Әйелдер ұлттық көйлегін әзірлеу технологиясы және окыту әдістемесі


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

1. КӘСІПТІК ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

1. 1. Кәсіптік оқытудың мақсаты мен мазмұны

1. 2. Кәсіптік оқытудың негізгі ұйымдастыру формалары

1. 3. Кәсіптік оқыту әдістері

2. Жобалау объектісін таңдау және негіздеу

2. 1. Шығармашылық негіздерді талдау

2. 2. Жобалау объектісіне қойылатын талаптар

2. 3. Объект моделі модификацияларын құру.

2. 4. Негіздеу және материалдарды таңдау

2. 4. 1. Материалдар мінездемесі (сипаттамасы)

2. 4. 2. Конфекционндық карта

3. Өңдеу тәсілдерін және қондырғыларды таңдау

3. 1. Өңдеу режимдері

3. 2. Қоңдырғыны таңдау және сипаттау

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Кәсіптік оқыту және Дизайн» кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:Әйелдер ұлттық көйлегін әзірлеу технологиясы және окыту әдістемесі

Топ : ПО 28-1

Курс: 4

Дипломды жазған : Айткулова Э

Диплом жетекшісі: Жаскиленова А. Е

Тараз, 2012

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Кәсіптік оқыту және Дизайн» кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:Әйелдер ұлттық көйлегін әзірлеу технологиясы және окыту әдістемесі

Топ : ПО 28-1

Курс: 4

Дипломды жазған : Айткулова Э

Диплом жетекшісі: Жаскиленова А. Е

Тараз, 2012

Мазмұны

:
Кіріспе . . .: Кіріспе . . .
:
:
Кіріспе . . .:
:
: 1
Кіріспе . . .: КӘСІПТІК ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ . . .
:
: 1. 1
Кіріспе . . .: Кәсіптік оқытудың мақсаты мен мазмұны . . .
:
: 1. 2
Кіріспе . . .: Кәсіптік оқытудың негізгі ұйымдастыру формалары . . .
:
: 1. 3
Кіріспе . . .: Кәсіптік оқыту әдістемесі . . .
:
:
Кіріспе . . .:
:
: 2
Кіріспе . . .: Жобаланатын объектіні таңдау және негіздеу . . .
:
: 2. 1
Кіріспе . . .: Шығармашылық ізденістерді талдау . . .
:
: 2. 2
Кіріспе . . .: Жобаланатын объектіге қойылатын талаптар . . .
:
: 2. 3
Кіріспе . . .: Объект үлгілерінің модификациясын жасау . . .
:
: 2. 4
Кіріспе . . .: Материалдарды негіздеу және таңдау . . .
:
: 2. 4. 1
Кіріспе . . .: Материалдардың сипаттамасы . . .
:
: 2. 4. 2
Кіріспе . . .: Конфекциондық карта . . .
:
:
Кіріспе . . .:
:
: 3
Кіріспе . . .: Өңдеу әдісі мен құралдарды таңдау . . .
:
: 3. 1
Кіріспе . . .: Өңдеу тәртібі . . .
:
: 3. 2
Кіріспе . . .: Құралдардың сипаттамасы және таңдау . . .
:
:
Кіріспе . . .:
:
:
Кіріспе . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
:
:
Кіріспе . . .:
:
:
Кіріспе . . .: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
:
:
Кіріспе . . .:
:
:
Кіріспе . . .:
:

Кіріспе

Қазіргі кезде елімізде ұлттық құндылардың қайта өркендеуіне жол ашылды. Оған, Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде: «Мәдени дәстүрлер қашанда әлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі болып келді… Қазақстанда ұлттық өнерді, мәдениетті дамытуға барынша қолдау жасалып отыр», -деген сөзі осының айғағы.

Бұл мәселе: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында- «Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» - деп көрсетілсе, Қазақстан Республикасының орта білім беруді дамыту тұжырымдамасында - орта білім берудің негізгі мақсаты мен міндеті - жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, оқушыларды азаматтыққа, елжандылыққа, өз отанын сүюге тәрбиелеу және білім алушылардың еңбек рыногындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін кәсіптік дағдылар алуына жағдайлар жасау және осы қойылған міндеттерді іске асыру үшін білім берудің мазмұнын, дүниені тұтастай қабылдауды, қамтамасыз ететін өнер, еңбекке баулу сияқты білім беру салалары арқылы жүзеге асыру қажет деп анық айтылған[1, 2] .

Ұлт мәдениетінің оның қолданбалы өнері арқылы жеке тұлғаның дамуына тигізер әсері туралы ой- пікірлердің қалыптасуында Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, т. б. шығармалары мен халықтық педагогиканың ұлттық тәрбие мәселесінде алатын орнын зерттеуде А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, т. б. еңбектерінің қосқан үлесі зор. Олар өз еңбектерінде жас ұрпақтардың тәрбиесінің өзекті мәселелеріне байланысты өте құнды пікірлер айтқан.

Бұл зерттеулердің біз үшін халықтық құндылығы сәндік-қолданбалы өнер арқылы оқушыларды еңбеке баулуда және оны жүзеге асыруда, ұлттық тәрбие беруде, мектеп оқушыларының ой- қиялын дамытуда, ұлттық талғамын қалыптастыруда жетекші құрал және зерттеу мәселемізге тірек бола алатындығында.

Жоғарыда аталған ғалымдардың еңбектерінде ұрпақ тәрбиесіндегі халықтың құнды ой- пікірлеріне талдау беріледі, қалыптасқан дәстүрлері мазмұндалады және ондағы адамгершілік, эстетикалық ұлттық тәрбие берудің әдіс- тәсілдері баяндалып, олардың қазіргі жағдайдағы тағылымдық мәні сараланып сипатталады. Әйтсе де, қазақтың сәндік - қолданбалы өнер туындыларын мектептерде бала еңбегінде пайдалануға байланысты іргелі зерттеулер аз. еңбектерінде көрсеткенін атауға болады. Алайда, мектеп жағдайында технология сабақтарында сәндік- қолданбалы өнерді оқытып үйрету арқылы оқушыларды еңбекке баулу оларға ұлттық тәрбие беру мәселесі әлі күнге дейін өз дәрежесінде көрініс таппағандығын, оқу бағдарламалары мен оқулықтарға және оқу-тәрбие жұмысына жасағанда талдау бұл мәселеге аса назар аударылмағандығын дәлелдеп, осы уақытқа дейін оның оқу-тәрбие үрдісінде әлеуеті жеткілікті ескерілмей келгендігін көрсетеді.

Бұның бәрі біз көтеріп отырған сыныптың еңбекке баулу, бейнелеу өнері, технология сияқты сабақтарда оқушыларға сәндік қолданбалы өнерді оқытып, үйрету арқылы ұлттық тәрбие беру, еңбекке баулуды жүзеге асыру жан-жақты шешімі әлі де болса табылмаған мәселе екендігін айғақтайды.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі Қазіргі нарықтық қатынастарға көшуге байланысты қоғамдағы болып жатқан өзгерістерді ескере отырып, мектеп оқушыларын еңбекке баулуға барынша дамытуға деген қоғам қажеттілігі мен педагогикалық теорияда қазіргі жағдайдағы мектеп практикасында шешімін табуы арқасында қарама-қайшылық айқын көрінеді. Сәндік - қолданбалы өнердің педагогикалық ғылымда оқушы тұлғасын қалыптастыру мен ұлттық тәрбие берудегі мүмкіндіктерінің әліде жан-жақты толық зерттелуі қажеттілігімен пайда болған қайшылық негізінде сынып оқушыларына еңбекке баулу, бейнелеу өнері, технология т. б сабақтарда сәндік- қолданбалы өнерді оқыта отырып оқушыларға ұлттық тәрбие беру жұмысын диплом жұмысымның негізгі мәселесі екендігін туғызды. Бұл мәселенің қоғамдағы әлеуметтік маңыздылығы мен мектеп бағдарламасына қосатын үлесін айқындау мен осы мәселелердің ғылыми-теориялық тұрғыдан шешімін табу менің дипломдық зерттеу жұмысымның тақырыбын «Оқушыларға технология сабағында сәндік-қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие беру»-деп алуыма негіз болды. Оқушыларға еңбекке баулу, бейнелеу өнері, т. б. сабақтарда сәндік сәндік-қолданбалы өнер арқылы ұлттық дәстүрде ою-өрнектерді қолдана отырып сабақ беру күрделі үрдіс болғандықтан, оны білім берудің барлық сатысында салыстыра талдамай, олардың жас ерекшеліктеріне байланысты мәселемізді кіші, орта буын аралығындағы сыныптар үшін бөліп қарастыруды жөн көрдім.

Диплом жұмысының мақсаты. Оқушыларға сәндік-қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие беру мәселерді ғылыми-теориялық тұрғыда негіздеу.

Зерттеу нысаны. Орта буын сынып оқушыларына технология сабағында сәндік-қолданбалы өнерді қолдана ағаш бұйымдарын жасау технологиясы және окыту әдістемесі отырып сабақ беру үрдісінде ұлттық тәлім-тәрбие беруді пайдалану.

Зерттеу пәні - о рта буын оқушыларын технология сабақтарында оқушыларға сәндік-қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие беруді жүзеге асыру жолдары қарастырылады.

Зерттеудің ғылыми болжамы Егер, мектептерде этнопедагогика принципіне негізделген сәндік-қолданбалы өнер арқылы орта буын оқушыларын еңбекке баулуды жүзеге асыра берудің педогикалық мәні ашылып, оқу -тәрбие үрдісіндегі мүмкіндіктері мен шарттары айқындалса; еңбеке баулу, технология пәндерінің оқыту ерекшеліктеріне сәйкес сабақта оқушы тұлғасын қалыптастыру және дамытуда сәндік қолданбалы өнерді оқытудың әдістемесі, оқушылардың іс- әрекеттері сәндік қолданбалы өнерді -меңгеруге бағытталса оның ішінде ою-өрнектердің элементтерін әрбір сабақта қолданса, онда оқушыларға технология сабағында оқушыларды еңбекке баулуды жүзеге асыру, ұлттық дәстүрде тәрбие беру тиімді болады және ой- өрісі, танымы, шығармашылық қабілеті, білімі, біліктілігі, дағдысы, ізгілік қасиеттері, еңбекқорлығы, төзімділік қалыптасады деп есептеймін

Зерттеудің міндеттері . Оқушыларға сәндік қолданбалы өнерді оқыту арқылы түрлі салт-дәстүр мен тарихи мұраларды, ою-өрнектерді сабақта қолданудың аясы ашылып теориялық негізін, педагогикалық мүмкіндіктері мен шарттарын ашу;

-«оқу, білім- тәрбие» жүйесіндегі еңбекке баулу сәндік-қолданбалы өнер арқылы өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес оқушыларды технология сабағында жүзеге асырудың педагогикалық мазмұнын айқындау;

-Орта буын сыныптардың сабағында сәндік- қолданбалы өнерді оқыту арқылы оқушыларды еңбеке балудың үлгісін жасау, оқытудың әдістемелік жүйесін ұсыну және негіздеу; сынып оқушыларына сәндік қолданбалы өнер арқылы технология сабағында ұлттық дәстүр арқылы тәрбие беруді жүзеге асыру жолдарын анықтау, зерттеу нәтижесіне негізделген оқушыларға ұлттық дәстүр арқылы тәрбие беруді, еңбекке тәрбиелеуді жетілдіруге ықпал ететін ашық сабақтар, тәрбие сағаттарын дайындау.

Дипломдық жұмысының әдістамалық-теориялық негіздері Сынып оқушыларына сәндік қолданбалы өнер арқылы еңбекке тәрбиелеу, дүниеге, қоғам жөніндегі түсініктерін ұлғайтады ой- өрісін, рухани талғамы мен танымын қалыптастырып, ізгілік қасиеттерге тәрбиелейді. Сынып оқушыларына технология сабағында сәндік қолданбалы өнер арқылы еңбеке баулуды жүзеге асыру жолдарын анықтау, ұлттық талғамын қалыптастыру, оқушылардың елжандылығын халықтық мұра құндылықтарын бағалауы мен тани білу қабілетін арттыруға, еңбекқорлығын арттыруға, шеберлігін шыңдай түсуге әсер етеді.

Дипломдық жұмысының практикалык базасы. Тараз қаласы № 46 орта мектебі.

Зерттеу әдістері; Жетістіктері мен озық тәжірбилерді, әдістемелік, педагогикалық әдебиеттерге шолу жасау, мектеп бағдарламасындағы әдістемелік кітапшаларға тоқталу; оқушылардың көркем -шығармашылық жұмыстарын, қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерін оның ішінде ою-өрнектерді қолдану аясы және халық шеберлерінің шығармашылық жұмыстарын талдау; озық педагогикалық тәжірбиелерді зерделеу ; педагогикалық тәжірибе жүргізу; оқу- тәрбие үрдісін бақылау; арнайы ұйымдастырылған іс-тәжірбие жұмысы бойынша зерттеу нәтижесін қорытындылау; алған нәтижиелерді көрсету

Зерттеулердің ғылыми жаңашылдығы:

- оқушыларға технология сабағында сәндік қолданбалы өнерді оқыту арқылы ұлттық тәрбие берудің теориялық және практикалық жолдары мен тәрбие берудің теориялық және практикалық негізгі көздері ашылып, педагогикалық мүмкіндіктері мен іске асыру шарттары айқындалды:

- оқу тәрбие жүйесіндегі «ұлттық тәрбие» ұғымының мәні ашылып технология сабақтарында оқушыларға сәндік- қолданбалы өнерді оқыту, үйрету арқылы оқушыларға ұлттық тәрбие беру түсінігі анықталып, бекітілді; оқушыларға технология сабағында сәндік қолданбалы өнер арқылы оқушыларға ұлттық тәрбие берудің үлгісі ұсынылды және тәжірбиеге енгізілді. Практикалық зерттеудің маңыздылығы: әрбір оқу-әдістемелік құралдарға шолу жасалынды.

-«Халық мұрасындағы сәндік- қолданбалы өнерді оқыту мен үйретудің әдіс-тәсілдері » -оқу әдістемелік құрал пайдаланылды:

-« Халықтың дәстүрлі сәндік қолданбалы өнерлері -ұлттық дәстүрде тәрбие құралы»- оқу- әдістемелік құралы қолданылылды:

- « Қазақ халқының ұлттық бұйымдары мен олардың ұлттық нақышта жасалуы т. б. еңбекке баулу, технология сабақтарының оқыту әдістемесі» күнтізбелік жоспарға енгізу бірлестіктің отырысында талқыланылды:

Сынып сабақтарында оқушыларға сәндік - қолданбалы өнерді оқыту арқылы ұлттық тәрбие беру, оларды өнерге үйрете отырып, тәрбие беру ұғымының мәні ашылып, әдіснамалық негіздері мен әдістері анықталды және нақтыланды. Сынып оқушыларының сәндік -қолданбалы өнерге деген оның ішінде ою-өрнектерді бұйымда қолдануды, қызығушылығының деңгейіне ықпал ететін факторлар талданды. Оқушыларды көркемдік білімі мен ұлттық талғам деңгейлерінің өлшемдері мен көрсеткіштері анықталып, тәжірбиелер әзірлеу және тексеру жүргізілді, жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесін бір жүйеге келтіру, жинақтаумен қорытындылау, әдістемелік жұмыстар жүргізу, жалпы білім беретін мектеп жұмысының нақты жағдайында олардың дәлелділігін тексеру жүргізілді, қортындыланды.

Зерттеу зерттеудің практикалық маңыздылығы; Қазақ этнопедагогикасының жетістіктері мен озық тәжірбилерді, әдістемелік, педагогикалық әдебиеттерге шолу жасау, мектеп бағдарламасындағы әдістемелік кітапшаларға тоқталу; оқушылардың көркем -шығармашылық жұмыстарын, қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерін оның ішінде ою-өрнектерді қолдану аясы және халық шеберлерінің шығармашылық жұмыстарын талдау; озық педагогикалық тәжірбиелерді зерделеу ; педагогикалық тәжірибе жүргізу; оқу- тәрбие үрдісін бақылау; арнайы ұйымдастырылған іс-тәжірбие жұмысы бойынша зерттеу нәтижесін қорытындылау; алған нәтижиелерді көрсету.

Дипломдық жұмыстың құрлымы мен көлемі

Кіріспеде дипломдык мақсаты мен міндетін көрсете отырып, дипломға қойылатын жалпы талаптарды, қойылған мақсаттарды шешу жолдарын атап көрсету қажет. Кәсіптік оқытудың мақсаты мен мазмұны, Берілетін мағлумат жоба тақырыбымен тығыз байланысты болуы қажет. Кіріспе 3 беттен тұрады.

  1. КӘСІПТІП ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

1. 1 Кәсіптік оқытудың мақсаты мен мазмұны

Қазіргі кездегі ғылыми еңбектерде қазіргі білім мен тәрбие берудің даму өрісіне қойылатын негізгі талаптар үш түрлі бағытта қарастырылады:

1. Еркін тұлғаны тәрбиелеу:

2. Рухани тұлғаны тәрбиелеу:

3. Ізгі, адамгершілігі мол, тұлғаны тәрбиелеу. Бұл еңбектерде жеке тұлғаны рухани ізгілікке, ұлттық дәстүрге тәрбиелеп, жетілдіру мәселелерін «дәстүр сабақтастығы», «біртұтастық», «жүйелік», ұғымдарына сай қарастыру қарастырылған.

Мысалы: өнердің төрт түрлі қызметін атап көрсетейік:

1. Танымдық

2. Бағалаушылық

3. Жасампаздық

4. Шығармашылық.

Білім беруді жүйелеу және жеке тұлға үшін білімнің маңызы, құндылығы мен кәсіби қажеттілігін жүйелеу мәселелеріне талдамалар жасау арқылы адам санасы, оның қабілеті, материалдық әлемнің жүйелі, мағыналы, құндылығы мен кәсіби құрылымынан тұратынын дәлелденген.

Технология сәндік - қолданбалы өнерді оқыту арқылы ұлттық дәстүрде оқыту, тәрбие беру - кең ұғым. Сондықтан, осы еңбектерді басшылыққа ала отырып, жас өспірімдердің оқуымен тәрбиесінің мақсаттары мен міндеттерін қайта қарайтын, халықтық сәндік- қолданбалы өнерін ұлттық дәстүрде оқытып, оқушыларды еңбекке тәрбиелеудің орнын айқындайтын уақыт. Сынып оқушыларына халқымыздың сәндік- қолданбалы өнерін технология сабағы арқылы оқытуды жүзеге асыру, ұлттық дәстүрде оқыту мен тәрбие берудің мәселелері, әдіс-тәсілдері қарастырылды[3, 4] .

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек. Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» - деп, ұлы ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби бабамыз айтқандай, оқушыларға халықтық этнопедагогика негізінде халқымыздың сәндік- қолданбалы өнерлері арқылы оқыту мен тәрбие беруде технология сабақтарындағы біліммен ұлттық тәрбиені үндестіре білсек қана қазіргі заманғы ғылым мен техниканың озық идеяларын ала отырып, ұлттық дәстүрдегі сананың, ізгіліктері, қасиеттері қалыптасқан, жан-жақты дамыған білімді тұлға тәрбиелей аламыз. Өсіп келе жатқан жас буындар үшін басты міндет - ол елдегі кәсіптік білім беру жүйесн дұрыс жолға қою болып табылады. Білім беру, оның ішінде кәсіби білім беру жүйесінің қызметін дұрыс ұйымдастырғанда ғана қоғамның әрбір мүшесіне тиісті жалпы кәсіптік білім бере аламыз. Тек нарық талабына лайық сұранысқа ие жоғары білікті дәрежеде дайындалған кәсібимамандар арқылы ғана ішкі еңбек ресурстарын толықтырып, жұмыссыздықты жоюға жол ашуға болады.

Қоғам нарықтық қатынастарға көшіп, адамдардың қалыпты жағдайдағы іс-әрекетін ұзақ жылдар бойы реттеп келген бұрынғы өмірлік мұраттары мен құндылықтар өзін өзгерткен шақта өмір адамдарды мейлінше түрде саналы таңдау жолына салып, жаңаша бейімдеу проблемасын алға тартады.

Қазіргі кезде Қазақстанның байлығын материалдық, еңбек және финанс ресурстарын тиімді пайдалану саясаты жүйелі жүргізіліп, шетел инвесторларымен сауда қатынастарын барынша нығайтып, оны үнемді, әрі ұқыпты пайдалану жолдарын іздестіруде. Еңбек және ресурстар үнемінің проблемалары ең алдымен техникалық мұқтаждықтан туады. Өндіріске үнемі құрал-жабдықтары, механизмдерді және жаңа проблемаларды жасап енгізу, прогрессивті технологияны көтеру.

Бүгінгі таңда оқушыларға үнем мен ұқыптылық, оның нәтижесі экономикалық білім беру өте қажет. Оған себеп мектеп жасындағы оқушы да мектепке, ата-анаға масыл болмауға тиіс. Еңбек пәні атадан балаға мұра ретінде қалыптасып келе жатқан кәсіп түрлерін және жаңа технологияны қолдана отырып, үйретіп білуге үйретеді.

Көп ұлтты Қазақстан үшін қазақ халқының аса құнды сәндік, көремдік мұралары талантты шеберлер қолынан шыққан көркем-өнер шығармасы ғана емес, сонымен қатар халық өнерін одан әрі қарай зерделеп, өнерді оқып үйренуге қажетті материал ретінде қазіргі заманғы, қоғам талабына сай дамыту үшін «технология» сабағын кеңінен пайдалана отырып, мұғалім мен оқушылардың білімі мен біліктілігін арттыра түседі деген ойдамын[5, 6] .

Кәсіптік оқытудың оқу материалдық базасына қойылатын педагогикалық талаптар:

  • Оқушылардың білімге қабілеттігін тексеру және оны дамытуға жәрдемдесе білуі керек;
  • Мамандық көлемінде әдістемелік және тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды жүргізе білуі керек;
  • Дидактикалық материалдардың тақырыпқа сай нақты іріктелуі;
  • Көлемі дидактикалық талапқа лайықты болуы;
  • Эстетикалық талапқа сай болуы;
  • Негізгі белгілермен басты мағлұматты айқын, нақты, түсіндірілуі;
  • Материалдағы көрсетілген объект барлық оқушыларға жан-жағынан жақсы көрінетін етіп орналастырырлуы;
  • Дидактикалық материал сабақтың тиісті кезеңінде ғана пайдаланылуы;
  • Оқушылар зейінінің басты мәселеден ұсақ-түйекке аударалып кетпеуі;
  • Көрсету мұғалімнің түсіндірілуімен, әңгімелесуімен ұштастырылуы тиіс;
  • Техникалар мен өндірістік технологияларының қауіпсіздік шараларын қарастырып, еркін шешім қабылдай білу керек;
  • Жабдықтарды жөндеуге қолданылатын техникалық және конструкциялық материалдарды білуі керек;

Қазақстан Республикасы орта білім мемлекеттік стандартында: «Ғылымның тез қарқынмен дамуы және жаңа технологиялардың енуіне сәйкес кәсіптік мамандыққа қойылатын талаптар өзгеріп, өмірде 2-3 мамандықты меңгеру қажеттігі туындайды», -деген мәселе қойылған. Бұл мәселені шешуде “Технология “(еңбекке баулу) атты жаңа бағдарламаны меңгеруге оқушылардың жалпы білім мен дағдыны меңгеруге мүмкіндік беретіні; олардың интелектуалдық, тұлғалық, этикалық және эстетикалық дамуын, өзіндік кәсіптік айқындалуын, қазіргі әлеуметтік-экономиялық жаңдайларда бейімделуін қамтамасыз ететіні белгіленген. Мақсатқа жету үшін педагогикалық іс-әрекеттер еңбектің арнайы экономикалық және экологиялық аспектілер, ақпараттық және жоғарғы технологиялармен танысуға жеткілікті көңіл аударылса, оңдағы жұмыстардың саналы орындалуы мен өзіндік білім алу жағын қалыптастыруды дайындауға халықтық, аймақ, отбасы дәстүрлеріне жалпы адамзаттық құндылықтарды қайта жаңғыртып және сақтауға бағытталса ғана мүмкін болатыны көрсетілген[7, 8] .

Ұлтымыздың мәдениетін сақтау, оны келер ұрпаққа жаңа көз қараспен жетілдіріп білім беру ісі басты құралы болып саналады. Қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, оның қарқынды дамуы білім беруге қойылған талаптарды түгелдей өзгертуде.

Қазіргі білім берудің негізгі мақсаты оқушылардың білімін, біліктілігін дағдысын қалыптастыруға қол жеткізу ғана емес, ұлттық білім мен тәрбие негізінде ертеңгі қоғамның белсінді азаматын, бүгінгі оқушы тұлғасын қалыптастыру.

Ұлттық мәдениеттің негізі болып табылатын этнопедагогикалық білім берумен ұлттық дәстүрде білім мен тәрбие берудің басты құралдардың бірі халқымыздың сәндік қолданбалы өнерін оқушыларға оқыта отырып үйрету екендігі белгілі. Халымыздың сәндік қолданбалы өнері ата бабаларымыздан келе жатқан, ұлттық санамызда, рухымызда, болмысымызда өзіндік қолтаңба ретінде қалыптасқан өнер түрі.

Жас ұрпақтың ұлттық тәрбиесі халық қанша өмір сүріп келе жатса, сонша көкейкесті мәселе болып келеді. Осы кезге дейінгі зерттеулердің кезеңінде ұрпақ тәрбиесінің маңызын, мәнін, ерешеліктерін жан- жақты дәлелденген. Дей тұрғанымен, оқушыларға сәндік қолданбалы өнерді оқыту арқылы технология сабақтарында ұлттық дәстүрде оқыту мен тәрбие беру, ұлттық талғамын қалыптастыру мәселесі әлі де болса ғылыми тұрғыда қарастырылмаған. Бұл жерде, этнопедагогиканың озық үлгілерімен оқушыларға халықтық сәндік қолданбалы өнерін оқыту, үйрету арқылы ұлттық дәстүрде тәрбие беруді жүзеге асыруда - еңбекке баулу, технология сабақтарының орны ерекше. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнер туындылары мейлі, ол мұражайларға, мейлі көрмеде тұрсын күнделікті тұрмыс қажетін өтеп жатсын, оны халқымыздың өткен тарихымен, мәдени құнды мұрасымен, салт -дәстүрімен жалғастыратын дәнекер күш деп қарауымыз керек. Себебі, онда ұлттық дәстүрдегі тәрбиені жүзеге асырудың амал -жолдары, талғамы, талап -тілектері, үлгі- өнегелері, әдіс -тәсілдері орын алған.

Оқушылардың ұлттық талғамының қалыптасуы белгілі бір ортада көптеген факторлардың өзара әсерімен білім мен тәрбиелеудің негізінде дамиды. Біздің түсінігімізше, халықтық сәндік - қолданбалы өнерді оқытудың әдістемесі арқылы оқушыларды еңбекке баулуды жүзеге асыру, ұлттық дәстүдегі білім мен тәрбие, этнопедагогикалық білімнің құрамдас бөлігі болғандықтан оны іске асырудың түрлі мүмкіндіктері мол екендігі анықталды[9, 10] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіптік білім беру урдісі және қызды ұзатуға арналган көйлек өндеу технологиясы
Оқыту әдістер тобы әдістер
Қазақ халқының ұлттық киімдері - киім үлгілері
Ақпараттық технологияны пайдалану арқылы оқушылардың конструкторлық білімін дамытудың шарттары
Мектеп оқушыларына кәсіптік білім беруде инновациялық әдістерді қолдану
Иық нүктесінен түсірілген жең ұзындығыныңарақашықтығы
Киім үлгілерін модельдеу
Кәсіптік оқыту сабақтарында автоматты жобалау жүйесі элементтерін пайдалану
Қалыңдыққа арналған той көйлегін тігу технологиясы
КОСТЮМ ХАЛЫҚТЫҚ СӘНДІК ӨНЕРІНІҢ БІР БӨЛІГІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz