Технология пәні арқылы оқушыларды көркем еңбекке баулу
Кіріспе
І тарау. Технология пәні арқылы оқушыларды көркем еңбекке баулу
1.1. Сәндік қолданбалы өнер элементтері бойынша көркем өңдеу
1.2. Практикалық сабақта оқушылардың білімін ептіліктерін дағдыларын қалыптастыру
ІІ тарау. Жоғары сынып оқушыларына көркем өнерді оқыту әдістемесі
2.1. Бағдарламаға шолу
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қорытынды
2.2. Технология пәні сабағында ағаш шеберлігі аспаптарын жөндеуді оқыту...14
2.3. Жоғарғы сынып оқушыларына көркем кестелеу өнерін оқыту әдістері мен формалары

Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңында "Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді акпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу" деп, білім беру жүйесін одағы әрі дамыту міндеттері көзделеді.
Әр мемлекеттің интеллектуалды, экономикалық, әлеуметтік және рухани – мәдени потенциалы оның инновациялық қызметінің өркендеуі, қоғамның тәлім-тәрбие беру жәй-күйімен қатар оның прогрессивті даму мүмкіндіктеріне тікелей байланысты. Бұл мәселенің аса маңызды екенін сезіну үшін Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан 2030» стратегиялық бағдарламада тәлім-тәрбие беру саласына мемлекеттік мәні бар жеке басымдық беру қажеттілігін және көтерудің алғы шартын атап көрсеткен болатын.
Қазақстан Республикасының бүгінгі де, болашақтағы да кемелділігі, өркендеуі, рухы биік ұрпақ тәрбиесін жандандыру міндеттерінің тиімді шешілуіне оның прогресіне тәуелді екендігін Елбасы өзінің соңғы халыққа жолдауында да атап көрсетті. Осы ретте, яғни ұрпақ тәлім-тәрбиесін дамыту бағытында соңғы кезде мемлекет тарапынан игі қадамдар жасала бастады. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Бүгінгі таңдағы еңбек мазмұны оның интенсивті дәрежесімен ғана өлшенбейді, сонымен бірге шығармашылық деңгейінің пайда болуымен өлшенеді. Еңбек бағасы да, еңбеккер де өзгеруде, қоғам мәнінің басым бөлігін шығармашылық еңбек, яғни шығармашылықпен жұмыс жасаушы адам иеленеді.
Балалардың шығармашылық іс-әрекетін анықтауға екі: педагогикалық және психологиялық көзқарас бар. Педагогтар оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін тек қана оларды әр түрлі көркем өнермен таныстыруға, қабілетін дамытуға бағытталған қызмет түрінде ғана емес сондай-ақ еңбекке тәрбиелеу мен технологиялық білім берудің тиімді тәсілдері ретінде қарастырады. Психологтар оқушылардың шығармашылық іс-әрекетінде анықталған белгілі шығармашылық түрінің, қабілетінің өз уақытында пайда болуына көбірек зейін аударады, оларда қалыптасу мен даму жүйелілігін анықтайды.

1. Н.Назарбаев. "Қазақстан - 2030: бар.шқ қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы".Алматы. 2001.
2. С.Қасиманов. Қазақ халқының қолөнері. Алматы. "Казакстан", 1995.
3. Казақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарга арналған Мемлекеттік бағдарламасы // "Білім әлемі" газеті, 30. 10. 2004.
4. Жолдасбекова С.А. «ХХ» ғасырда білім беру және тәрбие жұмыстарының жүйелерінің дамуының басты бағыттары» атты Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми - практикалык конференциясы. - Шымкент, 2001
5. Технология пәні бойынша қазақ мектептеріне арналған бағдарлама (5-9 сыныптар). - Алматы: Рауан, 1999.
6. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беретін мектеп окушыларын еңбекке тәрбиелеу мен оқыту // Қазакстан мұғалімі. - 1993.
7. Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. Алматы. "Ғылым", 1973. 215-6.
8. М.Жумабаев. Педагогика. Алматы. "Ана тілі", 1992.
9.Әбдіғалиева Ш, «Мектептегі технология». Кенжеахметұлы С «Алматы кітап»М. Махамадиева
10.Тәжімұратов Д «Шебердің қолы ортақ»

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І тарау. Технология пәні арқылы оқушыларды көркем еңбекке баулу
1.1. Сәндік қолданбалы өнер элементтері бойынша көркем
өңдеу ... ... ... ... ... ...4
1.2. Практикалық сабақта оқушылардың білімін ептіліктерін дағдыларын
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
ІІ тарау. Жоғары сынып оқушыларына көркем өнерді оқыту әдістемесі
2.1. Бағдарламаға
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .10
2.2. Технология пәні сабағында ағаш шеберлігі аспаптарын жөндеуді
оқыту...14
2.3. Жоғарғы сынып оқушыларына көркем кестелеу өнерін оқыту әдістері мен
формалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..29
Кіріспе
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңында "Білім беру жүйесінің
басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен
практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби
шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа
технологияларын енгізу, білім беруді акпараттандыру, халықаралық ғаламдық
коммуникациялық желілерге шығу" деп, білім беру жүйесін одағы әрі дамыту
міндеттері көзделеді.
Әр мемлекеттің интеллектуалды, экономикалық, әлеуметтік және рухани –
мәдени потенциалы оның инновациялық қызметінің өркендеуі, қоғамның тәлім-
тәрбие беру жәй-күйімен қатар оның прогрессивті даму мүмкіндіктеріне
тікелей байланысты. Бұл мәселенің аса маңызды екенін сезіну үшін Қазақстан
Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан 2030 стратегиялық
бағдарламада тәлім-тәрбие беру саласына мемлекеттік мәні бар жеке басымдық
беру қажеттілігін және көтерудің алғы шартын атап көрсеткен болатын.
Қазақстан Республикасының бүгінгі де, болашақтағы да кемелділігі,
өркендеуі, рухы биік ұрпақ тәрбиесін жандандыру міндеттерінің тиімді
шешілуіне оның прогресіне тәуелді екендігін Елбасы өзінің соңғы халыққа
жолдауында да атап көрсетті. Осы ретте, яғни ұрпақ тәлім-тәрбиесін дамыту
бағытында соңғы кезде мемлекет тарапынан игі қадамдар жасала бастады. Бұл
міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі
арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық
жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Бүгінгі
таңдағы еңбек мазмұны оның интенсивті дәрежесімен ғана өлшенбейді, сонымен
бірге шығармашылық деңгейінің пайда болуымен өлшенеді. Еңбек бағасы да,
еңбеккер де өзгеруде, қоғам мәнінің басым бөлігін шығармашылық еңбек, яғни
шығармашылықпен жұмыс жасаушы адам иеленеді.
Балалардың шығармашылық іс-әрекетін анықтауға екі: педагогикалық және
психологиялық көзқарас бар. Педагогтар оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін
тек қана оларды әр түрлі көркем өнермен таныстыруға, қабілетін дамытуға
бағытталған қызмет түрінде ғана емес сондай-ақ еңбекке тәрбиелеу мен
технологиялық білім берудің тиімді тәсілдері ретінде қарастырады.
Психологтар оқушылардың шығармашылық іс-әрекетінде анықталған белгілі
шығармашылық түрінің, қабілетінің өз уақытында пайда болуына көбірек зейін
аударады, оларда қалыптасу мен даму жүйелілігін анықтайды.
І ТАРАУ. ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ КӨРКЕМ ЕҢБЕККЕ БАУЛУ.
1.1. Сәндік қолданбалы өнер элементтері бойынша көркем өңдеу.
Қазіргі таңда мектеп оқушыларын еңбек тәрбиесіне баулу арқылы өз
ұлтымыздың ұлттық қолөнеріне үйрету оқу-тәрбие үрдісінің өзекті
мәселелерінің бірі. Оқушыларды өнерге баулу, өз елін, жерін, халқын сүю,
салт-дәстүрін бағалай білуге үйретеді. Қолөнерді жасап байыту арқылы
адамның жан дүниесі, ақыл-ойы, ой-қиялы, іскерлігі, шеберлігі, тапқырлығы,
талаптылығы, ұқыптылығы, байқағыштығы артып, дамып отырады. Сондықтан ғасыр
бойы тарих жолымен дамып, оның ұлттық қадір-қасиеттерін жоймай, бойына
сіңіріп келе жатқан қазақтың ұлттық өнері күнделікті өмірімізде кеңінен
қолданылып келеді. Қазақтың әрбір ұлттық өнері өзінің сипатымен емес
сұлулық сырымен, сәніменен ерекше көзге түсіп, өз мағынасын жоймай сан
ғасырлық тарихтың үлгісін сақтап келеді. Қазақ халқы өзінің ұлттық өнерін
эстетикалық талғамның көрсеткіші ретінде бағалап, ауыз әдебиеті үлгілерінде
де әсемдікке баулу, сұлулығын сүйсіне білуіне тәрбиелеу мақсатында айшықты
сөз өрмегімен суреттеп те отырған.
Ата-бабаларымыз өз ұрпағын еңбек сүйгіш етіп тәрбиелеуді мақсат
еткен. Ал қазіргі кездегі жас жасөспірімдерді халқымыздың ұлттық
мәдениетіне тәрбиелеу және жеке тұлға ретінде қалыптастыруға бағыттау -
қазіргі білім беретін мектептердің міндеті. Осындай жауапты міндеттерді
шешуде өз -елін сүйе білетін, ата-бабасының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін
бойына сіңірген ұрпақты тәрбиелеуде ұлттық өнерді насихаттау да мектептегі
өтілетін технология пәнінің маңызы зор болып саналады.
Технология сабағы, тәрбие мен еңбекке деген сүйіспеншілікті туғызатын
мәлім сабағы. Халық бұрын ғылым мен білімге қолы жетпесе де сұлулық пен
әсемдікті таңдап та талғап та білген білген халық өз тұрмысы мен
мәдениетінде қолөнерін мұрат тұтып жетілдіре білген.
Қолөнер шеберлері шеберліктің кейбір сан-саналы асқақ шеберліктеріп
ұкыптылықпен ескере отырып, кастерлей отырып, меңгеріп біздің дәуірімізге
ұштастыра білген.
Халықтың сонау арғы кезеңіндегі мәдени өміріне ой жүгіртіп көрсек,
ерте замандардан он саусағынан өнер тамған іскер шеберлердің өнерлері
шежіре болып төгіледі.
Олардың көбінің аты аталмай қалғанымен қолтаңбалары түскен өшпес
мәдени мұралары кейінгі ұрпақтар өмірінде бабаларымыз өздерінің қандай
рухани қазынаға мұрагер екендігін де жете танымаған. Сол бір олқылықтардың
өлшеуі -халық қолөнерін зерттеу, қалың қауымның игілігіне айналдыру қазіргі
заманда ғана жүзеге асырылып келеді. Бұл салада өзінің өшпес ізін, орнын
қалдырған өнер адамдарымен зерттеуші ғалымдар аз емес. Сондай ұлы тұлғаның
біріне өзіндік орны бар академик Әлкей Марғұланның өзі бір төбе десек әбес
айтпаған болар едік.
8-9 сыныпта оқитын қыз балаларға жүннен
дайындалатын бұйымдарды үйретуге болады. Киіз басу, текемет басу
технологиясы күрделі
құрал-жабдықтарды онша қажет етпейді, өте қарапайым болғандықтан, бұл
жұмысты оқушылар оңай игеріп кетуіне болады. Киіз, текемет басуға
кезінде оқушыларды еңбекке баулу арқылы эстетикалык, адамгершілік, еңбектік
тәрбиеге сусындауға қалыптастыралды. Мектеп оқушылары мен
студенттерді кәсіптік мектепке баулу арқылы текемет бұйымдарын дайындап
үйренуде, олардың еңбек дағдыларын қалыптастырып, шеберліктерін
ұштауға мүмкіндік берумен бірге жұмыс істеу ынтасын оятады, өз беттерімен
жұмыстар істей білуге құлшындыра түседі.
Қазіргі таңда күні бүгінге дейін өзінің ата-дәстүрін құрметтеп өзінің
ата кәсібі ретінде қолөнер шеберлері оларды дамыта отырып қайта жаңғырту
үстінде.
Халықтық қолөнер түрлеріне әдет-ғұрып жабдықтармен бірге аң аулауға,
мал өсіруге, егіншілікке қажетті құрал-жабдықтар мен қару-жарақтар жасау
өнері де кіреді. Киіз үйдің сүйектері (уық, шаңырақ, кереге, есік) ағаштан
дайындалған үй жиһаздары (үй мүліктері) сандық, жұқаяқ, кебеже, асадал,
ағаш керуерт, жастық ағаш, жүннен дайындалған үй бұйымдарына: кілем, алаша,
текемет, сырмақ, түс киіздер жатса, құрақ құрау, шекпен тоқу, арқан есу,
жіп есу, қайыс еру, таспа өру, түрлі басқұрлар тоқу, жүген, ши тоқу, бесік
жасау, күбі, келі-келсап, ыдыс-аяқтар, ыдыс-аяқтар жасауды қолөнер
шеберлері әртүрлі ою-өрнектермен нақыштап безендіре білген.
Сабақтарда оқушыларды тек еңбек ете білуге ғана баулып қана қоймай,
сол өздері дайындайтын жұмысты (бұйымдарды) эстетикаяық талғамда дайындай
білуге үйретеді.
Бұл бөлімді оқу барысында ер балалар ағаш, металл, тері секілді
бұйымдарды көркем өңдеуді үйренсе, қыз балалар киімнің сән үлгілерін
таңдауды үйреніп, сәндік қолданбалы өнердің негізінде әртүрлі бұйымдар
жасауды меңгереді: кесте тігу, жапсырмалау, моншақпен кестелеу, шашақтау
т.с.с. Сонымен қатар 5,6 сынып оқитын қыз балалар құрақ құру технологиясы
бойынша дайын бұйымдар жасап үйренеді: көрпеше, жастық, тұтқыш, шәйнек
қойғыш, алжапқыш т.с.с, ал 7,8 сыныпта оқитын қыз балалар кілем
бұйымдарының сызбасын жасауды үйрену арқылы түрлі-түсті жүн түрлерін
іріктейді. Сонымен қатар 9-сыныптың қыз балалары тоқымның күрделі
түрлерімен танысып, тұрмысқа қажет төсеніштер тоқуды меңгереді.
Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын әртүрлі
материалдарды пайдаланып олардан тоқу, өру, есу, тігу, кестелеу, мүсіндеу,
құрастыру, сыру, бейнелеу тәсілдері арқылы орындалатын өнер жиынтығын
айтады.
Қазақ халқы ертеден өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті барлық
тұрмыстық заттармен шаруашылық заттарына, құралдарын дайындап пайдалана
білумен бірге өз заманына сай өмір сүрудің ұлттық салт-дәстүрлерін
жалғастырып өмір сүре білген халық.
Технология сабақтарының сапалы өту оқушылардың білім сапасын арттыруға
әсер ететін фактор болып табылады. Оқыту процесі үшін оқыту бағдарламасының
және оқулықтардың, оқу құралдарының сапалы жақсартылуы мұғалімнің
әдістемелік және кәсіби шеберлігін арттырады.
Оқушыларды жас кезінен еңбекке қатыстыру сабақ үстінде белгілі бір
мөлшердегі қажетті білім мен іскерлікті үйретеді. Технология пәні тәрбиелік
өрісі өте кең пәндерінің бірі, бұл пән оқушының ой қиялын байытып, шығу
қабілетін, рухани байлығын арттырады. Сабақта қолданбалы өнерді пайдалану
оқушыларға өнерден мағлұматтар беріп жан дүниесін сезімге бөлеуді оқу
пәніне деген тұрақты қызығушылылық мамандық түрін де таңдауға сонымен
қатар, қайсыбір кәсіп түріне деген ынта ықпалын арттыруға әсерін тигізеді.
Сәндік қолданбалы қолөнер жасалу тәсіліне, қарай кесте, кілем, сырмақ,
құйма, қалыптама бөлімі, ал материалына қарай сүйек ағаш ұқсату, металл
және ою-өрнек өнері арқылы көркемделіп отырған.
Көркем өнер арқылы көркем тұрмысында кең көлесде қолданылады. Көркем
өнер бұйымдарын асқан шеберлікпен төзімділікпен орындау қажет.
Халықтың қолөнерді көне заманнан бері халық тұтынып келе жатқан.
Ұлттық мүліктер және ою-өрнектермен әшекейленіп ағаштан, сүйектен, қыштар,
түсті металлдан жасалған заттар жүйесі құрайды.
Көркем буындарының қатарына киіз үй және анық жасалу жиһаздары,
зергерлік бұйымдар, өрмекшілік, тігіншілік, ою-өрнек, тас қашау, үй салу,
ағаш шеберлігі өнері кіреді.
Өнер таусылмас азық, жұтылмас байлық - дейді халық даналығы.
Қазақтың қолөнері де сарылмас бұлағы. Қолөнер көркемдік мән мағынасымен
халқымыздың ғасырлар балғамынан өткен асыл қазынасы. Халық өнері – халық
даналығының жемісі.
Қазақ халқының қолөнері өзінің қайталанбас көркемдігімен, дәстүрлі
әдісімен дараланып тұрады. Көнеден қалған бұйымдар өрнегінің ерекшелігімен
адамды баурап алып, тарих қайнауына жетелейді.
Қолөнердің алатын орны ерекше, ол әрбір ұлттың өзіне тән меншікті
өнері сайын қолөнері де дамып отырған. Қазақтың өрнекті әшекейімен
істелетін қолөнерінің түрлері өте көп. Шығармашылық ізденіс үстіндегі халық
шеберлері тұрмысқа қажетті қолөнерінің алуан түрін өмірге алып келуде.
Қолөнер шеберлігі табиғаттың әсем көріністерін қолөнер бұйымдарында
жиі қолданған. Сонымен қатар әр елдің әр халықтың тарихи дамуына тұрмысына
табиғи ерекшеліктеріне және эстетикалық талғамына байланысты өзіндік
ерекшелігімен өшпес із қалдырып келеді.
Қазіргі кезде қолөнер элементтеріне үй кіре берісінде киім сәндеу
кезінде бас киімдер әшекейлегенде оның орындалу техника да ерекшеліктер
енгізіп отыр. Мысалы, ою-өрнекпен әшекейленген бұйымда қатырма жапсыру,
моншақтармен түрлі-түсті тастармен безендіру және әртүрлі жібек жылтыр
люрекс жіптерді қолданылады.
Белгілі ғалым Ә.Марғұлан қолөнер бұйымдарын жасаудағы қолөнер
шеберлігінң шығармашылығын: ағаш өңдеу, жүн өңдеу, металл өңдеу, сүйек пен
мүйіз өңдеу, қыш өңдеу, киіз үй жасау, киім тізу, құрал-саймандар жасау, ою-
өрнектер жасау түрлеріне бөлгендігі көрсетіледі.
Халықтық, ұлттық өнерді игеру – жасөспірімдерді әсемдікке, еңбек
сүйгіштікке, мәдени мұраны қадірлеуге халқының тарихын білуге дәстүрді
жалғастыруға баулиды.

қалыптастыру.
Қазіргі кезде егеменді елімізде оқушылраға білімін, ептіліктерін
қалыптастыруда халықтың мәдени мұрасы айрықша рол атқарады.
Көркем өнерді оқытуда әр сабақтың тәрбиелілік мәні болуы керек.
Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуі, еңбек етуге қабілеті мен
шеберлігі, үлкенге құрмет кішіге ізет көрсетуі негізінен бұйымдар жасау
барысында яғни ою-өрнек салу, кілем тоқу, киім және кесте тігу кезеңдерінде
жүзеге асырылады.
Көркем өнерді оқыту барысында оқушыларды қолөнер шеберлігінің
шығармашылық жұмыстармен таныстыру керек. Бұл өз ойларымен композиция
құрастыруына түстерді дұрыс таңдап алуларына септігін тигізеді.
Практикалық сабақтарда көркем кестелеуде қолданылатын құрал жобалар
мен жұмыс жасауды матаға сурет салуды кесте тігістерінің түрлерін кестелеу
технологияларын үйренеді. Әрбір практикалық сабақта мұғалім қауіпсіз еңбек
ету ережелерін сақталынуы жайлы және әр орнын жұмысқа қандай материал керек
екендігі, керекті құрал жабдықтар жайлы және орындалатын тапсырмаға қанша
уақыт берілетіні жайлы нұсқау беріп отырады.
Оқушылардың білімін, ептіліктерін орындау тәсілдерін қалыптастыру
бейнелеу өнері, еңбекке оқыту құралдарымен байланысты жүргізгенде ғана іс
жүзінде іске асады. Сабақ барысында орындалған шығармашылық жұмыста ұлттық
тәрбиені, эстетикалық көзқарасын қалыптастырып ұлттық салт-дәстүрлерімізбен
қолөнерімізді бір-бірімен байланыстыра отырып рухани жан-дүниесін байытады.
Мектептегі еңбекке баулу пәні шын мәнінде қазаққа тәлім-тәрбие беруге
бағытталып, ұрпақ өз халқының қолөнерінің қажетін жетік түсініп игеріп өсуі
керек.
Халқымыз жастарды кішкентай кезінен еңбекке баули отырып олардың
эстетикалық және көркемдік талғамын қалыптастырып, адам қолымен жасаған
әсемдікті түсінуге, қолөнер шеберлерінің өзіндік ерекшелігін ойын
қайталанбай бірейлігін, нәзік талғасы мен ғажап шеберлігін айыра білуге
үйретті. Мұның бәрі өскелең ұрпаққа ептіліктеріне дағдыларына эститикалық
сезіміне әсер етпей қоймайды.
Қолданбалы қолөнерге тән ерекшеліктер айналадағы ортамен, өмірмен,
еңбекпен тығыз байланыста болумен анықталады. Қолданбалы өнердің, еңбекпен
тығыз байланыста анықталады. Қолданбалы өнердің әлеуметтік тәрбиелілік
ролі тек оның туындыларының өзіндік көркемдік эстетикалық құндылығымен ғана
бағаланбайды. Он санымен қатар адамдардың өз заманына сай талғамын
білдіруінен өткендегі мәдениетпен, ұлттық дәстүрлермен сабақтастығынан
көрінеді. Қазақ халқы сонау ерте заманнан ақ күнделікті еңбек қызметінде
өзінің қолданбалы өнерін дамытып отырды. Көркемдік талғам мен талапқа
сәйкес олардың отбасының, жеке бастың тұрмыстың және рухани қажеттерін
қанағаттандырады.
Жүн, тері, сүйек, ағаш көркем өнер туындыларын жасайтын материалдар
қызметін атқарады. Міне, осының бәрін жастайынан көріп, көңіліне таңып
өскен балалар бірте – бірте өнердің қыр сырын меңгеріп, өз бетімен өмір
жолын бастағанға шейін айтарлықтай дағдылары мен ептіліктерін
қалыптастырады.
Шеберханалардағы сабақтар процесінде оқушылар әртүрлі материалдарды
өңдеу амалдарын, жете тоқуды, кілем тоқу технологиясын т.б. меңгереді.
Мұнымен бірге оларда белгілі бір іскерлік және дағдылар қалыптасып қана
қоймай өздері үйреніп жатқан еңбек операцияларының ғылыми негіздері жайлв
мағлұмат пайда болады.
Жыл сайын білім ауқымы қарқынды өсіп отырған қазіргі ғылыми техникалық
процесс жағдайын да еңбекке үйрету процесін мектеп оқушыларына өздерінің
практикалық іс-әрекет процесінде жаңа білімді іскерліктерді, дағдыларды өз
беттерімен игеруіне барынша мол алғы шарт жасаған.
Оқыту барысында оқушыларды қолөнер шеберлерінің шығармашылық
жұмыстарымен таныстыру керек. Бұл олардың өз ойларын композиция
құрастыруына, тұстерді дұрыс таңдап алуларына септігін тагізеді.
Пракгакалық сабақтарда көкем кестелеуде қолданылатьш құрал -жабдықтармен
жұмыс жасауды, матаға сурет салуды, кесте тігістерінің түрлерін, кестелеу

ету ережелерін сақталынуы жайлы және әр орындалатын жұмысқа кандай материал
керек екендігі, керекті құрал жабдықтар жайлы және орындалатын тапсырмаға
қанша уақыт берілетіні жайлы нұсқау беріп отырады.
Оқушылардың білімін, біліктілігін, орындау тәсіцдерін қалыптастыру
бейнелеу өнері, еңбекке оқыту курстарымен байланысты жүргізгенде ғана іс
жұзінде іске асады. Сабақ барысында орындалған шығармашылык жұмыстар ұлттық
тәрбиені, эстетикалык көзқарасты қалыптастырып ұлттық дәстүрлермен
қолөнерімізді бір-бірімен байланыстыра отырып рухани жан дүниесін байытады.
Оқу барысында оқушылар шығармашылық ізденіспен жұмыс істесе ұлттық
тәрбиені, әдемілікке деген көзқарасты, қалыптастырып ұлттық салт -
дәстүрлерімізбен қолөнерімізді бір- бірімен байланыстыра отырып рухани жан
дүниесін байытары сөзсіз.
Бағдарлама мазмұнында ептілік, іскерлік, шеберлік пен бірге шығармашылық
жұмыс барысында әдет, дағды қалыптастырылады.
• Оқушылар білуі керек:
- туып өскен жерінде сәндік көркем өнердің, кестелеу өнерінің даму тарихын,
кесте түрлерін, оның нарықтык экономика жағдайындағы ролін;
- кестелеуде қолданылатын құрал - жабдықтар мен жұмыс жасауға бейімделуді;
- кестелеуде пайдаланылатын материалдардың, жіптердің түрлері меноның
жасалынуын;
- бұйымды дайындау техникасы мен технологиясын;
- ою - өрнектің түрлері мен оның жасалынуын;
- еңбек қауіпсіздігін сақтауды және жұмыс орнын ұйымдастыру талаптарын
дұрыс жолға қоя білу.
• Оқушылар жасай алуы керек:
- ұрпақтан — ұрпаққа жалғасып келе жатқан өнер түрлерін;
- композиция құрастыру;
- сурет, сұңғат, зергерлік өнер т.б. тұрлерін;
- кестелеуде колданылатын қурал - жабдыкгарымен дұрыс жұмыс жасау;
-талапқа сай жұмыс орнын ұйымдастыру;
- енбек кауіпсіздігін сақтау ережесін орындау;
ІІ ТАРАУ. ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА
КӨРКЕМ ӨНЕРДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1. Бағдарламаға шолу.
Технология білім саласын меңгеру оқушылардың жалпы білім мен
дағдыны меңгеруіне мүмкіндік береді; интеллектуалдық, тұлғалық, эстетикалық
және эстетиканың дамуын, өзіндік кәсіптік айқындығын, қазіргі әлеуметтік
экономикалық жағдайға бейнеленетінін қамтамасыз етеді.
Оқудың мазмұны оқу бағдарламалыр арқылы түсінімді. Оқу пәнінің мазмұны
бағдарламамен анықталады. Оқу бағдарламасы сондай-ақ мемлекеттен құжат
болып табылады. Онда оқу пәнінің мазмұнынан құралған, ал сонымен қоса сол
пән бойынша білімнің, іскерлік пен дағдының көлемін қамтитын барлық
сұрақтар мен тақырыптардың тізімі болады.
Бағдарлама оқу материалын оқыту жылдары бойынша бөлініп қойылған және
оқу жоспары бойынша оны үйренуге бөлінген сағаттың жалпы саны ескеріледі.
Бағдарламаларда сол пән бойынша сыныптан тыс жұмыстар жөнінде ұсыныстар
және оқушылардың қосымша оқуы үшін негізгі әдебиеттердің тізімі де
беріледі.
Барлық бағдарламалар түсінік хаттармен қоса алдын-ала түсіндіріліп
жіберіледі, онда сол пәнді оқыту міндеттері ашылады, оқу пәнінің жалпы
жүйесіндегі алатын орны және олардың кейбіреулерімен байланысы көрсетіледі.
Соның өзінде курстың жеке бөлімдері, тақырыптары мен сұрақтарын оқып
үйретуге деген жалпы нұсқау оқудың негізгі құралдары мен оқыту әдістері
жөнінде ұсыныстар береді.
К.Ө.Өстеміров, Г.Шымкеева, Р.Т.Қайымова, М.М.Ырсымбетовтің технология
пәні бойынша 2004 жылы Жалпы орта білім беретін мектептердің 8-9
сыныптарына арналған бағдарламалары шыққан. Бағдармада қала және ауыл
мектептеріндегі 8 сыныптағы қызбалалар үшін тақырыптар реті төмендегідей.
1. Сәнді қолданбалы өнер элементтері. Тігін бұйымдарының сән үлгілері
2. Тамақтану мәдениеті. Тамақ әзірлеу технологиясы
3. Үй мәдениеті. Тұрмыстағы техника
4. Үй экономикасы мен кәсіпкерлік негізі.
5. Ақпараттық технология негіздері
6. Жоба
Білім мазмұнына Сәндік қолданбалы өнер элементтері негізіндегі
көркемдік қолөнер технологиясы тарауы ауылдық және қалалық мектептердегі
қыздарды оқыту үшін енгізілген.
Технология - еңбек ресурстарын дайындаудың негізгі көзі, кәсіптік
білім жұйесі. Бұл білім 1886 жылы Швециядағы мектеп директоры Сент-Илердің
"Қол еңбегі оқытудың негіәдері" деген еңбегінен бастау алған. Ресейде 1900-
1901 оқу жылында "Қол еңбегінен сызу пәндерінен еңбекті оқыту" деген
баяндама даярлаған, Қазақстанда 1922 жылы халық ағарту комиссиясында бе-
кітілген оқу жоспарында "Қол өнері, қол еңбегі" дөп енгізілген. Сөйтіп, бір
ғасырдан артық уақыт шеңберінде барлық мектептер жүйесінде 1-11 сыныптар
арасында үзбөй, үзіліссіз оқытылып көледі.
Технология пәнінен білім беруде оқушы бұрынғыдай оқу бағдарламасын
игеруші, мұғалім балаға жеке пән бойынша білім беріп қана қоймайды, жеке
мамандықты меңгеретін жеке тұлғаны да қалыптастырушы, Білімнің негізгі және
айқындаушы мәні сол тұлғаны дамыту болып табылады Оны жүзеге асырудың
негізгі жолдары: оқушылардың жеке қабілетін және белгілі бір кәсіпке
бейімділігін айқындай отырып, білім беру, сол негізінде оқу бағдарламасын
жетілдіру. Бағдарламаны жетілдіру кезінде қоғам, уақыт, нарық,
жекешелендіру т.б. өмірде болып жатқан өзгерістер негізінде білім беруге
ерекше назар аудару.
Еңбекке баулу талаптарының оқушылардың жас ерекшеліктеріне, педагогика
мен психология талаптарына сәйкестігі, белгіден белгісізге, жеңілден-
ауырға, қарапйымнан-күрделігеден ұстанымды берік ұстап, оқушылардың еңбекке
деген ынтасын жойып алмау жағына ерекше назар аудару керек, оқушының
қабілетімен қабылдауы тұрақсыз болады. Оны тұрақтандыра білген жақсы нәтиже
береді, ал тұрақтылық болмаса оқушыда құштарлықта, белсенділікте болмайды.
Бүгінгі білікті маман жұмыскер өз саласындағы өндірістік міндеттерді
жақсы атқарып қана қоймай, оған қоса жобалай білуі, дұрыс шешім қабылдап,
шығармашылық жұмыстарды да орындай алатын болуы қажет. Оның басты себебі,
ғылымның тез қарқынымен дамуына жаңа технологиялардың өмірге енуіне
байланысты кез келген кәсіптік мамандыққа қойылатын талаптарда тез езгертіп
отырады. Осыдан әрбір адамға емірде 2-3 мамандықты игеру қажеттігі
туындайды. Осыған орай қолөнер ұлтымыздың салт-дәстүріне тән көптеген
бұйымдарды жасаудың әдіс-тәсілдерімен қатар, олардың теориялық негіздері де
берілген. Мысалы, кесте тоқу өнері.
Қай халықтаң өнеріне мәдениетіне байыпты көз салсақ, сол халықтың
әсемдік талғамы мен танымына, эстетикалық көзқарасына орай белгілі бір өнер
түрінін дамып отырғанына көз жеткіземіз. Осы тұрғыдан алғанда халқымыздың
кестелеу өнері ерекше. Бұл өнер қазақ халқының өмір тіршілігінен айрықша
орын алып, ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып дамып келе жатыр.
Кесте - мата, тері, киіз т.б. материалдар бетіне әр түрлі жіппен,
зермен, әр түрлі суреттер мен өрнектер салып тігілетін қол өнерінін бір
түрі. Қазақ халқының дәстүрінде киім-кешек пен төсек-орын жабдықтары,
қалыңдық пен күйеудің батырлар мен сауық қойлардың бас киімі, белбеуі,
киімнің жең-жағалары мен балақтары, әр түрлі жамылғылар мен кежімдер және
басқа да осы сияқты жол-жорық, үй мүліктері кесте өрнегімен жиі
безендірілетін.
Ертеде халқымыз тұлынған бұйымдарының бәрін дерлік кестемен әшекейлеп
безендірген. Мысалы, әсіресе ұлттық киімдерді, бас киімдерді, неше түрлі
сыйлық заттарды кестелеуге болады. Кестелеу өнері дүние жүзінің бар
халқында бар. Сонымен қатар, әр халықтың тарихи дамуына, тұрмысына, табиғи
ерешелігіне және эстетикалық талғамына байланысты өзіндік ерекшелігімен
ерекшеленеді.
Кесте тігуге негізі зығырдан, жүннен, жібектен, мақтадан және аралас
талшықтан тоқылған маталар пайдаланады. Кестені тот басқан инемен тігуге
болмайды, тігуге пайдаланатын оймак металдан емес, пластмассадан да бола
береді. Жіпті қшоға пайдаланатын кайшының ұшы сәл икемділеу болуы керек.
Кесте жібінің түрлері өте көп, қолданылуына қарай таңдап алынады. Жұмыс
кезінде тігіс ұзындығы бірдей, арақашықтың сақталуын, матанын тартылмауын,
жиырылмауын ескеру керек. Әсіресе, кестенің сол жағына көп кеңіл аударған
жөн, оның таза шығуын қадағалау - ілмек жасамау және жіп шығып түрмауы тиіс
және аса ұзын жіпті кесте астына косып жіберу керек. Ен керекті заттарды,
бұйымдарды сақтау үшін, арнайы қорап, қобдиша немесе ілінбелі қол жұмыс
бұрышын жасуға болады. Бұлы кез-келген көлемде, кез-келген матадан
дайындайды.
Қашанда кесте өнерінің түр-түсі, үйлесімділігі, әдемілігі,
қайталанбастығымен ерекшеленеді. Ғасылар бойы өрнектің, кестенің орналасуы
өзгеріп (шетівде, ортасында, бұрышында), пішіні өлшемге сай болып келген.
Бүгінгі күнде өрнектердің орналасуы, өлшемі, пішімі тігушінің талғамына,
фантазиясына байланыеты. Кез-келген шығармашылықта түр үйлесімділігі
маңызды роль атқарады, яғни ол адамның ішкі дүниесімен үндесуі керек. Бұның
өңімен көптеген түстердің үйлесуі кесте тігуде ең басты шарт болып
табылады.
Түстерді екі топқа бөлуге болады: хроматикалық - тусті, ахроматикалық
-түссіз. Хроматикалық түске ашық түстер жатады: негізгі - қызыл, сары, көк
және аралық түстер - жасыл, сия тусті, алқызыл. Аралық немесе косымша
түстер араласы екі негізіден алынады: алқызыл - қызыл мен сарыдан, жасыл -
сары мен көктен, сия түсті - қызыл мен көктен. Сонымен қагар түссіз немесе
аралык түсте, яғни ашық түстілер онша көрінбейтін, түссізге тэн. Оған ақ,
қара, сүр түстер жатады. Хроматикалық түстер жылы және суык түстерге
жатады, яғни от және күн тәріздес - сары, қызыл, алқызыл; суық түстерге
көк, жасыл, сия көк. Түстердің ашық және қою болуы, бұл түс үйлесімділігі
деп аталады. Ахроматикалық түстер ашык немесе аққа жақын болып табылады.
Қол тігіске тек ашық түстер ғана емес, сонымен қатар, аралық түстерді де
пайдалануға болады. Бұл түстер үйлесімділігі жылы және жұмсақ келеді.
Гармониялық үндестік көбінесе түстердің үйлесімділігінеи туады. Кестенің
турі бірдей болғанымен, түсі әртурлі болса әдемі, тартымды келеді.
Өнер қазынасының сарқылмас мұхиты халық "адам өнерімен әсем, ан
жүнімен әсем" деп келіп, "кестені көңіл сызады, қол тігеді, көз сынайды"
деп қорытқан. Кесте өнері осы айтылғандай нағыз халыкгық, алуан әдісті,
таңдауы көп өнер.
Кесте тігуге дайындық жұмыстары Қажетті құрал-жабдықтар: кесте тігу
үшін жіп, мата, ине, қайшы, оймак, біз және кергіш қажет. Иненің жуан-
жіңішкелігі кесте тігілетін материалдың қалыңдығына және жіптің жуан-
жінішкелігіне байланысгы болады. Жіптің ұзындығы 50-60 сантиметрден артық
болмауы керек. Қайшының ұшы үшкір, ұзындығы 10-12 сантиметрдей болуы керек.
Кестені ілгекті бізбен кестелейді. Кестелеу үшін әр түрлі жіптерді
пайдалануға болады. Кесте тігуге негізі зығырдаң, жүннен, жібектен, мақта-
матадан және аралас талшықтан тоқылған маталар пайдаланылады. Кестенің
кейбір түрлері селдір матаға түсіріледі. Ұсақ-бұйымдарды әдетте дөнгелек
кергіште кестелейді.
Жұмысты бастамас бұрын мата мен жіп сапасын анықтап алу керек. Кестені
тот басқан инемен тігуге болмайды. Кесте тігуге пайдаланатын оймак
металлдан емес, пластмассадан да бола береді. Оймақ оң қолдың ортаңғы
саусағына киіледі. Қайшы ұшы сәл имектелген болуы керек, ол жіпті қиюға
қолданылады. Ал мата шетін иректеу үшін зигзаг қайшысы ыңғайлы.
Көшірме қара, түкті және жылтыр матаға суретті калька қағазы немесе
целлофан аркылы көшіреді. Қағазға көшірілген суреті мата бетіне салып, жан-
жағын жиектеп, жиі етіп тігеміз. Қағазды айналдыра қиып, бұйым
кестеленгеннен кейін кағаздағы көктеу жіптерді алып тастаймыз. Екінші
көшірме турі де қағазға, жібекке, барқытқа трафарет түрінде орындалады. Ол
ұшін үстелге жұмсақ, бірнеше кабатталған жапқышты немесе матаға сурет
көшірілген қағаз салынады. Осының астына қағаз немесе калька қағазы
салынып, бәрін қабатталған матаға түйрейді. Содан кейін жіңішке немесе өте
қалың, егер түсірілетін сурет тығыз матада болса, инемен немесе бізбен
сурет жиілігін 2 мм аралықта айналдыра тесіп алады. Дайын трафарет
көшірмені теріс жағынан өвдеу қағазымен суртіледі.
Трафарет, қима үлгі, пішімдер дайындау. Кесте бұйымдарын тігуде көп
қолданылатыны - пішімдер, ол бұйымның жеке белшектері. Пішімдері көп
колданылатын түрін қима үлгі деп атайды. Жалпы трафаретті жұқа пластшалар
болмаған жағдайда, картон қағаздар көмегімен де жасауға болады. Трафареттер
мен қима үлгілер көмегімен бұйымның шет өңірлері жиектеледі.
Бедер құрастыру. Кестеге дайын бедер де пайдалынады. Бірақ халық
арасында тігісті тек көшіріп қана қоймай, сурет етіп өздігіненде салып
кестелеу дәстүрі бар, онда бейнелеу кезіндегі адамның киял-ғажайып ойы,
ондағы тустер гармониясын игеру заңы, әр түрлі етіп тігу, түсіру техникасы
және композициялау үндестігі жинақталған. Мұнда бұрынғы кесте тігу
жиынтығымен таныса отырып, өзіңнің жаңа шығармашылығывды көрсетуге
итермелейді. Түсетін өрнектерді әртүрлі өлшемде үлкейтуге немесе
кішірейтуге болады. Қағаз бетіне өлшенген бедер көлемін өлшеп калдырады,
сосын кағазды қаттамалап жиыру арқылы каттайды да, өрнекті қияды. Содан
кейін дайын болған пішіндерді жайып, қағаз бетіне немесе столға қалауынша
етіп, жақындатып,жылжытып, ретіне қарай орналастырады.
Мата шетін тегістеу. Жұмысқа қажетті өрнекті таңдап тандап, соған
байланысты мата алынып, қажетті мөлшерде, сапалылығы мен түсіне байланысты,
сонымен бірге ине мен жіп те тавдалады. Бірақ жұмысқа кіріспес бұрын мата
шетін тегістеп, өрнектің мата бетіндегі бейнесін анықтап сызу керек.
Киім, бұйым тіккендегі тігіс сияқты емес, кесте тігудегі айырмашылығы
жіпті тігуге, кестені тігетін матаның өң жағына ілгек жіптер жасауға, мата
өңінің бетіне жіпті тастауға болмайды. Негізгі кесте таза орындалатын жұмыс
түріне жатады. Кестені бір қабат жіппен тіккенде, жіпті бірнеше ұсақ
тігістермен тігу барысында беті кестеленіп кететін жеріне бекітілуі керек,
немесе бір іліп алғаннан соң матаның он жағына 10 см ұзындыкта жіп
қалдырылады, содан кейін жіпті инемен кестенің астына алып бекітуге болады.
2.2. Технология пәні сабағында ағаш шеберлігі аспаптарын жөндеуді оқыту
Өңделінетін ағаштың бетіне үнемі үйкелуі нәтижесінде сүргі корпусының
табаны тозады. Табанның алдыңғы бөлігі ең көп тозатын бөлігі болып
табылады. Корпустың табанының тозу мөлшерін өлшегіш аспаптармен жиналмалы
түрде тұрғанда тексеруге болады. Корпус табанының жазықтығын тегістеу үшін
сүргі, фуганоктың пышағын алып, сынаны қалдырады. Егер сынаны суырып алса,
онда оны орнына қайта орнатқанда сүргінің табаны қисаюы, майысуы мүмкін,
соның нәтижесінде сүргі тегіс сүргілемейтін болады. Аспаптың табанын жоғары
қаратып жұмыс үстеліне бекітеді. Табанының беті фуганокпен бірқалыпты,
жұлқылай және кұрт қимылсыз етіліп сүргіленеді. Өңдеп болғаннан кейін
корпустың бүйір жақтауларының перпендикулярлығы табанның 50 мм ұзындығының
жазықтығынан 0 , 2 мм шамасынан ауытқымауы керек. Екі пышағы бар
сүргілердің жұмыс жазықтығының ұзына бойы корпус табанынан ауытқуы 0,1 мм-
ден жоғары, ал басқа сүргі, фуганок және жартылай фуганоктарда 0 ,2 мм-ден
артық болмауы тиіс. Сүргі табаны едәуір тозған жағдайда жөңдеу жұмысы
былайша жүргізіледі. Корпустың төменгі бөлігінің табаны жонып түсіріліп,
қызыл қайыңнан, үйеңкі және т.б. ағаштардан жасалған жаңа табан суға
төзімді желіммен желімделеді. Ағаштың дымқылдығы (10+2) % және қалыңдығы 15-
18 мм болып, желімденғен табан өңделгеннен кейін қалыңдығы 1 2 мм-ден кем
болмауы тиіс, Жаңа табан ағаш талшықтары сүргі, фуганок корпусының бойлық
осі бойына бағытталатындай етіп желімделінеді. Табанды қабыршықталған
корпуспен жабыстырғаннан кейін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz