дербес жеке өнер ретінде қалыптасты. Графиканың негізгі ерекшелігі ол - сызық, қағыс (штрих), жиектеу, дақ пен өң болып саналады. Графика суретпен тығыз байланысты болып, кең ауқымды болады және баспа графикасымен ерекшеленді.
Графика - сызба графикасы және гравюра болып бөлінеді. Сызба графикасы бейнелеу өнерінің ішіндегі ең көне және жан -жақты дамыған түрі. Графикалық бейне тек бір түсті ғана емес, сонымен қатар түрлі- түсті де болады. Сызба өнерінде штрих аса мңызды рөл ойнайды. Сызбаның түрлері 1) қондырылған сызба (сурет эстамп, лубок) ; 2) кітап, газет, журнал сызбасы; 3) қолданбалы (грамота, диплом, марка, этикетка, жарнамалар және т. б. )
Гравюра - француздың grawer «қию», «тырнау» деген қазақша баламаға келеді. Гравюра қытайда шамамен VI ғасырда пайда болып, батыс Еуропада XIII -XIV ғасырларда шығып, XVI ғасырда кемеліне жетті. Гравюра бетіне сурет ойып салынған тақтаны, сондай- ақ одан алынған басылымды айтады. Оның түрлері өте көп, алайда басты түрлері мынадай:
1) офорт - металл бетіне жасалған гравюра;
2) ксилография - ағашқа жасалған гравюра;
3) линогравюра - линолиум бетіне жасалған гравюра;
4) литография - тас бетіне жасалған гравюра;
Металл бетіндегі гравюра - офорт. Металл бетіндегі гравюраның орындалу техникасы екі түрде болады. Олар: қышқылмен өңделіп жасалатын және қышқылмен өңделмей жасалатын түрлер. Ксилография -бұл графиканың ағашқа жасалған түрі (грекше xylon - кесілген ағаш, grapho -жазамын) деп атайды. Гравюра қатты да серпімді ағаш кесіндісіне ойылып жасалады. Бұл гравюра штихель деп аталатын құрал көмегімен орындалады. Жұмыс кезеңі ұзақ уақыт жүріп төзімділікті талап етеді.
Литография - арнаулы әк таста салынған гравюра түрі. Алдымен тас беті мұқият тегістеледі, содан кейін оған қою жұғатын литография қарындашымен не тушьпен сурет салады. Одан кейін сурет сүртіліп кетпейтіндей етіп; арнайы ерітіндімен шайылып өңделеді. Линогравюра дегеніміз линолиум пайдалану арқылы орындалған гравюра түрі. Мұнда таза ленолиум бетіне дайындалған сурет салынып, штихель деген құралмен гравер жасалып, кейін баспа түрінде арнайы бояу көмегімен баспа жұмысы алынады.
Ақ қағаз бетінде графикалық жұмыс беру үшін сурет салудың, әсіресе кез келген дақ пен қағаз бетіне түскен өң ерекше маңызды. Осы дағдылар арқылы қағаз
бетінде жай ғана графиканың түрлі бейнелерін құрастыруға болады. Ақ бетте қара дақ, сызық арқылы бейне көрсетіледі, көбіне графиканы қара ақ сурет деп те атайды. Алайда бұл қате түсінік. Графика кейде түсті өңде де болып келеді. Графика мен кескіндеменің шекарасы өте өткір жылжымалы келеді. Мысалға, акварель, пастель, кейде гуашь бояу құралы да бейнелеудің ерекшелігіне байланысты екі жақты болады. Ал графикада кескіндемедегі секілді ауқымды түр түстер мен реңдерден алыстап, жай ғана шектелген түстер көрсетіледі. Графиканың көркемдік ерекшелігі ол бейненің ауқымды және мазмұнды шығуына, құралдың ерекшелігіне, сызықтар мен дақтардың түрлі болуында, жұмыстың алуан түрлі көрінуінде болады.
Енді графиканың ең қарапайым түрлерін сөз етсек, қағаз бетінде бір реттік басылып шыққан көркем шығарманы монотипия деп атаймыз. Монотипия грек тілінен monos - «жеке», «дара» деген мағына білдіреді. Монотипияда бояулар түрі түрліше болуы мүмкін. Әдетте монотипия қағаз не картон, пластмасса бетіне майлы бояу не гуашьпен сурет салынып, онан алынған бір реттік басылымды айтамыз. Графикада монотипия техникасы жалғыз емес, сондай ақ Акватипия және Акватушь, Граттаж, Экслибрис т. б түрлері бар. Акватипия (аква сөзі латынның agua -су, сулы дегенді білдіреді) техникасында біздерге енді қағаз бен бояудан бөлек су қажет болады. Кез келген тегіс жылтыр бетке немесе әйнек бетіне акварельмен қез келген қызықты бейнелер салынып, оның бетінен қағазбен бір реттік басып алынған шығарманы акватипия десек, ал Акватушь қатты қағаз бетке гуашь бояуымен сурет салынып, (мүмкіндігінше ауқымды сурет ) гуашь бояуы кепкеннен кейін, үстіне барлық беті қара тушьпен жағылады. Жағындылар кепкен соң жұмысты тұтастай суға саламыз. Су бетінде гуашь бояу жағындылары еріп, тушь пен жағылған қабат ери қоймай сонда қара түсті өңде ақ астарлы қызық бейнелер пайда болады.
Экслибрис - латын тілінен ex libris нақты балама «кітаптан» деген сөз. « . . . кітабынан», « . . . кітапханасынан», « . . . кітап қорынан» тақырыбына кітапхананың не кітаптың белгілі бір адамға немесе мекемеге тиесілі екені қандайда бір кітап белгісімен, жазумен немесе мөрмен көрсететін графика түрі. Экслибристік жұмыстар алғаш орта ғасырларда Еуропада пайда болып, кейін барлық кітапхана түріне тарады. Экслибрис кітап графикасының ерекше бөлшегі. Экслибристік графикада бейне мазмұнды келіп, таңбалы белгілермен, пейзаж бөліктері, кейде қосымша жазбалар ұрандар да кездесіп, сәнді ою өрнекті жүйелі болып келеді. Әдетте олар кітапқа өзіндік штамппен беріледі.
Графикалық жұмыстың бір түрі бүгінгі шебер-класта болатын граттаж жайында қысқаша сөз етсек. Графикадағы бұл техниканың негізгі жүйесі бояу жағылған қағаз бетін тырнау арқылы бейне көрсету. Граттаж сөзі француз тілінен яғни gratter - «тарау», «тырнау» деген мағына береді. Бұл графика техникасымен 20 ғ. суретшілері айналысты. Ресейде алғашқы болып көптеген тамаша туындалар қалдырған М. В. Добужинский болды.
Граттография тәсілін игеру үшін талапкер әдетте мынадай жұмыстармен бастайды. Жұмысты орындай отырып біріншіден қағаз бетін тең етіп балауыз ( воск ) шаммен немесе парафинмен жағынды жағып шығып, (бірнеше қабат) сонан кейін жалпақ қылқаламмен немесе мақтамен үстіңгі бетін тушьпен біртекті етіп жағылады. Тушьтың, майлы балауыздың бетке толық жағылуын қадағалаймыз. Тушьпен қара өңдік қабаттар жағылған соң, өткір затпен ине немесе пышақ, тоқыма біздерімен тырналап бейне сурет салынады. Қара өңде жіңішке нәзік қағыстар (штрихтар) беріліп, нәтижесінде бейне бір жеңіл жұмбақ күйінде көрінеді. Яғни қара өңде әсерлі ақ бейнелер пайда болады.
Бүгінгі шебер-кластың графикалық жұмыстарын ендігі тәсіл сия бояуларын қолдана отырып жұмыс жасаймыз. Сия бояулары алғашында ежелгі мысырлықтар қолданды. Біздің дәуірге дейін олар жазба үшін папирус тамырының күлі мен камеди ерітіндісінің /қараған мен шиенің қою шырыны/ қоспасын пайдаланды. Осындай құрам Қытайда 2, 5 мың жыл бұрын қолданды. Қытайлық сиялар сілтелерде ерітілген күйе мен шайырдың қоспасы болды. Осы сиялардың құпиясын 1876 жылы химик К. Б. Шелле ашты. Ол қандыағаш тамырларын қайнатқан кезде суға темір қышқылды темірлі тұздар беретін тері илейтін қышқылдар қосылатынын анықтады. Ерітіндінің бояуы аз, бірақ кепкен кезде темір қышқылданады және қараяды. Суда ерімейтін және жарыққа тұрақты темірдің тотығы пайда болады. Қазіргі таңда өнеркәсіп жаңғақты сиялар өндірмейді, бірақ қауырсынмен жұмыс істейтін кейбір графиктер бұл сияларды өздері жасайды. Алайда бұл сиялардың кемшілігі болды: жазылғанды тек 10-12 сағаттан кейін оқуға болатын, ал оған дейін мәтін түссіз болатын. 1885 жылы саксондық мұғалім Леонгарди ализаринді сиялар ойлап тапты. Олар да галлды болды, тек түссіз - лайлы емес, қарқынды -жасыл болды. Қағаз бетінде олар таза қара түске айналады.
Соңғы кездері түрлі -түсті сиялар мен сабынның көбігі қолданатын сурет тәсілі өте танымал болып жатыр. Бұл тәсіл кәдімгі ас тұзын қолдана отырып, қосымша әсерге қол жеткізуге болатынымен қызық.
Тәжірибелік жұмысты жасамас бұрын алдымен негізгі мақсаттарын айталық:
- алдымен жұмыс орнын дайындау: құрал бояуларды т. с. с;
- белгілі бір тақырып бойынша қағаз бетінде бейне құруға тырысу;
- көркемөнер құралдарын пайдаланып, жұмысты тиянақты жасау.
- граттаж тәсілінде жұмысты ұқыпты орындау.
Ескерту: қара бояумен жұмыс жасау кезеңінде өте мұқият болуды талап етіледі. Сонымен бірге қылқаламдарды қолданған кезінде заттың не суреттің пішініне байланысты боямалау ұсынылады.
Тәжірибелік жұмыс
Граттаж техникасы.
Граттаж техникасында графикалық жұмысты орындап көрелік.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz