Адамның қоғамда өзін-өзі жүзеге асыру перспективасының мәнін ашу
КІРІСПЕ
1 АДАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК БОЛМЫСЫ: ЖАҒДАЙЫ, ҚАЖЕТТІЛІГІ, СЕЗІМІ МӘСЕЛЕСІ
1.1Э. Фромның «Еркіндіктен қашу» еңбегіндегі адамның еркіндігі мәселесі
1.2 Эрих Фромм: жеке адамның гуманистік теориясы
2 ЭРИХ ФРОММНЫҢ "ЕРКІНДІКТЕН ҚАШУ" ЕҢБЕГІ
1.1 Еркіндік дегеніміз психологиялық мәселе
болып табылады ма?
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ТҰЖЫРЫМДАР
1.2 Жеке адам, оның жекешеленуі және
еркіндіктің екі үштылық сипаты

Эрих Фромм неміс-американдық философ, социолог және
психолог, неофрейдизмнің негізгі өкілі. Ол 1900 жылы
Франкфуртте, Германияда дүниеге келген. Фромм отбасының жалғыз ұлы болды. Ол екі түрлі дүниені – ортодоксалды еврейлік және християндықты біліп өсті. 1922 жылы Гейдельберг Университетінде философия докторы атағыналды, 1923-1924жылдар БерлиндегіПсихоаналитикалық институтта
психоанализ курсын өтеді, 1929-1932 жылдары - Франкфуртта әлеуметтік зерттеу Институтының қызметшісі болды. Кейіннен 1933 жылы АҚШ-қа келіп У.Уайт атындағы психиатрия институнда жұмыс істейді. Колумбиялық және Йельдік университеттерінде сабақ береді. 1951-1967 жылдары Мексикада тұрады, Мехикадағы Ұлттық университетте психоанализ Институтын басқарады. 1974 жылы Швейцарияға келеді.
Европада бірінші дүние жүзілік соғыс басталған кезде Фромм
14 жаста болатын. Ол осы соғыстың адамдық
иррационалдылығы мен қиратушы бейімділігіне қайран болды. Кейіннен ол, "Мен бұл соғыс қалай пайда болды, және адамдар табының мінез-құлығының иррационалдылығын қалай түсінуге болады, деген сұрақтар ойландыратын өте терең қамданған бала едім" деп жазды.
Осы сұрақтарға жауабында оған З.Фрейд пен К.Маркстің үлкен әсер еткені көрінеді. Фрейд еңбектері, оған, адамдар өз жүріс-тұрысының себебін түсінбейтінін ұғынуға көмектесті. Марксті оқи отырып, ол әлеуметтік-саяси күштер адамдар өміріне маңызды әсер еткенін түсінді.
Фромм Фрейд пен Маркстің ойларын салыстырады, олардың көзқарастарының қайшылықтарын көрсетіп синтез жасауға тырысады. Фромм Марксті Фрейдке қарағанда өте терең ойшыл деп есептейді; және психоанализді негізінен Маркстегі кемшіліктерді толықтыру үшін қолданады. Фроммға сонымен бірге Спиноза мен М.Экхарттың ойлары үлкен әсер етті.
Фроммның негізгі еңбектері: "Еркіндіктен қашу" 1941 ж., "Адам өзі үшін" 1947 ж., "Салауатты қоғам" 1995 ж., "Махаббат өнері" 1956 ж., "Зигмунд Фрейд миссиясы" 1959 ж., "Карл Маркстегі адам концепциясы" 1961 ж., "Адам жүрегі" 1964 ж., "Үміт революциясы" 1968 ж., "Адам деструктивтілігінің анатомиясы" 1973 ж., "Иелену немесе болу" 1976 ж.

1. Современная западная философия. Словарь, м. 1991 г.
2. Фромм Э. Бегство от свободы; Человек для себя/ Пер. с
англ. Д.Н.Дудинский; Худ.обл. М.В.Драко. - Мн.; 2000-
672с.
3. Л.Хьелл, Д.Зиглер. Теории личности. 2-е изд. СПб., 1999 С
246-254.
4. Холл Кэлвин С, Линдсей Гарднер. Теория личности. М.,
1997 С 151-157.
5. Роберт Фрейджер, Джеймс Фейдимен. Личность. Теории,
Упражнения, Эксперименты. /Пер.с англ. — СПб., 2004. С
462-471.
6. Философский энциклопедический словарь.
7. Большой энциклопедический словарь: философия,
социология, религия, эзотеризм, политэкономия. Мн., 2002.
8. Краткая философия энциклопедия. М., 1994.
9. Проблема человека в западной философии. /под.ред.
П.С.Гуревича (отв. ред.). М., 1988.
10. П.С.Гуревич. Философская антропология. М., 1997.
11. В.Губин, Е.Некрасова. Философская антропология:
Учебное пособие для вузов. М., 2000.
12. Это человек: Антология /Сост., вступ.ст. П.С.Гуревича.
М., 1995 С.49-52.
13. Буржуазная философская антропология XX века отв.ред.
Б.Т.Григорьян - М., 1986 С 259-262
14. Тарнас Р. История западного мышления — М., 1995-360 с.
15. Гуревич П.С., Шалуев К.Б. Философская антропология —
Начальник, 1996-250 с.
16. Гуревич П.С. Философия человека — М, 1999.
17. Фромм Э. Анатомия человеческой деструктивности.
18. Барулин В.С. Социально — философская антропология. —
М., 1994.
19. Любутин К.И., Сарангин Ю.К. История
западноевропейской философии. Курс лекции —
Екатеринбург, 2000.
20. Хрестоматия по истории философии от Шопенгауэра до
Дерриды. М, 2001.

МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
1 АДАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК БОЛМЫСЫ: ЖАҒДАЙЫ, ҚАЖЕТТІЛІГІ, СЕЗІМІ МӘСЕЛЕСІ
1.1Э. Фромның Еркіндіктен қашу еңбегіндегі адамның еркіндігі
мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2 Эрих Фромм: жеке адамның гуманистік теориясы ... ... ... .19
2 ЭРИХ ФРОММНЫҢ "ЕРКІНДІКТЕН ҚАШУ" ЕҢБЕГІ
1.1 Еркіндік дегеніміз психологиялық мәселе
болып табылады ма? ... ...22
1.2 Жеке адам, оның жекешеленуі және
еркіндіктің екі үштылық сипаты ... ..38
ТҰЖЫРЫМДАР ... ..49
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ...51
КІРІСПЕ
Эрих Фромм неміс-американдық философ, социолог және
психолог, неофрейдизмнің негізгі өкілі. Ол 1900 жылы
Франкфуртте, Германияда дүниеге келген. Фромм отбасының жалғыз ұлы болды.
Ол екі түрлі дүниені – ортодоксалды еврейлік және християндықты біліп
өсті. 1922 жылы Гейдельберг Университетінде философия докторы атағыналды,
1923-1924жылдар БерлиндегіПсихоаналитикалық институтта
психоанализ курсын өтеді, 1929-1932 жылдары - Франкфуртта әлеуметтік
зерттеу Институтының қызметшісі болды. Кейіннен 1933 жылы АҚШ-қа келіп
У.Уайт атындағы психиатрия институнда жұмыс істейді. Колумбиялық және
Йельдік университеттерінде сабақ береді. 1951-1967 жылдары Мексикада
тұрады, Мехикадағы Ұлттық университетте психоанализ Институтын басқарады.
1974 жылы Швейцарияға келеді.
Европада бірінші дүние жүзілік соғыс басталған кезде Фромм
14 жаста болатын. Ол осы соғыстың адамдық
иррационалдылығы мен қиратушы бейімділігіне қайран болды. Кейіннен ол,
"Мен бұл соғыс қалай пайда болды, және адамдар табының мінез-құлығының
иррационалдылығын қалай түсінуге болады, деген сұрақтар ойландыратын өте
терең қамданған бала едім" деп жазды.
Осы сұрақтарға жауабында оған З.Фрейд пен К.Маркстің үлкен әсер еткені
көрінеді. Фрейд еңбектері, оған, адамдар өз жүріс-тұрысының себебін
түсінбейтінін ұғынуға көмектесті. Марксті оқи отырып, ол әлеуметтік-саяси
күштер адамдар өміріне маңызды әсер еткенін түсінді.
Фромм Фрейд пен Маркстің ойларын салыстырады, олардың көзқарастарының
қайшылықтарын көрсетіп синтез жасауға тырысады. Фромм Марксті Фрейдке
қарағанда өте терең ойшыл деп есептейді; және психоанализді негізінен
Маркстегі кемшіліктерді толықтыру үшін қолданады. Фроммға сонымен бірге
Спиноза мен М.Экхарттың ойлары үлкен әсер етті.
Фроммның негізгі еңбектері: "Еркіндіктен қашу" 1941 ж., "Адам өзі үшін"
1947 ж., "Салауатты қоғам" 1995 ж., "Махаббат өнері" 1956 ж., "Зигмунд
Фрейд миссиясы" 1959 ж., "Карл Маркстегі адам концепциясы" 1961 ж., "Адам
жүрегі" 1964 ж., "Үміт революциясы" 1968 ж., "Адам деструктивтілігінің
анатомиясы" 1973 ж., "Иелену немесе болу" 1976 ж.
Фромм Маркстік, философиялық-антропологиялық, экзистенциалдық және
психоаналитикалық идеялардың жалпылығын білдіретін ілімді жасай отырып
адам тіршілігінің дихотомиясын шешудің тәсілін табуға, адам
жатсынуының
түрлі формаларының жойылыуын шешу тәсілін, батыс өркениетінің дұрысталу
жолын анықтау тәсілін табуға және тұлғаның еркін және творчествалық даму
болашағын көрсетуге тырысады. Фрейд биологизмнен бас тартып, Фромм
әлеуметтік мәдени себептермен қамтамасыз етілген, басылған сексуалдыққа
жанжалды жағдайды араластыра отырып бейсаналық символикасын қайта қарайды,
адам психикасы мен қоғамның әлеуметтік құрылымы арасындағы байланыстырыушы
түйіні ретінде "әлеуметтік сипат" ұғымын еңгізеді, батыс мәдениетінің даму
тенденцияларын зерттейді. Экзистенденциялды лихотомияның жеке шешіміне
Фромм адамның махаббатқа, сенімге, және ойлауға адамның ішкі қабілеттерін
байланыстырады. Ақыр соңында адамның жаппай жатсынуы қоғамда өзінің шынайы
емес тіршілігін сезіну, өзінің "сыни Менін" иелену орнына "өзіндігін"
иелену және өзінің мәнін жүзеге асыруын сезіну, өмірді гүлдендіретін
көзқарастың және ішкі моральдық жаңарудың пайда болуы, жеке адам мен
табиғат арасында, тұлға мен қоғам арасында үйлесімділікті орнату -мұның
барлығы адамдарды олардың болмысының қиялынан босатудың әлеуметтік тиімді
құралы ретінде Фроммен ұсынылған "гуманистік психоанализді" қолдану
негізінде мүмкін болады.
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі: Фромм көзқарасындағы қазіргі
заман адамының психикасын жан жақты зерттеуге, және сондай-ақ, қоғамдық
дамудың психологиялық және әлеуметтік факторлар арасындағы байланыс
проблемаларын қарастыру. Қазіргі саяси дамудың сыртқы тенденцияларының
әсері, біздің мәдениетіміздің ең маңызды жетістіктерінің бірі, жеке
адамның өзіндік қасиеті мен жекелігіне қауіп төндіреді. Оның мәнін былай
қарастыруға болады: "қазіргі заман адамы "еркіндік" ұғымын қалай түсінеді.
"Еркіндіктен қашу" — бұл үрей сияқты адам психкасының көрінісінің
мұқият талдауы. Көп жылдық күрестен кейін адам өзін материалдық ізгіліктің
молшылығына бөлей алды: ол демократия принципіне негізделген қоғамды құрды
және оны тоталитаризм шарттылығынан қорғай алды.
Осы еңбектің негізгі идеясы, индивидуалистікке дейінгі коғам
бүғауларынан азат болған қазіргі адам, оның жекелігін жүзеге асыру
негізінде, яғни оның әсерлі, сезгіш және ойлау қабілеттерін жүзеге асыру
негізінде еркіндікке қол жетпегендігі. Еркіндік адамға оның өмір сүруінің
тәуелсіздігін және рационалдылығын алып келді, бірақ сонымен қатар оны
жекелеп, оның бойында әлсіздік пен үрей сезімін оятты. Бұл жекелеу
төзгісіз, және адам таңдау алдында болады: жаңа
бағынушылық, жаңа тәуелділік көмегімен еркіндіктен құтылу керек, немесе
әрқайсысынын өзіндік қасиетіне және ерекшелігіне негізделген позитивті
еркіндікті толық жүзеге асыру керек.
25-ші басылымның алғы сөзінде Фромм өзінен, оның кітабында 25 жыл бұрын
қозғалған, әлеуметтік және психологиялық тенденциялар сақталды ма деп
сұрап, оған, еркіндік алдында адамдарда үрей тудыратын жаңа себептердің
пайда болуымен түсіндіріп нақты жауап береді. Бұл атомдық энергиянық
ашылуы және оны деструктивті мақсатта қолдану мүмкіндігі.
Эрих Фроммның "Еркіндіктен қашу" еңбегінде көрсетілген анализ бойынша -
қазіргі заман адамы әлі де қандай да бір алаңдаушылыққа бөленген және кез-
келген уақытта әлде бір диктатордың туы астына түру қызығушылығына душар
болған, сондай-ақ, толығымен еркіндігін жоғалтып, алып машинаның кішкене
бөлшегіне айналып, еркін адам емес, тоқ және жақсы киінген роботқа айналуы
мүмкін.
Диплом жұмысымның негізгі мақсаты, адамның қоғамда өзін-өзі жүзеге
асыру перспективасының мәнін ашу және Э.Фроммның философиялық мұраларының
гуманистік аспектісін көрсету деп алдым. Негізгі қолданған зерттеу
әдістерін: тарихилық, салыстырмалылық талдау, анализ, синтез, талдау.
1 АДАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТГІК БОЛМЫСЫ. ЖАҒДАЙЫ, ҚАЖЕТТІЛІГІ, СЕЗІМІ, МӘСЕЛЕСІ
1.1. Эрих Фраммның "Еркіндіктен қашу" еңбегіндегі адамның
еркіндігі мәселесі
Еркіндік, объективті қажеттіліктерді тануға сүйеніп адамның өз
қызығушылықтары мен мақсаттарына сәйкес әрекет ету қабілеті.
Қоғамдық ойлау тарихында еркіндік мәселесі дәстүрлі түрде, адамның ерік
бостандығы бар ма, және басқаша айтсақ, оның барлық ойы мен ісі сыртқы
жағдайлармен қамтамасыз етілген бе әлде жоқ па, деген сұраққа саяды.
Тарихты материалистік тұрғыда түсіну тұлғаның еркіндігін оның объективті
жағдайдан санасының тәуелсіздігі ретінде субъективті-идеалистік түсінігін
терістейді. Марксизм-ленинизм сондай-ақ 17-19 ғ.ғ. философтар мен
табиғаттанушылар (Т.Гоббс, П.Гольбах, Ж.Ламетри, Н.Лаплас, Е.Дюринг және
т.б.) арасында кең тараған еркіндік пен қажеттіліктің қарама-қарсы
қойылуына қарсы шығады. Еркіндік мәселесін сана сферасымен шектейтін
идеалистерге қарағанда (Гегель, экзистенциализм), марксизм-ленинизмнің
түсінігінше, әрекеттегі оның практикалық іске асу мүмкіндігінсіз
еркіндіктің бір түсінігі — бұл ақиқат еркіндіктің қиялы ғана.
Адамдар өз іс-әрекеттерінің объективті шарттарын таңдауға еріксіз, бірақ
та мақсатты таңдауда белгілі еркіндікке ие, өйткені әрбір кезде негізінде
бір емес, бірнеше нақты мүмкіндіктер бар, бірақ та түрлі мүмкіндіктермен;
тіпті альтернатива жоқ болған кезде де, олар өздеріне жағымсыз құбылыстарды
бәсеңдетуге мүмкіншілігі бар немесе жағымды құбылыстардың жақындауын
тездете алады. Сайып келгенде, олар мақсатқа жету тәсілін таңдауда да азды-
көпті ерікті. Демек еркіндік абсолютті емес, салыстырмалы және белгілі
әрекеттің жоспарын таңдау жолымен жүзеге асады. Ол көп болған сайын,
адамдар өздерінің нақты мүмкіндіктерін дұрыс түсінеді, алға қойған мақсатқа
жетуге арналған тәсілдер олардың қарамағында көбірек болады, олардың
қызығушылықтары қоғамдық процестердің объективті тенденцияларымен, қоғамдық
таптардың, көптеген адамдардың ұмтылыстарымен сай келеді. 2
Осы жерден еркіндік "танылған қажеттілік" ретінде марксистік түсінік
шығады, осыған сәйкес тұлғаның, ұжымның, топтың, қоғамның еркіндігі
негізінен объективті заңдардан "қиялдағы тәуелсіздікке емес", таңдау
қабілетінде, "істі білу арқылы шешім қабылдауға" негізделген.
Еркіндік зорлық-зомбылыққа тең емес. Адам өз ойы мен әрекетінде тек
олар ештеңемен себепті қамтамасыз етілмегені үшін ғана еркін емес.
Өздерінің мақсаттары мен ниеттерінің шығуынан бөлек адамдар еркіндігі бар,
олар өздерінің қызығушылықтарына объективті лайық болатын таңдау
мүмкіндігін сақтайды. Абстрактылы еркіндік жоқ. Еркіндік әрқашан нақты
және салыстырмалы. Объективті шарттар мен нақты жағдайларға байланысты
адамдардың еркіндігі болуы мүмкін немесе одан айырылған болуы мүмкін;
оларда әрекеттің бір түрінде еркіндігі болып, басқа әрекетте одан
айырылған болуы мүмкін.
Еркін саналы әрекет, К.Маркстің пікірінше, адамды жануарлар арасынан
ерекшелендіретін тектік белгісін құрайды, ал әрбір берілген дәуірде
адамдар иеленетін еркіндік тарихи дамудың қажетті азығы болып табылады.
2
Еркіндіктен қашу — адамды еркіндіктен және өз өзінен өз еркімен бас
тартуына итермелейтін адам психикасының динамикалық факторларының
әрекетінің механизмдерін және себептерін түсіндіретін Фроммның гуманистік
психоанализінің концепциясы және түсінігі. Фроммның аттас,осы еңбегінде
жете зерттелген. Берілген анализ Фроммның адам табиғатын және мәніні
түсінудің дәстүрлі емес фактін зерттеуімен негізделген. Фрейдке қарама-
қарсы, Фромм физиологиялық қамтамасыз етілген қажеттіліктен басқа (мысалы,
"өзін-өзі сақтау кажеттілігі") адамға рухани тәртіп қажеттіліктері,
қоршаған ортамен байланыс құру және жалғыздықтан құтылу кажеттіліктері тән
екендігін айтады. Бұл қажеттіліктер тірі қалу мақсатында басқа адамдармен
қарым-қатынастың қажеттілігінен және өзін-өзі танудың болуы - өзін басқа
адамдардан және табиғаттан жеке, дербес ретінде сезінуден шыққан. Берілген
қажеттіліктерді іске асыру, Фроммның ойынша, қарапайым физикалық
байланысты құрумен түйіспейді, ол адамның өзін қандай да бір идеяға,
құндылыққа, оның өміріне мән беріп оны бағыттайтын әлеуметтік
стандарттарға жатқызуын түсіндіреді. Сонымен қатар, өзін-өзі сақтау
қажеттілігін қанағаттандыру — адамның жүріс-тұрысының алғашқы себебі —
Фромм бойынша, әлеуметтік ортада болады. Сонымен бірге, жеке адам берілген
қоғамға тән өндіріс жүйесінде негізделетін тұрмыс қалпын қабылдауға мәжбүр
болып қалады. Сөйтіп, адамның мінезі, Фромм бойынша, туа біткен,
биологиялық тоқтатылған сезімнің сомасы да, әлеуметтік жағдайлар қалпының
жайсыз көшірмесі де емес; "бұл белгілі туа біткен механизмдер мен
заңдардың жинақталуындағы тарихи дамудың азығы". Фромм адамның өмір сүруі
мен еркіндіктің негативті "еркіндіктен" мағынасында —
әрекеттің сезікті төмендеуімен еркін болудан о бастан ажыратылмайды. Адам
түрінің биологиялық жетілмегендігі, Фроммның көзқарасы бойынша,
өркениеттің пайда болуының негізі болды. Адам тарихы — антогенезде сияқты,
филогенезде де— автормен жекешелену мен азат болудың өсу процесі ретінде
қарастырылады. Сөйтіп, бір жағынан, адамның дамуы, табиғатты меңгеру,
ақылдылық маңызының өсуі, адамның ынтымақтастығын нығайту пайда болады.
Екінші жағынан, жеке адамның жекелену және өзінің жекелігін түсінуі
жалғыздық сезіміне, дәрменсіздікке, мүсәпірлікке алып келеді.
Жекеленген адамның әлеммен байланысының жалғыз
үйлесімді жолы, Фроммның ойынша, басқа адамдармен белсенді
ынтымақтастық, оны әлеммен еркін және тәуелсіз жеке адам
ретінде біріктіретін спонтандық әрекет болып табылады. Бірақ
та, егер экономикалық, саяси және әлеуметтік жағдайлар
тұлғаның мұндай позитивті жүзеге асуына мүмкіндік туғызбаса,
онда еркіндік, Фромм бойынша шыдауға болмайтын
ауыртпалыққа, күдіктенудің негізіне айналады, өмірдің мақсаты
мен мәнінен айырады. Нәтижесінде еркіндіктен және өзіндік
жекеленуінен бас тарту арқылы сенімсіздік пен жекелену сезімін
жеңу үшін ұмтылыс пайда болады. Қазіргі қоғамдағы адамның
жағдайын Фромм негативті еркіндік пен позитивті еркіндік
арасындағы қарама-қарсылықтың одан ары шиеленісуімен
сипаттайды. Капитализм белсенді, сыншыл, жауапты тұлғаның
дамуын ынталандырады, бірақ сонымен бірге, өнеркәсіптік
жүйенің қуаты және адамдық өзара қарым-қатынастың белгісіз
түрі жекелену және дәрменсіздік сезімін күшейтеді.
"Еркіндіктің" ауырпалығын "еркіндіктен қашу" ұмтылысы тудырады, яғни
еркіндіктен құтылу арқылы пайда болады. 3
Әлеуметтік психологияның теоретикалық ашылуының
тиімділігі туралы сұрақты қоя отырып, Фромм оған бір
мағыналы және дәлелді жауап беру қиын екенін мойындайды.
Психологияның теориясы негізіндегі автордың торығуы оның
индивидуалды және әлеуметтік реалияларды түсінудің
маңыздылығына сенімділігінен шыққан. Фромм бойынша,
адамның миы жиырмасыншы ғасырмен өмір сүреді, ал көптеген
адамдардың жүрегі - тас дәуірінде. Бұл жередегі адамдардың
жеткіліксіз жетілу тәуелсіз, ақылды және объективті болуында;
адамның өз күшіне берілгендігін және өз өмірін өзі мәнді ету
керектігін орындауға қабілетсіздігі; иррационалды
құмарлықтарын басу — күйзеліске, өшпенділікке, кек алуға және қызғанышқа
әуестену, осының орнына билік алдында, ақша, суверенді мемлекет, ұлт
алдында бас ию бақыланады;
адамзаттың рухани көсемдер ілімінің пұтқа табынушылық пен ескі нанымға
айналуы.
Кітаптың бірінші тарауында Э.Фромм еркіндік психологиялық мәселе болып
табылады ма, деген сұрақты қояды. Фашистік ережелерді қарастыра отырып
және Германиядағы миллиондаған адамдардың өз еркіндіктері үшін күресіп
сондай албырттықпен одан бас тартқандығы" фактін ескере отырып, Фромм
мынандай нәтиже шығарады: "егер еркіндікке антифашизм үшін шабуыл жасаса,
Фашизмнің өзінің шабуылына қарағанда қауіп азаяды", Фашизмнің негізінде
итальяндық және германдық түрдегі диктатураны түсінеді. Фашизммен нәтижелі
күрес үшін оның мәнін түсінуі керек, түсінусіз күрес тең емес әрі
пайдасыз. Ойды дамыта отырып, Фромм билікке фашизмнің келу сәтінде адамдар
бұған — практикалық та, теоретикалық та дайын емес еді, деген фактіні
айтады. "Он тоғызыншы ғасырдың игілікті оптимизімін мазалауға батылы
барғандардан" автор Ницше, Маркс және Фрейдті атайды. Фрейдті Фромм оның
тұрғызған теориясының шектілігі үшін, әлеуметтік проблеманы шешуге
Фрейдтік психоанализдің өнімсіздігін сынға алады. Фрейдтің басқа да
адасуына Фромм адам табиғатының антиәлеуметтілігін, қоғамға адамның
статикалық қатынасын, адамның өзара қатынасы мен шектер арасындағы алаңның
тығыз байланысын өткізуін жатқызады.
Дегенмен де, Фромм өз анализінің негізіне Фрейдтің негізгі ашуларын —
адам мінезіндегі бейсаналы күш ролін және бұл күштердің сыртқы ықпалға
тәуелділігін, оның анализі индивидтің сыртқы әлеммен байланысы және адам
мен қоғам арасындағы байланыстың динамикалығы туралы болжамға негізделген.
Бұдан ары Фромм адаптация ұғымын ендіреді. Статикалық адаптация жаңа
әдеттің шығуы болса, адам мінезі өзгермейтін болып қалады. Динамикалық
адаптацияны Фромм қатаң әкеге бағынушы бала мысалымен түсіндіреді. Әкеге
қатысты өсетін, басылып қалған жаулық мінездің динамикалық факторы болып
табылады.
Ол баланың әке алдындағы қорқынышын күшейтуі;
бұнымен одан да үлкен бағынуға әкеледі. Фромм неврозды
индивид үшін иррационалды болып табылатын жағдайларға
динамикалық адаптация мысалы ретінде анықтайды. Дегенмен,
жалпы айтқанда дұрыс емес: "...Жалпы қоғамдық топтарда
көрінетін әлеуметтік-психологиялық құбылыстар,
невротикалықпен салыстырмалылар, мысалы ашық көрінетін бұзылушы немесе
садистік импульстер, барлығы үлкен адамдар
үшін зиянды және иррационалды әлеуметтік жағдайға динамикалық
адаптацияны мысал ретінде келтіреді. Неге мұндай құбылыстарды
невротикалық деп санауға болмайтынын кейінірек айтамыз".
Ары қарай Фромм адамдарды өмірдің кез-келген өмір
шартына бейімделуге және осы бейімділіктің шегіне не
мәжбүрлейтіні туралы мәселені қояды. Оған жауап бере тұрып,
ол иеленілген қажеттіліктер мен физиологиялық
кажеттіліктерді айнықтайды. Қажеттілікті қанағаттандыру үшін
адам еңбектенуі керек, оның жұмыс шарты ол туылған
коғаммен анықталады. Өмір сүру қажеттілігі мен әлеуметтік
жүйе — екі фактор да — жеке индивидпен өзгере алмайды, олар
үлкен мәнерлілігі бар оның сипатының дамуын анықтайды.
Физиологиялық қажеттіліктерден басқа, физикалық
байланыспен байланыспаған қанағаттанбауы психикалық бұзылуға
әкелетін, қоршаған әлеммен байланыс қажеттілігі бар.
Фромм бойынша, қоғамға қатыстылықтың тағы бір себебі бар:
субъективті өзіндік тану. Ойлау қабілеті адамға өзін өзінің жекелігін
сезіне отырып, индивидуалды тіршілік иесі ретінде тануға мүмкіндік
береді, адам қоршаған әлеммен салыстырғанда өзінің мәнсіздігін сезінбеуі
мүмкін емес. Егер адам оның өміріне бағыттайтын және оған мән беретін
өзін әлдебір жүйеге жатқыза алмаса, онда оны күдік қоршап алады,
әрекеттенуге қабілетін тоқтатып, яғни өмір сүруге ынтасы тоқтайды.
Фроммның әлеуметтік психологиясының негізгі жағдайлары, а) тума заңдар
синтезімен бірге тарихи эволюция өнімі; б) адамда физиологиялық
қажеттіліктер бар, моральды жалғыздықтан қашу оған тән; в) динамикалық
адаптация процесінде индивидтің сезімі мен әрекетін мотивацияландыратын
стимул дамиды; г) бұл жаңа қажеттілікті жүзеге асыру қоғамдық даму
процесіне әсер етуші күш.
Фромм бойынша, кітаптың негізгі идеясы мынада "адам өзінің
алғашқы табиғатпен және басқа адамдармен бірлігін өсіреді, адам -
"индивид" болып қалыптасады — бұл процесс созылған сайын адам алдында
тұрған альтернатива тиянақты болады. Ол әлеммен махаббат және
шығармашылық еңбек спонтандылығымен қосыла білуі керек немесе өзіне оның
табиғаты мен даралығын жоятын әлемнен сүйеніш табуы тиіс".
Екінші тарауда Фромм қазіргі адам үшін еркіндік дегеніміз не
деген сұрақтың анализі үшін қажетті концепцияны талқылайды. Бұл концепция
еркіндік адам тіршілігін анықтайтыны туралы пікірді білдіреді, еркіндік
ұғымы адам өзін тәуелсіз және жеке тіршілік иесі ретінде сезінумен
байланысты. Индивидпен сол кезге дейін жекелену процесі ретінде
болған сыртқы әлем
арасындағы байланысты индивидтің толық жекеленуіне алып келеді, Фромм
"алғашқы бұғаулар" деп атайды, оларды алғашқы бұғаудан босанудан кейін
шығатын жаңа байланысқа қарама-қарсы қояды. Мысал ретінде ол алғашқы
жылдары анасымен байланысты сәбиді, алғашқы қауым адамның тайпамен, және
ортағасырды — шіркеумен байланысын келтіреді.
Алғаушы бұғаулардан босану баланың өз даралығын сезіну процесіне және
өтуді жылдамдататын фрустрацияның шығуына ықпал етеді. Фромм бұл
эффектіні мысалмен түсіндіру үшін Р.Хьюздің "Ямайкадағы күшті жел"
романынан үзінді келтіреді. Фромм бойынша басқалармен байланыстан басқа,
балада өз өлшемі бойынша еркіндік пен тәуелсіздікке ұмтылысы артады. Бұл
ұмтылысты түсіну үшін автор өсуші даралық процесінің екі аспектісін
қарастырады: физикалық, эмоцианалды және интеллектуалды сфера
интеграциясы мен дамуы — әлеуметтік шартпен негізделген тұлға дамуы
туралы қарастырады. Екінші аспект - алғашқы бұғаулардан босанумен қатар
жүретін өсуші жалғыздық. Жалғызыдық сезімін жеңу үшін пайда болған
ұмтылыс, шамасы алғашқыдан ерекше жаңа байланысты құруға алып келеді:
адамдармен және табиғатпен спонтандық байланыс. Дегенмен қауіпті
ауытқулар бар, индивид жаңа байланысты құруды белсенді түрде қаламай
бұрынғыларға оралғысы келеді, бұл физикалық мүмкін болмағандықтан бұндай
бағыну балада адамдарға қарсы бағытталған жаулықты дамытуға әкеледі.
Психоәлеуметтік себеппен жүретін автоматты түрде және тұлғаның даму
процесімен өтетін даралық процесі арасындағы қарама-қарсылық, Фромм
бойынша, жекелену сезіміне әкеледі, оны автор қашу механизімі деп атаған
психикалық механизмге әкеледі. Адам мен жануар инстиктінің даму деңгейін
салыстыра отырып Фромм негативті еркіндік негізінде әрекеттің алдын ала
сезікті анықталған еркіндігін түсіне отырып адам тіршілігі мен еркіндік о
бастан ажыратылмайды деген қорытындыға келеді. Фромм бойынша, адамның
биологиялық жетілмегендігі өркениеттің пайда болуына әкеледі. Адам мен
еркіндік арасындағы байланыс библиялық жұмақтан қуылу аңызымен
бейнеленген. Қалыптасқан тәртіпті бұзу негізінен адамның ең бірінші
актісі — еркіндік актісі болып табылады. Осылайша, еркіндік актісі адам
ойы бастамасымен тура байланысады. Еркіндіктің даму процесі, Фромм
бойынша, диалектикалық сипатта: бір жағынан — бұл адам дамуы, екіншіден —
әлсіздік сезімінің өсуіне әкелетін жекеленудің күшеюі.
Қазіргі қоғамдағы еркіндік ролін зерттеуді Фромм ортағасырда Европада
және Жаңа дәуір басында болған жағдайды талдаудан бастайды. Экономикадағы
өзгеріс адамдар
психикасына күшті ықпал еткен. Осы кезеңде еркіндіктің діни доктринада
айтылған жаңа концепциясы пайда болады. 4
Ортағасыр қоғамы жеке еркіндіктің жоқтығымен сипатталады. Реформациядан
бұрынғы ұзақ кезең католиктік дін ілімі адамның жақсылыққа ұмтылысындағы
ерік бостандығы принципін ұстанды. Бұл тенденция Августин, Фома Аквинский,
Скотт, Оккам, Биль еңбектерінде көрініс тапты. Олардың бәрі ерік мәнін және
адамның құтылуы үшін өзінің сіңірген еңбегін айтады. Кең таралған
индульгенцияны сатып алу практикасы, айтылған философтар еңбегі сияқты
Лютердің ашулы орынсыз шабуылын тудырды, дәрменсіздік және мардымсыздық
сезіміне биленген орталық таптың сезімін білдіретін теория өсімі капитализм
жағынан қауіпті сезінді. Фромм пікірінше, Лютеранды ілім, 2 аспектіден
тұрады: бір жағынан ел адамға дін мәселесінде тәуелсіздік берсе, екіншіден
— ол индивидке әлсіздік пен жекеленуге алып келді. Лютердің бүкіл ойының
негізгі концепциясы Фромм бойынша — адамның өз еркі бойынша жақсылық
таңдауға толық қабілетсіздігі. 1518 жылы Лютер оған сенім беретін жауап
табады: адам сенім қобалжуын басынан өткізгенде ғана құтыла алады, өз
адамгершілігімен құтылу мүмкін емес. Фромм бұл өтуді себепті қамтамасыз
етілген деп санайды, себебі Лютердің ирационалды күдіктері оның
дәрменсіздігі мен жекеленуінен шығады, кейбір форум көмегімен оларды басу
жолына ирационалды жауаппен шеттетіледі. Осылайша, сенімге деген лютерлік
тырысу күдікті басу қажеттілігі сияқты нәрсе.
Бүл ойды дамыта отырып, Фромм күдік қазіргі философияның бастапқы
нүктесі дейді. Егер рационалды күдіктер рационалды жауаппен шешілсе,
ирационалды күдіктер негативті еркіндіктен позитивті еркіндікке өтуден
жоғалуы мүмкін. Лютер адамдарды шіркеу билігінен босатып, оларды одан да
күшті билік, адамның толық бағынуын талап ететін және шын тұлғасын
құтылудың негізгі шарты ретінде жоюын, яғни, құдай билігіне бағындырады.
Оның сенімі, махаббат өз еркінен бас тарту бағасымен беріледі дегенге
негізделеді ал бұл болса, Фроммның пікірінше индивидтің мемлекетке немесе
көсемге бағыну принципімен көп ортақтығы бар.
Сонымен, ортағасырлық феодалды жүйе құлауымен индивид
еркін болды. Дегенмен индивид әрекет еркіндігіне қоса
сенімділік сезімінен арылды. Жаңа еркіндік аса позитивті
ықпалды жоғары топқа тигізді. Төмен топта жаңа еркін іздеу
өсуші қысымды жою тілегін тудырады.
Ортаңғы топқа жаңа еркіндік негативті әсер берді. Тек жаңа діни ілімдер
индивидке күдікті жеңу жолын көрсетті. Дегенмен
бұл емдеу уақытша, және ауруды шиеленістірді — ілімдердің
ирационалдығы күдік пен қобалжуды толық жоя алмады,
нәтижесінде, басу арқылы индивидтің өзі мен
айналасындағыларға жасырын жаулық пайда болды.
Үшінші тарауға Фромм жасаған тұжырым келесіге негізделеді. Тұрмыс
қалпын анықтаушы әлеуметтік процесс, индивид мінезін қалыптастырады, өз
кезегінде бұл қоғамдық даму процесіне ықпал етеді; жаңа экономикалық күш
жағынан қауіпке әсер ретінде пайда болып дами отырып жаңа сипат, жаңа
сипат, жаңа экономикалық құрылымды дамытуға көмектесетін өндіргіш күш
болып табылады.
Қазіргі қоғамда, Фромм пікірінше, еркіндік проблемасына мынадай
көзқарас қалыптасқан, жеңіп алынған еркіндікті қорғау — жалғыз қажетті
зат, тұлғаны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, өзіне және өмірге
сендіретін еркіндікке жету қажет. Капитализм адамды тек дәстүрлі
бұғаулардан ажыратып қана қоймай, позитивті еркіндік дамуына үлкен үлес
қосты, екіншіден, капитализм адамды одан әрі жалғыз, түкке тұрғысыз және
әлсіздік сезімін сезінуге сай қылды.
Лютер мен Кальвиннің ойлары, эгоизм мен өзіңе деген махаббат тең
ұғымдар, бұл басқа махабатты жоққа шығарады деген болжамға негізделген.
Дегенмен, Фромм бойынша, мұнда қате бар "Махаббат арнайы объектен
жасалмайды, тұлғаның өз ішіндегі бар фактор болып, белгілі объектпен
"әрекетке келеді". Жеккөру — жоюға құмарту тілегі сияқты, махаббат та
-"объекттің" құмар нанымы, бұл аффект емес, махаббат объектісіінң бақытқа
еркіндігін және дамуына белсенді ұмтылысы Эгоизм Фромм бойынша, өзіңе
махаббат емес, оған қарама-қарсы: сараңдық түрі. Бұндай типтегі адамдар
өзін жақсы көрмейді, жан түкпірінде өздерін жек көреді.
"Өз әлсіздігі сезімін сезіну күрделі, сондықтан адам оны
өзінің күнделікті ісімен жасырады. Бірақ жалғыздық, үрей және
адасушылық қалып қояды. Оларға мәңгі шыдау мүмкін емес,
сондықтан егер адамдар негативті еркіндіктен позитивтіге өтуге
шамасы болмаса, олар одан құтылуға тырысады. Еркіндіктен
қашуды болдыратын негізгі жолдар — бұл фашистік елдердегідей
басшыға бағыну және біздің демократиямызда басым болатын
мәжбүрлік конформизация. Фромм қарастыратын
психологиялық механизмдер бұл индивидтің жекеленуінің сенімсіздігінен
шығатын еркіндіктен қашу механизмдері. Бұндай жағдайлар негізінен адам
бақыты мен өзін жүзеге асыру үшін қолайсыз қоғамда қалыптасады.
Сенімділікті қамтамасыз ететін байланыстардың бұзылуында индивидте
екі жол бар. Біріншісі - өзіңді қоршаған әлеммен
спонтанды, махабат, еңбек және өз қабілетіңді көрсету арқылы
байланыстыру. Сөйтіп өз "меніңнің!" тәуелсіздігінен бас тартпай өз
өзіңмен, әлеммен және адамдармен бірлікті табу керек.
Фромм терминінде бұл позитивті еркіндікке әкелетін жол. Екіншісі—
жалғыздықты жеңу үшін еріктен бас тарту. Бұл жол негативті еркіндікке
әкелетін жол, индивидке жалғыздық пен тыныштықты қамтамасыз ете алмайды,
өйткені, бұрынғыдан жекелену қашып құтыла алмайтын нәрсе; бұл жол өз
даралығымен бас тартумен байланысты, ол үрейді төмендетеді, өмірді
шыдамды етеді бірақ проблеманы шешпейді. Соңғы жолды таңдағанда өмір
мақсаты жоқ, нәтиже бере алмайтын автоматтық әрекетке айналады.
Еркіндіктен қашу механизмнің бірі - өз тұлғасынан бас тарту оның
әлдебір сыртқы күшпен байланысты. Бұл механизмдер невротиктерде сияқты
қарапайым адамдарда да орын алатын мазохистік және садистік
тенденцияларда көрініс тапты.
Мазохистік тенденцияның жиі көрінісі - өзіндік дәрменсіздігі мен
толықсыздығы сезімі. Бұл адамдарда осы сезімдерден айырылуға ашық ұмтылыс
бар, бірақ бағыну тілегімен түсініксіз байланыс оларда күшті. Олар ылғи
да сыртқы күшке бағынуға тәуелділік көрсетті. Олар өмірді өздері басқара
алмайтын үлкен машина ретінде қабылдайды.
Бұндай тип сипатында садистік тенденция да бар. Шартты түрде оларды
үш типке бөлуге болады:
1) адамдар үстінен билікке ұмтылу;
2) адамдардың материалды және моральды байлықтарын
сіңіруге ұмтылыс;
3) басқаларға қайғы әкелуге ұмтылу.
Садистік тенденциялар рационалданады себебі олар мазахизм сияқты
ренішсіз емес. Мазохистерді бақылау Фроммға олардың бәрі жалғыздық
қорқынышына толы екендігін анықтауға көмектесті, бұл қорқыныш жасырылған
болуы мүмкін, бірақ ол бар және негативті еркіндікпен негізделген.
Мазохизм бұл корқыныштан өзінен еркіндік ауыртпалығын алу арқылы құтылу
жолы - өз тұлғасынан бас тарту. Белгілі жағдайларда мазохистік
тырысулардың жүзеге асуы жеңілдік әкеледі.
Авторитарлы мінез туралы айта отырып Фромм оның арнаулы ерекше сипаты
билік пен күшке қатынас дейді. Авторитарлы сипат үшін адамдар күшті мен
әлсіздерге бөлінеді. Күш бағынуға дайындықты шақырады әлсіздік адамды
төмендету, таптау тілегі мен ашуды шақырады. Басқаша сипатты ерекшелігі —
билікке қарсыласу тенденциясын тіпті егер билік мейірімді, репрессивті
болса да авторитарлы мінез адам
өз мәнін жоғалту конформизмді императивке айналдырады: адам басқаларды
күтумен сәйкес өмір сүрсе ғана өзіне сенімді болуы мүмкін, кері жағдайда,
психикалық денсаулықты жоғалту тәуекелі бар. Қоғамдық үлгіге бейімделе
отырып, өз мәні бойынша күдікті басып, сенімді иеленуге болады, бірақ
бағасы биік: өз спонтандығынан, даралығынан, еркіндігінен бас тарту.
Эмоционалды өлі биологиялық робот қалады.
Қазіргі адам үшін еркіндік нені білдіреді? Адам сыртқы байланыстан
еркін болды. Ол егер нені қалайтынын білсе өз еркімен әрекеттенеді. Бұның
орнына ол анонимді билікке бейімделеді және оның жеке мәнін мүлдем
білдірмейтін "Менді" меңгереді.
Жекеленбеген, керісінше әлеммен, басқа адамдармен және табиғатпен
бірікке тәуелсіз тұлға ретінде, адамның өмір сүретін позитивті еркіндік
жағдайы мүмкін бе? Бұндай еркіндікті иелену Фром бойынша, өз тұлғасын
жүзеге асыру арқылы мүмкін. Идеалистер көзқарасынша тұлға интелект арқылы
жүзеге асады.
Фроммның пікірінше, өзін жүзеге асыруға барлық эмоционалды
мүмкіндіктердің белсенді көрінуі жолымен қол жеткізіледі. Басқаша айтсақ,
позитивті еркіндік адам тұлғасының спонтанды белсенділігіне негізделеді.
Спонтанды белсенділік — бүл тұлғаның еркін әрекеті. Спонтандылық алғы
шарты ақыл мен мінез арасындағы бөлінісінің жойылуы болып табылады.
Фроммның пікірінше, спонтандық әрекеттің мысалына суретшілер және балалар
жатады.
Еркіндік проблемасын спонтандық әрекет шешеді деген пікірдің құпиясы,
Фромм бойынша, махаббат пен еңбекте. Өз тұлғасын сақтау негізінде еркін
одақ болып табылатын махаббатта. Спонтандылықтың басқа құрама бөлігі —
еңбек, шығармашылық болуы керек, жалғыздықтан қашу үшін мәжбүрлі әрекет
болмауы тиіс. Еркіндікке тән негізгі қайшылық — даралықтың тууы және
жалғыздықтың ауыртпалығы — адамның барлық өмірінің спонтандылығымен
шешіледі.
Позитивті еркіндік тұлғаның жүзеге асуы ретінде, индивидтің
қайталанбастығын мойындауды білдіреді. Индивидтің
органикалық дамуы тұлғаның ерекшелігін силау жағдайында мүмкін. Позитивті
еркіндік — адам өз өмірінің орталығы, мақсаты дейді; оның даралығының,
тұлғалығының дамуы — жоғарғы мақсат. Фромм, адам жоғарғыға бағынбауы
керек дегенде, ол идеал мәнін терістемей, керісінше, нақтылайды. Мақсат
ретінде кең таралған идеал түсінігі психологияға жатады, сондықтан да
релятивистік концепция; бұл мәнде
еркіндік үшін фашист пен күресші — бір. Фромм бойынша, әлі қол жетпеген
нәрсеге ұмтылуды білдіретін, бірақ индивидтің дамуы мен бақыты үшін
қажетті шынайы идеалдар бар.
Фромм бойынша шынайы идеал — бұл тұлғаның бақыты мен еркіндігінің
дамуына мүмкіндік беретін жетістік пен мақсат. Өмірге қауіпті иррационалды
жетістіктер мен мақсаттар жалған идеялар болып табылады.
Фромм кітабының негізгі ойы қазіргі заман адамы үшін еркіндіктің екі
ұштылығына негізделген: ол бұрынғы биліктен азат етіліп "индивидке"
айналады, бірақ сонымен бірге жекеленеді және әлсіз болып, сыртқы
мақсаттардың құралына айналады.
Позитивті еркіндік индивид қабілетінің толық жүзеге асуын білдіреді,
оған спонтанды және белсенді өмір сүруге мүмкіндік береді. Еркіндік өзінің
қарама-қарсылығына айналдыра алатын сыни нүктеге қол жеткізді.
Демократиянық болашағы жекеленудің жүзеге асуына байланысты. Индивидтің
бақыты және оның дамуы, оның мақсаты мен мәні болған қоғамда демократия
пайда болған жағдайда ғана еркіндік жеңіп шығады. Қоғамның бүгінгі
соқтығысқан проблемасы — адам олардың қожайыны болсын, деген әлеуметтік
және экономикалық күштердің ұйымы. Оны шешу жолы, Фроммның пікірінше,
қазіргі заманғы демократия жетістіктерін және еркіндік, ынтаны және
индивидтің спонтандылығын дамуы бағытында оның прогресін сақтап қалуды;
және де тек жеке мақсатта ғана емес, ең алдымен оның еңбегінде. Бұл үшін
қажетті шарт, барлық қоғамның күштерін біріктіруге мүмкіндік беретін,
жоспарлы экономикасы бар қоғам болып табылады.
Еркіндік ісіне қандай да бір экономикалық немесе саяси жүйе мүмкіндік
бере ме, деген сұраққа тек бір ғана саясат немесе экономика көзқарасы
бойынша жауап беруге болмайды. Еркіндікті жүзеге асырудың жалғыз жолы —
индивидтің жеке өзінің тағдырын және қоғам өмірін тек сөз беру актімен
ғана емес, барлық күнделікті жұмыспен басқа адамдармен қарым-қатынасын
анықтауда белсенді қатысуы. Фроммның пікірінше, демократия мен фашизм
арасындағы негізгі айырмашылық осыдан шығады.
Демократия - бұл индивидтің толық дамуы үшін экономикалық, саяси және
мәдени жағдай жасайтын жүйе. Фашизм — бұл индивидті сыртқы мақсаттарға
бағынуға мәжбүр ететін және оның шынайы жекелігінің дамуын әлсірететін
жүйе.
Шынайы демократияны құру жолындағы негізгі проблема, Фромм бойынша,
жоспарлы экономиканың әрбір индивидтін
белсенді қатысуымен қосарлануының қиындығында.
Жоспарлы экономика бір орталыққа бағындыруды және осы машинаны басқаруға
қабілетті бюрократиялық аппаратты кұруды көздейді.
"Адам қоғамды меңгеріп және адамның бақыты мақсатында экономикалық
машинаны бағындырғанда ғана, ол әлеуметтік прогрессте белсенді қатысқан
кезде, сонда ғана ол өзінің бұрынғы өжеттілігінің себебін жеңе алады:
жалғыздық және әлсіздік сезімін. Бүгінде адам тек кедейліктен ғана емес,
сонымен бірге ол алып машинаның винтіне, роботқа айналғанынан, оның өмірі
мәнін жоғалтқаннан да жапа шегеді. Авторитарлы жүйенің барлық түрін жеңу
тек егер демократия шегінбей, керісінше, соңғы жылдарда еркіндікке
ұмтылған күресшілер мақсатын жүзеге асырып, алға жылжыған жағдайда ғана
мүмкін болады. Демократия адамдарға ең күшті сенімді, адамның қабілеті бар
- өмірге, шындыққа және еркіндікке — адамның тұлғалығының белсенді және
спонтандық жүзеге асыру еркіндігіне сенімді бере алған жағдайда ғана
нигилизм күштерін жеңеді". Міне осындай оптимистік - өнеге көрсетерлік
сөзбен Эрих Фромм "Еркіндіктен қашу"еңбегін -аяқтайды.
.2 Эрих Фромм: жеке адамның гуманистік теориясы
Бірде бір теоретик Эрих Фромм сияқты жеке адамның
әлеуметтік детерминантын соншалықты айқын бейнелеп бере
алмады. Гуманистік бағыттың өкілі ретінде, Фромм адамның
мінез-құлқы нақты қазіргі тарихтағы мәдениеттің әсерімен ғана
түсінілуі мүмкін екенін айтады. Ол, тек адамға ғана тән
кажеттіліктер адамзаттың тарихы барысында эволюция жолымен
дамыды, ал түрлі әлеуметтік жүйелер, өз кезегінде, осы
кажеттіліктердің көрінісіне әсер етті. Фромм көзқарасы
бойынша, жеке адам — туа біткен қажеттіліктердің және
әлеуметтік нормалар мен бұйрықтың қысымы арасындағы
динамикалық өзара әрекеттің нәтижесі болып табылады. Ол
алғашқы болып, адамдар қоғамда әлеуметтік процесс пен
мәдениетті қалай белсенді жасауындағы әлеуметтік талдауға
негізделген мінез-құлық типтерінің теориясын
қалыптастырды.5
Эрих Фромм қалыптастырған теория психологтарды ең
алдымен ондағы адамның тұлғалығының әлеуметтік
детерминанттары толық сипатталғандығымен қызықтырады. Фромм өзінің
психологиялық зерттеулерінде қоғамның топтық құрылыммен бірге, адам
дамуындағы биологиялық факторларын ескере отырып тарих пен экономиканы
біріктіруге тырысты. Марксизм мен фрейдтік психоанализдің әлеуметтік-
экономикалық теориясына сыни қарап, Фромм өзінің теориясында олардың
шынайы жетістіктерін біріктіреді. Оның "гуманнистік психоанализ" деп
аталған тәсілі, қорқыныш, үрей, жалғыздық пен жекелену стихия әлемінен
бөлінуі болып табылатынын түсіндіреді.
Фромм ойларының тағы бір кең таралған түрі, бұл ол жете
зерттеген концепция, адамның еркіндікке қатынасы.
Капитализмнің шарықтауы, бір жағынан адамдарға жеке
еркіндік пен бос уақытты береді, ал екінші жағынан — оларға
үрей, жекелену және әлсіздік сезімін тудырды. Еркіндік бағасы,
Фроммның пікірінше, оның артықшылығын жоғарылатады.
Капитализммен пайда болған жекелеу сезімі, адамдарға екі
альтернативаны қалдырады: тұлға аралық тәуелділікпен
еркіндіктен жасырыну немесе махаббат, шығрамашылық және еңбек арқылы өзін
жүзеге асыруға әрекеттену.
Еркіндікпен бірге жүретін жалғыздық сезімін, өзінің
маңызсыздығы мен жатсыну сезімін адамдар қалай жеңеді?. Бір
жолы - өзінің жекелігін басып еркіндіктен бас тарту. Фромм
еркіндіктен қашу" үшін адамдардың қолданатын бірнеше
стратегиясын көрсетеді. Олардың бірі - "жеке "менімен"
жоғалтқан күшке жету үшін өзін сыртқы біреумен немесе
бірдемемен біріктіру тенденциясы" ретінде
анықталатын
авториторизм. Авторитаризм мазохистік және
садистік
тенденцияларда көрінеді. Қашудың екінші тәсілі
—
деструктивтілік. Осы тенденцияға сүйеніп, адам басқаларды
қойып немесе көндіріп, құнсыздық сезімін жеңуге тырысады.
Э Фромм бойынша, борыш, патриотизм және махаббат —
деструктивті әрекеттердің рационализациялаудың кең таралған
түрлері.
Сайып келгенде адамдар мінез-қүлықты реттейтін
әлеуметтік нормаларға бағыну арқылы жалғыздық пен жатсынудан құтыла алады.
Фромм бойынша, еркіндіктен қашудың осы механизмдеріне қарама-қарсы
позитивті еркіндік тәжірибесі де бар, ол арқылы жалғыздық пен жатсыну
сезімінен құтылуға болады.
Фромм пікірінше, адамдар басқа адамдармен және қоғаммен бірлік сезімін
жоғалтпай автономды және уникалды бола алады. Ал позитивті еркіндік түрін
атайды, онда адам өзін әлемнің бір "әлігі ретінде сезінеді және сонымен
бірге оған тәуелді емес.
Позитивті еркіндік жетістіктері адамдардан өмірде спонтанды
белсенділікті талап етеді. Фромм өзінің "махаббат өнері" атты : әйгілі
еңбектерінің бірінде, махабатт және еңбек — бұл .спонтанды белсенділіктің
көрінісі арқылы позитивті еркіндіктің дамуын жүзеге асыратын негізгі
компоненттер. Махаббат пен еңбек арқылы адамдар басқалармен қайта
бірігеді.б
Фроммның негізгі тезисі мынандай: даму процесінде адамдар
өздерінің табиғатпен және бір-бірімен тарихқа дейінгі бірлігін
жоғалтып алды. Өзін түсіну жалғыздық, жекелену сезімін
тудырады. Бұл сезімдерден арылу үшін адамдар табиғатпен
және өзіне ұқсастармен қайтадан бірігуге ұмтылады.
Бұл бірігуге ұмтылысты ынтыландыратын факторлар ретінде төрт
экзистенциалды қажеттіліктер шығады: байланысты құруда басқалармен бағыну,
билік немесе махаббат арқылы жақындасу), өзін жеңуде (өз өмірін құру
немесе қирату арқылы, өзінің пассивті тіршілігінен жоғарылау қажеттілігі),
нығаю сезімінде (әлемінің тұрақтылығы сезімен тудыру), өзін ұқсастыруда
("Мен" - бұл "Мен", және басқа ешкім "емес"), көзқарас жүйесінде.
Фромм адамның бір тиімді және төрт тиімсіз бағыттарын ажыратты. Тиімді
бағыт махаббат, еңбек және ой негізінде құрылады. Тиімсіз бағыттағы
адамдар төрт типке бөлінеді: рецептивті, пайдаланушы, жинақтаушы және
рынок.
Тарихи даму барысында адамдардың жеңіп алған
экономикалық және саяси еркіндік көптеген ауыртпашылықтың
себебіне айналды. Адамның басына түскен еркіндіктің
ауыртпалығы осы әлемдегі жалғыздық сезімі мен глобальды
үрейдің себебі болды. Осы сезімдерден құтылу үшін кейбір
адамдар қашу механизмдерін пайдаланады: авторитарлық,
деструтивтілік, бағыну. Басқалары әлеммен бірлікке және
шынайы еркіндікке қол жеткізеді.
Фроммның концепциясы социолог-теоретиктермен сондай-ақ кейбір
философиялық ағымдармен жоғары бағаланады. 5
2 ЭРИХ ФРОММНЫҢ "ЕРКІНДІКТЕН ҚАШУ" ЕҢБГІ
2.1 Еркіндік дегеніміз психологиялық мәселе болып табылады ма?
Европа және Америка тарихында жаңа тарих деп аталатын кезеңде, адамның
аяқ қолын байлап тұрған саяси, экономикалық және рухани бұғаулардан
еркіндігі үшін күреске бағытталған күштермен қамтамасыз етілген еді.
Қаналушылар өздерінің еркіндігі үшін артықшылығын және жеңілдіктерін
жоғалтқысы келмегендерге қарсы күресті, және жаңа құқық туралы ойлады.
Бірақ та бір ескеретін жай, белгілі әлеуметтік тап өзінің бостандығына
ұмтыла отырып, өзінің жеке еркіндігі үшін күрестің жалпы еркіндік үшін
күрес екендігіне берік сенді, және осы сенімнің дұрыстығына сенімділігі
күресушілер табының мақсатының дәріптелуіне алып келді, ал таптың өзі
отарлық жәбірленушілерді, өз еркіндігін алу туралы және бостандық туралы
арманмен өмір сүргендердің барлығын өз жағына тартты. Осы қиыншылық
жағдайларға қарамастан, шынымен де осы үдайы және үзақ күресте, оның
отын жаққан таптар біршама табысқа және жеңіске жетіп жеңімпаздармен
бірікті және кейіннен өздері қорғаған жеңілдіктердің иелері болды.
Бірақ та, жеңілудің жиілігіне қарамастан, көп жағдайда сонда да
еркіндік жеңіп шығатын. Бұл жеңістер көптеген адамдардың өмірінен тұрды,
олар зорлықпен өмір сүргенше еркіндік үшін өлу дұрыс екендігіне сенімді
болды. Еркіндік үшін өлу, олардың пікірінше, өмірдің лайықты ақыры,
жекеліктің ең жоғарғы жетістігі болды. Тарихи даму процесінде бірнеше рет
адамның өзін басқару қабілеті, өз бетімен шешім қабылдау қабілеті, өзінің
жеке көзқарасы бойынша сезіну және ойлау қабілеті дәлелденгені туралы
пікірлер пайда болды.
Адамның барлық қабілеттерінің ашылуы және дамуы — міне, қоғамның даму
процесінде адамзаттың қарқынды ұмтылған мақсаты қалай көрінді. Адамзаттың
еркіндікке ұмтылысы демократия принциптерінде, экономикалық либерализмнің
негізгі жағдайларында көрінді. Шіркеудің мемлекеттен бөлінуі және өзге
өміріне жеке қарау, сондай-ақ адамның еркіндікке және тәуелсіздікке жету
ықыласын көрсетеді. Және, шынында да, бұғаулар бірінен соң бірі жойылды.
Адам шамамен айтқанда оны басқаратын табиғатты жеңді және оның өміршісі
болды; ол шіркеу бұғауларынан және мемлекеттің абсолютті және даусыз
билігінен азат етілді. Сыртқы қысымнан құтылу тек қажеттілік ретінде ғана
емес, сондай — ақ алға қойған мақсатқа жету үшін
жеткілікті шарт ретінде де қарастырылады: әрбір адамның еркіндікке қол
жеткізуі үшін.
Көпшілік бірінші дүние жүзілік соғыстың соңғы қанды осы соғыстың
аяқталуы тұрақты болғандығын, ал бұрыңғы монорхияның орнына жаңа
демократиялық жүйелердің келгенін білдіретін еркіндіктің соңғы және даусыз
жеңісі ретінде көрінді. Бірақ та осы мәнді оқиғалардан кейін бірнеше жыл
өткеннен соң әлем осы көп ғасырлық күрес барсында жеңіп алынған нәрсенің
барлығын сызып тастаған (жауып қойған) жаңа жүйелердің пайда болуын күтті.
Пайда болған жүйелерге байланысты мұндай түңілушілік олардың адамның
қоғамдық, сондай-ақ жеке өмірін толық айқын анықтағандығымен оңай
түсіндіріледі, және бұл жүйелердің мәні азғана адамдар тобының барлығының
шексіз билікке сөзсіз бағыныуынан тұрды.
Алдын көбісі өздеріне өктемдік жүйелердің пайда болуының жұбандыратын
түсінігін тапты, ол кейбір жеке адамдардың психикалық сырқаттануы туралы
болжам жасаудан тұрды. Басқаларының ойынша, бұған себеп итальяндық және
германия халықтарының демократиялық қоғам жағдайында өмір сүруге
жеткілікті тәжірибесінің жоқтығы, және сондықтан бұл халықтар саяси түрде
жетілгенше күту қажет. Тағы бір кең таралған және мүмкін ең қауіпті қате
пікір, - Гитлер сияқты адамдардың алаяқтықпен және күштеу арқылы
мемлекеттік жүйенің басына тұратынына және өкіметті тартып алатынына көзі
жеткендігінде, олар және олардың көмекшілері дөрекілікке және
мейірімсіздікке ғана сүйеніп опасыз басқарады, ал оған бағынған халық
надандықтың, опасыздықтың және террорлық актінің әлсіз құрбаны болады.
Фашистік ережелерді жеңгеннен кейінгі жылдар жоғарыда көрсетілген
көзқарастардың дұрыс еместігін анықтады. Германиядағы өз еркіндіктерінен
бас тартып, басқа адамдардың еркіндігі үшін өз өмірін қиған аталар мен
әкелерді, миллиондаған адамдарды мойындамауға болмайды. Миллиондаған
адамдар сол еркіндікке жетуге ұмтылмағандарын, керісінше, одан құтылғысы
келгендігін паш етіп көрсетеді. Басқа адамдар парықсыз және немқұрайлы
болды, еркіндік үшін күресудің және сондай — ақ ол үшін өз өмірін қиюдың
қажеті жоқ деп есептеді. Сондай —ақ біздің түсінгеніміз, демократия
дағдарысы тек Италия немесе Германияға қатысты емес, ол өте қарқынды және
қазіргі әрбір мемлекетке қауіп келтіреді. Сонымен бірге, адам еркіндігінің
қарсыластары шығатын белгінің түсінің мүлдем мәні жоқ. Егер антифашистік
ұранмен жасырынып еркіндікке қастық жасаса, онда бұл фашизмге тиісті
ұранға қарағанда, мұнда қауіп-қатер азаймайды. Бұл ойды Джон Дьюи жақсылап
тұжырымдаған, менің ойымша, оның сөздерін келтіруге болады: Біздің
демократиямыз үшін маңызды қауіп басқа тоталитарлы мемлекеттердің бар
болуында емес. Нағыз қауіп-қатер, ол біздің жеке құрылымызда, біздің жеке
институттарымызда, біздің жүйемізде осы тоталитарлы мемлекетте сыртқы
өкіметті жеңуге алып келген, қатаң, міндетті тәртіпке және бағынуға, ой
мен идеяның біркелкілігі мен көсемдерге тәуелді болуға алып келген алғы
шарттар орын алады. Сөйтіп, шайқас орны осы жерде, біздің өзімізде, біздің
қоғамдық жүйемізде болуы мүмкін.
Фашизммен күресуге және жеңемін деп сену тек оны түсінгенде ғана мүмкін
деген пікірге ешкім қарсы болмас деп ойлаймын. Шынымен де, күресті
жетістікпен аяқтау тек қарсыласының көзқарасын түсінген жағдайда ғана
мүмкін болады. Бұл жағдайда жорамалдау пайдасыз, ал оптимистік пікірді
қайталау үндістердің отты айнала билейтін салттық биі сияқты нәтижесіз.
Фашизмнің пайда болуына, дамуына және соңында жеңуге мүмкіндік беретін
проблемалық экономикалық және әлеуметтік шарттардан басқа сондай — ақ тағы
ескерілетін нәрсе адамның өзінде, оның жеке проблемасында болатын алғы
шарттар бар. Берілген кітаптың мақсаты, фашистік мемлекеттерде бақыланатын
және біздің еліміздегі көптеген миллиондаған адамдарға қатысты, оның өз
еркімен еркіндіктен бас тартуына мүмкіндік тудыратын қазіргі заманғы
адамның психикасының әсерлі, күші бар элементтерін талдауға негізделген.
Еркіндік мәселесін адамдық аспектіні ескере отырып қарастыру,
бағынушылыққа немесе билікке ұмтылысты қарастыру сансыз көп сұрақтардың
пайда болуына алып келеді. Адамдық қасірет ретіндегі еркіндік дегеніміз
не? Еркіндікке ұмтылу — адамның негізгі тартып алынбайтын қасиеті деген,
шынымен де дұрыс па? Осы ұмтылыстың жеке адамның белгілі бір қоғамның
мәдениет деңгейі негізінде даму нәтижесінде қол жеткізген даму дәрежесіне,
адамның өмір сүру шарттарына қандай да бір тәуелділігі бар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz