Лаңкестік


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Лаңкестік - гректің «terror» сөзінен алынып, «үрейлі», «қорқынышты» деген мағыналарды білдіреді. Бұл атауды ең алғаш Аристотель қолданған. «Террор» сөзі өз мақсатына жету үшін ешнәрседен тайынбай, зорлықпен үкімін жүргізуді көздеген саяси күрес деген мағынада түсіндіріледі. Лаңкестердің қарулы әрекеттері мен бүлік шығару іс-әрекеттері олардың бүкіл болмысын айқын көрсетеді.
Түрлі этникалық және діни қайшылықтар, кедейлік пен мемлекеттегі түрлі келіспеушіліктер де лаңкестіктің шығуына себеп болуы мүмкін.
VІІ ғасырда Ислам әлемінде пайда болған діни, саяси, экстремистік әрекет саналатын харижиттер («хулафа-и рашидин») хазреті Омар (ғ. с. ) мен Оспанға (ғ. с. ) қарсы қастандық ұйымдастырды. Олар умәуилер салтанаты кезінде үлкен саяси күшке айналып, елде әрдайым іріткі мен дау-жанжал ұрығын септі. VІІІ ғ. екінші жартысында Ирак, Бахрейн, Йемен, Сирия, Мысыр және Хорасан жерлерінде лаңкестік әрекеттер жасаған карматилер де діни, саяси, экстремистік ағым саналған. Карматилер шиға мәзһабындағы исмаилиттердің негізгі тармағының бірі ретінде VІІІ ғ. ортасында Иракта пайда болған. Олар ислам шариғатын мойынсұнбай, тіпті Қағбаны зиярат етуді бидғат деп санаған. 899 жылы Бахрейнді басып алып, шығыс Арабияда өз мемлекетін құрған. 930 жылы қажылық маусымында Меккеге баса көктеп кіріп, қаланы талан-таражға салып, бірнеше мың қажылар мен жергілікті тұрғындарды өлтіріп, көптеген мұсылмандарды тұтқындаған.
Қазіргі таңда дүниеде 500-ге жуық лаңкестік ұйым бой көрсетуде. Олардың саяси, діни бағыты, әлеуметтік және этникалық құрамы, шабуылдау дәрежесі бойынша ең үлкендері мыналар: «әл-Кайда», «Абсат әл-Ансар» (Ливан), «Ал-Жиһад», «Жәмағат әл-Ислами», «әл-Ихуан әл-муслимин» (Мысыр), «Хизб-ут-тахрир әл-Ислами», «Тәибә», «Жамағати-Ислами» (Пәкістан) .
Ланкестіктің бірнеше түрлері бар:
Ядролық лаңкестік - ядролық жарылғыш заттарды жару немесе онымен қорқыту, радиоактивті заттармен улау, ядролық нысандарды басып алу мақсатын көздейді. Қазір дүниенің 30 мемлекетінде 450-ге жуық ядролық объектілер, 100-деген ядролық реакторлар, он мыңдаған ядролық қарулар бар.
Хайджекин - ірі көлік құралдары: ұшақ, пойыз, автомобиль және кемелерді ұрлауды мақсат етеді. Бірінші әуе лаңкестік 1930 жылы жасалған. Лаңкестер тарапынан 1969 жылы 91, 1972 жылы 59 жолаушы ұшақтарына шабуыл жасалған. Тіпті, 1971 жылы қыркүйек айында 4 ұшақ лаңкестер тарапынан қиратылды.
Гиперлаңкестік - арнайы хакер тәсілдері бойынша компьютер басқару жүйесін иеленіп алу, компьютер вирустары арқылы интернет жүйесін істен шығару көзделеді.
Биолаңкестік - вирус, ұнтақ сияқты бактериялық қоспаларды пайдалана отырып лаңкестік әрекет жасау.
Химиялық лаңкестік - улаушы және тұншықтырушы газдарды лаңкестік мақсатқа пайдалану.
Ақпараттық лаңкестік деп теракт жасауға алып келетін мағлұматтарды БАҚ (бұқаралық ақпарат құралдары) арқылы тарату, экономикалық жағынан дамыған мемлекеттердің өз техникалық мүмкіндіктерін басқаларға зиян тигізу үшін пайдалануды айтады. Мысалы, бір өтірік кейде, бүкіл дүниедегі мемлекеттерді қарама-қайшылыққа түсіреді, миллиондаған адамдардың санасын улайды, оларды жолдан тайдырады. Сол үшін БАҚ арқылы әсіресе, интернет жүйесі арқылы таралып жатқан теріс хабарлар әртүрлі жаман нәтиже беруі мүмкін. Мұндай зиянды хабарлардың «ақпарат лаңкестігі» делінуі ғажап емес. Бұл іс-әрекет саяси лаңкестіктің ажырамас бір бөлігіне жатады.
Қазіргі кезде ең көп таралған лаңкестік - дінді бетперде еткен түрі. Олардың негізгі мақсаттары - әртүрлі діни сенімдерді пайдалана отырып, адамдардың пікіріне әсер ету, билікті ұстап қалу, ұлтаралық соғыстар, талас-тартыстар ұйымдастыру, дінді саяси құрал ретінде пайдалану.
Лаңкестікке қарсы күресудің мақсаты рухани және материалдық, экономикалық тұрғыдағы нысандарды залалсыздандыру. Сол үшін лаңкестіктің пайда болу тарихын, оның түрлері мен алуан көріністерін, сондай-ақ қаупінің алдын алуды да білген абзал.

Лаңкестік, терроршылдық - саяси-әлеуметтік себептерге байланысты жеке адамға, көпшілікке немесе мемлекетке қысым жасау, үрей туғызу мақсатында қасақана жасалатын қылмыстық іс-әрекет. Б. з. 1 ғасырындаИудеяда римдіктермен ынтымақтасқан еврейлердің танымал өкілдерін жойған сикарилер сектасының қызметі Лаңкестік сипатқа ие болды. Орта ғасырда христиан шіркеуінің өкілдері халыққа дұшпан билеушіні өлтіру идеясын қолдаса, Үндістан мен Қытайдың құпия ұйымдары, парсы, ауған жеріндегі әсіре діншіл сектанттар өздеріне жақпаған адамдардың көзін жою тәсілдерін кеңінен қолданды. 19 ғасырдың 2-жартысынан бастап Лаңкестік қоғамдық-саяси өмірге ықпал етуші тұрақты факторлардың біріне айналды. Ресейде халықшылдар, Ирландия, Македония, Сербияда ұлтшылдар, Франция, Италия, АҚШ-та анархистер, т. б. солшыл радикалды қозғалыстар пайда болып, өз үкіметтерінің қызметіне ықпал етуге ұмтылды. Бұл қозғалыстардың идеялық негізінде әртүрлі идеологиялық тұғырнама жатқанымен, олар Лаңкестікті “қоғам игілігі үшін өзін-өзі құрбан ету” деп түсінді. 20 ғасырда Лаңкестік әдістерін пайдалану ауқымы кеңейіп, Лаңкестік мемлекеттік деңгейге жетті. КСРО-дағы “қызыл террор” мен фашистік Германиядағы “ұлтшылдық террор” өз азаматтарына қарсы жасалған Лаңкестіктің айқын көрінісі болды. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін Палестинадағы еврей ұйымдары Израиль мемлекетін құру мақсатында Лаңкестік ұйымдарын құрып, көптеген Лаңкестік актілер ұйымдастырды. Израиль мемлекеті жарияланғаннан кейін оған жауап ретінде палестиналық Лаңкестік ұйымдар пайда болды. Араб елдері мен Израильдің қарама-қарсылығы қатаң да аяусыз Лаңкестік соғыстың басталуына әкелді. Сондай-ақ Солтүстік Ирландиядағы, Испаниядағы сепаратистер де мемлекет қауіпсіздігіне зардап келтіретін қауіпті Лаңкестік актілер ұйымдастырды. Бұл кезеңдегі Лаңкестік әрекеттер ұлттық, діни, этник. шиеленістермен және азаматтық қозғалыстармен байланыстырылды. 20 ғасырдың 2-жартысында Лаңкестіктің сипаты күрт өзгерді. Көптеген елдерде Лаңкестік ашық қоғамға бейімделе алмаған және заң шығарушы органда саяси өкілдік ала алмаған әлеуметтік топтардың саяси қарсылық білдіру құралына айналды. Олардың мақсаты қайсыбір елде (немесе халықаралық деңгейде) қорқыныш-үрей, жалпы тұрақсыздық тудыру болды. Лаңкестіктің іс-әрекет тактикасы да едәуір кеңейді: кепілге адам алу, қоғамдық орындарда жарылыстар ұйымдастыру, кісі өлтіру кең тарады. Шет елдердің елшіліктеріне, халықараралық ұйымдардың бас пәтерлеріне шабуылдар жасау, ұшақ жару, қару-жарақ қоймаларын басып алу секілді Лаңкестіктің жаңа түрлері пайда болды. Әлемнің тұтас аймақтарына бағыт-бағдары әр түрлі Лаңкестік ұйымдар мен топтардың әрекеті жаппай таралып, Лаңкестіктің қауіпті әлуеті артты. 20 ғасырдың 70 - 80 ж. дүниежүзінде 5500-ден астам Лаңкестік акт жасалды. Бұл кезеңде лаңкестер ұйымдасқан арнаулы топтарға біріге бастады. Әр түрлі елдердің, соның ішінде, Таяу Шығыс, Жапония, Латын Америкасы, Еуропа елдерінің Лаңкестік ұйымдары арасында жақындасу процесі басталды. 80 - 90 ж. халықаралық есірткі Лаңкестікті бой көрсетті. Есірткі бизнесі, заңсыз қару-жарақ сату мен ұйымдасқан қылмыстың өзге де түрлері Лаңкестік әдіс-тәсілдерін кеңінен пайдаланды. 90-жылдардың 2-жартысында әлемнің көптеген аймақтары кең ауқымды әскери іс-қимылдарды тудыруы мүмкін Лаңкестік әрекеттердің ошағына айналды. Саяси Лаңкестік бастапқы түрін өзгертіп, біртіндеп қылмыстық, ұлтшылдық, діни-экстремистік Лаңкестікке ұласып, халықаралық сипат алды. Қазіргі кезде дүниежүзінде 500-ден астам Лаңкестік ұйым мен экстремистік топ әрекет етеді. Олардың ішіндегі ең ірі Лаңкестік ұйымдар: “Тупак Амару атындағы революциялық қозғалыс”, “Ку-Клус-Клан”, “Арийлік ұлт” оңшыл экстремистік ұйымы, “Аум Синрике”, “Ирландияның республикалық армиясы”, “Хамас” (Исламдық қарсыласу қозғалысы), “Хезболлах”, т. б. Қазіргі Лаңкестік ауқымы мен аумағы жағынан халықаралық (халықаралық деңгейдегі Лаңкестік актілер), ішкі саяси (үкіметке, ел ішіндегі қандай да бір саяси топтарға қарсы бағытталған немесе ішкі жағдайды тұрақсыздандыруды мақсат тұтатын Лаңкестік әрекеттер) ; пайдакүнемдік мақсаттарды көздейтін қылмыстық Лаңкестік түрінде көрініс береді. Сондай-ақ Лаңкестіктің мынадай алуан түрлері кездеседі: өзге егеменді мемлекеттердің қоғамдық-саяси құрылысына, тұрақтылығына нұқсан келтіруге бағытталған мемлекеттік лаңкестік; мемлекеттік құрылысқа қатысты шешімді болдырмауға (немесе қабылдауға) бағытталған күресті білдіретін саяси лаңкестік; аса күрделі әлеуметтік-саяси тартыстар негізінде қалыптасатын әлеуметтік лаңкестік; этникалық белгілер бойынша жүзеге асырылатын ұлттық лаңкестік; бірыңғай мемлекет шекарасында үстем ұлт өкілдері елдің қайсыбір бөлігіне егемендік беру талабымен жүзеге асыратын аумақтық-сепаратистік лаңкестік; саяси қарама-қарсылықта діни сана негізгі орын алған жағдайда туындайтын діни лаңкестік. Қазіргі уақытта Лаңкестік даму, таралу қарқыны мен салдары жағынан адамзаттың ең қауіпті қоғамдық-саяси және моральдік мәселелердің біріне айналып отыр. Лаңкестердің ядролық, бактериологиялық, химиялық уытты қаруларды қолдану мүмкіндігі ғаламдық қауіпсіздікке үлкен қатер туғызуда. Лаңкестік мемлекеттің идеологиялық-құқықтық жүйесі қоғамның күрделі әлеуметтік-саяси процестерін реттеуге қабілетсіз болуына байланысты пайда болады. Лаңкестіктің өсуіне мынадай факторлар әсер етеді: саяси-әлеуметтік және экономикалық дағдарыс, халықтың өмір сүру деңгейінің күрт төмендеуі мен жұмыссыздықтың өсуі, ұлттық және діни қайшылықтардың шиеленісуі, т. б. Лаңкестікке қарсы алдын алу шараларының қатарына: қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси тұрақтылығын, азаматтардың экономикалық, саяси, ұлттық, діни, т. б. құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету; адам құқығы жөніндегі мемлекеттік органдар мен қоғамдық органдардың жұмысын жетілдіру; қоғамда жоғары саяси және құқықтық мәдениет қалыптастыру; қару-жарақ рыногіне, соның ішінде жаппай қырып-жою құралдарына мемлекеттік және халықаралық бақылау жасау, т. б. Дүниежүзілік қауымдастық Лаңкестікке қарсы бірқатар халықаралық-құқықтық құжаттар қабылдады (Әуе кемелеріне жасалған қылмыстық және басқа да әрекеттер туралы конвенция (1963) ; Азаматтық авиация қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз актілермен күрес туралы конвенция (1971) ; Лаңкестікті қаржыландыруға қарсы күрес туралы конвенция (1999), т. б. 1994 ж. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 49-сессиясында қабылданған “Халықаралық лаңкестікті жою шаралары туралы” декларацияда Лаңкестікпен күрестегі халықаралық ынтымақтастық шаралары белгіленді. ТМД мемлекеттері арасында көпжақты келісімдер жасалып, Лаңкестікке қарсы орталық құрылды (2000) . Орта Азия мемлекеттері 2000 ж. Ташкентте өткен саммитте “Лаңкестікпен, саяси және діни экстремизммен, трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен, тұрақтылық пен қауіпсіздіктің басқа да қатерімен күресте бірлескен іс-әрекет туралы” келісімге қол қойды. Сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберінде халықар. Лаңкестікпен және экстремизммен күрес шаралары белгіленген.

Елімізде болып жатқан лаңкестік әрекеттер туралы мәлімдеме

Расында, мақтаулар мен мадақтарға Аллаһ лайық! Оны дәріптейміз, әрі Одан жәрдем мен кешірім сұрап жалбарынамыз. Жанымыздың жамандықтары мен жаман іс-амалдарымыздан Аллаһқа сиынып, Одан пана тілейміз. Кімде-кімді Аллаһ тура жолға бастаса, онда оны ешкім де адастыра алмайды. Ал кімде-кімді адастырса, онда оны тура жолға салар ешкім жоқ. Біз Аллаһтан өзге құлшылыққа лайық ешкім жоқ екеніне, Оның серігі жоқ, әрі Жалғыз екеніне куәлік етеміз, сондай-ақ Мұхаммед Оның құлы, әрі елшісі екеніне куәлік етеміз. Аллаһым, пайғамбарыңа, оның отбасы мен сахабаларына және Қияметке дейін оның жолын ергендерді Өз Мейіріміңе ала гөр!

Одан кейін:
Балқашта болған оқиғаны айтар болсақ, осы іске тікелей не жанама түрде қатысты болған кісілердің назарына: мейлі ол кісі осы оқиғаның тікелей қатысушы болсын, мейлі билік өкілі болсын, мейлі ол өз дүниетанымына сай ақпарат таратушы БАҚ өкілі болсын, мейлі тіпті ол осы оқиғаны сырттай бақылаған Қазақстан Республикасының қарапайым азаматы болсын, - бәріне арналады. Мен осы мәселені Құранның қасиетті мәтіндері мен пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетіне сүйене отырып қысқаша түсіндіріп кетуді жөн көрдім.

Кіріспе

Біріншіден, Құран мен Сүннеттің шариғи мәтіндеріне қарасақ, шайтанның мұсылмандарды азғырып адасуға алып баратын екі жолы бар екенін аңғаруға болады. Бұл жолдардың біреуіне ол күнәларға, селқостық пен босаңсуға бейім әрі дінге салғырт қарайтын кісілерді итермелейді. Ол мұндай мұсылмандарға күнәлар мен өз көңіл-қалауына еруді әдемі етіп көрсетіп, Аллаһ пен Оның елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бағынбауға бас ұрғызады. Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Жәннат жек көрінішті нәрселермен қоршалған, ал Тозақ ұнамды нәрселермен қоршалған». Әл-Бухари.
Ал екінші жолға шайтан ғибадат етуде, Аллаһқа бағынуда ыждағаттылық танытатындарды итермелейді. Мұндай адамға ол шектен шығушылықты әдемі етіп көрсетіп, оны бүлдіру үшін дін мәселесінде нысапсыздық қылдырады. [1] Құдіретті де, Ұлы Аллаһ Тағала былай дейді:
«(Мұхаммед, оларға) : “Әй, Кітап иелері! Діндеріңде орынсыз шектен шықпаңдар және бұрынғы хақ жолдан өздері адасқан, әрі басқаларды адастырған, тура жолдан ауытқыған қауымның қалауына ермеңдер!” - де» (әл-Мәида сүресі, 77-аят) .
Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Діндегі шектен шығушылықтан сақтаныңдар, өйткені сендерге дейінгілерді діндегі шектен шығушылық құртқан еді!»
Шайтан шектен шығып нысапсыздық танытқандарды дінді қате түсініп, өз көңіл-қалауына еруді әсем етіп көрсетіп азғырады. Ғалымдар оларға ақиқат пен тура жолды түсіндіріп көрсете алмауы үшін, өз адасуымен алданып қала беруі үшін шайтан оларды ғұламаларға жүгінуден бас тартқызады. Немесе оларды ғалымсымақтармен байланысуға шақырады, мұндайлар әлгілерді тек өзіне ұнаған нәрсесін айтқаны үшін ғана ғалым деп санайды. Аллаһ Тағала былай дейді: «Көңіл-қалауына ерме. Әйтпесе ол сені Аллаһтың жолынан адастырады» (Сад сүресі, 26-аят) .
Аллаһ Тағала тағы былай дейді:
«Аллаһтан бір жол-жорықсыз, өз көңіл-қалауына ергеннен әрі адасқан кім бар?» (әл-Қасас сүресі, 50-аят) .
«Сондай жаман ісі өзіне әдемі көрсетіліп, оны жақсылық деп есептеген біреу тура жолға ерген біреумен тең бе? Расында, Аллаһ қалағанын адастырып, қалағанын тура жолға салады» (Фәтыр сүресі, 8-аят) .

Еш хақысыз кісі қанын төгіп, жарылыстар ұйымдастырып қиратуды қандай ақыл-ой, қандай дін жиһад деп атай алады?!

Кіріспеде айтылғандай, шайтан хауариждер тәрізді құлшылық етуде ынталы кісілердің дінін шектен шығу, нысапсыздық таныту арқылы бұзғысы келетінін айтқаннан соң, бүліктерден құтылу жолы - ғалымдарға [2] жүгіну екенін ескерткіміз келеді. Бұған айғақ ретінде Ибн ‘Аббастың түсіндіруінен кейін тура жолға қайтқан екі мың хауарижді, сондай-ақ Жәбирмен кездескеннен кейін бір топ сарбаздың көзқарасы түзелгенін айтуға болады.

Сонымен, осы кіріспеден кейін айтқым келгені: Шын мәнінде, бірнеше мұсылман қамауда жатып түрме күзетшілеріне шабуыл жасап, олардың бірін өлтіріп, одан кейін жарылғыш зат арқылы өзін-өзі жан тәсілім еткен Балқашта болған оқиға, сондай-ақ Ақтөбедегі оқиғалар (Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің ғимаратын жару, өзін-өзі жару, полицей жасақтарын өлтіру), оған дейін болған Маңғыстаудағы оқиға (қамауда жатқандардың түрмеден қашып шығуы, күзетшілердің қанын төгу) және Қазақ жерінде болып жатқан сол іспеттес қайғылы оқиғалардың барлығы - бұл шайтан азғыруының нәтижесі, ол шектен шыққандарға сол істерін әдемі етіп көрсеткен. Осы оқиғалардың бәрі - зор қылмыс, жиіркенішті іс әрі жер бетінде бұзақылық тарату [3] болып табылады. Ең жаманы сол - кейбіреулердің әлгіндей әрекеттерді жиһад деп ойлауына шайтанның түрткі болуы! Немесе басқа мұсылмандар сондай әрекеттермен айналысатындарды аяуы. Енді осыдан кейін, өзін-өзі өлтіру немесе мұсылманның және мұсылмандармен келісім-шарттағы кәпірлердің қанын төгу, жұртшылықтың зәресін алу, жетім-жесірлер қалдыру, сондай-ақ ғимараттарды, оның ішіндегілерімен қоса жарып жіберуді қандай ақыл-есі дұрыс адам, қандай діні дұрыс кісі жиһад деп айта алады?!
Тап осы жерден бастап жоғарыда айтылған қан төгудің қаншалықты қауіпті әрі ауыр күнә екеніне қатысты Құран мен Сүннет мәтіндерін еске түсіру қажет. Және де кісі қанын төгу, мұсылмандардың және мұсылмандармен келісім-шарттағы кәпірлерді өлтіруге қатысты Құран, Сүннет мәтіндерін еске алуымыз керек. Осындай бұзақылық қылатын мұсылмандар ісі Аллаһтың дініне түк қатысы жоқ екенін білсін! Ислам діні мен террор деген ұғымдар екеуі дініне үш қайнаса сорпасы қосылмайтынын, әрі олар өзара еш байланысы жоқ екенін БАҚ өкілдері, осы оқиғаларға сырттай куә болып отырған қоғам білсін! Ислам еш кінәсі жоқ, бірақ мұсылмандар кінәсіз емес екенін де білсін! Сондықтан, Ислам туралы мұсылмандарға қарап баға бермей-ақ қойыңыздар. Өйткені, егер отанымыздың бір азаматы шетелге барып, сол жақта жантүршігерлік қылмыс жасаса, біздің еліміздің адамдарының бәрі сондай қылмыс жасайды екен деп баға берсек дұрыс болмайтынын бәріміз білеміз ғой?!

Аллаһтан тура жолдан тайқығандарды тура жолға салып, оларды адасушылықтардан нұрға шығуын, әрі мұсылмандарды жамандық қылушылардың зиянынан сақтауын жалбарына сұраймыз, расында, Ол - Естуші, дұғаға жауап Беруші!

Кісі қанын төгу күнәсінің ауырлығы мен қауіптілігіне куә болатын Құран, Сүннет мәтіндер еске алайық!

Аллаһ субханаһу уә тағала Адам атаның ұлдарының бірі туралы былай дейді: «Сонда оның нәпсісі туысын өлтіруге қызықтырды да, ол оны өлтіріп, зиянға ұшыраушылардан болды» (әл-Мәидә сүресі, 30-аят) .
Аллаһ Тағала тағы былай дейді: «Соның салдарынан [4] Исраил ұрпақтарына: Кім кісі өлтірмеген немесе жер жүзінде бұзақылық қылмаған [5] біреуді өлтірсе, сонда шынайы түрде барлық адамзатты өлтіргенмен тең және кім оны құтқарса барлық адамзатты құтқарғанмен тең деп жаздық»[6] (әл-Мәидә сүресі, 32-аят) .
Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Әрбір еш хақысыз қан төгілген сайын, оның күнәсі Адам атаның баласына да жазылады, себебі ол осы істі бастаған!» Әл-Бухари. [7]
Аллаһ Тағала Исраил ұрпақтары туралы былай дейді: «Бір заманда: «Бір-біріңнің қандарыңды төкпеңдер, бір-біріңді үйлеріңнен қумаңдар» деп уәде алған едік. Сөйтіп осыған өздерің мақұлдап куә болдыңдар» (әл-Бақара сүресі, 84-аят) .
Тағы да Аллаһ Тағала былай дейді: «Оларға Тәуратта: жанға - жан, көзге - көз, мұрынға - мұрын, құлаққа - құлақ, тіске - тіс және жараларға - төлеу (қысас) жаздық» (әл-Мәидә сүресі, 45-аят) . [8]

Өзін-өзі саналы түрде өлтірген кісіге байланысты Құран мен Сүннет мәтіндерін еске алайық!

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еуропалық Одақ елдерінің ішкі саясатындағы лаңкестік мәселесімен күресу
Ресейдегі лаңкестікпен күрес мәселелері және шешілу жолдары
Лаңкестікпен күрес мәселесi
Лаңкестік және оның айқындалуы. Лаңкестік туралы ұғым мен мінездемелердің сипаттары. Лаңкестік көрінісінің топтастырылуы
Қазақстан Республикасы ІІМ арнайы бөлімшелерінің құқықтық жағдайы
Діни экстремизмдер туралы
Ланкестік акттің теориялық мазмұны
Қазақстан Республикасының діни экстремизммен күресу бойынша ұлттық заңнамасы
Ақпараттық терроризм және қауіпсіздік
Ланкестік акт қаупы және оған қарсы күрес және алдын алу шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz