Адам өмірінің қауіпсіздігі


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ
Радиотехника және байланыс факультеті
Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау кафедрасы
Адам өмірінің қауіпсіздігі
Орындаған: ССС к -02-01 тобының
студенті Абдиев Е. Т.
Қабылдаған: Санатова Т. С.
Алматы 2007
МАЗМҰНЫ
Жұмыс тапсырмасы . . . 3
1 Қалдықтарды жөнелту нормативін жобалау . . . 4
1. 1 Қазақстан Республикасында қалдықтарды жөнелту нормативтерін заңдастыру . . . 4
1. 2 Талдықорған қаласының АТС-27 қалдықтарды жөнелту нормативін жобалау . . . 5
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 12
ЖҰМЫС ТАПСЫРМАСЫ
1 Қалдықтарды жөнелту нормативін жобалау
2 Ғимаратта жасанды жарықтандыру есебін орындау
5 АДАМ ӨМІРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
5. 1 Қалдықтарды жөнелту нормативін жобалау
5. 1. 1 Қазақстан Республикасында қалдықтарды жөнелту нормативтерін заңдастыру
Қазақстан Республикасының Президенті 2003 жылдың 3 желтоқсанында бекіткен ҚР 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік Концепциясында негізгі мәселелер қатарында экологиялық апат аймақтарындағы реабилитация шарттары, әскери-ғарыштық және тәжірибелік полигондар кешені, ауа бассейніндегі ластануды анықтау және болдырмау, радиоактивті, бактериологиялық және химиялық ластануларды залалсыздандыру, өндірістік және шаруашылық қалдықтардың көлемін азайту қарастырылды.
Жеке және заңды тұлғалар үшін қалдықтарды жөнелту нормативтерін жобалау және оларды қоршаған артаны қорғау саласындағы тиісті мекемелерге бекіту үшін ҚР «Қоршаған ортаны қорғау» (кейін ЕРЕЖЕ) Заңының 62-2 статьясының 1 пункті арнайы құрылған.
- Ереже ҚР қоршаған ортаны қорғау Министірлігі және оның аймақтық басқармаларында тиісті өндіріс орындарында қалдықтардың пайда болу және жөнелту нормативтері бекітілуін талап етеді.
- Қалдықтарды жөнелту нормативтері (ҚЖН) қолданыстағы мекемелердің кез-келген түрі үшін жобаланып, ҚР Заңдылығына сәйкес тексеріліп тұруы қажет.
- Болашақта құрылатын өндіріс орындарының техникалық-эксплуатациялық жобасының құрамында пайда болатын қалдықтар көлемі және оларды утилизациялау актілері болуы тиіс.
- ҚЖН-рі болып қоршаған ортаға тигізетін әсерін ескере отырып қалдықтардың пайда болуы, жиналуы, сақталуы, қайта өңделуі, тасымалдануы, залалсыздандырылуы және көмілуі табылады.
- Қалдықтарды орналастыру шектеулері аталған аймақтың экологиялық жағдайына қарай, қалдықтарды сақтау орындарына белгілі көлемдегі қалдықты төгуге рұқсат етеді.
- ҚЖН-рін бекіту, технологиялық және басқа да процестерге байланысты ҚЖН жобасын қайта қарау, іс-әрекет нәтижесінде қалдықтар пайда болатын өндіріс орнының жауапты тұлғасымен орындалады.
- ҚЖН жобаларын табиғатты қорғау жобаларын және нормативтерін құруға лицензиялары бар жеке және заңды тұлғалар орындайды.
- ҚЖН жобаларын өндіру ҚР-да қолданылатын заңды және нормативті-нұсқаулық құжаттарға сәйкес істелінеді.
- Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау Министрінің 11. 06. 2003 жылғы № 134-п бұйрығына сәйкес, ҚЖН жобалары мемлекеттік экологиялық экспертиза органдарымен қаралады.
- ҚЖН қарастыру мерзімі мемлекеттік экологиялық экспертизаны өткізуге бөлінген мерзімнен аспауы қажет.
- ҚЖН жобалары қарастыру және бекіту нәтижесінде берілген жолдама хатпен қоршаған ортаны қорғау саласындағы тиісті мекемеде өткізілуі тиіс.
ҚР Заңдылығына сйкес ҚЖН жобасының мазмұны келесідей болуы тиіс:
- мекеме жайлы жалпы мәліметтер;
- өндірістік және технологиялық процестердің, қолданылатын шикізаттардың сипаттамасы;
- пайда болатын қалдықтардың көлемі;
- қалдықтарды классификациялау;
- қалдықтарды жөнелту жүйесінің сипаттамасы;
- қоршаған ортаның ластану деңгейін бағалау;
- санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мекемесінің қорытындысы;
- тиісті мемлекет органдарының рұқсаты.
5. 1. 2 Талдықорған қаласының АТС-27 қалдықтарды жөнелту нормативін жобалау
1. Қалалық телефон желісінде алты таңбалы нөмірлену енгізілген. Абоненттерді телефон станциясына жалғау тармақтатушы қораптар (РК) мен тармақтатушы шкафтар (РШ) арқылы жүзеге асады. Тармақтатушы шкафтардан сыйымдылығы аз (100-50 жұп) кабельдер РК-ға келеді. Аталған кабельдер және оларға тиісті құрылғылар қаланың тармақталған желісін құрайды.
Талдықорған қаласының қалалық телефон желісі 8 ЦАТС-терден тұрады. Барлық станциялардың жалпы сыйымдылығы 32084 номерді құрайды да SDH сақинасы негізінде жұмыс істейтін STM-1 тарату жүйесіне біріктірілген. Қолданыстағы абоненттік нөмірлену 31426. Менің қарастыратын абоненттік қатынас жүйесінің жобасы Талдықорған қаласының АТС-27 орналастырылмақ.
Аталған станциядағы абоненттердің құрылымдық құрамы мен қолданыстағы номерленуі келесідей:
АТС-27 27-274899
Келесідей мекемелік АТС-тер (мини-АТС) қосылған:
ІІД 605000-605499
ҰҚК 6-600999
Барлық абоненттер саны - 4657.
Құрылғы түрі - DMS - 100/200.
Internet желісінің қарқынды дамуы нәтижесінде деректерді тарату қызметіне сұраныстың жоғарылауына әкеліп соқты. Ал, ол өз кезегінде желінің өткізу мүмкіндігінің артуына әкеп соғады. Сондықтан желіде артық жүктелулер пайда болмауы үшін абоненттік қатынас желісін құру кезінде қолданыстағы мыс сымдарды оптикалық-талшықты кабелдердерге алмастырған жөн.
2. АТС-27 орындалатын технологиялық процестер телекоммуникациялыққа жатады. Қалада абоненттік қатынас желісін құру кезінде АТС-27-де қолданылған техникалық құрылғы толығымен алмастырылады, атап айтқанда DMS - 100/200 қондырғыларын ISDN қондырғысына алмастырамыз. Желіде артық жүктелу пайда болмас үшін оптикалық-талшықты кабель қоямыз.
5. 1-сурет. Станциялардың орналасу сұлбасы
3. 5. 1-суретте көрсетілгендей АТС-27 құрылымы бойынша DMS-100/200 станциялық құрылғыдан тұрады. Яғни, екісөрелі 4 статив, 1 бағдарламалық қамтамасыз ету платасы және 1 мониторингтік компьютер.
Бұл құрылғыларды келесі жаңартылған түрлеріне алмастыру көзделіп отыр:
Екісөрелі 4 ISDN стативі;
1 мониторингтік компьютер;
1 бағдарламалық қамтамасыз ету платасы.
Коммутация құрылғысы арнайы стативке орналасқан, оның салмағы 21 кг, көлемі 2000×750×500 (мм) .
Келесі шарттар орналасқан кезде құрылғы тиімді жұмыс істейді:
Температура 0-40 0 С;
Ылғалдылық 5-95 %.
Қоректенуі:
Айнымалы ток - кернеу 220 В, жиілік 50 Гц, ток 30 А;
Тұрақты ток - кернеу 48-60 В, жүктеме тогы 2-4 А.
АТС-27 станциясында абоненттік қатынас желісін құру барысында, оның функционалды сұлбасы келесідей түрге ие болады:
5. 2-сурет. АТС-27 автозалының жоспары
1 - кереге, 2 - есік, 3 - терезе, 4 - кросс, 5 - стативтер, 6 - бағдарламалық қамтамасыз ету платасы, 7 - мониторингтік дербес компьютер.
Абоненттік қатынас желісін құру мақсатында қолданыстағы құрылғыны ISDN коммутациялық құрылғысына және оған тиісті қондырғыларды алмастыру, станция ішілік және абоненттік кабельдерді мыстан оптикалықталшықтыға ауыстыру кезінде 280 кг салмағындағы техникалық қондырғы қалдық есебінде шығарылады.
4. Заңдастыру тұрғысынан қарағанда өндіріс және тұтыну қалдықтары дегеніміз - қандай да бір процестер нәтижесінде өзінің тұтыну қасиеттерін жоғалтқан шикізат, материалдар, жартылайфабрикаттар және басқа да қалдықтар. Республика бойынша статистика мәліметтеріне жүгінсек Қазақстанда орта есеппен келесідей қалдық көлемі жинақталады.
5. 1-кесте. Қалдықтардың жинақталу көлемі
Әмбебап дүкендер
(сауда ауданының 1 м 2 )
Киоск, күркеше
(сауда ауданының 1 м 2 )
Автожөндеу орталықтары
(1 машина-орынға)
Қоғамдық тамақтану орындары
(1 адамға)
Жоба құрылатын мекеме орны АТС-27 кеңсе ретінде жұмыс істейді. Жұмыс орнында директор - 1, бухгалтер - 2, инженер - 4, оператор технолог - 4. Жалпы алғанда АТС-27 қызметкерлер саны - 11 адам. 5. 1-кестеге жүгінсек, кеңсе қызметкерлері орта есеппен жылына 131 кг қоқыс шығарады. Біздің жағдайда:
(5. 1)
Аула маңынан шығатын қоқыс көлемі 1 м 2 ауданда 12 кг. Ендеше, аула параметрлері келесідей: А═72 м, В═20 м. Аула ауданы (5. 2) формуламен есептеледі.
(5. 2)
Ортажылдық аула қоқысының көлемі келесідей:
(5. 3)
Абоненттік қатынас желісін АТС-27 құру барысында ескірген құрылғыны ISDN коммутациялық құрылғысына алмастыру нәтижесінде, 280 кг қоқыс орнына жөнелтіледі. Сонда, жалпы жылдық қоқыс шығару мөлшері (5. 4) формуласымен анықталады.
(5. 4)
Кейбір эксперттік бағалауларға жүгінсек Қазақстанда жинақталған өндірістік қалдықтар көлемі 30 млрд. тоннадан асып түседі, соның ішінде 6. 7 млрд. тонна токсинді, 230 млрд. тонна қатты шаруашылық қалдықтар. Жыл сайын елімізде 20 млн. м 3 шаруашылық және 1 млрд. тоннаға жуық өндіріс қалдықтары пайда болады, соның ішінде 150 млн. тоннадан астамы - токсинді! Жоғарыда келтірілген кестедегі мәліметтерде келтірілген қалдықтарды бірнеше түрге классификациялайды.
Өндіріс қалдықтары - қандай-да бір өнімді өндіру, қызмет көрсету барысында өзінің тұтыну қасиеттерін толығымен немесе жартылай жоғалтатын шикізат, материалдар, өнімдер, заттар қалдықтары.
Тұтыну қалдықтары - қоғамдық немесе жеке қолдану, эксплуатация кезінде физикалық және моралдық тозу нәтижесінде өзінің тұтыну қасиеттерін толығымен немесе жартылай жоғалтатын тауар (өнімдер немесе заттар), материалдар, өнімдер, заттар қалдықтары.
Емдік-профилактикалық мекеме қалдықтары - иедициналық мекемелерде науқастарды емдеу немесе қарау үшін орындалатын медициналық манипуляцияны өткізу барысында өзінің тұтыну қасиеттерін толығымен немесе жартылай жоғалтатын материалдар, өнімдер, заттар қалдықтары.
Қатты шаруашылық қалдықтар (ҚШҚ) - адам өмір әрекеті, жұмыс істеуі кезінде өзінің бастапқы тұтыну қасиеттерін толығымен жоятын қалдық түрі.
Қазақстанда ҚШҚ залалсыздандырудың бір ғана тәсілі полоигондарда сақтау. Тек 5% қатты шаруашылық қалдықтар утилизациялау немесе өртеу процесіне шалдығады.
ҚШҚ төгілетін полигондардың бөлігі ресми статусқа ие, енді бір бөлігі қандай-да бір бөлігі ешбі жобасыз әрекет етуде және елдегі қолданыстағы экологиялық және санитарлы-гигиеналық нормалаға сәйкес келиейді. Негізінен полигондарда қалдықтарды жинақтау тек тракторлы техникамен тапталу орқылы көміледі. Осының нәтижесінде жеңіл қалдық түрлері желдің әсерінен біршама қашықтыққа ұшып кетіп жатады, жер асты сулардың, су қоймалардың, жердің және өсімдіктерге залалын тигізеді.
ҚШҚ өңдеуші зауыттар мен технологияның болмауы полигондарда жинақталатын қалдық көлемінің тұрақты көбейюіне әкеледі. Толып кеткен қалдық полигондары рекультивацияланбайды да, ұзақ уақыт қоршаған ортаны ластаушы көзі болады.
Мемелекетте қалдықтарды бөлек-бөлек жинау мен сорттау тәжірибесі жоқ! Ерекше мәселе болып токсинді заттарды шығаратын қалдықтар (люменесцентті лампалар, құрамында сынап бар приборлар (термометрлер, барометрлер, батарейкалар және т. б. ) тағы бар.
Осы және басқа да факторларға сүйене отырып, дипломдық жобада қарастырылатын байланыс мекемесінің телекоммуникациялық құрылғыларын жаңа технологиялық құрылғыға алмастыру кезінде пайда болатын қалдықтарды классификацияласақ, негізінен бұл ҚШҚ. Оның бір бөлігі қайта өңдеуге және байытуға болатын қалдық. Мәселен, АТС автозалында қолданылған коммутациялық құрылғылар (стативтер, плааталар, дербес компьютер, мыс кабельдер) негізінен өзара изоляцияланған, пісірілген және басқа да технологиялық процестен откен түсті металдардан тұрады.
ҚШҚ қайта өңдеу кезінде кейін қолдану мақсатында қалдықтардың физикалық, химиялық немесе биологиялық қасиеттерін өзгертуге бағытталған технологиялық операциялардың қайсы-бірін орындаумен байланысты әрекет.
Ал, ҚШҚ байыту дегеніміз қажеттілігі айқын қандай да бір құраушы бөлігінің құрамын салыстырмалы жоғарылату мақсатында қалдықтарды өңдеу, бұл кезде қажетсіз, тіпті зиянды құраушы бөлігін өңдеу немесе жою қарастырылады.
АТС-27 ғимарат аймағында пайда болатын қандай болмасын қалдық түрін полигонға жөнелту үшін станция әкімшілігі тиісті органдармен қалдықты мекеме орнынан шығару шартына тұрады. Кейінірек қалдық шығарушы жұмыскерлер оны қалдықты орналастыру объектіне ( полигон, қоқыс қоры және т. б. ) жөнелтеді.
Біздің жағдайда бұл қаланың солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан қоқыс полигоны.
5. 3-сурет. Талдықорған қаласының қоқыс полигонының орналасуы
5. 2 Жасанды жарықтандыру есебі
Жалпы жасанды жарықтандыруды есептеу жарық ағынын қолдану коэффициенті әдісімен жүзеге асырылады [1] . Тану объектілерінің көлемі шамамен 1-5 мм, көру жұмыс разряды бесінші төмен дәлдікті болғандықтан келесіде жалпы жарықтандыру жүйесі экономды болады. Шамдар жоғарғы бөлікте орналастырылады, олар өз кезегінде биіктігі 3 м, ауданы 14. 85 м 2 жұмыс бөлмесін бірқалыпты жарықтандыруды қамтамасыз етеді
Осы талаптар негізінде ЭЕМ операторының жұмыс орнының жалпы жарықтандыру жүйесін есептейміз. Жарық ағыны 500 лк
Нормаланған минималды жарықтану келесі формуламен есептеледі [1] :


мұндағы
- бір шамның жарық ағыны;
- бөлмедегі шамдар саны;
- жарық ағынын қолдану коэффициенті, яғни барлық шамдардың жарық ағынының мөлшері;
- бірқалыпсыз жарықтандыру коэффициенті;
- жарықтандырылатын бөлме ауданы;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz