Түбір және қосымша


Түбір мен қосымша
. Мысалы: жолдастық, сауыншылар, мектептердің, көрінген т. б. сөздердіңтүбірлері - жол, сау, мектеп, көр. та : жол - ізнемесесапар, сау - сүталу, мектеп - оқитынорын, көр - көзбенбайқау.
Осы түбірлергежалғанған -дас, -тық (жолдастықдегенсөзде) -ын, -шы (сауыншыдегенсөзде), -тер, -діқ () -ін, -ген (көрінгендегенсөзде) .
. Жоғарыдағы-дас, -тық, -ын т. б. дегендердеешбірмәнжоқ. Түбіргеқосылғанда, , мысалы, жол - із я сапарболса, жолдас - жолғабіргешығатынадам я серік; не қосымшамәнүстейді: мектеп - оқуоқитынорынболса, -тер . Сөйтіп, тек .
Қосымшаекітүрлі: жұрнақжәнежалғау. . , . : . , . -ынжәне -. , оған -дасқосылып, жолдас - серікмәніндегіадам, оған -тыққосылып, жолдастық - -қатынас, , , оған -ынқосылып, , оған -, . . Сөйтіп, жол, саудегенсөздер - негізгітүбірлер де, жолдас, жолдастық, сауын, сауыншыдегенсөздер - туындытүбірлер.
. . Мысалы: өнім, өндіріс, өніс, - өн.
Жұрнақ
Жұрнақ[1] - жалғанған сөзінен жаңа сөз тудыратын немесе сөзді түрлендіретін қосымша. Қазақ тіліндегі жұрнақ мағынасы мен қызметіне қарай екіге бөлінеді:
сөз тудыратын жұрнақтар өзі жалғанған сөзінен жаңа сөз тудырады. Мысалы, “жылқы-шы”, “біл-ім”, “жасы-қ”, “таға-ла”;
сөз түрлендіретін жұрнақтар өзі жалғанған сөзіне үстеме мағына қосып, сөздің тұлғасын өзгертеді. Мысалы, “көк-шіл”, “көк(г) -ірек”, “сары-лау”, “сары-рақ”, “жаз-ып”, “жаз-ғалы”. Жұрнақтар сөзге белгілі бір жүйеде рет-ретімен жалғанады.
Түбірге тете сөз тудыратын жұрнақтар, одан кейін сөз түрлендіретін жұрнақтар, бұлардан соң жалғаулар орналасады. Жұрнақтар түбірге де, туынды сөзге де жалғанады (“бас-шы”, “басшы-лық”, “ұйы-м”, “ұйым-дас-тыр-у-шы”) . Жұрнақ құрамы мен қолданылу ерекшеліктеріне қарай да бірнеше топқа жіктеледі. Мысалы, жалаң, құранды, көп мағыналы, дара мағыналы, омонимдес, синонимдес, көне, жаңа, т. б. жұрнақтар. Шығу тарихы жағынан кейбір жұрнақтар жеке сөздердің көмекші морфемаға айналуынан пайда болған. Мысалы, “баратын”, “келетін” деген сөздердің құрамындағы “-тын/-тін” жұрнақғы “тұрған” деген сөздің өзгеріске ұшырап, ықшамдалуынан (“бара тұрған - баратын, “келе тұрған - келетін”) жасалған. Жұрнақтардың бір тобы өзі жалғанған сөздердің мағынасын, түбірдің грамматикалық сипатын өзгертуі жағынан сөзжасам қосымшаларына жақын да, бір тобы жалғауларға жақын. Сондықтан олардың бір түрі модификациялық жұрнақтар, екінші түрі таза грамматикалық жұрнақтар деп қарастырылып жүр. Модификациялық жұрнақ жаңа мағыналы сөз тудырмағанмен, түбірге қосымша грамматикалық мағына үстеумен бірге түбір сөздің лексикалық мағынасына семантикалық реңк қосады. Қазақ тілінде модификациялық жұрнақтарға зат есімнің реңдік мәнді жұрнақтары, сын есімнің шырай жұрнақтары, реттік сан есім жұрнақтары, етістіктің етіс, күшейтпелі етістік, болымсыз етістік жұрнақтары жатады. Ал грамматикалық немесе категориялық жұрнақтар өзі жалғанған түбірге таза грамматикалық мағына үстеп, белгілі бір сөз табындағы түрленуінің көрсеткіші болады. Мысалы, есімше, көсемше, рай, шақ тұлғалары етістіктің түрлену көрсеткіштері болып табылады.
ЖАЛҒАУЛАР
Жалғаулар түбірге жаңа мағына үстемдейді. Олар өздері жалғанған сөзді сөйлемдегі басқа сөздермен жалғастырып, байланыстырады. Мысалы: Шұғалар өлеңдерін тоқтатып, арқаннан mycmi -лар -дер көптік мағынаны, -i меншіктілік мағынаны білдіретін жалғау, -н -нан объектіні білдіретін жалғаулар, олар сөз бен сөзді байланыстырып тұр. Жалғаулар түбір сөзге де, туынды сөзге де жалғана береді.
Казақ тілінде төрт түрлі жалғау бар. Олар: 1. Септік жалғау. 2. Көптік жалғау. 3. Тәуелдік жалғау. 4. Жіктік жалғау.
Сөйтіп, сөзге грамматикалық мағына үстейтін. сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз.
Көптік жалғаулары
«Флексия» - сөздің мағынасын өзгерте алмайтын, көмекші мағына беретін көмекші морфема болып саналады. Морфема дегеніміз гректің форма деген сөзінен алынған термин. Флексия - сөйлемдегі сөздердің өзара синтаксистік қатынасын білдіреді, екінші сөзбен айтқанда жалғаулар - сөз бен сөзді байланыстыратын постфикстер. Флексия сөздердің формасын өзгертіп, оған грамматикалық мағына үстейді. Лингвистикада жалғауды флексия» дейді. (Ә. Хасенов)
Сөзге грамматикалық мағына үстейтін сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз.
Қазақ тілінде септік, көптік, тәуелдік, жіктік жалғаулары (флексия) бар.
Көптік жалғау сөзге көптік мағына береді. Көптік категориясы тілімізде үш түрлі жолмен беріледі: 1. Лексикалық тәсіл көптік ұғымды жеке сөздің тікелей өз лексикалық мағынасы арқылы білдіреді ( су, сүт, мақта, шөп, қымыз, шұбат, ұн, жүн, құм, тұз т. б. ) . 2. Синтаксистік тәсіл көптік мағынаны сөз тіркестері арқылы білдіреді (бес кісі, елу шақты бала, қырық орындық, қыруар ақша) . 3. Морфологиялық тәсілде көптік ұғымдар жеке сөзге тиісті қосымшалардың қосылуы арқылы жасалады (- лар, - лер, - дар, -дер, - тар, -тер) , көптік жалғаулары сөзге жалғанып көптік мағына тудырады (үй + лер, көше + лер, мектеп + тер, студент + тер, қала + лар, қыз + дар) .
Септік жалғау
Септік жалғаулары (орыс. Падежные окончания) арқылы есімдер сөйлемдегі етістіктермен де, шылау сөздермен де, есімдер өзді-өздері де жалғасып әр алуан қарым-қатынасқа түседі.
Мысалы:
Еңбектен еңбек шығады, еңбек туады,
Еңбекті еңбек ақтап, еңбек жуады.
Еңбек етіп күшті туған ерлер
Еңбекке ерте тұра бекін буады.
Еңбекте еңбек еткен ерлерім бар,
Еңбекке сіңірген көп түрлерің бар,
Еңбегім өзгерген жоқ, өз орнында,
Еңбекпен ерік алатын жерлерім бар (И. Б. ) .
Бұл мысалда 13 мәртебе ұшырасатын еңбек сөзі түрлі-түрлі қосымшалар қосылып, әр алуан формада қолданылып тұр. Егер жетінші жолдың басындағы еңбегім дегеннен басқаларының қосымшаларын алып тастасақ, сөйлемдегі сөздердің байланысы бұзылып не қиыспай қалады, не сөйлемдердің мағыналары өзгеріп кетеді.
Бұл қосымшалар сөйлемдегі сөздерді бірі-бірімен жалғастырып, септестіріп тұр. Осындай қосымшаларды септік жалғаулары дейміз. Сөздердің жалғауларды қабылдап өзгерту жүйесін сөздердің септелуі деп немесе септеу деп атайды.
Атау - кім? не?
Ілік - кімнің? ненің? -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің.
Барыс - кімге? неге? қайда? -ға, -ге, -қа, -ке.
Табыс - кімді? нені? -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті.
Жатыс - кімде? неде? қайда? -да, -де, -та, -те.
Шығыс - кімнен? неден? қайдан? -нан, -нен, -тан, -тен, -дан, -ден.
Көмектес - кіммен? немен? -мен, -бен, -пен.
Тәуелдік жалғау
Тәуелдік жалғау, әдетте, бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіретін қосымша. Негізінде зат есімге тән қосымша бола тұрса да, зат есім қызметін атқаратын, демек, субстантивтенетін (заттанатын) сөздердің барлығына да жалғана береді. Мысалы: әкем, дәптерім деген сөздер зат болса, Түйенің үлкені өткелде таяқ жейді (мақал) деген сөйлемдегі үлкені сын есімі субстантивтеніп тұр. Ердің екі сөйлегені - өлгені; еменнің иілгені - сынғаны (мақал) дегендегі сөйлегені, өлгені, иілгені, сынғаны деген сөздер - зат есім орнына қолданылып тұрған есімше формалар.
Қосымшалар жалғанған сөздер, әдетте, өздерінен бұрын ілік септік жалғауда тұрып тіркесетін жіктеу есімдіктермен тікелей байланысты болады. Сол себептен тәуелдеулі сөздің жақ жалғаулары да жіктеу есімдіктерінің жақтарына сәйкес келіп отырады. Мысалы: менің қаламым; сенің қаламың; сіздің қаламыңыз, оның қаламы.
Сөз жекеше түрде де, көпше түрде де тәуелденеді. Егер сөз (зат) жекеше түрде тәуелденіп тұрса, бір зат бір адамға (я затқа) тән екендігі білінеді. Ал, сөз (зат) көпше түрде тәуелденіп тұрса, көп зат я бір тектес бірнеше зат бір адамға (я затқа) ғана меншікті екендігі білінеді. Тәуелдіктің бұл түрі оңаша тәуелдеу деп аталады.
Мысалы: Бірдің тәжірбиесі - көптің игілігі (мақал) ; Байлықтың атасы - еңбек, анасы - жер (мақал) деген сөйлемдердегі тәуелдік жалғауының қосымшалары жалғанған сөздерді тәуелдік жалғауларынсыз қолданса, сол сөйлемдердегі сөздердің қиюлары кетіп, олар өз ара үйлеспей, қисындаспай тұрады.
Оңаша тәуелдеудің үлгісі мынадай:
Жекеше Көпше
менің ата-м, қалам-ым ата-лар-ым, қалам-дар-ым
сенің ата-ң, қалам-ың ата-лар-ың, қалам-дар-ың
Жіктік жалғау
Жалғану жүйесі мен формалары
Қазақ тіліндегі сөздер төмендегідей төрт топқа бөлініп, төрт үлгі бойынша жіктеледі:
Бірінші топ
Бірінші топқа отыр, тұр, жүр, жатыр етістіктері, есімшелер, зат есімдер, сын есімдер, сан есімдер, есімдіктер, үстеулер жатады;
Үлгілер:
а) тұр, жүр .
ә)
Есімшелер
: барған, келген; баратын, келетін; барар, келер;
бармақ(шы), келмек(ші) .
б) Зат есімдер : оқушы, мұғалім т. б.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz