Әлемдегі түркі халықтардың өсу деңгейі


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

І. 1 Әлемдегі түркі халықтардың өсу деңгейі

Түркілердің қоныстану аралығының ареал кеңдігін жоғарыда айтып өттік. Олардың тұтас атамекені үш жерде үзылып қалып отыр. Ол солтүстік-шығыс пен оңтүстік батыста славяндардың сұғына еніп, қоныстануынан және оңтүстікте парсы тіл дестердің ежелгі мекен-жайынан анық байқалады. Әдепте, түркітанушылар түркі тілдес елдерді төрт тіл тобына бөледі. Ал, біз олардың орналасуы және өсу жағын ескеріп, түркі тілдес халықтарды бес тіл тобына бөлдік. Осы тұрғыдан келгенінің өзінде де бұрынғы топташа бұзылмайды, керісінше түркі тілдерінің оғыз территориялық топтамасы жеке бөлініп алынады (қазіргі Түркіменстан мен Ауғаныстанның батысы және Иранның шығысы) . Түркі тілдес халықтар күрделі тарихи кезеңдерде климаты халық санының өсуіне қолайлы отырықшы дәстүрі бар оңтүстік батыс бағытқа қарай қоныс аударған. Ал солтүстік-шығыстағы алғашқы шыққан жерінде климаттың қаталдығынан сол жердегі тілдерде сөйлейтіндер саны көп өсе алмаған. Салыстыра қарастырғанымызда солтүстікте алғаш қалыптасқан қарлұқ тобына қарағанда шағатай тобы жеті есе басым екендігі көрінеді. Бұл тілдің тағдырында демографиялық факторлардың күшті орын алатынын айқын білдіреді.

Әлем бойынша түркі тілдес халықтардың жалпы саны. (Халықаралық статистика бойынша 1992 жылдың ортасында жасалған есеп)

Ұлттар тізімі: Ұлттар тізімі
саны: саны
Ұлттар тізімі: Түріктер
саны: 57, 0 млн
Ұлттар тізімі: Өзбектер
саны: 19, 8 млн
Ұлттар тізімі: Қазақтар
саны: 16, 2 млн
Ұлттар тізімі: Ұйғырлар
саны: 10, 5 млн
Ұлттар тізімі: Татарлар
саны: 7, 9 млн
Ұлттар тізімі: Түрікмендер
саны: 7, 2 млн
Ұлттар тізімі: Қырғыздар
саны: 4, 7 млн
Ұлттар тізімі: Чуваштар
саны: 3, 0 млн
Ұлттар тізімі: Башқұрттар
саны: 1, 9 млн
Ұлттар тізімі: Қырымдықтар*
саны: 1, 9 млн
Ұлттар тізімі: Қатқайлар
саны: 1, 6 млн
Ұлттар тізімі: Қызылбастар
саны: 790 мың
Ұлттар тізімі: Қарақалпақтар
саны: 785 мың
Ұлттар тізімі: Якуттар (сахалар)
саны: 475 мың
Ұлттар тізімі: Апшарлар
саны: 400 мың
Ұлттар тізімі: Шақылбандар
саны: 390 мың
Ұлттар тізімі: Құмықтар
саны: 320 мың
Ұлттар тізімі: Тувалар
саны: 315 мың
Ұлттар тізімі: Месхеттер*
саны: 250 мың
Ұлттар тізімі: Гағауыздар
саны: 225 мың
Ұлттар тізімі: Қарашайлар
саны: 223 мың
Ұлттар тізімі: Кипірліктер
саны: 170 мың
Ұлттар тізімі: Қарапапактар
саны: 155 мың
Ұлттар тізімі: Малқарлар
саны: 105 мың
Ұлттар тізімі: Саларлар
саны: 100 мың
Ұлттар тізімі: Хакастар
саны: 93 мың
Ұлттар тізімі: Ноғайлар
саны: 90 мың
Ұлттар тізімі: Алтайлар
саны: 85 мың
Ұлттар тізімі: Бұқар еврейлері **
саны: 40 мың
Ұлттар тізімі: Қаджарлар
саны: 38 мың
Ұлттар тізімі: Ұранқайлар
саны: 30 мың
Ұлттар тізімі: Қарадағтар
саны: 25 мың
Ұлттар тізімі: Шорлар
саны: 20 мың
Ұлттар тізімі: Сарыұйғырлар***
саны: 14 мың
Ұлттар тізімі: Долғандар
саны: 7 мың
Ұлттар тізімі: Хотандықтар***
саны: 5 мың
Ұлттар тізімі: Қарайымдар
саны: 4 мың
Ұлттар тізімі: Қырымшақтар
саны: 2 мың
Ұлттар тізімі: Топалар
саны: 1 мың

* Қырымдықтар (қырым татарлары) мен месхеттерді (месхет түріктері) және кипрліктерді (кипр түріктері) жеке халық ретінде татармен түрік санынан шығарып, жеке есебін қорыттық.

** Бұқар еврейлері шағатай-өзбек тілінің бір диалектісінде сөйлегендіктен түркі тілдес этносқа енгіздік.

*** Сарыұйғырлар мен хотандықтар жеке халықтар ретінде есептеледі, ұйғырлар санына енген жоқ.

Жер жүзі бойынша түркі тілдес халықтардың ресми саны - 135 млн. 682 мың.

Түркі халықтарының жер шары бойынша орналасуы

Рагиондар мен елдер: Рагиондар мен елдер
саны: саны
Рагиондар мен елдер: 1. Шетелдік Азияда
саны: 75 млн. 306 мың
Рагиондар мен елдер: Түркияда
саны: 50 млн. 976 мың
Рагиондар мен елдер: Иранда
саны: 12 млн. 280 мың
Рагиондар мен елдер: Қытайда
саны: 9 млн. 100 мың
Рагиондар мен елдер: Ауғаныстанда
саны: 2 млн. 150 мың
Рагиондар мен елдер: Молнғолияда
саны: 500 мың
Рагиондар мен елдер: Араб елдері
саны: 300 мың
Рагиондар мен елдер: Басқа елдерде
саны: 115 мың
Рагиондар мен елдер: 2. Бұрынғы Кеңес Одағында
саны: 53 млн. 431 мың
Рагиондар мен елдер: Орта Азияда
саны: 24 млн. 500 мың
Рагиондар мен елдер: Орал мен Еділ бойында
саны: 10 млн. 231 мың
Рагиондар мен елдер: Қазақстанда
саны: 8 млн. 350 мың
Рагиондар мен елдер: Кавказбен Қырымда
саны: 7 млн. 380 мың
Рагиондар мен елдер: Сібірмен Қиыр Шығыста
саны: 1 млн. 600 мың
Рагиондар мен елдер: Европалық аймақта
саны: 1 млн. 250 мың
Рагиондар мен елдер: 3. Шетелдік Европада
саны: 4 млн. 500 мың
Рагиондар мен елдер: Балқаш елдерінде
саны: 2 млн. 400 мың
Рагиондар мен елдер: Солтүстік Европада
саны: 1 млн. 500 мың
Рагиондар мен елдер: Оңтүстік Европада
саны: 600 мың
Рагиондар мен елдер: 4. Солтүстік Америкада
саны: 120 мың
Рагиондар мен елдер: 5. Африкада
саны: 55 мың
Рагиондар мен елдер: 6. Латын Америкасында
саны: 40 мың
Рагиондар мен елдер: 7. Австралияда
саны: 25 мың
Рагиондар мен елдер: Әлемдегі жиынтық саны
саны: 133 млн. 482 мың

Біздің есебімізше, түұркі тілдес бес топ, қырық тіл, жүзден аса диалектіге бөлінеді. Түркі тілдес халықтарда бұрын тіл диалектілері орынсыз көп болатын, олар қазірде сақталып отыр.

Мәселен, татар тілінде ноғайлық, миллар, тептяр, кремен, қырым, бараба, астрахан диалектілері ұшырасады. Өзбек және ұйғыр тілдеріндегі диалектілер жеке оазистер бойынша қалыптасқан (өзбек тілінде Ферғана, Ташкент, Зарафшан, Хорезм диалектілері, ұйғыр тілінде Қашғар, Жаркент, Тұрфан, Құлжа диалектілері) .

Басқа тілдердегі сияқты түркі тілдерінде де демографиялық факторлардың атқаратын қызметі аса маңызды. Тіл мамандары қазақ тілінде диалектілердің айқын болмауын көшпелі өмірге байланысты құбылыс ретінде түсіндіреді. Бұл өте орынды тұжырым ықпалымен ана тіліміздің диалектісіз. таза күйінде қалыптасқаны тарихи шындық. Өткен ғасырларда қазақтар жеті атаға дейін өзара қыз алысып, қыз беріспейтін. Сол себептен оларға құда түсу үшін алыс ауылдарға барып басқа рулармен құда-андалы болуға тура келген. Әдепте, жеті ата ауысуы үшін кемінде 250-300 жылдай уақыт керек болған.

Бой отбасылары 1000 шақырымға, орта уақытты отбасылары 500 шақырымға, ал кедей отбасылары кемінде 100 шақырымға дейінгі аймақта көлемде құда түсуге барған. Егер осы құдалық радиустар ылғи жылжып отырғанын және көшіп-қонушылар бірінің жолын бірі кесіп өтпейтінін ескерсек, көшпелілік пен алыс құда-андалық ана тілімізде диалектілердің басшауының бірден-бірі себепкері даусыз.

Бұрынғы Кеңес Одағындағы түркі тілдес халықтардың (1991 жылдың ортасындағы санақтың нәтижелері бойынша және екі жарым жылдық табиғи өсіммен қосып жасалған) .

Халықтар тізімі: Халықтар тізімі
Саны: Саны
Бұрынғы КСРО мен шет елдегі проценттік қатынасы: Бұрынғы КСРО мен шет елдегі проценттік қатынасы
Халықтар тізімі: Өзбектер
Саны: 17, 9 млн
Бұрынғы КСРО мен шет елдегі проценттік қатынасы: 90:10
Халықтар тізімі: Қазақтар
Саны: 8, 7 млн
Бұрынғы КСРО мен шет елдегі проценттік қатынасы: 84:16
Халықтар тізімі: Әзірбайжандар
Саны: 7, 2 млн
Бұрынғы КСРО мен шет елдегі проценттік қатынасы: 45:55
Халықтар тізімі: Татарлар
Саны: 6, 9 млн
Бұрынғы КСРО мен шет елдегі проценттік қатынасы: 93:7
Халықтар тізімі: Түркімендер
Саны: 3, 0 млн
Бұрынғы КСРО мен шет елдегі проценттік қатынасы: 74:26
Халықтар тізімі: Қырғыздар
Саны: 2, 8 млн
Бұрынғы КСРО мен шет елдегі проценттік қатынасы: 97:3
Халықтар тізімі: Чуваштар
Саны: 1, 86 млн
Бұрынғы КСРО мен шет елдегі проценттік қатынасы: 99:1
Халықтар тізімі: Башқұрттар
Саны: 1, 47 млн
Бұрынғы КСРО мен шет елдегі проценттік қатынасы: 92:8
Халықтар тізімі: Қырым татарлары∗
Саны: 500 мың
Бұрынғы КСРО мен шет елдегі проценттік қатынасы: 65:35
Халықтар тізімі: Қарақалпақтар
Саны: 470 мың
Бұрынғы КСРО мен шет елдегі проценттік қатынасы: 99:1
Халықтар тізімі: Саларлар
Саны: 0, 8 мың
Бұрынғы КСРО мен шет елдегі проценттік қатынасы: 1:99
Халықтар тізімі: Қошқайлар
Саны: 0, 7 мың
Бұрынғы КСРО мен шет елдегі проценттік қатынасы: 1:99
Халықтар тізімі: Қарадағтар
Саны: 0, 5 мың
Бұрынғы КСРО мен шет елдегі проценттік қатынасы: 4:96
Халықтар тізімі: Қаджарлар
Саны: 0, 3 мың
Бұрынғы КСРО мен шет елдегі проценттік қатынасы: 1:99
Халықтар тізімі: Қызылбастар
Саны: 0, 2 мың
Бұрынғы КСРО мен шет елдегі проценттік қатынасы: 0, 2:99, 8
Халықтар тізімі: Жақсыбандар
Саны: 0, 1 мың
Бұрынғы КСРО мен шет елдегі проценттік қатынасы: 0, 3:99, 7

Бұрынғы КСРО−дағы барлық түркі тілдес халықтардың ресми саны - 53 млн. 431, 3 мың 77:23.

∗ Соңғы санақта қырыс татарларының саны толық алынбағандықтан автор өз есептеуі бойынша олардың мүмкін болған толық санын беріп отыр. Жеке бөліндеген түркі тілдес халықтардың саны сарапшының өз бағалауымен көрсетілген. Тізімге саны өте аз, біздің елде мүлдем кездеспейтін сары ұйғырлар мен хотандықтар және Иранның шығыны мен Ауғанстанның батысында тұратын ұсақ түркі тілдес ұлыстар ғана енбей қалды.

Патшалық империяның 1897 жылғы алғашқы санағы Бұқар әміршілігі мен Хиа хандығында жүргендіктен, біз өз кестемізде өзбек, тәжік, түркімендердің санын басқа ресми деректерге сүйене беріп отырмыз. Ал қазақ, қырғыз және қарақалпақтар тұрған жерлер 1897 жылғы санақ толық қамтылды деуге болады. Әйтеседе де патша әкімшілдері жүргізген санақтарда және олардың ресми деректерінде толық көшпе халықтардың 15 % (қазақтар мен қырғыздар), жартылай көшпелі халықтардың 10 % (өзбектер мен тәжіктер) кем көрсетілгенін өз зерттеулерімізде дер кезінде байқадық. Осыны ескеріп олардың 1897 жылғы толық санын дәл есептеп шығаруға болады.

Осынлдай ғылыми түрде жасалған жүйелі толық есептер бойынша біздің елімізде 1915 жылдың аяғында аталмыш алты арыс елдің саны мына төмендегідей болып тарихи қалыптасқан: 1) қазақтар−5, 4 милион, 2) өзбектер−4, 8 миллион, 3) тәжіктер−1, 2 милион, 4) түрікмендер−950 мың, 5) қырғыздар−900 мың, 6) қарақалпақтар−175 мың. Сонда барлық алты орыс елдің толық саны осы ғасырдың басында 13 миллион 420 мыңға жетіп жазылған. Бұрынғы ресми статистикада 1939 жылға дейін жеке ұлыс ретінде өзінше есептеліп келген сарттарды және 140 мың құрама, қыпшақ, қоңыраттарды өзбектердің санына енгіздік.

1916 жылғы ұлт−азаттық көтерілістен бастап 1945 жылы Ұлы Отан соғысы аяқталғанға дейінгі қилы тарихи кезеңдерде санымыз өсудің орнына 3, 5 миллионға едәуір кеміген. Оған ықпал мен қазан төңкерісі, азамат соғысы, басшылар қозғалысы, ашаршылық, ауа көшу, асыра сілтеушілік, саяси репрессия сияқты тарихи қиын зұлмат оқиғалар себеп болған. Олардан аймақтағы халықтардың бәрі дерлік қатты зардап шекті және оның шығы орта есеппен 1960 жылы, 45 жылдан соң ғана қалпына келді. Осындай қатты а орнын қазақтар 1971 жылы 56 жылдан соң, ал Қазақстанның өзінде 1977 жылы 62 жылдан соң, сол сияқты қарақалпақтар тек 1961 жылы 46 жылдан соң, түрікмендер 1958жылы 43 жылдан соң, қырғыздар 1957 жылы 42 жылдан соң, тәжіктер 1955 жылы 38 жылдан соң толықтыра алды, яғни зұлматтық ұлттық демография тигізген зардабын жеңіп шықты.

1. 2. Түркіхалықтардың тіл өзгеруі және тілдік жақындығы бойынша орналасуы

Ірі тарихи оқиғалар мен мемлекеттік бірлестіктердің құрылуы түркі тілдерінің орнығуы, әлемге кеңірек таралуына тікелей себептер болды. Алғашқы түркі қағанаты құрылғанда қарлұқ тілдері, Алаш Орда заманда қыпшақ тілдері, Ақсақ Темір кезеңінде шағатай тілдері гүлденіп, өркендеді. Бәлкім, қазіргі ашпсырлар мен шақсыбандар, ғағауыздар мен месхеттер, қарашайлар мен құшықтар, сонымен қатар чуваштар мен далғандар кезінде түркіленген парсы, раиан, картвель, дағыстан финоугор халықтары болуы мүмкін.

Қалай десек те, көшпелі өмір шарықтаған орта ғасырлар заманында түркілену процесінің тез жүргені кезеңде түркі тілдерінің монғол, тунгус−шаньчжур, финно−угор, тіпті парсы тілдері де біршама ығыстырғаны шындық. Ал, кейінгі ислам діні тараған кезеңде араб тілі түркі тілдерін қатты ығыстырып әлемдік маңызын әлсіретіп тастады. Кезінде түркілердің мейлінше кең жайылғанын қазіргі түркі тілдес халықтардың әр түрлі нәсілдерге жататындығы да айқын дәлелдейді. Өйткені адамның нәсілдік белгілері тілдік ерекшеліктерден де бұрынырақ пайда болған. Сібірдегі түркі тілділер таза монғол пішіндестер, Еділ бойы түркілері аралас орал нәсіліне, Орта Азия - аралас тұратындықтан нәсілге, Кіші Азия аралас кавказдық нәсілге, ал ғағауыздар болса таза европалық нәсілге жатаныны белгілі. Біздің пайымдауымыз бойынша, ежелгі көшпелі түркілер қауымы, қазіргі қазақ даласына қалыптасып, Оңтүстік Сібір нә≈сілі негізінде қолдана, сол жерден солтүстіккпен оңтүстікке, батыспен шығысқа қарай, өзге нәсілдермен араласып, жоғарыда аталған басқа аралас түрлер құраған. Сол себептен қазақ пен қырғыз, ноғай мен қарақалпақта ежелгі түркі тілі барынша таза қалпында сақталған.

Түркі халықтары демографиясын зерттегенімізде, олардың тілі мен мәдениеті және орналасуы жағынан бір−біріне өте жақын немесе үшеуден, ал кейбіреулері тіптен төртеуден топтасып келетінін және олардың санында белгілі қатынастар сақталып отыратынын байқаймыз. Мысалы, түркі−әзірбайжан−қарақалпақ; өзбек−ұйғыр; қазақ−қырғыз−қарақалпақ; татар−башқұрт; түрікмен−қашқай−қызылбас−қарадағ; құмық−қарашай−шалқар−ноғай; алтай−шор; тува−хакас−ұралқай−топа; қырым−қарайым−қырымшақ, т. с. с. Бұлар бір діңгектен тараған үлкенді, орташа, кіші бұтақ екендігінде еш дау жоқ. Олардың ірілердің арасында жеке ұлт болып жіктелуі басып келіп, бүгінде біржола аяқталып, ал ұсақтарының арасында, керісінше, бір ұлыс болып қордалану жүріп жатқанда, кейбір саяси себептерден ол процесс тоқтап қалуы ықтимал. Айталық, қырым мен қарайым және қырымшақтарды жан−жаққа көшіріп, зорлықпен бөлуден бұл процесс аяқталмай қалды деуге болады.

Енді тікелей сан жөнінде сөз қорғайтын болсақ, түркі тілдес халықтар Евразия құрылығындағы саны жағынан алдңыға алтыншы орында. Тіл бойынша таптағанда қытай, үнді, славян, рашан, гершан тілдерінен кейін тұр.

Түркі тілдес халықтар сан жағынан өзара қатты алшақтанады. Демек, олардың тарихи тағдыры қилы замандарды әр түрлі болып қалыптасқан деуге толық негіз бар. Шағын сандық кішігірім ұлыстарға ерекше қамқор жасалмаса, олардың болашақта болып кетуі қаупі бар. Алайда, саны аз түркілер өздерін болашақтағы көп санды түркі әлемінің бір құрамдас бөлігі ретінде сезінсе, азшылықтың ауыр ахуалын оңай көтеруге болады.

Түркі тілдес халықтарының орналасуы

Әр тілде сөйлеушілердің сандық мөлшерімен жасалған тізімі және үлес салмағы: Әр тілде сөйлеушілердің сандық мөлшерімен жасалған тізімі және үлес салмағы
Жалпы саны: Жалпы саны
Әр тілде сөйлеушілердің сандық мөлшерімен жасалған тізімі және үлес салмағы: Қарлұқ тобы (қырғыз, сақа, тува, хакас, алтай ұрандай, шор, долған, топа) барлығы 9 тіл, 3 %
Жалпы саны: 3 млн. 886 мың
Әр тілде сөйлеушілердің сандық мөлшерімен жасалған тізімі және үлес салмағы: Оғыз тобы (түрікмен, қашқай, қызылбас, апшар, шақсыбан, каркадағ) барлығы 6 тіл, 5 %
Жалпы саны: 6 млн. 850 мың
Әр тілде сөйлеушілердің сандық мөлшерімен жасалған тізімі және үлес салмағы: Қыпшақ тобы (қазақ, татар, чуваш, башқұрт, қырым татарлары, қарақалпақ, құмық қарашай, шалқар, ноғай, қарайым, қырымшақ) барлығы 12 тіл, 17 %
Жалпы саны: 22 млн. 846 мың
Әр тілде сөйлеушілердің сандық мөлшерімен жасалған тізімі және үлес салмағы: Шағатай тобы (өзбек, ұйғыр, салар, бұқар, еврейлер, сарұйғыр, хотан) барлығы 6 тіл, 21 %
Жалпы саны: 27 млн. 854 мың

Түркі тілдес халықтардың толқы тізімі қырыққа жетеді. Кейбір ұсақ ұлыстарды (мысалы месхеттер жалпы түріктерден, қырымдықтарды татарлардан, сарыұйғырлар ұйғырлардан, топаларды тувалардан) бөліп қарастыру дау туығзуы мүмкін. Бұл жерде шығу тегі бір туысқан халықтардың ыдырап, ұзақ жылдар бойы оларды тіл, салт−дәстүр, мінез−құлық жағынан алшақтатып, жаңа ұлттық белгілер туғыза бастайтынын ескеріп өтеміз.

Ал біздің қазақ халқының ана тілі мен мемлекеттік тіл дегенге келгенде, өзінің айқын көрінісін тым нашар жанмен аңғартады. Ана тілін білудің ең сенімді көрсеткіші - қазақ отбастары өз үйінде ана тілінде сөйесе ме, әлде басқа тілге біржола көшіп кетті ме деген анықтауышпен шелітені белгілі. Ана тілі үйде қолданылудан қалды деген сөз. Бұл құрдымға әкеліп тіркелетін соңғы қадам. Жасыратыны жоқ, сол мәнгүрттікке салынып өз ана тілінен біржола қолданған, сөйтіп өз ұлты үшін жоқ болуға бет алға демографиялық тұлғалардың саны елімізде көптеп саналады. Сірә, тіліміздің ана тілі деп аталуы да осы жағдайдан болар! Отбасындағы аналар мен бой жетіліп ұзатылып кеткен қыздар тіліміздің таза табиғи негізін сақтауға мұрынқы бола білген. Содан болса керек, қазақ тілі табиғатынан шаңырақ сатында, алшақ қасында жан жылуы мен туған−туысқандық қатынасқан. Бұл ана тіліміздің тереңде жатқан демографиялық күш−қуатын аңғартады. Ол жағдайды жақсы түсіне білсек, біздің болашағымыз үшін аса маңызды болмақ!

Бұрынғы КСРО−ның 1959, 1970, 1979 және 1989 жылғы барлық төрт Бүкілодақтық санақтық тіл туралы қорытынды нәтижелерін сараптай келгенімізде республикадағы бүгінгі күнгі ұзын саны 1, 3 млн. −ға жететін қазақ отбасыларының 366 мыңы өз шаңырағында қазақша сөйлеуден қалғаны анықталды. Егер осы көрсеткішті ұлты қазақ жеке адам санына көшірсек, ол біршама төмендей түседі. Өйткені қазақша сөйлеспейтін отбасылары көбәне қалада кездеседі және олар бала санын шектейтін және қариялары жоқ болғандықтан, мұндай демографияда шағын көлемді отбасылар деп саналды. Сондықтан үйінде өзара қазақша сөйлеспейтін отбасы бойынша емес, енді жан санына келгенде, ол процентіміз 25−ке дейін біршама төмендейді. қорыта айтқанда Қазақстан Республикасында тұратын барлық жастағы қазақ адамдардың 25 % −і, яғни төртен бірі өз ана тілінде сөйлесуден қалған.

Тілді жоғалту үрдісі қазақ отбасында алғаш рет соғыстан соң туған балалардың орыс бала−бақшасына, кейін орыс мектебіне баруынан басталып, күін бүгінге дейінгі 44−45 жыл аралығында осындай биік деңгейге жеткен. Екі жылда бір процентке жоғалып отырған. Ауыл болса тілдік орнының айтарлықтай ↔︎қоюлығынан≈, тіптен ол жерде тілімізге деген ерекше қамқорлық жоқ болса да, шешуші жағдай - орта демография оңды болғандықтан, тіл жоғалтудың кері үрдісі жылдамдай алмаған. тіл жоғалту үрдісі тілдік ортаның этнодемографиялық ахуалына тығыз және тікелей байланысты екені оларға корреляциялық талдау жүргізгенде айқын байқалады. Нақтырақ айтар болсақ, қазақтардың обылыстар бойынша проценттері мен тіл жоғадтудың көрсеткіштер арасында байланыстың тығыздығы жоғары - 90 % −ке дейін жеткен. Ол екі құбылыстың арасында себеппен салдар ретінде тікелей тығыз байланыс бар деген сөз.

Әлеуметтік болмыста салдармен себептілік қатар жүрмейді. екеуінің арасында алшақтылық кемінде бір ұрпақтың ғұмырына созылады. Мәселен проценттік үлес салмағымыздың төмендеуі 1962 жылы тоқталса да тіл жоғалту үрдісіміз бір ұрпақ ауысқан соң ғана тоқтай алады. Яғни үлес салмағымыздың төмендеуі өз екпінімен 1932−62 жылдары басты себеп ретінде салдар туғызып келсе, енді соншама жыл бір ұрпақтың өмірін қажет ететіндей уақыт пен алған үрдісті тоқтатуы қажет. Қазақтарда ұрпақ алмасу циклі 30 жылға созылады, өйткені бала туған әйелдің орташа жасы бүгінге дейін отыздан әлі төмен түсе қойған жоқ.

Тұжырымдап айтар болсақ, қазақтар арасында шешуші демографиялық фактор - тілдік ортаның тікелей ықпалымен өз ана тілін жоғалту енді ғана тоқталып, өз ана тіліне оралу үрдісі жаңа ғана күш ала бастады. Демографиялық ахуалдың жақсаруы оған тегеурінді ықпал көрсеткенімен, бұл үрдісті жылдамдату үшін өмірдің әр саласында (мысалы бала тууды өсіруден бастап, оларды үйде тәрбиелеуден, мектепке оқытудан, еңбекке бау баулудан еліміздің мемлекеттік тілін әр салада ресми түрде қолдануға дейін) оған пәрменді жәрдем көрсету қажет. Былайша айтқанда белсенді тіл саясатын өзгерістермен ұштастырғанда ғана ол жемісті болмақ, яғни екінші сөзбен айтқанда, ана тілін атаның күшімен (демографиямен) құлпырта аламыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлемдегі халықтардың өсу деңгейі
Түркітану ғылымы және Түркітануға кіріспе
Түркі халықтарының рухани құндылықтары жайлы және этнос
Қазақ халқының демографиялық өткені мен болашағы
Адамзат тарихында ең ерте қалыптасқан ғылымдардың бірі – математика
Мәдениет және өркениет туралы
Еліміздегі тарихи-мәдени және археологиялық ескерткіштердің туризмдегі рөлі
Тәуелсіздіктен кейінгі қазақ – түрік әдеби-мәдени байланыстары
Бақсылық және бақсы сарындары
Әлеуметтік психологиядағы ұжым мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz