Педагогикалық озат тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату


Педагогикалық озат тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату.
Мектегтерде педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі күрделі және шығармашылық мәселелердің біріне жатады. Педагогикалық тәжірибе - оқыту мен тәрбненің практикасын жан-жақты зерттеу объектісі, фактылар мен ғылыми мәліметтерді жинақтаудңн негізгі көздерінін бірі. Сондықтан педагогикалық озат тәжірибе оқу-тәрбие жұмысын үнемі дамыту мен жетілдіру де үлкен орын алады. Осыған орай, әрбір мұғалім еліміздегі жаңашыл ұстаздардын бай тәжірибесіп, белгілі педагогтар мен психолсгтардың ғылыми еңбектерін терең зерттеп, өз ісінде шеберлікпен пайдаланудың жолдарын қарастырады.
Осындан татымды табыстарды шығармашылықпен қолданудың нәтижесінде, мектептерде педагогикалық тәжірнбені зерттеудің кейбір нақты жолдары іске асырыла бастады. Олар: мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп жинақтау; педагогикалық еңбек шеберлерінің жұмыс жүйесін зерттеу және жинақтау; жалпы педагогикалық тақырып бойынша бірнеле мұғалімдердіц іс-тәжірибелерін зерттеу және жинақтау; жанашыл мұғалімдердің озат тәжірибесін тарату және оны оқу-тәрбие процесіне енгізу; педагогикалық ғылыми-зерттеу институттарының басшылығымен оқу және тәрбие саласындағы проблемалық мәселелерді зерттеу және жинақтау.
Оқу мен тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін іздестіруде мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп, жинақтау ісі - әрі қиын, әрі күрделі мәселелердіц бірі. Бұл мәселені ойдағыдай зерттеп, практикада дәлелдеу тікелей мұғалімніц өзіне байланысты. Мұғалім оқыту мен тәрбие әдістеріне байлаиысты басты мәселелерді таңдап алады да, олардын тиімділігін сабақтың немссе тәрбие жұмысының барысында бақылайды, терең зерт-тейді. Зерттеу материалдарына талдау жасап, қорытындысын үнемі дәптеріне жазып отырады. Мұғалім әр сабақтын немесе тәрбие жұмысының өзіне тан ерекшелігін, әр түрлі әдістерді қолданудың тиімді жолдарын, оқыту мен тәрбие процесінде оқушылардың ынтасы мен таным қабілетін дамытуды шығармашылықпен іздестіреді. Осының нәтнжесінде мұғалім өз жұмы-сындағы жетістіктер мен елеулі кемшіліктерді көре бастайды. Сөйтін, оларды жоюдың тиімді жолдарын қарастырады. Ол үшін мұғалім педагогикалық әдебиеттермен танысады. Қажетті әдебиеттерге аннотация және библиография жасайды. Мұғалім өз мектебіндегі немесе көршілес мектептердегі тәжірибелі мұғалімдердің тәрбие жұмыстарымен танысады, сабақтарына қатысады. Олардың оқыту мен тәрбие әдістерін өзінің қолданып жүрген әдістерімен салыстырады, тиісті қорытынды жасайды.
Зерттеу жұмысына байланысты құжаттарды мұғалім бірте-бірте жинастыра береді. Оларға: сабақ жоспары, бағдарлама тақырыптары бойынша жасалатын тақырыптық перспектикалық жоспар оқушылардың жазба бақылау және кестелік жұмыстары, дәптерлері, сыныл жетекшісінің оқу-тәрбие жұмысы мен жоспары, түрлі тақырыптарға жазылған оқушылардың баяндамалары жатады. Осы құжаттардын негізінде мұғалім өз жұмысына талдау жасайды, жүйеге келтіріп жинақтайды. Әрнне, мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп, жинақтап жазып шығуы оп-оңай жұмыс емес. Оған ең кемінде бір немесе екі жылдай мерзім керек.
Зерттеу жұмысы аяқталғаннан кейін оны мектеп мұғалімдерінің ғылыми-практикалық конференцнясында талқылайды, құнды деп тапса, аудандық «Педагогикалық оқуларға» ұсынады. Сөйтіп, мұғалімнін бұл шығармашылық еңбегі бірте-бірте облыстык, республииалық талқылзрдан өтіп, көпшіліктің игі ісіне айналады.
Педагогикалық жұмыста зор табыстарға жетіп, өзін-өзі іс жүзінде көрсете білген шебер мұғалімдердің жұмыс жүйесін зерттеп, жинақтау - озат тәжірибені кеңінен таратудың басты формасына жатады. Бұл жұмысты педагогикалық кеңестің шешімі бойынша әдістемелік пән бірлестігі басқарады. Жоспар бойынша зерттеу жұмысы ең алдымен танысу және оақылау этаптарынан өтеді:
1. Іс-тәжірибесі зерттелетін мұғалімінің өзімен, сабақ беретін сыныптарыидағы сынып жетекшілерімен оқушылардың үлгерімі және тәртібі, рлардын қоғамдық жұмысы мен қоғамдық пайдалы еңбекке қатысу және белсенділігі туралы әңнгіме жасалады, зерттеуші кейбір мәселелерді анықтайды.
2. Оқу-тәрбие жұмыстарына байланысты соңғы екі-үш жылдардың ішіндегі құжаттар зерттеледі. Олар: сабақ жоспары, тақырыптық, күнтізбелік жоспар, сынып жетекшілерінің тәрбие және үйірме жұмыстарының жоспары, сынып журналы, оқушылардың дәптері, рефераттары, техника және көркем шығармашылық жұмыстары, мұғалімнің әдістемелік және педагогикалық тақырыптарға жасаған баяндамалары, журнал беттерінде жарияланған мақалалары мен басқа еңбектері.
3. Алдын-ала тәжірибесі зерттелетін мұғалімнің сабақтарына кіріп, тәрбие жұмыстарына қатысып бақылау жүргізіледі.
4. Зерттеу жүргізілетін сыныптардағы басқа мұғалімдердің сабақтарына немесе тәрбие жұмысына қатысып, олардың іс-нәтижелері тәжірибесі зерттелетін мұғалімнін жұмысымен салыстырылады.
5. Басқа сыныптарда немесе басқа мектептерде осы пән бойынша ұқсас тақырыптарға өткізілетін тәжірибелі мұғалімдердің сабақтарына кіріп, олардың жұмыс нәтижесі, тәжірибесі зерттелетін мұғалімнің ісімен салыстырылады.
Танысу және бақылау жұмыстарын жүргізіп болғанша кейін тікелей зерттеу басталады. Зерттеу жұмысы өте құнды болса, ғылыми-зерттеу институтынық жазба пікірі бойьшша «Педагогикалық оқуларға», егер көлемді болса баспаларда жарнялануға ұсынылады.
Соңғы кездерде көптеген педагогикалық ұжымдардын аса көңіл аударып жүрген мәселелерінің бірі - оқу мен тәрбиенің бірлігі, пән аралық айланыс сабақта оқушылардың таным іс-әрекетін белсендіру тәсілдері, сабақтың тиімділігін арттыру т. б. Осы сықылды жалпы педагогикалық тақырыптар бойынша бір-бірімен тектес пән мұгалімдерінің іс тәжірнбелерін зерттеп жинақтауға болады.
Бірнеше мұғалімдердін іс-тәжірибелерін зерттеудге нәтижесінде мектептегі бір-бірімен тікелей байланысты ғылммн-әдістемелік жұмыстардың жоспарлы түрде мақсатка бағытталып жүргізілетіндігі сөзсіз.
Соңғы жылдары біздің елімізде жаңашыл мұғалімдердің шығармашылық тәжірибесі, педегогика шеберлерінің және белгілі ғалымдардын еңбектері жарық көре бастады. Көптеген құнды педагогикалық еңбектер жазылды. Олардың авторлары профессорлар Ш. А. Амонашвили және П. И. Иванов, мұғалімдер В. Ф. Шаталов, И. П. Волков, Е. Н. Мльин, М П. Шетннин т. б. Осы авторлардын әр қайсысы оқу-тәрбие процесінің тиімділігі мен сапасып арттыруда өздерінің ерекше әдістерін жасады. Ш. А. Амонашвили кіші мектеп жасындағы балалардың жан - жақты дамуына мүмкінділік жасайтыи мектеп практикасында алты жастағы балалармен жұмысты ұйымдастыру прннципі жағдайын ғылыми дәлелдеді.
Білім беру саласында қажырлы еңбек етіп, үлес қосқан Республикамыздағы жанашыл мұғалімдерді де атап кеткін жөн. Олар: Құмаш Нұрғалиұлы Нұрғалиев, Ңұртазина Рафика Бекепқызы, Архимед Мыңбаиұлы Ысқақов, Грнгорий Максимович Курбатов, Қанипа Бітібаева т. б. Бұл мұғалімдердің идеялары және педагогикалық тәжірибелері қысқа түрде Б. Р. Аймамбетованың кішкене кітапшасында жазылған.
Жанашыл мұғалімдердің тәжірибесі орта, жоғары мектептердің мұғалімдері мен оқытушыларының игілігіне айналды Сондықтан олардың тәжірибесін зерттеуге зор көңіл аударушылық байқалып келеді. Өйткені, әрбір жаңа педагогикалық құбылыс талқылауды, зерттеуді және талдауды қажет етеді.
Озат тәжірибені зерттеу және оны тұтас педагогикалык процеске енгізу қажырлы екбекті, терең сауаттылықты, өз пәніне еркін иелік етуді, теория мен практиканың дамуында үнемі жаналықты біліп отыруды талап етеді.
Осындай дербес және ұжымдық ізденуге мектеп және мұғалімдердің білімін жетілдіру институты қызметкерлерінің тікелей қатысуы, олардың шығармашылық белсенділігін арттыруға үнемі ғылыми-педагогикалық әдебиеттермен және педагогикалық-психологиялық ғылымның жетістіктерімен танысып отыруға мүмкіншілік жасанды.
Мұғалім озат педагогикалық идеяларды және жанашыл мұғалімдердің тәжірибесін игеру үшін оларды өзінің педагогикалық жүйесінің құрамдас баолып өтеді, жетілдіріп дамытады Оларға өзінің шығармашылық ойынын элементін енгізеді. Озат идеяларды және педагогнкалық тәжірибені енгізу мен таратудың түсінікті формалары -ауызша және баспасөз арқылы насихатталады.
Ауызша насихат - бұл мектептердің педагогикалық кенестерінде, аудандық әдістемелік кабинеттерінде, мұғалімдердің білімін жетілдіру институттарында өткізілетін мәслихаттарда, семннарларда озат тәжірибе туралы лекциялар және баяндамалар жасалынып, оларды озат мұғалімдердің жұмыстарының мәні мен негізгі идеяларының мазмұны анықталады. Қатысушылар өзара пікір алмасып, оқу-тәрбие процесін жетілдірудің кейбір бағыттарын белгілейді.
Баспасөз насихаты - бұл педагогикалық теория мен практиканың саласында әр түрлі формаларда жүргізіледі. Оларга психологиялық педагогикалык, -еңбектер, ғылыми-әдістемелік ұсынбалар, жинақтар т. 6. жатады. Педагогикалық озат тәжірибені таратуда, оны тұтас педагогикалық процеске енгізуде әсіресе, «Педагогикалық оқулардың» маңызы өте зор. «Педагогикалық оқуларды» өткізу нәтижесінде ұжымдық түрде талқыланған және мақұлданған жақсы тәжірибе оқу мен тәрбие процесіне енгізу үшін жинақталады және таратылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz