Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау негізі



Кіріспе
I. Заңды тұлғаның несиелік қабілетін бағалау
1.1. Қарыз алушы кәсіпорынның несиелік қабілетін
бағалау көрсеткіштері
1.2. Жеке тұлға төлем қабілетін бағалау
II. «Казкоммерцбанк» АҚ.дағы қарыз алушының несиелік қабілетін талдау тәжірибесі.
III. Несиелік қабілетті бағалауды жетілдіру жолдары. Шетел тәжірибесі
IV. Несие беру және қайтару есебі, несие бойынша пайыздарды есептеу және алу есебі
Қорытынды
Қазіргі несиелеу жүйесі қарыз алушының несиелік қабілетін анықтау әдістерінде де негізделеді. Айта кету керек, қарыз алушының несиелік қабілеті - бұл коммерциялық банк балансының өтімділігін қолдау әдісі болып табылады.
Несиелеу процесі белгіленген мерзімде сауданың қайтарылмай қалуға себепкер болатын көптеген тәуекел факторлардың іс әрекетімен байланысты болып келеді. Сондықтан да, банк ссудасының берілуі алдын-ала ықпал ететін факторларды оқып-үйрену арқылы несиелік қабілетті оқып үйренуге жағдай жасайды.
Қарыз алушының несиелік қабілеті - бұл қарыз алушының өзінің қарыздық міндеттемелерді бойынша толық және уақтылы есеп айрысу қабілеті.
Қарыз алушының несиелік қабілетінің, оның төлем қабілетінен бір айырмашылығы - онда өткен кезеңдегі немесе қандай да бір күндегі төлемсіздікті есепке алмайды, яғни мұнда алдағы уақыттардағы қарызды өтеу қабілетін болжанады. Өткен уақыттардагы қарыз алушының төлем қабілетсіздігінің дәрежесі клиенттің несиелік қабілетін бағалау барысында иек артатын ең бір формальды көрсеткіш болып табылады. Егерде қарыз алушының мерзімі өткен карызы болып, ал балансы өтімді және меншікті капиталдың мөлшері жеткілікті болса, онда банкке өткен уақыттағы төлемдердің бір рет кешіктірілуі, клиенттің несиелік қабілетсіздігі туралы қорытынды үшін негіз болып табылмайды. Несиелік қабілетті бар клиенттер банкке жабдықтаушыларға, бюджетке ұзақ төлемсіздіктің болуын жібермейді.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе 3

I. Заңды тұлғаның несиелік қабілетін бағалау. 4
1.1. Қарыз алушы кәсіпорынның несиелік қабілетін
бағалау көрсеткіштері. 6
1.2. Жеке тұлға төлем қабілетін бағалау. 9

II. Казкоммерцбанк АҚ-дағы қарыз алушының несиелік қабілетін талдау
тәжірибесі. 10

III. Несиелік қабілетті бағалауды жетілдіру жолдары. Шетел тәжірибесі.
14

IV. Несие беру және қайтару есебі, несие бойынша пайыздарды есептеу
және алу есебі. 19

Қорытынды 25

Қолданылған әдебиеттер 26

КІРІСПЕ

Қазіргі несиелеу жүйесі қарыз алушының несиелік қабілетін анықтау
әдістерінде де негізделеді. Айта кету керек, қарыз алушының несиелік
қабілеті - бұл коммерциялық банк балансының өтімділігін қолдау әдісі болып
табылады.
Несиелеу процесі белгіленген мерзімде сауданың қайтарылмай қалуға
себепкер болатын көптеген тәуекел факторлардың іс әрекетімен байланысты
болып келеді. Сондықтан да, банк ссудасының берілуі алдын-ала ықпал ететін
факторларды оқып-үйрену арқылы несиелік қабілетті оқып үйренуге жағдай
жасайды.
Қарыз алушының несиелік қабілеті - бұл қарыз алушының өзінің қарыздық
міндеттемелерді бойынша толық және уақтылы есеп айрысу қабілеті.
Қарыз алушының несиелік қабілетінің, оның төлем қабілетінен бір
айырмашылығы - онда өткен кезеңдегі немесе қандай да бір күндегі
төлемсіздікті есепке алмайды, яғни мұнда алдағы уақыттардағы қарызды өтеу
қабілетін болжанады. Өткен уақыттардагы қарыз алушының төлем
қабілетсіздігінің дәрежесі клиенттің несиелік қабілетін бағалау барысында
иек артатын ең бір формальды көрсеткіш болып табылады. Егерде қарыз
алушының мерзімі өткен карызы болып, ал балансы өтімді және меншікті
капиталдың мөлшері жеткілікті болса, онда банкке өткен уақыттағы
төлемдердің бір рет кешіктірілуі, клиенттің несиелік қабілетсіздігі туралы
қорытынды үшін негіз болып табылмайды. Несиелік қабілетті бар клиенттер
банкке жабдықтаушыларға, бюджетке ұзақ төлемсіздіктің болуын жібермейді.
Клиенттің несиелік кабілетінің деңгейі, банктің нақты қарыз алушыға
беретін нақты ссудасымен байланысты карпайым (жеке) тәуекелдерінің
дәрежесін көрсетеді.

I. Заңды тулғаның несиелік қабілетіліктерін бағалау.

Әлемдік және отандық банктік тэжірибе қарыз алушының несиелік
қабілетінің мынадай критерилерін бөліп қарайды қарыз алушының
мінездемесі,қаражатты қарызға алу қабілеті; ағымдағы қызметі барысында
қарызды өтеу үшін қажетті қаражатты табу қабілеті (қаржылық мүмкінділігі),
капиталы несиенің қамтамасыз етілуі, несиелік мәміле жасалатын жағдай,
бақылау (қарыз алушының қызметінің заңдылық негізі, банк стандарты мен
қадағалау ұймдарына ссудының сипатының дэл келуі).
Қарыз алушының мінездемесі деп оның заңды түлға ретіндегі беделі жэне
менеджерлерінің беделі, қарызды қайтарудағы жауапкершілігі және несиенің
мақсатының банктің несиелік саясатына сай келуі түсіндіріледі.
Қарыз алушының заңды түлға ретінде беделі оның сол аяда ұазқ уақыт
қызмет етуенен, экономикалық көрсеткіштерінің орташа салалық көрсеткіштерге
сай келуінен, оның несиелік тарихынан, оның серіктестерінің
(жабдықтаушылары, сатып алушылары, несие берушілері) іскерлік элеміндегі
беделінен тұрады. Менеджерлерінің беделі олардың кәсіби жарамдылығына
(білімі, жұмыс тәжірибесі) моральдық сапасына, жеке қаржылық және жанүллық
жағдайына, оның басқаратын қүрылымы мен банк арасындағы қарым-қатынастар
нәтижесіне байланысты негізделеді.
Қаражатты қарызға алу қабілеті қарыз алушының несиеге өтініш беруге,
несиелік келісім-шартқа қол қоюға немесе келіссөздер жүргізуге құқының
болуын, яғни кэсіпорынының немесе фирманың өкілдерінде белгілі фирманың
өкілдерінде белгілі бір өкілетіліктьерінің болуын білдіреді.
Қарыз алушының несиеклік қабілетінің ең негізгі критерилерінің бірі —
оның қарыз өтеу үшін ағымдағы қызметінің жүргізілуі барысында каражат табу
кабілеті болып табылады.
Қарыз алушының капиталы оның несиелік қабілетінің біршама маңыщды
критерийі болып саналады. Оны бағалауда төмендегідей екі шарттың маңызы
зор:
1) оның жеткіліктілігі яғни Орталық банктің тарапынан жарғылық қордың
ең төменгі мөлшеріне қойылатын талабы және қаржы левераж коэффиценті
негізінде талданады;
2) несиеленетін операцияларға меншікті капиталдың жү_мсау дэрежесі,
яғни ол банк пен қарыз алушының арасында тәуекелдің бөлінуін кэландырылады.
Қаншалықты меншік капитал жүмсалымы көбірек болса, согұрлым қарыз алушының
несиелік тәуекеліне ықпал ететін факторларды қадағалап отыруға мүмкіндік
туады.
Несиенің қамтамасыз етілуі - қарыз алушының активтерінің қүны жэне
несиелік келісім - шартта көрсетілетін қарызды өтеуде екінші косымша
көздердің болуы. Мұндағы қосымша көздер қарыз алушының басына қаржылық
қиындықтар туу барысында, олардың банк алдындағы міндеттемелерін уақытылы
орындауына кепілдік береді. Кепілдік сапасы, кепіл-хат беруші, кепілдемеші
мен сақтандырушының түрақты болуы, қарыз алушының ақшалай қаражатының
жеткіліксіздігі жағдайында аса маңызды.
Несиелік операциялар жасалатын жағдайларға елдегі, аймақтағы,
салалардағы ағымдық немесе болжанған экономикалық жағдай, саяси факторлар
жатады. Бүл жағдай банктің сыртқы тэуекел дэрежесін анықтайды.
Соңғы критерий - бақылау, бүл мынадай сүрақтарды ескертеді: қарыз
алушының қызмет етуі жэне несиелік шаралардың жүзеге асырылуы үшін заңды
және нормативтік негіз бар ма? Заңдағы күтілетін өзгерістер (мысалы салық
заңы) карыз алушының қызметінің нэтижесіне қалай эсер етеді? Несиелік
өтініште көрсетілген қарыз алушы жэне ссуда туралы мәліметтер, банктің
несиелік саясаты туралы күжатта белгіленген банктің стандартына, сол сияқты
ссудалардың сапалылығын бақылап отырып, банктік қадағалау ұйымдарының
стандарттарына каншалықты сэйкес келеді?
Аталып өткен, банк клиентінің несиелік қабілетін бағалау критерилері
несиелік қабілетті бағалау тәсілдерінің мазмүнын аныктайды. Ондай тэсілдер
қатарына жататыңдар:
• іскерлік тәуекелді бағалау;
• менеджментті бағалау;
• қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын бағалау;
• қаржылық коэфиценттерді бағалау;
• ақша тасқынын талдау;
• қарыз алушы туралы ақпарат жинақтау;
• орналасқан жеріне бару арқылы, қарыз алушының жұмысын қадағалап
отыру.
Отандық банктік тэжірибеде қарыз алушының несиелік қабілетін
бағалаудағы басты факторға оның қаржылық жағдайы жатады. Ол қарыз алушының
қызметін көрсететін көрсеткіш ретінде қызмет ете отырып, меншікті және
заңдық қаражаттарды орналастыру жэне пайдалану құрылымдарымен, сондай-ақ
пайданы алу, бөлу, жэне тиімді пайдаланумен сипатталады.

1.1. Қарыз алушы кәсіпорынның несиелік қабілетін бағалау көрсеткіштері

Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау оның қаржылық жағдайына баға
беруді сипатайды. Қаржылық жағдайына баға беруде клиенттің қаржылық
құжаттары қолданылады.
Қарыз алушының қаржылық жағдайы оның мынадай төлем қабілетінен
байланысты:
1) шаруашылық шарттарына сәйкес төлем талаптарын уақытылы
қанағаттандыру;
2) несиені қайтару;
3) жұмыскерлер мен қызметкерлерге жалақы төлеу;
4) бюджетке төлемдерді және салықтарды төлеу.
Қарыз алушының қаржылық жағдайы жақсы болса, ол барлық міндеттемелері
бойынша есеп айырыса алады.
Қарыз алушының несиелік қабілетін банктік талдау шектеулі жэне кең
көлемде жасалады. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау үшін оның
тиімділігін, төлем қабілетілігін, шаруашылық-каржылық қызметін жан-жақты
бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер жүйесін ұсынатын көптеген
эдістемелер қолданылады. ҚР-да ҚР Үлттық банкідегі перспективалық
зерттеулер орталығы дайындап, ҚР ¥лттық банк Директоратының 27 қыркүйек
1994ж. мәжілісінде № 26 қаулы бойынша бекітілген Қарыз алушының несиелік
қабілетін банктердің талдауына байланысты эдістемелік нүсқауы, сондай-ақ
АҚШ-та жэне басқа да елдерде пайдаланылатын эдістемелер де біршама танымал.
Кәсіпорынның қаржы-экономикалық жағдайын талдау үшін негізгі көздер
ретінде қаржы Министірлігі бекіткен келесідей жылдық бухгалтерлік есеп
формалары қызмет етеді: Кэсіпорын балансы (№1 форма); Қаржы нәтижелері
және оларды пайдалану туралы есебі (№2 форма); Кәсіпорын балансына
қосымша бет (№3 форма); сондай-ақ ҚР статистикалық есеп формасы
Кэсіпорынның (ұйымның) қаржылық қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы
есебі (№1-Ф-мерзімді - тоқсандык формалары) және Кісәпорынның (үйымның,
мекеменің) өнімнің (жұмыстар, қызмет) кеткен шығындары туралы есебі (№5-з
- мерзімді - тоқсандық - жылдық формалары).
Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалауда мынадай негізгі
көрсеткіштер пайдаланылады.

Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау көрсеткіштері:
Көрсеткіштер Есептеу алгоритмі
1 Ағымдағы өтімділік Ағымдағы активтер ағымдағы міндеттеме
коэффиценті
2 Мерзімді өтімділік Ағымдағы активтер - запастар ағымдағы
коэффиценті міндеттеме
3 Активтер рентабельдігі Пайдакәсіпорын активтері
4 Рентабельдік сауда Өнімді сатудан түскен пайдаөнімді сатудан
түскен түсім.
5 Негізігі кұралдар мен басқа Пайда негізгі құралдар+ айналымнан тыс
айналымнан тыс акивтер активтер
рентабельдігі
6 Меншікті капитал Пайдаменшікті капитал
рентабельдігі
7 Ұзақ мерзімді міндеттеме Пайдаұзақ мерзімді несие жэне займдар
рентабельдігі
8 Қаржы тұтқасы коэффиценті Заемдық қаражаттарменшікті қаражаттар
9 Тіркемелі активтерді өтеу Тіркемелі активтер қамтамасыз етілген
коэффиценті несиелер
10 Қарызға қызмет ету Пайдақарыз бойынша шығындар
коэффиценті
11 Қор қайтарымы Жалпы пайда — түсім активтер

Осы көрсеткіштердің ішінде аса көңіл аударатыны бүл баланс өтімділігіне
байланысты көрсеткіштер.
Өтімділік деп кәсіпорынның барлық төлем түрлері бойынша өз
міндеттемесін орындай алу қабілетін түсндірді. Өтімділік жалпы қарыз жэне
өтімді қаражаттар көлеміне байланысты болып келеді. Баланс өтімділігі актив
баптарындағы ақшалай қаражаттарға айналу мүмкіндігіне байланысты
топтастырылған қаражаттарды, пассив баптарындағы төлеу мерзіміне қарай
топтастырылған міндеттемелермен салыстыру арқылы анықталады.
Баланс активінің баптары олардың өтімділік дәрежелеріне қарай үш топқа
бөлінеді:
1) ақшалай қаражаттар (есеп айырысу шотындағы жэне банктегі басқа да
шоттардағы каражаттар қалдыгы; касса; басқа да ақшалай қаражаттар;
арнайы қорлардың қаражаттары; күрделі қаржы жүмсалымдарына
пайдаланылмаған қаражаттар қалдықтары);
2) жеңіл іске асатын талаптар (төлейтін мерзімі жетпеген. жөнелтілген
тауарлар және тапсырылған жұмыстар; берешектермен есеп айырысулар;
өзінің жүйесіндегі кәсіпорындардан оларға қаржылай көмек ретінде
берілген каражатар бойынша есеп айырысу; банк ссудалары және
кәсіпорынның арнайы қорларынан берілген ссудалар бойынша жұмысшылары
және қызметкерлерімен есеп айырысу). Жеңіл іске асатын талаптар
қатарына мерзімінде төлембеген жөнелтілген тауарлар мен тапсырылған
жұмыстар жатпайды.
Берешектермен есеп айырысу құрамында үш айға дейінгі қарыздар еспке
алынбайды. Мүнда өзінің жүйесіндегі кәсіпорындармен оларға қаржылай көмек
ретінде берілген қаражаттар бойынша есеп айырысу бабында жақын арадағы үш
ай ішінде қайтарылатын қарыздар есепке алынады.
3) жеңіл іске асырылатын тауарлы-материалдық құндылықтар (арзан бағалы
тез тозатын заттарды шегеріп тастағандағы өндірістік қорлар;
аяқталмаған өндіріс; адагы уақыт шығыстары; дайын өнім; басқа да
айналым қаражаттары).
Қарыз алушылардың салалық ерекшеліктеріне байланысты өтімділік
коэффицентінің біршама оңтайлы мәні 1,2 мен 1,5 аралығын қүрайды.
Көрсеткіштің мэнінің 1 -ден төмен болуы жарамайды. Өтімділік коэффиценті
қарыз алушының қарызды өтеу үшін жедел түрде шаруашылық айналымынан ақшалай
қаражаттарды босатуын сипаттайды. Қаншалықты бүл коэффиценттің мэні жоғары
болса, соғұрлым қарыз алушы тұрақты келеді.
Біра та алашақ карыздың сипатын ескеру қажет. Алашақтар туралы есеп
аталған шоттардың қарыз алушының жағдайына эсер.етуіне бага беруге жэне
сондай-ақ жүргізілген несиелік саясаттың нэтижелігін багалауға мүмкіндік
береді.
Өтімділік коэффициенттін тандау барысында мынадай факторларды есепке
алу қажет:
• қызметінің көлемі (қаншалықты өндіріс және өнімді сату көлемі
үлкен болса, соғұрлым тауарлы - материалдық құндылықтар қоры көп
болады);
• өнеркәсіп және өндіріс саласы (өнімге сұраныс және оны сатудан
түсетін төлемдердің жылдамдығы);
• өдіріс циклінің ұзақтығы (аяқталмаған өндіріс көлемі);
• материалдар запасын жаңарту үшін қажетті уақыт (өтімді
қаражаттардың айналысы),
• жұмыстың маусымдылығы.
Өтімді қаражаттардың мөлшерінің төмендеуіне ықпал етушілерге мыналар
жатады:
• ағымдағы қызмет зияндары;
• өткен жылдары және төтенше оқиғалардың нәтижесінде болған
зияндар;
• өтімді қаражаттар бағасының төмендетілуі;
• күрделі қаржы жұмсалымдарға иммобилизациялануы.
Өтімді қаражаттардың артық болғаны қажет емес. Егер де ол артық болса
айналым активтерінің жұмыс тиімділігі азаяды. Өтімді қаражаттардың артық
болу себептері: күрделі қаржы жүмсалымдарды кеңейтпей-ақ пайданың
жинақталуы; амортизациаланатын обьктілердің аыстырлмауының нэтижесінде
амортизацияның жинақталып калуы.

I. 2. Жеке тұлғаның төлем қабілетін бағалау

Қазіргі кезде екінші денгейдегі банктердің жеке түлғаларға
беретін несиелеріне тұтыну жэне ипотекалық несиелер жатады. Түтыну
несиесінің мынадай түрлері қолданылуда:
• автомобильдік несие;
• ұзақ мерзімде пайдаланылатын тауарлар сатып алуга берілетін несие;
• түрғын уйді жөндеу жүмыстарына берілетін несие;
• кейінге қалдырылатын қажеттіліктерге (оқу, емделу, демалу және
т.с.с) берілетін несие.
Мұнда автомобильдік несие бойынша жаңа және жүрілген автомобильдердің
банк несиесі көмегімен алуға болады.
¥зақ мерзімде пайдаланылатын тауарларга мыналар жатады:
• жиһаз;
• сантехника;
• аудио-видио-және тұрмыстық техникалар;
• компьютер және оргтехника;
• басқа да тұтыну тауарлары.
Тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына: үйдің ішінде және сыртында құрылыс жэне
басқа да жөндеу жұмыстарын жүргізу жатады.
Мысалға, Қазақстан Республикасындағы жетекші банк — Казкоммерцбанктің
тұтыну несиесін беру шартын көруге болады.

II. Казкоммерцбанк АҚ-дағы қарыз алушының несиелік қабілетін талдау
тәжірибесі

№ Несиелеу Тұтыну несиелерінің түрлері
шарттары
Автомобиль несиесі ¥зақ мерзімді
тауарлар сатып алу
несиесі
жаңа Ескі (пайдаланылған)
Несие мөлшері Автомобиль Автомобиль бағалау 10000 АҚШ долларына
1 құнының 80% құнының 80%-на дейін дейін (немесе
дейін эквивалент)
500000 АҚШ долларына
дейін (егер
қамтамасыз ету
заты-жылжымайтын
мүлік болса)
2 Бастапқы жарнаАвтомобиль 3 жылға дейін жүрген 20%
құнынан 20% шетел көлігін сатып
алуда 20%;
3 жылдан 5 жылға
дейін жүрілген шетел
көлігін сатып алуда
30%;
5 жылдан 10 жылға
дейін жүрілген шетел
көлігін сатып алуда
50%;
3 жылға дейін ТМД
елдерінің автокөлігін
сатып алуда-30%;
3 жылдан 5 жылға
дейін жүрілген ТМД
елдерінің автокөлігін
сатып алуда 50%.
23 Несие мерзімі шетелдік 3 жылға дейін 2 жылға дейін
автокөлік
үшін 5 жылға
дейін;
ТМД елдерінің
автокөлігі
үшін 3 жылға
дейін
4 Несие валютасыАҚШ доллары АҚШ доллары немесе АҚШ доллары немесе
немесе теңге теңге теңге
5 Несие үшін Айына 1,5% Айына 1,5% (АҚШ Айына 1,5%(АҚШ
төлем (АҚШ долларында) және 1,7%долларында) және
долларында) (теңгеде) 1,7% (теңгеде)
және 1,7%
(теңгеде)
6 Қамтамасыз етуСатып алатын Егер шетел Сатып алатын тауар
турі автомобиль автокөлігінің немесе түрғын үй
жүрілген уақыты 10
жылдан ТМД-кі 5
жылдан аспаса, сол
автомобильді

Сонымен қатар жоғарыдағы банктен түтыну несиесін алуға қажетті құжаттар
тізімі мынадай:
1.Қарыз алушының анкетасы
2.Жеке куэлігі (көшірмесі)
3.СТТН (көшірмесі).
4.Соңғы 12 айға бөлініп көрсетілген жалақы және басқа табыстары туралы
жұмыстан берілетін анықтама.
5.Жүмыс стажы туралы жұмыстан анықтама.
6.Жанұя туралы анықтама (N3 форма)
7.Некеге тұрғандығын растайтын құжаттар (неке туралы куәлік,
жұбайыңыздың жеке куәлігі)
8.Кепілге қоятын мүліктің құжаттары.
Келесі бір дамып отырған несиеге - ипотекалық несиені жаткызуға болады.
Казкоммерцбанкте ипотекалық несие беру шарттары мынадай:
• Несие мөлшері: жылжымайтын мүліктің бағалау кұнынан 85 % дейін.
• Бастапқы жарна: жылжымайтын мүліктің бағалау қүнынан 15% дейін.
• Несие үшін төлем: айына: 1,3% (АҚІП долл), 1,7% (теңгеде).
• Несие валютасы: АҚШ долл. немесе теңгеде (егер 1 жылдан аспаса).
• Несие мерзімі: 10 жылға дейін.
• Қамтамасыз ету түрі: пайдаланылатын немесе сатып алатын тұрғын
үй.
Жеке түлғаның төлем қабілетілігін анықтау техникасы әр банкте әр түрлі
қалыптасқан. Яғни қысқаша айтқанда барлығына бірдей ортақ әдістеме жоқ.
Сондықтан да ЦентрКредитбанк АҚ-ның қолданылатын эдістемесінен мысал
келтірейік.
Қарыз алушының төлем қабілетін анықтау үшін мынадай көрсеткіштер
қолданылады.

Қарыз алушы-жеке тұлғаның төлем қабілетін бағалау көрсеткіштері

Көрсеткіштердің аттары Есептеу алгоритмі
1 Негізгі қарыз төлемінің айлық Несиенің мерзімі
мөлшері (НҚАТ); мөлшерінесиенің
2 Сыйақы мөлшерлемесі бойынша Несинің мөлшерісыйақы
төлемнің айлық мөлшері (СМАТ); мөлшерлемесі12 ай
3 Негізгі қарыз және сыйақы НҚСАТ+СМАТ
мөлшерлемесі бойынша төлемнің
айлық мөлшері (НҚСАТ);
4 Таза табыс (ТТ) Жалпы табыс - салыктық және басқа
да төлемдер
5 Нақты несиелік кабілеті (ННҚ) НҚСАТТТ (мэні жобамен
35-45%-дан төмен болмауы тиіс)

Мысалы: Жапаров М.Б. деген азаматша 360 000 теңге сомасында түлыну
несиесін 36 айға, 18% жылдық сыйақы мөлшерлемесінде сұрап отыр делік. Ол
кісінің таза табысы - 18 000 теңге жэне кепілге жылжымайтын мүлік қояды.
Жоғарыдағы кестедегі көрсеткіштер комегімен қарыз алушы Жапарова М.Б.
төлем қабілетін былай бағалаймыз:

360000
НҚАТ=------------= 10000 теңге
36

360000*0,18
СМАТ = —------------- =5400 теңге
12

НҚСАТ = 10000 + 5400 = 154000 теңге

15400
ННҚ= -----------= 0,85(не85%)
18000

Сонымен, қарыз алушымыз төлем қабілетті, яғни оған несие беруге болады.
Ендігі қадам кепілге қоятын затын бағалауға арналады. Айталық кепіл заты
ретінде 2 бөлмелі пэтер ұсынылады. Оның нарықтық (салыстырмалы) құны 1500
000 теңге тұрады.
Банк тарапынан бағалаушы - мамандар көмегімен осы пэтердің кепіл құны
анықталады. Отандық банк тәжірибесінде кепіл құны пэтердің бағалау құнының
70% -нан аспауға тиіс. Ол үшін мынадай есептеулер жасалады:
1.Пәтердің тозу коэффиценті = Пәтердің нарықтық құны * 3% (тозу
коэффиценті) = 1500000 * 0,03 = 45000 теңге.
2.Алдағы уақытта пәтердің бағасының төмендеу тәуекелі = Пәтердің
нарықтық құны * 15% (төмендеу коэффиценті) = 1500000 * 0,15 = 225000
теңге.
3.Пәтердің бағалау кұны = Пәтердің нарықтық құны - Пәтердің тозу
коэффиценті – Пәтердің бағасының төмендеу тәуекелі = 1500000 - 45000
-225000= 123000 теңге.
4.Пәтердің кепіл кұны = Пәтердің бағалау кұны * 60%) = 1230000 * 0,6 =
738000 теңге. Бұл көрсеткіш сұралатын несиенің кепілмен қамтамасыз
етілу дәрежесін сипаттайды.

III. Несиелік қабілетті бағалауды жетілдіру жолдары. Шетел тәжірибесі.

Шетелде клиенттердің несиелік қабілеті туралы ақпараттар жинауға
маманданағн жэне олар туралы анықтамалар беретін арнайы формалар немесе
агенттіктер жүмыс жасайды. Бүл тэуелсіз ұйымдар банктерге келісім-шарт
негізінде қызмет көрсетеді. Мысалға, фирма Дан энд Брэд форд Змлн. жуық
АҚШ-тың, Канаданың, Данияның фирмалары туралы ақпараттар жинақтап, жалпы
үлттық жэне аймақтық анықтамаларда жариялайды.
Несиелер бойынша банктердің зиянға үшырауының өсуіне біршама эсер
ететін факторларға жасалған талдау, батыстың банкирлеріне мынадай қорытынды
жасауға мүмкіндік береді. Дүние жүзілік банктің мэліметтеріне сәйкес,
несиелер бойынша банктердің зиян шегуінің басты себебіне, 67% - ішік
факторлар, ал 33%-ы сыртқы факторлар үлесі келеді.

Несиелеу барысындағы банктің зиян шегуіне әкелетін факторлар
Ішкі факторлар 67% Сыртқы факторлар 33%
Қамтамасыз етудің 22% Компанияның банкноттығы 12%
жетіспеушілігі
Несиеге деген өтінішті оқып 21% Кредиторлық қарызды қайтаруын11%
үйрену барысында ақапаратты талап етуі
дұрыс бағалау
Алдын ала ескерту белгісіне 18% ЖұмыссыздықЖанұя мәселелері 6%
кеш көңіл бөлуі және
операциялық бақылаудың
элсіздігі
Қамтамасыз етілудін сапасының5% ҰрлықАлдау 4%
нашарлыгы

Несие бойынша банктердің зиян шегуіне себеп болатын сыртқы факторлар
қатарында бірінші орында компаниялардың банкноттығының тұруы тегін емес.
Банктің кез-келген қарыз алушысы мұндай факторларды басынан кешуі мүмкін.
Сондықтан да қарыз алушының несиелік қабілетін талдай отырып, банк
қызметкерлері міндетті түрде оның қаржылық жағдайын толық анықтап білуге
тиіс. Банкроттықтың басты себептеріне басқарудағы жетіспеушілік, тиімді
басқаратын ақпараттар жүйесінің болмауы, нарық жағдайларындағы өзгерістер
мен бэсекеге төселе алмауы, өз мүмкіндіктерінің шамадан тыс көбейіп кетуі,
яғни ресустардың жоқтыгына қарамастан компанияның жылдам кеңеюі,
акционерлік капиталдың жетіспеушілігі жэне заемдық қаражатардың үлесінің
жоғарылығы жатады.
Қарыз алушының сэтсіздікке ұшырауының күэлэндыратын белгілерге: шоттағы
айналым қаражаттының қысқаруы алдында мерзімі ұзартылған несиелер бойынша
төлемдердің уақытын созыуын өтінуі және басқаларды жатқызуға болады.
Несиелерді қамтамасыз ету қүлына, барлық несиелік құжаттардың
дұрыстығына байланысты несиелерді мынадай тэуекел кластарына жіктейді:
• Ең төменгі тэуекел бар несиелер (жіктеуге жатпайтын несиелер);
• Ең жоғары тәуекел бар несиелер;
• Шектеулі тәуекелі бар несиелер;
• Ережеден шығу барысында берілген несиелер (стандартты емес
несиелер).
Әр тәуекел кластарына өтелмеген тэуеклдер үшін, өтелмеген несиелердің
өзіндік үлесі белгіленеді.
Несиелік тэуекелді төмендетудің ең басты тэсіліне - потенциялдық карыз
алушыларды таңдау жатады. Қарыз алушының қаржылық жағдайын талдауда жэне
оның алған қарызды банкке уақытылы қайтаруына байланысты сенімділігін
багалауда көптеген эдістер қолданылуда.
Шетелдік банктердің тэжірибесінде карыз алушының несиелік қабілетін
жете багалау несиелік тәуекелді төмендетудегі басты шара болып табылады.
Қарыз алушыга кандидатты бағалау жүйесінде ағылшыннын клирингтік
банктерінде кеңінен пайдаланып келетін эдістердің біріне PARSER немесе
CAMPARI әдістерін жатқызуға болады.

PARSER:
Р — Person — патенциалдық қарыз алушы туралы ақпарат, оның беделі;
А — Amount — сүрайтын несие сомасының негіздемесі;
R — Repayment — несиені қайтару мүмкіндігі;
S — Security — қамтамасыз ету құралы;
Е — Expediency — несиенің мақсатылығы;
R — Remuneration — несиені беру тәуекелі үшін банктің пайыз
мөлшерлемесі.

САМРАRІ:
Сhаrасtеr — қарыз алушының беделі;
А — Ability — қарыз алушының бизнесін бағалау;
М — Means — ссудаға деген қажеттілігін талдау;
Р — Purpous — несиенің мақсаты;
А — Amount — несие сомасының незделуі;
R — Repayment — несиені қайтару мүмкіндігі;
I — Insurance — несиелік тәуекелден сақтандыру әдісі.

Американдық банктер тэжірибесінде потенциялды қарыз алушыларды дұрыс
таңдай білуде (алты си ережесі) қолданылады:
• Сhаrасtеr (қарыз алушының сипаты);
• Сарасitу (қаржылық мүмкінділігі);
• Саsh (ақшалай қаражаты);
• Соllаtеrаl (қамтамасыз етуі);
• Соnditions (жалпы экономикалык жағдай);
• Соntrol (бақылау);
Қарыз алушының сипаты бұл оның беделін, жауапкершілік дәрежесін,
қарызды өтеуге дайындығын жэне қалуын білдіреді.
Қарыз алушының қаржылық жағдайы оның несиені кайтару кабілетін
сипаттайды. Ол оның кірістері мен шыгысиары және олардың алдағы
уақыттардағы өзгеру перспективаларын нақты талдау көмегімен анықталады.
Ақшалай қаражаты. Жалпы қарыз алушының алған несиені қайтаруының үш
көзі болады:
1. Нақты ақшалар тасқыны;
2.Активтерді сату;
3.Қаржыларды тарту.
Көрсетілген көздердің кез келгені несиені қайтаруға арналған қаражаттың
қалдық сомасын қамтамасыз ете алады. Бірақ та банктер несиені қайтарудың
негізгі көзі ретінде нақты ақшалар тасқынын маңызды санайды, себебі
активтерді сату қарыз алушының балансын нашарлатып жіберуі мүмкін деп
санаса, ал қосымша қаражат тарту банктің кредитор ретіндегі позициясын
бэсендетеді.
Нақты ақашалардың жетіспеуі қарыз алушының қаржылық жағдайының
нашарлыгын сипаттайтын басты көрсеткіш болып табылады.
Нақты ақашалар тасқыны мынадай түрде анықталады:
Нақты ақшалар =Таза пайда + Амортизация тасқыны + Кредитрлық қарыз
-Тауарлы-материалды құндылықтар қоры жэне дебиторлық қарыз.
Бұл формуланың артықшылығы - оның көмегімен несиелік қызметкер қарыз
алушының менеджерлерінің біліктілігін жэне тәжірибесін, сол сиякты қарыз
алушының жұмыс жасайтын нарығының жағдайын анықтай алады.
Қамтамасыз етуі, сондай-ақ банк қарыздың қамтамасыз етілуі яғни, оның
жеткіліктілігіне, сапасына және қарыздың қайтарылмау жағдайында оның
өтімділік дәрежесіне мән береді.
Экономикалық жағдай. Несиеге деген өтінішті қарау барысында банк жалпы
шарт ретінде елдегі іскерлік жағдай және оның банк жұмыына, сол сияқты
қарыз алушының жағдайына тигізер ықпалын сипаттайтын экономикалық
конюктуралық жағдай, бэсекелестерінің болуы, салык, баға және т.б.
қарастырады.
Бақылау. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудағы соңғы факторға
бақылау жатады. Мұнда өзгерген заңдылықтар, құқықтар, экономикалық және
саяси жағдайлардың қарыз алушы қызметіне каншалыкты әсері болады деген
сияқты сұрақтарға жауап іздейді.
Банкпен тығыз байланысты қарыз алушыларға банктің құрылтайшыларын,
директорларын, акционерлерін жэне банкпен тікелей байланыста болып, несие
алу барысындағы жеңілдіктерді пайдаланатын басқадай қарыз алушылар жатады.
Несиелерді сапасына қарай топтау жэне талдаудың маңызы бар. Несиенің
сапасы деп сол несиеге тиісті несиелік тәуекелдің дэрежесін айтады. Несие
сапасының көрсеткішінің деңгейі несиелік тэуекел деңгейіне кері
пропорционал болып келеді. Бүл жерде несиелік тэуекелдің көрсеткіштерінен
несие сапасының немесе банктің несиелік портфелінің көрсеткіштерінің
айырмашылығы - бүл банктің берген несиелері бойынша анықталатын нақты
шамасында. Несиенің сапасының категорияларына байланысты несиелік портфель
қүрылымын жэне несиенің эр категориясы бойынша проблемалық, мерзімі өткен,
үмітсіз несиелерді біле отырыпғ банк несиелік операциялар бойынша зияндарды
төмендетуге бағыталаттын шаралар қатарын жузеге асыруға мүмкінддіке қол
жеткізеді.
Несиелердің қайтарылмауынан зиян шегу - кез келген банк қызметінің
қашса қүлылмайтын үлесі. Оларды толық жою мүмкін емес, бірақ ең төменгі
мөлшерге жеткізуге болады.
Американдық банктік тәжірибе несиелік процестегі проблемалық несиелерді
анықтауда 25 белгіні қолданылады:
1. Таяу арадағы қарыз алушының қаржылай тұрақсыздығы;
2. Қарыз алушы туралы ақпараттардағы алшақтық және қарама-қайшылық;
3. Қарыз алушының серіктестігінің түрақсыздылығы;
4. Басшыларының моральдық сапасының төмендігі;
5. Серіктестер арасында, компанияны иеленушілер, жанұя мүшелері
арасындағы билік үшін күрестің болуы;
6. Басшылардың жиі ауысуы;
7. Басшылардың салмаксыщдық мінезі;
8. Қарыз алушының басшысының несиелік процесті жеделдетуге банк
қызметкеріне қысым жасауға ынталы болуы;
9. Қарыз алушының жабдықтаушылары мен сатып алушылар ортасының
өзгеріссіз болуы;
10. Қарыз алушының өз алашақтарына жасайтын бақылауының әлсіздігі;
11. Қарыз алушы саласының, сол уақыттарда проблемалық салаға жатуы;
12. Балансты жүргізудің қысқаруы, яғни актив жэне пассив баптарының
толық берілмеуі;
13. Қарыз алушының несиені сұраудағы нақты мақсаты болмауы;
14. Қарыз алушыда ссуданы қайтаруда анық бағдарламаның болмауы;
15. Несиені өтеудегі резервтік көздерінің болмауы;
16. Несие берілетін мақсатына қарыз алушы тарапынан материалдық
қамтамасыз етілмеуі;
17. Қарыз алушының несиелік өтінішінің негізсіздігі;
18. Қарыз алушы несиені акционерлік капиталын кепілге бере отырып
сұрауы;
19. Несиенің ең бастысы, өндіріске емес, айналыс аумағына бағытталуы;
20. Несиені қайтару мерзімі жеткілікті негізделмеуі;
21. Қарыз алушының шаруашылық қызметі туралы есеп беру мәліметінің
мерзімінің бұзылуы;
22. Банк шоттарын жүргізу тәртібінің нормалардан ауытқуы;
23. Несиелеу шартының қайта қаралуы;
24. Қарыз алушының шаруашылық-қаржылай көрсеткіштерінің жоспардағыдан
немесе күтілетін көрсеткіштерден ауытқуы;
25. Қарыз алушының есеп және бақылау жүйесіндегі ауытқуы.

IV. Несие беру және қайтару есебі

Несие бөлу туралы несиелік комитеттің шешімі негізінде несие бөлімі заң
бөлімімен бірігіп несиелік келісім мен кепіл келісімін дайындайды. Несиелік
бөлім қажетті қолдарды жинап, оны мөрімен қуәландырады.
Несиелік келісім, кепіл келісімі және басқа да құжаттар толы-ғымен
рәсімделіп, мемлекеттік органдарға сәйкес кепілді тізімге алу үшін немесе
ҚРҮБ талаптарына сай рәсімделген кепілдеме хаттарын алуға немесе несиені
қайтаруды қамтамасыз ету бойынша басқа құжаттарды рәсімдеу үшін заң
бөліміне беріледі. Несиелік комитеттің шешіміне негізделген несиенің
қайтарымдылығын қамтамасыз ету құжаты бойынша несие бөлімі бухгалтерияға
несиені аудару туралы өкім береді. Яғни оған Банк басқармасы төрағасының
және несие бөлімі басшысының қолы қойылуы керек. Занды тұлғалар үшін
мерзімдік міндеттемелер рәсімдёлуі талап етіледі. Бухгалтерия несиені
жоғарыда көрсетілген үкім негізінде аударады және мерзімді міндеттемелердің
бизнес жоспары мен келісімге келген тапсырма сай екенін тексеру үшін несие
бөлімінің қолымен куәландырылған қарыз алушының қолындағы төлем тапсырмасы
керек.
Клиенттердің несиелік шотын ашу және жабу ішкі бухгал-терияның бүйрығы
бойынша жүзеге асырылады. Несие толық сомада немесе бөлшектеп беріледі:
• несиелік немесе арнайы несиелік шоттан бенефициар төлем
құжаттарын төлеу;
• бенефициар төлем құжаттары бенефициар мекенжайына төле-неді
(төлем тек бағалы заттарды тиеуге болады деген шартқа сәйкес
құжатты банкке көрсеткеннен кейін орындалады);
• аккредитив қою жағдайында несиелік шоттан аккредитив шотына
қаражатты аудару;
• қарыз алушының есеп айырысу шотына несие сомасын аудару;
• қарыз алушыға қолма-қол ақша беру;
• қарыз алушының жазбаша көрсетілген шотына несие сома-сын аудару;
• басқа да жолдармен.

Қызмет көрсетіп отырған банк клиенттерге несие берген кезде мынадай
корреспонденттік шоттар құрылады:
Дт 1411, 1417 Клиенттерге берілген қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді
қарыздар
Кт 1001 Кассадағы қолма-қол ақша
2203 Клиенттердің ағымдағы есепшоттары
Мерзімді міндеттемелер бір мерзімде баланстан тыс шотқа келіп түседі -
Әр түрлі құндылықтар және құжаттар (7339). Басқа банк қызмет көрсететін
клиенттерге несие беру кезінде мынадай бухгалтерлік жазу жасалады:
Дт 1411 Клиенттерге берілген қысқа мерзімді қарыздар 1417
Клиенттерге берілген үзақ мерзімді қарыздар
Кт 1050 Ъанктің корреспонденттік есепшоттары.
Клиенттерге шетел валютасымен несие берген кезде келесідей жазу
жасалады:
Дт 1411, 1417 Клиенттерге берілген қысқа және ұзақ мерзімді қарыздар
Кт 1858 Банктің шетел валютасы бойынша валюталық қысқа позициясы
2858 Банктің шетел валютасы бойынша валюталық ұзақ позициясы.

Сонымен бір уақытта теңгемен:
Дт 1859 Шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы құны (валюталық
ұзақ позициясының)
2859 Шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы құны (валюталық
қысқа позициясының)
Кт 1001 Кассадағы қолма-қол ақша
2203 Клиенттердің ағымдағы есепшоттары 1050 Банктің корреспонденттік
есепшоттары. Несиені қайтару кезінде өткізбелер керісінше жасалады.
Теңгелей берген несиені қайтарған кезде:
Дт 1001 Кассадағы қолма-қол ақша
2203 Клиенттердің ағымдағы есепшоттары 1050 Банктердің
корреспонденттік есепшоттары Кт 1411 Клиенттерге берілген қысқа мерзімді
қарыздар
1417 Клиенттерге берілген ұзақ мерзімді қарыздар. Шетел валютасында
берілген несиені қайтарғанда: Дт 1001 Кассадағы қолма-қол ақша
2203 Клиенттердің ағымдағы есепшоттары 1050 Банктердің
корреспонденттік шоттары Кт 2858 Банктің шетел валютасы бойынша валюталық
ұзақ позициясы.
Бір уақытта теңгемен берілген:
Дт 1859 Шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы құны (валюталық
ұзақ позициясының)
2859 Шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы құны (валюталық
қысқа позициясының)
Кт 1411 Клиенттерге берілген қысқа мерзімді қарыздар
1417 Клиенттерге берілген ұзақ мерзімді қарыздар. Клиент қарыздың
негізгі сомасын қайтармаған кезде, ол кешіктірілген қарыз деп есептеледі:
Дт 1424 Банк қарыздары бойынша клиенттердің мерзімі өткен берешегі
Кт 1411 Клиенттерге берілген қысқа мерзімді қарыздар
1417 Клиенттерге берілген ұзақ мерзімді қарыздар. Болашақта клиент
кешіктірілген қарыздарын төлеген кезде: Дт 1001 Кассадағы қолма-қол ақша
2203 Клиенттердің ағымдағы есепшоттары 1050 Банктердің
корреспонденттік есепшоттары Кт 1424 Банк қарыздары бойынша клиенттердің
мерзімі өткен берешегі.
Егер клиенттің қаржылық жағдайы үмітсіз деп табылса, онда банк оның
қарыздарына тосқауыл қояды.
Дт 1427 Банк қарыздары бойынша клиенттердің оқшауланған берешегі
Кт 1424 Банк қарыздары бойынша клиенттердің мерзімі өткен берешегі.
Тосқауыл қойылған қарыз бойынша пайызды есептеу тоқтатылады.
Клиенттің тосқауыл қойылған берешегі қайтарылған кезде:
Дт 1001 Кассадағы қолма-қол ақша
2203 Клиенттердің ағымдағы есепшоттары 1050 Банктердің
корреспонденттік есепшоттары
Кт 1424 Банк қарыздары бойынша клиенттердің мерзімі өткен берешегі.

Несие бойынша пайыздарды есептеу және алу есебі

Несиелеу принципінің бірі - төлемділігі болып табылады, яғни клиент
несиені пайдаланғаны үшін белгіленген пайызын төлеуі керек. Осы үлгіде
несие ұсына отырып банктер делдалдық қызметі үшін өтемақы алады, себебі
олар несие бойынша төлемдер төленбеуінің тәуекелін өздеріне алады, өйткені
банктің салымшылар алдындағы өзінің міндеттемелерін орындамауы тәуекелді
жоғарыла-тады. Банк қызметінің негізгі түрі сырттан қаражат тарту және
басқаларға несие беру болып табылады. Бұл қызметтің өзін-өзі ақтау себебі
сырттан тартылған қаражаттың пайыздық мөлшер-лемесі банк өзі берген несиеге
қарағанда едәуір төмен.
Банктік пайыздың деңгейі мынадай бірқатар факторларға байланысты:
• несиелік қаражатқа деген сұраныс пен ұсыныстың қатынасы. Қандай
да болмасын нарықта сұраныс несиелік қаражат ұсынысынан жоғары
болады және керісінше;
• ҰБ саясатының реттеу бағыты. Бізде ҰБ екінші деңгейдегі
банктердің пайыздық саясатын анықгауға араласпайды, банктің несие
үшін пайыздық мөлшерлемені темендету немесе жоғарылату,
ынталандыру, мівдетті резерв нормасын, қайта қаржыландыру
мөлшерлемесін икемдеу жолдарымен анықгайды;
• берілген несиенің көлемі және мерзімі (несиенің көлемі жоғары
және несие ұзақ болса, онда пайыздық мөлшерлеме де жоғары
болады);
• несиелік капиталдың өзіндік құны (яғни тартылған қаражат банкке
қаншалықты қымбатқа түседі);
• қарыз алушының несиеқабілеттілігі. Банк қарыз алушының қаржылық
қатынасы тұрақты, сенімді болса пайыздық мөл-шерлемені төмен
белгілейді және керісінше, егер қарыз алу-шы сенімсіздеу болса
банк жоғары пайыздық мөлшерлеме белгілейді;
• қамтамасыз ету сипаттамасы (кепілдік сенімділігі, кепілге
қойылған мүліктің өтімділік дәрежесі);
• несиенің мақсаты.
Банктік несиенің пайыздык мөлшерлемесі деңгейіне әсер ететін тағы да
бір қажетті фактор ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалаудың экономикалық негізі
Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың теориялық негізі
Қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалау туралы
Қарыз алушының несиелік қабілеті туралы түсінік және оның маңызы
Коммерциялық банктерде қарыз алушы клиенттің несиелік қабілетін талдау тәжірбиесі («Қазақстан халық банкі» ақ-ның мәліметтеріне сүйене отырып)
Несиелік қаблетті бағалау
Несие қабілеттілікке әсер ететін факторлар
Нарық жағдайларына сай коммерциялық банктердің клиенттермен арадағы қарым-қатынасының нығаюына ықпал ететін оңтайлы несиелік саясат қалыптастыру және оны іске асырудың теориялық және әдістемелік аппаратын жасау
Қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалау
Қарыз алушының несиелік қабілеті
Пәндер