Лимфа жүйесінің физиологиясы



1. Лимфа жүйесінің физиологиясы
2. Лимфа жүйесінің эволюциясы мен морфологиясы
3. Лимфа, оның құрамы және қасиеттері.
4. Лимфа жүйесінің негізгі қызметі.
5. Лимфаның түзілуі.
6. Лимфаның жылжуы.
7. Лимфа айналуының реттелуі.
8. Лимфа айналуның гуморальдық реттелуі.
9. Лимфа айналысының орталықтары.
10. Пайдаланылған әдебиеттер
Адам организмінде лимфа тамырлар жүйесі өте күрделі құрылым, және гемоциркуляция жүйесімен бірге заттардың гумаральдық жолмен тасымалдануында маңызы зор.
Лимфа жүйесі дренаж қызметін қамтамасыз етеді, яғни тінаралық сұйықтықтан артық суды, тұздарды, белоктарды, липидтерді, зат алмасу өнімдерін тағы басқа заттарды қанға жеткізеді.
Лимфа жүйесі веноздық тамырларға қосымша дренаж жүйесі болып табылады, және интерстицияльдық сұйықтықтан пайда болып, организмнің екінші сұйықтық ортасы болып саналады. Сонымен, лимфа түзілуі, айналуы, қан айналымы әсіресе микроциркуляция арнасымен өте күрделі тығыз байланысты.
Қан айналысы морфологиясы және физиологиясы лимфа жүйесіне қарағанда көбірек зерттелген сондықтан қазіргі медицинада организмнің тасымалдау жүйесі қан айналамының реттелуіне бағытталған.
Соңғы жылдары лимфология, лимфа жүйесінің морфологиясы, физиологиясы, патологиясы көптеген ғылыми зерттеу әдістерін қолдана отырып жаңа материалдармен байыды.
Привес М. Г. (1948), Бородин Ю.И. (1958), Куприянов В. В. (1969), Жданов Д. А. (1930) лимфа жүйесінің функциональдық морфологиясын көп жылдар бойы зерттеген ғалымдар.
Лимфаның түзілуі, айналуы, нервтік – гумаральдық реттелу механизмдерін Венгрия, Чехия, Болгария және Алматы медициналық институты, Қазақстан Республикасының Ғылыми Академиясының физиология институты (Полосухин А. П., Коханина М. И., Беремисанова И. А. т.б), Ленинград санитария – гигиеналық институтының ғалымдары зерттеген.
Лимфа және гемоциркуляция тығыз байланысты болғандықтан , клиникада организмге лимфа жүйесі арқылы әсер ету көбірек қолдана бастады – лимфография, емдеу заттарды лимфаға енгізу, көкірек лимфа өзегіне дренаж жасау арқылы организмнен эндо және экзо уларды сыртқа шығару, қауіпті ауралды емдеу үшін лимфасорбцияны қолдану.
Лимфа жүйесі арқылы диагноз қою, және көп ауруларды емдеу жылдан – жылға кобірек қолданылатын болды. Ісікке қарсы және радиоактивті заттарды лимфаға енгізу, көкірек лимфа өзегіне сыртқы дренаж жасау онкологияда қолдана бастады. Қазіргі кезде организмді детоксикациялау үшін осы әдістер қолданылатын болды. Кардиология, токсикология, травматология, иммунология, дермотология ауруларын лимфа жүйесі арқылы емдеуге болады. Осы перспективті бағытты медицина практикасына көбірек енгізу керек. Бұны дамыту үшін лимфа жүйесінің физиологиясын, және оның организмнің басқа функциональдық жүйелермен байланысын барлық жағынан білу қажет. Лимфа жүйесінің құрылымы, қызметі, лимфаның құрамы мен қасиеттері, лимфа айналуын қамтамасызететін фактілерді және лимфа айналымының нервтік – гуморальдық реттелуін тереңірек білген жөн.
1. Беремжанова И.А., Булекбаева Л.Э., Коханина М.И. Нервная регуляция лимфообращения. Алма - Ата, 1980.
2. Бородин Ю.И., Пупышев Л.В., Трясучев М.П., Экспериментальные исследования лимфотического русла. Новосибирск, 1975.
3. Булекбаева Л.Э. Роль корковых структур головного мозга и мозжечка в регуляции лимфообращения. Алма – Ата, 1977.
4. Жданов Д.А. Общая анатомия и физиология лимфатической системы. М., 1952
5. Жданов Д.А., Полосухин А.П. Лимфа. БМЭ, т.15, 1960.
6. Зедгенидзе Г.А., Цыб А.Ф. Клиническая лимфология. М.,1977.
7. Лопухин Ю.М., Молоденков М.Н. Гемосорбция. М., 1978.
8. Орлов Р.С., Борисова Л.П., Мандрико Е.С. Сократительная электрическая активность гладких мышц магистральных лимфатических сосудов. Физиол. журн. СССР, 1975, т. 61, №7, с.1045.
9. Петровский В.В. О роли лимфатических сосудов и кровообращении. М., 1960.
10. Полосухин А.П. Избранные труды. Алма – Ата, 1967.
11. Потапов И.А. Очерки физиологии лимфообращения. Алма – Ата, 1977.
12. Русняк И., Фельди М., Сабо Д. Физиология и патология лимфообращения. Будапешт, 1957.
13. Сапин М.Р., Юрина Н.А. Лимфатический узел. 1978.
14. Чернух А.М., Александров П.Н., Алексеев О. В. Микроциркуляция. М. 1975
15. Чернышенко Л.В., Сушко А. А. Лимфатическая система в норме и патологии. Киев, 1973.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Лимфа жүйесінің физиологиясы

Адам организмінде лимфа тамырлар жүйесі өте күрделі құрылым, және
гемоциркуляция жүйесімен бірге заттардың гумаральдық жолмен тасымалдануында
маңызы зор.
Лимфа жүйесі дренаж қызметін қамтамасыз етеді, яғни тінаралық
сұйықтықтан артық суды, тұздарды, белоктарды, липидтерді, зат алмасу
өнімдерін тағы басқа заттарды қанға жеткізеді.
Лимфа жүйесі веноздық тамырларға қосымша дренаж жүйесі болып табылады,
және интерстицияльдық сұйықтықтан пайда болып, организмнің екінші сұйықтық
ортасы болып саналады. Сонымен, лимфа түзілуі, айналуы, қан айналымы
әсіресе микроциркуляция арнасымен өте күрделі тығыз байланысты.
Қан айналысы морфологиясы және физиологиясы лимфа жүйесіне қарағанда
көбірек зерттелген сондықтан қазіргі медицинада организмнің тасымалдау
жүйесі қан айналамының реттелуіне бағытталған.
Соңғы жылдары лимфология, лимфа жүйесінің морфологиясы, физиологиясы,
патологиясы көптеген ғылыми зерттеу әдістерін қолдана отырып жаңа
материалдармен байыды.
Привес М. Г. (1948), Бородин Ю.И. (1958), Куприянов В. В.
(1969), Жданов Д. А. (1930) лимфа жүйесінің функциональдық морфологиясын
көп жылдар бойы зерттеген ғалымдар.
Лимфаның түзілуі, айналуы, нервтік – гумаральдық реттелу механизмдерін
Венгрия, Чехия, Болгария және Алматы медициналық институты, Қазақстан
Республикасының Ғылыми Академиясының физиология институты (Полосухин А. П.,
Коханина М. И., Беремисанова И. А. т.б), Ленинград санитария – гигиеналық
институтының ғалымдары зерттеген.
Лимфа және гемоциркуляция тығыз байланысты болғандықтан , клиникада
организмге лимфа жүйесі арқылы әсер ету көбірек қолдана бастады –
лимфография, емдеу заттарды лимфаға енгізу, көкірек лимфа өзегіне дренаж
жасау арқылы организмнен эндо және экзо уларды сыртқа шығару, қауіпті
ауралды емдеу үшін лимфасорбцияны қолдану.
Лимфа жүйесі арқылы диагноз қою, және көп ауруларды емдеу жылдан –
жылға кобірек қолданылатын болды. Ісікке қарсы және радиоактивті заттарды
лимфаға енгізу, көкірек лимфа өзегіне сыртқы дренаж жасау онкологияда
қолдана бастады. Қазіргі кезде организмді детоксикациялау үшін осы әдістер
қолданылатын болды. Кардиология, токсикология, травматология, иммунология,
дермотология ауруларын лимфа жүйесі арқылы емдеуге болады. Осы перспективті
бағытты медицина практикасына көбірек енгізу керек. Бұны дамыту үшін лимфа
жүйесінің физиологиясын, және оның организмнің басқа функциональдық
жүйелермен байланысын барлық жағынан білу қажет. Лимфа жүйесінің құрылымы,
қызметі, лимфаның құрамы мен қасиеттері, лимфа айналуын қамтамасызететін
фактілерді және лимфа айналымының нервтік – гуморальдық реттелуін тереңірек
білген жөн.

Лимфа жүйесінің эволюциясы мен морфологиясы

Эволюциялық даму кезеңінде жоғары және терең жатқан лимфа тамырлары
бірінші рет сүйекті балықтарда табылған. Осы лимфа тамырлары лимфа
синустарымен байланысып жатады. Синустардың қабырғасы эндотелиймен
қапталған. Лимфа тамырлары мен синустар қабырғасында ет элементтері жақсы
дамымаған. Сондықтан, олар жиырыла алмайды да, тек резервуар қызметін
атқарады. Балықтарда лимфа айналуын тыныс алу қозғалыстары қамтамасыз
етеді. Оларда тері астында ырғақты жиырылып жатқан екі жұп жүректер бар –
алдыңғы және артқы. Қабырғалары еттен тұрады, ішкі қабаты эндотелиймен
қабатталған веноздық жүйесімен қатысуға арналған тесікте екі жұп ойшық
қақпақшалар бар. Бақаның лимфа жүректері жұлын жүйкелерімен нервтелген.
Кесірткеде тері астындағы лимфа кеңістігі азайып, алдыңғы лимфа
жүректері жойылады. Олардың орнында мойын қапшылары пайда болады, тыныс алу
бұлшық еттерімен тығыз байланыста болады. Сондықтан тыныс алу қозғалыстары
лимфаның веноздық қанға қуылуын қамтамасыз етеді.
Тасбақада лимфа тамырлары пайда болады. Құстарда бірінші рет лимфа
түйіндері пайда болады. Лимфа қабырғасы үш қабаттан тұрады (ет қабаты жақсы
дамыған) және қақпақшалары бар. Сонымен, құстарда алғаш рет лимфа тамырлары
және қақпақшалар пайда болады.
Сүт қоректі жануарларда және адамда лимфа жүйесінің құрылысы ұқсас
келеді. Оларда лимфа жүректері жойылады және лимфа түйіндері мен
қақпақшалар пайда болады. Лимфа тамырларында ет қабаты дамыған.
Адам лимфа жүйесі лимфа капилярларынан басталады, олар бүкіл мүшелерде
орналасқан, тек бас мида, жұлында, көк бауырда, шеміршекте, тері
эпидермисінде, плацентада, көз бұршағында, шырышты қабықтың эпителийнде
болмайды. Олар ілмек тәрізді, қапшық немесе жабық тор сияқты. Калибрлері
қан капилярынан үлкен және созылғыш келеді (10 – 100 мкм). Функциональдық
жағдайға байланысты олардың саңылауы өзгеріп отырады. Лимфа капиляр
қабырғасы тек бір қабат эндотелийден тұрады, қоршаған тіндермен тығыз
байланыста болады, сондықтан бөліп алуға болады. Лимфа капилярының
ерекшелігі микрожіпшелердің болуы, олар капилярларды қоршаған тіндерге
байлаған сияқты болып көрінеді. Микрожіпшелер лимфа капилярының саңылауын
жабылуына кедергі жасап, қақпақшалар қызметін атқарады. Лимфа капилярының
функциональдық еркшелігін клетка арасындағы контактылар және каналдар
қамтамасыз етеді.
Лимфа түйіндерінің саны ересек адамда 450- 700 дейін жетеді (жалпы адам
салмағының 1% құрайды). Олар дәнекер тінінен тұратын капсуламен қапталған.
Капсуладан түйін ішіне қарай бағытталған перделер трабекулалары бар.
Трабекула арасында лимфоидтың тіні бар, олар қыртыс және милы қабаттан
тұрады. Лимфоидтың тінінен трабекула арасындағы кеңістікті синус деп
атайды. Лимфа әкелетін лимфа тамырлар арқылы синусқа келеді. Мұнда лимфа
айналысы баяулайды, лимфоциттерді ала әкетуші тамырларға қарай ағадсы.
Лимфа тамырлары өте жақсы қан тамырларымен және жүйкелермен қамтамасыз
етілген.
Лимфа түйіндері ішкі мүшелерде олардың қақпасында және көбірек тізе
астында, шатта, белде орналасады.
Лимфа түйіндерінен өткен лимфа тамырлары бірігіп ірі лимфа бағанасын
құрайды да олар көкірек өзегіне құйылады.
Д.А.Ждановтың айтуынша көкірек өзегінің ұзындығы 30 – 40 см., ол құрсақ
қуысында Х। кеуде және ॥ бел омыртқа аралығында басталып ұлғаяды, оны
хилездық цистерна дейді. Ол көк еттің тесігінен өтіп көкірек қуысында
омыртқа бойымен өңештің артында орналасады. Көкірек өзегі V11 мойын
омыртқасына жеткенде ішкі мойындырық венаға ашылады.
Көкірек өзегі бүкіл денедегі лимфаның ¾ жинайды, ал бастың, мойынның
оң жағынан оң қолдан кеуде қуысының оң жағынан лимфа оң көкірек лимфа
өзегіне жиналады да оң бұғана асты венаға құйылады.
Микроскоп арқылы қарағанда лимфа тамырының қабырғасы, қан тамырындай үш
қабаттан тұрады. Эндотелийден қақпақшалар түзіледі. Қақпақшалар тұсында
лимфа тамырларында ет талшықтары және жүйкелер шоқ. Қақпақшалар аралығын
лимфангион деп атайда. Лимфангиондар жақсы нервтелген, олар автономдық
функциональдық бірлік болып саналады. Кезеген және құрсақ жүйкелер
цистернаны, ал көкірек өзегін кезеген жүйкелер нервтейді.

Лимфа, оның құрамы және қасиеттері.

Лимфа – жартылай тұнық, ересек адамда сарғыштау, ал жаңа туған балада
сүт сияқты сұйықтық. Әр жерден алынған лимфаның меншікті салмағы 1,017 –
1,026 дейін. Лимфа тұтқырлығы қанмен салыстырғанда төмендеу 1,7 – 2,0.
Лимфа реакциясы сілтілі, pH = 8 – 9. Лимфа құрамы қан құрамына ұқсас.
Бейорганикалық заттары мен органикалық қосылыстары қандағыдай. Бірақ белок
мөлшері аз 0,3 – 5%. Белок шектерінің осындай болуы қан капилярларының
әртүрлі өткізгіштігіне байланысты, сондықтан әртүрлі мүшелерден ағатын
лимфада белок мөлшері бірдей емес. Мысалы, бауыр лимфасында белок мөлшері
5,3 – 6,5%, көкірек лимфа өзегінде - 4,5%, тері лимфасында – 0,5% тең.
Көкірек өзегіндегі лимфада осмос қысымы 290 – 310 мосмл. Лимфада белок
фракцияларының бәрі де бар. Бірақ фибриноген мөлшері аз. Лимфаның ұюы баяу
10 – 15 мин тең, себебі фибриноген мөлшері аз және тромбоциттер жоқ. К
витаминін лимфа тамырларына сіңіруін жоғарлатса, лимфаның ұюы жылдамдайды.
Лимфада липидтер хиломикрон ретінде кездеседі, сондықтан олар көбірек
сіңірілсе лимфа түрі сүт тәріздес болады. Лимфаның екінші аты – сүт шырыны.
Хиломикрондар ішектің кілегей қабатынан лимфа тамырларына сіңеді немесе
эндотелий арасындағы тесіктер арқылы лимфаға өтеді.
Лимфада көптеген гормондар кездеседі. Мысалы: адреналин, тироксин,
экстрогендер және тестостерон. Бауыр және ішек лимфасында әртүрлі
ферменттер бар, олар лимфадан қан тамырларына ауысады.
Лимфада көп мөлшерде лимфоциттер және өте аз эритроциттер бар.
Лимфоциттердің саны лимфаның 1 мкл. көлемінде 2000 – 2500 дейін жетеді.
Тәулік ішінде көкірек лимфа өзегінен қан тамырларына 35 млрд. лимфоциттер
түседі.
Лимфаның мөлшері әлі нақтылы анықталған жоқ. Лимфа тамырларында 1 – 2
литрдей лимфа бар деп есептелінеді. Көптеген мәліметтер бойынша лимфа
мөлшері қан мөлшеріне тең.

Лимфа жүйесінің негізгі қызметі.

Лимфа жүйесі мен көптеген лимфа түйіндері организмде маңызды қызмет
атқарады.
1. Организмнің пластикалық, энергиялық қызметін қамтамсыз
метоболиттерді, витаминдерді, гормондарды, етуге қатысады. Лимфа мен
қан бірге организмнің ішкі ортасын құрайды. Лимфа гемоциркуляция
жүйесіне нешетүлі электролиттерді үздіксіз жеткізіп тұрады.
2. Дренаж қызметі. Лимфа жүйесі веноздық тамырларымен бірлесіп лимфаны
түзіп, қанға құйып дренаждық қызмет атқарады.
3. Резорбциялық қызметі. Лимфа капилярларының эндотелийі өте жоғары
резорбциялық қасиетіне байланысты лимфаға интерстициядан коллоидтық
заттарды, ірі молекулярлық қосындылар қызметін жойған клеткалар және
микроорганизмдер тез өтеді.
Лимфа капилярлардың жоғары резорбциялық қасиетін қамтамасыз етеді:
1. а) лимфа капилярларының эндотелийінің өткізгіштігі
б) лимфа капилярларының калибрлерінің өзгергіштігі
в) лимфа, тінаралық сұйықтық, қан арасындағы гидростатикалық және
коллоидтық осмостық қысым айырмашылығы тасымалдауды жеңілдетеді
2. Гисто – лимфалық барьер арқылы заттардың тасымалдануы лимфа
капилярларының эндотелийінің биологиялық белсенділігіне байланысты.
4. Лимфа жүйесі май алмасуына қатысады. Май, май қышқылдары лимфаға
сіңіп, жалпы гемоциркуляцияға тасымалданады да май депосында қор ретінде
сақталынады.
5. Лимфа жүйесінің лимфопоэтикалық қызметі лимфа түйіндерінің
функциясымен байланысты.
6. Иммунобиологиялық қызметі. Лимфа түйіндерінде анти денелер
синтездейтін плазматикалық жасушалар түзіледі. Лимфа түйіндерінде Т және В
лимфоциттері бар олар жасушалық және гуморальдық иммунитетті қамтамасыз
етеді. Лимфоциттер лимфокининдерді түзіп, иммундық процестерге қатысады.
7. Барьерлық қызметі. Лимфа түйіндерінде бөгде заттар,
микроорганизмдер, қатерлі ісік жасушалары ұсталынады. Биологиялық фильтр
рөлін лимфа түйіндердің ретикулярлық элементтері, ал биологиялық фильтр
рөлін лимфоидтық тіні атқарады.
8. Майда еритін витаминдердің және тұздардың алмасуына қатысады. А, К,
Е витаминдері лимфаға сіңеді де, одан кейін қанға түседі.
9. Су алмасуына қатысады. Лимфа жүйесі сұйықтық үшін депо рөлін
атқарады. Организм қансырағанда лимфа қанға өтіп, қан мөлшерін толтырады.
10. Организм функцияларының гуморальдық реттелуіне қатысады. Лимфаға
гормондар, метоболиттер, дәрі – дәрмектер еніп, организмге әсер етеді.

Лимфаның түзілуі.

Лимфа капилярларына интерстицияльдық сұйықтық сорылғандықтан лимфа
пайда болады.
Су және плазмада еріген кейбір заттар қаннан тінаралық сұйықтыққа одан
әрі лимфа капилярларына өтеді.
Лимфаның түзілуі туралы неше теориялар ұсынылған, олар бір - бірін
дамыта отырып, қазіргі теорияның негізін құрайды.
Лимфаның түзілуі 3 негізгі факторлармен байланысты:
1. Қан капилярларындағы гидростатикалық, тінаралық кеңістіктегі және
лимфа капилярларындағы қысым айрмашылығына байланысты, осы
айырмашылық судың, кристоллоидтардың, тағы басқа еріген заттардың
сүзілуі қамтамасыз етеді.
2. Осы айтылған су орталары және тамырлардағы жалпы осмостық,
онкотикалық қысымдардың айырмашылығы.
3. Лимфа және қан тамырларының эндотелийінің өткізгіштігі.
Осы факторларды қарастырып көрейік.
Гидростатикалық қысымның маңызын К.Людвиг көрсеткен. Қан қысымы
төмендеген сайын лимфаның пайда болуы азаяды, керісінше, қан қысымын
көтерген сайын лимфа түзілуі жоғарылайды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Веналық капиллярлар
Жануарлар физиологиясы пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Егеуқұйрықтардың лимфа мен қан плазмасының биохимиялық көреткіштеріне аллоксанның әсері
Адам және жануарлар физиологиясынан лекция мәтіні
Жануарлардың қан және қан айналымы физиологиясы
Қан жүйесінің физиологиясы
Адамның жүйке жүйесінің дамуы
Анатомия пәні және зерттеу әдістері. Остеология
Қанның құрамымен ерекшеліктері
Созылмалы гепатит кезіндегі егеуқұйрықтардың оқшауланған қуығының жиырылу белсенділігін зерттеу
Пәндер