Құн теориясы, маңызы мен мәні
КІРІСПЕ
І ҚҰН ТЕОРИЯСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ, ЗАҢЫ ЖӘНЕ ТАУАР ӨНДІРІСІНІҢ ЗАҢЫ
1.1 Тауар құның мөлшері және оны айқындаушы факторлар
1.2 Құн заңы және шекті пайдалылық заңы
ІІ ҚОСЫМША ҚҰН ЖӘНЕ ПАЙДА ТЕОРИЯСЫ
2.1 Қосымша құн және жалақы
2.2 Құн және пайда
2.3 Қазақстан Республикасындағы жалақының түрлері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Қоғамдық өндірістің тауарлы нысанының ерекшелігі құн заңының іс-әрекетінен нақты көрінеді. Құн заңы тауар өндірісі мен тауар айналысының негізгі заңы. Құн заңының іс-әрекетінің мәні мынада: тауарларды өндіру мен айырбастау оларды жасап шығаруға жұмсалған қоғамдық қажетті еңбек шығындары негізінде жүзеге асырылуға тиіс. Сонымен құн заңы тауарлы өндірістің ең мәнді сипатын көрсетеді немесе әр қилы тауар өндірушілердің шаруашылық нәтижесінің қорытындысында өнім айырбастауда эквиваленттілікті талап етеді. Ал тауар ақша айналасында құн заңы баға заңы болып табылады. Баға — құн заңының, көрінісі. Құн — баға заңы немесе бағаның жинақталған көріну нысаны.
Еңбек өнімдерінің жүйелі айырбастау процесінің дамуы кезеңінен бастап, құн заңы тауар өндірісінің бүкіл тарихында әрекет етеді. Қоғамда үстемдік ететін өндірістік катынастардың типімен байланысты оның әрекет ерекшелігі де өзгеріп отырады. Құн заңының тауар өндірушілерге әрекеті тек рыноктық бәсеке арқылы көрінеді. Осы рыноктық механизм қатынасы сұраныс пен ұсыныс арақатынасы, бағаның ауытқуы мен пайда нормасы, салалық және ішкі салалық бәсеке арқылы құн заңы қоғамдық өндіріске ықпал етеді. Ал оның негізі құн заңының өзінде емес, оның әрекет етуінің қоғамдық жағдайында, қоғамның экономикалық құрылысының сипатында.
Айналыс саласында құн заңы бағаны халықтың төлем қабілеттігінің келемі мен құрылымын, сұраныс пен ұсыныстың арақатынасын анықтауда маңызды рөл атқарады. Құн заңын дұрыс басшылыққа алудың қоғамдық еңбек өнімділігін, өндірістің тиімділігін арттыруда, аз шығынмен көп нәтижеге жетуді, нақты рыноктық қатынасқа көшуді қамтамасыз етуде, шаруашылық реформасын іске асыру маңызы зор.

1. Аникии А. В. Адам Смит. М.: Молодая гвардия, 1968.
2. Блауг М. Экономическая мысль в ретроспектяве. М.: "Дело Лтд'\ 1994.
3. Жид. Ш. Рист. Ш. История экономических учений. М.: Экономика, 1995.
4. Кондратьев Н. Д. Избр. соч., М.: Экономика. 1993.
5. РоббинсЛ. Предмет политической теории //THESIS. Зима. 1993. Т. 1, Вып. 1.
6. Самуэльсон П. Экономика. В 2-х т. М.: Алгон. 1992.
7. Смлт А. Исследование о природе и причинах богатства народов. М.: Соцэкгиз. 1962.
8. Смпт А. Исследование о природе и причинах богатства народов. 1-2 кн. // Анталогия экономической классики. М.: Эконов. 1993. т. 1.
9. Шумпетер Й. Теория экономического развития М.: Прогресс, 1982.
10. Лнпкпн A. В. Юность науки. М.: Полиздат, 1985.
11. Блат М. Экономическаямысль вретроспективе. М.: "ДелоЛтд7'.
1994.
12. Дроздов В. В. Франсуа Кенэ. М.: Экономика, 1988.
13. Жид Ш., Рист Ш. История экономических учений. М.:
Экономпка, 1995.
14. Кенэ Ф. Избранные экономические произведенмя. М.: Соцэкгиз,
1960.
15. Кондратьев Н. Д. Избр. соч. М.: Экономика, 1993.
16 Леонтьев В, В. Экономнческие эссе. Теории, нсследования, факты политпка. М.. Политиздат. 1990.
17. Мшгбура Е. М Введение в историю экономической мыслн. От пророков до профессоров. М.: Дело, Вит-пресс, 1996.
18. Маркс К., Энгельс Ф. Соч. 2-е изд.Т. 20.
19. Маркс К., Энгельс Ф. Соч. 2~е изд. Т. 26, ч. 1.
21. Псттп В. Избранные работы: "Трактат о налогах и сборах": "Verbum sapwnti - слово мудрым": "Разное оденьгах" М.: "Ось - 89". 1997.
21. Петтн У. Трактат о налогах и сборах: Антология экономической класснки. М.: Эконов, 1993. т. 1.
22. Петти У. Экономические и статистические работы. М.: Соцэкгиз, 1940
23. Тюрго А. Р. Избранные экономические произведения. М.: Соцэкгнз, 1961.
24. Шумпетер Й. Теория экономического развития. М.: Прогресс, 1982.
25. Арсланова Р. Лившиц В. Принципы оценки инвестиционных проектов в разных системах хозяйствования // Инвестиции в России, 1995, № 1-2.
26. Беренс В., Хавранек П.М. Руководство по оценке эффективности инвестиций: Пер. с англ. - 2-е изд., перераб. и доп. - М: Интерэксперт ИНФРА-М, 1995.
27. Бочаров В.В. Методы финансирования инвестиционной деятельности предприятий. -М.: Финансы и статистика, 1998.
28. Идрисов А.Б. Планирование и анализ эффективности инвестиций. – М.: 1994.
29. Кочович Е. Финансовая математика: Теория и практика финансово-банковских расчетов. - М.: Финансы и статистика, 1994.
30. Кузнецрва О.А. Лившиц В.Н. структура капитала. Анализ методов её учёта при оценке инвестиционных проектов // Экономико-математические методы, 1995. Т 31, вып. 4.
31. Ливсиц И.В., Косов В.В. Инвестиционный проект: методы подготовки и анализа: Учебн. справ. пособие. — М.: Бек, 1996.
32. Смирнов А.Л. Организация финансирования инвестиционных проектов. -М.: АО «Консалтбанкир», 1993.
33. Управление проектами / В.Д. Шариро, Л.М. Немчин, С.Е. Никешин. -Спб: Два-Три, 1996.
34. Холт Р.Н., Баренс С.Б. Планирование инвестиций. — М.: Дело ЛТД, 1994.
35. Четыркин Е.М. Методы финансовых и коммерческих расчетов. - М., 1995.
36. Оспанов М.Т. и др. Иносгпранный капитпап и инвестиции. - Алматы: Факсинформ, 1997.
37. Хусаинов Б.Д. Прямые иностранные инвестиции: глобальные и региональные тенденции 90-х годов. // Известия МОН РК, HAH PK. Серия общественных наук, 2001, №3
38. Ашимбаев Т.А. Государственное регулирование перехода к рыночным отношением. // Известия HAH РК. Серия «Общественные науки» — Алма-Ата, 1993. №2.
40. Валовой Д. Кремлевский тупик и Назарбаев - М.: Молодая гвардия, 1993.
41. Владимирова Л.П. Прогнозирование и татрование в условиях рынка. - М. Дашков и К, 2000.
42. Казахстанская правда, 1997. 25 декабря.
43. Деловая неделя. 1997. №12,
44. Джкевич А.К. К осмыслению опыта экономического развития

ҚҰН ТЕОРИЯСЫ, МАҢЫЗЫ МЕН МӘНІ. ТАУАРЛАР ҚҰНЫНЫҢ МӨЛШЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ АЙҚЫНДАУШЫ
ФАКТОРЛАРЫ
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
І ҚҰН ТЕОРИЯСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ, ЗАҢЫ ЖӘНЕ ТАУАР ӨНДІРІСІНІҢ ЗАҢЫ
1.1 Тауар құның мөлшері және оны айқындаушы факторлар
1.2 Құн заңы және шекті пайдалылық заңы
ІІ ҚОСЫМША ҚҰН ЖӘНЕ ПАЙДА ТЕОРИЯСЫ
2.1 Қосымша құн және жалақы
2.2 Құн және пайда
2.3 Қазақстан Республикасындағы жалақының түрлері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Қоғамдық өндірістің тауарлы нысанының ерекшелігі құн заңының іс-
әрекетінен нақты көрінеді. Құн заңы тауар өндірісі мен тауар айналысының
негізгі заңы. Құн заңының іс-әрекетінің мәні мынада: тауарларды өндіру мен
айырбастау оларды жасап шығаруға жұмсалған қоғамдық қажетті еңбек шығындары
негізінде жүзеге асырылуға тиіс. Сонымен құн заңы тауарлы өндірістің ең
мәнді сипатын көрсетеді немесе әр қилы тауар өндірушілердің шаруашылық
нәтижесінің қорытындысында өнім айырбастауда эквиваленттілікті талап етеді.
Ал тауар ақша айналасында құн заңы баға заңы болып табылады. Баға — құн
заңының, көрінісі. Құн — баға заңы немесе бағаның жинақталған көріну
нысаны.
Еңбек өнімдерінің жүйелі айырбастау процесінің дамуы кезеңінен бастап,
құн заңы тауар өндірісінің бүкіл тарихында әрекет етеді. Қоғамда үстемдік
ететін өндірістік катынастардың типімен байланысты оның әрекет ерекшелігі
де өзгеріп отырады. Құн заңының тауар өндірушілерге әрекеті
тек рыноктық бәсеке арқылы көрінеді. Осы рыноктық механизм қатынасы сұраныс
пен ұсыныс арақатынасы, бағаның ауытқуы мен пайда нормасы, салалық және
ішкі салалық бәсеке арқылы құн заңы қоғамдық өндіріске ықпал етеді. Ал оның
негізі құн заңының өзінде емес, оның әрекет етуінің қоғамдық жағдайында,
қоғамның экономикалық құрылысының сипатында.
Айналыс саласында құн заңы бағаны халықтың төлем қабілеттігінің келемі
мен құрылымын, сұраныс пен ұсыныстың арақатынасын анықтауда маңызды рөл
атқарады. Құн заңын дұрыс басшылыққа алудың қоғамдық еңбек өнімділігін,
өндірістің тиімділігін арттыруда, аз шығынмен көп нәтижеге жетуді, нақты
рыноктық қатынасқа көшуді қамтамасыз етуде, шаруашылық реформасын іске
асыру маңызы зор.

Тауар өндірісінің тарихи пайда болуына негізгі үш алғы шарт қажет.
Тарихта үш түрлі күрделі қоғамдық еңбек белінісі болды. Алғашқы күрделі
еңбек бөлінісі мал шаруашылығы мен егіншілердің бөлінуі нәтижесінде осы
тайпалар арасындағы айырбастың дамуын тездетті. Екінші күрделі еңбек
бөлінісі ауыл шаруашылығынан қол өнердің бөлініп шығуы, үшінші күрделі
еңбек бөлінісі жоғарыда аталған тайпалар арасынан саудамен ғана
шұғылданатын әлеуметтік топтың шығуы. Осы көрсетілген күрделі қоғамдық
еңбек бөлінісі қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, тасымал,
құрылыс және сауда салаларының негізі екені айқын. Бірақ өндіргіш күштердің
алғашқы қауыммен салыстырғанда орасан зор дамығанын еске алсақ, қоғамдық
еңбек белінісі, мамандандыру саласының мыңдаған тармаққа бөлініп, кең етек
жайғанын байқаймыз. Демек, тауар өндірісінің экономикалық негізі қоғамдық
еңбек бөлінісі. Ол болмаса тауар өндірісі де, рынок те болмас еді.
Тауар өндірісінің екінші алғы шарты тауар өндірушінің жеке меншігі
болуы. Басқа сөзбен айтқанда, тауар өндіруші өз мүлкін еркін сатуға, басқа
жерге апарып өткізуіне ерікті болуы қажет. Меншік қатынасы негізінен
бірнеше тарихи сатылардан өтті. Алғашқы адамзат қоғамына белгілі қауымдық,
тайпалық меншік болды. Бұл меншіктің пайда болуы алғашқы қауымдағы
адамдардың табиғаттың дүлей күштеріне тәуелді болуынан, құн көрудің
ауыртпалығынан туған қажеттілік. Қоғамдық қауымның меншігі өндіргіш
күштердің нашар дамуының салдары. Алғашқы адамдар аң аулау
үшін, жыртқыштардан сақтану үшін, тағы басқа жеке адамның қолынан келмейтін
(мысалы ауыр заттарды, үлкен тасты орнынан ауыстыру тәрізді) жұмыстарды
атқару үшін өзара бірігіп еңбек еткен де, оның нәтижесін ортаға салып, ол
өнімдерді тайпа басшылары бөліп отырған. Алғашқы қауымдық меншікке
негізделген қоғамдық құрылысты "алғашқы қауымдық коммунизм" деп те атайды.
Алғашқы қауымдық формацияда тауар ақша рыноктық қатынас болмаған. Бұл
қатынастар осы формацияның ыдырау сатысында пайда болды. Өндіргіш күштердің
дамуы, бірігіп еңбек атқару, құрал-саймандарды жетілдіру (мысалы, тас, ағаш
құралдарының орнына темір, қалайы, мыс тәрізді металдарды пайдалану, ағаш
соқа орнына темір соқа, тырма т. с. құралдарды игеру), сол сияқты отпен
пайдаланатын тағам пісіру, қорған, үй салу сияқты еңбекке бейімделу арқылы
алғашқы қауымда өмір сүрген адамдардың күнделікті тұтынуынан артық қосымша
өнімі пайда болды. Ал қосымша өнімнің болуын тауар айырбасының, рынок
қатынасының дамуына қажет үшінші алғы шарт деу керек.
Айырбас, рынок қатынасындағы негізгі тұлға — тауар. Экономикалық
қатынастың өзі тауардан басталады. Тауар — еңбектің өнімі, ол екінші бір
затқа, тауарға айырбастау үшін шығарылады. Ілгеріде атап көрсетілгендей,
тауардың екі түрлі сипаты бар: 1) адамның белгілі бір қажетсінуін өтеу
қабілеті; 2) екінші бір тауарға айырбастау қасиеті. Тауар қоғамға пайдалы
зат болуы қажет. Экономикалық теория тауардың қоғамдық қажетсінуді
қанағаттандыру қабілет деп атайды. Тұтыну құны — тұтылған ғана жүзеге
асатын тауардың сипаты.
Тауар өндірушінің өзі үшін өндірілген өнімнің пайдалы қасиеті — оның
басқа қажетті материалдық игіліктерге айырбасталу сипаты. Экономикалық
теорияда тауардың басқа тауарларға белгілі пропорцияда айырбасталу сипаты
"айырбас құн деп аталады. Айырбас Құн — тауар басқа заттармен салыстыру
арқылы қаралатын зат екенін білдіреді, сонымен бірге заттар арасындағы
қатынас орнаған жерде оларды өндірген адамдар арасындағы қатынаста
бүркемеленіп көрінетінін байқауға болады.
1.2 Құн заңы және шекті пайдалылық заңы
Құн заңы бойынша тек рынокта ғана айырбас кезіңде еңбек шығынының
қоғамдық кажетті деңгейі анықталады. Тек рынокта ғана Құнның көшу нысаны
айырбас құн түрінде болады. Қысқартып айтқанда, Құн өндірісте жасалынады,
рынокта айқындалады. Егер тауар рынокта сатып алынса, ол біреудің тауар
өндіруге жұмсаған еңбек шығыны қоғамдық қажетті шығын ретінде бағаланғаннан
емес, сатып алушының тауарды бағалағаны. Адамдардың әр түрлі материалдарды
және рухани игіліктер мен бағалауы оларды өндіруге қоғамдық қажетті
еңбектің жұмсалуына байланысты емес, олардың пайдалылығында. Белгілі бір
тауарды өндіруге еңбек шығыны жұмсалуы адамдардың қайсыбір пайдалылықты
қажетсінуінен. Осы жерде қандай да бір еңбек шығыны болсын оның қоғамдық
қажеттілігін кім және немен анықтайды деген сұрақ туады. Оған рынок деп
жауап береді. Шекті пайдалылық теориясын жақтаушылардың пікірінше, тек
тауарда ғана еңбек шығынынан қоғамдық қажеттілік сипат береді.
Бір нақты жағдайда, іскер адам шаруашылық шешім қабылдарда немесе жеке
тұтыну процесі негізінде пайдалығын салыстыру ылғи болып отырады. Мысалы,
егер адам С витамині жетіспеушіліктен ауырып қалса, бұл арада оған пайдалы
алма ма, әлде қарыз ба деген сұраққа жауап өзінен-өзі айқын. Жалпы,
қажеттіліктерді салыстырмай, әрбір ретте түрлі материалдық, не
рухани игіліктердің пайдалылығын бағаламай ешқандай экономикалық іс-
әрекеттің болуы мүмкін емес. Сонымен қатар шекті пайдалылық теориясын
жақтаушылардың ішінде пайдалылық өлшеу өлшемін табу мәселесі қызу
пікірталас туғызды. Бұл мәселенің мәнін тек шекті пайдалылық, сұраныс жайы
және басқа категорияларды зерттегеннен кейін анықтауға болады. Бұл
туралы басқа тарауда қаралады. Шекті пайдалылық теориясы
субъективті бағалауды игіліктін, сиректігімен, яғни оның көлемін
байланыстырады. Шекті пайдалылық теориясының өкілдері, бағалылықты
пайдалылықтан шығарады. Бұл теорияны жақтаушылардың пікірі бойынша,
адамның әрбір игілікті субъективті бағалауы, оның шекті
пайдалылығымен анықталады, ал объективті айырбас пропорциялары немесе
тауарлардың бағасы субъективті бағалауға байланысты және түбінде ол да
шекті пайдалылықпен анықталады.
Құн және баға теориясындағы неоклассикалық бағыттың негізін калаушы
ағылшын экономисі А. Маршалл болып табылады. Шекті пайдалылық теориясының
біржақтылылығын ол бағалылықты тек пайдалылықпен түсіндіру деп көрсетті. А.
Маршалл шекті пайдалылық теориясын ұсыныс пен сұраныс теориясымен, өндіріс
шығындары теориясымен байланыстырды.
XX ғасырда ақша қызметтері және ақшаның жалпыға ортақ эквивалент
ретіндегі рөлі өзгерістерге ұшырады. Барлық жерде де алтын жоғарыда аталған
бес қызметін атқаруды қойды, еш жерде тауар құны алтын арқылы өлшенбейді;
ешбір елде алтын айналыста болмайды; алтын төлем құралы қызметін де
атқармайды. Халықаралық экономикалық қатынастарда есеп айрысу валюталар —
қоллар, маркалар, иендер т. б. арқылы жүзеге асады. Сонымен алтынның
айналыстан шығуы және оның ақша кызметін атқармайтын болуы демонетизациялау
деп аталады. Демонетизация дегеніміз алтынның ақша рөлін және жалпыға
ортақ, эквивалент рөлін атқаруды доғаруы. Осы жерде мынадай өте қиын
теориялық сұраққа жақындаймыз. Қазіргі ақшалардың мәні, табиғаты жалпы
қандай? Өйткені кімге де болса анығы қазіргі уақытта асыл метал ақша емес,
қағаз ақша — ақша. Ақшаның барлығы немен анықталады, оның тұрақтылығы неге
байланысты?
Батыстың экономикалық теориясында бұл сұрақ бойынша пікір талас жүріп
жатқанына кемінде екі ғасыр болды. Егер қағаз ақша салыстырмалы сиректік
қасиетінен айрылатын болса (сиректік заңы экономиканың аса маңызды
заңдарының бірі ретінде басқа бөлімде қаралады), онда оның бағалылығы
төмендейді. Сондықтан қағаз ақшаның Құны туралы мәселе айналысқа қажет
қағаз ақшаның саны туралы мәселемен тығыз байланысты. Ақшаның мәні оның
қызметтерінен шығады (ең алдымен төлем құралы және айналыс құралы
ретіндегі).
ІІ ҚОСЫМША ҚҰН ЖӘНЕ ПАЙДА ТЕОРИЯСЫ
2.1 Қосымша құн және жалақы
Экономикада бөлу өте маңызды сол атқарылған ол өндірген өнімдегі әрбір
адамның үлесін, қоғам мүшелерінің табысы, әл-ауқат, тұрмыс дәрежесін
сипаттайды. Сондықтан экономикалық теорияда бөлу және табыстардың құрылу
мәселелері зерттеушілердің назарынан тыс қалған емес. Д. Рикардо бөлуді
саяси экономияның пәні, ал жалақы, капиталистік қоғамның басты үш тобының
алғашқы табысы деп саналды. Сондықтан табыстардың құрылуы экономикалық
механизмін ұғыну үшін рыноктық экономикада өндіріс факторлары қалай
бағаланады, соны түсіну керек. Мұнда екі мәселе маңызды: біріншіден,
өндірістің бүкіл факторлары механикалық және технологиялық жағынан өзара
байланысты, оларды жеке дара пайдалануға болмайды. Тауар өндірісі үшін осы
үш фактор өзара белгілі бір қатынаста болуы шарт. Әрбір факторға деген
сұраныс көлемі басқа факторлардың баға дәрежесіне тәуелді, мысалы жұмыс
күшіне деген сұраныс жалақы дәрежесіне ғана тәуелді емес, машина, шикізат
сатып алынады, міне, осылармен де байланысты. Екіншіден, өндіріс факторлары
сұраныс пен олардың баға дәрежесі тұтыну сұранысынан туындайды, түптеп
келгенде өндіріс құрал-жабдықтары мен жұмыс күші адамға қажетті тауар
өндіру үшін керек. Өндіріс факторларына сұраныс осы факторлар арқылы
өндірілетін тауарларға деген сұранысқа тәуелді. Мысалы, астық өсетін жерге
сұраныс сол астыққа деген сұранысқа байланысты, белгілі мамандықтағы
жұмышылар еңбегіне деген сұраныс, осы жұмысшылар өндіретін өнімге деген
сұраныспен байланысты.
Өндіріс факторларының бағасы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына
тәуелді. Өз кезегінде баға дәрежесі мен оның өзгерісі сұраныс пен ұсыныстың
арақатынасының динамикасына ықпал етеді. Бәсеке күресі барысында сұраныс
пен ұсыныстың тауарлар бағасының ауытқуымен байланысты өндіріс
факторларының иегерлері арасында табыстарды бөлу орын алады. Табыстар —
жалақы, пайда мен процент, рента қалай құрылып және бөлінеді екен, соны
қарастырайық.
Жалақы тұтынушылар табысының басым көпшілігін құрайды, сондықтан ол
тауарлардың сұраныс көлеміне және олардың бағасына елеулі ықпал етеді.
Жалақы дегеніміз не, оның дәрежесі мен динамикасы не нәрсеге тәуелді,
жалақыға бәсекенің жетілген, жетілмеген түрі қалай ықпал етеді?
Жалақының мәні. Осы мәселеге байланысты экономикалық теорияда екі
тұжымдама бар. 1. Жалақы еңбек бағасы (еңбек пен жұмыс күшінің айырмашылығы
ескерілмейді), оның дәрежесі мен динамикасы рыноктық факторлар — сұраныс
және ұсыныспен анықталады. 2. Жалақы жұмыс күші — тауардың Құнының ақшалай
көрінісі (бағасы), еңбектің бағасы емес, өйткені еңбек тауар бола алмайды,
жалақы өндіріс жағдайымен де (жұмыс күшінің құны), рыноктық факторлар
сұраныс, ұсыныспен де анықталады, олардың ауытқуы жалақының жұмыс күші
құнынан бірде жоғары, бірде төмен болатындығын көрсетеді.
Жалақының екі тұжырымдамасында ағылшынның саяси экономиясының
классиктері Смитпен Д. Рикардоның теорияларына негізделген. А. Смит еңбек
пен жұмыс күші арасындағы айырмашылықты ашып көрсеткен емес. Оның
пайымдауынша, еңбек табиғи бағасы бар (немесе "табиғи жалақы") "тауар" деп
саналады. Ал, табиғи баға өндіріс шығындарымен анықталады, яғни жұмысшының
және оның отбасының тіршілігіне қажетті Құнмен есептеледі. А. Смит "табиғи
жалақы" деп жұмыс күшінің Құны деп түсінді. Жалақы мөлшері жұмысшыны
"тіршілігке қажетті құн минимумымен анықталады. Осыдан басқа жалақы тарихи
және рухани элементтерді қамтиды, осымен байланысты Смит жалақы мөлшерінің
ұлттық айырмашылығы болатынын түсіндірді. Жалақы дәрежесінің төмендігін
және оның тіршілік минимумына өте жақын болу себебін А. Смит жұмысшы
тобының ұйымшылдығының жоқтығымен байланыстырды. Жалақы динамикасын
(қозғалысын) экономика жағдайымен байланыстырды. Экономикалық ерлеу
жағдайында еңбекке деген сұраныс өседі де рыноктық жалақы "табиғи
жалақыдан" жоғары болады. Д. Рикардо да, А. Смит сияқты жалақыны еңбек
бағасы деп ұғынды. Рикардо жалақы теориясын Мальтустың халық есімі
теориясымен байланыстырды. Жалақы, осы теория бойынша, халықтың табиғи өсу
заңына сәйкес күнкөріс заттарының минимумына ұмтылады. Осыған орай
жалақының тұрақтылық заңы орын алады. Оның мәні мынада: жалақының өсуі
жұмысшының отбасында табиғи өсімді көтермелейді де, еңбекке деген ұсыныстың
өсуі жалақының төмендеуіне әсер етеді; керісінше, жалақының төмендеуі
жұмысшылар саны мен еңбекке ұсыныстың қысқаруына, тиісінше жалақының
өсуіне әсер етеді. Сонымен, еңбекке деген ұсыныстың ауытқу ықпалымен жалақы
тұрақтылық мөлшеріне күнкеріс заттарының физикалық минимумына ұмтылады.
Жалақы жұмысшының, оның отбасының күнкөріс заттарының физикалық минимумы
деген түсінік, жалақының "темірдей қатты заңының" негізін қалады.
Маркстік тұжырымдамаға сәйкес жалақы еңбек бағасы емес, өйткені еңбек
тауар емес, олай болса оның Құны да жоқ. Жұмыс күші тауар бола алады, ал
жалақы осы тауардың бағасы, яғни оның Құнының ақшалай көрінісі. Жұмысшы
жалақы түрінде бүкіл еңбегі үшін емес, тек қажетті еңбек мөлшерінің Құның
алады. Жалақының экономикалық мазмұны мынада, осы табыс арқылы өндірістің
жеке факторының орны толтырылады, адамның материалдық және рухани
қажеттіліктері қанағаттандырылады, білім алуы, еңбекке дайындығы жүзеге
асырылады. К. Маркс жұмыс күшінің Құны мен жалақы заттарының физикалық
минимумымен емес, күнделікті қажетті тұтыну заттарының Құнымен анықталады
деді. Жалақының мөлшері жұмыс күшінің Құнына әсер ететін еңбек
өнімділігіне, еңбектің қарқындылығына, еңбектің күрделілігіне тәуелді.
Жалақы сондай-ақ коньюнктуралы еңбекке деген сұраныс пен ұсыныстың
арақатынасына тәуелді. Еңбек рыногында сұраныс пен ұсыныс тепе-тең болғанда
жұмыс күшінің Құнына тең жалақы белгіленеді.
Жалақы еңбек бағасы. Олай болатыны жұмысшы жалақыны өз еңбегін
шығындағаннан кейін алады, жалақы мөлшері еңбектің әрекет ету ұзақтығына
тәуелді, бірдей жұмыс атқаратын жұмысшылардың жалақысында жекелей
айырмашылық орын алады. Еңбек түгелдей төленген болып көрінеді. Сондықтан
да пролетарлық саяси экономияда жалақыны жұмыс күші Құнының өзгерген нысаны
(яғни мәнін бұрмалайтын нысан), шындығында жұмыс күшінің бағасы деп
көрсетеді. Қазіргі батыстық экономика ғылымында жалақыны еңбек бағасы деген
көзқарас орын алуда. Самуэльсон мен Нордхаус "Жалақы рыноктық бағаның
маңызды категориясы, өйткені ол еңбек бағасы" деп жазды. Жақа классиктер
жалақының дәрежесі мен динамикасын рыноктық факторлар (сұраныс пен ұсыныс)
деп түсіндірді.
2.2 Құн және пайда
Номиналды және нақты жалақыны ажырата білу керек. Номиналды жалақы
ақшаға шығарып берілетін жалақы, оны жалдамалы қызметкер күндік, апталық,
айлық еңбегі үшін алады. Номиналды жалақының мөлшеріне қарай жалақы
дәрежесі туралы түсінік алуға болады, алайда ол тұтыну мен халық тұрмысының
дәрежесін толық сипаттай алмайды. Ол үшін нақты жалақыны білу қажет. Нақты
жалақы жұмысшының күнелтуіне қажетті заттарға шағылған жалақысы, яғни
жұмысшының тапқан ақшасына өзі үшін және отбасы үшін қанша және қандай
күнкөріс заттарын сатып алуға болатынын көрсетеді. Нақты жалақының дәрежесі
тікелей номиналды жалақыға және тұтыну заттары мен қызмет көрсету бағасына
тәуелді.
Жалақының негізгі нысандары. Жалақы негізгі екі нысанда мерзімді және
келісімді түрде орын алады. Мерзімді жалақы өндірістегі еңбек шығынының
ұзақтығымен анықталады, сондықтан ол күндік апталық және айлық ақы болып
бөлінеді. Жұмыс күнінің ұзақтығы мен еңбек қарқындылығы әр қилы болғанда,
нақты еңбек ақы төлеу де әр қилы болады. Бірдей мерзім үшін жалақы алатын
жұмысшылардың еңбек ақы дәрежесін салыстыру үшін "еңбек бағасын", яғни бір
сағаттық еңбек ақысын анықтау қажет. Жалақының мерзімдік, нысаны кәсіпкерге
жұмыс күнінің ұзақтығы мен еңбек қарқындылығын белгілеу мүмкіндігіне ие
болады. Кесімді жалақы жұмысшының жалақысы шығарылған өнім санына тәуелді.
Жалақының бұл нысаны мерзімді жалақымен байланысты, өйткені бір өлшем
өнімнің бағасы мерзімді жалақыны (күндік) өндірілген, өнім санына бөлу
арқылы анықталады. Келісімді жалақының мөлшері бір өлшем өнім бағасын
өндірілген өнім көлеміне көбейту арқылы есептеледі. Келісімді жалақының
ерекшелігі, еңбектің саны мен сапасы өндіргіш өнім арқылы бақыланып,
өлшенеді. Ол еңбек өнімділігі мен қарқындылығын арттыруды мүлдем өндіреді,
жұмысшылар арасындағы жалақы мөлшерінің жекелей айырмашылығының
маңыздылығын күшейтіп, жұмысшылар арасындағы бәсекені ұлғайтады.
Өнеркәсібі дамыған елдерде жалақының негізгі нысандарымен бірге
жұмысшының еңбек өнімділігі мен қарқындылығын ынталандыру мен жетілдіруге,
олардың творчестволық қабілетін дамытуға бағытталған еңбекақы төлеудің
басқа да жүйелері қолданылады. Осы жүйелерге келісімді-прогрессивті,
келісімді көтерме, көп факторлы т. б. жатады. Жалақының мөлшері жұмысшының
еңбек өнімділігіне, өнім сапасына, шикізатты үнемдеу, жабдықтарды пайдалану
коэффициенті т. б. көрсеткіштеріне тәуелді.
Жалақының дәрежесі мен динамикасы. Жалақының мөлшеріне әсер ететін
факторлар. Бір елдің өзінің ішінде әр қилы мамандықтағы қызметкерлер мен әр
қилы елдегі жалдамалы қызметкерлердің жалақы мөлшерінде үлкен айырмашылық
бар. Белгілі бір кезеңде экономика жағдайына байланысты да жалақы өзгеріп
отырады. Өнеркәсібі дамыған елдерде номиналды жалақының өсу үрдісі
байқалады. Нақты жалақының динамикасы күрделі, өйткені ол тұтыну тауарлары
мен қызмет керсетудің баға динамикасымен байланысты бірде жоғары, бірде
төмен ылғи өзгерісте болып отырады. Көпшілік адамдар үшін жалақы табыстың
көзі, әрі тұрмыс дәрежесінің көрсеткіші болғандықтан, оның мөлшері мен
динамикасы адамдардың ең бір мүдделі мәселесі.
Жалақы өндіріс жағдайы мен рыноктық конъюнктураға да тәуелді. Жалақы
дәрежесіндегі айырмашылық ең алдымен өндіріс мөлшерінде анықталады.
Экономикасы дамыған елдердегі жоғары жалақы өндіріс пен еңбек өнімділігі
саласындағы жетістіктерге байланысты, өйткені алдын ала өндірілгенді ғана
бөлуге болады. Жалақының мөлшері мен динамикасына ықпал ететін маңызды
факторларға табиғи ресурстар, қолдағы капитал, жұмыс күштерінің саны мен
сапасы, техника мен технология дәрежесі, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру
жатады. Осы факторлардың өзара байланысты әрекет етуі еңбек ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz