«Мұражай тәрбие өзегі»



1 Ақселеу Сейдімбековтің «Күнгір.күнгір күмбездер» кітабы бойынша 4.5 сынып оқушыларына арналған саяхат ойын
І . жоліз «Ұлытау . кіндік мекен»
Ұлытауға шықтың ба, ұлар етін жедің бе...
ІІ . жоліз «Алаша хан мазары»
ІІІ . жоліз «Жошы хан мазары»
Ақселеу Сланұлы Сейдімбеков бұрыны Жезқазған, қазіргі Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданына қарасты «Дружба» совхозына 1942 жылы дүниеге келген. 1962 жылдан 1968 жылға дейін Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде оқып журналистика факультетің бітіріп шыққан. «Лениншіл жас» газетінде меншікті тілші, мұнан әрі «Социалистік Қазақстан» газетінде әдебиет және өнер бөлімінің болған. «Орталық Қазақстан» газетінде жауапты секретарь болып қызмет атқарған, ғылыми көпшілік журнал «Білім және еңбектін» бас редакторы болып қызмет істеген. Қазіргі кезде Астананың тұрғыны, «Азия транзит» журналындағы ақылдастар алқасының мүшесіне кіреді.
А.Сейдімбеков оқырман қауымға «Ақиық» (1972); «Қыр хиқаялары» (1977); «Кеніш» (1979); «Тауға біткен жалбыз» (1979); «Күңгір-күңгір күмбездер» (1981); «Серпер»; «Алпамыс батыр» (1982) сияқты кітаптарымен жақсы танымал.
2-Жүргізуші: Автор «Күнгір-күнгір күмбездер» кітабында туған жер төсіндегі ескерткіш білгілері туралы сыр шертеді, ұрпақтардың рухани сабақтастығы, халқымыздың терен тамырлы мәдениеті жайында ой толғайды. Байтақ даладағы бақташы елдердің тарихын, қандай тіршілік жасағынына, ерекше көңіл қойып, әсіресе олардың мәдениетің, өнер түрін, ғылыми көркем тілмен айтып жазған.
Жазушының көп ой бөлген мәселесі, ғасырлар бойы сақталып келе жатқан кейбір тарихи қымбат белгіреді қалай сақтап қалу жайы. Олардың ішінде әдемі сәулет өнері «Алаша хан мазары» (ХІ ғ.), Аяққамыр (ХІ ғ.), Жошы хан мазары (ХІ ғ.), тағы басқалар. Ең тарихи қымбат әдемі ескерткіштер деп сана латын күңгірлеп тұрған күмбездерге орай осы кітабын «Күңгір-күңгір күмбездер» деп атаған. Енді Орталық Қазақстанның жер төсіндегі ескерткіш белгілерге саяхатымызды бастайық.

Пән: Мұрағат ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Мұражай тәрбие өзегі

(Ақселеу Сейдімбековтің Күнгір-күнгір күмбездер кітабы бойынша 4-5 сынып
оқушыларына арналған саяхат ойын)

Ақселеу Сланұлы Сейдімбеков бұрыны Жезқазған, қазіргі Қарағанды
облысы, Жаңаарқа ауданына қарасты Дружба совхозына 1942 жылы дүниеге
келген. 1962 жылдан 1968 жылға дейін Киров атындағы Қазақ мемлекеттік
университетінде оқып журналистика факультетің бітіріп шыққан. Лениншіл
жас газетінде меншікті тілші, мұнан әрі Социалистік Қазақстан газетінде
әдебиет және өнер бөлімінің болған. Орталық Қазақстан газетінде жауапты
секретарь болып қызмет атқарған, ғылыми көпшілік журнал Білім және
еңбектін бас редакторы болып қызмет істеген. Қазіргі кезде Астананың
тұрғыны, Азия транзит журналындағы ақылдастар алқасының мүшесіне кіреді.
А.Сейдімбеков оқырман қауымға Ақиық (1972); Қыр хиқаялары (1977);
Кеніш (1979); Тауға біткен жалбыз (1979); Күңгір-күңгір күмбездер
(1981); Серпер; Алпамыс батыр (1982) сияқты кітаптарымен жақсы танымал.
2-Жүргізуші: Автор Күнгір-күнгір күмбездер кітабында туған жер
төсіндегі ескерткіш білгілері туралы сыр шертеді, ұрпақтардың рухани
сабақтастығы, халқымыздың терен тамырлы мәдениеті жайында ой толғайды.
Байтақ даладағы бақташы елдердің тарихын, қандай тіршілік жасағынына,
ерекше көңіл қойып, әсіресе олардың мәдениетің, өнер түрін, ғылыми көркем
тілмен айтып жазған.
Жазушының көп ой бөлген мәселесі, ғасырлар бойы сақталып келе жатқан
кейбір тарихи қымбат белгіреді қалай сақтап қалу жайы. Олардың ішінде әдемі
сәулет өнері Алаша хан мазары (ХІ ғ.), Аяққамыр (ХІ ғ.), Жошы хан мазары
(ХІ ғ.), тағы басқалар. Ең тарихи қымбат әдемі ескерткіштер деп сана латын
күңгірлеп тұрған күмбездерге орай осы кітабын Күңгір-күңгір күмбездер деп
атаған. Енді Орталық Қазақстанның жер төсіндегі ескерткіш белгілерге
саяхатымызды бастайық.
Саяхатымыз 3 жолізден тұрады.

І – жоліз Ұлытау – кіндік мекен.
І – жоліз Алаша хан мазары.
ІІІ – жоліз Жошы хан мазары.

Саяхат ойыны өтілетін жерге Күңгір-күңгір күмбездер атты кітап
көрмесін ұйымдастыруға болады.
1-Жүргізуші: Балалар, бүгін біз сендермен Ақселеу Сейдімбековтың
Күңгір-күңгір күмбездер атты кітабы бойынша туған жер төсіндегі ғасырлар
бойы сақталып келе жатқан тарихи, мәдени ескерткіштерге саяхат жасағалы
отырмыз. Алдымен осы кітаптың авторы Ақселеу Сейдімбековтің өмірбаяны мен
шығармашылығына тоқталып, танысып кетейік.
(Балаларға А.Сейдімбековтің кітабын көрсету).

Ер жігіт менің республикам!
Шөліркеп жатқан өлкені құтқып,
Мол өнім алып миллиард пұттық,
Безбенге бір-ақ көтеріп салған,
Табысы таудай, еңбегі палуан,
Дарқан қол менің республикам!

(Менің Республикам Өмірбеков Ж. 24 сағат. – Алматы, 1959. – 4б.)
Жүргізуші: Иә, қандай керемет, жүректі тербейтін сөздер. Бұның өзі
Отан – атамекенге деген шексіз кұрмет. Ақын ұзақ өлең, жырлармен қатар, екі
– төрт жолдық өлеңдер де жазған. Онда әр түрлі тақырыптарға нұрлы мұраттар
артып, өсиетін балаға шынайы етіп жеткізген.
Оқушы: Жас шағында көп үйренсен,
Марқайғанда көгересін,
Марқайғанша үйренбесен,
Көктей алмай көнересін.
Оқушы: Кек алудың жөні бар,
Кешірімді ұмытпа,

І – жоліз Ұлытау - кіндік мекен
Ұлытауға шықтың ба, ұлар етін жедің бе...

І-Жүргізуші:
Көзіне оншама Аяулды бәріңе,
Көрінбес ірі тау Атадай ақылғой,
Аласа болса да, Ұлылық мәні де
Атаңған Ұлытау. Осында жатыр ғой-

деп Есентай Ерботин жырлағандай бірінші тоқталатың жолізімізді Ұлытау
кіндік мекен немесе, Ұлтымыздың алтын бесігі деп атасақ да болады.
Ұлытау – бұл шырқау сұлулыққа сынар болған Алатау да емес, әжім торлаған
Қаратауға да ұқсамайды, айналы жас сұлудай Көкшетауға да келмеді. Ұлытаудың
бітім болмысы мүлдеп бөлек.
Қазақ халқының ел болып қалыптасуына, бірлік тілігіне діңген болған,
қасиетті де киелі мекен. Бұл жерде мемлекетіміз алғаш шаңырақ көтеріп, үш
жүздің басы қосылып, қазақ халқының тұтастығына ұйытқы кіндік мекен.
Ұлытау маныдағы ескерткіш белгілердің көпшілігі монғол шапқыншылығы
мен жоңғар шапқыншылығы заманының еншісіне қатысты. Араб тарихшысы Ибн-аль-
Асир моңғол шапқыншылығы туралы: Дүние жарлағаннан бері адамзат үшін мұнан
өткен аласапыран болған жоқ, ақыр заманның арсы күрзісіне дейін мұндай
сұмдықтың болуы мүмкін емес - днп жазған. Осы сұмдыққа алдымен кеудесін
төсеген Ұлытаудың сары белдері мен сағымды далалары.

2-Жүргізуші: - Ұлытаудың бір ерекшк мәнді айғағы осы жерден табылған
үлкен құлпытас. 792 жылы Темір хан, Тоқтамыс ханға соғыспаққа бара жатқанда
Ұлытаудың үстімен өткен сонда осы таудың басына шығып, төңірегіндегі көк
жасыл дала мен көк сеңгір тауларға ұзақты күнге телміре қараумен болған.
Содан кейін әскерін жинап, сол жерден үлкен құлпытас орнатуға бұйрық
берген. Шеберлер осынау сәтті оқиғаның болған күнін тасқа қашан жазып, ұзақ
жылдарға дейін жететін мәңгілік ескерткіш қалдырған. Міне осы тасты
Ұлытаудағы, Алтын шоқты биігінен халқымыздың аяулы перзенті, белгілі ғалым
Қаныш Сатбаев тапқан. Бұл тас қазір Ленинградта Эрмитажда тұр. Одан мынадай
жазуды оқуға болады: Тарихтың 792-ші қой жылы. Жаздың яғни шілде айы.
Тұранның сұлтанны Темірбек жүз мын әскерімен Тоқтамыс ханға соғыспаққа
жүреді. Бұл жерден өтіп бара жатып, белгі болсын деп осы жазуды қалдыры.
Тәңірі нәсіп берсін. Іншалла, тәңірі бұл кісіге рахым қылып, барша адам
есіне алып жүрсін. Жазудың тілі әрісі түркі халықтардың, берісі қазақтың
тіліне ұқсас. Бұл жазуды профессор Поппэ мен академик Марғұлан шешіп
оқиған.

1-Жүргізуші: - Ұлытаудың тағы бір көне, ерекшк мәнді айғағы, осы
таудан ағып жатқан Сарысу өзенінің төменгі сағасындағы таңбалы тас. Мың
сан ру таңбасы басылған жартастың түбінен бұлақ ағып жатыр. Таңбалы тасқа
зер салып қараған болсақ, арғанның көз танбасын, найманның бақан таңбасын,
адайдың оқ таңбасын, жағалбайлының балға таңбасын көруге болады. Әрине
бәрін атау мүмкін емес, әдейі үш жүздің белгілі руларының таңбаларын теріп
қана атап өттік.
Осы масалдың өзі, мына таңбалы тас көшпелі дала руларының, бірлік
тұтастығына айғақ белгі, ант беріп ауыз біріктірген орны екенін аңғартады,
далалық көшпелі рулардың ерте заманда ақ топтасын біріге бастағаны, ел
болып бас құрағаны көрінеді.
- Бұл таудың арғы бергі тарихы – бүкіл халқымыздың тарихы. Соңдықтан
осынау мекенді халық Ұлытау деп атайды, төнірегінен Сарысу, Сары-кенгір,
Қара-кеңгір өзендері ағып жатыр, Ұлытау аспанының астында жатқан ашық музей
сияқты тарихи ескерткіш нұсқалары алдымен осы өзендердің бойынан,
сағаларынан, тарауларынан көптеп кездеседі. Енді, осы өзендердің
жағаларында орналасқан, ең тарихи қамбат деп саналатын ескерткіштерге
саяхатымызды жалғастырайық.

ІІ - жоліз Алаша хан мазары

ІІ-Жүргізуші: Қара кенгір өзенінің он жақ жағалауымен жүріп
отырсақ,Сары кенгірдің, Қара кенгірге құяр жерінде мазар тұр. Бұл біздің
саяхат бойынша тоқталатын екінші жолізіміз Алаша хан мазары. (Балаларға
Алаша хан мазарының суреті көрсету). Ғалымдарымыздың аңықтауы бойынша Алаша
хан мазары Х-ХІІ ғасырларда салынған, өзінің салыну мерзімімен де, бітім
тұлғасы мен де, қасиетті атаумен де Қазақстандағы ен алдымен көңіл
аударатын тарихи ескерткіштердің бірі.
Алаша хан есіміне қатысы айтылатын халық арасына кен тараған аңыз-
әңгіме көп. Ал жазба еңбектерде жарық көрген түрлері тіптен көп. Онда
ежелгі көшпелі тайпаларды біріктіріп, байтақ далада тұңғыш рет ірі мемлекет
құрған кісі туралы әңгіме болады. Аныз оқиғасы 6-12 ғасырларда өмір сүрген
тайпалардың тарихын еске түсерді. Қазақ шежірасінде Алаша хан ақсүйек емес,
қарапайым кісі, атақты батыр болған. Ел аузындағы аңызға қарағанда Алаша
ханның ордасы Ұлытау төңірегінде болған, соңдықтан осы жерде жерленген,
құмбезі әлі тұр.
Мазардың жай күйіне, архитектуралық мәніне тоқталсақ, басқа мазарларға
қарағанда әлде қайда тозып, уақыт зардабын көп шеккендігі байқалады.
Өз төңірегіндегі ескерткіш құрылыстармен салыстырғанда, бұл құрылыс
көркем үлгімен, басқа талғаммен қаланған. Биіктеу келген жер үстінде
орналасып, асқақтай көзге түсіп тұр. Биіктігі 10 метр. Мазары бірінғай
күйген кірпішпен өрілген. Сыртқы қабығалары кірпіштің қалауын келістіре
отырып алаша үлгісіндегі өрнекті шығарған. Алаша деген есімін еске салып
тұрғандай (Балаларға мазардың қабырғасының суретін көрсету).
Кейбір кірпіштердің бетіне, бүйіріне ру таңбалары, ою-өрнектер
басылған. Табан іргесіне шаршы болып келетін төрт қабырға көтеріле келе
мейлінше мінсіз үйлесіммен 8 қырға ұсалады. Ол 8 қыр дәл сондай үйлесіммен
иықтағы, 16 қырлы барабанға ұласқан. Мұның өзі киіз үй уығының иінін немесе
дәдегесін елестетеді. Сол 16 қырлы барабанның үстінен мінсіз күмбез
көтерілген.
Кіре алды мейлінше салтанатты, бейне бір киіз үйдің жармалы
сықырлауығың елестетеді. Осы сықырлауық сияқты кірер ауыздың, екі босағасы
мен мандайшасына қос тілді жолақ тартылған. Бұл жолақ кірпішпен өріле
жоталанып, мазардың мейлінше жинақы, жеңіл көрінуіне әсер тұр. Ішіне
кіргенде иық тұсындағы шағын-шағын алты терезеден күн сәулесі құйылып
тұрады. Кірек босағасында қалын қабырғаны айнала көтерілетін сатылы қуыс
бар. Бұл қуыс мазардың екінші қабатына, яғни сыртқы иығына алып шығады.
Иыққа шыққан балкон сияқты кемер қалқанның ішімен әлгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі кезеңдегі білім кеңістігінде этнопедагогиканың рөлі
Ыбырай Алтынсариннің мұрасы
Тәрбиелік іс-әрекетті ұйымдастыру технологиясы
ҚОСАҒАШ НЕМЕСЕ ШҮЙ ҚАЗАҚТАРЫ ТУРАЛЫ
Орыс аудиториясында қазақ тілі сабағын жүргізу мәселесі
Блок экскурсиятану
Қазіргі мектептегі балалардың қоғамдық ұйымдары. Оқушылар ұжымын қалыптастыру
Ұлттық сана-сезім – шексіз дүние (Өзбекстандағы қазақтар жайында)
Бастауыш сынып окушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастырудың зерттелуі
Сыныптан тыс оқытудың маңызы
Пәндер