Компьютерлік жүйелер туралы мағлұмат



1 Компьютерлік жүйелер
2 Компьютерлік жүйелерді пайлалану
3 Аппараттық жабдықтар
4 Дербес ЭЕМ
5 ІВМ дербес компьютерінің негізгі блоктары
Жұмые өнімділігі. Басқа құралдар мен машиналарды қолданғандағы сияқты, компьютерді пайдаланудың ең алғашқы себебі – жұмыс өнімділігін арттыру болып саналады.
Егер компьютерді есеп-қисап жасау, мәліметтерді өңдеу немесе құжаттарды кағазға басып алу істеріне пайдалансаңыз, сіз бір сағатта көптеген істерді тындырасыз. Мысалы, машинкада мәтін басатын шебер адам бір минутта 60-тан 80 сөзге дейін немесе 6-8 жолға дейін мәтін басатын болса, орташа мүмкіндікті компьютер минутына 1200 жол баса алады. Демек, бір компьютер 150-200 адамды алмастыра алады деген сөз.
Мәліметтерді өңдеу жылдамдығы. Компьютерді пайдаланудағы екінші себеп - мәліметтерді үлкен жьлдамдықпен өңдеу болып саналады. Дайындығы мол маман адам минутына 250 сөз оқып шыға алатын болса, компьютер 1000000 сөз оқи алады екен. Мысалы, Чикаго қаласының телефон анықтамалығы 788 000 адамдар атауынан, ал адрестер мен телефон нөмірлерін қоссақ, 32 000 000 жол информациядан тұрады екен. Минутына 250 сөз оқитын адам осы анықтамалықты оқып шығу үшін 250 сағат уақыт жібереді. Ал, орта мүмкіндікті компьютер оны 30 секундқа жетпейтін уақытта оқып шыға алады. Сол себепті телефон станцияларында, анықтамалық іздеу қызметтерінде ЭЕМ кеңінен қолданылады.

Компьютерлік жүйелер

ІВМ фирмасының анықтамасы бойынша компьютерлік (еcептеу) жүйелер төрт
негізгі құрамнан тұрады:
шығарылатын есепті, орындалатын жұмысты мәселе ретінде қойып, соның
нәтижесін алатын адам;
аппараттық жасақтама (Нагdwаге);
мәліметтер файлы;
компьютерді программалық жасақтамасы (Softwаге).
Компьютерлік жүйелер ұғымын немесе мәліметтерді өңдеу күйелерін осы
төрт комбинацияны - машиналарды, мәліметтерді, программаларды және
адамды - біріктіре қарастыру кезінде қолданады.

Компьютерлік жүйелерді пайлалану

Жұмые өнімділігі. Басқа құралдар мен машиналарды қолданғандағы сияқты,
компьютерді пайдаланудың ең алғашқы себебі – жұмыс өнімділігін арттыру
болып саналады.
Егер компьютерді есеп-қисап жасау, мәліметтерді өңдеу немесе құжаттарды
кағазға басып алу істеріне пайдалансаңыз, сіз бір сағатта көптеген істерді
тындырасыз. Мысалы, машинкада мәтін басатын шебер адам бір минутта 60-тан
80 сөзге дейін немесе 6-8 жолға дейін мәтін басатын болса, орташа
мүмкіндікті компьютер минутына 1200 жол баса алады. Демек, бір компьютер
150-200 адамды алмастыра алады деген сөз.
Мәліметтерді өңдеу жылдамдығы. Компьютерді пайдаланудағы екінші себеп -
мәліметтерді үлкен жьлдамдықпен өңдеу болып саналады. Дайындығы мол маман
адам минутына 250 сөз оқып шыға алатын болса, компьютер 1000000 сөз оқи
алады екен. Мысалы, Чикаго қаласының телефон анықтамалығы 788 000 адамдар
атауынан, ал адрестер мен телефон нөмірлерін қоссақ, 32 000 000 жол
информациядан тұрады екен. Минутына 250 сөз оқитын адам осы анықтамалықты
оқып шығу үшін 250 сағат уақыт жібереді. Ал, орта мүмкіндікті компьютер оны
30 секундқа жетпейтін уақытта оқып шыға алады. Сол себепті телефон
станцияларында, анықтамалық іздеу қызметтерінде ЭЕМ кеңінен қолданылады.
Дәлдік пен ұқыптылық. Компьютерлік жүйелерді пайдаланудағы үшінші себеп
- олардың дәлдігі мен ұқыптылығында жатыр. Егер біз компьютерге нақты
мәліметтер беріп, оларды өңдеудің дұрыс жолдарын көрсетсек, ол әрқашанда
қатесіз дұрыс нәтижелер береді. Кейде компьютер қате нәтиже берді деп
айтылады. Мұндайда компьютердің қателеспейтінін, қатенің себебі
мәліметтердің оған дұрыс берілмегендігінен, немесе осы мақсатқа арналған
мәліметтерді өңдеу алгоритмінің қате болғанынан екенін ашып айту қажет.

Аппараттық жабдықтар

Біз үлкен ЭЕМ-ді немесе дербес компьютерді алсақ та, олар бір-біріне
ұқсас принципте жұмыс істейтін мынадай құрамнан тұрады:
1. орталық процессор;
2. енгізу құрылғысы;
3. есте сақтау құрылғысы;
4. шығару құрылғысы.
Орталық процессор барлық, есептеу және информация өңдеу істерін
орындайды. Бір интегралдық схемадан тұратын процессор микропроцессор деп
аталады. Күрделі машиналарда процессор бір-бірімен өзара байланысты бірнеше
интегралдық схемалар жиынынан тұрады.
Енгізу құрылғысы информацияны компьютерге енгізу қызметін атқарады.
Есте сақтау құрылғысы программаларды, мәліметтерді және жұмыс
нәтижелерін компьютер жадына сақтауға арналған.
Шығару құрылғысы компьютердің жұмыс нәтижесін адамдарға жеткізу үшін
қолданылады.
Дербес ЭЕМ

Дербес ЭЕМ-нің элементтік базасы

Дербес ЭЕМ-нің (ДЭЕМ) элементтік базасы болатын электрондық
компоненттері информация өңдеудің белгілі бір кызметін немесе оны сактау
ісін аткарады. Мұндай компоненттер интегралдық схемалар деп аталады.
Интегралдық схема металдан не пластмассадан жасалған қорапқа салынған
жартылай өткізгішті кристалдардан тұрады. Жіңішке жіп секілді арнайы сымдар
осы кристалды қораптың шеткі тақшаларымен жалғастырады.
Жартылай өткізғішті кристалл көбінесе өте таза кремнийден жасалады, оны
жасауда вакуумдық бүрку, тырналау, қоспаларды иондық түрде енгізу, дәлме-
дәл фотолитография тәрізді және де басқа жоғары сапалы технологиялар
қолданылады.
Осындай күрделі технология нәтижесінде кристалда электр схемасына
біріктірілген электрондық молекулалар жасалады. Олар бір кристал
көлемінде (5х5 мм) жүз мыңнан аса бір-бірімен байланысқан электрондық
молекулаларды құрастырып, өте күрделі информацияны түрлендіру жұмыстарын
орындай алады. Мүмкін болашақта осындай схемалар элементтері рөлін тікелей
ұғымдағы заттардың молекулалары атқаратын шығар.
Интегралдық схемаларды жасау, тексеру, олардың сапаларын бақылау -
барлығы да автоматтандырылған, оның үстіне оларды сериялық түрде шығару да
меңгерілген. Интегралдық схемаларды шығаруды баспаханалардағы кітапты
көбейтіп шығарумен салыстыруға болады. Олар өздерінің атқаратын
функцияларына қарай ЭЕМ-нің әртүрлі тетіктерінің - шифраторлардың,
сумматорлардың, күшейткіштердің түрлеріне байланысты бөлек-бөлек топтарға
жіктеліп, серияларға бөлініп шығарылады.
Бұл схемалардың интегралдық (біріктірілген) деп аталу себебі олардың
бір кристалы күрделі логикалык функциялардың белгілі біреуін орындай алады,
сосын олардан транзисторлар мен диодтардан құрастырылатын сияқты машина
кондырғылары оңай жасалады.
ДЭЕМ бірыңғай аппараттық жүйеге біріктірілген техникалық электрондық
құрылғылар жиынынан тұрады. ДЭЕМ құрамына кіретін барлық құрылғыларды
олардың функционалдық белгілеріне қарай екіге бөлу қалыптасқан, олар:
жүйелік блок және сыртқы құрылғылар.
Жүйелік блок мыналардан тұрады:
микропроцессор;
оперативті есте сақтаушы құрылғы немесе жедел жады;
тұрақты есте сактаушы құрылғы;
қоректену блогы мен мәлімет енгізу-шығару порттары.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер түсінігі және олардың жіктелуі
Басқарудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі
Компьютерлік жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігі
Телекоммуникация саласында ақпараттық технологияларды пайдалану жағдайы
Ақпараттық жүйелер
АҚПАРАТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
АДАМ МЕН МАШИНАНЫҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСТІГІ
Интеллектуалды жүйе
Математикалық модельдеудің кезеңдері
Информатика
Пәндер