Ғылыми дүниетану



Кіріспе
1 Мәдениет ұғымы
2 Ғылыми танымның әдіс . тәсілдері.
Ғылым дегеніміз адамның шындық дүние жайлы қызметінің арнайы бір жүйеге келтірілген идеялық системасы.
Ғылыми дүниетану қызметінің басты мақсаты шындық жайлы ақиқат білімге қол жеткізу. Ғылым жалпы алғанда дүниетану процесі болып табылады екен. Бірақ ол жай күнделікті таным процесі емес, арнайы ұйымдастырылған теориялық таным процесі болып табылады. Ол – теориялық білімдер жүйесі. Теориялық білімдер жүйесінің бастамасын салған Ертедегі Греция елі деп саналады.
Ертедегі грек ойшылдары жасаған логика танып білуге тиісті шындық дүниенің өзіне тікелей қатысты емес, ол дүние жайлы ойлауға қатысты болды, яғни ғылыми талдаудың обьектісі тікелей дүние заттары мен құбылыс болмай, олардың ойша бейнелері – абстракция, ұғым, пікір, сан, сапа, заң т.б. болды.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Ғылым дегеніміз адамның шындық дүние жайлы қызметінің арнайы бір
жүйеге келтірілген идеялық системасы.
Ғылыми дүниетану қызметінің басты мақсаты шындық жайлы ақиқат білімге
қол жеткізу. Ғылым жалпы алғанда дүниетану процесі болып табылады екен.
Бірақ ол жай күнделікті таным процесі емес, арнайы ұйымдастырылған
теориялық таным процесі болып табылады. Ол – теориялық білімдер жүйесі.
Теориялық білімдер жүйесінің бастамасын салған Ертедегі Греция елі деп
саналады.
Ертедегі грек ойшылдары жасаған логика танып білуге тиісті шындық
дүниенің өзіне тікелей қатысты емес, ол дүние жайлы ойлауға қатысты болды,
яғни ғылыми талдаудың обьектісі тікелей дүние заттары мен құбылыс болмай,
олардың ойша бейнелері – абстракция, ұғым, пікір, сан, сапа, заң т.б.
болды.

Мәдениет ұғымы

Орыс тіліндегі әдебиетінде мәдениет ұғымын білдіру үшын латын
тіліндегі Cultura деген терминді өзгертпей алып жүргені белгілі, өйткені
ол халықаралық терминге айналып кеткен.
Cultura cөзі әуелде жер өңдеу деген мәнді білдіреді, яғни табиғат
күштерінің өз әсерінен іс – әрекетінің нәтижесі болып табылатын
өзгерістерінің ерекшелігін білдіреді.Осы терминнің әуел бастапқы мазмұнының
өзінде тіл мәдениетінің аса маңызды ерекшелігі – адам еңбегі мен
мәдениетінің бірлігін атап көрсеткен. Кейіннен мәдениет сөзінің мазмұны
барған сайын кеңейе түсіп, соңында ол адамның ақыл – ой мен дене еңбегі
нәтижесінде жасалған нәрсенің бәрін білдіретін болды. Осы мағынасын алғанда
мәдениет адам жасаған 2-ші табиғат, адам жасаған дүние деуге болады.
Демек адам бар жерде, адамның жасампаз еңбегі, адамдар арасындағы қарым –
қатынас бар жерде мәдениет те бар. Тек табиғи жаратылыспен салыстырғанда,
адамның мәдениет табиғатында материалдық мәдениет пен бірге рухани мәдениет
те бар екенін, ол екеуін қарсы қоюға болмайтынын білу керек.
Мәдениет дегеніміз – адамның өмірін, бүкіл іс – әрекетін ұйымдастыру
мен дамытудың ерекше тәсілі – ол материалдық және рухани еңбек өнімдерін,
әлеуметтік нормалар мен мекемелер жүйесінен, рухани құндылықтардан, адамның
табиғатқа өзара қатынасынан көрінеді.
Мәдениет адамның алуан түрлі материалдық және рухани іс – әрекетінің
бәрін қамтиды.
Мәдениет – адамды қалыптастырушы, адамның өзі жасаған және қоғам
өмірінің бір түрі болып табылатын құбылыс. Мәдениет адамның іс – әрекетінің
заттық нәтижесі түрінде де, ол іс – әрекетті жүзеге асыру әдісі, тәсілі
түрынде де, адамның күш – қуаты, қабілеті түрінде же және түрліше моральдық
құқықтық, діни, эстетикалық т.б. нормалар түрінде де көрінеді.
Қазіргі заман мәдениетінің негізін құратын жетекші формасы ғылым,
білім деп есептейді.
Мәдениетінің материалдық және рухани болып бөлінуіне байланысты ғылым
да жаратылыстану – ғылымы және гуманитарлық болып бөлінеді.
ХІХ ғ бұл 2 мәдениеттің арасындағы қатысты ХХ ғасырда практикалық
проблемаға айналып, жаратылыстану ғылыми мәдениет пен гуманитарлық мәдениет
арасындағы қайшылық пайда болды. Бұл әрине мәдениеттің ойдағыдай дамуына
кедергісі тиетін нәрсе. Түрліше құндылықтарға бас ию, мәдени құндылықтарды
жікке бөлу – керітартпа әрекет. Ол мәдениеттің дамуына өте зиян.
Мәдениеттің өзара түсінісуі үшін олардың неден туындап отырғанын
талдау қажет. Мысалы не себепті жаратылыстану – ғылыми мәдениет пен
гуманитарлық мәдениеттің арасындағы қарсылық дәл ХХ ғ. 2-ші жылы
шиеленісті. Өйткені бұл кезде жаратылыстану ғалымдарында зор жаңалықтар
ашылып, олар практикада техникалық қалдықты тапты: атом реакторларының,
теледидардың, компьютердің жасалуы, адамның космосқа ұшуы, генетикалық
кодтың сырының ашылуы және басқа мәдени жетістіктер адам өмірі мен тіршілік
стилін өзгертті. Гуманитарлық мәдениет бұған теңдес ештеңе ұсына алмады.
Бұлардың арасындағы ең бірінші айырмашылық олардың зерттеу
обьектілерінің өзге иелігінде. Жаратылыстану ғылымдары табиғатты зерттесе,
ал гуманитарлық ғылымдар адамдық және қоғамдық қатысты қарастырады.
Ғылыми танымның әдіс – тәсілдері.
Ғылым – күрделі творчестволық іс. Ал ғылыми жол – салыстыру,
абстракциялау, жалпылау, талдау, синтездеу сияқты күрделі диалектикалық
таным жолы. Ғылыми танымның аталған деңгейлерінің зерттеу обьектілері
бойынша өзара айырмашылықтары бар. Танымның тәжірибелік деңгейінде
зерттеушінің обьектісі тікелей табиғат және қоғам құбылысы мен заттары
болса, ол теория тек идеяландырылған обьектілермен жұмыс істейді. Ал
зерттеуге келгенде бұлардың бір-бірінен үлкен бар.
Эмпириктік деңгейде қолданылатын негізгі әдістер: бақылау, баяндау,
сипаттау, өлшеу, эксперимент т.б. Ал теория болса, аксиомалық әдісті,
системалық, құрылымдық функциялық талдау, математикалық моделін жасау
әдістерін т.б. пайдалануға тырысады.
Ғылымның басқа қоғамдық сана формаларынан басты бір айырмашылығы сол,
онда жаңа білімді қорытып шығарудың әдіс – тәсілдері, яғни ғылыми әдіс
шешуші роль атқарады.
Ғылыми білімнің даму тарихы бұл пікірді толық растайды. ХVІІ ғ. яғни
классикалық жаратылыстанудың туу дәуірінде, ағылшын ғалымы Ф.Бэкон мен
француз ғалымы Р.Декарт ғылымды дамытудың бір-біріне қарама -қарсы екі
методологиялық программасын: эмпириктік және рационалистік әдістерін
тұжырымдады.
Біздің заманымыздағы ғылыми білімнің стандартты құрылыс моделі,
шамамен, мынадай тізбек түрінде іске асады. Тәжірибелік фактіні анықтау –
алғашқы эмпирикалық қорытынды, бұл қорытындыға сәйкес келмейтін фактілерді
іздеу, табу – жаңаша түсіндіру схемасы бар теориялық гипотеза ұсыну –
байқалған барлық фактілердің негізінде құрылыс гипотезадан логикалық
қорытынды шығару. Ал бұл соңғы ақиқат теориялық заңға айналады. Ғылыми
білімнің мұндай моделі гипотетикалық – дедукциялық деп аталады.
Қазіргі заманғы ғылыми танымның көпшілігі дәл осы тәсілмен құрылады.

Кіріспе

Ғылым дегеніміз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы оқу пәні
Бастауыш сыныпта дүниетанудың мазмұны
Дүниетануды оқытудың ерекшеліктері
Бақылау сыныбындағы оқушылардан неге сұрақ қоймайсыңдар
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың басты ерекшелігі
Пәнді оқытуда жоспарланған нәтижелер
Бастауыш мектепте Дүниетану сабағын жаңартылған білім бағдарламасына сүйеніп оқыту арқылы оқушыларға адамгершілік тәрбие беру
Оқытудағы құндылықтарға бағытталған ұстаным
Екінші сыныпта дүниетануды оқытудың ерекшеліктері
Бастауыш сыныптарда дүниетануды оқытудың маңызы және оның басқа пәндермен байланысы
Пәндер