Қазіргі жаратылыстану концепцияларын терең меңгеру


Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Қазіргі жаратылыстану концепциялары
- Жаратылыстану концепцияларының жалпы міндеттері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Мақсаты: Қазіргі жаратылыстану концепцияларын терең меңгеру
Кіріспе
«Қазіргі жаратылыстану концепциялары» пәні студенттерге әлемнің ғылыми-жаратылыстық бейнесін түсіндіріп, табиғатты танып білудегі ғылыми көзқарастарды қалыптастыруға және алған білімдерін өздерінің болашақ мамандықтарына пайдалана білуге көмектеседі. Қазіргі кезде ғылымның дамуында интеграция мен дифференциация негізгі бағыт болып саналады. Бұл процестер жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар бірлігінде айқын байқалынды. Сондықтан бұл пәнді оқып үйрену арқылы студенттер фундаментальді және қолданбалы ғылымдардың арасындағы терең байланыстылықты ұғынады.
Табиғаттағы негізгі заңдарды, құбылыстарды және процестерді зерттеу адамзат пен қоғамды танып-білуімен ұштасып келеді. Жаратылыстану, гуманитарлық, математика мен техникалық ғылымдарының жетістіктерін бір-бірімен байланыстырып қараған кезде дүниенің біртұтас ғылыми бейнесі қалыптасады. Болашақ маман жаратылыстану мен гуманитарлық мәдениеттердің жетістіктерімен қаруланып, білімді, әрі ғылыми сенімді адам болып қалыптасуы тиіс. Болашақ ұрпақ табиғаттың фундаменталь заңдарын, сан қырлы құбылыстар мен процестерін және Әлемнің құрлысын, даму заңдылықтарын зерделеп, дүние мен өмірдің мәнін дұрыс түсінулері қажет. Физика, химия, биология және де басқа ғылымдардың жетістіктерін түсініп, қазіргі кездегі ғылымдардағы бағыттар мен салалары туралы хабардар болуы керек. Мега -макро- және -микродүниелер күрделілігін түсініп, олардағы құпия құбылыстарды ашуға бағытталған зерделеуге қажет материалдық жаңа технологияның негізінде жасалынған құрал-жабдықтардың қаншалықты қаржыны, еңбекті, жігерді және білімді қажет еткендігін бағалай біледі.
Пәннің негізгі міндеттері - «Қазіргі жаралыстану концепциялары» пәні: әлемнің біртұтастығы; табиғаттың даму заңдарының барлық материя түрлеріне орындалатындығы; жаратылыстану ғылымның адамзаттың материалдық және рухани мәдениеттеріне әсері; ғылыми-жаратылыстану мен гуманитарлық мәдениеттердің бірлігі мен байланысы; дүниенің физикалық, химиялық, биологиялық концепцияларын және оның қазіргі кезеңдегі ғылыми бейнесі; биосфера, неосфера және адам; эволюциялардың концепциялары мен тіршіліктің пайда болуы және ерекшелігі; экологиялық апаттарды болдырмау жолдары, табиғатты сақтау; адам табиғи-биоәлеуметтік қайталанбайтын жәке тұлға; адам табиғаттың эволюциясының нәтижесінде пайда болған саналы, ақыл-ойлы жан; жердегі тіршілік тағдыры; ғылымның болашақтағы даму бағыты мәселелерін қарастырады.
1. Қазіргі жаратылыстану концепциялары
«Қазіргі жаралыстану концепциялары» пәні - ғылымның дүниені тану процесінің формасы екендігі және оның салалары, әдістері, таным ерекшеліктері қарастырылады. Жаратылыстану ғылымның даму кезеңдері мен екі мәдениеттің адамзаттың материалдық және рухани байлықтарын арттырудағы әсерлері, дүниенің қазіргі замандағы ғылыми-жаратылыстану бейнесін оқытады. Классикалық физика, кванттық механика және салыстырмалық теориялардың концепциялары талданып, материя түрлері мен кеңістік - уақыт туралы соңғы ғылыми ұғымдар талқыланды. Әлемнің құрылымы туралы космологиялық теориялар зерделеніп, молекула мен атомдық құрылымдар туралы физикалық және химиялық концепциялар қарастырылады. Адамның табиғат тудырған саналы жан екендігі айқындалады, оның дамуына ортаның, еңбектің әсері сипаттанынып, жердегі тірі мен өлі табиғатты сақтауда жауапкершілік туралы сөз болады. Ғылымдағы техникалық жаңалықтар жаңа технологиялар мен құрал-жабдықтар талданады. Пәннің соңғы тақырыптарында ғылымның болашағы даму бағыттары белгіленеді. Осы ретпен пәнді баяндау арқылы студенттерге Әлемнің біртұтастығы, табиғаттың фундаменталь заңдары, материя бірлігі және олардың даму заңдылықтарының ортақтығы туралы көзқарас қалыптастырылады.
«Қазіргі жаратылыстану концепциялары» пәнін білу үшін экология және мектеп бағдарламасындағы физика, химия, биология, география пәндерінен алған білімдері қажет.
«Қазіргі жаратылыстану концепцияларын» оқып меңгерген болашақ мамандар мынадай жағдайларды түсінулері қажет: адам қаншалықты саналы болғанмен ол табиғаттың бөлінбес бір бөлігі; табиғаттағы барлық объектілер бір-біріне байланысты ұйымдасқан, күрделі құрылымдар болып табылады; материя құрылымының макро- микро- және мега дүние деңгейлерінің өзгеше өз заңдылықтары болғанмен, бір-бірімен тығыз байланыста өмір сүреді; ядродағы протондар мен нейтрондар кварктардан құралады. Кварктар қазіргі кезеңдегі ең кіші зат бөлшегі; күшті, әлсіз, электромагниттік және гравитациялық әсерлесулер Әлемдегі барлық объектілердің құрылысы, қозғалысы және дамуы үшін қажет; Әлем өздігінше өмір сүріп, дамушы. Ондағы материялар, жүйелер біртіндеп күрделі құрылымдарды түзей отырып, өздігінше реттеле дамиды; химия ғылымдары қасиеттері алдын ала белгіленген заттарды синтездеп, бағалы өнімдердің технологияларын анықтайды, энергияның жаңа түрлерін іздестіріп, жаңа отын көздерін табу жолында зерттеулер жүргізеді; синергетика ғылымы жүйелердің өз беттерінше ұйымдасып күрделену мен реттелуін зерттейді; жүйе даму деңгейлерінде екі мүмкін бағыттардан тек көздейсоқ біреуін тандайды; кездейсоқтық эволюция механизмінің бар сипаттамасы болып саналады; тіршілік жер бетінде физикалық және химиялық жағдайларда ғана пайда болады; неосфера құрылымын үйлесімді түрде пайдалану адамзат өмірінің дамуында негізгі мәселе; ХХI ғасырда ғылым табиғат пен адам қоғамдастығының сәйкестігіне, процестерді саналы түрде зерттеуге бағытталады. Ғаламдық мәселелерді шешуге гуманизмдік принциптері пайдалануы тиіс.
СӨЖ бірнеше тақырыптарды, бөлімдерді немесе модульдерді қамтитын мәселелері, курстың белгілі тараулары бойынша жүргізіледі. Ең көп зерттеулік сипаттағы СӨЖ белгілі бір сұрақтар курсы бойынша құралады, бұл сұрақтар көп жағдайда әдістемелік сипатта болады.
СӨЖ барлық түрлері әртүрлі қатынастағы әдістемелік тәсілдермен жүргізіледі.
СӨЖ түрлері:
- Тақырыпта немесе тарауында кездесетін анықтамаларды айқындау, қысқаша (0, 5 беттен аспайтын) эссе жазу.
- Тақырып бойынша шолу- ұсынылған тақырып бойынша әдебиеттерден, интернеттен алынған материалдар негізінде қысқаша түсініктеме жазу (1-2 бет) .
- Глоссарий жазу- берілген тақырып бойынша ұғымдар мен терминдер анықтамасын түсіндіріп жазу.
- Презентация- таңдаған тақырыбы бойынша студенттің өз ойын - пікірін дүниетануын білдіруі және оны қорғауы. Презентация тақырыпты қалай айқындауы, ашуы, қызықтыруымен бағаланады (8-10 минут) .
- Іскерлік ойын-Болашақ мамандығына қажетті дағдыларды қалыптастыру мақсатында келешек мамандығында атқаратын жұмыстарын ойын ретінде белгілі рольде, топта ойнау (алдын-ала дайындалу керек) .
- Айқындап жағдайды үйренунақты жағдайларда қойылатын сұрақтарға өз ойынша жауап беру немесе жауаптарды өзінше жобалау.
- Топтық жоба, 4-5 студенттен құралған топтар, оқу материалы бойынша өз жобаларын жасап, оларды қорғайды. КТК (КВН) түрінде өткізуге болады.
- Жеке жобамаңызды және өте қызық ғылыми зерттеулер нәтижелері, жетістіктерді қамтитын баяндамалар білім деңгейі жоғары студенттер ұсынысы бойынша тақырыпқа сәйкес жасалады.
- Тақырып бойынша өзін-өзі тексерусұрақтарына ауызша жауап беру (10-15 минут) . Жауапттар тақырып қалай ашылғандығына (айқындағанына) және басқаларды қалай қызықтырғанына байланысты бағаланады.
- Жазба жұмыстары. модуль бойынша рейтинг бақылау сұрақтарына жазба түрде жауап жазу.
- Тесттертақырып соңында студенттердің білім деңгейін анықтау үшін 5 минутта өткізілетін тест сұрақтары.
- Рефераттар мен баяндамалар. Студент немесе студенттер таңдауы бойынша пән тараулары тақырыптарын оқып үйреніп, талдау жасап, өзінше қорытындысын шығару.
- Пікірстуденттер бір-бірлерінің рефераттарын талдау жасап, өз пікірлерін жазуы.
- Есеп шығаруәрбір студенттің есептеу сызба жұмыстары, типтік есептері, есептеу жобалау жұмыстары жазба түрде тапсырылады.
- Есептер құрастырулекциялық тақырыпқа есептер ойлап тауып, оларды шығарып жазба түрде тапсыру.
2. Жаратылыстану концепцияларының жалпы міндеттері
Студенттердің білім деңгейіне байланысты тапсырмаларды жеңілдету немесе күрделі ету жоспарлану қажет. Мәселен, барлық студенттерге кейсті талдау тапсырылса, дайындығы жоғары (1 немес 2) студентке кейс жазуды тапсыруға болады.
Барлық СӨЖ тапсырмалары уақтылы тапсырылуы қажет; уақытында тапсырылмаған тапсырмалар төмендетіп бағаланады (әрбір тапсырмадан кешіккен күніне 0, 5 балл алып тастау) .
СӨЖ ұйымдастыру үшін:
- СӨЖ тапсырмаларын семестр басында студентке беру;
- Ағымды және межелі бақылау түрлерін дайындау;
- СӨЖ консультациясының уақытын белгілеу.
Студенттерден талап ету қажет:
а) СӨЖ тапсырмасын уақытылы орындауды;
б) белгіленген уақытта тапсыруды;
в) СӨЖ-ге үлкен жауапкершілікпен қарауды талап ету қажет.
СӨЖ-ді іске асыруға арналған жоғарыда ұсыныстар мен интерактивті әдістерді қолдану арқылы студенттердің білім деңгейін көтеруге болады.
Интерактивті әдістер студенттің:
- тыңдау және өзара қарым-қатынасын;
- басқаға жанашырлық таныту, жанкүйерлік қабілетін дамытуды;
- көзқарасын дамытуды және түсінуді;
- белгісіз сұрақтарға жауап тауып, белгілі мәселелерді шешуді;
- аналитикалық ойлау және өз ойын талқылауды қалыптастырады.
8. Қойылатын талаптар және жалпы күтілетін нәтижелер (курсты өту барысында қойылатын талаптар мен күтілетіән нәтижелерге байланысты оқытушы арқылы толықтырылады ), мысалы:
- барлық тапсырмалар өз уақытында орындалу тиіс және оларға дайындық кезінде оқулықтардан және лекциялардан алынған принциптер мен концепциялар пайдалануы тиіс.
- сабаққа берілген материалды талқылау нақты сұрақ қою мақсатында алдын-ала дайындалып келуі қажет.
- бүкіл курс бойынша өзіміздің жақсы білім алуымызға жауапкершілікпен қарауыңыз қажет.
Студенттің өзіндік жұмысын ұйымдастырудың технологиясы студенттердің жеке бас ерекшеліктері мен олардың нақты оқу мүмкіндіктеріне тәуелді болады. СӨЖ - ді ұйымдастыру технологиясы субъектілерге диагностика жасау, әрекет мақсатын қою, уақытты жоспарлау, тапсырманы бөлу (үлестіру), орындаушыларға нұсқама беру, студенттер әрекетін ынталандыру, аралық бақылау және түзету, қорытындыларды шығарудан тұрады. (7) .
СӨЖ - ді ұйымдастыру үшін оқытушы оны ұйымдастырудың жүйелілік пен бірізділік, белсенділік, жекелей қарастыру, көрнекілік, үй тапсырмасының көлемі мен уақытын ғылыми негізделген түрде есептеу, түсініктілік сияқты қағидаларын білуі және басшылыққа алуы тиіс. (7, 8) .
7. Қазіргі заманғы қоғамға өз бетімен, шығармашылықпен құлшына жұмыс істейтін, еркін де кеңінен ойлайтын, өздігінен алдына мақсат қойып және оған жетудің әдіс - тәсілін шығармашылықпен анықтап және қолдана алатын кәсіби - маманның тұлғасы керек. Мұндай тұлғаның дамуына бағытталған білім берудің негізі болып тұлғаның өздігінен білім алу, өзін - өзі тәрбиелеу, өзін жетілдіру үрдісі жатады. Ол еліміздің жоғары оқу орындарында эксперимент түрінде ендірілген кредиттік оқыту жүйесі арқылы жүзеге асады. Оқу үрдісінің тиімділігі оқыту сапасы мен білім алушының өздігінен жасайтын танымдық әрекеті арқылы анықталады. Кредиттік оқыту жүйесінде жасайтын танымдық әрекеті арқылы анықталады. Кредиттік оқыту жүйесінде оқытушы мен студент білім беру әрекетінің субъектілері болады. Сондықтан да, оқытушыға оқытудың қазіргі заманғы интерактивті әдістерін меңгеру, оқыту пән бойынша кешенді түрде силлабус даярлау, сабақтардың формаларын дұрыс таңдау, студенттің өзіндік жұмысын тиімді ұйымдастыру, таңдау бойынша курстар жүргізу, өздік жұмысты белсендіру, оқу үрдісін оқытудың кредиттік технологиясына сай ұйымдастыру, өзінің және студенттердің әрекетін бағалаудың өлшемдіктері мен тәсілдерін игеру, оқу үрдісін әдістемелік жабдықтау сияқты жаңаша әрекеттер мен талаптар қойылады. Оқытушының құзіреттілігі СӨЖ - дің тиімді ұйымдастырылуына үлкен ықпал етеді. Осыған орай кредиттік оқыту жүйесінде студенттермен жұмыс жасаудағы оқытушы таныстырушы, бақылаушы - бағалаушы және сарапшы консультант функцияларын атқарады, оның рөлі мен ұстанымы - ұйымдастырушылық және қосымша болады.
Әрекет үрдісіндегі студенттің тұрақты қызығушылығы, өз әрекетінің мотивін ұғынуы, мойындауы және оқуға ынтасын, қызығушылығын өзім басқаруым қажет деген оның ішкі стимулдары ең күшті мотивация болып табылады. Қызығушылықты қалыптастыру әуелі оқу - танымдық қызығушылықтан басталып, біртіндеп теориялық қызығушылыққа ауысады, соңында кәсіби қызығушылықпен аяқталады. Өздік жұмыстың тиімді орындалуы тұрақты мотивацияға, яғни студенттің нәтижеге жетуге мүдделі болуына байланысты болады.
Студенттің өзіндік жұмысының мотивацияларының түрлері:
Сыртқы мотивация - болашақ кәсіби карьерасының жоғары оқу орнындағы оқуына тәуелділігі, бұл фактор енді ғана күш алып, өзін танытып келеді.
Ішкі мотивация - студенттің оқуға құлықтылығы, ЖОО - да оқуға қабілеттілігі, оқитын мамандықты өз қалауымен таңдауы, ата - ана, жолдастарының алдында сенімін жоғалтпау үшін жауапкершіліктің болуы.
Процессуалды (оқу) мотивация. Студенттің өзінің орындайтын жұмысының пайдалылығын түсінуі. Студентті өздік жұмысты орындаудың маңызды әрі оған қажет екендігі психологиялық жағынан әрі маманның ой - өрісін, эрудициясын кеңейту тұрғысынан баптау қажет.
Белгілі жағдайлар мен мотивацияның деңгейі үйлескен жағдайда білім сапасының артуымен сипатталатын студенттердің танымдық белсенділігі жоғары болады. Сондықтан танымдық қызығушылықтарын қалыптастыруға әсер ететін әдістемелік тәсілдер мен стимулдарды жасауда студенттің өздік жүйе ретінде қарастыру қажет.
8. Үлгінің маңызды компоненттерінің бірі - өздік жұмысқа мониторинг жасау. Ол студенттердің күнделікті өздік жұмыстарын бақылау нәтижесін есепке алу ғана емес, ол нәтижелерді талдау барысында жаңадан шешім шығару үшін тұлғаны дамытуға бағытталған оқу үрдісіне қатысушы барлық субъектілердің әрекеттерін, оларға әсер ететін ортаның объективті факторларының сипаты мен дәрежесі туралы толық, жедел және шынайы ақпарат алу арқылы оқу - әдістемелік жұмыстарды жаңаша ұйымдастыру, өзіндік жұмыстардың мазмұнын жаңалау болып табылады. Мониторинг барысында оқытушы да, студент те өз әрекеттеріне, білімдеріне және өз оқу әрекеттерінің ұйымдастырылуына өзіндік бақылау жасай алады.
Студенттер өздік жұмысты орындау барысында тек жалпы пән бойынша білім, білік пен дағдыны алып қана қоймайды, сонымен қатар мақсатты көздеу, жоспарлау, талдау, рефлексия, өз оқу - әрекетіне өзіндік бағалау жасауды ұйымдастырудың білімі мен білігін алады.
9. Студенттің оқу - танымдық құзіреттілігін қалыптастыру жұмысының нәтижелі болуы және өздік жұмыстың тиімді ұйымдастырылуы тек өздік жұмыстың жүйесіне ғана емес, сонымен қатар, мына педагогикалық шарттардың орындалуына да байланысты:
1) Студенттің аудиториядағы және өздік жұмысының көлемінің дұрыс үйлесімі, студенттің оқу жүктемесінің тиімді болуы, сабақ кестесінің дұрыс құрылыуы, оқытушының өздік жұмыстың күрделілігін анықтауда студенттің уақытын, орындау мүмкіндігін, оқу - әдістемелік әдебиетпен қамтылуын ескеруі СӨЖ нәтижесіне үлкен әсер етеді.
2) Әдістемелік тұрғыдан студенттің аудиториядағы және одан тыс өздік жұмысын дұрыс ұйымдастыру, өздік жұмысты орындауға оқу орнының материалдық - техникалық базасының, оның қызметтерінің лайықтылығы, СӨЖ ұйымдастыруға қатысушылардың өз қызметтерін дұрыс атқаруы.
3) СӨЖ үрдісін шығармашылық үрдіске айналдыру мақсатында студентті қажетті әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету. Оқу орнының кітапханасында қажетті оқу әдебиеттерінің қорының, электрондық оқу құралдары мен электронды оқыту бағдарламаларының және қазіргі таңдағы мықты ақпарат көздерінің бірі Интернеттің болуы. Оқу үрдісінің компьютерленуі студенттің өздігінен білім алуына және ақпарат көздерімен жұмыс істеуіне өзіндік бақылау жасауына, уақытын үнемдеуіне жағдай жасайды. Сондықтан, өзіндік жұмысты тиімділеуде мазмұнын динамикалық түрде өзгертуге және соңғы ғылыми жаңалықтармен жаңартуға болатын, әрі қолданысқа икемді, қаржы жағынан тиімді электрондық оқулықтардың маңызы зор.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz