Ауаны ластаушы көздер


Ауаны ластаушы көздер.

Ластанған ауа адамдардың ішкі мүшелеріне өтіп денсаулыққа зиянын тигізеді, ал уытты заттар денені улайды.

Ауа жаратылыс (табиғи) жолдармен және адамдардың әс-әрекетінен ластанады.

Табиғи жолмен ластану жанар таулардың атқылауынан, теңіз суы буға айналуынан, тау ұнтағы мен топырақты жел мен дауыл ұшырғанда, орман мен далада өрт болғанда шаң-тозаң, күл т. б. аспанға көтеріліп ауамен араласу арқылы болады.

Желтоқсаннан ақпан айына дейін соғатын тропиктік белдеулер желі (пасаттар) Сахараның 60 тан 200 миллион тоннаға дейін шаң көтеріліп мыңдаған километр жерге апарады.

1883 жылы Крактау жанар тауы атқылағанда аспанға көтерілген күл мен тозаң бірнеше жыл бойы ауада болып, Ұлы Британия жағалауына дейін жеткен.

1985 жылы желтоқсан айының 19-ында күндізгі сағат 10 да Ашгабад қаласын қараңғылық басып, аспан қызғылт сары түске түсті, жарты сағаттан кейін қараңғы болып пәтерлерде шам жағуға тура келді. Сағат 13-те аспан ашылып жарық болса, екі сағаттан кейін қайтадан қараңғы түсті. Сол күні қала үстінен 170 мың тонна шаң өтті.

Теңіз сулары буланғанда ауаға тұз қалдықтары, өрттен кейін күл мен шаң қосылады.

Ауада органикалық қалдықтардың да шаң-тозаңы болады. Оларға бактрия, ұсақ саңырауқұлақ т. б. өсімдік және жануарлар қалдықтарының шірінділері жатады.

Адамдардың іс-әрекетінен болатын ластануға өнеркәсіп, көлік, ауыл шаруашылық, құрылыс кәсіпорындарының, коммуналды- тұрмыстық мекемелердің шаң-тозаңы мен қалдықтары жатады.

Жыл сайын атмосфералық ауаға шамамен алғанда мына мөлшерде ластаушы қалдықтар қосылады:

Млн. тонна есебімен
: Теңіз сулары тұздары
Млн. тонна есебімен: 550
: Топырақ беті шаңы
Млн. тонна есебімен: 250
: Жанартау атқындары
Млн. тонна есебімен: 80
: Өрт күлі мен түтіні, шаңы
Млн. тонна есебімен: 70
: Жаққан отын күл-түтіні, шаңы
Млн. тонна есебімен: 30
: Өнеркәсіп қалдықтары, түтіні, шаңы
Млн. тонна есебімен: 15
: Ауылшаруашылық шаңы мен түтіні
Млн. тонна есебімен: 5

Бұл мәліметтерден адамдардын іс-әрекетінен болатын ластану мөлшері тым аз барлық ластаушы заттардың 5 процентінен аспайтынын көрүге болады. Бірақ бұл ешкімдіде қуантпайды. Себебі адамдардың іс-әрекетінен

пайда болған шаң-тозаң, түтін, басқа қалдықтардың химиялық құрамы өте күрделі, адамдар мен табиғат үшін аса қауіпті.

Өнеркәсіп пен көлік мекемелерінің ауаға шығаратын ластаушы заттарының 31, 9 % иісті газ, 27 % күкіртті газ, 1, 1% азот тотығы, 28, 3 % қалқып жүретін қатты түйіршіктер.

Өнеркәсіптің негізгі салаларының ауаға шығаратын ластаушы затардағы үлес салмағы мынадай. (процент есебімен)

Негізгі өндіріс салалары
Шаң-тозаң
Күкіртті газ
Көміртек тотығы
Азот тотығы
Көмір сутек
Жалпы үлес салмағы
Негізгі өндіріс салалары: Жылу электр станциясы
Шаң-тозаң: 39
Күкіртті газ: 38
Көміртек тотығы: -
Азот тотығы: -
Көмір сутек: -
Жалпы үлес салмағы: 29, 0
Негізгі өндіріс салалары: Құрылыс материялдарын өндіру
Шаң-тозаң: 25
Күкіртті газ: -
Көміртек тотығы: -
Азот тотығы: -
Көмір сутек: -
Жалпы үлес салмағы: 8, 1
Негізгі өндіріс салалары: Қара металлургия
Шаң-тозаң: 20
Күкіртті газ: 16
Көміртек тотығы: 43
Азот тотығы: 23
Көмір сутек: 3
Жалпы үлес салмағы: 24, 0
Негізгі өндіріс салалары: Түсті металлургия
Шаң-тозаң: 16
Күкіртті газ: 22
Көміртек тотығы: -
Азот тотығы: -
Көмір сутек: -
Жалпы үлес салмағы: 10, 5
Негізгі өндіріс салалары: Мұнай өңдеу, мұнай-химия өндірісі
Шаң-тозаң: -
Күкіртті газ: 3
Көміртек тотығы: 13
Азот тотығы: -
Көмір сутек: 82
Жалпы үлес салмағы: 15, 5
Негізгі өндіріс салалары: Химия өнеркәсібі
Шаң-тозаң: -
Күкіртті газ: -
Көміртек тотығы: -
Азот тотығы: 12
Көмір сутек: -
Жалпы үлес салмағы: 1, 3

Өнеркәсіп салалары ішінен ауаны ластаушылар қатарына жылу электрстанциялары, қара және түсті металлургия, мұнай өңдеу мен мұнай-химия өнеркәсібі мен құрылыс материялдар өндіру кәсіпорындары жатады.

Жылу электрстанцияларының қалдықтары жағатын отынға, оның химиялық құрамына және жағу әдістеріне байланысты болады.

Көмір жаққанда ауаға күл, күйе, шаң-тозаң қосылады. Мысалы, Қарағанды көтірімен салыстырғанда Екібастұз көмірінің күлі көп. Қуаты орташа жылуэлектр станциялары ауаға сағат сайын 5 тонна күкіртті түтін мен 16-17 тонна күл қосады. Сұйық отын жаққанда күл аз болады да, күкіртпен көміртек қалдықтары көп қосылады.

Газ жаққанда ауаға тек азот тотығы қосылады.

Шым тезекті, ағашты, қамысты отын реінде пайдаланғанда ауаға күл, күйе, шайыр, күкірт, көміртек тотығы, шаң-тозаң қосылады.

Отынның барлық түрінің химиялық құрамында көміртек, сутек, күкірт, азот және оттек болады. Олардан бөлінген газдар адамдар мен қоршаған ортаға зиянды.

Отынды жағу әдісі де ауаның ластануына да әсерін тигізеді. Шаң-тозаң, газ қалдықтарын ұстайтын қондрғылары бар кәсіпорындарың атмосфераға зияны аз, ал ондай қондырғылары жоқтардың келтіретін зияны көп болады. Өйткені қондырқылардың көмегімен қалдықтардың 90-95 процентін ауаға жібермей, ұстап қалуға болады.

Әр саладағы кәсіпорындардың ауаға тигізетін зияны әр түрлі. Металлургия кәсіпорындары ауаны металдың қалдықтары және қосындыларымен ластайды, олардың ішінде темір, қорғасын, мыс, мырыш, қалайы, никель, көмір, күкіртті түтін, т. б. қалдықтары бар.

Мұнай өңдейтін және жасанды жібек шығаратын кәсіпорындар күкіртті сутек қалдықтарын ауаға шығарады; химия кәсіпорындары азот тотығын бөледі; құрылыс материялдарын шығаратын кәсіпорындардың шаңы мен тозаңында, газдардың кальций тотығы, топырақтағы алюминий тотығы, магний, темір, көмір, гипс, әк, т. б. заттардың қалдықтары бар. Құрылыс материялдарын шығару технологиясына шикі затты қазу, тасу, ұнтақтау, елеу, араластыру, нығыздау, кептіру, күйдіру сияқты жұмыстар кіреді. Осы жұмыстарды жүргізгенде сол маңайға шаң-тозаң, күл, бу, түтін т. б. ластаушы заттар бөлінетіні белгілі. Сусымалы және ұнтақталған заттармен жұмыс әстегенде шаң-тозаңды басу өте қиынға түседі. Мысалы, цемент шығаратын зауыттар, әсіресе күйдіру және ұнтақтау цехтары, әк пен цемент тозаңын көп шығаратын, сол маңайдағы өсімдіктерді «күйдіріп» жібереді. Зауыттан 2 км. қашықтықта 1 метр куб ауада 20 мг. тозаң болады, ал санитарлық норма бойынша ол 0, 15 мг. аспауы керек. Асфальтшығаратын зауыттардың шаң мен түтіні көп болғандықтан оларды қаладан тыс жерлерге салу көзделген.

Ауаны ластаушылардың ішінде автомашиналардың орны ерекше. Жыл сайын олар 280 млн. тонна шамасында көміртек тотығын, 56 млн. тонна көмірсутек, 28 млн. тонна азот тотығын ауаға қосады. Бұл газдар құрамында 200-ден астам өте күрделі заттар қосындылары бар. Олардың ішінде зиянсыздары - азот, оттек, сутек, судың булары, зияндылары - көміртек, азот тотығы, этилен, бензол, этан, метан, күйе, күкіртті түтін т. б.

Құрылыс жұмыстарын жүргізгенде де ауа көп ластанады. Ірге тас қалау, су қоймаларын салу үшін топырақтың үстінгі қыртысын алғанда, құрылыс салу, бояу, сылақ жұмыстарында айнала шаң-тозаң, иіс, болып, қалдықтар үйіліп жатады. Құрылыста қолданылатын палимерлі материялдар мен түрлі шайрлардың ішінде уыттылары да бар. Сондықтан да ауаға формольдегид, фенол, шайыр бөлетін фенолофармальдегидтер мен шайырлыларды пайдалануға тиым салынған.

Ауыл шаруашылығында соңғы 30-40 жылда өсімдіктерді қорғау үшін пестициттер, топырақтың құнарлығын арттыру үшін минералды тыңайтқыштар көп қолданылып жүр.

Пестицидтерді егістік жерлерге ұшақтармен шашып немесе өртеп түтінін таратады.

Егістік жерлерге минералды тыңайтқыштар шашқанда, әсіресе азотты және калийлі түрлері, шамадан көп төгіліп, ауаға, топыраққа, жиналып, жауын-шашынмен, көлдерге, өзендерге кетіп, айналаны ластап жатады.

Жер атмосферасына шығарылатын техногенді табиғаты бар

қалдықтардың әлемдік мөлшері.

Ластаушы заттар
Млн. т/жылына
Ластаушы заттар: Көмірқышқыл газы
Млн. т/жылына: 6000
Ластаушы заттар: Түтіннің қатты бөлшектері мен өнеркәсіптік шаң
Млн. т/жылына: 580
Ластаушы заттар: Көміртегі оксиді
Млн. т/жылына: 360
Ластаушы заттар: Ұшқыш көмірсулар және т. б. органикалық заттар
Млн. т/жылына: 320
Ластаушы заттар: Күкірт тотығы
Млн. т/жылына: 160
Ластаушы заттар: Азот тотығы
Млн. т/жылына: 110
Ластаушы заттар: Фосфор қосылыстары
Млн. т/жылына: 18
Ластаушы заттар: Күкірт сутек
Млн. т/жылына: 10
Ластаушы заттар: Аммиак
Млн. т/жылына: 8
Ластаушы заттар: Фторлы сутек
Млн. т/жылына: 1
Ластаушы заттар: Хлор
Млн. т/жылына: 1

Ластанған ауаның зиянды әсері.

Ауаны ластаушы заттар негізінен жер бетінен санағанда 3 км. биіктікке дейінгі аралықта жиналады. Төменгі қабаттағы ауаның жылынып жоғары көтерілуіне байланысты мөлшері 4-10 мкм аралығындағы шаң-тозаң мен газдар 1 км-ге дейін көтеріліп жан-жаққа жүздеген км. қашықтыққа тарайды. Онан әрілері 300-500 метрге көтеріліп ешқайда жылжымай, ауа салқындаған кезде жерге қайта түседі. Мысалы, Лондонда 1км кв. Жерге жылына 390 тонна, Нью-Йоркте 300, Париж бен Чикагода 260, Алматыда 125 тонна шаң-тозаң түседі.

Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының мәліметері бойынша дамыған елдердің 20 процентке жуық халық түрлі аллергиялық аурулармен сырқаттануы ауаның ластануымен байланысты көрінеді. Ауадағы шаң-тозаң көп болуы өкпе ауруына да себепші болады.

Ауаны негізгі ластаушы қатарынды көміртек тотығы, көмірсутек, күкіртті газ, азот тотығы, шаң-тозаң мен күлді айтуға болады.

Қоршаған ортаға аса қауіпті машиналардан ауаға қосылатын көміртек тотығы, халық оны иісті газ деп те атайды. Бұл газ адамдардың және жылы қанды жануарлардың қанындағы гемоглабинмен қосылып дененің оттекті пайдалануына кесел жасап, оттек тапшылығына, дененің әлсіреуіне, тірлі ауруларды төтеп бере алмайтын қалге түседі. Ауыр қолды жұмыс істейтін кісілер көміртек тотығын аз жұтса инфаркт миокардо ауруына шалдығуы мүмкін.

Көміртек тотығымен аз мөлшерде этилен қосылса өсімдіктердің жапырақтары түсіп, гүл түйнектері және өсімдіктердің өзі де қурап қалатыны белгілі.

Өте қауіпті ластаушы қатарына жататын көмірсутектер топырақ пен суда тотықпай ұзақ сақталып, ултракүлгін түстес сәулелер ғана табиғаттық жағдайда ірітіп, аздыратын газдар болып саналады. Олардың ішіндегі метан, этан қанған газдар болса, этилен, пропилен, бутилн қанықпаған газдар болып саналады.

Экология туралы не білеміз?

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Атмосфераны ластағыштардың құрамы
Қоныс және бектас кен орнындағы өндірістік мониторинг (атмосфералық ауаның ластану мониторингі мысалында)
Атмосфералық ауа құрамының ластануы және оны болдырмау шаралары
Атмосфералық ауаның ластану көздері
Қорғасын шаңынан таллийдi алу үрдiсiнiң технологиясы
Ақтөбе қаласының атмосферасын басқа қалалармен салыстыру
Атмосфералық ауаны және қоршаған ортаны қорғау
Атмосфералық ауаның қазіргі жағдайы
ШОРТАНДЫ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ БІЛІМ ОРТАСЫНЫҢ ЖЫЛТУ ҚАЗАНДЫҒЫ ЖӨНІНДЕ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР ЖӘНЕ АТМОСФЕРАНЫ ЛАСТАУШЫ КӨЗ РЕТІНДЕ СИПАТТАМАСЫ
Атмосфераның құрылысы мен газдық құрамы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz