Экология пәнінен дәрістер


1 ТАРАУ. ЭКОЛОГИЯ ПӘНІНЕ КІРІСПЕ

1. 1. Қазіргі замандағы экология пәні мен міндеттері

«Экология», терминін ғылымға 1866 жылы неміс зоологы Эрнест Геккель енгізді. Экология (грекше «ойкос» - мекен, үй және «логос» - ғылым) сөзбе-сөз аударғанда - тіршілік, мекен туралы ғылым. Экология ағзалардың арасында болатын (особьтар, түр, түраралық, популяция аралық, биоценоз, биогеоценоз) қарым-қатынастарды айналаны қоршаған ортамен байланыстыра отырып зерттеумен қатар биосферадағы өзгерістерді, құбылыстарды, табиғи заңдылықтарды, биосфера шегінде әлемдік ауытқуларды адамның іс-әрекеттерімен үйлестіре отырып зерттейтін комплексті ғылымдар жиынтығы.

Ал экология ғылымының ең басты мақсаты - биосфера шегіндегі әлемдік жағдайды бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау. Адам-қоғам-биосфера арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіре отырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдаланудың адами-нооэкологиялық тұрғыдан негіздеу.

Экология ғылымының зерттеу нысаны - биологиялық және химиялық микро және макрожүйелер (түрлі популяция, биоценоз, экожүйелер т. б) мен оның уақытпен кеңістікке қатысты тіршілік тәуліктік, маусымдық, жылдық ырғағы.

Экология ғылымының негізгі зерттейтін мәселелері :

- ағзалардың бір-бірімен қарым-қатынастарын және өзін қоршаған сыртқы ортамен байланысын зерттейді;

- биоценоз, экожүйелердегі уақыт пен кеңістікке байланысты туындайтын өзгерістерін;

- табиғат ресурстары оны тиімді пайдалану және қорғаудың ғылыми-теориялық негіздерін;

- адам-биосфера-қоғам арасындағы гормониялық байланыстарды реттеу;

- биосфера шегіндегі биологиялық заңдылықтардың тұрақтылығын сақтауды қамтамасыздандыру;

- биосферадағы тіршілікті қалыпты сақтаудың әлемдік нооэкологиялық деңгейге көтеру.

Э. Геккель бұл ғылымның анықтамасын былай тұжырымдайды: «Экология» деп - біз табиғат экономикасына қатысты барлық білімдерді - жануарлардың оны қоршаған органикалық және бейорганикалық ортамен, әcipece, өзімен тікелей немесе жанама қатынаста болатын жануарлармен және өciмдіктермен өзара ынтымақтастық немесе қастастық, жаулық, әрекеттерінің бүкіл жиынтығын зерттеу деп түсінеміз.

Экология барлық деңгейлердегі ағзадағы биологиялық жүйелердің ұйымдасуы мен тіршілік қызметі туралы ғылымға айналды.

Экология - биология ғылымдарының негізінде XIX ғасырдың ортасында айқындала бастағанымен, оның өз деңгейіне көтерілуі XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басы болып саналады.

Шындығында адамның биосферадағы орнын екі жақты қарастыруға болады. Бip жағынан ол биологиялық түр ретінде планетаның экожүйесінің құрам бөлігі болып табылады. Екінші жағынан, басқа тіршілік иелерінен ерекше адамға биологиялық емес, әлеуметтік-мәдени қажеттіліктер мен даму механизмдері тән, ол техниканы, жаңа жасанды заттарды жасап, ғимараттар мен жолдар салады. Сонымен қатар, табиғатқа, тән емес қалдықтар - пластик, металл, құрылыс материалдары шығарылады.

Ауаның, судың, топырақтың ластануы, қалпына келмейтін табиғи ресурстардың сарқылуы, биосфераның тұрақтылығының бұзылуы мен алуан түрлілігінің кемуі, адамдардың денсаулығының және өмір сүру жағдайларының нашарлауы күшейіп отыр.

Адамның қоршаған ортаға айтарлықтай мұндай әcepi экологияның, анықтамасын өзгертті.

Ол көптеген білім салаларына ене бастады. Экологиямен жаратылыстану және техникалық ғылымдары, экономика, әлеуметтану, мәдениет және т. б. ғылымдардың гуманизациялауын байланыстыра бастады.

Экологиялық ойлар мен мәселелердің білімнің басқа салаларына енуін экологизация деп атайды. Ал бұл экологиялық білім беру концепциясында қарастырылған.

Экология ғылымының қазіргі заманғы құрылымы өте күрделі. Экология ғылымының қазіргі құрылымын біз белгілі экологтар Ю. Одум, Н. Ф. Реймерс, Н. А. Воронков, Ф. Дре, В. А. Радкевичтың жіктеуі негізінде береміз. Экологияның зерттеу объектілерінің кеңеюі оның жаңа анықтамаларының пайда болуына әкелді. Олардың кейбіреулерін келтірейік.

Н. Ф. Реймерс: «Қазіргі жағдайда, яғни кең мағынада алғанда экология қазіргі заманғы биоэкологияның шеңберінен шықты. Ол қоғамдық маңызы мен ішкі мазмүны бойынша жер туралы физика- математикалық, химия-биологиялық және қоғамдық ғылымдар цикліне тең келетін білімдер цикліне айналды» (1-сурет) .

Ю. Одум: «Экология - табиғат пен қоғамдағы көп деңгейлі жүйелердің құрылысы мен тіршілік қызметі және олардың өзара байланысы туралы пәнаралық білімдер саласы».

Н. А. Воронков: «Қазіргі заманғы экологияны ағзалардың соның ішінде адамның қоршаған ортамен өзара қатынасын, адамзат қоғамының қоршаған ортаға әсерінің шекті дәрежесін, осы әсерлерді кеміту немесе оларды толық нейтралдау мүмкіндіктерін және олардың ауқымын анықтай отырып, зерттеулермен айналысатын ғылым ретінде қарастыру қажет. Стратегиялық тұрғыдан алғанда экология адамзаттың өзінің тіршілігін сақтауы және экологиялық дағдарыстан шығуы туралы ғылым».

Ф. Дре: «Экология - болашақтың ғылымы, себебі адамның біздің планетамызда өмір сүруінің өзі оның прогресімен анықталуы мүмкін».

Олай болса, қазіргі заманғы экология тек жеке ғылым ретінде ғана қарастырылып қоймай, ол дүниелік көзқарасқа, адамзаттың тіршілігін сақтау туралы ғылымға айналып отыр.

1. 2. Экологияның даму тарихы

В. И. Вернадскийдің айтуы бойынша адам геологиялық алып күш ретінде әсер ете бастады. Қазіргі заманғы экологиялық мәселелер ең алдымен адам қызметімен байланысты.

Жалпы алғанда экология пәнінің негізгі міндеті студенттерді қоғам мен табиғаттың қарым-қатынасын оптимизациялаудың негізі ретінде табиғи және техногенді үрдістерге жүйелі көзқарасты қалыптастыру болып табылады. Білімнің барлық салалары сияқты экология да үздіксіз дамуда.

Жануарлар мен өсімдіктердің таралу сипаты, өмір салты, қоршаған ортамен байланысы туралы мәліметтерді жүйеге келтіру ерте кезде адамзаттың табиғатты меңгеруінен басталды. Мысалы, грек философы Аристотель (384-322ж. б. э. д) жануарлардың 500-ден астам түрлерінің мінез-құлқын сипаттап жазса, Аристотельдің шәкірті, ботаниканың әкесі деп танылған Теофраст (б. э. д. 372-287ж. ) әр түрлі жағдайдағы өсімдіктердің ерекшеліктері, олардың пішіні мен өсуі топырақ пен ауа- райына тәуелді екендігі жайлы мәліметтер келтірген.

XVIII ғасырда француз жаратылыс зерттеушісі Ж. Бюффон алғаш рет сыртқы орта жағдайларының жануарлардың құрылысына тікелей әсерін зерттей бастады. Оның көзқарасы бойынша жануардың бір түрлігі басқа түрге қоршаған ортаның температурасына, ауа-райына, тамақтың сапасына байланысты өзгереді дейді.

Бірінші эволюциялық ілімнің авторы - Ж. Б. Ламарк «сыртқы жағдайлардың әсері ағзалардың бейімделуі және өсімдіктер мен жануарлардың эволюциясының негізгі себептерінің бірі» -деп есептеді.

Ч. Дарвиннің «Түрлердің табиғи сұрыпталу жолымен шығу тегі немесе тіршілік үшін күресте оған қолайлы қолтұқымдардың сақталуы» - деген еңбегінде (1859) табиғаттағы «тіршілік үшін күресті» теория жүзінде тұжырымдады. Ч. Дарвиннің осы еңбегі тірі ағзалардың қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын жан-жақты зерттеу мәселесіне тиек болды.

Неміс жаратылыс зерттеушісі Э. Геккель өзінің «Ағзалардың жалпы морфологиясы» ( 1866) және «Әлемнің пайда болуының табиғи тарихы» (1868) еңбектерінде экологияны ағзалардың қоршаған ортамен, тіршілік ету жағдайларымен қатынасын зерттейтін жалпы ғылым ретінде түсіндіреді.

XIX ғасырдың ортасында орыс биологы К. Ф. Рулье
жануарлардың өмірін зерттеуге, олардың қоршаған ортамен өзара
әсерін зерттейтін зоологияның жаңа бағытын тұжырымдады.
К. Ф. Рулье ағзалардың эволюциясының мекен ету ортасының өзге-
рісіне байланыстылығын дәлелдеді.

Экология жеке ғылым ретінде негізінен XIX ғасырдың аяғында қалыптасты.

XX ғасырдың басында экология жылдам дами бастады. Бұл кезендегі негізгі жетістіктер С. Форбстың, В. Шелфордтың, Ф. Клементстің, А. Тенслидің, Ч. Элтонның, В. Н. Сукачевтың еңбектеріне байланысты болды.

Жалпы экологияның дамуына елеулі үлес қосқан ғалым В. В. Докучаев болды. Ол топырақ түзілу процесінің мысалында тірі ағзалар мен өлі табиғаттың өзара тығыз байланысын көрсетті.

В. И. Вернадский тірі ағзалар мен олардың тіршілік қызметінің өнімдерінің геологиялық құбылыстардағы анықтаушы ролін көрсетіп, биосфера туралы ілім және оның өмір сүруін, тұрақтылығын және даму заңдылықтарын тұжырымдады.

Қазіргі заманда экологияның Әлеуметтік және Қолданбалы экология бөлімдері жылдам қарқынмен дамып келеді.

Әлеуметтік экология адамзат қоғамы мен қоршаған орта арасындағы қатынастарды, өндірістік қызметтің қоршаған ортаның құрамы мен қасиеттеріне тікелей және жанама әсерін, антропогенді факторлардың адамның денсаулығы мен адам популяцияларының гендік қорына экологиялық әсерін зерттейді. Ол табиғатты тиімді пайдаланудың теориялық негізі болып табылады.

Қолданбалы экология адамзат баласының әлеуметтік мұқтажын өтеу барысындағы табиғи ортаның ластануы, қоршаған ортаның тәжірибелік мәселелерін шешу (қоршаған ортаны ластанудан қорғау, химиялық, медициналық, ауыл-шаруашылық, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, шаруашылықтың әр түрлі салаларындағы технологияларды жетілдіру, өндіріс орындарының жағдайы) жақтарын қарастырады Қолданбалы экология ішінде өнеркәсіптік, ауыл-шаруашылық, химиялық, медициналық және т. б. бағыттар дами бастады.

Биоэкологиялық зерттеулер бағыты. Биоэкология бірнеше зерттеу облыстарына бөлінеді: аутэкология, демэкология, синэкология т. б.

Аутэкология - жеке организмдер (особь) арасындағы қарым-қатынастарды оның табиғи ортасымен байланыстыра отырып зерттеулер жүргізеді. Яғни, жеке организмге табиғат факторлары қалай әсер етеді, оған организм қалай жауап береді, организмдегі морфологиялық өзгерістер туралы мәселелер қарастырылады.

Демэкология - бір түрге жататын организмдер особьтар тобын, яғни популяцияларды оның табиғи ортасымен байланыстыра отырып зерттеулер жүргізеді. Бір түрге жататын организмдердің топ құрып тіршілік ету ерекшеліктері, биологиялық құрылымы (жас, жыныс, көбею, өлу, табиғаттағы саны, тығыздығы, таралуы, т. б) табиғаттағы сан мөлшерінің реттелуі мен ауыл шаруашылығындағы маңызы туралы мәліметтер қарастырылады.

Синэкология - бірлестіктер экологиясы (биоценология) ретінде әр-түрлі түрлерге жататын популяциялар (өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер) жиынтығын біртұтас организмдер деңгейінде зерттейді. Организмдер бірлестіктерінің қалыптасуы, құрылымы, динамикасы, қарым-қатынастар, энергия, және зат алмасулар, сандық және сапалық өзгерістер, биологиялық өнімділігі мен бірлестіктердің тұрақтылығы туралы жан-жақты мәселелер қаралады.

Геоэкология - экологиялық жүйелерді биосфералық деңгейде қарастырады. Құрлық пен дүниежүзілік мұхиттардағы экожүйелер, ондағы қарым-қатынастар мен байланыстар, географиялық ландшавтар бойынша экожүйелердің құрылымы, бірлестіктері, тұрақтылығы, кеңістік пен уақытқа қатысты өзгеруі, экожүйелер өнімділігі, агро және антропогендік экожүйелер, олардың практикалық маңызы туралы зерттеулер жиынтығы.

Ғаламдық экология - табиғи іс-әрекетінен туындайтын биосфера шегіндегі, тіптен күн жүйесіндегі әлемдік өзгерістер мен құбылыстарды зерттейді. Мәселен, ядролық қауіп-қатер, экологиялық апаттар, әлемнің климаттық ауытқуы, шөлейттену, жаппай қырып жоятын қарулар, қатерлі эпидемиялар т. б. Осы бағыттағы бүкіл әлемді (ғаламды) қамтитын ірі проблемаларды қарастырады.

Адам экологиясы - ауыл, село, қала тұрғындары мен дүниежүзі халықтарының сандық және халықаралық қарым-қатынастарды үйлестіру, көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру, экологиялық мәдениет, этика, моральдық жағынан парасаттандыру, адамдардың экологиялық құқын қорғау және этноэкологиялық проблемаларды жан-жақты зерттеу. Жер шары тұрғындарының экологиялық қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз ету жолдарын іздестіреді.

Нооэкология - адам, табиғат, қоғам арасындағы адами, әлеуметтік, экономикалық және экологиялық жағдайларды, қарым-қатынастарды бір-бірімен үйлестіре зерттей отырып, одан туындайтын проблемаларды адамның парасатты ақыл-ойымен шешуді қамтамасыз етеді. Табиғат ресурстарын тиімді пайдаланудың ең жоғарғы дәрежедегі жаңа технологиясын жасау, планетадағы адамзат қауымын азық-түлік, энергия және шикізатпен қамтамасыз ету, халықтар мен ұлттар арасындағы достықты, ауызбіршілікті қалыптастыру, этноэкология, экологиялық білім мен тәрбие, мәдениет, мораль, құқық, т. б. болып табылады. Адам мен биосфера шегіндегі тұрақты дамудың адами жоспарларын жасап, оны жүзеге асырудың жолдарын іздестіреді.

1. 3. Экологияның әдістері

Қазіргі заманғы экологияның әдістемелік негізін экожүйелік тұрғыдан қарастыру, ортаның жағдайын бақылау, эксперимент және модельдеу құрайды.

Экожүйелік тұрғыдан қарастыру экологияның кез-келген обьектісі, экосфераның биотикалық және абиотикалық құрауыштарының арасындағы энергия ағынымен заттардың айналымына шоғырланатын әдіс. Тірі табиғаттың барлық элементтері өзара байланыста болғандықтан, бұл әдістің ішінде гомеостаз тұжырымдамасы (өзін-өзі реттеу) көңіл аудартады. Жүйе немесе жүйенің бөлігі болып табылатындықтан көптеген экологиялық зерттеулерде қолданылады.

Ортаның жағдайын бағалау және есепке алу әдістері. Бұларға метерологиялық бақылау, температураны өлшеу, судың химиялық құрамын, тұздылығын, мөлдірлігін, топырақ ортасының сипатын анықтау, радиациялық фонды өлшеу, ортаның химиялық және бактериалдық ластануын анықтау және т. б. жатады.

Қоршаған ортаның ластануын бағалау үшін тек физика-химиялық әдістерді ғана емес, сонымен қатар биологиялық индикация әдістері де қолданылады.

Биологиялық индикация дегеніміз - ортаның өзіне тән ерекшеліктерін әр түрлі тірі ағзалардың көмегімен анықтау.

Биоиндикация - қоршаған орта жағдайын бақылауда осы ортадағы өзгерістер мен зиянды заттардың пайда болуына аса сезімтал кейбір ағзаларды қолдануға негізделген.

Биологиялық индикация биотесттер әдісімен жүргізіледі. Тест объектілері ретінде: бактериялар, омыртқасыздар (инфузориялар, дафния, былқылдақдене лілер, сүліктер, шаян тәрізділер), балдырлар, кейбір балықтар, өсімдіктер, қыналар және т. б. қолданылады. Зерттелетін көрсеткіштер ретінде тірі ағзалар дың қозғалу белсенділігі, тіршілік ететін омыртқасыздардың саны, жарық шығаратын бактериялар мен балдырлардың люминисценциясы, балдырлардың электрлік радиациясы, балықтардың тыныс алу және жүрек қызметінің белсенділігі есепке алынады.

Биоиндикаторлар ретінде қыналар қолданылатын әдісті лихеноиндикация деп атайды. Қыналардың әр түрлі ластаушы заттарға сезімталдығы, олардың қоршаған ортадағы заттарды бүкіл денесімен сіңіруіне байланысты болады. Сондықтан, аталған себепке және зат алмасуының баяу жүруіне байланысты қыналар улы заттарды жинай отырып, тез уланып, тіршілігін жояды.

Қарапайым түрде лихеноиндикация - ортаның (ауа) жалпы ластану дәрежесін анықтау болып табылады.

Ағзаларды сандық көрсеткіштері бойынша есепке алу және өсімдіктер мен жануарлардың биомассасы мен өнімділігін бағалау әдістері табиғи бірлестіктерді зерттеуде қолданылады. Бұл кезде бақылау ауданындағы су немесе топырақ көлеміндегі даралар саны есептеледі; жануарларды аулау және белгі салу; балықтардың үйірі мен топтанған жерлерінде санын аэрокосмостық есепке алу; егістік танаптарының өнімділігі мен күйі есепке алынады.

Орта факторларының ағзалардың тіршілік қызметіне әсерін зерттеу. Оларға табиғаттағы бақылау мен эксперимент кіреді. Зертханада факторлардың өсімдіктер мен жануарлардың қандай да бір функциясына әсері зерттеледі. Сонымен қатар жануарлардан алынған мәліметтерді адам экологиясына пайдалану мүмкіндігі сарапталады. Осындай жолмен химиялық және т. б. заттардың шекті және өлімге әкелетін мөлшері анықталады, қолдануға болатын шекті концентрациялар осы мәліметтерге сүйене отырып есептеледі де, олар экологиялық нормалардың негізіне жатады. Бұл жағдайда экология физиологияның, биохимияның, токсикологияның әдістерін қолданады.

Көп түрлі бірлестіктердегі ағзалардың өзара әсерін зерттеу әдістері экологияның маңызды бөлігін құрайды. Мұнда қоректік қатынастарды нақты жағдайда және зертханада бақылау қолданылады. Радиоактивті изотоптарды пайдалану қоректік тізбектің бір звеносынан келесісіне өтетін зат пен энергия мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді: өсімдікшөпқоректі жануаржыртқыш. Зерттеулер эксперименттік әдістемелердің көмегімен және жасанды бірлестіктер мен экожүйелерде жүргізіледі.

Математикалық әдістермен модельдеу. Математикалық статистика әдістерін қолдану белгілі бір дарақтарды едәуір кездейсоқ сұрыптау нәтижелерінің (кездейсоқ па, әлде заңды ма) дәлдігін анықтауға мүмкіндік береді. Қазіргі заманғы экологияда статистикалық математика, математикалық логика, сандар теориясымен, матрицалық алгебрамен байланысты ақпараттар мен кибернетика теориясының әдістерін қолдану қажеттілігі туындады.

Шынайы, нақты модельдер түпнұсқаға тән негізгі белгілерді көрсетеді (мысалы, аквариум табиғи су қоймасының моделі бола алады) .

Таңбалы модель түпнұсқаны математикалық өрнек түрінде көрсетеді.

Экологиялық зерттеулерде концептуалдық және математикалық үлгілер мен олардың сандаған түрлері (ғылыми мәтін, жүйе сұлбасы, кестелер және т. б. ) көп таралды.

Концептуалды модельдерге жүйелерді жан-жақты сипаттау (ғылыми текст, жүйенің сызбанұсқасы, кестелер, графиктер және т. б. ) тән.

Математикалық үлгілер - экологиялшық жүйелерді зертеу әдісі, атап айтқанда, сандық көрсеткіштерді анықтауда ерекше тиімді. Математикалық модельдер экологиялық жүйелерді зерттеудің, әсіресе сандық көрсеткіштерді есепке алудың тиімді әдісі болып табылады. Қазіргі кезде экологияда шынайы және таңбалы модельдер бір-бірін толықтыра отырып қолданылады. Соңғы жылдарда жетілдірілген компьютерлер мен программалаудың жаңа құралдарының пайда болуына байланысты экологиялық болжамдар жасау үшін, ғаламдық модельдеу әдістері де жетілдірілуде.

1-сызба. Қазіргі заманғы экологияның құрылымы.

(И. Ф. Реймерс бойынша, өзгертулермен)

Экологияда биологиялық (тірі) жүйелердің төмендегідей негізгі ұйымдасу деңгейлерін бөліп көрсетуге болады:

1. молекулалық (гендік) ;

  1. жасушалық;
  2. ұлпалық;
  3. мүшелік;
  4. ағзалық;
  5. популяциялық-түрлік;
  6. биоценоздық;
  7. биогеоценоздық;
  8. биосфералық.

Әрбір деңгейде қоршаған ортамен өзара әсерлесу (зат, энергия және ақпараттармен алмасу есебінен) нәтижесінде өзіне тән ерекшеліктерімен сипатталатын функциональдық жүйелер түзіледі.

Уэбстер бойынша Жүйе дегеніміз «бір тұтас бүтінді түзетін, реттелген түрде өзара әрекеттесетін және өзара байланысты компоненттер». Олай болса, жүйенің негізгі элементтеріне компоненттер, байланыстар, шекаралар жатады.

Жүйелердің 3 түрін бөліп көрсетуге болады:

  1. Оқшауланған, яғни көршілес жүйелермен зат пен энергияалмасуы болмайды.
  2. Жабық, яғни көршілес жүйелермен энергия алмасады, бірақзат алмасуы болмайды ( мысалы, космос кемесі) .
  3. Ашық, яғни көршілес жүйелермен зат пен энергия алмасуыболады.

Барлық биологиялық жүйелер - ашық жүйелер. Себебі, олар сыртқы ортамен - затпен, энергиямен және ақпаратпен алмасып отырады.

Молекулалық (гендік) деңгейде биологиялық жүйе белсенді ірі молекулалар ақуыз нуклеин қышқылдары, көмірсулардың қызметі түрінде көрінеді. Осы деңгейден тірі материалға тән қасиеттер; зат алмасу, тұқым қуалаушылықтың кодтаушы құрылымдардың (ДНК, РНК) көмегімен тасымалдануы байқалады.

Жасушалық деңгейде биологиялық белсенді молекулалар

біртұтас жүйеге қосылады. Жасуша - барлық тіршіліктің элементарлы бірлігі. Жасушалық ұйымдасуына байланысты барлық ағзалар бір жасушалы және көп жасушалы болып бөлінеді.

Ұлпалық деңгейде құрылысы мен атқаратын қызметі ұқсас жасушалардың жиынтығынан ұлпа түзіледі. Ол шығу тегімен атқаратын қызметінің ортақтығы бойынша біріккен жасушалардың жиынтығын құрайды.

Мүшелік деңгейде ұлпалардың бірнеше типтері функциональдық жағынан өзара байланыса отырып, белгілі бір мүшені құрайды.

Ағзалық деңгейде бірқатар мүшелердің өзара әсері жеке ағзаның біртұтас жүйесінің түзілуіне әкеледі.

Популяциялық түрлік деңгейде шығу тегі, тіршілік жағдайлары және мекен ету орталарының ортақтығы арқылы байланысқан бір түрдегі ағзалардың жиынтығы түзіледі.

Биоценоздық деңгейде бірге тіршілік ететін және бір-бірімен байланысқан түрлердің комплексі - биоценоз деп аталатын біртұтас жүйені түзеді.

Биогеоценоздық деңгейде - түрлік құрамы бойынша әр түрлі ағзаларды мекен ету ортасымен өзара байланыста біріктіретін биотопта тірі материяның ұйымдасуының жоғары деңгейі.

Биосфералық - ғаламшар шекарасындағы барлық тіршілік белгілерін қамтитын жоғары сатыдағы табиғи жүйелердің қалыптасқан деңгейі. Бұл деңгейде тірі ағзалардың әрекетімен байланысты ғаламдық ауқымындағы барлық зат айналымдары жүзеге асады.

2 ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЭКОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ

2. 1. Ағзалар мен орта қарым-қатынасының заңдылықтары

Экологиялық факторлар

Орта (өмір сүру ортасы) - табиғаттың бір бөлігі, ол тірі организмдерді қоршап, олармен тығыз байланыста болады, организмге әсерін тигізеді. Табиғи орта абиотикалық факторлардың жиынтығы. Бұл факторлар жеке түрлерге және жеке организмдердің көбеюіне, өсуіне әсерін тигізеді. Биологиялық жүйе ретінде аутэкология жекеленген тірі ағзаны - жануар, өсімдік немесе микроорганизм, оның қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейді.

Біздің планетамызда ағзалар негізгі төрт ортаны мекендеуді игеріп алды деуге болады. Бұл ортаның өзіне лайығы және бір-бірінен айырмашылықтары бар. Ол орталар: су, жер беті (Ауа), топырақ қабаты, төртінші басқа ағзалардың денелері (мысалы, көптеген паразитті ағзалардың мекендейтін жері) .

Ағзаға әсер ететін қоршаған сыртқы орта элементтерін - экологиялық факторлар деп атайды.

Кез-келген ағзаға қоршаған ортада көптеген экологиялық факторлар әсер етеді. Тигізетін әсеріне байланысты экологиялық фактор үш топқа бөлінеді: бірінші абиотикалық, екіншісі биотикалық, ал соңғы кезде антропогендік факторлар пайда болды.

Абиотикалық факторлар - бұл тірі ағзаға әсер ететін қоршаған орта жағдайларының комплексі (температура, қысым, жарық, радиациялық фон, ылғалдылық, климат, теңіз жөне тұщы судың, топырақтың құрамы және т. б. ) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ортаның факторларына организмдердің адаптациясы
Қазақстан экологиясын инновациялық технологиялар көмегімен оқытудың жолдарын ұсыну
Экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы туралы
Жас ерекшелік топтардағы тәрбиешінің дербес іс-әрекеті
Экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы. Ғаламдық биогеохимиялық циклдар. В.И.Вернадскийдің негізгі биогеохимиялық заңдары
Адам қоғамының қалыптасуындағы табиғаттың ролі
Жаратылыстану пәндер цикылындағы экологиялық білім беру
Агроландшафттық егіншілік жүйесі туралы жалпы түсінік
Бекмахановтың ісі
Биология білімін бақылаудың формалары, түрлері және әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz