Мектепалды даярлық топтағы оқу іс-әрекеті процесіндегі естің маңыздылығы мен алатын орнын анықтау және дамыту


Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі күнде педагогикалық әрі психологиялық зерттеулер өте көп. Бір байқалатыны: оқытуды педагогика - дидактика (оқыту) - әдістеме, ал психология жантану мәселесі тұрғысынан зерттейді, ғалымдар ғылыми пікірлерін жекелеген зерттеулер көлемінде ұсынады. Ол үшін алдыңғы қатарлы тәжірибеге сүйеніп, жаңа технологиялар тоғысындағы соны мазмұнды, ғылыми практикалық ізденістерді жүргізу аса маңызды шара.
Бүгінгі жаңа қоғамда болып жатқан терең әлеуметтік-экономикалық өзгерістер білім дамуына жаңа ықпалдарды талап етеді, қалыптасқан әдіснама мен педагогика ғылымының парадигмаларын өзгертуді қажет деп санайды. Білім беруді дамыту концепциясы тек қана білімнің теориялық ұстанымдарының жаңартылуына бағытталған, ал реформаның негізгі талаптарына жауап бере алмауда. Сол себепті Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдар аралығында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес білім берудің әрбір кезеңдеріне білім жүйелерінің жетілген жаңа үлгілерін енгізу міндеттелді. Қазақстан Республикасы жоғары мектеп педагогикасы саласында болашақ мамандарды кәсіби даярлаудың түрлі аспектілері бойынша зерттеу жұмыстары (А. П. Сейтешов, М. М. Құлдыбаев, А. А. Бейсенбаева, А. Е. Әбілқасымова, А. А. Құдайқұлов, О. С. Сәлімбаев, Л. Х. Мажитова, В. Н. Косов, Г. А. Уманов, Т. К. Кенжебаев, Э. М. Мамбетакунов, Н. Д. Хмель және т. б. ) (1-4) ұлттық кадрларды қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздерін анықтап берсе; Олай болса, қазір қоғам алдындағы негізгі міндеттердің бірі-заман сұранысына сай оқу-ағарту, тәрбие мәселелерін сараптап, оқушылардың кәсіптік бағдарын қалыптастыруда университет пен мектеп арасында сабақтастықты орнату, бүгінгі таңның кезек күттірмейтін келелі мәселелерінің бірі болып отыр. Балалардың танымдық үрдісін тиімді етіп ұйымдастыру арқылы ес процесін қалыптастыруды психологиялық тұрғыдан А. Н. Леонтьев, А. Р. Лурьея, С. Л. Рубинштейн, Л. В. Занков, Л. В. Эльконин, А. В. Петровский т. б. ғалымдар қарастырса, педагогикалық тұрғыдан П. И. Пидкасистый, Т. И. Шамова, Т. Н. Щукина, т. б. болса, отандық ғалымдардан Ж. И. Намазбаева, Т. С. Сабыров, Н. Д. Хмель т. б. зерттеді. (5-9)
Әдістемелік тұрғыда бұл мәселені Н. А. Ахметова, А. Е. Әбілқасымова, Т. Әбілова, А. А. Бейсенбаева, М. Х. Балтабаев, Ж. Т. Дәулетбекова, Р. К. Дүйсенбінова, М. Ж. Жадрина, Қ. Қайым, Қ. Қ. Қабдықайыров, И. Д. Синельникова, О. С. Салимбаев, А. Т. Томаев, Б. Т. Набиева, Н. А. Рыков т. б. ғалымдар зерттеп, жеке пәндерді оқытуға байланысты және сабақтан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктерін анықтауға үлес қосты. (10-17)
Адам өмірінде естің маңызы зор, өйткені онсыз ешбір іс-әрекет болмаған болар еді. Қоғамдағы адамдардыңатқарып жүрген жұмыстары мен іс-әрекеттері естің көмегімен жүзеге асырылады. Ес адамның әралуан іс-әрекеттерімен байланысты болып, тіршілікте аса маңызды атқаратын болғандықтан, оның түрлері мен көріністері де әрқилы. Бір нәрсені есте сақтау - оны байланыстыру деген сөз.
Ес болмаса, адам оқи, еңбек те ете алмай, тіпті қарапайым дағдылардың өзін игеруге шамасы келмейді. Осы орайда, ес проблемасын зерттеумен айналысқан психолог-ғалымдарды атап өтсек: неміс психологы Г. Эббингауз ойлаумен байланысты болмаған таза ес заңдылықтарын ашты, мағынасыз әріп буындарын жаттай отырып, материалды есте қалдырудың негізгі шектерін белгіледі. Ал, психиатр Э. Крепелина аталған тәсілдіпсихикалық ауытқуы бар сырқаттардың есте қалдыру әрекетін тексеру үшінқолданды. Адам есінің бекуі және қайта жаңғыруымен байланыстынегізгі заңдар Г. Э. Мюллер еңбектерінде жария етілді. (17-19)
Алғашқы ес зерттеулері көбіне саналы іс-әрекетпен байланыстырылды, ал 19ғ. Аяғы мен 20ғ. Басында ғылыми іздену шеңбері кеңейе түсті, енді талдау аймағына есте сақтаудың жалпы табиғи, адамға да, жануарға да бірдей механизмдері алынды.
Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен айқындалады десек, әлемдік білім кеңістігіне толығыменкірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап етеді. Мұндай саясат жеткіншек ұрпақтың білімді сапалы да саналы етіп игеруін қолдайды.
Мектепке дейінгі мекемелердің оқытуы мақсатты ұйымдастырылған түрде жүргізіледі. Ол арнайы құралдар көмегімен, нақтылы күнтізбеде жүйелі үрдіс ретінде жүзеге асырылады. Бала оқу іс-әрекеті барысында бұрынғы білетін мәліметтерін жаңа жадығаттарымен байланыстыра отырып есте сақтай білсе және тәрбиеші тарапынан тұрақты түрде салыстыру мен жүйеге келтіру шаралары үйретілгенде игерген білім сапасының жоғарылауын нақты көрген болар едік.
Балалық шақта естің барлық процестері оқу барысында үздіксіз қамтылып отырады. Есте сақтаудың нәтижесінің болмауы, өмірдің қалыпты барысын бұзады және қабылданған материалдың есте сақталмауы баланың ары қарай білімін жалғастыруға кедергі жасайды. Сол себепті естің дамуы мектептегі оқу процесінде маңызды роль атқарады. Алған білімін баланыңкөрсете алмауы мен пайдасына жұмсай алмауы ес процесінің жеткілікті дамымағанына байланысты.
Міне, осындай обьективті себептерден біздің зерттеу тақырыбымыз туындайды: «Мектепалды даярлық топ топ балаларының білім меңгеруінде ес процесінің қалыптасуы».
Зерттеу мақсаты: Мектепалды даярлық топтағы оқу іс-әрекеті процесіндегі естің маңыздылығы мен алатын орнын анықтау және дамыту.
Зерттеу нысаны: Мектепалды даярлық топ балаларының білім меңгеру процесі.
Зерттеу пәні: Мектепалды даярлық топ топ балаларының білім меңгеру процесіндегі есте сақтау ерекшелігі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: білім меңгеру барысында ес процесінің маңызы ерекше екендігі белгілі. Біз өз зерттеулерімізде естіңнегізгі процестерінің бірі - есте сақтаудың балалардың білім меңгеруде алатынорнын анықтауда міндет еттік. Егер балалардың есте сақтауын түрліпсихологиялық амалдар арқылы дамытып отырсақ, онда балалардың білім меңгерудің тиімділігі жоғары болады деп жорамалдаймыз.
Зерттеу міндеттері:
- Ес туралы теорияларға сүйене отырып зерттеу жұмысының маңызын ашу.
- Балалардың білім меңгерту процесіндегі естің маңызын айқындау.
- Эксперимент нәтижелерін өңдеп қорытындылау және білім меңгеруде мектепалды даярлық топ топ балаларының есінің дамуын арттыру жөнінде ұсыныстар жасау.
Зерттеудің теориялық жаңалығы және практикалық мәні.
Жұмыс барысында осы мәселе бойынша теориялық және практикалық материалдарға талдау жасалып, жалпыланады, баланың толыққанды дамуына жағдай жасауға болатыны көрсетіледі. Зерттеу жұмысы мектепалды даярлық тобының балаларының ата-аналары, бала - бақша қызметкерлері және жалпы балалармен жұмыс жасайтында үшін қолдануға ыңғайлы.
Зерттеу әдістері.
Зерттеу мақсаттары және міндеттеріне сәйкес келесі теориялық және эксперименталды әдістер кешені қолданылады: мектепалды даярлық тобының балаларының жеке бас қасиеттерінің қалыптасуы ұғымының психологиялық мазмұнын анықтау мәселесі бойынша отандық және шетел әдебиеттірін теориялық талдау; практикалық психология әдістері - «Мектеп жасына дейінгі балалардың қобалжу деңгейін анықтау тесті» (Р. Тэммл, М. Дорки, В. Амен), «Ағаш» тесті, даярлық дамуды анықтау сауалнамасы; эксперимент.
Зерттеу базасы. Астана қаласы, №52 «Еркетай» балабақшасының даярлық тобының балалары.
Зерттеудің әдіснамалық негізі:
Балалардың даму ерекшеліктері туралы зерттеулер ( Л. С. Выготский, Д. И. Фельдштейн, Мишель КЛЕ, Кравцов Г. Г., Маркова А. К. ), тұлғаның өмір сүруіндегі ес процесінің маңызы жайлы ғылыми теориялар (С. Л. Рубинштейн, И. П. Павлов, М. Мюллер, И. Хоффман, Истомина З. М. ) (19-21)
Зерттеу жұмыстарының кезеңдері:
- Психологиялық әдебиеттерге талдау жасалып, зерттеу жұмысының өзектілігі, мақсат міндеттері, болжамы айқындалды.
- Тәжірибелік зерттеу шаралары негізінде анықтау, қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіледі.
- Эксперименттік жұмыстардың нәтижелерін өңдеу және жалпылау жасалды.
Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі: жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады. Соңында тәрбиешілерге арналған ұсыныстар беріледі.
1 Ес процесін қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық негіздері.
1. 1 Мектепалды даярлық тобындағы балаларды мектепке психологиялық жағынан даярлаудың маңызы.
Баланы мектепке психологиялық тұрғыда даярлау мәселесін ең алғаш көтерген белгілі дидакт К. Д. Ушинский болды: "Мектептік оқуға дайын бала -оқығысы келу тілегі мен іскерлігімен, ұзақ уақыт бойы зейінін шоғырландыра алу қабілетімен, дағдыланбаған жағдайда баяу меңгерілетін нәрселерді жылдам игеретіндігімен сипатталады" [7] . Ұлы ағартушының бұл көзқарасы, мектепке барар баланың психологиялық даярлық сапасын дөп басып көрсете алуымен ерекшеленеді. Мәселен, осы күнгі мектепке даярлық мазмұнын құрайтын мотивтік даярлықты "оқығысы келу тілегі"; танымдық даярлықты "'зейінін шоғырландыру", "материалды игеру" ұғымдары арқылы белгіленген.
К. Д. Ушинский мен Л. С. Выготский зерттеулері негізінде, А. Н. Леонтьевтің басшылығымен баланың мектептегі оқуға даярлығының психологиялық мазмұны мәселесіне арналған зерттеулер тобы 1948ж. жүргізіле бастайды. Мектепке даярлық мәселесін, мектеп талабынан бөліп қарастыра отырып, А. Н. Леонтьев, мектептегі оқудың баланың есіне, қабылдауына және тілінің дамуына, яғни психикасының даму деңгейіне талап қоятындығын атап көрсетеді. Осы тұжырым негізінде бала психикасын тануға арналған зерттеулер жарық көре бастайды: Истомина З. М. - ырықты ес процесінің дамуы, Запорожец А. В. - ерікті қозғалыс процесінің дамуы, Мануйленко З. Б. - ырықты мінез-кұлық дамуы. Осы зерттеулер негізінде жатқан теориялық ой, яғни - психикалық әрекеттің ырықты процесстері үнемі әрекет ретінде қалыптасатындығы - баланың психикалық дамуын зерттеуде түбірлі мәнге айналды [20] .
Мектептегі оқуға даярлық мәселесінің психологиялық мазмұны 1960-жылдардың басында қалыптаса бастады. Ол - мектепке дейінгі кезеңде тәрбие ықпалының негізінде қалыптасатын психиканың сапалық ерекшеліктері болып белгіленді. Сол кездегі зерттеулер барысында алынған жаңа құрылымдар былайша жіктелді:
1. Бұрын жеке-дара көрінетін психикалық әрекеттердің жүйеге топтастырылуы (Л. С. Выготский) .
2. Психикалық процестердің ырықтылығы, яғни саналы түрде мақсатқа бағытталуы мен меңгерілуі (А. Н. Леонтьев) .
3. Мотивтік-қажеттілік саласының жаңа сапалық құрылымы мен мазмұны (Л. И. Божович) .
4. "Өзіндік сананың" пайда болуы; оның құрылымында ерекше мәнге ие болатын - өзіндік баға (Д. Б. Элъконин) .
1960-жылдардың басына дейінгі кезеңде мектептік оқуға даярлық мәселесі педагогикалық талап тұрғысынан ажыратылып, психология ғылымының зерттеу нысаны ретінде қарастырылу сипатына ие болды. Осы мерзімде жүргізілген зерттеулер нәтижесінде "мектепке психологиялық даярлық" ұғымы қалыптасты. Мектепке психологиялық даярлық мазмұны болып, әлі толық ашылмаған жаңа құрылымдар белгіленді.
1970-жылдары бастауыш оқу мерзімінің өзгеруімен және оқу материалының толықтыру мен жүйелену деңгейінің көтерілуімен, мектепке психологиялық даярлық мәселесінің зерттелу жағдайы күрт жоғарылады. Бастауыш білім жүйесінің өзгерісі кіші мектеп оқушыларының оқу әрекетін қарқындандыруға әкеп соқты. Ол, өз кезегінде, бала бақша мен мектеп арасындағы сабақтастықтың нығаюына түрткі болса, екінші есепте балалардың мектепке психологиялық даярлығы мәселесіне жаңаша қарауға итермеледі.
Жоғарыда шолу жасаған зерттеулердің мерзімі мен мазмұнынан мектепке психологиялық даярлық тақырыбының балалар психологиясы мен педагогикалық психология ғылымдарында қалай туындағанын байқауға болады. Ал осы тақырып төңірегіндегі көзқарастар мен пікірлердің қайшылықтары мәселенің 1980-90 жылдардың өзінде әлі шешуін таппағандығын, жүйеленбегендігін дәлелдейді. Мәселенің шешімі - мектепке даярлаудағы психологиялық тұрғыны іздестірумен өлшенеді. 1984ж. КСРО-ның білім беру саласы реформаланды. Мұндагы басты өзгеріс - балаларды мектеп қабырғасына бұрынғыдай 7 жастан бастап емес, 6 жастан қабылдау бағдарламасы еді. Осы жаңалыққа орай, балалар психологиясының жас ерекшеліктері мәселесімен айналысып жүрген ғалымдардың қалыптасқан қағидаларды қайта қарауына тура келді. Белгілі психолог Л. С. Выготский теориясындағы "7 жас дағдарысы" да «қайта құру» қармағына ілініп кетті. Атақты балалар психологы А. Л. Венгер Л. С. Выготскийдің "7 жас дағдарысы" ұғымын ғасырдың бас жағында енгізілгенін мәлімдей отырып, уақыт талабының өзгеруі салдарынан, дәл осы дағдарыс мәселесіне де басқаша қарау керектігін абайлап отырып, түсіндірді [21-22] .
1990-2000ж. аралығында жарияланған еңбектерден мектепке психологиялық даярлық мәселесінің бір жүйеге келгендігін көруге болады. Бұл кезеңге тән ерекшелік - мектепке психологиялық даярлықтың практикалық сипат ала бастауында еді. Мәселен, Эльконин Д. Б. (1995), Немов Р. С. (1995), Бурменская Г. В. (1990), Слуцкий В. М. (1991), Урунтаева ГА. (1995), Чейни Д. (1992) зерттеулері балаларды мектепке психологиялық жағынан қалай даярлау қажеттілігі туралы жаңа теориялық тұжырымдармен толықса, Дубровина И. В. (1991) ; Овчарова Р. В. (1993), Рогов Е. И. (1995), Шевандрин Н. И. (1995), зерттеулері мектепке психологиялық даярлықты жүзеге асыру жолдары туралы тәжірибелік маңызы аса құнды практикалық материалдар ұсынды. Ал Венгер Л. А., Поливанова К. Н., Сушкова Е. Ю. (1989), Худик В. А. (1992), Гуткина Н. И. (1993), Гильбух Ю. З. (1993) зерттеулері мектепке психологиялық даярлық диагностикасын өлшеу әдістемелерінің жиынтығын құрады. Осылайша балалар психологиясы пәні мен психодиагностика пәндерінің тоғысында мектепке психологиялық даярлық диагностикасы деп аталатын жаңа пән өмірге келді [23-28] .
Мектепке психологиялық даярлық диагностикасы пәнінің шетелдегі даму жағдайына тоқталар алдында мына дерекке назар аударайық: балаларды мектепке даярлау процесі іс жүзінде Ресейде 1970-жылдардан басталса, батыс еуропа елдерінде 1950-жылдардың өзінде-ақ жалпы сипатқа ие болған.
Батыс Еуропада баланың мектептегі оқуға психологиялық даярлығының диагностикасы тәжірибелік әрекет ретінде қалыптасты. Мәселен, 1920-жылдардың басында Германияда мектепке барар баланы сынақтан өткізетін екі орталық жұмыс істеді: Лейпциг қаласындағы Винклер зертханасы мен Мюнхендегі Гуд және Пеннингтер орталықтары. Бұл тексерулердің міндеті - мұғалімнің, баланың ақыл-ой қабілеті туралы мүмкіндігінше әрі тез, әрі батыл түрде мәлімет алуына көмектесу болатын. Әр оқушыны жеке тұлға ретінде дамытып, қалыптастыру және дидактиканың белгілі бір міндеттерін шешуге күш салу мақсатында балаға құрылатын жеке оқу бағдарламалары үшін бұндай деректер күші бүгінгі таңда да өзекті болып табылады [29] .
1922-ж. Гамбургтегі психологиялық зертхана күшімен өткізілген "Альтон сұрыптауы" деп аталатып тәжірибеге 240 оқушы қатысқан. Ондағы мақсат - оқушыларды қабілеттеріне қарай, 3 сыныпқа бөлу еді. Бұл зерттеудің ерекшелігі: сынақ - мұғалімдердің алғашқы айда оқушылар туралы алған әсерлері бойынша жіктелген топтарды тексеруте бағытталғандығы болатын. Сынақ құралы сөздік емес тестер болды және олар жеке-дара өткізілді. Сынақ қорытындысы мұғалім пікірі мен тест нәтижелерінің сәйкестігін көрсетті. Білім берудегі ізгілік ұстанымына қайшы келгенімен, қабілет деңгейіне қарай топтастырып оқыту, бәлкім, тиімді де шығар. Дәл осындай тәжірибелер қазіргі білім беру жүйесінде де кездесіп қалады.
Америка Құрама Штаттарында мектепке барар балаларды психодиагностикалық тексеру жұмысын 1937ж. Термен бастады. Зерттеу Стенфорд бағаны бойынша, жаппай сынақ жолымен жүрді. Эксперимент нәтижесі негізінде баланың хронологиялық жасы мен дарындылық жасы салыстырылып, жоғары нәтижеге қол жеткізген балалар мектепке бірден қабылданатын болған.
Американдық ғалым Д. Б. Эванс мектепке даярлықты жас мөлшеріне қатысты қарастырды. Яғни, белгілі бір жас мөлшеріне келген бала, сол жас көрсеткіштерінің өзімен-ақ, мектепке психологиялық жағынан да, басқа жақтардан да (педагогикалық, физиологиялық тұрғыда) даяр болатындығын айтты. Бұл көзқарасқа Д. П. Озубел оппоненттік жасады: мектепке даярлық баланың жасына емес, мінез-құлқына қатысты, себебі белгілі бір жас шамасындағы балалар жетілу қарқыны жағынан әр түрлі әрі өмірлік тәжірибелері де әр қилы болып келеді. Мектепке психологиялық даярлық диагностикасын тек қана бір фактор - жас шамасына қатысты қарастыру жеткіліксіз. Бұл ретте Д. П. Озубелдің пікірі ғылыми дәлелденген тұжырымдар - дамудағы даралық ерекшелік факторы және дамуға орта ықпалы теориясымен сәйкес.
Озубел Д. П. мен Эванс Д. Е. зерттеулері, жалпы алғанда, мектепке психологиялық даярлық диагностикасы мәселелерін шешеді, бірақ олар ұсынған ұғымдар нақтылауды, психологиялық терминологияны қолдануды қажет етеді. Авторлар өз тұжырымдарын дәлелдегенде бір жақты, үстірт пікір ұстанады.
1954ж. чех ғалымдары А. Керн мен Я. Йирасек мектепке психологиялық даярлық диагностикасы туралы ғылыми ізденістер жүргізіп, зерттеу қорытындысы ретінде әйгілі Керн-Йирасек тестін ұсынады. Олардың пікірінше,
мектепке түскен бала оқушыға тән кейбір белгілерді игеруі қажет:
1. ақыл-ой кемелі;
2. көңіл-күй кемелі;
3. әлеуметтік қатынастар кемелі.
А. Керн мен Я. Йирасек ақыл-ой кемеліне баланың заттардың жеке бөліктерін қабылдай алуын, ерікті зейінін, салыстыра ойлай алу қабілетін; көңіл-күй кемеліне баланың көңіл күйінің тұрақтылығын, оқыс реакцияның түгелдей жойылуын жатқызады. Ал әлеуметтік кемелді құрдастарымен қарым-қатынас қажеттілігімен; топта қабылданған ережелерге бағына алу қабілетімен; сондай-ақ жаңа қоғамдық ортада оқушының әлеуметтік қатынастарға икемделе алуымен байланыстырады. Керн-Йирасек зерттеулерінде кейбір психологиялық категориялар педагогикалық терминдермен беріледі. Мәселен, мектепке психологиялық даярлық диагностикасы мазмұнындағы ақыл-ой кемелін авторлардың өздері қабылдау, зейін, ойлау деп белгілейді. Қазіргі психология бұл сапаны ақыл-ой кемелі деп емес, танымдық процестер даярлығы деп атайды.
1965ж. Америка зерттеушілері Ф. Л. Илг пен Л. Б. Эймс мектепке психологиялық даярлық диагностикасынан төмен көрсеткіш берген балаларды мектептен қайтадан шығарып алып, көптеген жаттығулар жүргізіп, даярлықтың белгілі бір деңгейіне жеткізіп барып, мектепке қайта беру керек деген пікір айтқан. Олардың бұл ұсынысы мектепке даярлық деңгейі қалыпты даму жағдайына сәйкес емес балалармен өткізілетін жұмыс түріне ұқсас. Д. П. Озубел мынадай пікір айтады: бала мектептегі оқуға даяр болмаған жағдайда мектептегі оқу бағдарламасын өзгертіп, сол арқылы бірте-бірте балалардың даму деңгейін теңестіру қажет. Көрсетпей кетуге болмайтын қайшылық - екі зерттеушінің де, балалардың мектепке даярлығының көлемін мектепке қабылданған соң тексеретіндіктерінде. Егер бұл үрдіс мектепке қабылдар алдында жүргізілсе, сыналушыларға қатысты ізгілік принципіне де, дамудағы диалектика заңдылығына да, психологтың кәсіби-этикалық ұстанымына нұқсан келмес еді.
Ф. Л. Илг пен Л. Б. Эймс 5 пен 10 жас аралығындағы балалардың мектепке даярлық деңгейін диагностикалауға байланысты арнайы тапсырмалар жүйесін жасады. Бұл тестердің тәжірибелік маңызы қазір де жоғары [30] .
Мектепке психологиялық даярлық диагностикасы Ресей елінде (КСРО) өткен ғасырдың бас кезінде бала қабілетін өлшеудің ең қарапайым жолдарымен басталды. 1924ж. кеңестік психологтар Е. Н. Эвергетова мен А. Б. Серебрянников "Бала ақыл-ойының даму деңгейін барынша қарапайым өлшеу" деп аталатын, проф. А. П. Нечаев әдістемесін қолданып, зерттеу жүргізді. Тексеру қорытындысы А. П. Нечаев әдісінің балалармен жылдам танысуға ықпал ететінін және кейінгі бақылауларға тірек бола алатынын көрсетті.
1925-жылдан бастап, Ленинградта (Санкт-Петербург) педологиялық кабинеттер торабы жұмыс істей бастады. Профессор А. С. Грибоедов атындағы Ленинград "Балаларды Тексеру Институтының" әдістемелік басшылығымен, мектептерде жаппай 2 бағыттағы тексерулер жүргізіле бастады: мектептік жетістікті тексеру және ақыл-ой дамуының психометриялык сынақтары. Олар 1-сынып оқушыларын мектепке түскен алғашқы ай барысында зерттеп, 3 бағытта қарастырды:
1) от басы жағдайын;
2) дене дамуын;
3) ақыл-ой деңгейін.
Берілген мәселе төңірегінде атқарылған орасан зор еңбек, зерттеу барысында алынған мәліметтерді өңдеп, нақты қорытынды жасаумен ғана шектелді. Мектепке даярлықтың психологиялық өлшемдерін жасау туралы мәселе көтерілмеді. Әйтсе де, аталмыш институттың мектепке даярлықтың психологиялық жақтарын іздестіру барысында қарастырған бағыттары, күні бүгінге дейін мектепке психологиялық даярлық мазмұнын құраумен келеді. Мәселен: от басы жағдайы - әлеуметтік ортасы;
дене дамуы - биологиялық кемелденуі;
ақыл-ой деңгейі - танымдық даярлығы; - деп қарастырылуда.
Институт ұжымының осы зерттеулері ССРО-дағы тәжірибелік психология саласындағы, мектепке психологиялық даярлық туралы алғашқы ресми деректер екендігімен де құнды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz