Қазақ Ұлттық Опера және балет театры


Опера (итал. орега - дәлме-дәл шығарма, лат. орега - еңбек, бұйым, туынды) - музыкалық өнер жанры. Операның әдеби негізі (либеретто) музыкалық драматургия және ең алдымен вокалдық музыкалық формаларының тәсілдері арқылы өзінің көркемдік шешімін табады. Ол - вокалдық пен аспаптық муз., драматургия, хореография (балет) және бейнелеу өнерінің (декорация, костюм) бірлестігінен туған театр шығармасы, яғни осындай әр түрлі өнер түрлерін біртұтас театр әрекетіне біріктіретін синтездіжанр. Жеке айтылатын ән (ария, ариозо, каватина, монолог, баллада), речитатив (тақпақ сазды қысқа әуен), ансамбль (дуэт, трио, квартет, квинтет), хор көріністері, би, оркестрлік нөмірлер (увертюра, антракт) опералық музыканың түрлеріне жатады.
Операның тарихи даму барысында оның түрлі жанрлары қалыптасты: эпикалық-қаһармандық, тарихи-қаһармандық, тарихи-романтикалық, тарихи-тұрмыстық, лирикалық-тұрмыстық, драмалық, комедиялық және сатиралық опералар. Сондай-ақ, Италияда опера-сериа мен опера-буффа, Францияда комедиялық және лирикалық, ал Англияда балладалық опера жанрлары өмірге келді. Бұдан басқа муз. драма, опера-балет секілді жанрлары болды. Опера тарихы адамзат қоғамы тарихы мен мәдениетінің даму жолымен тығыз байланысты. Музыкалық театрдың негізгі халықтық ойын-сауыққа саяды. Ежелгі гректердің дионисийлік ойындары мен грек трагедияларының өзінде-ақ музыка үлкен роль атқарды. Опера жеке жанр болып 16 - 17 ғасырлар аралығында қалыптасты. Қайта өркендеу дәуірінің гуманистік идеялары ықпалымен көптеген еуропалық ұлттық мәдениетте музыкалық-драмалық спектакльдердің жаңа тұрітуабастады. Бұл әсіресе Италияда кеңінен өріс алды. Опера жанрының Батыс Еуропадағы көрнекті өкілдері: К. Монтеверди, А. Скарлатти, Дж. Б. Перголези, Дж. Россини, Дж. Верди, Дж. Пуччини (Италия) ; Г. Ф. Гевдель (Англия) ; Ж. Б. Люлли, Ж. Ф. Рамо, Ш. Гуно, Ж. Бизе (Франция) ; К. В. Глюк (Астрия, Франция) ; В. А. Моцарт (Австрия) ; Л. Бетховен, К. М. Вебер, Р. Вагаер (Германия) ; Ф. Эркель (Венгрия) ; С. Монюшко (Польша) ; Б. Сметана, А. Дворжак (Чехия), т. б.
Алғашқы орыс опералары 18 ғасырдың 70-жылдары пайда болды. Классикалық орыс операсының негізін салған М. И. Глинка. Оның халықтық-патриоттық тақырыпқа жазылған "Иван Сусанині" (1836) мен "Руслан мен Людмиласы" (1842) реалистік опера өнерінің үлгілері болып табылады. Ресейде тұңғыш әлеуметтік-тұрмыс драмасын А. С. Даргомыжский ("Русалка", 1855) жазды. "Құдіретті топ" композиторлары орыс операсын одан әрі дамытып, оның классикалық үлгілерін жасады: М. П. Мусоргскийдің муз. драмалары ("Борис Годунов", 1869, "Хованщина", соңғысын 1883 жылы Н. А. Римский-Корсаков аяқтаған), А. П. Бородиннің "Князь-Игорі", (1888 жылы Римский-Корсаков пен А. К. Глазунов аяқтаған), Римский-Корсаковтың "Садкосы" (1881) т. б. Музыкалық театрда П. И. Чайковскийдің опералық шығармашылығы ерекше орын алады. Оның опералары ("Евгений Онегин" 1878, "Қарғаның мәткесі", 1890) нәзік психологиялық әсер-қуатымен, адамның жан дүниесін терең сезінуімен ерекшеленеді. Орыс операсының дамуына мол үлес қосқан композиторлар: А. Г. Рубинштейн, ("Демон", 1871), С. В. Рахманинов ("Алеко", 1892), А. Н. Серов, т. б. 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырда әр түрлі музыкалық ағымдар опералық өнерде де бой көрсетті. Мысалы, импрессионализм К. Дебюссиді, экспрессионизм Р. Штраустың, А. Шеньергтің,, т. б. композиторлардың шығармаларында белең алды. 20 ғасырда КСРО елдерінде де Украинада - Г. И. Майборода; Әзірбайжанда - У. А. Гаджибеков; Грузияда - З. П. Палиашвили т. б. ) опера өнері өркен жайды. Тарихи және замани сюжетке опера жазған композиторлар И. И. Дзержинский, Н. Г. Жиганов, Д. Б. Кабелевский, Э. Капп, Ю. С. Мейтус, С. С. Прокофьев, А. Жұбанов, Е. Г. Брусиловский, М. Төлебаев, т. б. Қазақстанда опера жанры 20 ғасырдың 30 жылдары туды. Алғашқы опералық шығармалар музыкалық пьеса және драма түрінде болды. Олар түгелдей қазақтың халық музыкасына, оның ән-күй байлығына негізделіп жазылды. 1934 жылы Е. Г. Брусиловский казақтың тұңғыш операсы "Қыз Жібекті", одан кейінгі жылдары Жұбанов пен Л. А. Хамиди "Абай" (1944), М. Төлебаев "Біржан - Сара" (1946), Қ. Қожамияров "Назугум" (1956), С. Мұхамеджанов "Айсұлу" (1964), Е. Рахмадиев "Қамар сұлу" (1963) және Ғ. Жұбанова "Еңлік-Кебекті" (1975) жазып, ұлттық операны кәсіби тұрғыда жаңа белеске көтерді. Егемендік алғаннан кейінгі жылдары қазақ операсы жаңа сатыға көтерілді. Е. Рахмадиевтің "Абылай хан" операсы (2004) елеулі оқиғаға айналды. 2000 жылы Астана қаласында Опера және балет театры ашылды. Қазіргі Қазақ Ұлттық Опера және балет театры. [1]
2004 жылы Абай атындағы Мемлекеттік Академиялық опера және балет театрының құрылғанына 70 жыл толады. Осы айтулы мереке қарсаңында “Асыл мұра” жобасы “Қазақстан опера өнерінің негізін салушы сахна жұлдыздары” атты саз дискісін жарыққа шығарып Қазақстан опера өнерінің негізін салған алғашқы қарлығаштарымен Қазақстан музыкалық мұрасының даңқын асырып осы өнердің басында тұрғандарды тағы да бір еске түсіріп құрмет көрсетіп отыр. Әрине, театр бірден аяғынан тік тұрып кеткен жоқ. Көп ізденістермен сынақтардан өтті (1934 жылы Алматыда Қазақтың музыкалық театры болып ашылды, 1937 жылдан қазіргі атауы, 1941 жылдан академиялық, 1945 жылдан Абай аты берілді) . Алғашында оның негізгі құрамында драма театрының музыкалық өте қабілетті талантты әртістері Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов, Елубай Өмірзақов, Құрманбек Жандарбеков, Күләш пен Қанабек Байсейітовтер, Серғали Әбжанов, Үрия Тұрдықұлова және басқалар болды. Кейін бұлардың көбі Қазақстан опера өнерінің қайраткерлері атанды.
Жаңа театрдың шымылдығы 13 қаңтар 1934 жылы музыкалық “Айман-Шолпан” спектаклімен ашылып таңқалдырар табысқа жетті. Сол кезді өз естелігінде Қанабек Байсейітов былай деп жазады: - “15 мамырға дейін “Айман-Шолпан” 100 рет қойылды. Соншама аз мезгілде спектакльдің сахнаға 100 рет шығуын ешбір қойылым көтере алмас еді. Қалада әңгіме тек спектакль жайында болып жұрт гуілдеп оның әндерін айтып жүрді”.
Көп ұзамай-ақ театр тарихының жарқын беттеріне жазылған даңқты қойылымдар бірінің артынан бірі сахнаға шыға бастады. Алғашқы жылдың өзінде ғана халық атақты “Айман-Шолпаннан” басқа “Шұға” музыкалық пьесасымен және Е. Брусиловскийдің “Қыз Жібек” атты тұңғыш ұлттық операсымен танысты. Бұдан кейін 1935 жылы “Жалбыр” қойылды, 1936 жылы Мәскеуде алғаш рет қазақ әдебиеті мен өнерінің Декада күндеріне қатынасты, 1937 жылы Е. Брусиловскийдің “Ер-Тарғын” операсының премьерасы Ленинградта қойылды. Театр туындыларының Мәскеу мен Ленинград қалаларының бүкілодақтық сахналарына шығуы театр ұжымын жігерлендіріп жаңа табыстарға бастады, театрға шеттен басқа композиторлардың назары ауып өз шығармаларын ұсынды: 1939 жылы И. Надировтың “Терең көлі” мен В. Великановтың “Тұтқын қызы”, 1940 жылы А. Зильбергтің “Бекеті” және Е. Брусиловскийдің “Алтын астық”, 1942 жылы “Гвардия алға” спектакльдері қойылды.
Қазақстанның опера өнері тарихында 1944 жыл жаңа бір үлкен бетбұрыс кезеңі болды. Театрға жаңа буын жас әншілер келіп қосылды. Олар П. Чайковский атындағы Мәскеу консерваториясының жанындағы студия түлектері Байғали Досымжанов, Ришат пен Мүсілім Абдуллиндер, Шабал Бейсекова, Кәукен Кенжетаевтар еді. Біраздан соң өз композиторларымыз жазған алғашқы ұлттық операларымыз дүниеге келді. 24 желтоқсан 1944 жылы А. Жұбанов пен Л Хамиди бірігіп жазған “Абай”, 7 қараша 1946 жылы М. Төлебаевтың “Біржан-Сара” операсы қойылды.
Опера труппасы бұнымен қатар классикалық шығармаларды да игеріп жұмыс істей бастады. 1936 жылдан бастап құрамында опера өнерінің асқан шеберлері ҚазКСР-ң халық әртістері Н. Самышина, А. Круглыхина, Н. Куклина бар орыс труппасы қазақ солистерімен бірлесіп “Кармен”, “Евгений Онегин”, “Қарғаның мәткесі”, “Демон”, “Фауст”, ”Аида” спектакльдерін сахнаға шығарды. Соғыс кезіндегі бес жылдың ішінде театр ұжымы ұлттық опералардан басқа үлкен-үлкен қомақты “Иван Сусанин”, “Мазепа”, “Отелло”, “Чио-Чио-сан”, “Даиси” сияқты классикалық шығармаларды сахналады. Бұған эвакуация жылдары Алматыда тұрған Кеңестер Одағының Үлкен театры солистерімен өнер адамдары баға жетпес үлкен көмек көрсетті.
Аталған дискі театрдың аса бір жарқын табысты да қиын жылдарын яғни алғашқы ұлттық опера өнерінің тууымен ең жоғарғы шыққан биігін, шарықтау шегіне дейінгі кезеңін қамтиды. Қазақстан композиторлары шығармаларының сол биік тұғырдағы туындылары ішінде “Қыз Жібек”, “Абай”, “Біржан-Сара” опералары шын мәніндегі қазақ ұлттық кәсіби музыка өнерінің шоқтығы биік тамаша шынайы шығармалары болып саналғандықтан дискінің негізін осы опералардан үзінділер құрайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz