Зейнетақы қорларының есебінің теориялық-әдістемелерін негіздеу


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 Зейнетақы қорлары есебінің экономикалық мәні және оның теориялық негіздері . . . 6
1. 1 Зейнетақы қорлары есебінің экономикалық мәні, принциптері және заңнамалық негіздері . . . 6
1. 2 Экономикалық дамыған елдердің зейнетақы жүйесінің тәжірибесі
және оның отандық зейнетақы жүйесінде қолданылуы . . . 13
1. 3 Зейнетақы қорлары есебінің қаражаттарын басқару және инвестициялау тәжірибелері . . . 29
2 Қазақстан Республикасындағы зейнетақы қорлары есебінің қазіргі жағдайы мен қаржылық қызметтерін талдау . . . 38
2. 1 Қазақстандағы зейнетақы жүйесінің қазіргі жағдайын талдау . . . 38
2. 2 Зейнетақы қорларының қызметтерін талдау . . . 44
2. 3 ҚЕХС негізінде зейнетақы қорларының қызмет тиімділігінің көрсеткіштерінің ерекшеліктері . . . 52
3 Қазақстан Республикасы зейнетақы қорлары қызметінің тиімділігін арттыру жолдары мен перспективалары . . . 63
3. 1 Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы қорларының есеп қызметін жетілдіру бағыттары . . . 63
3. 2 Зейнетақы қорлары есебі мен аудитінің тиімділігін арттыру жолдары . . . 68
3. 3 Жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін жаңа қаржылық өнімдер мен
есеп құралдардының енгізу перспективалары . . . 74
қорытынды . . . 81
пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 84
Кіріспе
1997 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасы Президентінің «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты халыққа жолдауында Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясының (бұдан-әрі «Қазақстан-2030» стратегиясы) белгіленді. Бұл стратегия егеменді республиканы әлемнің ең қауіпсіз, тұрақты, экономикалық орнықты, экономикасы қарқынды дамып келе жатқан елдерінің біріне айналдыруға ұзақ мерзімді даму жолын айқындап берді[1] .
Қазақстан Республикасының нарықты экономикаға өтудегі стратегиялық бағдарламаларының біріндегі негізгі экономикаға өтудегі стратегиялық бағдарламаларының біріндегі негізгі макроэкономикалық мәселе еңбеккерлерді әлеуметтік тұрғыдан қамсыздандыру. Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажетті объективті факторларын қарастырғанда әлеуметтік сфераға ерекше көңіл аударылады. Әлеуметтік сфера салаларының мәселелері нарықтық қатынастар жағдайында өздігінен шешілуі мүмкін емес. Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес арнайы мемлекеттік шаралардың орындалуын қажет етеді. Сонымен қатар қазіргі кездегі «Индустриалды-инновациялық» стратегия бағыттарына сай зейнетақы жүйесіндегі қолданылатын бухгалтерлік есептің деңгейін жоғарлату. Ондағы қолданылатын технологияларға жаңадан инновациялар енгізу болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің 2011 жылғы 28 қаңтар Қазақстан халқына «Біз зейнеткерлерімізді қолдау көлемін ұдайы арттырып келеміз. Халықтың зейнетақылық жинақтаулары тұрақты түрде көбеюде, оның көлемі 2, 1 триллион теңгеден асып түсті . . . Мемлекеттің әлеуметтік саясаты жұмыс орындарын ашуға және еңбекке қабілетті халықты ел экономикасына тартуға бағдарланған жағдайда ғана тиімді бола алады. Бұл қағиданы біз бұрын да ұстанып келдік, болашақта да одан ауытқымаймыз. "Нұр Отан" партиясының 5 жылға арналған сайлауалды тұғырнамасына сәйкес халықтың әлеуметтік қорғалмаған жіктерінің тұрмыс деңгейін алдағы уақытта да арттыра беру үшін бізде барлық негіз бар. Жаңа үш жылдық бюджет: тұтас алғанда 2008 жылға қарағанда зейнетақылардың орташа мөлшерін 2012 жылға қарай 2, 5 есе, оның ішінде 2009 жылы - 25%, 2010 жылы - 25% және 2011 жылы 30% арттыруды қамтамасыз етілді. Бұл ретте 2011 жылы арқаулық зейнетақылық төлемдер мөлшері ең төменгі күнкөріс мөлшеріне қарай 50%-ға дейін өсірілуге тиіс; мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың және арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшерін 2009 жылдан бастап жыл сайын орта есеппен 9% арттыруды; сәби бір жасқа толғанға дейін күтіп-бағуға берілетін ай сайынғы жәрдемақыны 2011-2020 жылдары кезең-кезеңмен өсіруді, орта есеппен алғанда 2008 жылғы жәрдемақының мөлшерінен 2, 5 есеге арттыруды; 2010 жылдан бастап 4 және одан да көп бала туғанға берілетін біржолғы жәрдемақылардың мөлшерін 2008 жылға қарағанда 4 еседен асыра өсірілді; бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен өсіру арқылы 2012 жылы 2 есе деңгейге, оның ішінде 2009 жылы - 25%, 2010 жылы - 25%, 2011 жылы 30% арттыру қамтамасыз етілді» деп еліміздің дамуы болашағында алға қойған шаралардың ауқымдылығын айта кетті[2] .
Қазақстан халықты әлеуметтік қамсыздандыру реформасын жүзеге асырған ТМД елдерінің арасында бірінші ел болып табылады. Халықты әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің өзгерісі ҚР Үкіметінің 1997 жылғы 12 мамыр N819 үкімімен бекітілген, Қазақстан Республикасындағы зейнетақылық қамсыздандыру жүйесін реформалау концепциясымен байланысты болды. Шетелдің халықты зейнетақымен қамтудың кең ауқымды тәжірибесін қарастырып және қорытындылап, еліміздің мемлекеттік органдары бұл сұраққа өз бағытын ұсынды. Бұл оң әсерлі экономикалық жағдай, яғни мемлекеттің халықтың әл-ауқатын өсіруге талпынуы өмірдегі әлеуметтік қамтудың жаңа жолдарын шұғыл енгізуді қажет етті.
1998 жылдың 1 қаңтарында тәуелсіз Қазақстан өмірінде тарихи қоғамдық маңызды жағдай болды. Ол - еліміздің зейнетақы жүйесі айналымының реформалау жолына түсуі. Яғни, зейнетақымен қамсыздандырудың «біріккен» жүйемен қатар, Кеңес Одағында болмаған жинақтаушы жүйесі енгізілді. Бұл жүйе кезінде жұмыскерлердің зейнетақы мөлшері соңғы жұмыс жылындағы жалақысына, еңбек стажына, жасына байланысты еді және сонымен қатар зейнетақымен қамсыздандыруда мемлекеттік монополия болды. Бұл жүйе экономикаға нұқсан келтіріп, зейнеткерлердің барлығын бірдей зейнетақымен қамсыздандыра алмады. Себебі, зейнетақы салым көлемі мен алым көлемінің арасындағы тікелей байланыстың жоқтығы, сондай-ақ әр мекеме жұмыскерлерінің зейнетақы салымдарын уақытылы және толықтай аударған-аудармағанына қарамастан зейнетақыны уақытылы алып отырды. Осы жүйенің сақталып тұруы, оның дағдарысқа ұшырауын тездетіп, зейнетақы төлеудегі ұзақ үзілістерге әкелер еді. Осыған байланысты осы қабылданған заңның шығуына сәйкес жаңа жинақтаушы зейнетақы жүйесі енгізілді. Бұл жүйенің ерекшелігі әр азамат табысының 10%-ын міндетті зейнетақы төлемі ретінде жинақтаушы зейнетақы қорына аударып отыруымен қатар, болашақ зейнетақысын өзі қамтамасыз етіп отыруында.
Қазақстан Республикасы 2009-2010 жылдарға арналған әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдету бағдарламасын іске асырып жатыр.
Қазіргі таңда зейнетақы реформасы біздің Республикамызда өз дәрежесінде жүзеге асты деуге болады. Бұған дәлел ретінде жоғары сандық және сапалық көрсеткіштерді айтуға болады: келісілген міндетті зейнетақылық салым көрсеткіші, халық кірісінің өсімі, салымшылар санының өсуі және жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі. Бірақ іс жүзінде белгілі бір кемшіліктер де кездесті, олар: зейнетақылық заңдылықта, зейнетақы жүйесіне қатысушыларды топтастыруда, қаржылық құралдарды таңдауда, зейнетақылық жинақтарды инвестициялау кірісі бойынша және сақтандыру кепілдемелерін ұсынуда болды. Мұның бәрі дұрыс шешімді қажет етеді. Сонымен қатар халыққа реформаның жүргізілуі мен ондағы өзгерістер туралы мерзімінде хабарлап тұру керек.
Елімізде 15 жинақтаушы зейнетақы қоры, оның 1 мемлекеттік, 1 корпоративтік және 13 мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры қызмет етеді. Қорлардың көп болуы олардың арасындағы бәсекені күшейтіп, қорлардың еркінсуіне мүмкіндік бермейді және салымшыларды тарту мен ұстап тұру үшін қызмет сапасын жақсарту жолдарын орнатуда көп іздендіреді. Зейнетақы қорының дамуы оларға салымшылардан келіп түсетін зейнетақы активтері мен салымшыларының нарықтағы үлесіне байланысты. Жоғарыдағы айтылған мәселелер тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Дипломдық жұмыстың мақсатына зейнетақы қорларының есебінің теориялық-әдістемелерін негіздеу, зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің қазіргі жағдайын талдау мен зейнетақы қорларының қызмет тиімділігін арттыру ерекшелігі жатады.
Қойылған мақсаттарға сәйкес келесі міндеттер туындайды:
- нарық жағдайында жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылу есебі мен қызметтерінің теориялық негізін қарастыру;
- дамыған елдердің зейнетақы жүйесінің тәжірибесін анықтау;
- республикадағы зейнетақы қорлары есебінің қызмет тиімділігін арттырудың маңыздылығын анықтау;
- шетел тәжірибелерін талдай отырып, Қазақстандық зейнетақымен қамсыздандыру моделінің құрылу ерекшеліктері;
- жинақтаушы зейнетақы қорлары есебінің экономикалық коэфициенттер көмегімен қаржылық талдау әдістерін талдау.
Бірінші бөлімде зейнетақы қорлары есебінің экономикалық мәні, мақсаты, принциптері, заңнамалық негіздері және ҚР зейнетақы жүйесін реформалау қажеттілігі, оның қалыптасуы және дамуы, экономикалық дамыған елдердің зейнетақы жүйесінің тәжірибесі және оның отандық зейнетақы жүйесінде қолданылуы, сонымен қатар зейнетақы қорлары есебінің қаражаттарын басқару және инвестициялау тәжірибелері көрсетілген.
Екінші бөлімде Қазақстандағы зейнетақы есеп жүйесінің қазіргі жағдайына талдау, сондай-ақ, зейнетақы қорларының қаржылық есеп қызметтеріне талдау жүргізілген. Сонымен қатар ҚЕХС негізінде зейнетақы қорларының қызмет тиімділігінің көрсеткіштерінің ерекшеліктері сипатталған.
Үшінші бөлімде Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жетілдіру бағыттары, зейнетақы қорлары есебінің тиімділігін арттыру жолдары және жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін жаңа қаржылық өнімдер мен есеп құралдарды енгізу перспективалары айқындалған.
1 Зейнетақы қорлары есебінің экономикалық мәні және оның теориялық негіздері
1. 1 Зейнетақы қорлары есебінің экономикалық мәні, принциптері және заңнамалық негіздері
Халықты әлеуметтік қорғау - мемлекеттің халықаралық және ұлттық нормалар негізінде адамның әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі аса маңызды міндетерінің бірі, яғни тұрмыс деңгейіне қатысты құқықтарды қамтамасыз ету. Демократиялық қоғамның заңнамасында азаматтардың жұмыспен қамтылу және еңбек үшін сыйақы алуы, жасының ұлғаюына байланысты демалысқа шығуы, денсаулығын сақтау, асыраушысынан айрылғанда әлеуметтік қамсыздандырылу құқықтары берілген.
Жалпы әлеуметтік қамсыздандыру - әлеуметтік қорғау жүйесінің халықтың еңбекке жарамсыз бөлігінің қажеттіліктерін қанағаттындыруға және тұрмыс деңгейін қолдауға бағытталған тармағы.
Әлеуметтік қамсыздандырудағы мемлекеттің ең маңызды іс-шараларының негізгі бағыты - зейнетақы жүйесін ұйымдастыруы және оның тиімді механизмдерін жүзеге асыру болып табылады. Әлеуметтік қамсыздандыру бірнеше бөлімдерге бөлінеді, олар: әлеуметтік сақтандыру, меншікті әлеуметтік қорғау және әлеуметтік көмек (әлеуметтік қолдау, жәрдем) . Әлеуметтік қамсыздандырудың ақшалай төлемдер (зейнетақы, жәрдемақы, материалдық көмек), заттай түсімдер, тегін жеңілдікті қызметтер көрсету, тағы басқа да секілді мөлшерлері болады[3] .
Зейнетақы - орталықтан, жинақтаушы зейнетақы қорларынан, Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары, әскери қызметшілері мен Мемлекеттік тергеу комитетінің қызметкерлері үшін тиісті қызметтерді ұстауға көзделген қаражат есебінен төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығы.
Зейнетақы - экономикалық белсенді емес халықтың бір бөлігіне: азаматтардың қартайғанда қарттық ғұмырын қамсыздандыруға, еңбек ету қабілетінен толық немесе жартылай айырылу жағдайында, асыраушысынан айырылу жағдайында және еңбек қызметінің белгілі бір саласында белгіленген жұмыс өтілі жеткілікті болған жағдайда материалдық жағынан қамсыздандыру үшін төленетін кепілдікті тұрақты (әдетте, ай сайынғы) ақшалай төлем.
Зейнетақымен қамсыздандыруға жұмсалатын ресурстардың мөлшері екі тобымен ажыратылады, олар:
● демографиялық факторлар тобы (адам ғұмырының орташа ұзақтығы және сонымен байланысты адамдардың қартаю процесі) ;
● экономикалық факторлар тобы (зейнетақымен қамсыздандыру мен жалақының арақатынасы, олардың ең төменгі деңгейі, еңбектің ерекше жағдайы үшін қосымша төлем, т. б. ) .
Зейнетақы мынадай түрлерге бөлінеді:
- Еңбек зейнетақысы - жасына, мүгедектігіне байланысты, асыраушысынан айырылу жағдайында, және еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы.
- Әлеуметтік зейнетақы - еңбек зейнетақысын алуға құқығы жоқ еңбек етуге қабіблетсіз азаматтардың бәріне төленетін төлемдері.
- Қосымша зейнетақы - халықтың аз қамтылған бөлігін қолдау мақсатында, әлеуметтік саясат ұстанымдарын көздейтін мақсатта, т. б. мақсаттарда негізгі зейнетақылық төлемдерге (мемлекеттің, кәсіпорынның) үстеме ретінде төленетін төлемдері (әдетте зейнетақының бұл түрі алғашқы екеуіне қосымша үстеме ретінде төленетін төлемдер, бұл түрдің өзіндік ерекшеліктері болғандықтан жеке қарастырылады) .
Зейнетақы - жасы ұлғайған халықтың үлкен бөлігінің табысының негізгі көздерінің бірі болып табылады. Халықтың ақшалай табыстарының дәрежесі халықтың өмір сүру деңгейінің маңызды әлеуметтік индикаторы саналады.
Қазақстан халқының ақшалай табыстарының дифференциясы мен формаланған құрылымы бейнеленген (сурет-1) .
Ақшалай кірістердің негізгі көзі ретінде еңбек табысы көбірек орын алады, ол жалпы табыстар көлемінің 66%-ын құрайды; жәрдемақының салыстырмалы салмағы 4, 5%-ды құраса, мекендік әлеуметтік және тұрғындық көмектер -1, 2%, стипендиялар - 0, 1%-ды құраған.
Осы тұрғысынан алғанда, көрсетілген мәлімет халықтың ақшалай табыстарының жалпы құрылымындағы 16, 7%-ын зейнетақы құрайтынын айғақтайды.
Сурет 1 - Қазақстан халқының ақшалай табыстарының
дифференциясы мен формаланған құрылымы
Деректер негізі: Деректер негізі: Становление и развитие накопительной пенсионной системы //РЦБК, №11 2010г. 42-49бб.
Қазақстан Республикасы 1998 жылдың 1-қаңтарынан бастап ТМД елдерінің ішіндегі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшкен алғашқы мемлекеттердің бірі болды. Осы жүйеге көшкеннен бері әрбір жеке тұлға еңбек ақысының 10% жинақтаушы зейнетақы қорына салым ретінде аударып келеді.
Жинақтаушы зейнетақы қоры - ақшалай жинақтарды салым түрінде тартатын, салымшылардың ұзақ мерзімді келісім-шарт негізінде төлеген жарнасын жинақтаушы қаржы институты[4] .
1997 жылдың 20 маусымында жарық көрген "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заңына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорлары мемлекеттік және мемлекеттік емес болып бөлінді.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары «Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі» мен «Жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін реттеу комитеті» арқылы лицензияланып, зейнетақы салымдарын жинақтауға, зейнетақы міндеттемелерін есептеуге, өз қызметтері бойынша комиссиондық сыйақылар алуға, зейнетақы төлеуге, сонымен қатар заңдылықтарға сәйкес басқа да қызметтерін жүзеге асыруға құқылы болып табылады.
Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасында 15 лицензияланған жинақтаушы зейнетақы қорлары жұмыс істейді. Осы 15 қордың біреуі мемлекеттік, ал 14 қор мемлекеттік емес, сондай-ақ, 2005 жылдың 15-ші қаңтарынан бастап, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заңының 33-ші бабында көрсетілгендей жинақтаушы зейнетақы қорлары ашық және корпоративті болып бөлінді.
Зейнетақы (латын тілінің pension - төлем) бекітілген заңдылық ретімен әлеуметтік қорғаудың және басқа да қайнар көздерінің белгілі категория тұлғаларына берілетін үздіксіз ақшалай төлем.
Зейнетақымен қамсыздандырудың негізіне түрлі заңды фактілер болып табылады.
Біздің елде халықты әлеуметтік қорғау негізінен мемлекетпен жүзеге асырылатын болғандықтан, әр жұмыскер өзінің қарттық шағын қамтамасыз етуді жоспарламайтын.
Қабылданған заңға сәйкес жыл сайынғы зейнетақының алты айға өсуі қаралады; Қазақстанда ерлердің зейнеткерлік жасы 63 жасты, әйелдердің -58 жасқа сәйкес құрайды.
Қазақстанда бекітілген зейнеткерлік жас Еуропа және Америка елдерінен әлде қайда төмен. Мысалы: Германия, АҚШ, Англияи, Австрия, Польшадағы жұмыскерлердің зейнеткерлік жасы 65 жасты, Норвегия мен Данияда 67 жасты құрайды.
Зейнеткерлік жасты анықтайтын факторлардың бірі орташа өмір сүру ұзақтығы болып табылады. Біздің елде ерлердің орташа өмір сүру ұзақтығы 60-64 жас, ал әйелдердің 70-73 жасты құрайды. Қазақстан Республикасындағы өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші шетел мемлекеттеріне қарағанда айтарлықтай төмен. Зейнеткерлер саны және олардың қамтамасыздандыруға мемлекет шығындарының көлемі барған сайын өсуде. 2008жылы елімізде халықтың 17% зейнетақы алатын еді, ал 2009 жылдың 1-қаңтарында Республика бойынша зейнеткерлер саны 2771 мың адамды, яғни жалпы халық санының 17, 3% және зейнетақының орташа мөлшері 32830 теңгені құрайды. Зейнетақымен қамсыздандыруға шығын 2006жылы - 9, 5 млн. теңге, 2007 жылы-78 млн. теңге, 2008 жылы - 1, 3 млрд. теңге, 2009 жылы - 20 млрд. теңге болды.
Айта кететін болсақ, дағдарыс зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін шетте қалдырмады. Ол бірнеше бағытта қамтылды. Зейнетақы қорының шектілігі және оған мемлекеттік бюджеттен құралдардың түсуі және зейнетақылық сақтандыру салымдарының нашар жиналуы салдарынан зейнеткерлерге зейнетақыны төлемеуіне әкеліп соқтырды.
2008 жылдың 1-ші тоқсанында көптеген облыстармен зейнетақы қорына сақтандыру салымдарынан түсім жоспары орындалмады. Зейнетақы қорына сақтандыру салымшыларының қарызы 2008жылдың 1-ші сәуірінде -57, 5 млрд. теңге, зейнетақы төлеудегі қарыз -33, 2 млрд. теңге болды.
Зейнетақының үш негізгі категориясы бар: жұмыс орны бойынша зейнетақы, әскери қызметкерлер зейнетақысы және әлеуметтік зейнетақылар. Өз кезегінде жұмыс орны бойынша зейнетақы жасына, еңбек стажына, мүгедектігіне және асыраушысынан айырылуына байланысты бөлінеді. Әлеуметтік зейнетақы зейнеткерлік жасы бойынша еңбек қызметі мен мүгедектігіне байланыссыз төленеді. Ол зейнетақы түрі жасы бойынша толық зейнетақы алмайтын тұлғаларға төленеді. Бұл жастайынан мүгедектер, асыраушысынан айырылу жағдайындағы балалар, толық еңбек стажы жоқ жасына байланысты мүгедектер және т. б.
Жинақтаушы зейнетақы қорының бизнес -жоспары лицензия алу үшін қажетті құжаттардың бірі. Бизнес -жоспар көмегімен Қор комитетіне өзінің өмірге қабілеттілігін дәлелдеуі, қорды және әлеуметтік жүйеге келтірілген іскерлігіне сенім беру, олардың тұрақтылығы мен қордың зейнетақы жинағына салымдарды қорғауды қамтамасыз етуі керек[5] .
Елімізді тұрақты дамытудың және қоғамдағы тұрақтылықтың міндетті шарты әлеуметтік қамтамасыз етудің ішкі және сыртқы көптеген жағдайларын жетік меңгеру болып табылады. Әлеуметтік-экономикалық ырықтандыру талаптары кезінде халықты әлеуметтік толқулардан мемлекеттік қорғау қажеттілігін тәжірибеден көріп жүрміз. Әсіресе қарт адамдарға қамқорлық жасау аса маңызды. Жастары келе қарт адамдарда көптеген проблемалар туындап, олардың әлсіреу деңгейі артады. Көп жағдайларда өздерінің еріктерінен тыс жағдайларға көндігіп, қалыптасуға мәжбүр болады. Сондықтан қарт адамдардың лайықты өмірін (қоғам өміріне өз үлестерін қосуға мүмкіндік беру) қамтамасыз ету және дамыту құқықтарын қамтамасыз ету еліміздің әлеуметтік саясатының ажырамас бөлігі болып табылады.
Біздің елімізге де келіп жеткен халықтардың қарқынды қартаюы кезінде еңбек ете алатын халықтың мойнына түсетін жүктемені азайту, жұмыс істейтіндердің де, зейнеткерлердің де өмір деңгейінің төмендеуін алдын-алатын мәселелерді шешуде үкіметтің қолдауы қажет.
Республикамызда зейнеткерлікті қамтамасыз ету мәселесі орталықтандырылған жоспарлы экономикадан экономикалық күйзеліс жүйесіне ілескен нарықтық экономикаға өту өтпелі кезеңінде айқын көрініс тапты. Бюджеттік өткір дефицит зейнетақылық қамтамасыз ету жүйесін мемлекеттік қаржыландыру үлесін төмендетті, зейнетақы мен жәрдемақы қарызының өсуіне алып келді. Осы жағдайларға байланысты үкімет бірыңғай дұрыс шешім тапты - ол нарықтық шарттарға тәуелсіз азаматтарды зейнеткерлікпен қамтамасыз етудің жаңа модулін құрды. Оның негізі ретінде чилилік зейнетақымен қамтамасыз ету үлгісі алынды. Ол жеке зейнетақы шотына белгіленген жарналарды төлеп, жеке ақша аударуларды капиталдық қорда жинақтап, кейіннен ол зейнетақы төлемдерінің көзі болуды көздейді[6] .
Ынтымақтастық зейнетақы жүйесінің басты міндеттерінің бірі - зейнетақыны тиімді жоғарылату. Өкімет экономикалық шарттардың қиындығына қарамастан, зейнеткерлердің өмір сүру деңгейінің қарқынды төмендеуіне қарсы 2008 жылдан бастап жүйелі түрде шаралар қарастырып келеді. 2009 жылға дейінгі кезеңде жалақы деңгейінің ауысуы есебімен зейнетақының жылдық қайта есеп айырысуы жүзеге асырылды. 2009жылдан кезең бойынша индекстеу негізінде зейнетақы, сонымен қатар төменгі зейнетақының өсу деңгейі жоғарылады.
N 136-1 1997 жылдың 20 маусымында қабылданған «Қазақстан Республикасындағы зейнеткерлік қамту туралы» ҚР-ның заңы, зейнеткерлік қызмет нарығындағы қатысушылардың қарым қатынасын, жинақ және ортақ зейнеткерлік жүйесін құрудың құқықтық аспектілерін реттеп отырады . Бұл N 675 - XII -ші 1991 жылдың 17 маусымындағы «Қазақ ССР-дегі азаматтарды зейнетақымен қамту туралы» Қазақ ССР заңының және 1996 жылғы 3 маусымдағы «Мемлекеттік емес зейнетақылық қор туралы » ҚР -ның заңының орнына келеді. Ескі заң (N 675- XII ) мемлекеттің тәуелсіздікті алып, еліміздің атының өзгеруіне бірнеше ай қалғанда қабылданған. Бірақ ескі заңдағы көп жағдайлар жаңа заңдылықта да орын алып отыр.
1991 жылдың 17 маусымындағы заңы зейнетақының ортақ жүйесінде қызмет еткен. Мұнда елдің біртіндеп қартаюымен жұмысссыздарға ағымды зейнетақы төлеуге жаппай ақшаның жетіспеушілігіне әкеліп соқты. Осыған сәйкес 1997 жылғы 20 маусымдағы жаңа заң саяси, әлеуметтік және экономикалық маңызды сипатқа ие болды. Жаңа зейнеткерлік заңдылығының шығуының өзі үлкен тарихи оқиғаға айналды және бұл жаңа сапалы зейнетақылық жүйе мен зейнетақылық заңдылықтың базасының құрылуына бастама болды .
Зейнетақылық қамту туралы жаңа заң басынан -ақ өте тамаша болып келген жоқ, оның да кемшіліктері болды. Сегіз жыл ішінде ол келесі заңдарды қабылдау арқылы 3 рет өзгертілді: 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 328-I; 1999 жылғы 5 сәуірдегі N364 -I; 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N-369 -И;
Жаңа зейнетақылық жинақтау жүйесіне 1 жыл болмастан 1998 жылдың 22 желтоқсанда бірінші рет ірі өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Екінші рет, басты зейнетақылық заңға 1999 жылы 5 сәуірде өзгертулер енгізілді. Редакциялық түзетулерден басқа, көрсетілген заңдылықтардың тарихи ролі негізгі зейнетақылық заңдылықта өзіндік заңды өңдеу арқылы жүргізіледі. Әсіресе зейнетақылық жинақ жүйесін құрудың 1-ші жылында жаңа зейнетақылық заңдылықтың кемшіліктері шыға бастады. Әртүрлі жағдайлардағы қарама - қайшылықтар жедел түрде белгілі - бір заңды түзетулерді енгізу жолымен шешуді қажет етті [7] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz