Иммундық жүйе және оның қызметі



І. КІРІСПЕ
ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1.Иммундық жүйе және оның қызметі,гуморальды және
клеткалық жүйе
2.2.Иммуноглобулиндердің генетикасы
2.3.Иммундық жауапты генетикалық бақылау
2.4.Иммундық жауаптың гендері.(Ir.гендер)
2.5.Гистосәйкестіктің (МНС) басты комплексі
2.6.Гистосәйкестіктің және басқа лимфоциттік антигендер мен аурулардың корреляиялық байланыс
ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ
ІV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Гомеостаз бұзатын және ішкі заттардан организмді қорғап тұратын ерекше жүйені иммундық жүйе деп атайды.Латынның «иммунитас» деген сөзі «әлденеден босату, тазарту» деген ұғымды білдіреді. Иммунитет туралы түсінік өте ерте заманда пайда болған.Қытай мен Үнді елдерінде жұқпалы шешек ауруымен адамдардың денесіне күлдіреген көпіршіктерін алып, оны дені сау адамдарға алдын ала сол аурумен ауырмас үшін жұқтырған. Батыс және Оңтүстік Африканың жергілікті халқы малдың өкпе қабынуына қарсы егуді бірнеше ғасырдан бері нәтижелі қолданылап келеді.Олар өкпесі қабынып өлген малдың өкпексіне пышақ сұғып, сол пышақпен сау малдардың тұмсығын тілгілейді екен. Дегенмен ең алғашқы иммунологиялық тәжірибені жасаған ағылшын дәрігері Э.Дженнер. Ол 1796 жылы шешегімен ауырып тұрған адамның қайтадан шешекпен ауырмайтындығы байқаған. Ол сиыр шешегімен ауырған сауыншылардың қолдарындағы күлдіреген көпіршіктердің суын басқа адамдарға екті. Сол сұйықты ол вакцина деп атады «лат.вакка-сиыр деген сөзді білдіреді».[7]
1. Стамбеков С.Ж. «Жалпы генетика» Алматы 1999 ж
2. Захаров В.Б. , Мамонтов С.Г. «Жалпы биология»
Алматы 2006 ж
4. Иванова О.А. «Генетика» 1974ж
3. Лобашов М.Е. «Генетика» 1967ж
5. Гершкович И. «Генетика» 1968ж
6. Дубинин Н.П. «Генетика» 1985ж
7. Бочков Н.П. «Медицинская генетика» 1984ж
8. Инге-Вечтомов «Генетика» 1989ж
9. Захаров В.Б «Жалпы биология
10. Дубинин Н.П., Гершкович И. «Генетика
11. Мамонтов С.Г. «Генетика» 1989ж

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.
І. КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1.Иммундық жүйе және оның қызметі,гуморальды және
клеткалық жүйе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2.2.Иммуноглобулиндердің генетикасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 7
2.3.Иммундық жауапты генетикалық бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.4.Иммундық жауаптың гендері.(Ir-гендер) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
2.5.Гистосәйкестіктің (МНС) басты комплексі ... ... ... ... ... ... .. ... ... .13
2.6.Гистосәйкестіктің және басқа лимфоциттік антигендер мен аурулардың корреляиялық байланыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
ІV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ..20

Кіріспе
Гомеостаз бұзатын және ішкі заттардан организмді қорғап тұратын ерекше жүйені иммундық жүйе деп атайды.Латынның иммунитас деген сөзі әлденеден босату, тазарту деген ұғымды білдіреді. Иммунитет туралы түсінік өте ерте заманда пайда болған.Қытай мен Үнді елдерінде жұқпалы шешек ауруымен адамдардың денесіне күлдіреген көпіршіктерін алып, оны дені сау адамдарға алдын ала сол аурумен ауырмас үшін жұқтырған. Батыс және Оңтүстік Африканың жергілікті халқы малдың өкпе қабынуына қарсы егуді бірнеше ғасырдан бері нәтижелі қолданылап келеді.Олар өкпесі қабынып өлген малдың өкпексіне пышақ сұғып, сол пышақпен сау малдардың тұмсығын тілгілейді екен. Дегенмен ең алғашқы иммунологиялық тәжірибені жасаған ағылшын дәрігері Э.Дженнер. Ол 1796 жылы шешегімен ауырып тұрған адамның қайтадан шешекпен ауырмайтындығы байқаған. Ол сиыр шешегімен ауырған сауыншылардың қолдарындағы күлдіреген көпіршіктердің суын басқа адамдарға екті. Сол сұйықты ол вакцина деп атады лат.вакка-сиыр деген сөзді білдіреді.[7]

2.1 Иммундық жүйе және оның қызметі, гуморальдық және клеткалық жүйе
Иммундық жүйе орталық және шеткі органдардан тұрады. Имундық жүйенің құрамына төс астындағы сырт пішіні айыр тәрізді болып келетін тимус, қарын астында орналасқан көк бауыр, жілік майы, ішектерді жағалай орналасқан лимфалық түйіндер жатады.Бұл органдар денеге таралып сөл тамырлары арқылы организмнің барлық мүшелерін қамтып жатады.Жоғарыда қан сарысуының иммундық қабілеті туралы әңгімеледік.Сол сарысумен қанмен қосылып жатқан лимфа болып табылады.Иммундық органдардан ағып шыққан лимфа иықтағы бұғана сүйегінің тұсында қанмен қосылып,онымен бірге денені айналып келіп,лимфалық түйіндерде қайтадан қаннан бөлініп,иммундық органдарға келеді.Олар қанның сарысуында болғандықтан ғалымдар иммунитеттінің гуморалдық (гумор-сұйық) теориясын жасады. Лимфа негізінен лимфоцит деп аталатын клеткалардан тұрады. Иммундық жүйенің құдіретін көрсететін дәл осы клеткалар. Лимфоциттер жасалатын клеткалар алғаш іште жатқан баланың бауырында пайда болады.Одан соң сүйектің майына түсіп,сол жерде пісіп жетіледі де, одан майда лимфцоиттер жасалады.Жіліктен шыққан лимфоциттердің бір бөлігі тимусқа жетіп,ол жерде ерекше қасиетке ие болады.Одан шыққан лимфоцитті Т-лимфоцит (тимустық лимфоцит) деп атайды.Иммундық жүйеде Т-лимфоцит әрі қарай бөлініп, мынадай клеткалар тобын береді: 1)антигенді жұтып,ыдыратып жіберетін макрофаг;
2)антигендік клетканы өлтіретін клеткалар - Т-киллер (ағылш."килл"-өлтіру деген сөз):
3)антидене жасайтын лимфоциттермен хабарласып тұратын клеткалар - Т-хелпер ("хелп"-көмектесу):
4)антидененің жасалуын тоқтатын - Т- супрессор клеткалары.Осы айтылғандар иммунитеттің ең белсенді клеткалары болып табылады. Бұлар еш уақытта антидене жасамайды.
Т- және Б- ЛИМФОЦИТТЕРДІҢ ШЫҒУ ТЕГІ.Тимус-төс сүйегінің астындағы айырша без.Бұл без организмнің жас ұлғайған сайын біртіндеп кішірейе береді.Жатырда жатқан баланың салмағының 2 процент тимус болса, жаңа туған баладағы оның үлесі - 0,5 процент, ал 40 келген адамда небәрі - 0,01 прцентке дейін төмендеп, қарт адамдарда ол мүлдем жойылып кетеді. Адам қартайғанда аурушыл болатыны да осы бездің жоғалуынан. Көптеген зерттеулер тимусы хирургиялық жолмен алып тасталған жас малдың нашар болып өсетінін көрсетіп отыр.Ондай малдарда лимфоциттердің мөлшері күрт азайып,иммунитеттің ешбір белгісі байқалмайды, жұқпалы аурумен тез ауырады.Егер малдарға тимус безін қайта салса, ауруға қарсылығы күшейетіні анықталды.Осы нәтижелер тимустың иммундық жүйеде ең басты роль атқаратыны дәлелдейді. Сонымен тимустан иммунитетте ерекше қызмет атқаратын төрт түрлі клеткалар тобын - макрофаг,өлтіргіш,көмекші және тежегіш-клеткалар (супрессор) беретін Т-лимфоциттер, "дайындалып" шығатынын білдік.Т-лимфоциттер соншалықты мықты болғанымен иммундық жүйе Б-лимфоциттер жасап шығарады.яғни денеге енген антигенді "сиқырлы оқ" - антиденелермен "атқылайтын" осы клеткалар.Бұл клеткалардың Б - лимфоциттер деп аталу себебі мынаған байланысты.1956 жылы Глик антидене жасайтын иммундық клеткаларды Б - лимфоциттер деп атайды. Адам мен жануар организмдегі бурса безі жоқ.Ал құста сүйек майынан шыққан лимфоциттердің бір бөлігі бурсада,антидене жасайтын клеткаларға айналады. Ал адам мен жануарларда сүйек майынан шыққан лимфоциттердің бір бөлігі Т-лимфоцитке айналу үшін тимусқа барса,екінші бөлігі Б-лимфоциттерге бірден айналып отырады екен.Сонымен қорыра айтқанда иммундық жүйе организмде Т- және Б- лимфоциттерге арқасында ғана антигеннен қорғай алады.Қалыпты жағдайда имундық жүйедегі Т- және Б-лимфоциттер бір-бірімен араласпай,лимфалық түйіндердің әр бөлігінде орналасқан.Олар имундық органдардан шығып қан тамырларына енгенде ғана араласады.
ИММУНДЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ӘРЕКЕТТЕРІ.Егер организмге әлдебір бөтен зат-антиген ене қалса,оны иммундық жүйенің лимфа сұйықтығы лимфалық орандарға жинайды.Ол жерде макрофаг антигенмен мұқият жанасып,антигеннің "бөтен" бөлшектерінің (детерминантының) құрылысы туралы мағлұмат "егжей-тегжейлі" есіне жазып алады. Бұл антген организм үшін бөтен болғандықтан артынша макрофаг оны жұтып жібереді (макрофагтың клеткасының ішінде кез-келген антигенді ыдыратып,қорыта алатын ферменттер жетіп жатыр).Макрофаг детерминанттың құрылысы туралы есіне сақтап алған хабарды Б-лимфоциттке, сонымен қатар көмекші Т-лимфоциттерге береді. Осыдан кейін көмекші Т-лимфоцит антигеннің детерминанты туралы мәлімет алып үлгерген Б-лимфоцит пен өлтіргіш Т-лимфоциттерді іске қосады.Осы айтылған клеткалар өздерінен ерекше лимфокиндер деп аталатын пептидтер бөледі және солар арқылы бір-біріне әсер етіп, иммундық клеткалар бірін-бірі іске қосады.Қазіргі кезде лимфоциттер бөлетін 100-ден аса лимфокин белгілі.Жоғарыда айтылған клеткалар өздерінен интерлейкин деген лимфокиндер бөліп шығарады. Макрофаг өз клеткасынан интерлейкин-1 деген лимфокинді бөліп шығарады.Осы лимфокинмен байланысқан көмекші Т-лимфоцит бөліну жолымен көбейіп,ол да өзінен интерлейкин-2 лимфокин бөле бастайды.Интерлейкин-2 Б-лимфоциттер мен өлтіргіш Т-лимоциттер әсер етіп,олардың тез бөлініп,көбеюіне мүмкіндік береді (интерлейкиндердің клеткаларды іске қосу дісі қазір жан-жақты зерттеулерде).Міне жоғарыда айтылған бұйырықтар осындай ерекше белоктар-лимфокиндер арқылы беріледі. Макрофаг Б-лимфоцитке антигеннің бір түрінің ғана детермианты туралы хабар береді,яғни бір лимфоцитке үсті-үстіне бірнеше антигендер түрі мысалы,белок,вирус,полисахарид туралы хабар бере алмайды.Осының артынша интерлейкин-2-нің әсерінен антиген туралы бар алған Б-лимфоциттер тез көбейіп,әлгі антигеннің бір түріне қарсы антиденелер жасайтын плазмоциттер деп аталатын клеткаларға айналады плазмоциттер секундына 3000-ға дейін антидене молекулаларына жасай алады.Сонымен плазмоциттердің мііндеті-антигеннің бір түріне қарсы антиденелердің бір түрін жасау.Организмге белок,вирус және бактерия түрінде үш антиген енеді делік. Бұл жағдайда макрофаг бір лимфоцитке тек белоктың, екінші лимфоцитке тек вирустың және үшінші лимфоцитке тек бактерияның детерминанты туралы мәлімет береді.Яғни Б-лифоциттерден пайда болған плазмоциттердің бір тобы-белокқа,ал екінші тобы-бактерияға қарсы антиденелер жасайды. Сонымен денеге антидене түскенкезде иммундық жүйеде өтк күрделі процесс жүреді,соның нәтижесінде осы антигенге қарсы антидене молекулалары жасалады,өлтіргіш Т-клеткалар бөтен клеткаларды жоюға дайын тұрады.Антидене барлық деңгейдегі антигенднрге қарсы бірдей қарқынмен жасалады.Лимф немесе қан тамырларының ағысына түскен антидене өзіне сәйкес антигенді іздейді.Егер әлдебір органда немесе тканде ондай антигенді тапса, онымен лезде байланыса алады.Антидене молекула түрінде антигендермен байланысқан кезде ең алдымен ол антигенді негзгі қызметінен айырады.АНТИГЕН - АНТИДЕНЕ РЕАКЦИЯСЫ. Антиденелердің басты биологиялық қызметі - олардың антигендермен ерекше жылдам әсерлесуінде.Бұл өзара әсерлесу агглютинациясы,преципатация( лат. "преципитацио" - тұнба түсу), лизис, бейтараптандыру реакциялары арқылы жүреді. Егер антигенге байланысқан болса,ондай комплексті макрофаг өте тез жұтып жібереді.Оның себебі былай.Антигенмен байланысқан кезде антидене өзінің тұрақты тасығыш бөлігінің формасын өзгертеді. Антидененің өзгерген формасы макрофаг үшін дәмді тағамның белгісі секілді.Бұл жерде антигенмен бірге антидене де макрофагқа жем болып кетеді.Осылайша антиденелердің макрофагтардың фагоциттік белсенділігін күщейтуін опсонизация деп атайды.Ал егер антиген клетка түрінде болса,макрофагтың өзі клетка болғандықтан антиденемен байланысқан бөтен антигендік клетканы жұту қиынға түседі.Бұл жерде қан мен лимфа сұйығында болатын комплемент көмекке келеді. Комплемент оңға жуық әр түрлі глобулалардан тұрады. Бөтен антигендік клетканың детерминантымен байланысқан антидене де өз формасын иөзгертеді. Антидененің осындай формасымен комплементтің белгілі бір глобуласы сәйкес келіп, оңай байланысады. Байланысқан глобуланың формасы комплементтің белгілі бір глобуласы сәйкес келіп,оңай байланысады.Байланысқан глобуланың формасы комплементтің келесі глобуласын қосып алуға ыңғайлы болып өзгереді.Осылайша бөлек жүрген комплементтің глобулалары бөтен клетканың сыртында бір-бірімен байланысып жиналады.Осы біріккен комплементтің белоктар өте қауіпті - олар бірлесіп отырып кез-келген клетаның қабығын ыдыратып жібереді.Бөтен клетканың қабығының детерминанттық бөліктерінде антидене арқылы жалғасқан комплемент ол клетканы жылдам жойып жібереді.Осылай ыдыраған клетканың бөлшектерін ақырында бәрібір макрофаг жейді.Сонымен макорфагқа антигенді тауып оны жемге айналдырып беретін антиденелер екен. Қорыта айтқанда,макрофаг антигенді бірінші болып анықтап, иммундық жүйенің бүкіл күшін оған қарсы көтеріп,сонан соң өлген молекулалар мен клеткалардың қалдықтарын жеп, организмді тазартады.Яғни макрофаг - санитар. Иммунитеттің ерекше антиденелердің тек қана өздерін туғызған антигендермен әсерлесуінде.Антиденелер бар организм өзінің осы антигендерге қарсы иммундығын көпке дейін сақтайды. Демек,иммунитеттің клеткалық түрі секілді гуморальдық түрінің де алғаш кездескен антигенді еске сақтау қабілеті бар. Антиген екінші рет түскен кезде антидене жасайтын плазмоциттердің тез көбеюіне алып келетін алғашқы күрделі құбылыстар қайталанып жатпайды. Бұл жағдайда В - лимфоциттердің қалған аз тобы қайтадан қажетті мөлшерге дейін тез көбейіп,антиденелерді әлдеқайда жылдам жасай бастайды.
2.2Иммуноглобулиндердің генетикасы
Организмге енген сансыз антигендердің әр қайсысына берілетін арнаулы иммундық жауап қазіргі иммунологиядағы ең басты көкейтесті жұмбақтардың бірі болып табылады. Иммуноглобулиндік молекулалардың тым гетерогендігі генетиктер үшін ұзақ уақыт бойы жұмбақ болды. Бұл мәселені шешеуді иммуноглобулиндік молекулалық антигендік детерминанттарының генетикалық полиморфизм ашу алғашқы қадамдардың бірі болды. Аллотиптік маркерлердің ашылуы классикалық, популяциялық, биохимялық және медициналық генетканың әр түрлі проблемаларын басқа көзқараспен қарауға мәжбүр етті. Иммуноглобулиндер генетикасындағы екінші қол жеткен табыстардың бірі бір полипептид үшін екі ген болжамының пайда болуы еді. Бұл болжам бұрыңғы қалыптасқан бір ген бір полипептидтік тізбек заңдылығына қайшы келеді, себебі бұл заңдылық иммуноглобулинднрден басқа белоктар синтезі бағынатын. Осы айтылған гипотезаға сәйкес иммуноглобулиндердің әрбір полипептидтік тізбегін екі құрылымдық ген - бірі оның құбылмалы, ал екіншісі тұрақты аймағын кодтайтыны анықталды. Қазіргі иммуноглобулиннің гендері аутосомалық кодоминанттық, ал ауыр және жеңіл тізбектерді тәуелсіз генетикалық бақылауда екені баршаға мәлім. Иммуноглобулиндер үш түрлі генетикалық тіркес емес жүйелермен кодталады. Бірінші топтағы локустар ауыр тізбектер Н синтезін, екінші жеңіл тізбек к- синтезін, ал үшінші жеңіл α-тізбегінің синтезін қадағалайды.Үй қояндарымен тышқандарда V1 және С - локустары тіркес болады. Ауыр тізбектегі құбылмалы учаскенің гендері осы тізбектің тұрақты аймақтағы басқа кластарға жататын иммуноглобулиндердің М,G,А кез- келген гендермен қосыла береді. ИММУНОГЛОБУЛИНДЕРДІҢ АЛЛОИПТЕРІ.Адамда, үй қояндарында, тышқандарда және егеу құйырықтарда иммуноглобулиндер аллотиптерінің алуан саны зерттелген( гр.аллос- басқа).Аллотиптер - иммуноглобулиндерде болатын түраралық антигендік детерминанттар. Үй қояндарының аллотиптері өте жақсы зерттелген. V- ЖӘНЕ С - АЙМАҚТАРЫНЫҢ ГЕНДЕРІНІҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТІ. Антидененің полипептидтік ауыр тізбегі синтезделуі және С - генднрінің өзара әрекеттесуі жөнінде бірнеше теория бар. Болжам бойынша иммуноглобулиннің полипептидтік бір тізбегі синтезделген өзара әрекеттесетін:
1)изотипті анықтайтын С - гендер:
2) аллотиптік детерминанттарды анықтайтын V-гендер:
3)жоғары құбылмалы учаскелерді және идиотиптерді анықтайтын V- гендер деп есептелінеді:
Екі гендік терияға сәйкес С және V-гендерінен бір иРНҚ жазылып алынады да, ол иммунглобулиннің бір полипептидтік тізбегін анықтайды. Генднрдің өзара әрекетін иРНҚ одап кейін полипептидтік бір тізбек құрады. Генетикалық ақпараттың біріктірілуі (V және С- гендеріндегі) ДНҚ деңгейінде жүреді.
ӘР ТҮРЛІ АНТИДЕНЕЛЕРДІҢ ПАЙДА БОЛУЫ. Ерекше антиденелердің орасан зор көп түрлілігінің генетиалық табиғатын анықтау иммуногенетиканың басты мәселелерінің бірі.Осы иммуноглобулиндік гендердің алуан түрлілігі гаметаларда алдын ала салынған ба?- деген сұрақ туады (гаметалық гендер теориясы). Немесе олар жеке даму процесінде азғантай гаметалық гендердің сомалық мутациясынан, рекомбинациясынан және сұрыптаудан пайда бола ма? (сомалық мутациялар теориясы). Көптеген ғалымдар гаметалық гендер теориясы бойынша антиденелердің көптүрлілігін түсіндіруге болады деп есептейді: 1)иммуноглобулиннің тізбектерінің түгелдей дерлік құбылалы аймақтары гаметалардағы гендермен кодталған. V- аймақтарында сомалық варианттардың аздаған саны пайда болады: 2)эволюцияның барысында нүктелі мутациялар, делециялар жаңадан кіру арқылы V-гендердің арасында айырмашылықтар пайда болады: 3)сұрыптаудың күші V-гендердің көптеген туыстастарын бір қалыпта ұстайды: 4) V-гендердің көп түрлілігін сақтаудың негізгі механизмдерінің бірі сіңілілі хроматидалар арасындағы теңсіз кроссинговер болып табылады: Бұл аталған теориялардан басқа Кэбот (1980) "еңгізу" гипотезасын ұсынды,оған байланысты антиденелердің белсенді орталықтары мини-гендермен кодталуы керек. Эмбриондық кезеңде мини-гендер интрондармен бөлінген. Кейіннен ДНҚ-ның кодқа қатыспайтын бөлігі түсіп қалады да минм- гендер негізгі гендерге енеді, осының салдарынан молекулалардың көп түрлілігі шығады. Е.В.Сидрованың пікірі бойынша антиденелердің алуан түрлілігі: 1)жеңіл және ауыр тізбектер үшін гаметлық гендердің көп болуына : 2)осы гендердің сомалық мутацияларына: 3)осы гендердің өздерінің бірнеше бөліктерден (сегменттерден) жиналуына байланысты:
2.3Иммундық жауапты генетикалық бақылау
Иммундық жауап немесе иммунологиялық реактивтілік дегеніміз организмнің бөгде заттарға (антигендерге) ерекше арнаулы түрде әсерленуі. Донордың тканін осы түрге жататын екіншісіне (аллотрансплантация) немесе басқа түрдікіне (ксенотрансплантация) орналастырса бөтен ткань аластатылады.50-ші жылдарда әр түрлі тышқандардың тері бөлшектерін бір- біріне ауыстыру жөніндегі жұмыстарда трансплантатық аластану басқа антигенге иммундық реакцияның жауабы екенін көрсетті. Осы басқа органдар күшпен қуып шығу адам органдарын алмастыруда ең басты бөгеттердің бірі болып саналады. Бұл трансплантациялық реакциялар деп аталынады.Аталған реакция генетикалық бөгде антигенднрге бағыталған.Оларды трансплантациялық агенттер немесе сәйкестік (гр."гистос"- ткань) антигендері деп атайды. Бұлардың ішінде ең маңыздысы гистосәйкестіктің негізгі антигендері - туыстас антигендер гендер комплексімен кодталған гисотсәйкестіктің басты комплексі (ағыл."major histocompatibilitu complex"- МНС) деп аталады. Бұл проблемада бірнеше сұрақтарды атап өту керек: 1)гистосейкестіктің басты комплексінің құрылысы мен қызметі: 2)антидене шығарулуда генетикалық бақылау: мұнда екі мәселеге көңіл аударылады: a) негізінен гистосәйкестіктің басты комплексінде орналасқан Ir-гендері іске асыратын иммундық жауаптың күшін генетикалық бақылау: б)иммундық жүйедегі алғашқы жетіспеушіліктерді (туа болған) (иммунофедициттер) генетикалық бақылау. Сүтқоректілердің иммундық механизмін бақылайтын генетикалық жүйелер өте күрделі. Болжам бойынша организмдегі иммундық жүйенің әр түйінін кодтайтын локустадың кез-келген мутациясы иммундық жауапқа әр түрлі дәрежеде үй қояндарының, тышқандардың және егеу құйрықтардың линиялармен өкілдерінде әр түрлі болатындығы ертеден мәлім. Бұл керемет құбылыстың тұқым қуу қасиетімен байланысты екендігінің сенімді дәлелдері тышқандармен зертеулерде табылады.
2.4 ИММУНДЫҚ ЖАУАПТЫҢ ГЕНДЕРІ (Ir-гендері)
Тышқандардың инбредті линияларын синтетикалық антигендермен иммунданғанда олардың арасынан иммундық жауаптары күшті немесе осал линиялар байқалады.Қайтарма шағылыстардан алынған ұрпақтарды талдау жасағанда антидене құрылуы жоғары қасиеттің бір доминанттық генмен, ал иммундық реакция төмен - рецессивті генмен кодталатыны анықталды. Кейінірек иммундық жауаптың жоғарылығы генднрдің бір жұбынан артық санына байланысты екееі дәлелденді. Иммундық жауаптың күшіне жауапты локусты Ir=1деп белгілейді. (иммундық жауап 1-ге тең). Ол ген гистосәйкестіктің басты комплексі Н-2 - мен тіркес болып шықты. Бұл локус көптеген антигендерге иммундық жауапты бақылайды. Қазіргі кезде Н-2-нің І аймағының Ir-дің 3 локусы белгілі (Ir-1A, Ir-1B, Ir-1C). Сонымен бірге Н-2-комплексінен басқа жерде орналасқан Ir-гендері ашылады. Бұлар Ir-2, Ir-4,сондай-ақ жыныспен тіркес Ir локусы. Көп жағдайларда антигендерге қарсы иммундық жауап полигенді түрде тұқым қуады. Н-2 комплексінің гендері тышқанның 17-ші хромосомасында орналасқан. Адамдар олар HL Aдеп аталып ең бірнші лейкоциттерде табылған. Бұл комплекстің гені адамның 6- хромосомасының қысқа иіндісінде орналасқан. Әр түрлі антигендермен иммунизациялау арқылы иммундық жауптың гендері шошқалардан да тапты, олар тышқанның Ir-гендеріне ұқсас. Иммундық жауаптың сандық сипаты мен имммундық жауаптың гендері SLA гистосәкестіктің басты комплексімен тіркес болады. АНТИДЕНЕ ШЫҒАРУДАҒЫ ЛИНИЯАРАЛЫҚ АЙЫРМАШЫЛЫҚТАР. Антиденелер өндірудегі линяаралық айырмашылықтар жөнінде көптеген жұмыстар лабораториялық жануарларда өткізілген мысалы,лептоспиралармен (гр."лептоз" - жіңішке, "спейра"- шиыршық- лептоспироз ауруын жұқтыратын микроорганизм) иммунданған тышқандардың 12 туыстас линияларының сублинияларынан антиденелердің титрлері кейбір линияларда басқаларға қарағанда екі есе артық екені байқалады. Осы линияларда өзара шағылыстырғанда жоғары иммунды жауаптың доминантты екені анықталды. Талдаушы шағылыстыру иммундық жауапты анықтауға бір жұп гендердің көбі қатынасатыны жөнінде қортынды жасауға мүмкіншілік берді. Туыстас емес тышқандардың бір линиясында жүргізілген қой эритроцитіне жоғарғы иммундық жауап бойынша сұрыптау,9-шы ұрпақта антиденелердің титрі жоғары және төмен әсерлі топтардың арасында 30 есе айырмашылық болғанын көрсетті.Биози және басқалары (1973) 20 ұрпақ бойы сұрыптау жүргізе отырып, тышқандардың екі линиясын (AB) A және AB (L) шығарады. Олардың қой ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Иммундық жүйе
Иммундық жүйеге байланысты патологиялар
Иммундық жүйенің орталық және шеткі мүшелері
“Иммунология” пәні бойынша практикалық сабақтар жоспары
Иммундық жүйенің жалпы сипаттамасы
Иммунитет және иммуногенді жүйелер
Адаптивті иммундық жүйенiң құрылысы. лимфоциттер генезi. иммундық бақылау концепциясы. адаптивті иммунды жауап
Иммунитет туралы
Иммунитет.Иммунитет түрлері
Иммунитеттің генетикалық негіздері
Пәндер